C/С++ программалау тілінде қарапайым программаларды құру жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Ғ. МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Ф-Е-10/6. 1

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Өндірістік және экономикалық үрдісін моделдеу.

Тақырыбы: C/С++ программалау тілінде қарапайым программаларды құру жолдары

Шифр, мамандығы: 1304000 «Электрондық ептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыздандыру »

Шифр, біліктілігі: 1304043 «Техник- бағдарламашы»

Тобы: ТБ 11-9/2

Орындаған студент: Жорабекова Айдана

Жетекшісі: Ауелбекова К

«Математика, информатика, физика және ТОҚ»

кафедра отырысында қаралды

Хаттама № «» 2014 ж.

Кафедра төрағасы: Надиров Қ___

(аты-жөні) (қолы)

Жетісай 2014

ЖОСПАРЫ

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім . . . 4-23

2. 1Си С++ тілінің сызықтық прогграммасы . . . 4

2. 2 СИ -программаның құрылымы . . . 12

2. 3 Басқару операторлары . . . 16

2. 4 Цикл операторлары . . . 20

III. Қорытынды . . . 24

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25

І. Кіріспе

С ++ Программалау тілінің тарихы. Екінші тілмен программалау. Осы жағдайда оқуға ұсынылады, си тілі (ағылшынша нұсқасында оның аты латын алфабитінің бас әріпі С/Си тілі 1972 жылы Bell Lavorafories фирмасының қызметшісі Денис Ритим шығарды.

Си++ қазіргі заманғы негізгі программалау тілдерінің бірі болып табылады. Программалау тілдері жалпы мынандай:

  1. Екілік кодта.
  2. Ассемблер тілінде.
  3. Cи тілінде.
  4. Жоғарғы дәрежелі тілдерде (Pascal, Fortran, Basic) .

түрлерге бөлінеді.

Си++ программалау тілінің көмегімен жүйелік программаларды, компиляторларды құруға және сонымен бірге кәделі программалар жасауға болады. Си++ программалау тілінде әртүрлі берілгендердің түрімен жұмыс атқаруға болады. Негізгі базалық тип рет литерлік тип болып табылады. Сонымен бірге программалау тілінде бүтін және нақты мәндер де қолданылады. Бұдан басқа типтерді: көрсеткіштер, массивтер, құрылымдар, т. б сипаттап қолдануға болады.

Си++ программалау тілінде өрнек операторлар мен операндтардан құрылады. Барлық жоғарғы дәрежелі тілдерге ұқсас негізгі конструкциялары бар: қайталау операторы, шартты операторы, таңдау операторы.

Си++-де жол, жиын, тізім, массивтерді тікелей орындайтын операциялар жоқ. Есте сақтау бөлігін тікелей таратып бөлуге болмайды. Файлдар мен енгізу, шығаруды орындайтын операциялар өзінде жоқ. Си++ программалау тілінде осы мәліметтерді өңдеу үшін функциялар шақырылып, сәйкес операциялар орындалады.

Белгілі бір уақыт өткеннен кейін кез-келген тілді стандарттан өткізіп отырады. Солардың бірі 1983 ANSI осы стандарт бойынша жұмыс атқарады.

Жаңа синтаксис бойынша Си++ тілінде қолданылатын жаңа стандартты бекітеді.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Си С++ тілінің сызықтық прогграммасы

Айнымалылар және тұрақтылар. Turbo Pascal тілінде әрбір қолданылатын тип алдын-ала сипатталуы қажет екенін білеміз.

Си++ программалау тілінің алғашқы нұсқаларының ерекшеліктерінің бірі көп жағдайда мәліметтерді сипаттамай пайдалануға болатындығында болды. Бірақ соңғы нұсқаларда мәліметтерді сипаттап кету ұйғарылады.

Американдық ANSI стандарты бойынша айнымалы ретінде әріптерден басталатын латын алфавиттінің элементтер жиынын аламыз.

Айнымалылардың аттарын берген уақытта үлкен және кіші әріптердің мағыналары әр түрлі болады.

Негізінен мынадай ұйғарым бар: кіші әріптермен айнымалылар, ал үлкен әріптермен тұрақтыларды жазу қажет .

Ішкі айнымалылардың ұзындығы 31 орыннан аспайды. Арнайы сөздерді if, else т. б айнымалылар ретінде қолдануға болмайды. Негізгі типтер: char (характер) 1 байт орын алады, int бұның ұзындығы машинаға байланысты, float- 1 есе дәлдіктегі, double- 2 есе дәлдіктегі нақты сандар.

Негізгі типтермен бірге: short, long- квалификатор (қосымша) қолданылады. 1) қысқа, 2) ұзын дегенді білдіреді. Мысалы: short il; short int il; long a; Бүтін типтердің машинаға байланысты 3 түрі бар: short int, int, long int.

Тілде таңбалы және таңбасыз элементтерді қарастыруға болады және олар сәйкесінше:singned, unsingned деп беріледі.

-127 . . . +128, 1 байт орын алады

0 . . . 255, 1 байт орын алады

-32767 . . . 32768, 2 байт орын алады

0 . . . 65535, 2 байт орын алады.

Негізгі бүтін тұрақтылар integer типті болады. Бүтін тұрақтылардың соңғы жағына l әрпін жазып қолдануға болады.

123446L

Егер таңбасыз бүтін тұрақты болса, онда 145UL жазылады.

Нақты тұрақтылар нүкте (. ) немесе «e» дәрежесі арқылы жазылады. Мысалы: 132. 5 немесе fe -5

Нақты сандардың соңғы жағына f әрпін немесе l әрпін жазуға болады. 12. 4f (fload), 12. 4l (Long) .

Сөздік тұрақтылар апостропфтың ‘ ’ ішіне алынып жазылады және программада мынадай тізбектерді қолдануға болады. Бұларды ESC тізбектер деп аталады. ESC тізбектер:

\a -

\b -

\f- парақтау;

\n- жаңа жол;

\r- enter клавишасы;

\t- табуляция;

\v- вертикаль табуляция;

\\- сызықты орналастыру;

\?- сұрақ белгісі;

\’, \’’, \000- сегіздік кодтағы мәліметтер;

\xhh- он алтылық кодтағы мәліметтер;

Тұрақты өрнектер алдын-ала сипатталып программада жазылады. Олар компиляция уақытында есептелінеді. Мысалы: MaxLine 1000 тең болсын.

#define (анықтау) MAXLINE 1000

char line [MAXLINE+10] // жолдың ұзындығы 1010

Жолдық -“string” тұрақтылар «ИнФ-307», «ПМ-305»

Программалау барысында бос string-ті де пайдалануға болады.

Си++ программалау тілінде барлық айнымалыларды сипаттау кезінде оларға оларға алғашқы мән беру беруге болады. Мысалы: int і немесе int i= 0

Алғашқы мәндерді беру барысында оларды өрнек түрінде де жазуға болады. Бірақ өрнектің мәні алдын- ала нақты есептелінетін болуы қажет. Мысалы: int i= MAXLINE+2; // i=1012

Сыртқы және статистикалық айнымалылардың мәні әрқашанда 0-ге тең болады. Ал алғашқы мәні анықталмаған айнымалылар, сол анықталмаған күйінде қалады, сондықтан программалау барысында осындай анықталмаған мәндерден өте сақ болу қажет.

Арифметикалық операторлар. Си++ программалау тілінде мына арифметикалық амалдар :“+”, “-“, “*”, “/” -амалдары бинарлық операция, %- модуль (қалдықпен бөлу) қолданылады.

Ескерту!Мұнда екі бүтін санды бөлудің нәтижесі бүтін сан болып табылады. Мысалы:

Int i

t = i/k

t = 5/6

t = 0

модуль “%” амалы float, double типтегі мәндер үшін қолданылмайды.

Унарлық операциялар +25, -32, т. б

Амалдардың орындалу орны:

  1. жақша;
  2. унарлық операциялар;
  3. көбейту, бөлу, модуль;
  4. қосу, алу орындалады.

Қатыстық операторлар

Си++ программалау тілінде алты қатыстық амал қолданылады. Олар сәйкесінше былай белгіленеді:

“>” -үлкен, “=>”- тең немесе үлкен, “<”- кіші, “<=” -кіші немесе тең, “= =” -тең және “!=”- тең емес.

Қатыстық амалдар арифметикалық амалдардан кейін орындалады. Ал өздерінің ішінде “тең” және “тең емес” ең соңынан орындалады.

Логикалық амалдар &&- және дегенді білдіреді;

- немесе дегенді білдіреді;

Математикалық функциялар. Математикалық функциялар Си++ тілінде <Math. h> модулінің ішінде орналасқан. <Math. h> модулі кітапхана ретінде жеке файлда беріледі, мұндағы h- «head-бас» дегенді білдіреді. Модульде әртүрлі математикалық функциялардың программалары орналасқан. Оларды программада қолдану үшін алдымен негізгі модульді программаға кіріктіреміз

# include файлдың аты командаға жазылады

# include <Math. h>

Көптеген функциялардың жазылуы сол күйінде сақталады. Жазылу барысында аргументтер жақшаның ішіне алынып жазылады. Келесі жазуларда x, y -double, n-integer бүтін болсын.

sin(x), cos(x), tan(x), asin(x), acos(x), atan(x), sinh(x), cosh(x), tanh(x), epx(x), log(x) x>0, pow(x, y) = x y , sgrt(x), ceil(x) =>x, fload(x) <=x, fabs(x), fmod(x, y) .

Инкременанд. Декременанд. Си++ программалау тілінде +1 санын автоматты түрде қосуға болатын инкременанд ++ операциясы бар. Бірді шегеру үшін декременанд - қолданылады.

Бұл амалдарды префикс ретінде алдынды, постфикс ретінде соңында қолдануға болады. Мысалы: ++n -алдымен 1 саны n-ға қосылады

n++ - 1 саны соңынан қосылады

--n - алдымен 1 саны n-нан шегеріледі

n-- 1 саны кейін шегеріледі

Биттік операторлар. Мына операндтар үшін: char, short, integer, long (таңбалы және таңбасыз) биттік операторларды орындауға болады. Олар &- және, - немесе, ^- немесенің терістеуі, <<- солға қарата жылжыту, >>- оңға қарата жылжыту, ~- терістеу.

Жалпы операторлардың орындалу реті. (), [], .

  1. !, ~, ++, --, + (унарлық), -(унарлық), sizeof (өлшем)
  2. *, /, %
  3. +, -
  4. <<, >>
  5. = =, !=
  6. &
  7. ^
  8. &&
  9. ?:
  10. =, +=, -=, *=, /=, %=, ^=, =, <<=, >>=
  11. ,

Си++ компиляторы оператордағы операндтардың мәнін есептеу ретін қарастырмайды. Сондықтан программист оларды өзі реттеп отыруы қажет

Инструкция және блок (нұсқау) . Си программалау тілінде берілген өрнектің соңына ; белгісі қойылса ол нұсқау болып табылады. Яғни бұл нұсқаудың ең соңғы мәні дегенді білдіреді. Ал Turbo Pascal тілінде осы белгі бір операторды екінші оператордан ажырату үшін қолданылады.

{…} - фигуралық жақшалар сипаттау мен нұсқауларды біріктіреді және оларды жеке жұмыс бөлігі ретінде қарастырады.

Дәл осы қызметті Turbo Pascal тілінде begin . . . end қызметші сөздерінң атқаратынын білеміз. Соңғы «}» фигуралық жақшадан кейін «; » қойылмайды.

Меншіктеу операторы және өрнек. Си программалау тілінде меншіктеу операторын төмендегідей 2 түрде жазып қолданады:

і = i+2;

i+=2 ; // і = i+2 дегенді білдіреді

Осындай амалдарды (+, -, *, /, %, >>, <<, &, , ^) орындау барысында өрнектің алатын мәні негізінен сол жақтағы операндтың мәніне сәйкес түрлендіріледі. Яғни, түрлендіру автоматты түрде орындалады.

Формат бойынша шығару және енгізу. Формат бойынша шығару:

Printf- мәліметтерді формат бойынша шығару функциясы. Форматта string-типті 2 объекті бар:

Оның біріншісі литер-сөз, ал екіншісі мәліметтерді түрлендіріп шығаратын формат. Әрбір түрлендіру «%» белгісінен басталады. Одан кейін белгілер қойылады. Онда мынадай белгілерді қолдануға болады.

Кесте №1

Белгісі: Белгісі
Мағынасы: Мағынасы
Белгісі: -
Мағынасы: Printf жолдың басынан бастап шығарады.
Белгісі: +
Мағынасы: Санды таңбасымен баспаға шығарады
Белгісі: Бос орын
Мағынасы: Егер бірінші литер таңба болмаса, онда бос орын қойылады
Белгісі: 0
Мағынасы: Қосымша 0-мен толтырылған
Белгісі: #
Мағынасы: Онда мынадай жағдайлар болуы мүмкін: 8-дік санау жүйесіндегі сан үшін о-О, 16-лық санау жүйесі үшін х және Х арқылы беріледі. ох-ОХ, е-Е 10-дық дегенді білдіреді f, g үшін нүкте болады.
Белгісі: Кез-келген сан
Мағынасы: Шығарылатын жолдың ұзындығын береді. Қажет болса ұзындықты өзі қосып алады.
Белгісі: . (нүкте)
Мағынасы: өрістің ұзындығынан дәлдікті айыру
Белгісі: Сан
Мағынасы: Яғни үтірден кейін қанша сан барын анықтайды.
Белгісі: h, l, L
Мағынасы:

h- аргумент short немесе unsigned short E+05

l- long немесе unsigned long

L-long double

Кесте №2

Белгі: Белгі
алатын мән: алатын мән
Мағынасы: Мағынасы
Белгі: D, I
алатын мән: Int
Мағынасы: Таңбалы ондық санды жазу
Белгі: 0
алатын мән: Int
Мағынасы: Таңбасыз 8-дік санау жүйесіндегі сан
Белгі: X, X
алатын мән: Int
Мағынасы:

Таңбасыз 16-лық санау жүйесіндегі сан

x =a, b, c, d, f, …

X =A, B, C, D, F, …

Белгі: U
алатын мән: Int
Мағынасы: 10-дық бүтін сандар
Белгі: C
алатын мән: Int
Мағынасы: Бірлік литер (char)
Белгі: S
алатын мән: Char*
Мағынасы: ‘\0’ 0-саны кездескенше баспаға шығару
Белгі: F
алатын мән: Double
Мағынасы: [-] mmm. ddd таңбалы, таңбасыз нақты сандар
Белгі: e, E
алатын мән: Double
Мағынасы: [-] mmm. ddd E+xx
Белгі: G, G
алатын мән: Double
Мағынасы: Егер де дәреженің мәні -4-тен кіші болса, онда ол %e немесе %E мәндерін қабылдайды. Басқа жағдайда %f сияқты болады.
Белгі: N
алатын мән: Int*
Мағынасы: Рrintf бойынша программа орындалу барысында қанша литер баспаға шықты. Сол сан аргументке беріледі.
Белгі: %
алатын мән:
Мағынасы: Аргументтер түрленбейді

Scanf-мәліметтерді ағымнан алып, түрлендірген шамаларды сәйкес аргументтерге меншіктейді. Бірақ аргументтердің барлығын жеке-жеке сілтеме ретінде көрсетуге болады. Кез келген жолда мынадай белгілер болатынын білеміз: бос орын, табуляция, алфавиттегі символдар (%-тен басқа), %, *, h, l, L мәндері болуы мүмкін. Мұндағы литер спецификаторлар h, l, L енгізудің түрлерін реттеп отырады. Мына әріптер d, i, n, o, u, x - үшін h (short) ал l (long) білдереді. e, f, g- үшін l (double), L (long double) білдіреді.

Кесте №3

Литер: Литер
Аргумент мәні: Аргумент мәні
Мағынасы: Мағынасы
Литер: D
Аргумент мәні: int*
Мағынасы: 10-дық бүтін сан.
Литер: I
Аргумент мәні: int*
Мағынасы: Бүтін сан.
Литер: O
Аргумент мәні: int*
Мағынасы: 8- дік санау жүйесіндегі бүтін сан.
Литер: X
Аргумент мәні: int*
Мағынасы: 16- лық санау жүйесі бүтін сан
Литер: C
Аргумент мәні: char*
Мағынасы: Литерлік
Литер: U
Аргумент мәні: ausigned* int*
Мағынасы: Таңбасыз 10-дық санау жүйесі бүтін сан
Литер: S
Аргумент мәні: char*
Мағынасы: String “” -қа алынбайды.
Литер: E, f, g
Аргумент мәні: float*
Мағынасы: Нақты сандар
Литер: N
Аргумент мәні: int*
Мағынасы: Аргументке осы уақытқа дейін оқылған литерлер санын меншіктейді.

Есеп:

  1. z =x+y x, y, z- нақты сандар

#include <stdio. h>

void main()

{

float x, y, z;

puts(“x, y -енгіз”) ;

scanf (“%f%f, &x, &y) ;

z =x+y;

printf (“z = %-5. 2f”, z) ;

}

2. z = log 2 x/log a (x+y) +e x log 2 x =lnx/ln2

#include <stdio. h>

#include <math. h>

void main()

{

float x, y, z, a;

puts(“a, x, y -енгіз”) ;

scanf (“%f%f%f, &x, &y, &a) ;

z =log(x) /log(2) /log(x+y) / log a + exp(x) ;

printf (“z = %-5. 3f”, z) ;

}

Оператор немесе нұсқау. Си программалау тілінде өрнек беріліп, одан кейін ; қойылса ол нұсқау (оператор) деп аталады. Мысалы: х = 0; i++;

Күрделі оператор бірнеше нұсқаудан тұратын болса, оларды {} жақшаға алып, блок ретінде беріледі.

Ескерту: Си программалау тілінде айнымалыларды кез-келген блоктың ішінде сипаттауға болады.

2. 2 СИ -программаның құрылымы

СИ программасын теріп алып компиляциядан өткіземіз. Компеляцияланған СИ программасы негізгі жадқа жүктеледі. Программалық коды мен берілгендерге жадыда бөлек сегменттер бөлінеді.

Базалық класспен туынды класстарда конструкторлар мен деструкторлар құрылады. Егер базалық және туынды кластарда конструктор мен деструктор болса, онда конструкторлар мұрагерлік ретінде құрылады. Ал деструкторлар керісінше болады. Олай болса базалық кластың конструкторы туынды кластың конструкторынан бұрын орындалады. Деструктор үшін керісінше : ол туынды кластың деструкторы базалық кластың деструкторынан бұрын орындалады.

Конструктор деструктордың орындалу тізбегі жеткілікті көрініп тұрады. Базалық класс туындының бар болуын білмейді, кез келген инициализация туындыдан тәуелсіз орындалып, және туынды класта инициализация үшін негізге айналады. Сондықтан да инициализация базалық класта бірінші болып орындалады. Басқа жағдайда туынды кластың деструкторы базалық кластың деструкторынан бұрын орындалуы керек. Өйткені базалық класс туынды кластың негізінде жатыр. Егер де базалық класс деструкторы бірінші орындалып, онда ол туынды класты құртқан болар еді. Олай болса туынды кластың деструкторы, объект қашан өзінің бар болуының жояды, деструктор сонда ғана шақырылады. Туынды кластан базалық класқа аргументтің берілу синтаксисі мынадай:

Туынды_ кл _конструкторы(арг _ тізімі) :

Баз_ кл(арг_тізім) {

//туынды класс конструкторының денесі

}

Базалық және туынды кластар үшін бірдей аргументтер қолдануға болады. Бұдан басқа туынды класс үшін барлық аргументтің игнорированиесі және тура базалық класқа беруі болады.

Мысалы: Базалық және туынды кластың конструкторы мен деструкторы қай ретте орындалып тұр?

#include<iostream>

using namespase std;

class base {

public:

base() {cout<<"базалық класс конструкторының жұмысы\n"; }

~base() {cout<<базалық класс деструторының жұмысы\n"; }

}

class derived:public base {

public:

derived() { cout <<"туынды класс конструкторының жұмысы\n"; }

~derived() {cout <<"туынды класс деструктырың жұмысы\n"; }

};

int main()

{

derived 0;

return 0;

}

программада орындалған соң экранға мынадай мәндер шығады:

Базалық класс конструкторының жұмысы

Базалық класс деструкторының жұмысы

Туынды класс конструкторының жұмысы

Туынды класс деструкторының жұмысы

Мұнда конструктор мұрагерлік ретінде, ал деструктор кері ретінде орындалып тұр.

Си++ тілінде автоматты түрде объектілерді құртумен құрылған кезде шақырылған кластың арнайы функциялар мен мүшелері инициализация бойынша орындалып есептер мен объектілердің құртылуын конструктор деп аталады және деструктор деп аталады. Егер де класта анықталған конструктормен деструктор болмаса, онда компилятор керек кезінде оларды өзі генератор жасап, шақырады.

Конструктор кластың қарапайым функцияның мүшелерінен ерекшеленеді, оның аты кластың атымен сәйкес келеді. Деструктордың аты ~(тильда) кластың атының алдында қойылады. Конструктор мен деструктор үшін мәндердің қайтарылған типі көрсетілмейді.

Конструктор тек қана сәйкес типтер объектілердің құрылуымен ғана шақырылады, ал деструктор автоматты түрде объектілерді құртумен шақырылады. Бірақ керек кезінде оны қарапайым функция мүшесі бойынша шақыруға болады.

Келесі талдайтын есебімізде отчет. срр инициализацияны орналастырады және кластың объектінің құртуын яғни конструктор, деструктор құрамыз.

  1. Мұнда егер объект немес объектінің массиві new оператормен құрылса, онда деструктор бұл объектілердің құртуымен немесе массивтің delete оператормен ғана шақырылады.

Егер объектіге немесе массивке көрсеткіш new оператормен құрылған жоғалса, (мысалы мүмкіндіктің шегі ретінде адрес автоматты айнымалыда сақталады) ал объект (объектінің массиві) Delete көмегімен құртылмаса, онда қарастырылған деструктор жадыда болғанмен әрекеттерді орындамай "өшіп қалу" мүмкіндік болмайды. Мысалы егер объект дисплейде суретін салса, онда экранға бірқалыпты бейнелеу түспейді.

  1. #define директивасын алып тастаңыз да, компилятор жасаңыз. Компиляцияның қатесі туралы мәліметтер келеді. Конструктор аргументсіз (немесе үнсіз келісім бойынша мәндермен аргументтермен) конструктор немесе үнсіз келісім (defaltconstructor) бойынша үлкен роль атқарады. Біріншіден ол объектілердің ини-циализациясы үшін қолданады, бірақ инициализация параметрлері берілмеген кезде қолданады.
  2. Конструктор объектілердің құрылған массивтердің әрбір элементін инициализация жасайды. (Си++ тілінде бүкіл компилятор емес массивтердің инициализациясында берілген үнсіз келісім бойынша параметрлер мен берілген конструкторларды қолдануға мүмкіндік береді) . Егер компилятор жоғары қайта есептегіш жағдайда үнсіз келісім бойынша класта конструкторларды таба алмаса, ол қателер туралы мәліметтер жібереді.

2. 3 Басқару операторлары

If- else басқару нұсқаулары шарт бойынша шешім қабылдауда қолданылады. Оның жалпы түрі мынандай:

If (өрнек)

нұсқау 1;

else

нұсқау 2;

Мұндағы өрнек белгілі бір шарт. Шарт ақиқат болса нұсқау1 әйтпесе нұсқау2

орындалады.

Кейбір басқару операторында else бөлігі болмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда бірнеше if операторлары қолданылып бірнеше шарт ќарастырылуы мүмкін. Онда, ‰нсіз келіміс бойынша else қызметші сөзі ең жақын тұрған if операторына қатысты болады деп есептелінеді . Мысалы: n>0 болса, онда z=a әйтпесе z=b

  1. if (n>0)

z=a;

else

z=b;

  1. n>0, a>b => z=a, әйтпесе z=b

if (n>0)

{

if (a>b)

z=a; }

else

z=b;

Осы есепті блок ретінде де жазуға болады. Блокта фигуралық жақшалар қойылады.

If (n>0) {

If (a>b)

z=a ; }

else

z=b;

else, if - инструкциясын бірнеше шарт үшін пайдалануға болады. Ол үшін операторларға Си тілінде тµмендегідей конструкциялар ќолданылады. Оның жалпы жазылу түрі мынадай:

if (өрнек)

нұсқау;

else if (өрнек)

нұсқау;

… … …

else if (өрнек)

нұсқау;

else

нұсқау;

Мысалы 1:

#include <stdio. h>

main()

{

int x, y =1, z;

if (y! =0) x =5;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
Программалау тілдерін оқыту әдістемесі
Turbo Pascal программасының негізгі түсініктері
Паскаль тілінде сызықтық программалармен жұмыс
Программалау тілдері
Бағдарламалау(программалау) технологиясы
Java кең таралған программалау тілі
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz