Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Инфляцияның түрлері мен әлеуметтік зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Инфляцияның бәсендету шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11


ІІ. Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы.
2.1.Қазақстан Республикасында инфляцияның пайда болу себептері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Инфляцияны реттеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Мемлекеттің басшылығы жас мемлекеттің алғашқы қадам басқан жылдарында мемлеттіліктің қалыптасуы мен орнығуы мәселелерін кеңейтіп және оны шешу жағын қарастыру керек еді. Қазақстанның жалпы экономикалық стратегиялық бағыты ең бірінші кезекте экономиканың өзекті құрылымы оның қаржылық стабилизациясының қамтамасыз етілуін шешті. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы- тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша масасымен лықа толып кетіуі, оның құнсызданыуы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсіуі ; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетіуі. Инфляция кезенде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады. Инфляцияның тауарбағасының өсіуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігіне туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда инфляция бағаның өсіуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты.Бұл ғылыми жұмыстың басты мақсаты елдегі болып жатқан инфляцияны зерттеу, макроэкономикалық қорытындыларды қолдана отырып, осы тұрғыдағы атап айтқанда, Қазақстанда қалыптасқан факторлық мәселелерді, оның шешу жолдарын табу, дағдарыстағы қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар инфляцияға жалпылама түсініктеме беру.
Бұл курстық жұмыста бірінші тарауда мен өзім инфляцияның экономикалық өміршеңдігін, оның түрлеріне анықтама жасау, себептерін ашу, инфляцияның қалыптасуы және көрсеткіштерінің сипатын анықтау, оның қалай өлшенетіндігін ашып, тұжырымдап көрсету болды.
Екінші тарауда инфляцияның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын қадағалау және инфляциялық шараларды суреттеп көрсету, оған қолданылған әрекеттерді айшықтап берілуіне арналған.
1. Экономикалық теория негіздері. Я.Әубәкіров, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев. Алматы, 2004ж.
2. Қаржы. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Алматы, 2003ж.
3.Экономикалық теория. С.Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Астана, 2002ж.
4.Нарықтық экономика негіздері. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. Алматы, 1994ж.
5. Экономикалық теория. С.С.Мәуленова. Алматы, 2004ж.
6. Қаржылық есеп. Қ.К.Кеулімжаев. Алматы, 2001ж.
7. Жалпы экономикалық теория. Шеденов Ө.Қ. Ақтөбе, 2004ж.
8. Кәсіпорын экономикасы. А.Қ.Мейірбеков. Алматы, 2003ж.
9. Ақша, несие, банктер. Ғ.С.Сейтқасымов. Алматы, 2001ж.
10. Экономикалық теория негіздері. Осипова Г.М. Алматы, 2002ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Инфляцияның түрлері мен әлеуметтік
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 7
1.3. Инфляцияның бәсендету
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ІІ. Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы.
2.1.Қазақстан Республикасында инфляцияның пайда болу себептері мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Инфляцияны реттеу мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 25

Кіріспе.

Мемлекеттің басшылығы жас мемлекеттің алғашқы қадам басқан жылдарында
мемлеттіліктің қалыптасуы мен орнығуы мәселелерін кеңейтіп және оны шешу
жағын қарастыру керек еді. Қазақстанның жалпы экономикалық стратегиялық
бағыты ең бірінші кезекте экономиканың өзекті құрылымы оның қаржылық
стабилизациясының қамтамасыз етілуін шешті. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы
анықтамасы- тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс
сферасының артық қағаз ақша масасымен лықа толып кетіуі, оның
құнсызданыуы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер
көрсетуге бағаның өсіуі ; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп
кетіуі. Инфляция кезенде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және
артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляцияның тауарбағасының өсіуінде көрінгенімен оны тек таза ақша
феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі
сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігіне туатын күрделі әлеуметтік-
экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың
қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі. Қазіргі
таңда инфляция бағаның өсіуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының
құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы
қолайсыз ахуалымен де байланысты.Бұл ғылыми жұмыстың басты мақсаты елдегі
болып жатқан инфляцияны зерттеу, макроэкономикалық қорытындыларды қолдана
отырып, осы тұрғыдағы атап айтқанда, Қазақстанда қалыптасқан факторлық
мәселелерді, оның шешу жолдарын табу, дағдарыстағы қалыптасқан жағдайдан
шығу жолдарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар инфляцияға жалпылама
түсініктеме беру.
Бұл курстық жұмыста бірінші тарауда мен өзім инфляцияның экономикалық
өміршеңдігін, оның түрлеріне анықтама жасау, себептерін ашу, инфляцияның
қалыптасуы және көрсеткіштерінің сипатын анықтау, оның қалай өлшенетіндігін
ашып, тұжырымдап көрсету болды.
Екінші тарауда инфляцияның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын
қадағалау және инфляциялық шараларды суреттеп көрсету, оған қолданылған
әрекеттерді айшықтап берілуіне арналған.

І. ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
Инфляция термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – қампаю, кебіну,
ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және
АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1868-1865 жж.) қағаз долларының
(гринбектердің) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда
бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық
әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы
жылдары жазыла бастады.
Күн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы
инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі,
көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын сонды біздің елде
терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі – қоғамдық ұдайы
өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Басқаша
айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лыққа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
қолайсыз төлем балансы;
үкіметке сенімнің жоғалуы;
инфляцияның көріну нысандары;
тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бірқалыпты емес
өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының
төмендеуіне ұрындырады;
ұлттық ақша бірлігінің қатысты бағамының төмендеуі;
ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.
Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясын стихиялық реттеу, соның ішінде
ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезеңінде қалыптасқан
айналым саласында, алтын монометаллизмі жағдайында инфляцияның созылмалы
ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм
жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын
несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтауы кезде пайда болды.
Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сипат алып,
маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемалардың біріне айналды.
Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-
экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша
өлшемдері мөлшерінің товарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының
нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны
білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар
айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд.
доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе
құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына
зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал
мемлкекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның
құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің
көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар
тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген
норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады және оның
маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны
азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жәй қағаз ақшалар
шығарылады. Тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің
мақсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары
(әсіресе әскери шығындар).
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде
бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің өз өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын
арттырмай-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға
мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек
өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер
мемлекеттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі
артық ақша эмиссиясына (эмиссия – айналысқа ақша және бағалы қағаздар
шығару) жағдай жасайды.
Жұмыссыздықпен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс
болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филипс қисық сызығы деп аталады
(ағылшын экономисі А.В.Филипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту
салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің заңдылығын ол алғаш рет 1958 ж.
график түрінде бейнелеген болатын).

Бұл Филипс қисық сызығы график түрінде былай көрсетіледі:

Филипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздықпен инфляция деңгейінің
өзара өзгеруін көрсетеді. Бұндай қисық сызық нысаны, жоғары жұмыссыздық
жағдайына инфляция төмен болатынын білдіреді. Және керісінше,
жұмыссыздықтың азайуы жиынтық сұранымды арттырады, бағаның өсуін
итермелейді.
Нақты іс жүзінде Филипс қисық сызығы тек қысқа мерзімді уақытта ғана
пайдалануға келеді. Ал, ұзақ мерзімді 5-10 жыл алатын болсақ, ол тік
сызыққа айналады. Ұзақ уақытта тіптен жұмысқа қамтылу денгейі төмен болған
өзінде, ол инфляция өсімін тоқтата алмайды. Монополистер, кәсіподақ, ұйым
және фирмалар еңбек ақы мен тауар бағасын тоқтаусыз өсіріп, өз үстемдігін
жүргізеді. Бұған қоса сұраным ме ұсыным графигін тіке және көлденең
қозғалауын араластыруға күтпеген кенет көптеген экономикалық күйзелістер
Филипс қисық сызығын сынық сызыққа айналдырады. Ал бұның теориясын және
практикалық жағынан жарамдылығы шамалы болады
Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейімен инфляция деңгейінің арасындағы
өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің экономикалық
саясатымен оларды азайтудың шаралар жүйесі (салықтар нарқы және басқа
тұтқалар) жасалып шығарылды. Швед экономист-ғалымдары Еста Рен (1913 ж.
туған) және Рудольф Мейднер (1914 ж. туған) 50-жылдары жұмыссыздыққа қарсы
әрекет етумен инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін ұсынды. Ол тарихта
Рен-Мейднер моделі деген атпен белгілі. Бірақ Филипс қисық сызығындағы
қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында, барынша көп еңбекпен
қамтуға қол жеткізу инфляциясыз мүмкін емес.
Инфляцияның болуының басты себептері тауар айналымы және тауар өндірісі
арасында болғанмен, оған қоса елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы факторлар ақша сұранысының тауар
ұсынысынан жоғары болуы, оның нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының
бұзылыуы, яғни қаржы тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға
байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі, халық шаруашылығындағы несие
ақшаның көптігі, ұлттық валютаның курсын бір қалыпта ұстау үшін үкіметтің
қолданылатын тәсілдері, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және тағы басқа
факторларды атаууға болады. Екінші топқа тауалар бағасын және шығындарды
өсіретін ақшадан басқа факторлар жатады. Олар қоғамдық ұдайы өндіріс
құрылымының үйлеуспеушілігі, шаруашылық механизмнің әрекеті мен мемлекетің
экономикалық саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралар және сол сияқты
факторлар. Шын мәнінде екі топтағы факторлар бір- бірімен тығыз байланысты
болады және тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерінің бағасы өседі, соның
салдарынан инфляция тереңдей түседі.

1.2. Инфляцияның түрлері мен әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

Шетел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге
бөледі:
а) баяу немесе сұлама инфляция;
б) қарқынды инфляция;
в) ұшқыр инфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20%-тен аз) ақша
негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте
төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3%
деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы, 1992 жылы инфляция
Францияда – 2,7%, Германия мен АҚШ-та – 3,8% құрады. Қарқынды инфляция
кезінде баға жылына 10-20% -тен 200-300 %-ке дейін өседі. Соның салдарынан
жалақы өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция
кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000%-тен
жоғары) өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс
тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның
таңқаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда – 3400%, ал
Аргентинада – 2000% құрады.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты
инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу
экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы
артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның
оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ал
ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен өйтсе де оны
толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар
қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының
нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлік
айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем
қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін
атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраныс мен ұсынымның тепе-теңдік
бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады.
Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз
жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі
бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы
және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің
осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы
инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес,
одан әлі де болса құтылуға болады.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі
типке бөледі: а) сұраным инфляциясы, б) ұсыным инфляциясы.
Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады:
Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды. Сұраным инфляциясы нарықтық
байланыстарды монополизм мен әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің ұсақ
үстемдігі болған жағдайда да орын алады. Олар өзіндік айрықша нысан
сипатында болады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар
бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталды. Оған табыссыз жұмыс
жасайтын бірталай кәсіпорындардың санын және артық жұмыс орнын, ең көп
еңбек шығынын қажет ететін өндірісті сақтау арқылы қол жетті, ал ол еңбек
өнімділігіне кері әсер етті. Ал жалақының еңбексіз табылған табысқа
айналуы, оны сұраным инфляциясына айналдырады, бағаны өсіреді.
Ұсыным – өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының
нәтижесінде болатын инфляция.
Ұсыным инфляциясы ұсыныммен шығындарды өзгерту нәтижесінде болуы
мүмкін. Ұсыным инфляцияның екі түрі бар:
а) жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция;
б) ұсыным экономикасы механизмнің бұзылуы пайда болатын инфляция.

Инфляцияның зардабы көптеген факторлар әсер ету салдарынан болады:
Табыс пен байлықтың қайта бөлініуі Инфляция табыс пен байлықты қайта
бөледі, Мәселен, борышкерлер, кредиторлар есебінен байи түседі. Мұнда
дебиторлар барлық деңгейледің бәрі де ұтады, өйткені қарыз алғандағы
ақшаның сатып алу мүмкіндігі сол қалпында қалады, қарыз қайтарылғанда бұл
жағдай ескіріледі, сонда қайтарылғанда, ол ақшаға аз тауар сатып алынады.
Сөйтіп, инфляциядан саяжай меңгеру үшін несиеге ақша алған адамдар қарызды
болған кәсіпорын да, көп қарызды болған үкімет те ұтады.Баға өсімі неғұрлым
шапшаң, әрі күтпеген жағдайда болатын болса, ол нарық экономикасының бір
субьектісіне жақсы, ал екінші біреулерге жаман әсер етеді. Мысалы, егер
кәсіпкерлер мен кәсіподақ арасында бес жыл мерзімге ұжымдық шарт жасалған
болса, онда бағаның күрт өсімі ескерілмеген жағдайда, жалдамалы
жұмыскерлердің ұтылыуы мүмкін. Егер басқа тауарлар бағасы қымбаттаса,
кәсіпкерлер де зардап шегіп қалуы мүмкін. Сонымен, кім ақша беретін болса
соның есебінен инфляция байлық пен табысты қайта бөледі. Мұндай қайта
бөлу процесін инфляцияның қарқыны күтпеген жағдайда кенет болуы,
баланстылық болмауы күшейте түседі.инфляция қозғалмайтын мүліктер құнын
қымбататады. Сол себептен де өзінің үйі, саяжайы, жері, пәтері бар жанұлар
мен фирмалардың ауқаты арта береді.

Ақша қаржысының материалға айналыуы Инфляция кезінде нарыққа сұранымы
бар тауар мен материалдар бағасы өседі. Сондықтан халық және кәсіпорын
өздерінің тез құнсызданатын қордағы ақшасын құнды материалдық затқа
айналдыруға тырысады. Мұның өзі жалпы қарапайым халықтар мен
кәсіпорындарда ақша қаржысының жетіспеушілігін туғызады. Материалдық
заттар сатып алу нәтижесі сұраным инфляцичсын күшейтеді. Бұл жағдады
болдырмау үшін мемлекеттің қатаң ақша саясаты қажет.

Ұзақ мерзімді мақсатқа ынтаның төмендеуі Инфляция ұзақ мерзімді
инвестицияға қаржы жұмсауды ешкімге де пайдалы етпейді. Өйткені, бұл
мақсатқа ақша салғанда оның сатып алу мүмкіндігі бір басқа да, ал ол
инвестициядан табыс алған езде оның сатып алу күші одан басқа болады. Егер
оның пайдалылығы инфляция өсімінің қарқынынан жоғары болатын болса ғана,
сол инвестиция тиімді болып табылады. Инвестицияның мерзімі неғұрлым ұзақ
болса, соғұрлым көп құнсызданатын болады. Бұған мысалы, жаңа жоба 200 мың
тенге инвестицияны қажет етеді десек, бірінші, жылдың аяғында 100 мың тенге
табыс алу, екінші жылда 200 мың теңге, ал үшінші жылдың аяғында 50 мың
теңге табыс алу жобалансын. Бұл жағдайда инвестицияға бірден ақша жасау
қажет, ал табыс біраз уақыт өткен соң ғана болатыны белгілі. Егер инфляция
қарқыны 15 % деңгейінде болады деп жобаласақ, онда бірінші жылдың аяғында
алынатын табыс 100 мың тенге (1+0.15)= 87 мың теңге болуға тиіс. Ал, екінші
жылдың аяғында 200 мыңтеңге табыс алу белгіленсе, уақыт факторына
байланысты нақты алынатыны : 200*(1+0.15) = 151.5 мың теңге. Осыған сәйкес
үшінші жылдың аяғында алынатын табыс: 50 *(1+0.15)= 33.3мың теңге. Сонда
бұл бөлінген қаржыдан барлық алынатыны : 87+151,5+33.3 = 271.8 мың тенге
Демек, инфляцияны есептегеннің өзінде де бұл жоба тиімді болып отыр

Сақтық қорда жиналған ақшаның құнсызданыуы Инфляция сонымен қатар
фирманың амортизациялық қорын да құнсыздандырады, ал бұл ұдайы өндірістің
қалыпты жағдайда болуын қиындата түседі. Инфляция бұған қоса сақтауға
жиналған қордың бәрін мейлі, ол банкіге салынса да, облигация түрінде болса
да , сақтандыру және қолда ұсталған ақша болсын бәрібір олардың нақты құнын
төмендетеді. Адамдар бұл жағдайда сақтану қорын жинағысы келмейді.
Фирмалар өз пайдасының біраз бөлігін күнделікті тұтынуға жұмсайды. Мұның
өзі қоғамдағы қаржы ресурвтарын қысқартады.

Ақша қорын жасырын конфискациялау және нақты поценттін
төмендеуі.Инфляция салық арқылы халықтар мен кәсіпорындардың ақша қорын
жасырын түрде конфискациялайды. Бұл жағдай былайша Болады: салық төлеушілер
номиналды табыстың өсіуінен автоматты түрде салықты көп төлейтін топқа
қосылады. Соның нәтижесінде халықтар мен кәсіпорындар өздерінің күнделікті
қажетіне жұмсайтын табыстың бір бөлігінен айырылады. Батыс елдерде мұндай
жағдайды болдырмау үшін инфляция қарқынын еске ала отырып, салық мөлшеріне
индексация жасайды. Мұндай индексация әрине баға өсімінің әрқилы жағдайында
байланыстылықтың бұзылуына байланысты болмашы ғана иімдік береді.
Инфляциядан мемлекет те зардап шегеді, өйткені, салық мемлекеттік қазынаға
келіп түскенше, ол құнсызданып кетеді.

Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту барысында елеулі
түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны кейбір елдер де орын алатын
жергілікті инфляция, барлық елдерді қамтитын бүкіл әлемдік инфляция, елде
бір ішкі экономикалық факторлардың әсерінен болатын индуцирленген инфляция,
мөлшерден тыс несие экономикасынан туындайтын несие инфляция, сыртқы
себептерден туындайтын сырттан әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция,
инфляциялық процестің бірқалыптылығы еместігімен байланысты болатын сатылы
инфляция деп ерекшелейді.
Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне байланысты
экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі
жасайтын факторға айналады.
Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің
пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизмі бүлінеді,
елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық
экономикалық қарым-қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады,
капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады,
экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.
Инфляция баға индексі (екі әр түрлі уақыт кезіндегі тауарлар мен
қызметтердің ара қатынасын білдіретін көрсеткіш) арқылы өлшенеді. Ағымдағы
жылдың инфляция деңгейі төмендегі формуламен анықталады:

U = Ра – Рө Рө х 100%

Бұнда U – инфляция деңгейі,
Ра – ағымдағы мерзім бағасы,
Рө – өткен мерзімдегі баға.
Енді инфляция түрлерін баға өсімінің қарқыны тұрғысынан қарастырайық
(бұл бірінші критерий). Мұнда сандық өлшем алынады. Осы тұрғыдан алсақ,
инфляцияның үш түрін бөліп алүға болады: баяу – баға өсімі жылына 10 % -ке
дейін болады, ұшқыр (үдемелі) – баға өсімі жылына 10% -тен 100- 200% -ке
дейін және геперинфляция – баға өсімі 200% –тен жоғары болады. Баға
өсімінің баланстылық дәрежесіне қарай инфляция екі түрге бөлінеді: балансты
инфляция және балансты емес инфляция. Балансты инфляцияда әр түрлі тауар
бағасының бір- біріне қатынасы өзгеріссіз болады, ал балансты емес
инфляцияда әр түрлі тауарлар бағасының бір-біріне қатынасы әрқашанда
өзгеріп отырады және бұл әр түрлі пропорцияда болады. Үшінші критерий
бойынша алсақ, инфляция: алдын ала айтуға , болжауға болатын және алдын-ала
айтуға, болжауға болмайтын инфляция деп бөлінеді. Бағаның өсуі артық
ақшаның пайда болуы – бұл тек қана инфляцияның сыртқы көрінісі, ал оның
ішкі мәніне тереңірек үңілсек, мұның бәрі ұлттық шаруашылықта
пропорциялылықтың бұзуылында болып отыр.

1.3. Инфляцияның бәсендету шаралары.

Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға
қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы
тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие
экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы
экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда
ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық аурудың ерекше түрі. Ол
бір мезгілде материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі
себептері ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей
жеңуге болмайды, яғни, егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың
жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы
мүмкін. Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы
сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін
емес.
Инфляцияға саясаттың маңызды элементтерінің бірі қаржыны сауықтыру және
халық шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп және табыстылығы
(рентабальділігі) төмен шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады.
Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес, өндірістің
тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады. Сондай-ақ шетелдік несиелерді
пайдалану да маңызды. Бірсыпыра шетел мамандарының пікірінше Қазақстанда
жеңіл өнеркәсіп және туризмді дамытуда инфляция салдарын баяулатады.
Сондықтан, бұл салалардың дамуына айрықша көңіл бөлінуі керек. Сыртқы
саудамен айналысатын кәсіпорындарды толық өзін-өзі валюталық ақтауға көшіру
қажет. Бір сөзбен, инфляция халықтың әл-ауқатының деңгейіне теріс әсер
ететін нәтижелерін азайту керек. Мұның сандық бағалауы былайша: инфляцияны
1 процентке кеміту үшін бір жыл ішінде жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейінен
2 процентке жоғары болуы тиіс. Оның заңы бойынша бұл нақты жалпы ұлттық
өнімді оның потенциалды қалпынан төрт процентке кеміту деген сөз. Сонымен
бағана айтылғанымыздай былайша қорытындауға болады: инфляцияны жұмсарту
және жеңуге мемлекет оған қарсы нақты шаралар жүргізеді, оған мыналар
жатады:
- баға мен еңбек ақыны реттеу немесе бір деңгейде тоқтатып қоюға
дейін
- еңбек ақыны және басқа табысты индексациялау, бағаның өсіуіне
байланысты оларды да ұлғайту
- қаржы –несие жүйесін сауықтыру өндірістік емес шығындарды
азайту мемлекет қаржысының тапшылығын жою, несие экспансиясын
тоқтату, ақша эмиссиясын доғару
- күшті инфляция мен экономиканың құлдырауы кезінде ақшаны
жаңадан пішіндеу, яғни ақша жүйесін толық және бөлшектеп
жаңарту
- дефляция-айналыстан артық ақшаны алып тастау арқылы оның
көлемін кішірейту
- деноминация – ақша құнын толықтыру және ақша бірлігін
ірлендіру
- девальвация- елдің ақша бірлігінің ресми алтындық мәнін азайту
және оның шет ел валютасына алмастыру қабілетін шектеу
- ревальвация- девльвацияға қарама- қарсы ақшаның алтындық мәнін
жоғарылатып , ақшаның валютаға қарағандығы бағытын өсіру. Ол
инфляциядан кейін ақшаның сатып алу қабілетін қалпына келтіру
және елдің ақша жүйесін қалпына келтіру мақсаында жасалады.

Батыс елдерінде инфляцияны жиынтық сұранымның жыл сайынғы өсу
қарқынынан асып кетпеуімен түсіндіреді. Оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның негізгі себептері
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
Мемлекет - Өте ұшқыр
Инфляция және онымен күрес
Инфляция туралы ұғым
Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Қазақстандағы инфляция жағдайы және онымен күресу әдістері
Қаржы және инфляцияның шығу тарихы
Пәндер