Дельфи тілінде берілгендерді өңдеу әдістері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
V ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
VI ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Delphi жүйесінде мәліметтер қорын басқару жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану, мәліметтер қорын басқару жүйесінің едәуір дамыған мүмкіндіктерін игеру. Кадр бөлімі жұмысындағы мәліметтерді Дельфи тілінде автоматтандыру.
Ақпараттық технологиялардың жаңа әлемге ауқымды әсер етуі әр түрлі салаларында айқын көрініс тапты. Осы технологиялардың арқасында миллиондаған адамдардың еңбек әрекеттерінің шарттары мен мазмұны өзгеруде, күрделі өндірістік тапсырмалардың шешілуі түбегейлі тездетілуде, басқарудың тиімділігі анық өсуде. Жаңа мамандықтар және жаңа жұмыс орындары пайда болуда, бұрын болмаған өндіріс салалары құрылуда, дәстүрлі формалардың қызметтері өзгеруде.
Әрбір мекемеде өзінің қызметкерлер есебімен айналысатын кадрлар бөлімі болады. «Кадрлар есебі» сөздері қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды түсіндіреді, олардың жұмысқа орналасуынан бастап, жұмыстан шығу уақыт аралығын қамтиды. Қосымша түрде кадрлар бөлімі бухгалтерия мен сыртқы мекемелерге, мысалы, Зейнеткерлік фондтарға көптеген есептерді құрып, тапсыруы қажет. Кадрлар бөлімінің жұмысы заңмен қарастырылған. Жекелеген түрде, жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан шығару формалары, қызметкерлердің жеке карточкалары, есептер формалары қарастырылады. Кадрлар бөлімі еңбек ресурстарға қатысты басшылықтан келген қызметкерлер сұранысына жауап береді.
Delphi - де мәліметтер қорын құруға және оны ары қарай демеуге арналған құралдармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, кез келген мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған қолданбалы программаларды құру мүмкіндігі мол.
Дельфи тілінде жазбалармен жұмыс жасауда төмендегідей мүмкіндіктерге ие.
• Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
• Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны қою;
• Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
• Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
Кестені құру кезінде кестеде берілген мәліметтерді автоматты түрде басқару. Мәліметтер қорының әр кестесі ақпараттық жүйенің бірдей типті объектілері туралы мәліметтерді сақтауға жолдар мен бағаналардан тұратын жазбаларынан іздеу жұмыстарын жасау. Мәліметтер базасын басқару жүйесін құру қиын болған облыстар үшін құру, сонымен қатар басқару түсінігі болып жатқан процестер шешімі интелектуалды әдістермен мағынаны басқару білімдері жеке тапсырмаларда шешімі автоматизацияланады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Delphi - де мәліметтер қорын құруға және оны ары қарай демеуге арналған құралдармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, кез келген мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған мекеменің кадрлар бөлімі қызметінің жұмысын автоматтандыратын ақпараттық жүйе жасау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмаларды орындау керек:
- кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізу;
- барлық кешеннен автоматтандыру тапсырмаларын таңдау;
- қызметі ұқсас бар программалық жабдықтарды талдау;
- мәліметтер базасын басқару жүйесін және қолданушының қосымшасын бағдарламалау ортасын таңдауды жүзеге асыру;
- программалық жабдыққа қойылатын талаптарды талдау;
- мәліметтер базасын құру;
- таңдалған мәліметтер базасын басқару жүйесінде мәліметтер базасын іске қосу;
- қолданушы қосымшасын жобалау;
- қолданушының қосымшасын бағдарламалау ортасының құралдарымен іске асыру.
Тақырыптың зерттеліну деңгейі . Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындарда кадрлар бөлімі құжаттармен жұмысты қолмен жүргізетіндігі және бір есепті ай сайын қайталама құруында. Кадр бөліміне программалық жабдықты құру ақпаратты жинау процесін тездетеді, құжаттарды толтырғанда қате кету мүмкіндігін төмендетеді, қызметкер туралы ақпараттың болмау мүмкіндігін жояды. Сонымен қатар программалық жабдықты құрудың экономикалық аспектісі болып кадр бөлімінде жұмыс жасайтын қызметкерлердің қол еңбегін олардың қызметін автоматтандыру есебінен қысқарту болып табылады.
Зерттеу пәні. Бағдарламалау тілдері, Дельфи программалау тілі.
Зерттеу объектісі . Объект ретінде кадр бөлімі жұмысын автоматтандыру процесі алынды.
Ғылыми жаңалығы. Әрбір кәсіпорынның басты ресурсы - бұл адамдар, яғни кәсіпорында жұмыс жасайтын қызметкерлер. Қызметкерлерсіз бірде бір кәсіпорынның қызмет етуі мүмкін емес. Қызметкерлердің санына қарап мүмкін серіктестер ұйымның көлемін анықтайды. Адамдарды, басқа да ресурстар сияқты есепке алу керек және олар туралы ақпарат жиналып, сақталуы тиіс. Ұйымдық мекемелерді тиімді басқару жəне қызмет жасауына қойылатын талаптардың бірі - ол жаңа ақпараттық технологиялардың негізінде дамытылған ақпараттық инфрақұрылымның бар болуы. Оның маңыздылығы ақпараттық берілгендері бар басқарушылық ресурстарының деректер қорларын құруда байқалады. Автоматтандыру объектісін талдау үрдісінде іс-қағаз жұмыстарында есеп алу бағытындағы мекеменің кадр бөлімінің жұмысын автоматтандыратын арнайы жүйені құрастырудың қажеттілігі туындады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, теориялық бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша және 36 беттен тұрады.
І ДЕЛЬФИ ТІЛІНДЕ БЕРІЛГЕНДЕРДІ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ
1. 1 Берiлгендердiң жай түрлерi
Дельфи тiлiнде кез келген мәлiметтер - айнымалы шамалар, функцияның немесе өрнектiң мәндерi өзiнiң түрлерiмен сипатталады. Кез келген объектiнiң мәндерi және оларға қолданылатын операциялар жиыны объектiнiң түрлерi арқылы анықталады. Мәлiметтер түрлерi жай және құрылымды болып екi топқа бөлiнедi және түрлер құрылысы 1-суретте көрсетiлген.
Сурет 1. Мәлiметтер түрлерiнiң жiктелуi
Жай түрлердiң негiзгi қасиеттерi болып олар мәндерiнiң бөлiнбеуi және реттелiп орналасуы есептеледi. Осы қасиеттерiне байланысты жай түрлердi скалярлық деп атайды. Егер бiзге бүтiн сандардың жиынымен немесе басқа да тiзбектеле орналасқан объектiлердiң мәндерiмен жұмыс iстеу керек болса, онда скалярлық түрлердi қолдануы жатпайды.
Дельфи тiлiндегi жай немесе стандартты деп нақты және бүтiн сандарды, логикалық және символдық шамаларды анықтайтын түрлердi атайды.
Жай түрлерiндегi нақты және күнделiк - уақытты (Date - Time) анықтайтын шамалардан басқалары реттелген түрге жатады. Сонымен, реттелген түрлерге бүтiн, символдық, логикалық, санаулы және шектелген шамаларды жатқызуға болады.
Реттелген шамалар.
Реттелген шамалардың ерекшелiгi - әрбiр реттелген түрге жататын шамалардың қабылдай алатын мәндерiнiң саны шектеулi болғандығы. Оларды белгiлi бiр заңдылықпен реттеуге және әрбiр мәнге бiр бүтiн санды - реттегi нөмiрiн сәйкестеуге болады.
Реттелген шамаларға мәннiң реттегi нөмiрiн қайтаратын ORD(X) функциясын қолдануға болады. Бүтiн шамалардың ORD функциясы шаманы өз мәнiн қайтарады. Мысалы, ORD(10) =10, ORD(-10) = -10.
Реттелген шамаларға PRED(X) функциясы реттегi Х шаманың алдында орналасқан яғни (ORD(X) -1) мәндi қайтарады және SUCC(X) = (ORD(X) +1) - реттегi Х шамадан кейiн орналасқан мәндi анықтайтын функцияларын қолдануға болады.
Мысалы,
Var c: integer;
Begin
C:= 5; write (c, pred (C) , succ (C) ) ; end.
Келтiрiлген үзiндi бойынша баспаға келесi мәндер шығарылады: 5 4 6
Сонымен қатар, реттелген шамаларға төменгi кестеде көрсетiлген функцияларды қолдануға болады (Кесте 1) .
Кесте 1
Реттелген шамаларға қолданылатын стандартты функциялар
Бүтiн шамалар.
Бүтiн түрлер қатарына бүтiн сандар жиыны жатады. Есептеу техникасының (компьютердiң) сандарды iшкi өрнектеуiне байланысты (сандардың бiр, екi, төрт немесе сегiз байтпен өрнектелуi) бүтiн түрлер 9 топқа бөлiнедi [2] .
Олар 2-кестеде көрсетiлген. Бүтiн сандар реттелген шамалар түрiне жатады, оның реттегi нөмiрi шаманың өз мәнiмен бiрдей деп саналады және оларға ord, pred, succ, inc, dec, low, high функцияларын қолдануға болады.
Кесте 2
Бүтiн шамалардың түрлерi
Бүтiн сандарға төменгi амалдар қолданылады:
+ қосу амалы;
- айыру амалы;
* көбейту амалы;
div - бөлiндiнiң бүтiнiн анықтау;
mod - бөлiндiнiң қалдығын анықтау.
Мысалы,
Var x, y: integer;
Begin x:=5 div 2; // x=2
у:=5 mod 2; // y=1
lbOutput. Caption:= IntToStr(x, ) +’ ‘+InToStr(y) ;
// x, y мәндерi жолдық түрге айланып баспаға шығарылады
End .
Сонымен қатар, бүтiн сандарға салыстыру амалдарын қолдануға болады (нәтижесi логикалық шама) . Бүтiн сандарға 3-кестеде көрсетiлген фунциялардан басқа төмендегі амалдар және стандартты функцияларды қолдануға болады.
Кестеде Х - бүтiн Byte, ShortInt, Word, Integer, LongInt форматтарын көрсететiн белгi.
Бүтiн сандарды өңдеудегi нәтижелерiнiң түрi операндылардың түрiмен бiрдей болады, ал егер операндтары әртүрлi бүтiн форматтарда анықталған болса, онда нәтиженiң форматы осы операндтардың ортақ форматына жатады. Мысалы, ShortInt және Word түрiндегi операндтар бiрге өңделгендегі нәтижесiнiң түрi Integer болады.
Кесте 3
Бүтiн шамаларға қолданылатын амалдар және стандартты функциялар
Нәтиженiң
түрi
Delphi ортасының стандартты икемделуi сандар мәндерiнiң анықталған аралықтан тыс шықпауын бақылап отырмайды, сондықтан әртүрлi түсiнiксiз жағдайлар пайда болуы мүмкiн. Мысалы, bbRun батырмасы басылғандағы келесi үзiндiнiң орындалу нәтижесiнде экранға 0 мәнi шығарылады (1-суретте келтiрiлген fmExample үлгісі қолданылған) :
procedure TfmExample. bbRunClick(Sender: TObject) ;
var k:Word;
begin
K:= 65535; //Word форматындағы ең үлкен шама
K:=K+1; // математика ережелерi бойынша K=65536
lbOutput. Caption:= IntToStr(K) ;
// ал экранға шығарылатын K-ның мәнi 0
end;
!!! Енгiзу жолында көрсетiлген шамалар жолдық берiлгендер деп саналады. Сондықтан көрсетiлген шаманы сандық түрiне айналдыру керек: мысалы х - бүтiн, ал у - нақты шамалар болса, онда бүтiндi x:=StrToInt(edit1. text) ; нақты шаманы у:=StrToFloat(edit1. text) деп түрлендіредi. Символдық шаманы түрлендiрмей ақ меншiктей бередi, мысалы b:= edit1. text, мұнда b :string деп анықталған.
Шығаруда, керiсiнше, бүтiн және нақты шамаларды жолдық түрге айналдырады: мысалы label3. Caption :=' х = ' + IntToStr(х) ;
// х бүтін шаманың мәнiн Label - ке шығару
Memo1. Lines. Add ('у= ' + FloatToStr(y) ) ;
// Memo1- ге y - нақты шаманың мәнiн шығару
Label - ге шығарғанда шығарылатын шама оның Caption - не меншiктеледi, ал Memo-ға шығарылғанда оның Lines қасиетiне Add әдiсi арқылы қосылып отырады және жолдық шамаларды бiрiктiру амалы қолданылады.
Егер Delphi ортасының Project =>Options =>Compiler => Range checking опцияларын екпiндi күйге келтiрсек, онда компилятор программаға нәтижелерiнiң анықталған аралықтан тыс шықпауын қадағалап отыратын кодын қосады. Сол кодқа әртүрлi тотенше жағдайларды өңдейтiн қосымша кодты көрсетуге болады.
Жоғарыдағы программаны төмендегi түрге келтiрсек, онда нәтиже дұрыс шығады:
K:= 65535 ; //Word форматындағы ең үлкен шама
lbOutput. Caption:= IntToStr(K+1) ;
// экранға шығарылатын K-ның мәнi 65535
1. Ендi бiрнеше мысал келтiрейiк. Екi бүтiн сан берiлген. Олардың көбейтiндiсiн есептейтiн программа құрастыру керек. Есептi шешуде жоғарыда құрылған fmExample формасын қолдануға болады.
Программа құрастырылғанда екi мәселенiң шешiлуiн қарастыру қажет:
- Әр операндыны енгiзу туралы программаға хабарлауды қалай ұйымдастыруға болады?
- Егер бүтiн санның орнына басқа түрдегi мәлiмет енгiзiлсе не болады?
Бiрiншi мәселенi шешу үшiн fmExample формасына тағы да бiр батырманы орналастыру керек. Бiрiншi батырманының басылуы енгiзу жолындағы бiрiншi операндының мәнi, ал екiншi батырманының басылуы екiншi операндының даяр болғанын және өңдеудi бастауға болатындығы туралы хабарлайды. Сонымен қатар, батырмалардың өз ретiмен басылуын қарастыру қажет. Ол үшiн бiрiншi батырма басылғанша екiншi батырма жасырынды түрде болуын ескеру керек.
FmExample формасына екiншi BitBtn батырманы бұрынғы батырманың үстiнен орналастырыңыз және қасиеттерiн төмендегiдей өзгертiңiз:
Name - bbResult;
Kind - bkOk;
Visible - False.
Осындай түрдегi даярланған батырма программа жұмысын бастағанда жасырынды күйде болады, ал бiрiншi bbRun батырмасы формада көрiнiп тұрады. BbRunClick оқиғаны өңдеушi үзiндi bbRun батырмасын жасырып, bbResult батырмасын көрсету керек.
Екiншi мәселенiң пайда болуы: кейде пайдаланушы кездейсоқ енгiзу жолына дұрыс емес мәндердi көрсетуi мүмкiн. Осындай түрдегi даярланған жолды түрлендiргенде төтенше жағдай программаның жұмысын тоқтатады. Бұл мәселенi шешудегi бiрнеше жолдары бар. Олардың арасындағы ең жеңiлiн қарастырып көрелiк: бiр жолдық EdInput орнына енгiзу жолындағы терiлген мәндi тексеретiн арнайы редакторды орнатайық.
EdInput компонентін сырт еткiзiп Delete пернесiн басыңыз, ендi оның орнына Additional парағындағы MaskEdit компонентiн орналастырыңыз. Name қасиетiне edInput деп бұрынғы атын қойыңыз және EditMask-тiң сұхбаттасу терезесiн ашыңыз. Input Mask жолында #; 1; деп көрсетiңiз және Character for Blanks жолында бiр бос орын (пробел) терiңiз. Ендi ОК батырмасын басыңыз (Сурет 2) .
Осы қасиет компоненттiң үлгiсiн, яғни енгiзу жолында қандай таңбалар және қандай ретте терiлетiнiн көрсетедi. Анықталған үлгi бойынша компонент терiлген мәндердi автоматты түрде тексерiп, бiрiншi таңбаның орнына ‘+’ немесе ‘-‘ таңбаларын және соңынан цифрларды қабылдауға мәжбүр етедi.
Сурет 2. Енгiзу үлгiсiн анықтау терезесi
Ендi программаның кодын жазуға кiрiсейiк. bbResult батырмасын екi рет сырт еткiзiңiз және осы батырманың OnClick оқиғасын өңдеушiсiне төменгi кодты енгiзiңiз:
procedure TfmExample. bbResultClick(Sender: TObject) ;
begin
y:=StrToInt(Trim(edInput. Text) ) ;
// edInput-қа енгiзiлген мәтiндi бүтiнге түрлендiру
mmOutput. Lines. Add('2 - операнд :'+edInput. Text) ;
// Memo1-ге 2- шi операндты енгiзгені туралы хабарлау
mmOutput. Lines. Add(' Нәтижесi:' +
IntToStr(x) + ' * '+ IntToStr(y) + ' = '+IntToStr(x*y) ) ;
// Көбейтіндісін есептеймiз және нәтижесiн көрсетемiз
edInput. Text:=' '; // енгiзу жолын тазалаймыз
edInput. SetFocus; // және оған фокусты қайтарамыз
lbOutput. Caption :=' 1 -шi операндын енгiзiңiз: ';
bbResult. Hide; // bbResult батырмасын жасырамыз
bbRun. Show; // және bbRun батырмасын көрсетемiз
end;
bbRun батырмасының OnClick оқиғасын өңдеушi үзiндiсiн жазу үшiн алдымен Объектiлер бақылаушысының терезесiндегi тiзiмiнен bbRun компонентiн тауып, Events-тiң OnClick жолындағы оң жақ бағанасын екi рет сырт еткiзiп, қабықшаға келесi кодты енгiзiңiз:
procedure TfmExample. bbRunClick(Sender: TObject) ;
// екiншi операндты енгiзу
begin
x:=StrToInt(Trim(edInput. Text) ) ;
// edInput -тағы мәтiндi бүтiнге түрлендiру
mmOutput. Lines. Add('1- операнд :'+edInput. Text) ;
//Memo -ге 1-шi операндты енгiзгені туралы хабарлау
edInput. Text:=' '; // енгiзу жолын тазалаймыз
edInput. SetFocus; // және оған фокусты қайтарамыз
lbOutput. Caption :=' 2-шi операндын енгiзiңiз: ';
bbResult. Show; // bbResult батырмасын көрсетемiз
bbRun. Hide; // bbRun батырмасын жасырамыз
end;
Ендi программа жұмысын бастағандағы енгiзу фокусын edInput компонентiне беру үзiндiсiн жазу және операндтарды сақтайтын Х, У айнымалыларын анықтау керек. Ол үшiн программа кодының терезесiнде TfmExample класының анықтамасын тауып, оған келесi өзгерiстердi енгiзiңiз:
private
{ Private declarations }
x, y: Integer;
Осындай түрдегi анықталған Х және У айнымалылары TfmExample класының кез келген әдiстерiне, сонымен қатар OnClick оқиғасына қол жетерлiк мүмкiндiгiн туғызады [3] .
Бұл айнымалылардың (кластың өрiстерi) анықталуы әдiстердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынасын жеңiлдетедi. Х айнымалыда сақталынатын бiрiншi операнды bbRunClick әдiсiнде енгiзiлiп, bbResultClick әдiсiнде өңделедi.
Ал У айнымалы bbResultClick әдiсiнде енгiзiледi де осы әдiсте өңделедi.
Сондықтан У айнымалыны bbResultClick оқиғасын өңдеушi үзiндiде келесi түрде келтiруге болар едi:
procedure TfmExample. bbRunClick(Sender: TObject) ;
// бiрiншi операндыны енгiзу
var y: integer;
begin
……. .
end;
Объектiлер бақылаушысының терезесiндегi тiзiмнен fmExample компонентiн таңдап, осы компоненттiң Events парағынының OnActivate жолын екi рет сырт еткiзiп, қабықшаға келесi кодты енгiзiңiз:
procedure TfmExample. FormActivate(Sender: TObject) ;
// программаны жұмысқа даярлау
begin
edInput. SetFocus; // edInput-ке енгiзу фокусын беру
lbOutput. Caption:= ' 1-шi операндын енгiзiңiз: ';
end;
OnClick оқиғасын өңдейтiн екi үзiндi ұқсас операторлардан құралған. Олардың құрамына оң жағында StrToInt(Trim(edInput. Text) ) өрнегi бар меншiктеу операторы кiредi. Бұл өрнек екi стандартты функцияны шақырудан тұрады, алдымен Trim функциясы edInput. Text жолындағы аргументтi оның алдынғы және соңғы пробелдарын алып тастап қайтарады. Сонан кейiн StrToInt функциясы осы символдар жолын бұтiн санға аударады.
Енгiзудегi көптеген қателердi MaskEdit редакторының сүзгiштiк мүмкiндiгi және Trim функциясы бақылап отырады. Егер bbRun және bbResult батырмалары басылғанда енгiзу жолы бос болса, онда программаның жұмысы апаттық тәртiпте тоқтатылады. Осындай жағдайдан сақтану үшiн StrToInt функциясын шақырудың алдында төмендегi кодты жазыңыз:
If edInput. Text = ‘ ‘ then EXIT;
// егер батырма басылғанда енгiзу жолы бос болса, онда
// программадан шық
Show және Hide әдiстерi батырмаларды көрсету және жасыру әрекеттерiн орындайды. Жасырынды компонент пайдаланушымен еш бiр қатынаста болмайды.
Төменде программаның толық мәтiнi келтiрiлген.
unit IntMulti;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls, Buttons, ExtCtrls, Mask;
type
TfmExample = class(TForm)
Panel1: TPanel;
bbRun: TBitBtn;
bbClose: TBitBtn;
lbOutput: TLabel;
mmOutput: TMemo;
bbResult: TBitBtn;
edInput: TMaskEdit; // өзгертiлген компонент
procedure bbResultClick(Sender: TObject) ;
procedure bbRunClick(Sender: TObject) ;
procedure FormActivate(Sender: TObject) ;
private
{ Private declarations }
x, y:Integer;
public
{ Public declarations }
end;
var
fmExample: TfmExample;
implementation
{$R *. DFM}
procedure TfmExample. bbResultClick(Sender: TObject) ;
begin
y:=StrToInt(Trim(edInput. Text) ) ;
mmOutput. Lines. Add('2 - операнд :'+edInput. Text) ;
mmOutput. Lines. Add('Нәтижесi :' +
IntToStr(x) + ' * '+ IntToStr(y) + ' = '+IntToStr(x*y) ) ;
edInput. Text:=' ';
edInput. SetFocus;
lbOutput. Caption :=' 1 - операндын енгiзiңiз: ';
bbResult. Hide;
bbRun. Show;
end;
procedure TfmExample. bbRunClick(Sender: TObject) ;
begin
x:=StrToInt(Trim(edInput. Text) ) ;
mmOutput. Lines. Add('1 - операнд :'+edInput. Text) ;
edInput. Text:=' ';
edInput. SetFocus;
lbOutput. Caption :=' 2 - операндын енгiзiңiз : ';
bbResult. Show; bbRun. Hide;
end;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz