Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . . 8
- Баспасөздің дамуы . . . 8
- Кеңестік интеллигенцияның қалыптасуы және алғашқы ғылыми мекемелер . . . 13
II. ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ . . . 23
2. 1 Әдебиеттің дамуындағы қайшылықтар. «Социалистік реализм» бағытының қалыптасуы . . . 23
2. 2 Театр, музыка, бейнелеу және кино өнерінің қалыптасуы мен дамуы . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігу, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Бүгінгі таңдағы бүл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оның кез-келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық, алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктерімен қамтамасыз етіп, одан әрі өрбіту керектігі сөзсіз.
Еліміз егемендік алған уақыттан бері осы қойылып отырған мақсаттарды жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Солардың бірі тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында кеңестік дәуірде саналы түрде бұрмаланып, жасырылып келген халқымыздың, қазақ ұлтының өткенін жаңа тұрғыдан зерттеуде, оған тиісті баға беруде орын алып отыр. Республика тарихшы ғалымдарының осы мәселелерді зерттеу нәтижесінде қол жеткізген табыстары осыған куә. Дегенмен, ғылымның бұл саласында зерттелмей тың жатқан жәпе жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер әлі де болса баршылық.
Республика Президенті Н. Назарбаев 1998 жылдың наурыз айында еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жиналысында: «Бұл жылы да біз өткенде жинақталған тәжірибені ескере отырып, тұғырдан тайса да санадан әлі сырыла қоймаған тоталитаризм идеологиясын әшкерелеуді жалғастыра түсеміз. Тоталитаризмге ұлттық тарихтың қажеті жоқ. Ол ұлттың тарихи жадын жойып, мәңгүрттік психологияны орнықтыруға мүдделі. Өйткені, өткенін білмейтін халықтың өзіне сенімі болмайды. Ал қазақ елінің тарихы, ғылымы, мәдениеті өзінің жер асты байлықтарындай танымал ма. Олай дей алмаймыз. Осынау дүбірлі дүниеде өзімізді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің» - деп сөйлеуі жиналған жұртқа аз ой салған жоқ /1/.
Сонымен, ұлттық, елдік тарихымызға қайта қарауға, оның сабақтары мен үлгілерін, ұлтымыз бен тәуелсіз республикамызды бүкіл әлемге танытуға және жас келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беру үшін пайдалануға мемлекеттік көлемде назар аударылып отыр.
Осындай өзекті, қайта қарауды қажет ететін мәселелердің бірі-еліміздің мәдени дамуы тарихы.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті өзінің қалыптасуы мен дамуынында өте күрделі, қайшылықты кезеңді басынан өткерді. Бұл кезең бір жағынан алып қарағанда кәсіби қазақ театырын, музыка, бейнелеу, кино, би өнері қалыптасуы мен кәсіби қазақ журналистикасының қалыптасып дамуы, содай-ақ қазақ әдебиетінің ең бір шарықтаған кезеңі ретінде де белгілі. Дегенмен ХХ ғасырдың басында орын алған күрделі қоғамдық-саяси өзгерістер қазақ мәдениетінің дамуында да өзіндік із-қолтаңбасын қалдырды. Тарихи тамырларын сонау ерте дәуірлерден алатын, өзіндік бірқалыпты даму жолымен келе жатқан қазақ мәдениетінің бет-бейнесі мен мазмұны үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер де екі жақты сипат алды. Мәселен, қазақ мәдениеті әлемдік классикалық мәдениет туындыларымен танысып, бұрын қазақ топырағында болмаған өнер түрлерін меңгерді. Екінші жағынан алағанда мәдениет бірте-бірте идеолгия құралына айналып, өзінің тікелей міндеттерінен гөрі, кеңестік жүйенің тар таптық жүйеге негізделген жалған идеяларын насихаттаушы құралға айналып шыға келді.
Қазақ халқының санасын большевизмге қолайлы арнаға бұру ісі ең алдымен оның оқыған азаматтарын өз жағына тартып, ұлттық интеллигенцияның дүниетанымын таптық идеологиямен уландырудан басталды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін таптық мүдде бәрінен жоғары қойылып, барық құндылықтардың өлшеміне айналдырылды. Шығармашылық, ғылыми интеллигенцияның өзі де, оның жетекшісі де Коммунистік партияның басшылығына берілді, бақылауына алынды, қызметшісіне айналдырылды. Барлық мәдениет қайраткерлері өз еркімен де, еркінен тыс та, әйтеуір бірі қалмай Компартияның айтқанын түгел мақұл көріп, ол нұсқаған бағыттан тайқымауға тиіс болды.
Өзінің өмірге келген алғашқы күндерінен бастап қазақ халқының кеңестік негіздегі мәдениетінің басты өзегі, негізгі арқауы - Компартияның және оның «кемеңгер» көсемдерін, Ұлы Октябрь, Кеңес үкіметі, Кеңес халықтарының интернационалдық достығын, социалистік құрылысты мадақтау болды. Мәслен, әдеби шығармашылықта жаңа мазмұн, жаңа түр талабы қазақ ақын-жазушыларын партиялық әдебиетке, саяси лирика, әлеуметтік поэзияға ден ұруына әкеліп соқты.
Бкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты Алаш азаматтары пролетариаттың саяси билігі мен үстемдігін мойындағандай болғанымен, қазақтың «кеңестік» деп аталатын жаңа әдебиетін жасаудан бас тартты. Олар адамзаттың тарихи жолы мен тәжірибесіне сүйене отырып, өз халқын әлемдік өркениетке ілесуін қалады. Лениншілдердің пролетариат диктатурасы қазақ елін әлемдік дамудың даңғыл жолынан бұрып әкеткендігін білді. Бір ғана әлеуметік тапқа қызмет етудің дұрыс болмайтындығын түсініп, таптық әдебиеттің жасандылығын, ерте ме, кеш пе пролетарлық мәдениет ғұмырының сарқылатындығын алдын-ала болжап білді, әріптестерін үлкен қателіктерден сақтандырды. Әдебиет таптық емес, ұлттық сипатта дамуы керек деп, өз жолдарының дұрыстығына кәміл сенді. Дегенмен көп ұзамай ешбір балама жолды мойындамайтын кеңестік тоталитарлық жүйе «өзгеше» ойлайтындарды әртүрлі себептермен «халық жауы» екендіктерін «әшкерелеп», көздерін жойып тынды. Осылайша бірте-бірте айтқанға көніп, айдауға жүретін «тіл алғыш» мәдениет қайраткерлерінің жаңа буыны өсіп жетілді. Бірақ, мәдниет ешқашан, еш дәуірде өзінің миссиясын ұмытқан емес. Жолдан тайқып, жалпы сарынға үн қосқанымен өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысып, жекелеген қайраткерлердің әртүрлі саладағы шығармашылықтары арқылы замана үнін айқын көрсетіп, адамзаттық құндылықтарға үндеуден, мәңгілік өнерді ту етіп ұстаудан жалтармады. Сондықтан ХХ ғасырдың басындағы кеңестік негіздегі қазақ мәдениетінің тарихын оқып-үйренуде осы қағидаларды естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда бітіру жұмысының өзектілігі айқындала түседі.
Бітіру жұмысының деректік негіздерін ХХ ғасырдың басындағы кеңестік мәдени құрылыстың әртүрлі саласы, сондай-ақ сол кезеңдегі жалпы-қрғамдық саяси, мәдени өмір туралы түрлі дерек көздері құрайды. Олар әр жылдары құжаттар мен материалдар жинағы ретінде де баспа беттерінде жарық көрген. Солардың ең алғашқысы ХХ ғасырдың бірінші ширегінде-ақ жарияланған. Сондай-ақ, 1965 жылы жарық көрген «Культурное строительство в Казахстане (1918-1932 гг. ) », «Оброзование Казахской ССР» және т. б. материалдар мен құжатар жинақтарын атауға болады /2/. Дегенмен бұл жинақтардың сол заман талабына сәйкес принциптермен жинақталғандығына қарамастан, мәлімметерін құндылығы даусыз. Еліміз тәуелсіздік алаған жылдардан кейін тарих ғылымында бел алаған серпіліс, тың зерттеулер негізінде «ақтаңдақ» мәселелерді де толық қамтыған құжаттар мен метариалдар жинағы жарық көре бастады. Міне, осы материалдар да біздің бітіру жұмысымызды обьекттивті шындақ негізінде жазып шығуымызға септігін тигізді. Сонымен қатар бітіру жұмысының детектік негізін тарихи деректердің үлкен бір түрі - мерзімді баспасөз материалдары да құрайды. Белгілі зертеуші Қ. М. Атабаевтың мерзімді баспасөз материалдарын тарихи дерек көзі ретінде пайдалану жолдары туралы жазылған зертеулерін /3/ негізге ала отырып, ХХ ғасыр басында жарық көрген большевиктік баспасөз материалдарын да пайдалануға ұмтылдық.
Сонымен қатар мәселені жан-жақты объективті зерттеуде ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылырның мәдениет жайлы жызылған шығармаларының алар орны ерекше. Бітіру жұмысының деректік негіздері ретінде Алаш зиялылырының сол кезеңде мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген шығармалары мен соңғы жылдары жинастырылып, жарияланған шығармаларының толық жинақтарын пайдаландық /4/.
2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы профессор Қ. С. Қаражановтың ғылыми жетекшілігімен Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша хрестоматияның 1-ші томын жарыққа шығарды. Бұл еңбекте 1917-1939 жылдар аралығын қамтитын тарихи оқиғалар мен қатар, аталаған кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің «ақтаңдақ» беттерінен хабар беретін құнды материалдар жинақталған /4, 1/. Жинақтың құрастырушылары Лениннің социализм құру ісінде мәдени революцияға ерекше мән бергенін, бірақ сауатсыздықты жою, халық шаруашылығы мен мәдениетінің әр саласы бойынша мамандар дайындау ісінде жеткен сөзсіз жетістіктеріне қарамастан көптеген «ақтаңдақ» мәселелердің бар екендігін атап өтеді. Сондықтан жинақтағы құжаттар мен материалдар осы принцип негізінде жинақталғандығын атап өтуге болады.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың басындағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы мәселелері негізінен кеңестік кезеңде көп зерттелген тақырыптардың қатарына жатады. Біз қарастырып отырған мәселе соғыстан кейінгі жылдары қолға алына бастады. Мәселен, кеңестік жоғарғы оқу орындары туралы алғашқылардың бірі болып Жаманбаев К. «Высшая школа в Казахстане» еңбегін жарияласа /5/, бұдан кейінгі жылдары қазақтың бейнелеу өнері, жалпы Қазақстан өнерінің тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы, кеңестік Қазақстанның ғылымы, қазақ академиялық драма театрының тарихы, қазақ кино өнері туралы зерттеулер бірінен соң бірі жариялана бастады /6/. Сонымен қатар бұл кезеңде жарық көрген кеңестік мәдениет ошақтары туралы зерттеу еңбектерінің бір бөлігі кеңестік құрылыстың мәдениет пен мәдени дамуға тигізген ықпалын баяндауға арналып, қазақ халқының «капитализмге соқпай социализм құру ісіндегі үлкен мәдени жетістіктерін» мадақтауға бағышталды. Мәселен белгілі зерттеуші Р. Сулейменов «Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане» және Х. Бисеновпен соавторлықта жазған «Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов» атты зерттеулерінде «социализм» идеяларының құрсауынан шыға алмаған /7/.
Кеңестік кезеңдегі қазақ баспасөзі, қазақ журналистикасының қалыптасуы туралы белгілі зерттеуші К. Бекхожиннің еңбектерін атап өту орынды /8/.
Көріп тырғанымыздай бұрынғы Кеңестер Одағындағы және оның құрамында болған Қазақстандағы мәдени кұрылыс мәселелері жайында көптеген ғалымдар көлемді ғылыми еңбектер жазған. Бұл еңбектердің авторлары елдегі мәдени құрылыс жайындағы түрлі деректерді жан-жақты зерттей отырып, оның зандылықтарын ашып, өзіндік қорытындылар жасады. Бірақ, олардың басым көпшілігі өз кезеңінде «социализм» идеяларынын құрсауында болуына орай жалпы мәдени құрылыс мәселесіне бір жақты қарады. Мәселен. Қазақ ССР тарихының 4-ші томынан мынандай жолдарды оқимыз: «Буржуазияшыл-ұлтшыл және шовинистік элементтер, құлатылған таптардың қалдықтары партия мен совет өкіметінің ғылым құрылысы саласындағы барлық шараларына өршелене қарсылық көрсетті. Алайда Коммунистік партия мен Совет мемлекетінің Орта Азия мен Қазақстандағы алғашқы ірі-ірі саяси шараларының өзі ғалымдардың тікелей қатысуымен дайындалып, жүзеге асырылды. В. И. Лениннің директивасы бойынша 1919 жылы құрылған Геодезия басқармасының қызметкерлері жасаған карталар болмаса, Лениннің қатысуымен 1918 жылы құрылған Орталық статистика басқармасы жүзеге асырған 1920 жылы Бүкіл россиялық ауыл шаруашылық санағы мен 1923 жылғы қалалық санақ болмаса, жер-су реформасын, Орта Азияны ұлттық-территориялық жағынан межелеуді және басқа да маңызды маңызды істерді ойдағыдай жүзеге асыру мүмкін болмас еді» /9/.
Дегенмен, бұл еңбектер әлі де болса өз құндылығын жоғалтқан жоқ және олардың еліміздегі мәдени құрылыс мәселесін жаңаша көзқараспен зерттеп қарастыруда алатын орны ерекше деп ой түйеміз.
Дегенмен Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының тарихын шынайы тұрғыдан зерттеу ісі еліміздің тәуелсіздік алған кезеңінде ғана мүмкін болғаны белгілі. Белгілі зерттеуші Т. Омарбековтың «ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихының мәселелері»/10/ туралы, З. Дүкенбаеваның «Қазақтың шығармашылық интелегенциясының тарыхы (1917-1941) »/11/, Д. Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті»туралы еңбектері жазылды, /12/сонымен қатар К. Нұрпейісовтың, М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» мен Алаш зиялылырының тарихына арналған іргелі зерттеулерінің де біз қарастырып отырған мәселені жаңаша тұрғыдан қарастырудағы маңызы өте жоғары/13/. Сондай-ақ жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған соңғы еңбектердің бірі профессор Қ. С. Қаражановтың редакциясымен жарық көрген жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихына арналған дәрістер жинағын да атап өту маңызды /13/. Сондай-ақ 2002 жылы жарық көрген Қазақстан тарихына арналған бес томдық академиялық зерттеудің 3-ші томында да ХХ ғасыр басындағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасу тарихы жаңа көзқарас тұрғысынан жан-жақты қарастырылған.
ХХ ғасыр басындағы мәдениет мәселелерін зерттеуде соңғы жылдары жарық көрген Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылық қызметтерін зерттеуге бағытталаған зерттеулердің орны ерекше . Сонымен қатар Ш. Таукебаева сынды жас зертеушілердің еңбектерінде ХХ ғасыр басындағы мәдениет, соның ішінде ғылым мен білімнің қалыптасуы жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастырылған /14/.
Жалпы мәселенің зерттелу деңгейіне қысқаша қорытынды жасай отырып, мынандай тұжырым жасауға болды. Біріншіден біз қарастырып отырған мәселе жалпы мәдениеттің барлық салаларын қамтитын болғандықтан мәселенің зертелу деңгейі өте ауқымды болып келеді. Сондықтан баспасөз, кино, театр, би, музыка, әдебиет және т. б. салалар бойынша барлық зерттеулерді толық қамтып шығу мүмкін болмады. Екіншіден еліміз тәуелсіздік алаған кезеңнен кейін біз қарастырып отырған мәселенің зерттелуінің жалпы бағыттары мен методолоиялық ұстанымдар туралы қөзқарастар қалыптасқандығына қарамастан, мәселені кешенді зерттеу ісі қолға алынған жоқ. Қазіргі кезде мәдениеттің әр саласы бойынша жекелеген мамандандырылған зерттеулер жарық көре бастағандарына қарамастан, мәселені тұтас күйінде тарихи тұрғыдан зерттеу келешектің ісі деп санаймын.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың 20-30 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт аралығында кеңестік жүйенің толық орныққан уақыты, сондай-ақ жалпы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады.
Бітіру жұмысының методологиялық және әдістемелік негіздері ретінде тарих ғылымындағы дәстүрлі әдіс-тәсілдер, тарихи тұжырымдар мен жаңашыл консепциялар басшылыққа алынды. Бітіру жұмысын жазу барысында ХХ ғасыр басындағы мәдениет мұраларын өзара салыстыру, жүйелеу әдістері пайдаланылды. Сонымен қатар, мағлұматтарды зерделеу ісіне салыстырмалы анализ жсау, тарихи хронологиялық әдіс, талдау әдістерін пайдалана отырып жазылды.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының мақсаты қазақ мәдениетінің тарихында өте күрделі кезең ретінде аталатын ХХ ғасырдың басындағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуының тарихын оқып-үйрену болып табылады.
Жоғарыда айқындалған мақсатымызға байланысты төмендегідей міндеттер тобын шешу көзделді:
- Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасу үрдісімен қызметінің ерекшелігін көрсету;
- Мәдени-ағарту ісі, білім беру, баспасөздің дамуының ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақ зиялыларының қалыптасуының күрделі жолын зерделеу;
- Алғашқы ғылыми мекемелердің қызметіне талдау жасау;
- Әдебиеттеің дамуындағы қайшылықтар, сондай-ақ «Социалистік реализм» бағытының қалыптасуын анықтау;
- Театр, музыка, бейнелеу, кино өнерінің қалыптасуы мен дамуына щолу жасау.
Бітіру жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі тараудан (әр тарау екі бөлімшеден) қорытынды және пайдаланаған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Баспасөздің дамуы.
ХХ ғасырдың басындағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуын сөз еткенде ең алдымен аталған кезеңдегі мәдени-ағарту ісі, білім беру, баспасөздің дамуына назар аудару қажет. Арнаулы оқу орындары жоқ заманда тілші ретінде газет-журнал бетінде үлкенді-кішілі шығармашылық туындыларды жариялау - қазақ журналистерінің қалыптасуының басты жолы болды. Дарынды әрі белсенді авторлар газет редакцияларына қызметке алынып, маман журналистерге айналды. Ұлттық журналистер БАҚ құралдарының 4-5 түрінде өсіп жетілді: жергілікті (уездік, округтік, аудандық, губерниялық, облыстық) газеттерде; орталық яғни республикалық басылымдарда; салалық («Ауыл тлі», Наркомземнің «Колхоз», Түрксібтің «Теміржолшы» газеттері, т. б. ) БАҚ құралдарында; мекемелер мен оқу орындарының қабырға газеттері мен қолжазба журналдарында; радиожурналистика (жергілікті және республикалық радиотораптарда шығармашылық қызмет істеу арқылы) .
20-шы жылдардың екінші жартысында республикада жүргізілген әкімшілдік-территориалдық өзгерістер барысында жаңа округтік, ал 30-шы жылдары аудандық газеттер көптеп шыға бастады. Газет-журналдардың көбеюімен бірге қазақ журналистерінің қатары да жылдан-жылға еселеп өсіп артумен болды. Ұлт зиялылары баспасөзге елдің санасын ояту, оқу-білім алуға шақыру, шаруашылықты жандандырып, тұрмысы жақсарту жолындағы бұқаралық үгіт-насихат құралы ретінде қарады. Газет, журнал шығару - оқыған азаматтардың туған халқына қызмет етуі деп түсінді.
Қазақ тіліндегі кеңестік алғашқы республикалық газет - 1919 жылдың 17-желтоқсанында 1-саны жарық көрген «Ұшқын» газеті болды. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы бүгінгі «Егемен Қазақстан» өзінің тарихын осы «Ұшқыннан» бастайды. 1920 жылы 13 қарашадан баастап «Еңбек туы», 1921 жылы 7 қарашада «Еңбекшіл қазақ» атымен шықты. Ерекше атап өтілуге тиісті мәселе - газеттің бастауында тұрған адамдар туралы нақтылы деректердің тапшылығы. Газеттің 1919-1922 жылдары редакторлары мен шығарулары жайында баспасөз тарихын зерттеуші ғалымдар - Х. Бекхожин, С. Имашев, Т. Қожакеев, С. Қозыбав, Ж. Бекболатов, т. б. әркім әр түрлі жазып жүр.
Соңғы уақытқа дейін «Ұшқынды» кім шығарды дегенде, «Казревком құрған Тәмимдр Сафиев бастаған редакциялық алқа (сүшелері Мерғали Ешмұхамбетов пен Әміржанов Қаратаев) » деп жауап беріліп келді. Алайда, кейбір деректерге қарағанда «Ұшқынның» алғашқы редакторы - 1938 жылы саяси қуғында қаза тапқан Халел Есенбаев болған. Әртүрлі басылымдарда «Ұшқын» - «Еңбекшіл қазақтың» 1922 жылға дейінгі редакторлары немесе редакциялық алқасының мүшелері ретінде Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Аманғали Сегізбаев, С. Мұқановтардың есімдері аталады. Дерек көздері нақты көрсетілмегендіктен бұл қаламгерлердің газетті шығаруға қашан, кім ретінде қанша уақыт қатысқандығын тексеріп анықтау қиын. Бұл мағлұматтар газеттің толық емес тігінділерінде көрсетілген деректермен қайшылыққа келеді.
Мұрағаттық деректер келтірілген мәліметтерді де тексеруді қажет етеді. Біздіңше, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты қорында сақталған төмендегі екі құжат 1921 және 1922 жылдардағы газет редакциясының құрамын анықтауға септеседі. 1921 жылы 22 қазан күні РК(б) П Қазақ облкомы (Кироком) төралқасы материалдық жағдайдың қиындығынан шықпай тоқтап қалан «Еңбек туы» газетінің орнына «Еңбекшіл қазақ» атты газет шығарылсын, оның редакция алқасына М. Әуезов, Е. Алдоңғаров, Ә. Байділдин, А. Асылбеков енгізілсін деген аулы қабылдады. Көрсетілген факт аталған бес адамның тек екеуінің ғана (Е. Алдоңғаров пен Ә. Байділдин) өмірбаянында расталады. 1926 жылдың 4 наурызында БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімінің қызметкері Ә. Байділдин жазған ресми сипаттағы жазбасында «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1921 жылдың 7 қарашасы мен 1922 жылдың тамызына дейін төрт адамнан тұратын - М. Әуезов, А. Асылбеков, Е. Алдоңғаров және Ә. Байділдин - редакциялық алқасының шығарғандығы, 1922 жылдың тамыз айында газеттің жауапты редакторы болып С. Сейфуллиннің тағайындалғаны айтылады. Бұл дерек Т. Кәкішевтың кітаптарында расталады /15/. Редакциялық алқа түріндегі ұжымдық басқару газет өміріндегі жеке тұлғалардың атқарған қызметі туралы талас пікір тудырса, С. Сейфуллиннен бастап (1922-24) газетті басқарған журналистер - Молдағали Жолдыбаев (1924-25), Смағұл Сәдуақасов (1925-26), Т. Рысқұлов (1926) О. Жандосов (1926), О. Исаев (1926), Ғ. Тоғжанов (1926-32), Ә. Мусин (1932-34), Ғ. Мүсірпов (1934-36), Ж. Сәдуақасов, Ж. Арыстанов, С. Бәйішевтердің (1936-41) газеттің жауапты редакторы болған күні мен айына дейін газеттің өзінен және мұрағаттық деректермен нақтыланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz