Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде


ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗЕҢІНДЕ
1. Отанды қорғау - қасиетті борышымыз
1941 жылғы маусымның 22-сінде гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады. Фашист әскерлері Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кірді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір "ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат" деп қарастырды. «Ресейдің кеңбайтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистер басып алынған кеңес аумағында Остланд (Беларусь пен Балтық жағалауы), Украина, Московия (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ-Орал рейхкомиссариатын кұруды жоспарлады. "Ғылыми-зерттеу институты" деген бетпердені жамылған «Арбайтегемайншафт Туркестен» атты неміс жоғары барлау мектебі болашақтағы "Үлкен Түркістан" отары қартасының жобасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді.
Қуыршақ мемлекет құру идеясы-экономикалық мақсат та, саяси мақсат та көздеген еді. "Экономикалық жағынан, - деп жазылды 1941 жылғы сәуірдің 2-сіндегі меморандумда, - бұл аймаққа ұлы герман империясы үшін куатты шикізат және қосымша азык-түлік базасын құру міндеті койылады".
Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халықтарын құлдыққа түсіру - гитлершілдіктің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы жоспары, міне, осындай болатын. Фашистік идеологтар кеңес адамдарын саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірледі. Алайда ортақ Отанын қорғауға ұмтылған тарихи тағдыры бір көп ұлтты халық бұл зұлымдық ойлардың тас-талқанын шығарды. Шығыс Қазақстан облысындағы «Еңбек» ауылшаруашылық артелінiң колхозшысы Рақым Қоңдыбаев қазақ халқының ой-сезімін мынадай сөздермен білдірді: «Фашистік құзғындар еркіңдік сүйгіш халықты құлдыққа түсіруге, жерімізді, малымызды тартып алып, мойнымызға арқан салуға тырысады. Бұлай болмақ емес! Қазақ халқы бойындағы Амангелдінің айбынды рухы өлген жоқ. Біздің даламызда ержүрек жігіттер мен сәйгүлік аттар қашанда бар. Отан соғысында қазақтар құлдыққа түсірушілерге қарсы қасық қаны қалғанша шайқасады деп ант етеміз». Доссор кәсіпшілігінің жұмысшылары мен қызметшілері де өздерінің дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік мемлекеттің қасиетті шептерін қорғауға кез келген минутта кірісуге әзір екенін мәлімдеді. «Кеңес халқының социалистік Отан патриоттарының ерік-жігерімен фашистік басқыншылар құртылады», - делінген Ақмола облысы Вишневка ауылының еңбекшілері митингісінің қарарында.
Еңбекшілердің Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылу туралы жаппай арыз беруі халық патриотизмінің жарқын көрінісі болды. Әскери комиссариаттар мен партия комитеттеріне Қазан төңкерісі мен азамат соғысының ардагерлері, коммунистер мен комсомолецтер, жасы мен кәсібі әр түрлі адамдар, түрлі ұлттардың өкілдері өтініш берді. «Майданға жіберетін ешкім жоқ (үй iшімізде), - деп жазды өз өтінішінде Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова, - ағам да, апам да жоқ, сондықтан менік өзімді жіберуді өтінем». Жалпыға бірдей міндетті әскери іске оқыту өрістетілді. Республикада екі млн. -нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақ КСР-інде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада кұрылып, үйретіліп, майданға аттандырылды. Құрылған бөлімдер мен құрамалар құрамы жағынан көпұлтты болды. Мәселен, қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасының кұрамына 30-дан астам ұлттан шыққан жауынгерлер енді. Шайқасып жатқан армия қатарына 1196164 қазақстандық қосылды. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды.
Тылда командалық кадрлар даярлау жоғары қарқынмен жүргізілді: негізінен жау уакытша басып алған аудандар мен майданға жақын өңірлерден көшіріліп әкелінген 27 әскери оқу орны соғас жылдары ішінде 16 мың офицер даярлап шығарды. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Гвардиялық миномет бөлімдеріне, партизан отрядтарына, мергендер мектептері мен курстарына авиадесант бөлімдеріне, Қызыл тулы Балтық теңіз флотына жастар арасынан арнайы мобилизация жүргізілді. Әскери училищелерге 42 мыңнан астам жас қазақстандык жіберізді. Сол арқылы Қазақстан халықтың өз Отанын қорғауға сақадай-сай жоғары әзірлігін қамтамасыз етті.
2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Жаңа кәсіпшіліктердің, Қарағанды шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Текелі және Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді.
Майданға жақын өңірлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс аудандарына, оның ішінде 220 зауыт пен фабриканы, цехтар мен артельдерді Қазақстанға да көшіріп орналастыру қайта құрудың кұрамдас бөлігіне айналды.
Бірқатар кәсiпорындардың жабдықтары салынып жатқан өнеркәсіп кешендерін аяқтау үшін пайдаланылды. Мәселен, Актөбе ферроқорытпа зауытының жаңа құрылысы Запорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын алды. Алматыдағы автомобиль жөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр мәшине жасау зауытының цехтары үшін база болды, республиканың онтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа кұрылыстары Украинаның 14 қант зауытының жабдықтарын алды. Көшірілген кәсіпорындар негізінде Қазақстанда станок жасау, оқ-дәрі өндіру салалары және басқалары пайда болды.
Өнеркәсіп орындарын көшіру екі рет: 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басында және 1942 жылдың күзінде жүргізілді. 1941 жылы қысқа қарай Қазақстанға майданға жақын өңірлерден - УКСР-ден, БКСР-ден Ленинград пен Мәскеуден кәсіпорындар көшіріліп орналастырылды. Ол кезде рсспубликада УКСР-ден, Мәскеуден, Ростовтан, Таганрогтан көшіріліп әкелінген кәсіпорындар мейлінше көп болды. Бір Украин КСР-інің өзі ғана Қазақстанға 70-ке жуық зауыттың, фабриканың, электр стансасының, депоның, механикалық шеберхананың жабдықтарын көшірді. Олардың ішінде мыналар бар: Запорожье ферроқорытпа зауыты, Қазан төңкерісінің XX жылдығы атындағы станок жасау зауыты, Харьков зауытының №24 ұшақ цехы, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты, Қазан төнкерісі атындағы Ворошиловград паровоз жасау зауыты, Харьков электротехника зауыты, «Транссвязь» электромеханика зауыты, Петровский атындағы мұнай жабдықтары зауыты, Подольск корғасын табақтары мен кұбыр прокаты зауыты, Подолъск механика, БЛКЖО-ның 15 жылдығы атындағы Подольск кұю-механика зауыты, Пархоменко атындағы Луганск мәшине жасау зауыты, Киев жылу электр орталығының, Кременчуг қалалық стансасының Днепропетровск ГРЭС-інің, Кривой Рог электр стансасының жабдықтары, Харьков эмаль зауыты, №7 Осоавиахим зауыты, Нежинск механика, Орехово автомобиль жөндеу зауыттары, Киев ет комбинаты. Сонымен бірге республика аумағына УКСР-ден 40-қа жуық зауыттар мен фабрикалар, аудандық өнеркәсіп комбинаттары мен артельдері, бірқатар темір жол деполары мен паровоз жөндеу шеберханаларының жабдықтары орналастырылды, бес қант зауытының жабдықтары негізінде Алматы қант зауыты (Боралдай қонысында) пайда болды.
Отанға қауіп төнген уақытта Қазақ КСР-іне Мәскеуден және Мәскеу облысынан рентген, Урюпа ет-консерв, ликер-арақ Дзержинский атындағы злектротехникалық Корочар механикалық және «Реммашпуть» зауыттары, жасанды талшық зауыты (Клин қаласы) Егорьевскінің «Комсомолец» станок жасау зауыты, «Парострой», Мәскеу авиация жасау зауыты, Қызыл Армияның Бас Артиллерия басқармасының №4 Арсеналы, Артиллериялық аспаптар жасау ғылыми-зерттеу лабораториясы, электр оқшаулау зауыты, «Изомит» зауыты, №3 Александр радио зауыты, "Электроизомет", С. Орджоникидзе атындағы механика (құрал-сайман) зауыты, «КрасныЙ факел» зауыты, салицилалық препараттар зауыты, алкалоид зауыты, Люберцы электр техникасы зауыты көшіріліп орналастырылды.
Авиация өнеркәсібінің бірқатар кәсіпорындары, Дзержинский атындағы Мәскеу электротехника зауыты, Мәскеу ашытқы зауытын, №4 Арсеналды, Артиллериялық аспаптар жасау ғылыми-зерттеу институтын коспағанда, Мәскеу қаласы мен облысының 40-қа жуық ірі зауыттары мен фабрикалары өз тағдырын Қазақ КСР индустриясымен байланыстырған еді.
1941-1942 жылдары Қазақ КСР-і электр стансаларының көптеген жабдықтарын алды. Олардың ішінде Ярославль, Иваново, Днепропетровск ГРЭС-терінің, Иваново жылу электр орталығының, Ярославль, Рыбинск аудандарының, «Иванэнергоның» беріліс желілері мен подстансаларының, Воронеж-Липецк желісінің, Кривой Рог электр стансасының жабдықтары бар еді. 1942 жылдың күзінде Қазақ КСР-і көшірілген кәсіпорындарының екінші легін қабылдады. Гурьев (қазіргі Атырау) арқылы 1942 жылғы тамыз бен қыркүйек айларында ғана көшірілген әр түрлі жабдықтардың 24 мың тоннасы тасып әкелінді.
Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар әр түрлі халық комиссариаттары мен ведомстволарға карады. Кәспорындардын ең көбі - 54 зауыт пен фабрика Тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болатын. УКСР, БКСР, Молдавияның уақытша басып алынуына байланысты Орта Азия республикалары мен Қазақстан қант қызылшасын, темекі өсіретін орталықтарға айналды. Бұл аймақтардың жүзім және жеміс өсіру мен ұқсату жөніндегі маңызы артты.
Республикаға жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп ораластырылып, негізінен қалпына келтірілді. Олардың ішінде Подольск механика зауыты, Ивантеев тоқыма, Мәскеу облысындағы Реутов және Краснополянская жіп иіру фабрикалары, Калинин облысындағы Останково қаласының былғары зауыты, Киев аяқ киім фабрикасы, «Большевичка Украины», Володарский атындағы тігін фабрикалары болды.
Республика бірқатар аяқ киім фабрикаларын қабылдады. Харьков аяқ киім фабрикасы №2 Алматы фабрикасымен бірікті. Симферополь комбинатының негізінде Қостанайда Дзержинский атындағы аяқ киім фабрикасы пайда болды. Артамонов аяқ киім фабрикасы жабдықтарының негізінде Қарағанды аяк киім фабрикасы кұрылды. «Парижская Коммуна» аяқ киім фабрикасының негізінде Қызылорда, Қарағанды фабрикаларының күш қуаты арттырылды. Киевтің №8 аяқ киім фабрикасы бірінші Семей фабрикасының негізін қалады. Республикада аяқ киім саласының куаты 12 есе өсті.
Казақстан 9 былғары зауытының жабдықтарын алды. Былғары саласының куаты 10 есе өсті.
Отан қорғау қажеттері мәшине жасайтын, металдар өңдейтін, шағын литрлі двигательдер, изоляциялық материалдар, радио аспаптарға, таразылар және тігін мәшинелерін шығаратын 20 шақты зауыттың технологиялық циклін қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын етіп кайта кұруды қажет етті. Авиация қару-жарағын, қопарғыш мәшинелер, траншеялық огнеметтер, түнгі тралдар, электр торпедоларын, теңіз миналарын, танк навигациялық өнеркәсібіне арналған престер және қару-жарақтың басқа да мейлінше маңызды түрлерін шығару игерілді.
Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе аймақтарына орналастырылды. Оларды орналастырған кезде соғыс уақытының талабы - қалпына келтіру жұмыстарының мейлінше асығыс болуы, майдан үшін ете кажетті өнімді мүмкіндігінше тезірек беру жағы ескерілді. Зауыттар мен фабрикалар жаңа жерлерде өз дербестігін сақтай отырып, жұмысын дереу өрістетті. №2 автобронетанк жөндеу базасы, рентген зауыты (Ақтөбе), Мелитополь насос зауыты (Ақмола), Мурманскінің «Автотранспортдеталь» зауыты (Макинск), Мурманскінің құю жабдықтары зауыты (Орал), Алматы ауыр мәшине жасау зауыты өндірісті өрістетті.
Сол бір 1942 жылдың қатаң қысында бүкіл тылда жағдай ауыр болды, әсіресе көшіріп әкелінген зауыттар мен фабрикалардың еңбек ұжымдарынын жағдайы өте қиын еді. Пархоменко атындағы Луганск кен-шахта жабдықтары зауыты цех бастығынъщ орынбасары В. Усатый былай деп еске алады: «Монтаждау жұмысын киын жағдайда жүргізуге тура келді. Аяз 40°-қа дейін жететін. Станоктарды ашық далаға кұруға, сонан соң ғана қабырға тұрғызып, төбесін жабуға тура келді».
Республика жұмысшы табының қатарына Донбасс шахталарынан 3200 кенші мен 2000 құрылысшы, Воронеж бен Луганскіден 2000-дай мәшине жасаушы, Мәскеуден, Киевтен, Харьковтен тоқымашылар мен тамақ өнеркәсібі қызметкерлері, мыңдаған теміржолшылар, 7 мыңға жуық инженер-техник мамандар келіп косылды.
Қатал соғыс жағдайында жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың, зиялылардың еңбек және шығармашылық белсенділігі артты. Кеңес патриоттары: «Бізден еліміз қанша уақыт жұмыс істеуді талап етсе, сонша уақыт жұмыс істейміз», - деп мәлімдеді. Соғыстың үшінші күнінде Алматы сүт комбинатының ұжымы майдандық вахтаға тұрды. Павлодар кеме жөндеушілері, Манкент жөндеу зауытының жұмысшылары және басқа көптеген ұжымдар демалыс күні, маусымның 29-ында бірі қалмай жұмысқа шықты. Осы күні тапқан ақшаларын олар елдің корғаныс қорына аударды. Семей «Алтайзолото» тресі «Ретивый» кенішінің ұжымы әрбір айда бір демалыс күнінде өндірісте жұмыс істеп, тапқан қаржысын қорғаныс қорына аударып отыруға бастама көтерді. Алматы кәсіпорындарының ұжымдары қорғаныс қорына ай сайын бір күндік табысын аударып отыратын болып ұйғарды. Балқаш мыс балқыту зауытының металлургия цехы құю мәшинесінің мәшинисі И. Котельников патриоттық бастама көтерді. Ол елдің қорғаныс қорына артық 100 күн еңбек етуге міндеттенді. Бұл патриоттық бастаманы зауыттың бүкіл ұжымы қолдады.
Алғашқы күндердің өзінде-ақ жеңіс қорын кұрудың жоспардан тыс өнім беру, ай сайын бір-екі күндік табысын және зейнетақысының бір бөлігін аударып отыру, жексенбіліктер ұйымдастыру мен өткізу, еңбекшілердің еңбекпен жинаған қаржысын, бағалы заттарын, асыл бұйымдарын, мемлекеттік заем облигацияларын майдан қажетіне өткізу сияқты түрлері пайда болды. Колхозшы шаруалар корғаныс қорына мыңдаған тонна астық, ет, май және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін тапсырды. «Біз, - деп жазды 1941 жылғы тамыздың 1-індегі «Правда» газеті, - осы жаңа патриоттық өрлеуді, Қызыл Армияға бүкілхалықтық көмекті ұйымдастыруға осындай әзір тұрушылықты мақтаныш ете аламыз».
Қорғаныс қорын жасау бастамасы шын мәнінде бүкілхалықтық бастама болды. «Екі-үш адам үшін жұмыс істейік. Еңбек майданының жауынгері майдандағы армияның жауынгерінен кем түспеуге тиіс», - еңбекшілердің айбынды ұраны осындай болды. Республикада көп станокшылардың, бірнеше мамандықты қоса атқарушылардың, екі мыңдықшылардың, үш мыңдықшылардың (2-3 норма орындайтын озаттардың), рационализаторлардың саны көбейді, майдандық бригадалар мен ауысымдар ұйымдастыру жолындағы қозғалыс кеңінен өріс алды. Жарысты бүкілхалықтық майдандық вахта деп атап, оның жаңа кезеңінің мәнін еңбекшілердің өзі анықтап берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz