Балалық шақ, жетімік және әлеуметтік жетімдік мәселелері


«Балалық шақ, жетімік және әлеуметтік жетімдік мәселелері».
Жоспары:
1 Жетімдік ұғымына жалпы анықтама.
2 Әлуметтік жетімдік ұғымы, мәселелері және оның зардабы.
3Жетім балалар мәселесінің өткір тұстары және оны шешу жолдары.
4 Жетім балаларға арналған мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықтар.
5 Отбасын нығайту және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу.
1 Жетімдік ұғымына жалпы анықтама.
Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік - баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.
Жетімдіктің түрлері
Әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.
Тұл Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.
Жалпы мәлімет
Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата-аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған . Х - ХХ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтеті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.
Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім балалар екен, олардң 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында - 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерде тәрбиеленуде. Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала, бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарларға әкелуі мүмкін. Балалар еркін қоғамдағы жауапты өмірге дайын болуға тиіс. Ал жетім бала балалар үйінен түлек болып шыққаннан кейін күн сайын ересектердің көмегінсіз бастан кешіруіне тура келетін түрлі проблемаларды шешуге қауқары жоқ. Балалар үйлері түлектерінің ішінде олардың қатарластарына қарағанда, қылмысқа қатысушылар немесе қылмыс құрбандары неғұрлым жиі ұшырасады, жұмысынан немесе тұрғын үйінен неғұрлым жиі айрылады, ал өз отбасын әрең құрса, оның нашақорлық немесе маскүнемдік жолға түсуі тіпті оңай, сонымен қатар олардың арасында суицид құрбандары да жиі кездеседі. Бұл - олардың жеке-дара өмірге енуінің үлкен қиындықтармен ұштасып, әр уақытта табысты жүрмейтінінің белгісі.
2 Әлуметтік жетімдік мәселелері және оның зардабы.
Нарықтық қатынастар дендеп енген сайын төңірегімізде жетім-жесір мен тағдыр талқысымен бетпе-бет, жападан-жалғыз қалған мүскін жандардың ащы үні, шер-шемені көбірек естіле бастаған сыңайлы. Күн өткен сайын көшедегі қайыр-садақа сұрайтын кембағал жандардың қатары бала-шағалармен молайып барады.
Ана сүті ернінен кеуіп те үлгермеген жас бүлдіршінін қайыр сұрауға машықтандырып, оның қалбырына түсер аздаған тиын-тебенін арағы мен тіске басарына жұмсап отырған ата-ана бейнесіндегі азғындарымыз да баршылық. Қоғам неғұрлым жариялыққа бет бұрған сайын, ондағы кем-кетіктеріміз теріге шыққан сүйелдей жарқырай айшықталып, жасырын ұстау, күбірмен айту шегінен шығып кеткені құпия емес.
Ахметқалиеваның Нәзигүл
қысқаша кіріспесінен: әлеуметтік жетімдікті тудыратын себеп-салдар ұшан-теңіз екен. Әсіресе, жас балалардың қараусыз қалуы мен әлеуметтік жалғыздығы күн тәртібінен түспей тұр. Оның негізгі факторларына қайыршылыққа апаратын материалдық жетімсіздікті, баспананың болмауын, бозбалаларымыз бен бойжеткендеріміздің некесіз бірге тұруы, жанұя құруға мүмкіндіктердің жетіспеуі, тағы басқаларды жатқызуға болатын көрінеді. Мәселен, материалдық жетімсіздіктің салдарынан көптеген ата-аналар балаларын тағдыр талқысына тастап кетуге саналы түрде барады немесе қараусыз қалдырады. Некесіз бірге тұрудан туған сәбилердің көпшілігінің аналары асырауға шамасы келмегендіктен немесе бала тәрбиелеуге дайын еместігінен оны сәбилер үйіне ешқандай ойсыз өткізе салады. Көбіне-көп ондай сәбилер әкесіз өседі. Сонымен бірге жас сәбилерін балалар үйіне өткізе алу мүмкіндігі де жас ата-аналарды болашақтағы толыққанды жанұя болудан айыруы ғажап емес. Балабақшалардың жетімсіздігі, дайындық мектептерінің, күндізгі уақытта баланы алып қалатын мекемелердің болмауы немесе тым аздығы әрі бағаларының қолжетімсіздігі сынды себептер - бір төбе.
«Әлеуметтік жетімдік проблемаларын шешу жолдары» жасаған облыстық білім басқармасының бас маманы
Жаңыл Тоқтамысованың
айтуы бойынша, бұл маңызды мәселелерді шешу жолдарын іздестірген сандаған шаралар өткен, осы жарты жылдықтың өзінде әртүрлі тақырыпта 183 баяндама оқылып, 3 семинар-кеңес өткізілген көрінеді. Облысымызда жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен 163 полиция инспекторы жұмыс істейді. Сонымен бірге оқушылардың өздерінен жасақталған жас полиция көмекшілері атты топ та балалар арасындағы қылмыстың өршімеуіне ықпал етуде. Солардың жұмыс нәтижелері шығар, өткен алты айда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 13, 6 пайызға азайған.
3. Жетім балалар мәселесінің өткір тұстары және оның шешілу жолдары.
Әрбір мемелкеттің, ұлттың алға қойған мақсаты - қоғамын дамыту, өркендету және халқының жағдайын жақсарту, болашағын кепілдендіру болса, сол болашақ өсіп келе жатқан балалардың және жасөспірімдердің қолында екендігі бәрімізге белгілі. Қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайы және басқа да себептер адамдар қарым-қатынасы мен отбасылық жағдайларға кері әсерлерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде әр мемлекеттің балаларының өмір сүру жағдайына қарап қоғамының қаншалықты даму үстінде немесе құлдырауда екенін айта аламыз. Балалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынан көрініс табады.
ХХ-ХХІ ғасыр біздің мемлектіміз үшін көптеген сынақтар алып келіп отырған ғасыр. Сол өзекті сынақ, мәселенің бірі - балалар тағдыры, соның ішінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мәселесі.
Әр түрлі себептерге байланысты ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең қажетті бағыты болып табылады.
Жетімдік әлеуметтік құбылыс ретінде, адам мен қоғамның бастапқы дамуынан келе жатқан құбылыс. Өкінішке орай, ол өркениеттің айырылмас элементіне де айналып отыр.
Жетімдіктің екі негізгі түрі бар: тұлжетімдік (ата-анасының қайтыс болуынан) және әлеуметтік жетімдік (ата-анасының баласын асыраудан бас тартуы немесе асырауға мүмкіншілігінің болмауынан баланың ата-ана қамқорлығынан айырылуы) . Ұзақ ғасырлар бойы тек тұлжетімдік ғана қоғамнан орын алып отырды. Бірақ та, ХХ ғасырдың ортасынан бастап алдыңғы қатардағы мемлекеттің өзінде де ата-аналары тірі жетім балардың саны күрт өсіп, кең көлемде тарап, қауіп-қатерге әкелді.
Көрші мемлекетіміз Ресейдің өзінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың 95 пайызын әлеуметтік жетімдер құрайды екен.
Жетімдіктің пайда болуының негізгі факторлары : ашаршылық, апат, келеңсіз уақиғалар, аурулар және ата-анасының мезгілден бұрын қайтыс болуы тағы басқалар. Отбасының адамгершілік құрлымын бұзуға негізделген үдемелі үрдістер, рухани азғындық, өмірлік адами құндылықтардың жоғалуы мәселені өршіктіре түседі. Бақытсыз балардың көбеюі ата-аналардың адамгершілікке жат қылықтармен өмір сүруі, аналардың өз баласын асыраудан бас тартуы, жалғыз басты және кәмілеттік жасқа толмаған аналардың санының артуы, ата-аналардың ажырасу факторының көбеюі әлеуметтік жетімдердің санының күн санап өсуіне алып келіп отыр.
Қазақстан Республикасының статистикалық орталықтарының соңғы нақты деректерінде некеге тұрмаган әйелдерден туылған балалар саны және ажырасқан отбасылар саны, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді көруге болады. Сол деректерге тоқтала кетсек, некеде тұрмаған әйелдерден туылған балалардың бес жылдың қорытындысын салыстырған
Бұл статистикалық мәліметте, некеден тыс туылған балалардың соңғы жылдары қаншалықты деңгейге көтерілгенін және әлеуметтік жетімдердің қатарының көбейіп отырғандығын көреміз. Және де сол әлеуметтік жетімдер қатарына қосылатын топ, ол ажырасқан отбасылары болып саналады.
Бұл әлеуметтік, отбасылық мәселелердің барлығы балалардың асыраушыларынан айырылуына, ата-ананың қамқорлығынсыз қалуға үлкен септігін тигізіп отыр.
Соңғы уақытта асыраушысынан айырылған еңбек етуге қабілетсіз балалардың статистикалық мәліметіне тоқталсақ:
4 Жетім балаларға арналған мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықтар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz