Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы туралы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕГІ АҚШ-РЕСЕЙ СЫРТҚЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ

1. 1 Америка Құрама Штаттары және Ресей Федерациясының

ұлттық қауіпсіздік стратегияларының мәні . . . 7

1. 2 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғасынан кейінгі қауіпсіздік саласындағы АҚШ-Ресей өзара қатынастары . . . 14

1. 3 АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарындағы НАТО-ның алатын орны мен рөлі . . . 23

2 ТАРАУ АҚШ-РЕСЕЙ: ӨЗАРА ӘРЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1 АҚШ-Ресей: ядролық қаруды таратпау мәселелері . . . 31

2. 2 Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу мәселесіндегі американдық-ресейлік саяси ұстаным . . . 40

2. 3 Қауіпсіздікке қатысты американдық-ресейлік өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. 1991 жылы Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатқаны бәрімізге мәлім және онымен бірге қырғи қабақ соғысының дәуірі де кеткен болатын. Сондай-ақ, 44 жылға созылған американдық-кеңестік жаһандық қарама-қайшылық өз шегіне жеткен болатын. Әлемдік қауымдастықтағы өзгерістер американдық-ресейлік қатынастар бүкіл әлемдегі жағдайды сақтап қалатын орталық мағынаны атап көрсетеді. СШҚ-2 Шарты, Ресейдің Босния жөнінде Дейтон бейбіт келісімінің жүзеге асуы үрдісіне белсенді қатысуы, НАТО болашағы туралы мәселе бойынша пікірталас, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресейдің тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдегі мемлекеттермен жаңа қатынасқа түсуі - осының барлығы американ-ресейлік диалогының жалғасуы және екі жақтың да әлемнің жаңа мәселелерін шешуде белсенді қатысулары керектігін нақтылай түсуде.

Қырғи-қабақ соғысының аяқталуынан кейін АҚШ және Ресей екіжақты қатынастың сапалы басқа да сипатының мәселелерімен кезігіп қалуда. Мемлекеттер арасында саяси және идеологиялық жанжалдардың болмауы, халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында ортақ мүдделерді сақтау, әскери-стратегиялық сипаттағы мәселелерді шешу, АҚШ-Ресейдің тығыз ынтымақтастығына ресейлік сыртқы саяси бағытының болуы жағдайында серіктестік қағидасы негізінде екіжақты қатынастарды дамыту шешімі қабылданған болатын. Сондай-ақ, екі жақ та стратегиялық сипат алатын теңдік серіктестікті дамыту жолын ұстанатындығын мәлімдегені американ-ресей өзара қатынастары үшін маңызды болды.

Билік басына келісімен Дж. Буш әкімшілігі Ресеймен серіктестік қатынасты дамыту мәселесіне оралған болатын. Егер 2000 және 2001 жылдар аралығында екі ел қатынасында кейбір қиыншылықтар байқалған болса, ал 11 қыркүйек оқиғасынан кейін екі мемлекет арасындағы қатынастар позитивті өзгерістерді шыдап төзген секілді. Осы жылдары екіжақты қатынастың халықаралық лаңкестікпен күресуде жақындасуын анық байқай аламыз. АҚШ Ресейді ХХІ ғасырдың жаңа қауіптерімен күресуде және жаппай қырып жою қаруларын таратпау мәселесінде өзінің одақтасы ретінде мәлімдегені бәрімізге анық. Қазіргі таңда АҚШ-тың ұлттық мүдделері өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және халықаралық лаңкестікпен күресуде айрықша орын алады. Осы бағытта АҚШ пен Ресейдің ортақ мүдделері бар екендігін көруге болады.

АҚШ та, Ресей де бүгінде халықаралық қатынастардағы жетекші акторлардың бірі болып отыр. Қазіргі кездегі қауіпсіздік саласындағы АҚШ-Ресей қарым-қатынастарының маңыздылығы өте зор. Қырғи-қабақ соғысы аяқталса да, екіжақты қатынастардың қарама-қайшылық туғызатын мәселелері жеткілікті екендігі хақ. Халықаралық қатынастарда болып жатқан мәселелердің барлығы осы екі ірі державамен үнемі тығыз байланыста. Әлемдік жаһандану үрдісінде екі мемлекеттің рөлі аз еместігі анық.

АҚШ және Ресей әлемде ядролық қарудың көп мөлшерін иемденетіні сөзсіз. Ал бұл өз кезегінде елдердің мықты әскери державалар болып табылатындығын дәлелдеп тұр. АҚШ және Ресейдің серіктестік өзара қатынастары әлемдік тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды компоненті. АҚШ пен Ресейдің ұлттық мүдделері әлемнің аймақтар қатарында өздерінің сәйкестігін табуда. Ресей стратегиялық сараптама және басқарманың тиімді үлгісі, сондай-ақ, ақпараттық технологиялар саласында американдық тәжірибені қажет етуде, ал АҚШ өз кезегінде Ресейдегі тұрақтылық негіз болып табылатын Еуразия тұрақтылығына құштарлық танытып отыр.

АҚШ пен Ресей әлемде қайшылықтар мен әскери әрекеттерді азайту жолымен қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуда, аймақтық мәселелер мен жанжалдарды шешуде, американдық-ресейлік ақпараттық антилаңкестік операцияларын бірігіп өткізуде бірауыздан қарқынды жұмыс атқаруда.

Осылайша, «Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастары 2000-2008» тақырыбы өзекті болып табылады. Осы тақырырыпты ғылыми негізде талқылаудың өзектілігі ешқандай күмән туғызбайды.

Жұмыстың мақсаты. Осы жұмыста қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын зерттеу басты мақсат болып отыр.

Жұмыстың міндеті. Алға қойылған мақсатты ашу үшін міндеттерді қою және шешу жүктеліп отыр.

  1. Америка Құрама Штаттары және Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздік стратегияларының мәнін айқындау;
  2. 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғасынан кейінгі қауіпсіздік саласындағы АҚШ-Ресей өзара қатынастарын және олардың лаңкестікпен күресу мәселесін қарастыру;
  3. АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарындағы НАТО-ның алатын орны мен рөлін анықтау және одақтың кеңеюінің АҚШ-Ресей өзара қатынасына ықпалын сипаттау;
  4. АҚШ-Ресей: ядролық қаруды таратпау мәселелерін талқылау;
  5. Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу мәселесіндегі американдық-ресейлік саяси ұстанымды талқылау;
  6. Қауіпсіздікке қатысты американдық-ресейлік өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелерін ашу және сол мәселелердің екіжақты қатынасқа тигізетін әсеріне тоқталу.

Бітіру жұмысының деректік негіздері. Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастарына арналған тақырыптың деректік көздерін шартты түрде төмендегідей бес топқа бөлуге болады.

Зерттеу көздерінің бірінші тобын заңнамалық құжаттар құрайды. Яғни, екі елдің конституциясын пайдаландым [1-2] . Мемлекеттің басты сыртқы саяси ұстанымын айқындайтын негізгі құжат ел конституциясы болып табылады. Осыған орай елдің бүкіл ішкі және сыртқы саясаты ел конституциясына негізделеді.

Деректік көздерінің екінші тобына АҚШ және Ресейдің қауіпсіздік саласына қатысты стратегияларын жатқыздық [3-4] . Өйткені әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке қатысты екі елдің стратегиялық бағыты осы құжаттарда нақтылы айқындалған.

Келесі үшінші топта дипломатиялық құжаттар орын алады [5-20] . Екіжақты қатынастардың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық деңгейі, өзекті мәселелер жөніндегі саяси ұстанымдары осы құжаттарда қарастырылған.

Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобына АҚШ және РФ Президенттері мен сыртқы істер министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әр түрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді [21-58] . Олар алға қойылған мақсатты талқылауда мемлекет басшыларының өзекті мәселелерге қатысты жеке көзқарасын, сондай-ақ сол сәттегі мемлекеттің саяси ұстанымын айқындауға өзіндік зор үлесін қосты.

Бесінші топқа саяси қайраткерлердің естеліктері жатады [59-60] . Мемлекет басшыларының естеліктерінен мемлекеттік деңгейдегі аса маңызды мәселелердің шешіміне қандай күрделі жолмен қол жеткізгендерін көруге болады. Сондай-ақ ресми құжатта кездеспейтін кей аса құнды мәліметтерді табуға болады.

Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.

Ғылыми зерттеудегі дәрежесі. Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын дұрыс анықтау үшін екі елдің қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі сыртқы саяси ұстанымдарына және өзара әрекеттің негізгі мәселелеріне қатысты көптеген еңбектерді атауға болады. Оларды шет елдік, ТМД елдері және Қазақстанның саясатшы, тарихшы ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары құрайды [61-79] . Олардың ішінде американдық саяси қайраткер Бжезинский З. бар [61-62] . Оның еңбектерінде әлемдегі ағымдық он жылдың ішінде геосаяси жағдайын, әсіресе Еуразиялық құрлықтағы жағдайды сараптайды. Әрине Хантингтон С. еңбегін атап өтпеуге де болмайды [79] . Ол өз еңбегінде барлық жер өркениетінің жаһандық дамуына болжам жасайды. Сондай-ақ, әлемнің басқа да мемлекеттеріне тұрақтылық және қауіпсіздіктің кепілдігі болуға ынтасы бар жалғыз ұлы держава секілді АҚШ-тың әлемдік рөлі туралы ой-пікірін айқындайтын болса, ал келесі бір саясаткерлер Киссинджер А. Г. [68] Дрелл С. Д., Гудби Дж. Ю. [65] өз еңбектерінде ұлттық қауіпсіздік мәселелері, АҚШ-тың әскери-саяси доктринасын және ядролық қаруды пайдалану мәселесі жөнінде, сонымен қатар, Киссинджер Ресейдің халықаралық сауда жүйесіне қосылуын және де АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің экономикасына деген қызығушылығын толықтай сипаттайды.

Ресейлік саясаткерлерден Есин В. И., Золотарев П. С., Рогов С. М. [66], Рогов С. М. [73], Стародубов В. [74], Торкунов А. В. [77], Уткин А. И. еңбектерін атауға болады. [78] Олардың ішінде біреулері АҚШ-Ресей өзара қарым-қатынастарын, Ресейдің оңтүстік елдерімен қатынастарын сипаттаса, ал кейбіреулері қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейінгі АҚШ-тың әлемдегі ұлы держава ретінде танылуына, НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі мәселесіне және халықаралық лаңкестік қаупіне нақтылай тоқталған.

Әлемдік қауіпсіздік мәселесін, АҚШ-тың сыртқы саясатын және Азиядағы геосаяси мүдделерін жүйелі түрде қарастырған отандық саяси қайраткерлерден Тоқаев Қ. Қ. [76], Султанов Б. К., Музапарова Л. М. [75], сондай-ақ ғалым тарихшылар Лаумулин [71], Кукеева Ф. Т. [69, 70] еңбектері де құнды болып келеді.

Зерттеу жұмысындағы негізгі мәселелер шет елдік және отандық мерзімді басылымдарда да жан-жақты талқыланған. Ғылыми талқылаулар АҚШ-тың «The New York Times», «Washington post» газеті, «Foreign Affairs», «The National Interest», «World Policy Journal», «Newsweek» журналы, Ресейдің «Известия», «Аргументы и факты», «Независимая газета» газеттері мен «Азия и Африка сегодня», «Право и безопасность», «Мировая экономика и международные отношения», «Нефть и газ», «VIP-Premier» журналдарында бар. Ал Қазақстанның «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Нұр Астана», «Жас Алаш», газеттерінде және «ҚазҰУ хабаршысы», «Саясат», «Аналитическое обозрение» журналдарында кеңінен кездеседі [80-109] . Осы мақалалардың ішінде Шаклеин В. В. [87], Сыроежкин К. [95], Умаров Қ. [97] және Л. Бердигожиннің [99] еңбектерін атап өтуге болады.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері. Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын зерттеу мерзімі 2000-2008 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді 2000 жылдан бастаудың себебі екі мемлекетте де жаңа елбасыларының (Дж. Буш кіші мен В. В. Путин) келуімен, соған қатысты жаңа саяси ұстанымның қалыптасуы, ал 2008 жылмен аяқталуы осы екі елбасының өз қызметтерін тоқтатуларымен негізделеді.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Зерттеу жұмысының теориялық негізін американдық және ресейлік ғалымдарының ғылыми қорытындылары құрайды. Бітіру жұмысында тарихи оқиғаларға, сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды . Сондай-ақ, кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және теориялық әдістемелік негіз де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер мәселені жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін сол арқылы талдау, баяндау және болжау түрінде басты мақсаттарға жету үшін ғалымдар әр түрлі әдістерді зерттеген. Тақырыпты ашуда ресейлік саясаттанушылардың еңбектері өз үлестерін қосты. Олар сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.

Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде қоғамдық ғылым саласында зерттеудің стандартты сараптамасы - контент-сараптама қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси тұлғалардың мәлімдемелері және де партия бағдарламалары секілді мәтіндердің әр түрлі типтеріне сараптама жасалды.

Жұмыс құрылымы. Алға қойған мақсат пен міндеттерге сәйкес жұмыс ішкі құрылымға бағынады. Ол кіріспеден, екі тараудан, алты параграфтан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТАРАУ ҚАЗІРГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕГІ АҚШ-РЕСЕЙ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ

1. 1 Америка Құрама Штаттары және Ресей Федерациясының

ұлттық қауіпсіздік стратегияларының мәні

Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері бірнеше саяси стратегияларға қол жеткізілді. Олар қорғаныс саласында, экономикалық, мәдени және ғылыми саладағы екіжақты байланыстың негізі болып табылады.

Екі елдің де ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қарастыратын болсақ, державалардың да негізгі мүддесінің кейбір ұқсастығын байқауға болады. Өйткені, екеуінің де Конституциясында аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізгі басымдылық екені белгілі.

Америка Құрама Штаттарында алға қойылған мақсаттарға және қауіпті бейтараптандыруға жету жолдары ұлттық қауіпсіздік стратегиясы шеңберінде анықталады. Ол өз кезегінде негізгі үш құрамды бөлімнен тұрады: экономикалық, сыртқы саяси және әскери стратегия.

АҚШ-тың экономикалық және сыртқы саяси стратегиялары бір-бірімен өте тығыз байланыста әрі бір-бірін толықтырып тұрады. Экономикалық сияқты сыртқы саяси мақсаттарға жету де көбінесе АҚШ-тың әскери стратегиясының сәтті орындалуына да байланысты болып келеді.

Стратегия 90 жылдардан бері әр түрлі атауға ие болған болатын. АҚШ стратегиясы Конгреске 2003 жылы 8 наурызда мәлімделді [3] . Ал қазіргі стратегия айналадағы ірі аумақтық державалардан төнетін қауіпті әскери-саяси мақсаттардың орындалуымен алдын алуға бағытталған. Ол сонымен қатар, бейбітшілік үшін операцияларды жүзеге асыру үшін, халықаралық лаңкестікпен және есірткімен күресу үшін, басқа да мәселелерді әскери-саяси және әскери әдіс-тәсілдермен шешу үшін достық елдермен және одақтастармен бірігіп әскери ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне көп көңіл бөледі.

  1. 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғасынан кейінгі қауіпсіздік саласындағы АҚШ-Ресей өзара қатынастары

2001 жылы қаңтар айында Джордж У. Буш билік басына келгенде сегіз айдан кейін Путин Ресей президенті болғаннан кейін - оның әкімшілігі ресейлік басшылықпен жаңа мәселелерге қатысты кездесе бастаған болатын [71, с. 125] . Буш әкімшілігі Ресеймен қарым-қатынасын басымдылық бағыттарының бірі деп есептемеді, өйткені оның өкілдерінің көбі Кремльде сыбайластық өте кең етек алғандықтан бұл ел демократиялық емес әрі әлсіз мемлекет деп таныса керек. Соған орай, Буш әкімшілігінде Мәскеуге «қол ұшын беруге» стратегиялық тұрғыдан болашақтық болжамы жетіспеген болатын. Дегенмен де Буш пен Путин арасындағы жеке байланыстары өз кезегінде сәтті жүріп жатты. Олардың ең алғаш кездесуінде - 2001 жылы маусым айында Словениядағы саммитте - Буш, бәріміз білетіндей, ресейлік президенттің жан рухани сапаларына және де демократиялық көзқарасына сенетіндігін байқатқан еді [79] .

Осы кезеңдердегі қорқынышты 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы Америка еліне қатты зардап тигізген болатын. Ең қауіпті формаларды радикалды

айында Ресей Кубада және Вьетнамда өздерінің әскери базаларын жоятынын жариялады. Осы базалардан бас тарту әскери-стратегиялық және экономикалық себептермен негізделді. «Бұл шешім қырғи қабақ соғыстың аяқталғанының куәсі болып табылады. Президент Путин Ресей мен Американың енді қарсылас мемлекеттер еместігін түсінеді», - Дж. Буш мәлімдеді [21] .

Мәскеу Ұлыбритания секілді Құрама Штаттарға лаңкестікпен күресуде барлық керек-жарақтарды алып беруімен өз септігін тигізген болатын. Факт түрінде Ресей және Ұлыбритания АҚШ үшін талибтерге қарсы басты одақтастар болды. 2001 жылы 7 қазанда АҚШ Ауғанстанда әскери-ауа кампаниясын бастап кетті, ал кейін ол құрлықтағы операцияға жалғасып кеткен болатын. 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы халықаралық қатынастарда типологиялық жаңа қауіп - лаңкестіктің трансұлттық қаупін төндіргенін куәландырды [86] . Сөз жоқ, 11 қыркүйек Буш пен Путин арасындағы ынтымақтастыққа түрткі болды. Бұнда тұрған бір жамандық бар ма? Керісінше,

2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі Ресей мен Құрама Штаттар арасындағы қатынасқа қарағанда қазір олар әлдеқайда нашарлауда.

Лаңкестік оқиғасынан кейінгі АҚШ-Ресей арасындағы қауіпсіздік мәселелері тек осымен шектеліп қана қоймайды, сондай-ақ, басқа да өзекті мәселелер екіжақты өзара қатынасқа ықпалын тигізуде. Мәселен, өзіміз білетіндей қырғи-қабақ соғысы басталысымен құрылған әскери одақ - Солтүстік атлантикалық одақ өз кеңеюін жылдан жылға жалғастыру үрдісінде, ал бұның әрине АҚШ-Ресей қарым-қатынасына ықпал ететіні анық. Яғни, бұл мәселені жан-жақты талқылауға тырысамыз.

1. 3 АҚШ-Ресей қарым-қатынастарындағы НАТО-ның алатын орны мен рөлі

«Қырғи-қабақ соғысы» аяқталысымен соғыс және бейбітшілік мәселелері жаңа өзгерістерге ие болды. ХХІ ғасыр ХХ ғасырға қарағанда адамзат өміріне қауіпсіз болады деген үмітпен басталды. Ядролық емес, жергілікті, мемлекетаралық және ішкі мемлекеттік жанжалдардың санының өсімі қадағалануда. Қарапайым қарудың бұзу күшінің өсімі жағдайында осы жанжалдардың салдары одан әрі қауіпті болып келеді. Көптеген мәселелер бойынша келіспеушіліктер сақталып қалынуда, соның ішінде қазіргі әлемнің әскери қатынасында Ресей Федерациясы және Құрама Штаттар секілді мықты державалар арасында әскери қауіпсіздік саласына қатысты болып отыр.

1993 жылдан бері Солтүстік атлантикалық альянстың шығысқа қарай кеңеюі Ресей және Батыс арасында қатынаста, сыртқы саясатының құрылуында, Ресейдің әскери-стратегиялық бағыты жөнінде мәселе бойынша саяси ағымдардың және идеялардың күресінде басты сызықтардың бірін туғызып отыр [77, с. 365] . Осымен қоса НАТО-ның кеңеюі туралы пікірталас мәселелердің әр түрлілігін куәландырады.

АҚШ-та, яғни қазіргі

етеді», - дейді [33] .

Алпауыт мемлекеттер арасындағы қатынастарда НАТО-ның алатын орны мен рөлін толықтай талқыладық. Осы секілді мәселелер мемлекеттер арасында бірден шешіле кете қоймасы анық, тіпті қашан шешіліп, қашан біте қоятыны да бізге беймәлім. Сонымен қатар, сол мәселелердің қатарында АҚШ-Ресей арасында қауіпсіздік саласындағы өзекті орын алып жатқан өзара әрекеттің негізгі мәселелері де жеткілікті. Оның ішінде ядролық қаруды таратпау, стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту сияқты мәселелер алдағы орында тұр. Енді сол мәселелерге толығырақ назар аударсақ деймін.

2 ТАРАУ. АҚШ-РЕСЕЙ: ӨЗАРА ӘРЕКТТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1 АҚШ-Ресей: ядролық қаруды таратпау мәселелері

Әлемде мемлекеттер арасында қазіргі таңда өте қауіпті болып отырған ядролық қару. Ядролық қаруды таратпау әлемдегі мемлекеттер арасында өзекті мәселелердің бірі атанып отыр. Осы мәселеге қатысты ғалымдар, зерттеушілер көп талқылауда.

  • Ядролық қару елдер үшін ерекше саяси рөл ойнайды. Ол Ресейдің де,

АҚШ-тың да ұлы державалар мәртебесін қамтамасыз етеді.

- Халықаралық қатынастарда әскери фактордың болашақ рөлі одан әрі маңыздырақ болады.

- Ядролық тежеу - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі панацея емес, Ядролық күшпен экономикалық және саяси салада әлсіздікті кәмпескелеуге болмайды.

- Әлемдік және ұлы тәжірибе ядролық қару жергілікті соғысты және қарулы қақтығыстарды, әсіресе, ең төмен интенсивті жанжалдарды тежеу үшін аз тиімді саяси құрал болып табылады.

- Ядролық күш және ядролық тежеу елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде қатал орын алу керек.

- Ресейлік СЯК елдің қорғаныс жүйесінің бір бөлігі болып қана қоймай, сонымен қатар, жаһандық тұрақтылықтың элементі болып табылады.

Ресей Федерациясы өзінің ядролық қаруын 1968 жылғы 1 шілдеде

мынандай негізгі тұжырымдамаларды түртіп кетеді:

● Адамзат ХХІ ғасырға «тіпті басқа стратегиялық ландшафт» фонында кіруде. Жаңа екі ядролық державалардың, сондай-ақ үлкен алыстықпен зымырандық қару шығаратын елдердің пайда болуы халықаралық қатынастарда сапалы жаңа жағдай және де «қырғи-қабақ соғысы» аяқталғаннан кейін көбі үміттенген либералды әлемдік тәртіп орналасып келе жатқанын нақтылайды [65, с. 127] .

АҚШ және басқа да

күрделі мәселелерді шешуде БҰҰ Бас Хатшысының арнайы өкілі және Ирактағы Басқару кеңесі үлкен рөл ойнайды, деп есептейміз», - дейді президент Путин [37] .

ынтымақтастықтың нақты бағдарламалары даму үрдісінде.

Осыған ұқсас тағы бір өзекті мәселе кезекте тұр. Яғни, ол стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу болып табылады. Келесі қарастыратынымыз, осы мәселеге қатысты американдық-ресейлік саяси ұстаным.

2. 2 Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу мәселесіндегі американдық-ресейлік саяси ұстаным

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы
Ангела Меркельдің сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарының әлеуеті
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерциясының қарым-қатынастары: тарихи аспект (1991-2009 жж.)
Қазақ мұнайы
Орталық Азия қауіпсіздігінің мазмұны мен механизмдері шеңберіндегі мемлекеттік егемендік мәселесі
Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz