Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау мен реттеу және жүргізілетін операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Валюталық реттеуге қажетті операцияларды жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КIРIСПЕ

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты, қаржы (бюджеттiк) және валюталық реттеу мен қадағау саясаттары жатады. Осы аталған банк жүргізетін саясаттардын ішінде валюталық реттеу саясатының өзіндік алатын орны бар.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Сондықтан мемлекеттің және Ұлттық Банктің жүргізетін валюталық реттеу мен қадағалау саясатының орны елдің жалпы экономикасының тұрақты дамуының негізі болып табылады. Өз кезегінде валюталық реттеу валюталық мәмілелер мен операциялар негізінде жүргізіледі.
Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi, оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. /1, 156 б./
Валюталық рыноктар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағымдар айырмасы пайда болуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруда, валюталық бағымдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
2. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
3. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
4. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
5. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
6. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №12, - 2004 г. 2-4 стр.
7. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.
8. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2006 ж.
9. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
10. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
11. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
12. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
13. Роде Э и др. / Банки, биржа валюта современного капитализма, - Москва, 1986 г.
14. Байгiсиев Майдан-Әли / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
15. «О международных резервах и денежной базе» // (Национальный Банк РК Пресс-релиз №33 от 17 октября 2005 года) Банки Казахстан, 2005 г. №10. 65стр
16. А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №1, 2003ж.
17. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2005 г. №10. 89стр

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау мен реттеу және
жүргізілетін операциялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..4
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен
реттеу шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..12
3. Валюталық реттеуге қажетті операцияларды жүргізетін маманданған
ұйымдар және олардың міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 26

КIРIСПЕ

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-
өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар
жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу
саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар
жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi
атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар
орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде
мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай
саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты, қаржы (бюджеттiк) және
валюталық реттеу мен қадағау саясаттары жатады. Осы аталған банк
жүргізетін саясаттардын ішінде валюталық реттеу саясатының өзіндік алатын
орны бар.

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық
банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ
Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға
алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың
әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы
жасалынды.
Сондықтан мемлекеттің және Ұлттық Банктің жүргізетін валюталық реттеу
мен қадағалау саясатының орны елдің жалпы экономикасының тұрақты дамуының
негізі болып табылады. Өз кезегінде валюталық реттеу валюталық мәмілелер
мен операциялар негізінде жүргізіледі.

Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi,
оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. 1, 156 б.
Валюталық рыноктар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды,
валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық
операцияларға қатысушылардың валюталық бағымдар айырмасы пайда
болуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруда, валюталық бағымдарды
реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi
және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.

1. Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау мен реттеу және
жүргізілетін операциялар

Нарыққа өту кезеңiнде қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси
дамуы кезеңiнде валюталық саясат жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында
шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық
шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн
бiрге шешу мiндеттерi тұрады.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде ХВК-ға мүше болып кiргеннен
бастап өзiнiң валюта қатынастарын Ямаика валюта жүйесiнiң құрылымдық
қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта
қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық
реттеу туралы ” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сол
аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың
қасында болатын. Қабылданған заң бойынша ырқына жiберу деңгейiне
сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта
қатынастарына тiптi қарама – қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24
желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң
қабылданды. 2
Жоғарыда аталған заңға қоса, “ Қазақстан Республикасының ақша
жүйесi туралы ” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “ Қазақстан
Республикасының ұлттық банкi туралы ” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; “
асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды
мемлекеттiк реттеу туралы ” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң; сонымен
қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк
басқалырымен нормативтiк активтiлерi. 3
Қазақстан заңдары бойынша валюталық обьектiсi болып шетел
валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды,
аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу , алып
кету және жiберу тәртiбiн белгiлеу болып есептелiнедi .
Валюталық қатынастардың субектiлерi болып “резиденттер” және
“езидент еместер ” саналады. Резидентке жататындар:
• Қ.Р. тұратын жеке кәсiпкерлер, оның iшiнде уақытша шетелдерде
мемлекеттiк қызметте жүргендер;
• Қ . Р – ның заңдары бойынша құралған заңды тұлғалар , сондай-ақ
олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және қан тыс жердегi
өкiлеттерi.
• Қ.Р-нан тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және басқа ресми
өкiлдiктер, сондай-ақ шаруашылықнесиесi коммерциялық iспен
шұғылданбайтын өкiлдiктер.
Қ.Р-дағы “резидент еместерге” жоғарыда республика резиденттерi
түсiнiгiнде көрсетiлген заңды және жеке тұлғалар жатады .
Қазақстан валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және
олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң
бойынша валюталық бақылау қыметiн жүргiзетiн ұйымдар, валюталық
операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi. 4, 312 б.
Валюталық бақылау негiзiнен мына бақылауда жүргiзiледi:
• Жүргiзiлетiн валюталық операциялардың заңға сәйкестiгiн анықтау
жiне оған қажеттi лицензиялар мен рұқсаттың болуы .
• Резиденттердiң мемлекет алдындағы шетел валютасымен мiндеттемелерiн
орындауын тексеру; сондай-ақ Қ.Р-сы валюта нарығында шетел
валютасын сату мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру; шетел
валютасымен жүргiзiлген төлемдердiң фиелдiгi, валюта операциялары
бойынша есеп пен есептесудiң толықтығы және обьективтiлiгiн
тексерiп сонымен бiрге резиденттер еместердiң теңгелермен жүргiзген
операциялары бойынша бақылау жүргiзiледi.
Сөйтiп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және
мәдени қатынастарға қызмет етiп, ол мемлекттiң төлем балансында
төлем табады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және
олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң
бойынша валюталық бақылау қыметiн жүргiзетiн ұйымдар, валюталық
операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы Заңына сәйкес
“валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген: 2

1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға
ауысуына байланысты операциялар соның iшiнде төлем құралы ретiнде шетел
валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелер;

2) валюталық құндылықтарды кезкелген тәсiлмен Қазақстан
Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан
әкету және жөңелту мәмілелері;

3) ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада
көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа
құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің
арасындағы операциялар.

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

1. Шетел валютасы;
2. Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем
құралдары;
3. Тазартылған құйма алтын;
4. Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен
операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген
бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Кейбiр экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына
бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз,
рубин, изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.

Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал
қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi.

1. Ағымдық операцияларға жататындар:
• тауарлар жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң
мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт
импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар;
• 180 күнен аспайтын несиелер беру жәе алу;
• салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар
бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және
аудару;
• гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар,
мұрагерлiк сомманы, жалаөыны, зейнетақыны, элименттердi және басқа
соммаларды аудару;
• осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын
барлық өзге де валюталық операциялар. 4, 323 б.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

• инвестицияларды жүзеге асыру;
• интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi
көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған
аударымдар;
• мүлiктiк құқыққа және өзге де жыложымайтын мүлiк құқығына төлеуге
аударымдар;
• тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң
мерзiмiн 180 күннен асатын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-
импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар;
• 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
• өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары бойынша банк операцияларын
жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық
ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
• зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша
халықаралық аударымдар,
• жинақтау сипатындағы сақтандыру жәе қайта сақтандыру шарттары бойынша
халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде шетел валютасымен банктiк
операциялар жүргiзуде ҚР Ұлттық банкiнен алған лицензиясы бар өкiлеттi
банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық
реттеудi және валюталық бақылауды жүргiзедi.

Банктрдiң жүзеге асыратын валюталық операциялардың өзiндiк
белгiлерiне байланысты жiктеледi:

1. Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:
• заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге)
валюталық шот ашу;
• шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
• овердрафт (банктiң жетекшiлерiнiң шешiмiмен ерекше клиенттерге)
несиелерiн беру;
• операция жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн беру;
• кез келген аралық уақытта шот архивтерiн рәсiмдеу;
• клиенттердiң тапсырмалары бойынша операияларды орындау (клиенттер
есебiне шетел валютасын сатып ал және сату);
• экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты
мен импортты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп
айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай:

• қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын
сату және сатып алу;
• шетел валютасын жәе шетел валютасындағы төлем құжаттарын
инкассациялау;
• шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып алу ( төлеу);
• ақшалай аккредитивтердi төлеу. 4, 326 б
3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:

• НОСТРО шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни
корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумн
байланысты операциялар;
• ЛОРО шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент-
банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары.
4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:

СПОТ мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және
сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi
күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.

ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi
валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi
2 банктiк жұмыс күнiндегi валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард
операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша белгiленген күнi
бiр валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшiн
жасалған контакт. Форварт операциясы өз кезегiнде мынадай түрге бөлiнедi:

• Аурайтпен жасалған мәмiле – белгiлi бiр күнге валютамен жабдықтау
шартын бiлдiредi;
• Опционмен жасалатын мәмiле – валютамен жабдықтаудың күнi белгiленбеген
шартын сипаттайды;
СВОП мәмiлесi - бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу сатуға
байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес,
яғни екi қарама-қарсы оперциялардан тұратын банктiк мәмiле.

Конверсиондық (айырбас) операциялар – сол елдiң қолма – қол және қолма
қолсыз ұлттық валюталарына қарсы қолма- қол және қолма- қолсыз шетел
валюталарын сатып алу және сату мәмiлелерi.

Конверсиондық операцияларды банктiң валюталық позициясын есепке алмай
жүргiзуге болмайды. Валюталық позиция – тиiстi валюталарда активтер
пассивтердi қалыптастыратын ( аяқталмаған операциялар бойынша баланстан тыс
талаптар мен мiндеттемелердi есек алғандағы), шетел валютасындағы қаражат
қалдықтары.
Валюталық позицияның мынадай түрлерi бар:
• Ашық валюталық позиция – шетел валюталарындағы қаражаттарды алу
талаптарымен беру мiндеттемелерiн көрсететiн, сандық жағынан активтер
мен пассивтердiң сәйкессiздiгiн қалыптастыратын шетел валюталарындағы
қаражат қалдықтарының айырмасн бiлдiредi.
• Қысқа ашық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты
пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелерi активi мен баланстан тыс
талаптарынан сандық жағына асатын ашық валюталық позиция.
• Ұзын ашық валюталық позиция – активi мен баланстан тыс талаптарынан
осы валютадағы пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелердiң сандық
жағынан асатын ашық валюталық позиция.
• Жабық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты
активтер мен пассивтердiң (аяқталмаған опрациялар бойынша баланстан
тыс талаптар мен мiндеттемелердi алғанда сандық жағынан сәйкес
келуiн сипаттайтын валюталық позиция.
5. Халықаралық есеп айырысу бойынша:
• Құжатталған аккредитивпен есеп айырысу операциялары;
• Құжатталған инкоссомен есеп айырысу операциялары;
• Банктiк операиялар бойныша есеп айырысу операциялары.
Құжатталған аккредитив – акккредитивке көрсетiлген құжаттарға қарсы
экспортердың пайдасына өзiнiң бұйырушы клиентерiнiң өтiнiшi бойынша
жасайтын аккредив ашушы банктiң мiндеттемесi.
Құжатталған никассо- эмитент – банктiң, сенiм бiлдiрушiнiң берген
құжаттарын төлеушiге төлеу үшiн ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзiне
алған мiндеттемесi.
Банктiк аударым – банктiк аударым жасаушының жасаған тапсырмасы
негiзiнде барлық есеп айрысудағы валюталық түсiмдердi өкiлеттi банктердiң
шотына есепке алынуын бiлдiредi.

6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыруға қарай:
1. Депозиттердi тарту:
• жеке тұлғалардан;
• заңды тұлғалардан оның iшiнде банкаралық депозиттер;
2. Несиелер беру:
• жеке тұлғаларға;
• заңды тұлғаларға;
3. Банкаралық нарықтық несиелердi орналастыру.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен
реттеу шаралары

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін
2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен Қазақстан
Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі реттейді. 5
Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен резидент еместер
жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік
нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын уәккілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резидент және резидент
емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан
Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген
құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және Ұлттық банктің басқа да
нормативтік-құқықтық актілеріне көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент
және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың
төлемдерін немесе ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы емес.
Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы
талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша
аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу
куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға
міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін олардың көшірмелері
уәкілетті банкке қалады.
Осы аталған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған ақша
резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын немесе
тіркеу куәлігін ұсынбаса да, уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттің
банктік есепшотына аударуға құқылы, сондай-ақ резиденттерге мұндай
құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс.
Резидент арасындағы валюталық операциялар бойынша барлық төлемдермен
ақша аударымдары валюта операцияларын жүргізу ережесінде Ұлттық Банктің
басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде, салық және кеден заңнамасында
көзделген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен ғана жүргізілуі тиіс. Уәкілетті банктер резиденттерінің және
резидент еместердің валюталық операцияларды жүргізу жөнінде банктік
қызметке ақылы тараптардың келісуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел
валютасымен алады. Резиденттре арасында жасалған шарттар бойынша, оның
ішінде банктік қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық
ойынпұлдары ұлттық валютамен төленеді.
Валюталық реттеу қызметін жүзеге асыратын негізгі орган – Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі. Оның өзіндік дара құқықтық дәрежесі бар және
валюталық мәселелерді шешетін, сондай-ақ нормативтік актілерді талдау
жасайтын орган болуымен қатар, өзінің валюталық операцияларын жүзеге
асыратын жанама реттеу органы екендігімен де анықталады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар
жүргiзедi: 5
1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде
ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге
өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да
активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
2) өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты
эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп
есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды
сатып алады және сатады;
5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады,
бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға
қабылдайды;
6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан
тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк
операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді
жүзеге асырады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi: 5
1) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы
бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел
валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның
iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де
енгiзiледi;
2) Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында
валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
3) Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан
Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу
тәртiбiн айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің дискрециялық ақша - несие саясаты
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Ұлттық банктің басқару құрылымы және нормативтік құқықтық қызметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АШЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚР ұлттық банкі – мемлекеттің ақша-несиелік саясатының атқарушысы және тексерушісі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның функциялары мен операциялары
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Мемлекеттің ақша – несие саясаты жайлы ақпарат
Пәндер