Кванттық физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЗИКА - МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

КВАНТТЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

ТҮЛЕКТІК ЖҰМЫС

КВАНТТЫҚ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Қорғауға жіберілді

«»  2009 ж

кафедра меңгірушісі

Ф. М. Ғ. Д

Қожамқұлов Б. А

Орындаған: 4 курс студенті

Серікханова Г

Ғылыми жетекші: аға оқытушы

Жұмаділлаев Қ

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

І. Тарау. педагогикалық және ақпараттық технологиялар туралы түсінік

1. 1 Педагогикалық технология туралы түсінік . . . 5-10

1. 2 Оқытудың ақпараттық технологиялары . . . 10-25

ІІ. Тарау. Ақпараттық технологияларды кванттық физика бөлімін оқытуда қолдану . . .

2. 1 «photon exe » бағдарламасы көмегімен фотоэффектінің негізгі заңдылықтарын зерттеу . . .

2. 2 Сабақ жоспары . . .

2. 3 Тест тапсырмалары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі физика ғылымы техника саласының негізі болып табылады. Егеменді еліміздің дамуы бүгінгі оқушылар, ертеңгі ғалымдардың қолында екендігіне ой тоқтатар болсақ, мектепте білім беру, пәндерді сапалы жүргізу үлкен жауапты іс екендігі өз-өзінен айқын болмақ.

Бұл жұмыста қарастырып отырғанымыз - физика пәні бойынша кванттық физика бөлімін оқытуда ақпараттық технологиясының оқу үрдісін пайдалану.

Соңғы уақытта ғылым мен техника қарқындап дамуда, сол себептен болар, оның соңғы жетістіктері оқу бағдарламаларына енгізіліп үлгермеуде, сондықтан оқу орнының түлектері өз жұмыстарын бірден дұрыс игере алмауда. Ұжымға келген түлек өз мамандығын ғана жақсы біліп қоймауы керек. Ол жаңа технологиялардың мәнін қызметтестеріне дұрыс түсіндіріп, оларды енгізудің артықшылықтарын айқындап бере алуы керек. Барлық білім келешекке бағытталуы керек.

Байланыс құралдарының дамуы, әсіресе, компьютерлі байланыс жүйелерінің (Internet) кең енгізілуі бұл мәселені шешуге жол ашты.

Пән мұғалімі сыныптағы негізгі материалды барлық оқушылар меңгеріп алатындай етіп ұйымдастыруы керек. Мұндай жағдайда бұл жұмыс мұғалімге бірден-бір көмек беретін материалдар болмақ.

Зерттеу нысаны: Кванттық физиканы ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту әдістері.

Зерттеу мақсаты: Оқушыларға электрондық оқу құралдарын дұрыс пайдалануды және физика сабақтарын электрондық оқулықтар арқылы оқуды үйрету.

Зерттеу пәні: Кванттық физика заңдарын зерттейтін тәжрибелер.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Осы зертханалық жұмысты орындау кезінде оқушылардың кванттық физика заңдарын практикамен тығыз байланыстырып оңай игеруіне және айқын түсінуіне мүмкіндік туады.

Зерттеудің жаңалығы мен теориялық мәні:

-Ақпараттық технологияны физика курсын оқытуда қолдану.

-Оқушының ой өрісін, қолданылатын мүмкіндіктерін дамыту үшін зертханалық жұмыстар келтіріледі.

I тарау. Педагогикалық және ақпараттық технология туралы түсінік.

1. 1 Педагогикалық технология туралы түсінік .

Технология - қандай болса да белгілі бір іске қолданылатын қабылдаулардың жиынтығы. Технология - оқытудың жоспарланған қортындыларына жету үрдісі. Оқыту технологиясы бағдарламада көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге асыру мен алға қойылған мақсаттарға жетуді ең тиімді жолмен қамтамасыз ететін сызба - нұсқалар, үлгілер, әдістемелер - құралдар жүйесі.

Оқыту процессін технолгияландыру туралы пікірді осындан 400 жыл бұрын Я. А Коменский айтқан. Оқыту «технологиялық» болу қажет. Оның мағынасы - нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмын Я. А Коменский «дидактикалық машина» деп атады. Технологияға мақсат қою. Осы мақсатқа жетудың құралдарын іздестіру бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болады. Соған байланысты мақсат - құрал оның қолдану ережелері нәтиже модулы. Мұның өзі - білім берудегі кез-келген технологияның өзегі. Оқыту технологиясы кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрейік:

Технология дегеніміз-белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жинағындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз- оқыту процесін жандандыру мақсатында ұйымдастрылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын-ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз-оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз-білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз-тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.

ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынадай анықтама берілген педагогикалық технология дегеніміз-бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.

Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-ұстаздың касіби қызметін жан-жақты қамтамазыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын іс-шаралар жиынтығы.

Біздің байымдауымызша, оқу процесін жобалаудың технологиялық дәрежеге шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан ары арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқыту процессіндегі рөлін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады. Ал, бұл оқытушының жаңа рөлі мен қызметі болып табылады.

Білім үрдісіндегі технология мен әдістеменің өзара байланысы

Білім берудің технологиясына оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолдалынатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Әрбір нақты жағдайда білім беру технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлі ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз. Бұл ережеден тыс тек «педагогикалық технология»ұғымы ғана. Бұл бұрын оқу үрдісінің «педагогикалық үрдіс» деп аталуына байланысты. Кейбір жағдайда бұл екі ұғымды синоним ретінде қолдануға болар еді. Бірақ, әлемдік терминологияның бір егейленуіне байлансты «білім беру технологиясы » ұғымына тоқталуға тиіспіз.

Сырт көзге оқу үрдісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс тәсілдерде қарама-қайшылық жоқ, себебі «оқытудың әдістемесі» ұғымы «білім беру технологиясы» ұғымынан әлдеқайда кең.

Әдетте, әдістеменің пәні-білім берудің мазмұнын, мақсатын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізінен үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технология болса мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағыны ғана жауап береді.

Педагогикалық технологияның түрлері

Педагогикалық технологиялардың белгілері мен қасиеттері

Педагогикалық технологикалардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдарының болуы, педагогикалық үрдісі жоспарлауға мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушы іс-әрекетін реттейтін заңдылықтар, оқушы мен оқытушы іс-әрекеті мен үрдістерін талдайтын құралдардың болуы.

Осыған сәйкес педагогикалық технологияның төмендегідей қасиеттері мен сипаттары болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелілік, кез-келген мектептің нақты жағдайында қолдануға жарамдылық.

Мақсаттылық белгісі - оқшыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологиярды қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатынын нұсқайды. Технологияның диагностикалық құралдармен қамтамасыз етуді мұғалімге педагогикалық ықпалдың барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау құралдары мұғалімге өз қызметін және оқушының өзін-өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет.

Педагогикалық технологияның келесі белгілер тобы - оқытушымен оқушы қызметтерінің өзара қарым-қатынасын реттейтін, бір жүйеге келтіретін заңдылықтар. Көп жағдайда мұғалім түрлі талаптарды, әдістемелік нұсқауларды есепке алады да, оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын назардан тыс қалдырады. Мұндай жағдайда мұғалімге өз мақсатына жетуге ешқандай технология көмектесе алмайды.

Мұғалімнің қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс-қимылдары т. б. ) оқушының қызметі мен іс-әрекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына т. б. ) сәйкес келуі шарт. Тек осы негзде ғана мұғалім педагогикалық ықпал құралдарын таңдап оларды іске асыра алады.

Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.

Технология тұтас болуы қажет -бұл технология барлық аталған белгілерге жауап беруі тиіс деген сөз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне сай емес; яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана қажеттілікке көңіл бөлінеді де, технологияның басқа белгілері ұмыт қалады.

Педагогикалық технологияның келесі бір мазмұнды қасиеті оптималдық . «Оптималдық» термиіні (латын тілінен аударғанда «ең жақсы» дегенді білдіреді) -белгілі бір шарттармен міндеттеріне ең сәйкесі, тиімдісі дегенді білдіреді. Ю. К. Бабанский педагогикалық үрдістің тиімділігінің бірнеше критерийлерін бөліп көрсеткен еді. Егер, педагогикалық технология сол критерийлерді қолдана отырып төмендегідей шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болар еді:

егер оның қолданылуы әрбір оқушының ең жақын зонасында білімділігін, тәрбиелілігін және дамуын қамтамасыз етсе;

егер оның қолданылуы оқушы мен оқытушының ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса, яғни, білім беру стандартымен және мектеп ережесімен айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық «maximum» нәтижелерді бере алса.

Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері- нәтижелілігі және қолдануға жарамдылығы.

Бір технологияның екіншісінен айырмасы-оны қолданудың нәтижесінде оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз міне осы.

Кез-келген мұғалім кез-келген технологияны қолдана алуы мүмкін емес, ол оның жұмыс тәжірибесіне, педагогикалық шеберлігіне, педагогикалық үрдістің әдістемелік және материялдық жабдықталуына да байланысты. Сондықтан, нақтылы технологияны сипаттағанда немесе оқып зерттеген кезде оның басқа мектеп жағдайында жұмыс жасау мүмкіндіктерін, жарамдылығын ескеру қажет.

Сонымен, педагогикалық технология- дегеніміз дидактика да, тәрбие теориясы да немесе оқыту мен тәрбиелеудің технологиясы да емес. Педагогикалық технологияның ерекшелігі- осы технология негізінде құрылған үрдіс белгіленген мақсатқа жетуді кепілдеуі шарт. Технологияның екінші ерекшелігі- оқытушы мен оқушының өзара қарым- қатынастарының реттілігінде. Бұл қасиет дидактикада, тәрбие мен оқыту теорияларында немесе әдістерінде жоқ.

Педагогикалық қарым-қатынас 3 функция атқарады:

  • Баланың қарым-қатынаста «ашықтығы» - оған мектепте, сыныпта, сабақта қолайлы жағдай туғызу көзделген;
  • Педагогикалық қарым-қатынаста балаға деген жанашырлық мұғалімнің баламен тығыз іс-әрекеті нәтижесінде туындайды;
  • Педагогикалық қарым-қатынаста баланы көтермелеу саясаты (стимул ретінде) .

Педагогикалық бағалау дегеніміз- баланың тұтас жеке тұлғасын емес, оның дәл осы сәттегі мінез-құлқын бағалау. Жалпы бағалау дегеніміз, осы принциптерді педагогикалық бағалауда өз жұмысында шеберлікпен қолдана отырып педагог өз шәкірттері бойында құндылық қарым-қатынастарды қалыптастырады және кемшіліктерді түзетеді.

Педагогикалық бағалау функцияларына - баланың қоршаған дүниеге деген жағымды көзқарасын тәрбиелеу. Осы жақтағы жұмыстарын қолпаштап отыру т. б. жатады. Бұл істе әр баланың өз алдына қайталанбас ерекше тұлға екенін үнемі есте ұстау қажет. Педагогикалық бағалаудың түрлері-қолпаштау, қолдау, қолдамау, мақтау, материялдық қолдау, жазалау, ескерту жасау, сөгу, т. б. жатады.

Педагогикалық талап-бұл тәрбие үрдісінде баладан әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас пен мінез-құлық нормаларын талап ету. Адамның басқаларға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы субъективті еркін жағдайда оның өмір тәрбиесі нәтижесінде қалыптасады. Педагогтың міндеті- бала позициясының неғұрлым жағымды жағынан қалыптасуы. Белгілі бір жас кезеңіне сәйкес талаптар қою үшін міндетті түрде әр баланың психикалық ерекшелігін негізге алу керек.

Жаңа технологияларды қолданудағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету. Білім берудің міндеті - қоршаған ортада болып жатқан құбылстар мен процестердің оқушылар санасындағы бір тұтастығын салыстыру.

1. 2 Оқытудың жаңа ақпаратық технологиялары

Ақпараттық технология деп, арнайы техникалық ақпараттық жүйелерді қолданатын технологиялардың барлығын айтады.

Ақпараттық технология бағдарлы оқыту әдісін жалғастырушы және дамытушы болып табылады. Ақпараттық технологияны қолданатын оқу әдістері компьютердің орасан зор мүмкіндігін пайдалану арқасында білім берудің жаңа, ерекше түрлерін туғызады.

Ақпараттық технология - бұл оқушыға қажет ақпаратты компьютерлік құралдар көмегімен дайындау және ұсыну үрдісі.

Ақпараттық технология төмендегідей 3-нұсқада жүзеге асуы мүмкін:

  1. Ақпараттық технологияны жеке тақырыптар, бөлімдерді оқытуды және жеке дидактикалық мәселені шешуге қолдану.
  2. Оқытуда қолданылатын технологияның негізгі бөлігі болып ақпараттық технология қолданылады.
  3. Ерекше, жеке технология түрінде (бұл кезде оқу үрдісінің барлық бөлімдері: оқыту, басқару, ұйымдастыру, бақылау, тексеру) ақпараттық технология көмегімен жүзеге асады.

«Оқытуды компьютерлендіру» термині әртүрлі ұстанымдардан із қалдырады. Кең ауқымды мағынада - бұл дидактиканың дамуының және оқытудың дәл әдістемесінің қазіргі заманғы бет алысы. Бұл түсінікке, жасалынып жатқан теориялық тұжырымдамалардың және компьютерлік оқыту технологияларының жиынтығы кіреді.

«Оқытуды компьютерлендіру» термині, тар мағынада, «компьютерлік оқыту» деп түсіндіріледі, яғни оқытудың бір амалы компьютер болып табылатын оқытудың жүйесі.

Компьтерлік оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың компьютерлік сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз ету. Компьютерлік сауаттылық деп, қоғамды ақпараттандыру шарттарында, әркімге қажетті білім және шеберліктерді түсінеді.

Жаппай жалпы білім беретін мектептерге оқушылардың компьютерлік сауаттылығына шынайы қол жететін үш деңгей:

  1. Адамның тәжірибелік қызметінде оқу тапсырмаларын шешудегі алгоритмдердің ролін және орнын түсіну, яғни алгоритмдік ойлаудың қалыптасуы.
  2. Дербес ЭЕМ-мен жұмыс істеу шеберлігін игеру (деректерді енгізе білу, дисплейді, пультті қолдану) .
  3. ЭЕМ-де дайын оқу бағдарламаларын қолдана білу шеберлігін игеру (нақты тұжырымдамалардың шешуі, нұсқаулары, есептеп шығарылуы) .

Оқытуда есептеуіш техникасын қолдана білу, мұғалімнің кәсіптік сапасының бірі болады.

Егер оқытуды компьютерлендіру процесін мектеп сабақтарын беру әдістемесінің қазіргі заман бет алысының бірі ретінде қарастыратын болсақ, компьютерлік оқыту әдістемесіне, принципіне және әдістеме ғылымына ие болу, әрбір мұғалімнің кәсіби сипаты болып табылады.

Оқытуды компьютерлендіру, қазіргі білім жүйесінің барлық сипаттарына: мақсатына, міндетіне, мазмұнына, әдістемесіне, технологиясына белгілі-бір әсерін тигізеді. Мектеп оқушыларды күнделікті қызметінде күрделі компьтерлі техниканы қолданумен тікелей байланыста болатындығын сезінуге үйретуі қажет. Олар қазіргі дербес компьютермен қатынас дағдысын игеруі қажет. Оны тиімді пайдалануды білу, оның қолдану аймағын және шекараларын өзіне елестете алуы керек.

Ақпараттық технологияның жүйелік параметрлері:

а) қолдану деңгейі бойынша - жалпы педагогикалық;

б) философиялық негізі бойынша - бейімделуші + ғылыми-технократтық;

в) негізгі даму факторы бойынша - қоғамдық + психогендік;

г) білімді игеруі бойынша - ассоциативті-рефленторлы;

д) тұлғалық құрылымға бағдарлануы бойынша - ақпараттық + амалдық;

(БЕД + іс әрекет)

е) мазмұны бойынша - кез келген мазмұнға лайық;

ж) танымдық әрекет басқаруы бойынша - компьютерлік;

з) ұйымдастыру формалары бойынша - жеке + топтар;

и) оқушымен қарым-қатынасы бойынша - қызметтестік;

к) оқыту әдісі бойынша - ақпараттық + амалдық;

л) жаңарту бағыты бойынша - ұйымдастыру және басқарудың нәтижелігі;

м) оқушылардың категориясы бойынша - барлық түрлері

Ақпараттық технологияның мақсаты:

  1. ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, коммуникативті қабілеттерін дамыту;
  2. ақпаратты қоғам тұрғысын қалыптастыру;
  3. оқушыға игере алатын, мүмкіндігінше мол материал беру;
  4. зерттеушілік ебдейліктері мен дұрыс шешім табу дағдыларын

қалыптастыру

Ақпараттық технологияның тұжырымдамасы:

  • Оқыту - баланың компьтермен қарым-қатынасы.
  • Бейімділік принціпі - компьютерді бала ерекшелігіне бейімдеп оқытудың диалогты сипаты.

Басқарымдылығы: оқу үрдісін мұғалім кез-келген уақытта өзгерте алады.

  • Жеке және топтап оқытуды дұрыс үйлестіру: компьютермен жұмыс істейтін оқушының психологиялық көңіл-күйі жақсы болуы керек.

Шектеусіз оқыту- оқыту мазмұны оның талқылану және қолданылу аясы шектеусіз.

Ақпараттық технологияның мазмұны:

Ақпараттық технология компьютер жадына жазылған педагогикалық бағдарламалық құралдарда бейнеленген формалды мазмұн нобайына негізделеді.

Білім берудің нақты мазмұны жетектеуші ақпаратты еселеп ұлғайту, компьютерлік ақпаратты ортаның болуы; (оларға жататындар: ақпарат қоры, гипер мәтін, мультимедия, электронды жүйелер, саралаушы жүйелер) .

Ақпараттық технологияның әдістемелік ерекшеліктері:

Компьютерлік оқыту құралдары интерактивті (өзара-белсенді), олар мұғалімнің не оқушының әрекетіне жауап бере алады.

Компьютерлі оқыту құралдары оқушымен өзара қатынасқа түсе алуы- ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі болып табылады.

Компьютер білім беру үрдісінің барлық көздерінде қолданыла алады: жаңа тақырыпты түсіндіргенде, бекіткенде, қайталауда, БЕД-н (білім, ебдейлік, дағды) бақылағанда.

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың қажеттігі өте жоғары, бірақ физиканы оқытуды аз қолдануда. Оның себебі, біріншіден, компьютерлі оқыту құралдары ауқымы санаулы зертханалық жұмыстармен шектеліп, оқу-әдістемесінде көмекші рөл атқарады. Ауқымның кемдігі деп, арнаулы педагогикалық мәселелерді шешуге арналған компьютерлік бағдарламалардың аздығын айтамыз.

Екіншіден, бар бағдарламалардың көпшілігінің сапасы сын көтермейді.

Үшіншіден, өзгеріп отыратын білім беру қажеттерін өтейтін, оған тез бейімделетін бағдарламалардың аздығы. Мәселенің төркіні мынада, ақпараттық технологиялар нарығы тұтынушыларға - оқушыларға бағытталған, ал оларға қандай компьютерлік оқу құралдарын сатып алу мен қолдануды оқу орнының ұстаздары ақпараттық технологиялар оқу үрдісіне терең енгенде ғана айта алады.

Соңғысы ұстаздардан ақпараттық технологияларды дұрыс қолдануды ғана емес, оқушылардың ақпараттық технологияларға негізделген өздік жұмыс жасауға көп көңіл бөлетін, жаңа педагогикалық әдістер мен тәсілдерді дамыту мен қолдануға ұмтылуды талап етеді.

Компьютерлі оқыту құралдарының жеткіліксіздігі, оларды жасау әдістемесінің жүйеге келтірілмегендігіне, ал әдістеменің дамуы ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде аз қолдануымен шектелуде. Мұның өзі компьютерлі оқыту құралдарының сапасының төмендігімен және қазіргі оқу жүйесінің инерттілігімен түсіндіріледі. Сиқырланған дөңгелекке тар болдық. Бұл тұңғиықтан компьютерлі оқыту құралдарын жасау мен белсенді түрде қолдануға оқу орындарының оқытушыларын қатыстырмай шыға алмаймыз.

Қатысу деп компьютерлі оқыту құралдарын жасау мен қолдану әдістемесін, ақпараттық технологияларға негізделген оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын, жаңа ақпараттық технологиялардың қажеттігін анықтай білуді, әдіскер немесе автор есебінде компьютерлі оқыту құралдарын жасауға қатысуды айтады. Оқу әдістемесі оқу материалымен ғана емес, компьютерлі бағдарламалардың модельдері және алгоритмдерімен де терең байланыста болуы керек.

Қазіргі кезде компьютерлі оқыту құралдарын жасау технологиядан гөрі өнерге жақын деген көзқарас қалыптасқан. Мұны көпшілік қолданатын, оқытқанда тұрақты нәтиже беретін технологияға айналдыруға, компьютерлі оқыту құралдарын жасау мен оқу үрдісіне енгізу әдістемесінің жеткіліксіздігі кедергі келтіруде.

Ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу, оны жасаушылардың мамандануын талап етеді. Бұл мамандықтардың ішінен компьютерлі әдіскерлер мен компьютерлі оқыту құралдарының жүйелі техниктерін ерекше атап өту керек.

Компьтерлі әдіскер - бұл компьютерлі оқыту құралдарында қолданатын бағдарламалар мен жұмыс істей алатын және компьютерлі оқыту әдісін білетін маман. Оның мақсаты психико-педагогикалық жоспар, оқыту әдістемесін, оқушыларды бақылау мен білімін тексеру әдістерін жасау және оқулық авторларына әдістемелік көмек беру.

Компьтерлі оқыту құралдарының технигі - бұл компьтерлі дидактикадан хабары бар, білім берудегі ақпараттық технологияның маманы.

Бұл мамандықтарды қазіргі білім беру жүйесі дайындамайды, олар өз мамандықтарын нақты компьютерлі оқыту құралдарын жасай жүріп игереді.

Мамандар болғанның өзінде, егер оқу материалының авторларының компьютерлі оқыту құралдарынан хабары болмаса, не компьютер мамандары (программисттер) оқу әдістемесін жүзеге асыра алмаса ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану дұрыс нәтиже бермейді.

Жаңа ақпараттық технология даярлық деңгейіне мынадай сипаттамалар беруге болады.

1. Таныстыру деңгейі студент ережеге сәйкес білім беру жүйесін компьютерлендіру мақсатын түсінбейді. Есептеу техникасы туралы жекеленген, қарапайым, үстірт ғылыми негізде емес білім алады. Студенттерде оқу процессінде ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезіндегі іскерлікпен қабылеттіліктің қалыптаспағандығынан ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндіктері туралы түсінігі толық жоққа шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте оптика бөлімін оқытудың мәселелері
«Оптиканың қызықты құпия сырларын оқушылардың өздігінен оқуын ұйымдастырудың жолдары»
Физикалық құбылысты жаңғырту
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері
Молекулалык физика пәні
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Мультимедиялық технологияларды интерактивтік оқытуда тиімді пайдалнудың негіздері
Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері
Қашықтықтан оқытуда қолданатын формалар мен әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz