Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ . . . 5
1. 1 Банктің мәні және пайда болуы . . . 5
1. 2 Банк жүйесі арқылы жүргізілетін ақша-несие саясаты . . . 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ . . . 14
2. 1 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы, кезеңдері мен дамуы . . . 14
2. 2 Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тенденцияларына
талдау . . . 19
3 ҚР-СЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТУЫНДАҒАН МӘСЕЛЕЛЕР, ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34
КIРIСПЕ
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын - экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР - нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк - ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк - коммерциялық банктер жүйесi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады. Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Қазақстан Республикасында екi деңгейлi банктiк жүйе 1990 ж. ҚазКСР-нiң “Қазақ КСР-дағы банктер және банктiк қызметтер туралы” Заңы бойынша қалыптасты. Мемлекеттiк банк ҚР-да Ұлттық банкке айналды. Ал қалған банктер акционерлiк банктерге, Жинақ банкi ҚР-ның халықтық банкi деп аталды.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Мiне, сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы” деп алдық.
Жұмыстың өзектілігі - еліміз егемендік алған жылдардан бергі банк жүйесінің даму барысын және қазіргі таңдағы ұлттық экономикамызды тиімді дамытудағы банктік жүйенің маңыздылығын ашу.
Бұл тақырыпты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым және міндеттеріме:
- Банктік жүйесінің несие жүйесінің маңызды буыны ретінде қарастыру;
- Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін, банктік жүйенің даму тарихының кезеңдерін ашып өту болып табылады;
- Қазақстандағы банктік жүенің 1991 жылдан бергі ұлттық жүйе ретінде пайда бола бастауы, оның қазіргі таңда дейінгі қалыптасу жағдайын сипаттау.
- Банк жүйесінің негізгі элементтері болып табылатын Орталық банктер мен коммерциялық банктерінің экономикада атқаратын қызметтері мен опперацияларын талдау
Курстық жұмыс құрылымы екі тараудан: 1-ші тарауда банк жүйесінің жалпы экономикалық мәні мен қалыптасуы, ол арқылы іске асатын ақша-несие саясаты туралы айтылады, ал 2-ші тарауда ҚР екі деңгейлі банк жүйесінің ерекшелігі, банктік жүйені мемлекеттік реттеу мен қазіргі таңдағы банк жүйесінің даму мәселелері мен шешу жолдары қарастырылды.
Жұмысты жазу барысында келесідей авторлардың еңбектері қолданылды:
Мамыров Н. Қ., О. И Лаврушина, Ивашковский С. Н. Баян Көшенова, Ғ. С. Сейiтқасымов., А. А. Ильясов., Сайденов А. Г., Мақыш С. Б. және мерзімді басылымдар мен статистикалық көздер қолданылды.
1 БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ
1. 1 Банктің мәні және пайда болуы
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер, ал олардың қашан пайда болғаны жайында ежелгі ғасырлар тарихы толық мәліметтер қалдырмаған сияқты.
Алғашқы банктер қашан пайда болды ? деген сұраққа кей ғалымдар капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында, яғни тауарақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған деп жазады.
XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасын-да белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдың шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдың тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, «банк» сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
«Банк» сөзі «bаnсо» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттың барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттар да дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің алары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің да операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Несие жүйесінің негізгі буыны - банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. [2, б. 178]
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.
Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды. Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. [2, б. 180]
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетiлген клиенттерiнiң негiзгi қызметi туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi ғана емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң күнделiктi оперативтi көрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң көптеген маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала көруге мүмкiндiк бередi.
Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны анық . Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге болады:
- Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
- Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi, вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
- Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
- Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң негiзгi мақсаты - айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше тауар - ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық жұмысын басқару болып табылады. [3, б. 311]
Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т. с. с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.
Ендi ұлттық банктiк жүйенi былай жiктеуге болады. Бұл сызбадан банк жүйесiнiң формаларын айқын көруге болады.
Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiркерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi несиелейдi.
Ипотекалық банктер - жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке алып, ұзақ мерзiмге несиеге бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы - банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің, ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдык, өндіріс аясынын өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ак, ша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды. Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында Банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие ісі түсіндіріледі. Сонымен қазіргі түсінікте «коммерциялык, банк» - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқ, ылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
1. 2 Банк жүйесі арқылы жүргізілетін ақша-несие саясаты
ҚР-ның Ұлттық Банкi “банктердiң банкi” ретiнде ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы - несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi - коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық Банкiнi “банктердiң банкi” деп атайды. [10, б. 13]
Ұлттық Банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:
- коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
- банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.
Ұлттық Банк - коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық - несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттiк орган. Олар Ұлттық банктiң эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрiнде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бiрлiгi - теңге болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
- рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
- экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - коммерциялық банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. [1, б. 273]
Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Жоғарыда атап өткеніміздей соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуді қолға алу. Бұл мақсатты орындауда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бүгінде қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі: [2, б. 79]
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz