Аудиттің пайда болуы мен дамуы



1.1 АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.2 АУДИТТІҢ ДАМУЫ
1.3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР
ҚАЗАҚСТАН АУДИТІ
3.1 ҚАЗАҚСТАН АУДИТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
3.2 ҚАЗАҚСТАН АУДИТІНІҢ ДАМУЫ
3.3 «Пана Иншуранс» сақтандыру компаниясы» акционерлiк қоғамы.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ АУДИТІ
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан,аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушының аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгергенін,тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған.
Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған,сөйтсе де орта ғасырдағы адамдары есеп берудің ауызша түрі жазбашадан гөрі жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады,ал бақылаушы аудитордың көзіне тура,тік қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын деп санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болуы туралы өзгеше әрі қарама қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуы бойынша,есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі IV мыңжылдығынан басталады.Сонымен бірге,Ніл,Тигр және Евфрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып,шаруашылық қызмет жүргізілді,үкімет өнім,мүлік,салық жинау,орындаоған жұмыс,қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылыды,оның ішінде аудит те бар.
Мұндағы мақсат-қателіктерді азайту және шенеуніктер тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол уақытта библияда(Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету,адал қызметкерлерді жалдау,міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон,Мысыр,Рим,Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған. Мысалы,ежелгі Мысырда(біздің дәуірімізге дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын,ал шаруашылық оперецияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе берілгені,соның санын папирусқа белгілеп отырса,екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған,ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған,тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәелсіз жүзеге асырылатын шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы-бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ

1.1 АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын audio деген латын
сөзінен шыққан,аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді
білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушының аудитор (тыңдаушы) деп
атаған. Оған оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай
меңгергенін,тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп
отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік
басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп
беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған.
Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына
байланысты қолданылған,сөйтсе де орта ғасырдағы адамдары есеп берудің
ауызша түрі жазбашадан гөрі жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез
келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады,ал бақылаушы аудитордың
көзіне тура,тік қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын деп
санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болуы туралы өзгеше әрі
қарама қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуы бойынша,есеп берудегі
мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге
дейінгі IV мыңжылдығынан басталады.Сонымен бірге,Ніл,Тигр және Евфрат
өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде
ұйымдастырылған мемлекет құрылып,шаруашылық қызмет жүргізілді,үкімет
өнім,мүлік,салық жинау,орындаоған жұмыс,қазынаны толтыру және кіріс пен
шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылыды,оның
ішінде аудит те бар.
Мұндағы мақсат-қателіктерді азайту және шенеуніктер тарапынан
алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол уақытта
библияда(Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету,адал
қызметкерлерді жалдау,міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон,Мысыр,Рим,Қытай және Греция сияқты
антикалық елдерде де болған. Мысалы,ежелгі Мысырда(біздің дәуірімізге
дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын,ал шаруашылық
оперецияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе
берілгені,соның санын папирусқа белгілеп отырса,екіншісі нақты босатуларды
жүзеге асырған,ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің
немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған,тікелей орындаушылар
мен қатысушылардан тәелсіз жүзеге асырылатын шаруашылық процестерін бақылау
осылай пайда болған.
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы-бұл бүгінгі таңда да жалғасын
тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі үшін оны
ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші
субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық

бақылау болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс
саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын
алғышарттарды тудырды.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон
мемлекетінде пайда болған. Хаммурапи заңы(біздің дәуірімізге дейінгі 2200-
2150жж.) көпестерге дербес есеп жүргізуді,ал храмға-мемлекеттік есепшілікті
жүргізуді әмір етті,ақщаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің
дәуірімізге дейінгі 1122-256жж.) есептің мемлекеттік жүйесі,оның ішінде
барлық үкімет департаменттерінің мұқият әзірген бюджеті мен аудиті жүзеге
асырылды. Ал,біздің дәуәрімізге дейіегі 700 жылы ол жақта негізгі міндеті
мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің
адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.
Афинада біздің дәірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы
мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады,ал оның қаржылық жүйесі барлық
лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексеретін үкімет
аудиторларын қамтыды.
Басқа авторлардың айтуы бойынша,аудиттің пайда болуы арнайы
ғылыми білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен
тығыз байланысты.
Қазіргі аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның жеке заңды
тұлға ретінде пайда болу кезінен бастап өзгерістерге ұшырады. Бұл меншік
құқығын басқарудан бөлуге әкелді және соның нәтижесінде шешімдерді
қабылдаудың күнделікті процесіне қатыспаған меншік иелерінің акционерлердің
акционер мен директор бір адам болып табылатын шаруашылықты жүргізудің
шағын субъектілерінен басқасының құқығын қорғау қажеттігі пайда болады.
Акционерлер басқарушылар мен кәсіпорынның оларға бағынатын бухгалтерлері
ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене алмайды. Жиі болатын банкроттық
әкімшілік тарапынан болатын алдау қаржылық салымдар тәуекелін елеулі
арттырды. Қаржылық ақпарат дұрытығын тексеру және қаржылық есептемені
дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер шақырылды. Аудиторларға
қойылатын басты талап оның асқан адалдығы мен тәуелсіздігі.Басқа жағынан
кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған шаруашылық операцияларын есепке
алу,барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын қаржылық есептемені ұсыну
міндетті тәуелсіз ведомствадан тыс қаржылық бақылау-аудит қажеттігін
тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру заңмен жүктелген салықтық органдар оны
қажет жағдайда өз құзіреті шеңберінде ғана іске асырады. Сондықтан өзіне
осы міндеттерді алатын арнаулы басқарма немесе қызметті құру қажеттілігі
пайда болды.

Бухгалтерлік есеп күрделенуіне байланысты аудитордың кәсіби
дайындығы қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар
қызметіне деген қажеттілігі өскені байқалды. Аудиторларды
оқыту,аттестациялау және аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби
бухгалтерлік ұйымдар пайда бола бастады.

1.2 АУДИТТІҢ ДАМУЫ

Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта
өзгерту,енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде қарқынды
дамыту негізінде мына принциптер жатқызылды:
1. Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау
объектілерін дәл оқшаулау;
2. Бақылау субъектілерін
мемлекеттік,қоғамдық,аудиторлық,(тә уелсіз),ведомствалық(фирмалық) және
іштей(ішкі шаруашылықтық) деп бөлу;
3. бақылау мәселелерін шектеу,оның ішінде бюджеттікң кірісі мен
шығысын дұрыс қалыптастыру,есеп берулердің анықтығы,өндіріс әлеуетін
пайдаланудың тиімділігін арттырытын резервтерді анықтау және бағалау;
4.Мемлекеттік,жергілікті,қоғамдық,і шкі шаруашылық,тәелсіз
аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудиторлардың әрекет ету салдарын анықтау.
Аудит тарихы көрсеткендей,оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар
арасындағы мүдделерлдің бөлінуінен болды.
Америкалық бухгалтерлер ассоцияцасың зерттеуіне сәйкес аудитке
қажеттілік мына мына негізгі шарттарды тудырды:
- ақпарат жасаушылардың (әкімшілікпен) және падаланушылардың
(акцияны иеленушілер,кредит берушілер және басқа тұлғалар) МҮДДЕЛЕРІНІҢ
ҚАБЫСПАУЫ, ЯҒНИ СӘЙКЕСПЕУІ ақпараттың объективті болмауына әкеп соқтыруы
мүмкін;
- алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе
тексеру үшін фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;
- объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық
шешімдерді қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;
- ақпаратты пайдаланушының оның сапасын тікелей бағалау үшін
уақыты мен материалы әрдайым бола бермейді.
Шаруашылық қызметтің дамуы есептің сапасы мен есеп берудің
шындыққа жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді. Англияда
аудиторлық алғаш рет 1299 жылы пайда болды,ал 1324 жылдың 24-інші
наурызында король Эдуард II,үш мемлекеттік аудиторды тағайындайды.
Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд,Беркенхед,Уэльс
провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге,оларды тыңдауға,олардан
сұрауға және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға
міндеттейді.
XII ғасырдан бастап Англия мен Шотландия,Италия,Франция
және Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында(архив) аудиторлық
қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады. Мысалы,Ұлыбританияда екі типті аудит
жүргізілген:
1) аудит қаларда елдің көзінше,яғни жария түрде – билеп-
төстеуші лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған,қазынашы
аудиторлық есеп беруді ауызша,яғни лге естірте оқитын болған;
2) ірі поместьенің қаржылық басқарушының төлем шотын
аудиторлық декларацияға орай дебет және кредит бойынша егжей-тегжейін
тексеру,яғни оны поместьенің қожайыны мен басқарушылар кеңесінің алдында
ауызша есеп берген.
Қалардың,фабрикалардың өсуімен және сауда-саттықтың
кеңеюімен сипатталатын XVI-XVII ғасырлар кезеңіндегі экономикалық
өзгерістер есеп пен аудиттің жаңа тәсілдемесінің пайда болуына итермеледі,
яғни себепші болды. Бұрыштың басына мүлікке деген меншік құқығы мен пайда
және залалдың қатаң калькуляциясы қойылатын болды. Аудит тыңдау процессінен
жазбаша құжатты және растаушы күәні зерттеуді ретімен таңдаушыға айналады.
XVII ғасырдың аяғында Шотландияда белгілі бір лауазымды тұлғаға қалалық
аудитор ретінде қызмет етуіне тыйым салу туралы алғаш рет заң қабылданды,
осылай ету арқылы батыс әлемінде сол уақыттан бері осы заманғы аудитордың
тәуелсіздігі деген ұғым енгізілді.
Мұндай аудиторлық озық тәжірибеге қарамастан,тек XIX ғасырдың
екінші жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік
қызметтің маңызды құрамдық бөлігі болды. Бұл темір жолдарын салу мен
сақтандыру компанияларының,банктердің,акционер лік қоғамдардың өсуімен
байланысты. Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқа да
инвесторлар Солтүстік Америкаға аттанғанда,яғни бағыт алғанда олармен бірге
аса ірі ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуелсіз аудиторларда
барды.
Осыған байланысты Солтүстік Америкалық аудиттің шығу тегі
ағылшындық болып табылады және XX ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті
ағылшындық үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-
тегжейлі зерттеуді ұйғарды. Роберт Х. Монтгомери американдық аудитінің сол
кезеңін есепшоттық аудит деп атаған,өйткені аудитордың жұмыс уақытының
төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит
рәсімі жылдам ұлғайған америкалық бизнеске бейімделе бастағанда шектен тыс
қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді тексеретін британдық стиль
біртіндеп американдық тестілік аудитке өзгеріп,ауысады.Сонымен қатар
аудиторлар тестілеу әдісінен басқа операцияларды тексеру мақсатында бизнес
бойынша серіктестен фирманвң қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзіне
асыруға кірісті. Иивесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың
белсенділігі мен бәсенділігін бағалауға,сондай-ақ пайда мен залал туралы
есеп берулерде және есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының
нәтижелеріне де көп назар аударатын болд

1.3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР

Аудит стандарттары дегеніміз – аудитке қйылытын бірегей
талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптеді белгілейтін
нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық
конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік қкілетті органдар
бекітеді.Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін,аудиторлық тексеру
жүргізудің ауқымен,аудиторлық қортынды есептің түрлерін,аудит методологиясы
мәселелерінің,сондай-ақ аудттің өткізілі шартына қарамастан, осы кәсіптің
барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
● жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;
● аудит өткізудің барлық кезеңдері бойыеша регламентті анықтайды;
● адиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз
етеді;
● аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеіне қатысты
тәсілдерді,терминдерді,анықтамалард ы,мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін
шешеді;
● аудиторлық тексеру жүргізу іс-тәжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді
енгізуге ықпао етеді;
● ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процесін түсінуге
көмектеседі;
● кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;
● мемлекет тарапынан бақылауды жояды;
● аудиторға клиенттермен келіссқз жүргізуге көмектеседі;
● аудит өткізу процесінің жекелеген элементтерінң байланысын қамтамасыз
етеді;
Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым
айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын
Халықаралық бухгалтерлер федерациясы ( ХБФ) бар.
ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен тұрақаты дербес ұйымның
құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық коммитет
(2002ж. Халықаралық кеңес деп өзгертілген) тікелей айналысады. Халықаралық
аудит стандарттары жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің
бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің
тәсілдемелерін сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз
аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе,ол жергілікті жерде
қолданылатын аудиттен асып кете алмайды,яғни одан басым түспейді.
1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтерлер институты Аудиторлық
қызметтің жалпы қабылданған стандарттары деген атаудағы он қаулыны
мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олар
дың пайдалануын бақылау,көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды
әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс-
тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау
негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС-та олар өз
көрінісін тапты.
Жыл сайын бұл жүе жаңартылып отырды. Оларды тереңдетіп жаңғырту
1994 жылы болды,содан бері жаңартулар тек жекелеген
формулаларын,сілтемелерін және т.б. нақтылай түсу деңгейінде жүргізіліп
келеді.
Кейбір мемлекеттер ( Австралияда, Бразилияда, Ресейде,
Үндістанда, Голландияда ) ХАС-ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде
пайдаланса,ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекеттер ( Кипр, Малайзия,
Нигерия,Фиджи,Шри-Ланка) ХАС-ты ұлттық ретінде қабылдайды.
Өздерінің ұлттық аудит стандарттары бар әлдеқайда дамыған
мемлекеттер ( Канада, Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Швеция т.с.с.) ХАС-ты
жай ғана мәлімет үшін қабылдап және кейбір іс-тәжірибелерде пайдаланады.
2000 жылдың 16-шы наурызында,Алматы қаласында өткен ҚР
аудиторларының бесінші республикалық конференциясында Қазақстандағы
халықаралық аудит стандарттары қарастырылып,қабылданды.
Қазақстандағы ХАС атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық
бухгалтерлер федерациясы мен Евразия аудиторлары барлық ТМД елдеріне
негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудиторлар палатасының Кеңесіне осы
бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды.
Қалыптасқан жағдайға қарай Аудиторлық қызмет туралы заңның бухгалтерлік
есеп пен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
Республикалық аудиторлар палатасы ХАС-қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ-
тың қолданылуына ұсынылған қолдыныстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және
мемлекеттік тілдерге аударылды.
Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі Халықаралық Комитет аудитті
өткізудің халықаралық стандарттары мен ілеспе қызметті көрсету бойынша
стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарды. 1994 жылдың
шілдесіненбастап Халықаралық аудит стандарттарының кодификациясы
өзгертілді,яғни екі мәндіден үш мәнді белгілеуге көшу жүзеге асырылды. Егер
ескі кодификацияда 29 ХАС пен 4 ІҚС болса,кодтарды қайта қарастырып
өзгерткеннен кейін олардың жаопы саны 2005ж. басында 50-ге жетті,оның
ішінде олардың 38-і ХАС-қа, ал 12-сі халықаралық аудиторлық іс-тіжірибе
бойынша ережеге негізделді.
Халықаралық стандарттарын дайындаған – Халықаралық аудиторлық
практика жөніндегі комитет ( ХАПК).
Қазіргі кезде қолданыста жүрген халықаралық аудит
стандарттарын әзірлеу XX- ғасырдың 70-ші жылдары басталған болатын. Үш
таңбалы номерге олар 1994 жылы ие болды.

Республикамызда халықарылық бірлескен фирмалар қызметінің
дамуына,сонымен бірге аудиторлық қызметтің аймақтарда енгізілуіне
байланысты аудитті халықаралық масштабта үйлестіру қажеттілігі туындады.
Тәжірибе көрсеткендей,аудиторлық қызметтің алыс және жақын ( ТМД )
шетелдердегі даму жолдары бірдей,сондықтан аудиттің кезекті мәселелерін
шешуші қандай да бір елдің аудиторлық фирмалары оның методологиясына,
ғылыми және практикалық маңыздылығына көңіл аударды және экономикалық
құрылыстың ерекшеліктерін ескере отырып аудит стандарттарын жасайды.
Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары версиясы
бухгалтерлер мен аудиторлардың Еуразия аумақтық Халықаралық федерациясының
шешімімен негіз етіп алу үшін ТМД елдеріне ұсмынылған.

Тексеру жүргізу кезінде аудитор өзінің қызметін ел ішінде
қабылданған стандарттардың көмегімен,ал кейбір жағдайларда - өзінің кәсіби
тәжірибесі мен түйсігінің көмегімен реттеуге тиісті.
Мысал үшін, өздерінің ұлттық стандарттары бар,АҚШ, Канада, Англия
сияқты өркениетті елдерде халықаралық стандарттар аудиторлық фирмалармен
салыстыру үшін қолданылады.

ҚАЗАҚСТАН АУДИТІ

3.1 ҚАЗАҚСТАН АУДИТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Біздің елімізде аудит дамуы 1987 жылы Инаудит акционерлік
қоғамы пайда болуына басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы
қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты арықарай дамытуға зор
ықпал етті.
Акционерлік қоғам КСРО мен шет елдерде әрекет ететін бірлескен
кәсіпорындарға аудиторлық және кеңес беру қызметі болып табылатын заңды
тұлға еді. КСРО Министрлер Кеңесі Инаудит фирмасына кең құқықтар берді.
Оның ішінде:
1) бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шарушылық қызметіне
ревизия жасау және тексеру жүргізу;
2) бухгалтерлік кітаптар, есептер, жоспарлар, сметалармен басқа
құжаттарды қолда бар ақша сомалары мен құнды қғаздарды, 0олда бар
материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын тексеру;
3) КСРО мемлекетік банкінің мкемелері мен басқа несие мекемелерінен
қажетті ұйымдар мен кәсіпорындар операцияларына солар бойынша шоттар
мен айналымдарға байланысты мәліметтер, анықтамалар, құжаттар
көшірмесін алу;
4) Кәсіпорындар мен ұйымдардар есеп беру құжаттамасы мен басқа
құжаттаманы келісілген көлемде алу;
5) КСРО мен шет елдерде Инаудит фирмасының жарғысын, балансын, пайдалар
мен зияндар шоттарын, сонымен қатар оның қызметі туралы басқа
материалдарды жариялау.
Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғарғы
ұйымдық-құқықтық нысанға ие болғанымен фирма мемлекеттік бақылау органы
базасында құрылды, ал құрылтайшыларды одақ министрліктері болды.
Бірегей құрылым ретінде Инаудит сақталмады, ол бірнеше жеке
аудиторлық фирмаларға бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі фирмада өз
фирмаларын құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен
нағыз көш бастаушылардың көп істеіне болды.
1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін
қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бұл кезеңде елде көптеген коммерцциялық
ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-
ының Қаржы министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы жанында
шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990
жылы үкімет шешімімен алғашқы Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық
аудиторлық фирмасының оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды.
Жинақталған тәжірибе, тұрақты түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету,
қандай да бір дәрежелік әлемдік аудиторлық пратика ұсынымы 1992 жылы
шарушылық есептегі орталықты Қазақстан-аудит тәелсіз акционерлік
аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік береді. Ол республикадағы
аудиторлық қызметкөрсету жөніндегі,меншікті жеке нысанына негізделген
және аудитті үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші
тәуелсіз кәсіби компания болып табылады.

3.2 ҚАЗАҚСТАН АУДИТІНІҢ ДАМУЫ

Қазақстанда аудиттің қалыптасуы оның кең танымал болуына
Қазақстан аудиттың сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда
аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және
оның министірліктерде, үкімет деңгейінде және парламен комитеттерінде
талқылануында бас кеңесші,сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы
жарғысының жобасының авторы болды.
Сонымен,алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарында-
ақ, артына ҚР аудиторлық қызмет туралы заңда көрініс тапқан аудит пен
онң мақсаттары берілді.
1990 жылдан бастап рынокта Эрнест энд Янг Сыртқы аудит БК
пайда болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың
өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл
сол кезде Үлкен алтылыққа енген ірі континент аралық аудиторлық фирма
еді.
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі
халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторолық фирмалар өз
қызметтерін дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы министірінің
05.04.2001 жылғы № 173 Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік
агенттіктер тізімін бекіту туралы бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін
жүргізу және кредиттік рейтінгті ҚР Үкіметінің 2001жылғы 28-ақпанындағы №
290 Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнінднгі
шаралар туралы қаулысына сәйкес дәлелденді.

3.3 Пана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит даму кезеңдері
Батыс Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Аудит: мәні, пайда болуы, қалыптасуы
Қазақстанда аудиттің алғашқы адымы
Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
Аудиттің негізі және оның атқаратын қызметтері
Аудит түрлеріне сипаттама
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Аудиттің негізі, мақсаты және мәселелері
Пәндер