Кесте режимінде мәліметтерді енгізу және түзету



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
I .ТАРАУ. КЕСТЕ РЕЖИМІНДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ
1.1 Кестеге, байланысқан кестелерге мәліметтерді енгізу ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Өріс мәндерін қосу және түзету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Мүмкін болатын өріс мәндері, мәліметтердің кесте ішінде орнын ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4 Кестенің сыртқы түрін өзгерту, кесте режимінде жаңа өріс құру ... ... ... ..13
1.5 Берілгендерін өзгертуге болмайтын өрістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
II . ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕРДІ ІЗДЕУ ЖӘНЕ АЛМАСТЫРУ.
2.1 Найти терезесі, мәліметтерді іздеу, ізделінді мәнді алмастыру ... ... ... ... 16
2.2 Мәліметтерді сұрыптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Сүзгіні пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
III . ТАРАУ. БЕРІЛГЕНДЕРДІ ЕНГІЗУДЕ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУДЕ ФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.
3.1 Форма құрудың қарапайым, қосалқы тәсілдері. Формаларды баспаға шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.2 Конструктор арқылы форма құру, формалар конструкторының терезесі ... 36
3.3 Сұраныс арқылы кестеден мәліметтерді таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
II. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
III. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғылыми техника дамыған заманда мәліметтер қағаз бетінде емес электронды түрде кең қолданылуда. Компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ деуге болады.. Берілгендер қорымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Осы мәліметтерді топтастыру, сұрыптау, сүзгілеу, алмастыру жұмыстары көп күш және уақыт талап ететіндігі мәлім. Мәліметтермен осындай жұмыстардың баяу жүруі негізгі жұмыс процессіне кедергі келтіруі мүмкін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері: Мәліметтерді іздеу және алмастыру, сұрыптау, сүзгілеу әдістерін зерттеп-үйрену, қолданбалы есептеулерде пайдалану. MS Access 2000 МҚБЖ-нің негізгі ұғымдарын үйрету және қолданбалы мәселелер шешуде кездесетін мәліметтер қорын құруды, өңдеудің әдістерін үйрету.
- мәліметерді топтастыру және тиімді бастапқы берілгендер көрінісін анықтау;
- мәліметтер қорын сұрыптау және сүзгілеу үшін ұсынылатын әдістерді қарастыру;
- Мәліметті іздеу әдістерін қарастыру;
- Қолданбалы есептеулерді автоматтандыруда жоғарыда айтылғандарды қолдану мүмкіндіктерін айқындау.
Мемлекеттік білім беру стандартында жазылған ережеде: информатиканы оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, сонымен қатар басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталсын, - делінген. Сондықтан орта мектепті компьютерлендірудің қамтитын мәселесі тек информатика пәнін оқытумен ғана шектеліп қалмай, басқа пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалана білуді әр мұғалімге міндеттейді.
Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға терең де тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.
1. Каратыгин С. Access 2000 на примерах, - Москва: наука, 2000
2. Абдуллина В. З., Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Access жүйесімен жұмыс істеу, - Алматы: ЖТИ, 2005
3. Симонович C. В. “Информатика – базовый курс”, 1-е издание
- Санкт-Петербург: “Пресс”, 2002 г
4. Куртер Дж., Маркви А. “MICROSOFT OFFICE 2000”, - Санкт-Петербург: Питер, 2000
5. MS Access-тің компьютердегі анықтамалығы
6. Золотова С.И., Практикум по Access, - Москва: Финансы и статистика 2000
7. Келли Д. Самоучитель Access 97, -Санкт-Петербург: Питер, 2000
8. Робинсон С. Access 2000 Учебный курс
9. Глушаков С.В., Ламотько Д.В. Базы данных, – Харьков: “Издательство АСТ”, 2002
10. Байжұманов М. Қ., Жапсарбаева Л. К.. “Информатика”, - Астана: ЭВЕРО, 2004 ж
11. Қадырбаева Р. Т. “Microsoft Access 2000”, - Алмата: Рауан, 1999 ж
12. Нейбауер А. “Access 97 для занятых”, - Санкт-Петербург: Питер, 1997 г
13. Вейскас “Эффективная работа в Microsoft Access 97 и 2000”,
- Санкт- Петербург: Питер, 1998г
14. Нысанбаева Ә.Н.Энциклапедиялық Анықтамалық «Қазақ энциклопедиясы», - Алматы: Рауан, 2001
16. Озеров В. Delphi. Советы программистов, – Санкт-Петербург: Питер, 2002
17. Фаронов В.В. Программирование баз данных в Delphi 7, -Санкт-Петербург: Питер, 2004
18. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных, Пер. с англ. — Москва: Мир, 1999
19. Гринзоу Лу. Философия программирования для Windows XP Пер. с англ. — Санкт-Петербург: Питер, 2004
20. Зелковиц М., Шоу А., Гэннон Дж. Принципы разработки программного обеспечения, Пер. с англ. — Москва: Мир, 2003

Мазмұны
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
I -ТАРАУ. КЕСТЕ РЕЖИМІНДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ
1.1 Кестеге, байланысқан кестелерге мәліметтерді енгізу ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Өріс мәндерін қосу және түзету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Мүмкін болатын өріс мәндері, мәліметтердің кесте ішінде орнын
ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...11
1.4 Кестенің сыртқы түрін өзгерту, кесте режимінде жаңа өріс құру ... ... ... ..13
1.5 Берілгендерін өзгертуге болмайтын өрістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
II - ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕРДІ ІЗДЕУ ЖӘНЕ АЛМАСТЫРУ.
2.1 Найти терезесі, мәліметтерді іздеу, ізделінді мәнді алмастыру ... ... ... ... 16
2.2 Мәліметтерді сұрыптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Сүзгіні пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
III - ТАРАУ. БЕРІЛГЕНДЕРДІ ЕНГІЗУДЕ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУДЕ ФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.

3.1 Форма құрудың қарапайым, қосалқы тәсілдері. Формаларды баспаға
шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.2 Конструктор арқылы форма құру, формалар конструкторының терезесі ... 36

3.3 Сұраныс арқылы кестеден мәліметтерді таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
II.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
III. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..61

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғылыми техника дамыған заманда
мәліметтер қағаз бетінде емес электронды түрде кең қолданылуда.
Компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ деуге болады..
Берілгендер қорымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс
істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Осы мәліметтерді топтастыру,
сұрыптау, сүзгілеу, алмастыру жұмыстары көп күш және уақыт талап ететіндігі
мәлім. Мәліметтермен осындай жұмыстардың баяу жүруі негізгі жұмыс
процессіне кедергі келтіруі мүмкін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері: Мәліметтерді іздеу және
алмастыру, сұрыптау, сүзгілеу әдістерін зерттеп-үйрену, қолданбалы
есептеулерде пайдалану. MS Access 2000 МҚБЖ-нің негізгі ұғымдарын үйрету
және қолданбалы мәселелер шешуде кездесетін мәліметтер қорын құруды,
өңдеудің әдістерін үйрету.
- мәліметерді топтастыру және тиімді бастапқы берілгендер көрінісін
анықтау;
- мәліметтер қорын сұрыптау және сүзгілеу үшін ұсынылатын әдістерді
қарастыру;
- Мәліметті іздеу әдістерін қарастыру;
- Қолданбалы есептеулерді автоматтандыруда жоғарыда айтылғандарды
қолдану мүмкіндіктерін айқындау.
Мемлекеттік білім беру стандартында жазылған ережеде: информатиканы
оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке,
сонымен қатар басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге
және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталсын, - делінген.
Сондықтан орта мектепті компьютерлендірудің қамтитын мәселесі тек
информатика пәнін оқытумен ғана шектеліп қалмай, басқа пәндерді оқытуда
компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалана білуді әр мұғалімге
міндеттейді.
Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға терең де тиянақты білім беру,
ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы
қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар, оны оқушыға меңгерту
үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс.
Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап
айтқанда: оқушылардың пәнге қызығушылығының артуы, оқу процесі қарқынының
жоғарылауы, оқушының шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының
артуы. Педагогикалық, психологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша оқу
сапасының артуына себепші факторлардың бірі оқушының материалды қабылдауы.
Қабылдауға сезім мүшелері (есту, көру, т.б.) неғұрлым көп қатысса, қабылдау
соғұрлым белсенді жүреді. Ал сезім мүшелерінің көп қатысуы сабақтың
көрнекілігіне байланысты. Компьютерді оқу процесінде көрнекі құрал ретінде
пайдаланып, сабақтың көрнекілігін жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге
болады. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен
жұмыс жасауға, әрқайсысына әртүрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушы білімін
бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергенін
немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып, көмек көрсете алады. Әр
оқушы өзі еңбек етеді, кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағы
оқушыдан селқос көшіріп отырмай, есепті өзі шығаруға тырысады. Сабақта
компьютерді пайдалану оқушыны шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Оқушы мен
мұғалім қызметінде информациялық мәлімет қалыптасады. Сонымен қатар
оқушының психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған кең таралған программалардың
бірі - MS Access информацияны бейнелеу және сақтау үшін қолданылатын жеке
компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, формалар, есептер (отчеты),
сұраныстар, берілгендерге ену беттері (страницы), макростар және модульдер.
Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл
компоненттерді конструкторлық объектілер деп атайды. Конструкторлық
объектілер құрама объектілер деп аталады, өйткені олар басқару элементтері
деп аталатын өріс, кнопка, диаграмма, рамка, т.б. сияқты кішігірім
объектілерден тұрады. [1]
Есеп деп- экранға, принтерге не файлға шығарылатын мәліметтердің
форматталған түрі айтылады. [2,3]
Есеп құруда есеп құру процесін жеңілдететін стандартты құралдарды
немесе есептер конструкторы арқылы арнайы формат дайындауға болады. Есептер
конструкторы кестелік түрдегі, сондай ақ еркін формадағы есептер құруға
мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, Кесте
режимінде мәліметтерді енгізу және түзету, Мәліметтерді іздеу және
алмастыру, Берілгендерді енгізуде және түзетуде формаларды пайдалану
деген үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 62
беттен тұрады.

.

I –ТАРАУ. КЕСТЕ РЕЖИМІНДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ
1.1 Кестеге, байланысқан кестелерге мәліметтерді енгізу
Кестеге мәліметтерді енгізудің ең қарапайым тәсілі кесте режимін
пайдалану. Бұған қажетті әрекеттер
1. Өзіңіз құрған мәліметтер қорын ашу.
2. “База данных” терезесінде Таблицы обьектісін таңдасақ, оң жақта құрылған
кестелер тізімі көрінеді.

3. Қажет кестені белгілеп алып Открыть кнопкасын басу немесе кестеге тышқан
курсорын әкеліп екі рет жылдам шерту арқылы кестені ашамыз. Кестеге
мәліметтерді енгізе беруге болады.
4. Тав клавишін басу арқылы қажет өріске өтуге болады.
5. өріске мәліметтерді енгізу.
6. Келесі өріске өту үшін Тав клавишін басу.
7. Соңғы өріске мәліметтерді енгізіп болған соң Тав – ты бассақ келесі
жазудың басына өтеміз.
Жазуды таңдау аймағындағы пиктограммалар жазудың күйіне байланысты
өзгеріп отырады.
- Қазір қай жазуда тұрғаныңызды білдіреді. Қалай мәліметтерді енгізе не
түзете бастаймыз, солай ол карандаш белгісіне ауысады. * символы
кестенің соңындағы бос жолда көрінеді.
Байланысқан кестелерге мәліметтерді енгізу.
Мәліметтер қорында кестелер арасында тұрақты байланыс орнатылған болса,
басты кестені ашқанда сол жақ шеткі бағанда + таңдасы көрініп тұрады.
Басты кестеге мәліметтерді енгізу жоғарыдағыдай.

Бағыныңқы кестені кесте режимінде ашып, берілгендер енгізе беруге болады.
Алайда басты кестемен жұмыс істеу кезінде де бағыныңқы кестеге берілгендер
енгізуге болады. Ол үшін басты кестеге + символын бассақ бағыныңқы кестенің
түзету аймағы ашылады.

[1-сурет].

Бұл кезде + таңбасы – таңбасына ауысады. Бағыныңқы кестеде басты кестенің
түзету аймағында бағыныңқы кестенің жазулары көрінеді.

[2-сурет].

Бағыныңқы кестенің түзету аймағын жабу үшін басты кестедегі - таңбасын
басамыз.
Кесте ішінде орын ауыстыру үшін қолданылатын клавишті командалар:
Тав немесе Enter – келесі өрісі.
SHIFT +Tab - алдыңғы өрісі.
Home – ағымдағы жазудың бірінші өрісі.
End – ағымдағы жазудың соңғы өрісі.
Ctrl+Home бірінші жазудың бірінші өрісі.
PageDown – келесі бетке.
PageUp – алдыңғы бетке.

1.2 Өріс мәндерін қосу және түзету
Егер кестенің бір өрісінде ұзындығы үлкен мәтін болып, ол кесте
режимінде толық көрінбей тұрса сол өріске корсорды орнатып SHIFT +F2
клавиштерін бассақ “область ввода ”деген терезеде ашылып, онда бүкіл
ақпарат толық көрініп тұрады. Бұл режим кестедегі ақпаратты форма арқылы
көру кезінде де орындалады.
Өріске үнсіз келісім бойынша мәнді қою.
Кестені құрудың Конструктор терезесінде Свойства поля бөлімін
қарастырғанбыз. Сол бөлімдегі қасиеттердің бірі Значение по умолчанию. Бұл
қасиет қандайда бір өрістегі мәндер жиі қайталанатын жағдайда өте қажет.
Жиі қайталанатын мәндерді өріс қасиеттеріне енгізіп қоюға болады. Егер бұл
қасиетті анықтап алсақ, әр жазу қосылған сайын үнсіз келісім бойынша
алынған мән қосылып отырады. [4]
Өрісті үнсіз келісім бойынша алынған мәнмен толтыру үшін келесі
әрекеттерді орындау керек:
1. Кестені конструктор режимінде ашу.
2. Үнсіз келісім бойынша мән беретін өрісіне курсорды орналастыру.
3. Қажет өрісте “Свойства поля” бөліміне өтіп қолданылатын мәндерді
енгіземіз. Конструктор терезесін жауып өзгерістерді сақтаймыз.
4. Кесте режиміне өтеміз, яғни кестені ашамыз.
5. Кестеге мәліметтерді енгізе бастаймыз. Жаңа жазуға өткенде, үнсіз
келісім бойынша мән берген өрісте мән автоматты түрде енгізіледі.
Өріске берілгендердің жоқтығын көрсететін бос жол енгізу.
Кестелер конструкторының “Свойства поля” бөліміндегі “Обязительное поле”
және “Пустые строки” өріс қасиеттерін қарастырайық.
“Пустые строки” қасиеті берілген өріске бос жол (“”) енгізуге болатын не
болмайтынын анықтайды. Бұл қасиет мынандай мәндер қабылдайды.
Да – бос жолдар енгізуге болатын мән болып табылады.
Нет – бос жолдар енгізуге болмайды. Бұл мән үнсіз келісім бойынша
орнатылған.
Пустие строки және Обязательное поле қасиеттерінің мәні жоқ берілгендерді
(бос жолдар түрінде сақталатын) және белгісіз бірақ бар берілгендерді (бос
мәндер түрінде сақталатын) ажыратуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мәліметтер қорында факстері жоқ клиенттер жайлы мәліметтер болуы
мүмкін. Егер факс өрісі үшін Пустые строки қасиеті Да деген мән қабылдаса,
ал обязательное поле қасиеті Нет деген мән қабылдаса, Факсі жоқ қасиеттері
анықтау үшін бос жолдарды пайдалануға мүмкіндік болады. Бұл жағдайда Факс
бос өрісі (Факсі нөмірі енгізілмеген не жойылған) бұл клиенттің факсі бар
болуы мүмкін, бірақ нөмірі белгісіз дегенді білдіреді.
Обязательное поле қасиеті өріске мәнді енгізу міндетті ме жоқ па соны
көрсетеді. Егер бұл қасиет Да мәнін қабылдаса, жаңа жазу қосқанда бұл
өріске мән енгізу талап етіледі.Бос жолдар бұл өрісте рұқсат етілмейді.
Кесте немесе режимінде өріске бос жол енгізу үшін ашылған,жабылған
тырнақшаларды бос орынсыз енгізу керек.
Кесте – мәліметтерді сақтайтын объект. Кестені құруда біртипті ақпараттан
тұратын өрісті анықтау қажет. Мысалы: мекен – жай, аты немесе телефон
нөмірі. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген
жазбалардан тұруы мүмкін.
Кестелер құрылымын құрар алдында МҚ құру нәтижесінде жететін
мақсатымызды көрсетуіміз керек. Қойылған мақсаттан оған жету үшін
қолданылатын кестенің қандай болуы керек екенін айқындап алып, қажетті
кестені құруға кірісеміз.
Біркестелік МҚ құрар болсақ, онда кестенің құрылымын айқындау қиын
емес, көпкестелік МҚ – да күрделі.
Кестенің құрылымын құру процесін мысал ретінде қарастырайық. Қайсыбір
адамдар тобының атынан және тегінен тұратын МҚ құру керек болсын.

1.3 Мүмкін болатын өріс мәндері, мәліметтердің кесте ішінде орнын ауыстыру
Берілгендерді енгізгеннен соң өрістен шығу әрекетінде Access енгізілген
берілгендердің осы өріске енгізу мүмкіндігін тексереді. Егер мән мүмкін
болмаса ескертулер пайда болады. Өрістен шығу үшін дұрыс мәнді енгізу
немесе енгізілген өрістерді болдырмау қажет.
Өріс мәні келесі себептерге байланысты мүмкін емес болуы мүмкін:

Мән өрістегі берілгендер типімен сәйкес емес. Егер берілгендер типіне
сәйкес емес мән енгізілсе Access оны дұрыс типке түрлендіруге әрекет
жасайды. Алайда кейбір берілгендерді басқа типтегі берілгендерге түрлендіру
мүмкін емес. Мысалы, мәтінді сандық типте сақтай алмаймыз.

Берілгендер осы өрістің Условие на значение қасетінде анықталған шартты
бұзады.
Өрісте жаңалау До обновление оқиғасына байланысты макроста болдырмаған,
себебі ол тексеріліп жатқан шартқа қарама – қайшы.
Уақыт өткен сайын ақпаратты кестенің бір бөлігінен екінші бөлігіне орнын
ауыстыру не көшіру қажеттілігі туады. Wondows – тің басқа қосымшаларындағы
сияқты Удаление в буфер, копировать в буфер, вставить из буфера стандартты
құралдарын пайдалануға болады.
Бұл әрекеттердің қайсысна болса да саймандар панелінде сәйкес кнопкалар
бар. Сонымен қатар бұл әрекеттерді мәндері немесе пернелік командаларды
пайдалана отырып орындай аламыз.

Удалить Правка CTRL+X
в буфер вырезить
Shift+Delete

Копировать Правка CTRL+С
в буфер Копировать
CTRL+Insert

Вставить Правка CTRL+V
из буфер вставить
Shift+ Insert

Бір өрістен екінші өріске берілгендерді ауыстыру.
1. Қажетті өрісте тышқан кнопкасын екі рет шерту немесе SHIFT + курсорды
басқару клавиштері арқылы керекті мәліметті ерекшелеп алу. (Өрістегі бір
жазу ғана белгілену керек. Бірнеше жазу белгіленсе не ұяшық толық
белгіленсе вырезить командасын орындалмайды).
2. Вырезить командасын орындау.
3. Курсорды керекті өрістің кез – келген жеріне орнатып Вставить командасын
орындаймыз.
Бірнеше өрістен мәліметтерді көшіру.
Кестедегі қатар орналасқан бірнеше өрістегі мәліметті сонша өріске
көшіруге болады.
1. Қатар тұрған бірнеше өрістегі мәліметті ерекшелеп алу. Сол жақтағы
бірінші өрістің сол жағына тышқан курсорын әкелсек үлкен ақ креске
айналады. Сол кезде тышқанды басып соңғы өріске дейін барсақ мәліметтер
ерекшеленеді немесе басқа тәсілдерді де пайдалануға болады.
2. Копировать командасын орындау.[5]
3. Басқа кез – келген жазудан сонша өрісті ерекшелеп Вставить командасын
орындау.
Өрістердің орналасу ретін өзгерту.
Конструктор режимінде өрістердің орналасу ретін өзгертуді айтқанбыз.
Кесте режимінде өзгерту үшін:
1. Тышқан көрсеткішін қажетті өрістің жоғарғы бөлігіне (өріс аты жазылған)
әкелгенде төмен қараған қара стрелкаға өзгереді. Тышқанды бассақ өріс
(баған) түгел белгіленеді.
2. Тышқан көрсеткішін өріс атының ортасына әкеліп тышқанды басып жібермей
тұрсақ төменгі жағында кішкене тіктөртбұрыш бар ақ стреланы көреміз.

3. Өрісті қажетті орынға жылжытамыз (тышқан басқан күйі) бағанды жылжыту
кезінде өрістер арасында үлкен вртикаль қара сызықты көруге болады. Ол
өрістің сол жақ шекарасын көрсетеді. Тышқанды жіберсек өріс сол жерге
қойылады.

1.4 Кестенің сыртқы түрін өзгерту, кесте режимінде жаңа өріс құру
Баған (өріс) енін өзгерту үшін:
1. Тышқан көрсеткішін өрістің жоғарғы бөлігіндегі оң жақ шекарасына әкелу.
Екі бағытта көрсететін стрелка пайда болады.
2. Тышқанды кнопкасын басып тұрып қозғалтып қажетінше өріс енін үлкейту
немесе кішірейту мүмкін.
2 – тәсіл.
1. Бағанды ерекшелеу.
2. Формат - Ширина столбца командасын орындау.
3. Тышқан терезеде По ширине данных командасын немесе Ширина столбца деген
түрде қажетті мәнді қоямыз.
Көрінетін бағандар санын өзгерту.
Практика жүзінде кестенің барлық өрістерін бейнелеу үшін экран ені көп
жағдайда жеткіліксіз болады. Скрыть столбцы командасы экранда тек
керектілерін ғана қалдырып, қалғандарын көрсетпеуге мүмкіндік береді.
Бағандарды жасырғанымызда олар жойылмайды және ондағы мәліметтер
жоғалмайды. Олар өзіміз қалағанша экранға шықпайды.
Бағанды көрсету үшін алдымен оны белгілеп алып Формать – Скрыть столбцы
командасын орындаймыз. Көрінбейтін бағандарды экранда қайта көрсету үшін
Формать – Отобразить столбцы командасын орындаймыз. Кестедегі барлық
өрістер тізімі көрсетілген “Отображение столбцов ” терезесі ашылады.

[3 - сурет].

Көрінетін бағандар белгіленген. Бағанды көрінетін ету үшін өріс атына
жалауша орнату керек.
Кестенің бағандарын бекіту.
Бағандары көп кестелерде кестенің оң жақ бөлігіне өткенде сол жақ бөлігі
көрінбей қалады, ондағы ақпараттарды жаңылыстырып алуымыз мүмкін.Access
бір не оданда көп бағандарды бекітуге, яғни кез – келген жағдайда олардың
көрінулі күйінде қалуына мүмкіндік береді.
Ол үшін керекті бағандарды ерекшелеп Формат – Закрепить столбцы
командасын орындаймыз. Енді кесте бойыменоңға қарай жылжығанда бекітілген
бағандар көрінетін болып қалады.Бұл бағандарды үнемі көрудің қажеті жоқ
болса, Формат – Освободить все столбцы командасын таңдаймыз.
Шрифтің форматын өзгерту үшін Формат - Шрифт командасын, кесте форматын
өзгерту үшін Формат – Режим таблицы командасын орындап шыққан терезелерде
қажетті опцияларды таңдаймыз.
Кесте режимінде жаңа өріс құру.
1. Алдында жаңа өріс орналастырғыңыз келетін өрісті таңдаңыз.
2. Вставка – Столбец командасын орындау. Жаңа баған автоматты түрде поле 1-
деп аталады.

3. Құрылған өрістің тақырыбына тышқанды екі рет шертіп, жаңа ат енгізіңіз.
4. Enter – ді басыңыз, жаңа өріс дайын.

1.5 Берілгендерін өзгертуге болмайтын өрістер
Кейбір типтегі өрістерде сақталған мәліметтерді өзгертуге болмайды:
• Счетчик типтегі өріс. Егер өріс Счетчик типті болса, әрбір жаңа жазу
қосылған
сайын Access бұл өріске ретімен немесе қайталанбайтын кездейсоқ сандарды
автоматты түрде енгізеді. Бұл типтегі өріс көбінесе жазудың коды немес
түйінді өріс ретінде қолданылады. Бұл өрістегі мәндерді өзгертуге болмайды.
• Есептелетін (вычисляемье) өріс. Есептелетін өрістерде кестенің басқа
өрістерінің мәндері қолданылатын есептеулердің нәтижесі бейнеленеді. Бұл
нәтижелер кестеде сақталмайды. Бұл өрістіңде мәнін өзгертуге болмайды.
• Оқшауланған (блокированные) немесе ену мүмкін емес (недоступные)
өрістер.
Егер влокировка қасиеті Да деген мән және оның доступ қасиеті Нет мәнін
қабылдаса өрістегі мәндерді өзгертуге болмайды.
• Оқшауланған жазудағы өріс желіде жұмыс істеу кезінде жазу басқа
пайдаланушымен оқшауланған болса, бұл жазудағы мәліметтерді өзгертуге
болмайды.

2- ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕРДІ ІЗДЕУ ЖӘНЕ АЛМАСТЫРУ
2.1 Найти терезесі, мәліметтерді іздеу, ізделінді мәнді алмастыру

Мәліметтерді іздеу және алмастыру үшін Правка –Найти командасын не CTRL+F
клавиштерін басқанда ашылатын Поиск и замена терезесі қолданылады.

[4-сурет].

Образец өрісінде іздейтін мәліметтерді енгіземіз. Оң жағындағы Найти
далее кнопкасын бассақ бірінші табылған мәнге келіп тоқтайды.Егер табылған
мән, біз іздеген мән болмаса Найти далее кнопкасын тағы басамыз. Сондай
мәні бар келесі жазуға өтеміз (Егер бар болса). Осылайша ізделінді мәні бар
барлық жазуды көріп шығуға болады.[6]
Совпадение бөлімінде іздеу үшін енгізілген мәліметтерді салыстыру типін
анықтайтын үш түрлі тәсіл бар:
С любой частью поля– іздеуді бүкіл өріс бойынша жүргізеді. Егер ізделінді
мән өрістің қай түрінде болса да табылса, іздеу сәтті аяқталады.
Поля целиком – ізделінді мән өрістің толық мәнімен сәйкест келуі керек.
С начала поля – ізделінді мән өрістің басында орналасуы керек.
Поиск в бөлімінде өріс атын немесе көп жағдайда кесте атын көрсетеміз.
Терезенің төменгі жағында Больше батырмасын бассақ іздеудің қосымша
опсияларын қамтамасыз ететін терезенің төменгі бөлігі ашылады.
Просмотр тізімі іздеу бағыты анықталатын опциялардан тұрады. Егер ізделетін
мән құжаттың қай жерінде тұрғанына сенімсіз болсаңыз, онда Все дегенді
таңдаңыз. Егер курсор құжаттың ортасында тұрған кезде ізделетін мәннің қай
жерінде тұрғанына сенімді болсақ Вверх, Вниз опцияларын таңдауға болады.
Просмотрдың оң жағында іздеу үлгісімен өрістің мәндерін салыстыру қалай
жүргізілетінін анықтайтын екі жалауша бар:
С учетом регистра. Бұл жалауша әріптердің регистрлерін есепке алу арқылы
салыстыру қалай жүргізілетінін көрсетеді, яғни бас және кіші әріптер
әртүрлі қабылданады.
С учетом формата полей. Экранда бейнеленетін мәннің бейнелену пішімі
кестеде сақталатын мәндердің пішімінен өзгеше болуы мүмкін.
Барлық өрістің үлгімен дәл сәйкестігі.
Қайсыбір жағдайда не іздейтініміз өзімізге белгілі. Айталық Жетісай
қаласында тұратын клиент жайлы жазбаны табу қажет болсын, аты есімізде жоқ.

1. Қала өрісіне өту.
2. Правка – Найти командасын орындау.
3. Образец опциясында Жесісай деп ендіру.
4. Просмотр бөлімінде Все, ал сопадение бөлімінде Поля целиком дегендерді
таңдаймыз. Ал С учетом регистра және С учетом формата полей опцияларын бос
қалдырамыз.
5. Найти далее – ні басу. Қала өрісінде Жетісай деген мәні бар жазуды
тауып береді, егер бар болса.
Өрістің бір бөлігінің үлгімен дәл сәйкестігі.
Жоғарыдағы мысалда қала өрісінде Жетісай деп емес Жетісай қаласы деп
жазылған болса,Совпадение бөлімінде Поля целиком дегенді таңдау арқылы
керекті мәнді таппаймыз.
Сопадение бөлімінде С любой частьб поля дегенді тадасақ керекті мәнді тауып
береді.
Ауыстырылатын символдарды пайдаланып іздеу.
Күнгірт түсініктегі берілгендерді табу керек болсын. Мысалы, “Bel - IBM”
компаниясында жұмыс істейтін қызметкер туралы мәлімет қажет. Бұл
компанияның аты толық есімізде жоқ, әйтеуір атында “Bel” бар екені белгілі.

Мұндай жағдайларда ауыстырылатын символдарды пайдаланамыз. Ауыстырылатын
символдар кез – келген белгісіз символдардв ауыстыру үшін қажет болуы
мүмкін.
Образец бөлімінде “Bel*” деп жазып іздеуді бастасақ Bel - ден басталатын
компанияда жұмыс істейтін қызметкерлер туралы мәліметті тауып береді.[7]
Ауыстырылатын символдар.

Символ Қолданылуы Мысалы
* Кез-келген әріп, цифр не басқа символдар *55*
тізбегін бейнелейді. Мәтіндік қатардың бірінші“553-348”
не соңғы символы ретінде пайдалануға болады. “123-5561”
“187-1355”
? Кез-келген бір символды бейнелейді. А?ерке
Ақерке
Алерке
[] Жақша алынған символдардың біріне сәйкес Снег[ие]рев
келеді. Снегирев не)
Снегеров
! Жақша алынбаған кез-келген символдардың біріне[!А]
сәйкес Bel-IBM
Bel-ABM емес
- Диапозондағы кез-келген символға сәйкес. Бұл
диапозонды өсу реті бойынша көрсету керек.
# Кез-келген цифрға сәйкес

Ауыстырылатын символдарды пайдаланудағы кейбір ескертулер .
• Ауыстырылатын символдарды мәтіндік типті берілгендермен пайдалану
тиімді.
• Ауыстырылатын символдарды *, ?, #, [] – символдарын іздегенде
пайдаланғанда ол символдарды [] квадрат жақшаға алу керек. [*], [?] ...
Дефисті басқа символдармен бірге іздегенде оны сол символдардың алдында не
соңында жақшаға алып жазу керек. Егер ! леп белгісі не жабылған жақша ]
ізделетін болса, онда оларды квадрат жақшаға алу шарт емес.
• Квадрат жақшалар жұбын іздеу мүмкін емес. Мұны Access бос жол деп
қабылдайды.
Мысалы бізге біреу телефонмен хабарлама жіберді. Қайта хабарлас деген.
Оның телефон нөмірінің кейбір цифорларын ғана анық білеміз. Алғашқы ені
цифры 53, төртінші-1, соңғысы 2 делік.
Телефон нөмірін анықтау үшін төмендегі варианттардың бірін таңдауымыз
мүмкін:
• # символын белгісіз цифрлардың орнына қоюымыз мүмкін 53#-1##2
• ? символын пайдалануымыз мүмкін 53?-1??2
• символы арқылы 53*-1*2
Ізделінді мәнді басқа мәнмен алмастыру үшін “Поиск и замена” терезесінде
“Замена” жапсырмасын таңдаймыз. Поиск жапсырмасындағы құралдарға қосымша
Замена жапсырмасында Заменить на өрісі, Заменить және Заменить все
кнопкалары бар.

2.2 Мәліметтерді сұрыптау

Мәліметтер келіп түсуіне байланысты кестеге кез - келген ретте ендіріледі.
Мұндай мәліметтерді қөру қиын. Мәліметтерді белгілі бір ретке келтіру үшін
мәліметер қорында сұрыптау ұғымы қолданылады. Біз түрлі типті мәліметтері
бар өрістерді сұрыптауды (өсуі не кемуі бойынша) және бір кестеде бір
мезгілде екі өрісті сұрыптауды қарастырамыз.
Кез келген өрісте жазуды сұрыптауымыз мүмкін, бұл жазулардың реті
берілген өрісте сақталған мәндердің шамаларына сәйкес орнатылады деген сөз.
Сұрыптау үшін қажетті өрісті таңдап алғаннан соң бағанды ерекшелеп Записи –
Сортировка командасын, одан соң сортировка по возврастаню не Сортировка по
убыванию опцияларының бірін таңдаймыз.
Сұрыптауды саймандар панеліндегі сәйкес кнопкалар арқылы да беруге
болады
Екі өрісті бір мезгілде сұрыптау.
Кейде бір кестедегі екі өрісті бір мезгілде сұрыптау қажеттілігі
туады. Мысалы, “Қызметкерлер” кестесіндегі екі өрісті бірден сұрыптайық.
Бірінші қызметкерлердің лауазымын сұрыптаймыз. Кейін сол лауазымдағыларды
жалақы мөлшері бойынша сұрыптаймыз.
1. Бірінші сұрыпталатын өрісті (лауазымы) екінші сұрыпталатын өрістің
(жалақысы) сол жағына орнату керек, яғни екі өрісті қатар қойып алу. Егер
кестеде бекітілген өрістер болса, онда бекітуді алып тастау қажет.
2. Жалақы өрісін лауазымы өрісінен кейін орналастыру.
3. Екі өрісті де ерекшелеу.
4. Саймандар панеліндегі өсуі бойынша реттеу кнопкасын басамыз.
5. Барлық қызметкерлер лауазымы алфабит бойынша орналасады. Бірдей
лауазымдағы қызметкерлердің жалақылары өсуі бойынша реттеледі.
6. Кестені жабу. Өзгерісті сақтайсың ба? Сұрағына жоқ деп жауап берсек
кестенің бастапқы күйі сақталады.[8]

2.3 Сүзгіні пайдалану
Кестемен жұмыс істеудің кез келген режимінде саймандар панеліндегі кнопкаға
және мәзір командаларын пайдаланып сүзгі құруға болады.
Записи – Фильтр командасын қарастырайық. Ол төрт түрлі сүзгіден
тұрады: Изменить фильтр, Фильтр по выделенному, исключить выделенное және
Расширенный фильтр.
Ерекшеленгені бойынша сүзгі.
Кестеде ақпаратты ерекшелеп, сүзгілеудің белгісін береміз. Айталық,
Москвадан тауар жеткізушілердің барлығы қажет болсын

[5-сурет].

Қала өрісінде Москва сөзін таңдап саймандар панеліндегі Фильтр по
выделенному кнопкасын не Записи – Фильтр – Фильтр по выделенному командасын
орындаймыз.

6-суретте
сүзгінің нәтижесі көрсетілген. Фильтр по выделенному типіндегі
сүзгіні пайдалану.

Не таңдалады Қайда таңдалады Не қайтарылады
Бүтін мән Барлық өріс Нақты сәйкестік қолы
Мәннің бөлігі Өрістің басы Таңдалған символдардан
басталатын жазулар ғана
Мәннің бөлігі Бірінші символдан соң Осы символдардан тұратын кез
– келген жазу.

Жазуларды сүзгіден шығарып тастау.
Мәліметтерді қосудың орнына шығарып тастап, жазуларды сүзгіден өткізуге
болады. Басқаша айтқанда таңдалынбаған жазулар ғана сүзгіден өтеді.
1. Сүзгіден өткізу керек кестені ашу.
2. Белгі қызметін атқаратын мәнді таңдау.
3. Таңдалған орынға тышқанның оң жақ кнопкасын басып, контекстік мәзірден
Исключить выделенное командасын таңдау.
Жоғарыдағы мысалдағы Москва сөзін таңдап команданы берсек Москвадан
басқа қалалардағы тауар жеткізіп берушілердің тізімін береді.
Изменить фильтр командасы.
Бұл сүзгі Фильтр по выделенному сүзгісімен салыстырғанда күшті құрал
болып табылады. Онда И және ИЛИ белгісін орнатуға болады, сондай-ақ
өрнектерді пайдалануға мүмкіндік бар.
Саймандар панеліндегі Изменить фильтр кнопкасын не Записи (Фильтр
(Изменить фильтр командасын орындасақ, жоғарғы жағында ағымдағы кестенің
барлық өрістері орналасқан терезе ашылады. Терезенің төменгі жағында Найти
және ИЛИ таңбалары бар. Егер курсорды кестенің қайсыбір өрісіне орнатсақ
тізімді ашуға арналған батырма пайда болады. Батырманы бассақ осы өрісте
кездесетін мүмкін болатын мәндердің тізімі шығады.[9]
100000 – нан астам несиесі бар Алматылық емес клиенттердің тізімін таңдап
көрейік.
1. Изменить фильтр кнопкасын басу.
2. Қала өрісінде тізімді ашуға арналған кнопканы басып, Алматы мәнін
таңдау. Ол енгізу жолында пайда болады.
3. Оның алдына символдарын енгізу.
4. Несие өрісіне өтіп, тізімді ашуға арналған батырманы басып 100000 мәнін
таңдау.
5. Оның алдына символын енгізу.
6. Применение фильтра кнопкасын бассақ тиісті жазуды аламыз.
Сүзгіні қолдану нәтижесінде кнопканың атауы Удалить фильтрге өзгереді.
Сүзгіні алып тастау үшін осы кнопканы басу керек.
И және ИЛИ критерилерінің (белгілерінің) қолданылуы.
И белгісін қолданғанда салыстырудың барлық шарттары орындалуы тиіс.
Мұндай сүзгінің мысалы ретінде келісілген несиелері бар Алматылық емес
клиенттер туралы жазулардың бейнеленуін алуға болады.
И белгісінің мұндай тапсырмасы үшін салыстырудың барлық берілген
шарттарын бір ғана жолда орналасқаны дұрыс. Сондықтан қала өрісінде
Алматы мәні, ал Несие өрісінде 100000 мәні орын алуы керек.
ИЛИ белгісін қолданғанда салыстырудың ең болмағанда бір шарты орындалуы
тиіс. Айталық, Алматы мен Астанадағы клиенттеріңіз туралы мәлімет қажет.
Бұл жағдайда төмендегі әрекеттерді орындау керек.

1. Қажетті мәліметтер бар кестені ашу.
2. Изменить фильтр командасын беру.
3. Ашылған диалогтық терезеде қала өрісіне өтіп Алматы мәнін таңдау.
4. ИЛИ таңбасын бассақ, экранда сүзгінің жаңа парағы ашылады.
5. Қала өрісіне өтіп Астана мәнін таңдау.
6. Применение фильтра кнопкасын бассақ, Алматы мен Астанадағы клиенттер
тізімін аламаыз.
Кеңейтілген сүзгі (Расширеный фильтр).

Записи ( Фильтр ( Расширеный фильтр командасын берсек жоғарғы жағында
сүзгіленетін кестенің өрістері, ал төменгі жағында сүзгілеу үшін өрнек
құратын бланк орналасқан диалогтық терезе ашылады.
Кеңейтілген сүзгі тек қана сүзгілеуді емес, сонымен қатар өсуі не
кемуі бойынша бірнеше өрісті бір мезгілде сұрыптауға мүмкіндік береді. Ол
үшін өрнек құратын бланкідегі сортировка жолы қолданылады.

3- ТАРАУ. БЕРІЛГЕНДЕРДІ ЕНГІЗУДЕ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУДЕ ФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

3.1 Форма құрудың қарапайым тәсілі

Кестедегі мәліметтерді бейнелеудің екі түрлі форматы бар- кесте түрінде
және форма түрінде. Формалар информацияны бейнелеудің күшті құралы болып
табылады.
Қарапайым форма құру үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек:
1. Мәліметтер қоры терезесін ашу.
2. “Таблицы” категориясын белсенді ету.
3. Форма құрылатын кестеге көрсеткішті орнату (кестені белгілеу).
4. Вставка Автоформа командасын немесе саймандар панеліндегі Новый объект
кнопкасын және оның ішіндегі автоформа опциясын таңдау.

Санаулы секунттардың ішінде пайдалануға дайын форма

[8- сурет]

пайда болады. Бұл формаға кестенің барлық өрістері енген және олар
вертикаль түзу кестедегі ретімен орналасқан. Өріс атының оң жағында олардың
мәні көрсетіледі. Форманың төменгі жағында жазуларға өту кнопкалары бар.
Формадан кесте режиміне өту.
Мәліметтерді форма режимінде көруде кейде мәліметтерде кесте
режимінде көру қажеттілігі туады,себебі мәліметтеді кесте режимінде
салыстыру оңай.Бұл мәселе Access- оңай шешілген.
Форма режимінен кесте режиміне өту үшін Вид-Режим таблицы командасын
орындаймыз.
Форма құрудың мынадай қосалқы тәсілдері бар:
• Формалар конструкторы мәліметтердің көрудің ,енгізудің және
түзетудің қасиеттері берілген.Өзіңіңз қалаған форма құрасыз;
• Формалар шебері таңдалған өрістер бойынша формаеы өте тез
құруға болады.
• Автоформа: Бағанға (В столбец)өрістері бір немесе бірнеше бағанға
орналасқан формамен автоматты түрде құруға мүмкіндік береді.
• Автоформа ленталық.Ленталық форманы құруға мүмкіндік береді.
• Автоформа кестелік.Кестелік форманы құруға мүмкіндік береді.
• Диаграмма форманы диограммамен құрады.
• Сводная таблица. MS Excel-дің жинақ кестесімен форма құруға
мүмкіндік береді.
Осы тәсілдердің кез-келгенін пайдаланып форма құрудың алғашқы кезеңдерінде
мына әрекеттерді орындау қажет:

1. Мәліметтер қорын ашу
2. “Форма” категориясын белсенді ету
3. Создать кнопкасын басу
4. Ашылған “Новая форма” диалог терезесінде

[9 сурет]

Форма құру тәсілдерінің тізімінен керекті форматты таңдау.
5. Автоформа: В столбец,автоформа,ленточная,автофор ма:табличная және
диограмма формаларын құруда форма құрылатын кестенің көрсету керек.Ол үшін
тізімнен төмен орналасқан выберите в качестве источника данных таблицу или
запрос деген өрісте қажеттісін таңдаймыз.
6. ОК кнопкасын басу.
Ленталық автоформа
Бұл автоформаның өрістері жолға орналасқан. Ол мәліметтерді кестелік
түрде және форма арқылы бейнелеудің мүмкіндіктерін біріктірген. Өріс аттары
кестедегі секілді жоғары жағында орналасқан, бірақ көру үшін әрбір мәннің
өз өрісі бар. Егер кестенің өріс саны аз болса, құрылатын ленталық форма
көрнекілеу болады. Ленталық автоформаның кемшілігі, егер кестенің өрістері
көп болса, онда формамен жұмыс істеу қиындау болады. Себебі, өрістер
экранға симай ондағы мәндерді көру үшін оңға, солға жылжытып отыру керек.
Бұл мәндерді салыстырып отыру үшін қиыншылық келтіреді. [10]

[10- сурет]

[11 - сурет]

Таблицалық автоформа

Бұл автоформада ленталық автоформа сияқты құрылады, бірақ форма құру
үшін жүктегенде кесте режимінде ашылады.

[12 - сурет]

Форма режиміне өту үшін Вид-Режим формы командасын орындау керек.

[12 сурет]

Форма режимінде ол ленталық формаға ұқсас барлық өрістер экранда баған
түрінде орналасады. Ленталық формадан айырмашылығы жеке бетте орналасқан.
Мұндада лентелық формадағы сияқты өріс саны көп болған жағдайда жұмыс істеу
қиындау болады.

Шебер көмегімен форма құру.
1. Мәліметтер қоры терезесін ашу.
2. Форма категориясын ағымды ету.
3. Создать кнопкасын басып “Новая форма” терезесін шақыру Мастер форм
варианттын таңдау немесе екінші қадамнан кейін Построение формы с помощью
мастера дегенді таңдау.
4. Экранда құрылатын форманың өрістерін анықталатын Создание форм терезесі
ашылады

[13 - cурет].

5. Таблицы и запросы опциясында форма құрылатын кестені не сұранысты
таңдау. Сол кезде Доступные поля тізімінде таңдалған кестенің барлық
өрістерінің тізімі көрінеді.
6. Сол тізімнен құрылатын формаға қосқыңыз келген өрістерді Выбранные поля
бөліміне кнопкалардың көмегі арқылы өткізу. кнопкасы белгіленген бір
өрісті, барлық өрісті өткізеді, , кнопкалары арқылы өрістерді қайта
алып тастауға болады. Бір кесте негізінде ғана емес, сондайақ байланысқан
бірнеше кесте негізінде де форма құруға болады. Мұндай жағдайда бірінші
кестенің өрістерін өткізіп болған соң, екінші кестені таңдап оның да
өрістерін Выбранные поля бөліміне өткізу керек болады.
7. Керекті өрістерді таңдап өткізіп болғасын Далее кнопкасын басу. Кестенің
сыртқы түрін таңдауды сұрайтын диалогтық терезе ашылады

[14- сурет].

В один столбец, ленточный, табличный, выровненный деген төрт түрдің бірін
таңдау керек. Таңдап болғасын Далее-ні басу.
8. Ашылған форма стилін таңдау терезесінде стилдер тізімінен талаптарымызды
қанағаттандыратынын таңдаймыз.

[15- сурет]

Далее-ні басу.
9. Соңғы терезе ашылады мұнда форманың атын енгізу керек. Терезеде мынадай
екі опция бар

[16- сурет].

Открыть форму для посмотра или ввода данных - құрылған форманы сақтайды
және оны мәліметерді көру немесе енгізу үшін ашады.

Изменить макет формы – құрылған форманы сақтайды және оны жетілдіру үшін
Конструктор режимінде ашады. Қажеттісін таңдап Готово кнопкасын бассақ
форма құрылады [12]

[17- сурет].

Егер бізге форманы басқару үшін қосымша құрылғылар қажет болса, құрылған
форманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Access-берілгендер базасын басқару жүйесі
MS ACCESS мәліметтермен жұмыс істеудің негізгі тәсіліне шолу
ӨРІС АТЫ МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ
СУБД Access-те деректер базасын құру және оны өңдеу
Кестелер шебері режимінде кесте құру
Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар
Абзацты форматтау тәсілдері
Деректер базасын жасау
Mіcrosoft Access-те деректер базасын құру және жұмыс жасаудың басты принциптері
Мәліметтерді сақтау, өңдеу және қолдану
Пәндер