Батыс Еуропаның мәдени – тарихи аймақтары


Батыс Еуропаның мәдени - тарихи аймақтары
Жоспар
1. Батыс Еуропаның аймақтық дифференциалары
2. Ұлыбританияның мәдени - тарихи аймақтары
3. Франциядағы мәдени - тарихи ошақтары
4 Германияның тарихи ерекшелігі
5. Испанияның тарихи аудандары
6. Италияның мәдени-тарихи аймақтары
7. Швейцарияның тарихи кантондары
8. Қорытынды
Мәдени - тарихи аймақтар
Батыс Еуропадағы этномәдени және саяси-әкімшілік аудандағы көптеген аймақтық дифференциалар негізінен бұрыннан қалыптасқан мәдени - тарихи ошақтарға байланысты, саяси-әкімшілік аудан шекаралары түрлі бірігулермен сай келмейді, бұған аудандар, провинциялар, әкімшілік жерлерді жатқызуға болады. Батысеуропалық аймақтың стратификациялық дамуына маңызды үлес қосқан аймақтарға (Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Италия, Швейцария) тоқталайық . . .
Ұлыбританиядағы бұл ошақтарға Шотландия мен Уэльс кіреді.
Шотландия - мәдени-тарихи провинция, түрлі ерекшеліктерге толы. Бұл жерді алғашқы кезде кельттер (гэлдер) мекендеп, көптеген жылдар бойы ағылшын жаулаушыларына XVIII ғасырға дейін қарсылық көрсетіп, дербес мемлекет болды. Тек 1707 жылы Шотландия біртұтас мемлекеттің құрамына кірді. Өздерінің туған гэл тілінің жойылуына қарамастан (XX ғасырдың соңында Солтүстік Шотландияны мекендейтін халықтар гэл тілінде сөйлеген, біршама ирланд тіліне жақын болды. Олар жазықтың төменгі бөлігін мекендегендіктен, лоулендерлер дейді), шотланд интеллигенциясының көбісі өздерінің ұлттық қасиеттерін сақтап қалды, кейбір ғұрыптармен қоса. Шотландияның ұлттық мүдделерінің ынтасы бойынша - Ұлыбританияның федералды ауданы болғысы келеді.
Уэльс - әкімшілік жағы бойынша Ұлыбританиямен біртұтастықты сақтайды, оның тым ертедегі (1284) жаулауымен байланысты. Ұлыбританияның байырғы тарихи қалыптасқан жерінде кельт халықтарының өкілдерімен - уэльстер, валийцылермен қоныстанған, өздеріне ғана тән ерекшеліктерімен көзге түседі. Бірақ англизацияға қарамастан, көптеген уэльстер өз ана тілін, ұлттық сезімін, мәдениетін, әдет-ғұрыптарын сақтады. Өз ана тілінде сөйлей алатын уэльстер саны шамамен жүз мыңға жуық.
Франциядағы түрлі қалыптасқан мәдени-тарихи ошақтарға Лотарингия, Эльзас, Бретань, Корсика, Бургундия, Прованс, Лангедокты жатқызуға болады. Өзінің қосылуының алдында бұл 20 Француз халықтары өз басынан түрлі даму сатысын өткізді. Мысалы, қазіргі кезде эльзастар - немес тілінде, оңтүстіктер - прован, Бретань аралын мекендейтін халық - бретан, пиреней түбегіндегі халық - баск тілдерінде сөйлейді. (В. Гюго айтуынша: «Францияның халқын мекендейтін дарынды халықтар өкілдері барлық Еуропалық континетінің қасиеттерін өздерінің бойына сіңірген. Неміс қарсылығы - Пикардияда, шведтердің қонақжайлығы - Шампаньда, голландиялық еңбекқорлық - Бургундияда, Польшаның тым қимылшылығы - Лангедокта, Испан абыройы - Гасконда, италияның ақылдылығы - Прованста, грекиялық алдаушылық - Нормандиада, швейцарлық әділдік - Дофинде кездестіруге болады ») .
Лотарингия - шығыс Франциядағы тарихи аймақ, Германиямен шекаралас. (855 жылы таққа отырған герман императоры Лотарь II иесімен аталған. ) Қазіргі кездегі Лотарингияның әкімшілік біртұтастығы сақталмаған, оның батыс бөлігі табиғаты мен экономикасы бойынша Шампанға жақын, ал оңтүстігі (Привозгес) Эльзастың таулы аймағымен жақын болып келеді.
Эльзас - географиялық тұрғыда жақсы шектелген, белгіленген аймақ, ол Жоғарғы - Рейн жазықтығы мен Вогезов тауының шығыс бөлігі. Эльзастардың мәдени- тарихи ерекшеліктері немістерге ұқсас.
Германияның «бисмаркқа дейінгі» кезеңдегі саяси біртұтастығының болмауы өзінің тарихи ерекшелігіне байланысты. (Бисмарк Германияны 1871 жылы «Қан мен темір» арқылы біріктірді) . Бірнеше жүзжылдықтар бойы Германия көптеген ұсақ аймақтарға бөлінді: князьдіктер, графтіктер, герцогстіктер, епископтар, дербес қалалар болды да, түрлі жүйе бойынша қиылысты. Қазіргі Германияның көптеген жерлері өзіне тән қасиеттерді: мәдениет, өмір сүру деңгейін, шаруашылық, әдет-ғұрыпты сақтады. Қазіргі 16 Германия жерлері (Баден- Вюртембург, Бавария, Берлин, Бранденбург, Бремен, Гамбург, Гессен, Мекленбург-Померания, төменгі Саксония, Рейнланд-Пфальц, Солтүстік Вестфалия, Саар, Саксония, Саксония - Анхальт, Тюрингия, Шлезвиг- Гольштейн) дербес аймақ болып, өзіне тән ерекшеліктерді ғана сақтаған Бавария.
Бавария - оңтүстікте орналасқан тарихи жер, 2 мыңжылдықа королдік атауына ие болған. Жердің мәдени спецификасы оның орналасуына байланысты, оңтүстігі - альпымен, солтүстік-шығысы - Богем орманымен шектеседі. Германиядан Италияға баратын жолдардың қиылысуында орналасқан бавар Нюрнбергі 13 ғасырда ірі сауда, шаруашылық центрге айналды (Мюнхен жер астанасы, жас қала), Бавария көпке дейін ауылшаруашылық статусын сақтады. Германиядағы болған аймақтану үрдісі Бавариямен байланысты, 1919 жылы Бавар Советтік Республика жарияланды, Мюнхенде нацизм кең етек жайды.
Испанияның ең ірі тарихи аудандары: Басктар мемлекеті, Андалузия, Арагон, Асурия, Валенсия, Галисия, Кастилия, Каталония, Наварра, Эстремадура. Қазіргі кезде олардың шекаралары әкімшілік провинцияларға сай келмейді, аймақтық процестерін өркендетуге апармайды. Испанияның кейбір облыстары (Каталония, Арагон, Андалузия, Валенсия) тәуелсіз болуды армандаған.
Басктер жері Испания мен Франция шекаралары арасымен белгіленеді. Испанияда басктер келесі территорияны мекендейді: Бискайя, Гипускоа, Алава, Наварра провинциясы мен Бильбоа, Сан-Себастиано, Виториа қалалары. Францияда Басктер Лабур, Лабурдан, Сула, Байониді мекендейді. Басктер каталондар сияқты өз тәуелсіздігін алуға көп шарттар жасап отыр, олардың ұлттық сезіміне байланысты.
Каталония Испанияның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Каталонияда шекара мәселесі мен өздері туралы ойлары қайшылыққа апаруда. Олар Каталонияны - барлық провинция немесе оның бөлігін деп санайды, бұл жерде тұратын халық - каталондықтар деп айтады, каталон тілінде сөйлейді. Каталонияға каталондық Арагона зонасы, Валенсияның Ескі корольдігі, Балеар аралы кіреді. 1931 жылы Барселонада тәуелсіздік каталонияны құру туралы идея болды, ол Испания мен Португалия елдерімен Иберий жарты арал федеративті мемлекеттер құрамына кіруі керек еді.
Кей уақытта аймақтық сепаратизм Галисияда (көптеген шаруалар әлі күнге дейін галий тілінде сөйлейді, португал тіліне жақын), Валенсия, Арагонда болып жатады.
Италияның мәдени-тарихи аймақтары айқын индивидуализммен ерекшеленеді. Бұл «Сегіздік елдері» ішіндегі саяси-әлеуметтік қайшылықтары ерекше ажыратылған жалғыз ғана ел, қайшылықтары әлемдік мәселелерге айналды. «Бай Оңтүстік» пен «Кедей Солтүстік» мәселесі әлі күнге дейін толық шешілмеген. Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы шекараны түрліше бөлуде: біреулері мемлекеттің Оңтүстігі Флоренциядан басталса, енді басқалары ол Римнен, үшіншілері Неаполь жерінен өтеді деп айтады. Бірақ та көптеген оқулықтарда «Оңтүстікті» үш ауданға бөлінеді: Апулия («итальян етігінің» өкшесі), Калабрия (басы), Базиликат (өкше мен бас арасында орналасқан) . Бұл ауданға кейде Кампанияны (Неапольдің ортасы), Сицилия, Сардинияны қосады.
Сепаратизм мен автомонизм солтүстіктің жақсы дамыған аудандарында - Ломбардия, Пьемонт, Лигурия («өнеркәсіптік үшбұрыш») шығады. Өмір жағдайының жақсылығы, ауқатты адамдардың болуы, аймақтың тарихи мәдениеті арқасында әлсіз дамыған Сицилия мен Сардиния арасында (Бұл жердің байлығын Итальян корольдігінің шенеуніктері тонады) байқалады.
Швейцарияның мәдени-тарихи аймақтары негізінен бұрыннан қалыптасқан кантондардан тұрады. Швейцария Германия сияқты Орта ғасырларда бытыраңқы мемлекет болды, түрлі кантондардан құралып, әр кантон дербес мемлекет болды. Швейцарияның кантондары - Тессин (Тичино), Берн, Вербье, Гриндельвальд, Люцерн, Монтре бұрыннан қалыптасқан, түрлі халықтар өкілдерінен тұратын ошақтар.
Берн - кантон мен Швейцарияның астанасы, мемлекеттің дәл ортасында орналасып, франк-герман халықтарының шекарасын қақ бөледі. Бұл ошақта екі түрлі халықтар тұрады, француздар мен германдар. Өздері неміс пен француз тілінде сөйлеп, шекара жөнінде көптеген даулы мәселелерді туғызады. Бернді негізін XII ғасырда герцог Церинген қалады, қала символы - аю аттанды. Аңыз бойынша, герцог аң аулауға шығып, оның бірінші өлтірілген жануары - аю болды (немісше Bar) . Берн - конфедерацияның экономикалық және мәдени центрі, туризм арқасында өркендеп жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz