Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы



Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның
перспективалық көрінісі
5. Азаматтық қоғамды дамытудың негізгі принциптері мен құқықтық негіздері
6. Азаматтық қоғам институттары қызметінің құқықтық негізін жетілдіру
7. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту
8. Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін жағдайлар жасау
9. Еңбек қатынастарын жетілдіру
10. Әлеуметтік саясатты жаңғырту
11. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру
12. Саяси жүйенің ұғымы
13. Саяси жүйенің құрылымы
14. Саяси жүйенің жіктелуі

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Азаматтық құқық. І том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық /академиялқ курс/ Өңделген және толықтырылған 2-басылым/жауапты редактор:М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин —Алматы: 2003 ж.
2. ҚР Азамттық кодексі (жалпы бөлім), 1994 жыл, 27 желтоқсан (өзгерт. мен толықтырулар). —Алматы: Жеті Жарғы 2004ж.
3. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), 1999 жыл, 1 шілде. —Алматы: Жеті Жарғы 2004ж.
4. Право и собственность Монография. /Под.ред. М.К. Сулейменова.-Алматы:Жеті Жарғы,2001
5. Тугинский Б.И., Сафулин Д.Н. Правовая экономика проблемы становления. М., 2002
6. “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы”. 1998 жыл, 22 сәуір (өзгерт. мен толықт.)
7. ҚР “Өндірістік кооперативтер туралы” Заңы. 2001 ж.
8. Ә.Ерали, Жерге меншік құқығының негіздері.-Алматы,1996,18бет
9. Гражданское право Учебник ч.1./под.ред. Ю.К Толстого А.Г Сергеева,-М,;ТЕИС,1996-552с
10. К.Маркс, Ф Энгельс Сочинение 2-е издательство Т46.ч1 с23-24
11. ҚР “Мемлекеттік кәсіпорындар туралы”. Президентінің заңды күші бар Жарлығы. 1995 жыл, 23 желтоқсан. (өзгерт. мен толықт.)
12. ҚР “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңы 19 маусым 1997 ж.
13. Тулеуғалиев Ғ.И. Азаматтық құқық. —Алматы: 2001 жыл
14. ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңы 16 сәуір 1997 ж.
15. ҚР “Жер кодексі” 20 шілде 2003 ж.
16. Гражданское права РК/под.ред. Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С.-Алматы 2001
17. Соколовский К.И. Собственность в гражданском праве. Учебно-практическое пособие. —М.: Дело, 1999 г.
18. Джусупов А.Т. Право собственности и иные вещные права. —Алматы: Жеті жарғы. 1996
19. Суханов Е.А. Лекции о праве собственности. —Москва: 1991 г.
20. Римское частное право. Учебник /Под.ред проф. И.Б.Новицкого и С.Перетерского. —М.Юрист, 1994
21. Жанайдаров И.У. Проблемы реализации права государственной собственности. —Алматы: Қазақстан, 1994
22. Сулейменов М.К. Развитие института права собственности в законодательстве Казахстана. Научные труды. Әділет, 2000
23. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. —М., 1995г.
24. Бибиков А.Н. Правовые проблемы реализации государственной собственности. —Иванова, 2002г.
25. Сулейменов М.К. Коментарий к Закону РК “О собственности”, Бизнес и права в Казахстане, 2001г.
26. Витрянский В.Г., Суханов Е.А. Защита права собственноти. —М., 2002
27. З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов «Егемен Қазақстанның құқы» А., 1997
28. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі А., 2002
29. А.Ибраева, Г.Әлібаева Қ.Айтқожин «Қазақстан Конституциясы, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі» А., 2006
30. Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының құқығы» А., 2004
31. Н.Р.Күнқожаев «Адам және қоғам» А., 1997
32. Н.Дулатбеков және т.б. «Мемлекет және құқық негіздері» А., 2001
33. Ғ.Маймақов «Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы»
А., 2000
34. Д.А.Булгаков, А.Ж.Истаев «Мемлекет және құқықтық жалпы тарихы» А., 2000
35. Ө.Қ.Қопабаев «Шетелдердің Конституциялық құқығы» А., 1998
36. Ғ.Сапарғалиева «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері»
А., 1994
37. С.С.Алексеев «Теория права» М., 1993
38. А.Қ.Мұхтарова «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» А., 1999
39. Австрийская Рсспублика; Конституция и законодательные акты. М: Прогресс, 1986 г.
40. Испания: Конституция и законодательные акты). М.;Прогесс, 1998.
41. Италия: Конституция и законодательные акты. М.: Прогресс, 1998.
42. Кокституции 16 стран мира. Алматы: Жеті-жарғы. 1995.
43. Конституция Российской Федерации. М.:Юридическая литература. 1993.
44. Китайская Народная Республика: Конституция и законодательные акты. М.:Прогресс, 1999,
45. Современные зарубежные конституции. М.: Юрид.лит. 1997.
46. США: Коиституция и законодательные акты. / Пер, с англ. Сост. В.И. Лафитский; Под.ред. О.А.Жидкова. М.. 1993.
47. Французская Республика: Конституция и законодательные акты. М.:Прогресс, 1998.
48. ФРГ: Конституция и законодательные акты. М.: Прогресс, 1991.
49. Абельдинов А.К., Копабаев О.К. Конституционкое право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы». 1997.
50. Алексеев СС Теория права. М.: Юридическая литература. 1993.
51. Арановский К.В. Государственное право зарубежных
52. стран. М.. 1998.
53. Барнашев А.М. Теория разделения властей: становление применение. Томск. Издво ТОМД ун-та. 1988.
54. Баренбойм II.Д. Три тысячи лет доктрины разделении властей. Суд Сьютера. М. 1996.
Башиев Ж.М. Судебная зашита конституции. Алматы: Жеті жарғы. 1994

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның
перспективалық көрінісі
5. Азаматтық қоғамды дамытудың негізгі принциптері мен құқықтық
негіздері
6. Азаматтық қоғам институттары қызметінің құқықтық негізін жетілдіру
7. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының
ынтымақтастық құралдарын нығайту
8. Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін
жағдайлар жасау
9. Еңбек қатынастарын жетілдіру
10. Әлеуметтік саясатты жаңғырту
11. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру
12. Саяси жүйенің ұғымы
13. Саяси жүйенің құрылымы
14. Саяси жүйенің жіктелуі

ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды
одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының
стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға
болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011
жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында
белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру
стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың
негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы
жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен
азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық
институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған
мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер
әзірлеу үшін негіз болады.
1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық,
әлеуметтік және саяси салалардағы түбегейлі реформалар түрлі әлеуметтік
топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің
құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес
секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда
бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер,
саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. Невада – Семей қоғамдық
қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз
алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.
Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде
дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де
жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
1991 жылғы 27 маусымда Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы
Қазақ ССР-інің Заңы қабылданды.
Нәтижесінде елде Қазақстанның халық конгресі, Алаш партиялары,
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистік
партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, Лад республикалық славян
қозғалысы және Азат Қазақстанның азаматтық қозғалысы, Мемориал қоғамдық-
ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, Бірлік қозғалысы, Әділет
тарихи-ағарту қоғамы, Поколение зейнеткерлер қозғалысы және басқалары
пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның аясына
қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негізде шешудің
тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі
ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік-
экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік
жөнінде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл
сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік серіктестік жүйесін
құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және, тиісінше,
елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс құруға 1995
жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан
Республикасының Қоғамдық бірлестіктер туралы және Саяси партиялар
туралы заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары
Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады.
Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін іргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен
ерекшеленді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен
мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін көтеруге
мүмкіндік берді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрі - БАҚ) баспа кәсіпорындарының
мемлекет иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен
дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған
мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты масс-медиа нарығында
сапалық өзгерістер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан Республикасының
Конституциясына елдің сайлау жүйесіне партиялық тізімдер бойынша сайлау
енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуі партиялық құрылыс
процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы
тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның
Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), Азамат демократиялық партиясы,
Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), Отан республикалық саяси партиясы,
Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, Руханият партиясы, Алаш
Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар
пайда болды.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде ҮЕҰ ақпарат орталықтары ашылды,
олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау
көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Еркін де еңселі
әрі қауіпсіз қоғамға атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлі
топтарының мүдделерін іске асырудағы рөлі күннен-күнге артып келе жатқан
үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде Үкіметке
алғашқы тапсырмалар берілді.

2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары

Азаматтық қоғам – онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты
әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі ретінде өз қажеттіліктерінің, мүдделері
мен құндылықтарының барлық жүйесімен бірге адам болып табылатын қоғам. Бұл
ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсіз өмір сүретін
қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, діни, отбасылық және басқа
қатынастардың барлық жиынтығын білдіреді, жеке мүдделердің әралуандылығын
көрсетеді.
Қоғам демократиялық дамудың белгілі бір сатысында ғана азаматтық болады
және елдің экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениеті
мен сана-сезімінің өсу шамасына қарай қалыптасады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз
байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым
демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншіктің алуан түрлі нысаны
кезінде азаматтарда экономикалық дербестіктің пайда болуы мен адами жеке
тұлға мәртебесінің артуы болып табылады.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси іргетасы
ретінде қызмет етеді, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауіпсіздік, әділеттілік
және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшін қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін, тең танылуы мен қорғалуының
заңнамалық кепілдіктерімен қамтамасыз етілген, меншік нысандарының
әралуандылығы мен дара меншік иелерінің егемендігі құрайды.
Азаматтық қоғам өмір сүруінің басты базалық шарттарының бірі тәуелсіз БАҚ
арқылы қамтамасыз етілетін жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ
жүйеде әртүрлі, бірақ өзара тәуелді бөліктер ретінде жұмыс істейді. Билік
пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшілік келісім негізінде
қалыптасады, ал өзара іс-қимыл ымыраға қол жеткізуге бағытталады.
Демократиялық мемлекеттің азаматтары дербес бостандық құқығын
пайдаланады, бірақ сонымен бір уақытта олар басқа мемлекеттік
институттармен бірге болашақты құру жауапкершілігін бөліседі.
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билік пен
азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшілік келісім негізінде
қалыптасатын ең жоғары даму деңгейіне жетеді. Азаматтық қоғамдағы
демократиялық рәсімдер билік қызметінің сапасын бұқаралық бағалау құқығына
және қоғам мүдделері үшін билікке ықпал ету тетіктеріне негізделеді.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті
жаратылысы жағынан әртүрлі азаматтар мен заңды тұлғалардың бірлестіктері
(партиялар, ҮЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және
басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және
соңғысының билікті бір қолға алуына мүмкіндік бермейтін азаматтық қоғамды
жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның міндеті – жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.
Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесінің мүдделерін қорғау, оның
мүдделерін билік пен қоғам алдында бейімдеу, билік қызметін қоғамдық
бақылау әрі оның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергілікті
қоғамдастықтар, кәсіптік одақтар, діни бірлестіктер, шығармашылық, қоғамдық
және ғылыми одақтар мен бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-
ақ қоғам үшін түрлі қызмет пен қызмет қөрсетулердің кең ауқымын іске
асыратын, қызметтің алуан түрін жүзеге асыратын мемлекеттік емес қорлар,
коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары),
қоғамдық пайдалы міндеттерді шешетін басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар
түрінде құрылған мемлекеттік емес ұйымдар жатады.

3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

Осы Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы
халықаралық шарттар мен пактілер шеңберіндегі халықаралық-құқықтық
құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту әрі
олардың мемлекетпен және бизнес-секторлармен тең құқылы серіктестігі үшін
заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базаны
одан әрі жетілдіру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін күш-жігерді негізгі бес міндетке
шоғырландыру қажет:
адам, оның құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылатын
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру;
үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-сектор және мемлекет арасында үйлесімді,
тең құқылы әрі серіктестік қатынастар жүйесін құру;
ҮЕҰ жобаларына бизнес-сектордың қатысуы үшін экономикалық ынталандырулар
әзірлеу, қайырымдылық пен меценаттықты дамыту;
азаматтық қоғамның барлық институттарын дамыту үшін қолайлы құқықтық база
қалыптастыру;
өмір сүру сапасының жоғарғы стандарттарына қол жеткізу, еңбек
қатынастарын үйлестіру, халықтың бай және кедей жіктері кірістерінің
арасындағы айырмашылықты қысқарту.

4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық көрінісі

Тұжырымданың мақсаты мен міндеттерін іске асыру:
адам құқықтары мен демократиялық бостандықтарды сақтауды;
азаматтық қоғам институттарын тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар
жасауды;
құқықтары мен бостандықтарын адамның қоғам алдындағы жауапкершілігімен
үйлестіруді;
қоғамның мемлекеттік билік қызметін тиімді бақылауын жүзеге асыруды.
Билік органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы серіктестік
принциптері негізінде ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруды;
әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесін құруды;
қоғам мен билік мүдделерін келісімі жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз
ететін азаматтық қоғам моделін өмірге енгізуді көздейді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде елде демократиялық мемлекеттің басты
принципі – азаматтық қоғамның басты құндылығы ретінде адам құқықтарын
қамтамасыз ету жан-жақты іске асырылады.
Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес азаматтық қоғамның экономикалық
негізін, ал ортаңғы сынып оның әлеуметтік базасын құрайды.
Мемлекет және азаматтық қоғам институттары халықтың бай және кедей
жіктері кірістерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту, адам мен азаматтың
құқықтарын қорғау арқылы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз
етеді.
Мемлекеттік билік басты басымдықтан - қоғамға қызмет етуден шыға отырып,
азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, сөз, діни ұстаным, жиылыстар
бостандығын, азаматтардың бірігуге, әділ сотқа, таза да ашық сайлауға
құқығын мүлтіксіз қамтамасыз ететін болады.
Мемлекет азаматтық қоғам институттарының мақсаттары бойынша әртүрлі
қызметін құру және дамыту үшін жағдайды заңнамалық түрде қамтамасыз етеді.
Кәсіби-бейінді негізде азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық жасау
билік үшін міндетті шарт болады. Мемлекеттік бағдарламаларды, республикалық
және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру жеке адам мен қоғам қажеттіліктері
негізінде және оларды ескере отырып жүргізіледі.
Елдегі еңбек қатынастары әлемдік стандарттар деңгейіне жетеді.
Экономикалық өсу қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға ықпал етеді. Елде
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың әлеуметтік серіктестігі
еңбек және әлеуметтік-экономикалық салалардағы мүдделерді келісудің тиімді
тетігіне айналады.
Азаматтық қоғамның экономикалық құрамдас бөлігіндегі шағын және орта
бизнесінің үлесі айтарлықтай өседі.
Азаматтық қоғам институттары мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша
әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырады, мониторинг жүргізіп, түрлі
әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша қоғамдық пікірді зерделейді.
Қоғамдағы саяси партиялардың ролі нығаяды, бұған заңнаманы
демократияландыру, саяси партияларды мемлекеттік қолдауды ұлғайту,
Қазақстан Республикасының Парламентіндегі және мәслихаттардағы партиялық
фракциялардың рөлін күшейту ықпал ететін болады.
Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары өмір сүру сапасының қазіргі
заманғы стандарттарына қол жеткізу және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз
ету мақсатында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын арттыруға
ұмтылады.
Мүмкіндігі шектелулі адамдар әлеуметтік қорғаудың жаңғыртылған
мемлекеттік жүйесі мен тиісті заңнамалық база жасау негізінде өздерінің
азаматтық құқықтарын іске асыруы үшін жағдаймен қамтамасыз етіледі.
Мемлекет саяси ағартудың және тиімді келіссөздер жүргізу мен жанжалдардың
алдын алу мен оларды шешу дағдысына оқытудың ауқымды жүйесін құрады.
Сот практикасымен қатар қоғамдық, тұлғааралық жанжалдар мен дауларды
шешудің баламалы тәсілдері қолданылады, ұлттық менталитет пен тарихи
тәжірибені ескере отырып құрылған мүдделерді келісудің (үйлестірудің) тұтас
жүйесі әрекет етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары ел өмірін объектіивті бейнелейді және
қоғамдық мүдделер мен құндылықтарды қорғауға бағдарланады.

5. Азаматтық қоғамды дамытудың негізгі принциптері мен құқықтық негіздері

Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мынадай принциптерге негізделеді:
адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
эволюциялылық және кезеңділік;
қоғамдық өмір салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдік
дамудың жаһандық үрдістерін ескере отырып қайта құрулармен бірге
бағдарланушылық;
заңның үстемділігі, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдігі;
мемлекеттің істерін басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы міндеттерді
шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкілетті
өкілдерінің қатысуы;
елдегі демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшін тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
азаматтарды демократиялық мәдениет мінез-құлқына тарту;
билік пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мәдениетіне бейіндігі.
Азаматтардың бірлестіктері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің ешқайсы
да көпшілік билікпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкіл
секторының мүддесін қорғай алмайды.
Осы Тұжырымдаманы әзірлеу мен іске асыру үшін мыналар құқықтық негіз
болып табылады: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Азаматтық және
саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (1966 жылғы 16 желтоқсанда жасалған,
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған);
Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру кіру құқығын қорғау туралы
Халықаралық еңбек ұйымның № 87 конвенциясы (1948 жылғы 9 шілдеде
қабылданған, Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 30 желтоқсанда
ратификациялаған); Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы
10 қазандағы Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан халқына
Жолдауы; Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы (Қазақстан
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен
бекітілген), Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін
қалыптастыру тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 23 мамырдағы № 2995 өкімімен мақұлданған), Қазақстан
Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған),
Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың
тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
23 қаңтардағы № 949 қаулысымен мақұлданған).

Тұжырымдаманы іске асыру жолдары мен тетіктері
Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі тетіктері мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттар мен пактілерді
ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру және үйлестіру;
мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық
құралдарын нығайту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыру
үшін қолайлы жағдайлар жасау;
халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін жағдайлар
жасау;
Қазақстан Республикасының Парламентіңдегі және мәслихаттардағы саяси
партиялардың өкілдіктерін кеңейту арқылы олардың ролін күшейту, партиялық
фракциялардың құқықтарын кеңейту;
адам құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғам институтарының ролін арттыру;
БАҚ қызметін реттейтін заңнаманы демократияландыру;
діни бірлестіктер қызметін реттейтін заңнаманы халықаралық стандарттарға
сәйкес жетілдіру;
еңбек қатынастарын жетілдіру;
әлеуметтік саясатты жаңғырту;
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
азаматтық қоғамның басқа институттарын дамыту;
азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту.

6. Азаматтық қоғам институттары қызметінің құқықтық негізін жетілдіру

Алдағы 2011 жылға дейінгі кезеңде азаматтық қоғам институттары қызметін
қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде шаралар
қабылдау қажет. Мыналарды:
коммерциялық емес секторға салық салу мәселелерін;
үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жұмысын;
қайырымдылық қызмет пен меценаттықты;
коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу мен тарату рәсімдерін жетілдіруді;
гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді және жалпыұлттық құқық қорғау
институттарын нығайтуды регламенттейтін құқықтық нормалар мен тетіктерді
жақсарту маңызды.
Тұтастай алғанда, алда азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын, оның ішінде мәдениет, білім беру, экология, денсаулық
сақтау, ақпарат, әлеуметтік қамсыздандыру, экономика, гендерлік теңдік,
тұрғын үй саясаты, жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету бөлігінде қазақстандық заңнаманы жетілдіру
бойынша талдау жасап, жұмыс жүргізу тұр.
Ратификацияланған халықаралық шарттар мен пактілердің ережелерін ұлттық
заңнамаға имплементациялау жөніндегі жұмысты жеделдету, сондай-ақ әлі
ратификацияланбаған басқа халықаралық шарттар мен пактілерге қосылу
жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Осы бағыт шеңберінде заң шығарушылық жұмысына азаматтық қоғам
инститтуттарының өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар тартылатын болады.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық
сарапшылар палатасының жұмысын қолдау оны заң шығарушылық процесінде
азаматтық институттардың мүдделерін есепке алудың бірегей тетігіне
айналдыруға мүмкіндік береді.
7. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық
құралдарын нығайту

Мемлекеттік органдар мен азаматтық институттар ынтымақтастығын нығайту
үшін:
мемлекет пен азаматтық қоғам иституттары арасындағы өзара іс-қимыл
проблемаларын шешу және өзара іс-қимыл мен серіктестік басымдықтарын
айқындау жолдарын тұжырымдау үшін жалпыұлттық тиімді үндесу алаңқайына
айналуға тиісті азаматтық форумдарды тұрақты негізде өткізу;
заң шығарушылық жұмысы, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік
даму бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу жөніндегі қоғамдық кеңестер,
консультативтік-кеңесші органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрінде
ынтымақтастықтың тұрақты қолданыстағы тетіктерін орталық және өңірлік
деңгейлерде дамыту;
әлеуметтік мәнді проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу
практикасын енгізу;
мемлекеттік билік органдарының қызметін және олардың азаматтардың
құқықтары мен мүдделерін сақтауға, бюджет процесінің ашықтығы мен
мөлдірігіне байланысты қабылдайтын шешімдерін азаматтық бақылаудың өнімді
тетіктерін пысықтау және практикаға енгізу, жұмыстың осы бағытының
шеңберінде тиісті әдістемелік база құру;
азаматтық қоғам институттарының даму бағдарламаларын іске асыру
мониторингі мен олардың сектораралық ынтымақтастығын қамтамасыз ететін
ұлттық ақпараттық-талдамалық желі құруға және оны дамытуға жәрдемдесу,
сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
енгізу;
азаматтық институттардың сектораралық өзара іс-қимылының неғұрлым
перспективалы нысандары мен әдістерін жүйелі түрде зерделеу, анықтау,
байқап көру және енгізу, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару
органдары үшін азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдың тиімді
тетіктерін қалыптастыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;
азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және қоғаммен байланыс үшін елдің
мемлекеттік жоғары оқу орындарына кадрлар даярлаудың арнайы курстарын
енгізу мәселесін пысықтау;
орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда қоғаммен байланыс
жөніндегі құрылымдық бөлімшелер құру мәселесін зерделеу;
Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес жұмыс берушілер,
қызметкерлер және билік органдары арасындағы мүдделерді келісудің негізгі
тетігі ретінде еңбек қатынастары саласындағы тиімді әлеуметтік
серіктестікті дамыту қажет.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыру үшін ұйымдық, саяси
және құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлу қажет, бұл
мемлекеттік органдар мен азаматтық институттардың өзара іс-қимылы мен
ынтымақтастық жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.
Принциптік тұрғыдан орталық және жергілікті атқарушы органдарға
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, ең алдымен әлеуметтік блоктың тетігін
тарату қажет. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа арналған бюджет шығыстарын
кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген жөн.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қолайлы жағдай жасау үшін
сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейлерде:
серіктестік негізде билік органдары мен азаматтық қоғам институттары
арасындағы қаржылық-шарттық қатынастарды дәйекті дамыту;
мақсатты топтар мен қызмет көрсетулерді алушылар үшін тиісті пайдалылық
индикаторларының көмегімен қоғамдық қажеттіліктерді зерделеу мен жобалардың
нәтижелерін бағалау негізінде ҮЕҰ-дың қатысуымен мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс қалыптастыру;
азаматтық институттар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру процесінің
ашықтығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құралдарын практикаға енгізу;
азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстың жаңа
нысандары мен әдістерін жасау және іске асыру;
түрлі әлеуметтік мәнді салалардағы ұлттық және аумақтық (өңірлік) іс-
қимыл бағдарламаларын дайындау мен іске асыру жөніндегі алдыңғы қатарлы
шетелдік тәжірибені зерделеу және елде енгізу.

8. Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін
жағдайлар жасау

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес әрбір адам өзіне
Конституциямен кепілдік берілген экономикалық, әлеуметтік, азаматтық және
саяси құқықтарды пайдалануға мүмкіндігі болған жағдайларда ғана жеке тұлға
мұратына қол жеткізуге болады.
Ол үшін:
азаматтық қоғам институттарының жұмысы арқылы адамның құқықтық санасын
қалыптастыру;
елде жұмыс істеп тұрған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу және
азаматтардың жалпыұлттық проблемаларды шешуге толыққанды қатысуын
қамтамасыз ету;
қоғамда Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге
деген құрметті қалыптастыру;
жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында құқық
негіздерін оқыту практикасын жетілдіру;
қазақстандық қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде
құқық қорғау ҮЕҰ-ның рөлін көтеру;
құқықтық жүйені одан әрі ырықтандыру;
қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіруге, елде қоғамдық қорғау институтын
дамытуды ынталандыруға бағытталған жобалар тұжырымдауға құқық қорғау ҮЕҰ-ын
тарту;
халықтың әлеуметтік әлжуаз жіктерінің құқықтарын қамтамасыз ету үшін
әлеуметтік бағдарланған жобаларды жүйелі түрде енгізу, мүгедектердің,
әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік мәнді
жобалар тұжырымдауға КЕҰ-ды белсенді түрде тарту;
адам құқықтары және әрбір адам мен тұтас қоғам үшін олардың құндылығы
саласында жалпыға танылған стандарттар туралы халықтың хабардар болуының
жоғарғы деңгейіне қол жеткізу жөнінде тиісті мемлекеттік органдар мен
азаматтық қоғам институттарының бірлескен ақпараттық және ағартушылық
науқандарын іске асыру;
жанжалдарды соттан тыс шешу тетіктерін, дауларды келіссөздер, аралық,
келістіру соттары, делдалдық институттары арқылы сотқа дейін реттеу
практикасын белсенді енгізу;
гендерлік теңдікті дамыту және нығайту, қоғамдық санадағы әйелдер мен
ерлер құқықтарына қатысты келеңсіз таптаурындарды еңсеруге жәрдемдесу
қажет.
9. Еңбек қатынастарын жетілдіру

Еңбек қатынастарын жетілдіру үшін:
қызметкерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету
мақсатында еңбек заңнамасын әлеуметтік мемлекет принциптеріне сәйкес
келтіру;
қызметкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде кәсіподақтардың рөлі
мен орнын арттыру;
ықтимал жанжалдар мен еңбек дауларының алдын алу мақсатында меншік иелері
мен кәсіподақтар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл;
еңбек қатынастарын реттеу ауыртпалығының орталығын кәсіпорындар деңгейіне
ауыстыру;
жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің арасындағы ұжымдық шарттар
шеңберінде тиімді келіссөздер процесін қамтамасыз ету тетіктерін енгізу;
қызметкерлердің мүдделерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру және өнеркәсіп
орталықтарындағы өткір әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу
мақсатында кәсіподақтардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүйесін
жолға қою талап етіледі.

10. Әлеуметтік саясатты жаңғырту
Билік пен азаматтық қоғамның ортақ міндеті әлеуметтік мемлекет құру,
елдің экономикалық басып оза дамуын ынталандыру және азаматтардың әл-
ауқатын арттыру мақсатында әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру болып
табылады.
Азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген әлеуметтік-экономикалық
құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік нормалар мен
нормативтер белгілеуге бейімделген және сонымен бір мезгілде мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін бағдарлық қызмет
атқаратын өмір сүру сапасының ұлттық стандартын әзірлеу және практикаға
енгізу қажет.
Ұлттық стандарт мынадай бөлімдерді қамтуға тиіс: еңбекақы төлеу,
зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және халыққа әлеуметтік
қызмет көрсету, медициналық қызмет көрсету стандарты, тұтыну себеті, білім
беру қызметтерінің стандарты, отбасын әлеуметтік қолдау стандарттары,
азаматтың жалпы және ақпараттық мәдениетінің стандарттары, экологиялық
мәдениет стандарттары, халықты тұрғын үймен, коммуналдық және тұрмыстық
қызметтермен қамтамасыз ету стандарттары.
Тәуелсіздік жылдары жинақталған ресурстық әлеует, бюджет мүмкіндіктері
мен республиканың экономикасындағы оң үрдістер базасында Қазақстанның өмір
сүру сапасының ұлттық стандартының барлық көрсеткіштерін Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының барлық елдері арасында неғұрлым жоғарғы етудің
және Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу
елдің қатарына кіруін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар.
Жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат негізіне субсидиарлық принципті
енгізудің маңызы зор, бұл адам, отбасы, адамдар тобы, қоғамдық бірлестік
мүдделерінен шыға отырып, проблеманы төменнен жоғарыға қарай шешуді
білдіреді. Бұл үшін әлеуметтік көмек бағдарламаларын орындауға үкіметтік
емес ұйымдарды кеңінен тарту үшін жағдай жасау қажет, бұл өз кезегінде
жергілікті деңгейде әкімшілік шығыстарды қысқартуға және мемлекеттің
әлеуметтік саладағы жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар проблемаларды жергілікті деңгейде шешуге және елде
волонтерлық институтты дамытуға қабілетті аумақтық ҮЕҰ-дарды дамыту үшін
жағдай жасау қажет.

11. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру – әлеуметтік мәңді
жобаларды дамыту және қоса қаржыландыру, лайықты еңбекақыны уақытылы төлеу,
еңбекті қорғауды және оның қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, жалдамалы
қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға
апаратын жол. Бұл қоғамда мейірімділік, руханилық мәдениетін
қалыптастыруға, моральдық және адамгершілік құндылықтарын нығайтуға
апаратын жол.
Кәсіпкерлер үшін әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мәселелерінде олардың
қызметі үшін қолайлы, әлеуметтік қауіпсіз орта қалыптастыруға қатысу
міндеті дәлел болуға тиіс. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылық –
бизнестің табысты дамуының кепілі.
БҰҰ-ның Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
жаһандық шартының принциптерін енгізу және меценаттық пен қайырымдылық
қызметі, экономикалық ынталандыру және бизнес пен ҮЕҰ-ның тиімді өзара іс-
қимылы үшін заңнамалық база құрған мақсатқа сай келеді.

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту
2001 жылға дейінгі кезеңде азаматтық қоғамның саяси партиялар, кәсіптік
одақтар, діни бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары сияқты аса маңызды
институттарын одан әрі дамыту жөнінде шаралар пысықталып, кезең-кезеңімен
іске асырылатын болады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуге қол
жеткізуі осы жұмысты жургізу үшін қолайлы ұйымдастырушылық,
институционалдық, экономикалық және заңнамалық жағдайлар жасау мүмкіндігін
береді.
Үкіметтік емес ұйымдар сегментінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты
қалыптастыру тетігін жетілдіру мен оның ашықтығын қамтамасыз ету, оны іске
асыру тетігі мен рәсімдерін жақсарту, ҮЕҰ-ның басым әлеуметтік
бағдарламалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Азаматтық қоғамның құрылымы
Қоғамның құқықтық жағдайы
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Мемлекет және азаматтық қоғам
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ
Конституциялық құрылыс түсінігі ретінде мемлекет тірегін, оның конституциялық мемлекет сипатын қамтамасыз ететін негізгі қағидаларын танимыз
Конституциялық құқық жүйесі
Пәндер