Түпнұсқа және тәржіма: саймасайлық мәселесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 тарау. Кеңес Юсуповтың аудармашылық іс-тәжірибесі

1. 1. К. Юсуповтың аудармашылық шығармашылығы . . . 7

1. 2. К. Юсуповтың көркем тәржімашылық ұстанымдары . . . 19

2 тарау. Түпнұсқа және тәржіма: саймасайлық мәселесі

2. 1. Прозалық мәтіннің тәржімалану ерекшелігі . . . 29

2. 2. Түпнұсқа және аударма мәтіндерді салыстырмалы

талдау (Г. Г. Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» және «Полковникке жазатын жан қалмады» шығармалары бойынша) . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

1-қосымша. Сауалнама

2-қосымша. Түпнұсқа мен аударма мәтінді мазмұндық-құрылымдық талдау

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренадағы орнының нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік, мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда заман талап етіп отырған тұрғыдағы тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп, талдап-талқылаудың маңызы зор. Аударма жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни, іс-әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы шетел және қазақ әдеби шығармаларының байланысы, бір-біріне әсер етуі, типологиясы, әдеби іс-амалдары, аударма кезіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы, аударма шеберлерінің іс-тәжірибелері қарастырылады. Әлемдік әдебиет пен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдени қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері әдебиеттің жылма-жылғы тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек, аударма ісі - қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз.

XX ғасыр бойында және соңғы жарты ғасырда қазақ мәдениетінің өзге тілден қазақшаға аударудың бай тәжірибесі жинақталғандығы белгілі. Ал қандайда бір тәжірибенің негізінде ғылыми тұжырымдарды түйіндеу, теориялық негіздемені қалыптастыру - ғылыми дамудағы заңды құбылыс. Оның үстіне қоғамның қазіргі аяқ алысында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың баршасы да кәсіби тәржімашыларға, әсіресе, қазақ тіліне аударатындарға мұқтаж болып отыр. Бір айта кетер жай - бізде көркем аударманы, басқа да ғылым салаларындағы аударманы талдап, таразылап, бағалап, сынап, зерттеп, пайымдау жағы әлсіз. Аударма әр салада дами бастағанымен, аударманы зерттеу, аударма сыны мәселесіне жете көңіл бөлінбеуде. Аудармалар жасалғанымен, бірді-екілісі сыналып, аздап жақсы тұстары, кемшіліктері айтылумен ғана шектеледі. Сонымен қатар, зерттеліп жүрген аудармашылардың еңбектері әлі күнге дейін даулы мәселеге айналып, талқыланып жатқан жайы да бар. Осының салдарынан сирек зерттеліп жүрген аудармашылардың біраз еңбектері назардан тыс қалып отырады десек, қателеспесіміз анық. Айтқанымыздың айғағы ретінде біз ұсынып отырған диплом жұмысының тақырыбына өзек болып отырған аудармашы, жазушы, журналист Кеңес Юсуповтың шығармашылық жолын, оның аудармаларының зерттелу деңгейін атап өткіміз келеді. Жұмысты орындау барысында Кеңес Юсуповтың шығармашылығын тереңдетіп қарастырған еңбектердің аз екендігін байқадық. Небір танымал таланттарымыз қазақ әдебиетіне, аударма өнеріне, шетел әдебиетін қазақ оқырманына шебер аударылған түрде ұсынып, әдеби-мәдени мұрамызды байытуда. Ал, өкінішке орай, осының барлығы өз кезінде бағаланбай, ескерілмей жатады, өмірі мен шығармашылығына қатысты шындықтар кеңінен зерттелмей, пікір-көзқарастары айқындалмай, бұрмаланып берілуі де ғажап емес. Жұмысымыздың өзектілігі де, бір тұсынан алғанда - осындай тарландарымызды іздестіріп, ақыл-кеңестеріне назар салып, еңбектерін әділ бағалап, жақсылығын асыру қажеттілігінде.

Бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әрқилы болғандығы мәлім. Аудармашы болу үшін бірнеше тілді жетік, жақсы білу аздық етеді. Білікті маман-аудармашының теориялық-танымдық тұғыры боларлық иірімді - шиырлы қыр-сыры мол.

Таңдалған тақырыптың осы мәселелерге тікелей қатысы бар екендігін атап өткіміз келеді. Практикалық тәжірибедегі - белгілі бір кезеңде жасалған көркем әдебиет пен қоғамдық-саяси әдебиеттің тәржімалары тіліндегі ортақ заңдылықтарды байқау-бағдарлау, белгілі бір аудармашының, ал біздің жағдайда, атақты әрі тәжірибелі аудармашы, жазушы Кеңес Юсуповтың шығармашылық өмірін зерттеп, аудармаларын саралап, талқылау жүргізу мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға және жоғарыда аталған кәсіби аудармашы болудың «иірімді-шиырлы қыр-сырын» анықтап, жетістік - мінін ескеруіне, сонымен қатар, аудармашының жеке тәжірибесінен біліп-түйгендігі жайлы ой-толғауларына құлақ асып, айтқан ақыл-кеңестерін ойға тоқу арқылы ұлттық аударма дәстүрін жалғастыратын үлгілі маман болуға деген ынтасын, талпынысын арттырып, күшейтуге әсер етері анық.

Жұмыс мақсаты - Кеңес Юсуповтың аудармашылық іс-тәжірибесін жан-жақты зерттеу.

Бұл мақсатқа жету үшін орындалуға тиіс міндеттер:

  • Кеңес Юсупов жайлы және оның аудармаларына қатысты

фондық ақпарат жинақтау;

  • Ақпарат негізінде тақырып төңірегіндегі материалдарды іріктеу, жүйелеу;

- Прозалық мәтіннің тәржімалану ерекшелігін пайымдау

  • Кеңес Юсуповтың аударған шығармаларының түпнұсқаларын тауып, теориялық-тәжірибелік тұрғыдан салыстырмалы талдау жасау, ғылыми негізде тұжырымдау, қорыту;
  • Көркем мәтіндегі көркемдік құралдар аудармасына тоқталу;
  • Сауалнама жүргізу арқылы аудармашы жұмысының қыр-сырымен танысу, аударма мен түпнұсқаны салыстыру барысында туындаған сұрақтарды аудармашыға қойып, анықтап алу.
  • К. Юсуповтың тәржімашылық ұстанымдарын анықтау.

Зеттелу деңгейі. Қазақ әдебиеті шетел халықтарының әдебиетімен жалғаса даму үстінде. Өткен ғасырдан бастап, әсіресе, орыс мәдениетімен, әдебиетімен тығыз байланыста өсіп-өркендеп келеді. Басқа халықтармен әдеби байланыстарға қатысты еңбектер бүгінгі таңда баршылық десек артық болмас. Соның ішінде қазақ әдебиеті мен орыс, Еуропа

әдебиетінің байланыстарына қатысты А. А. Трушеваның «Қазақ - шығыс және орыс-еуропа әдеби байланысы (Мәшһүр-Жүсіп шығармалары бойынша) », Ж. А. Адайхановтың «Қазақ- Европа әдеби байланыстары», Ж. Қобылановтың «Лопе де Вега - испан әдебиетінің көрнекті өкілі» атты еңбегін атап өтуге болады. Соңғы жылдары аударма тарихы мен теориясы туралы да біршама диссертациялар қорғалды. Атап айтар болсақ, Б. Дуанинаның «Неміс прозасын қазақ тіліне аударудың өзекті мәселелері». Кандидаттық диссертация. (Астана, 2004), Г. Хошаеваның «Ағылшын детективтерін қазақ тіліне аудару үлгілері». Кандидаттық диссертация. (Астана, 2006), А. К. Тусупованың «Казахско-англо-американские литературные связи» атты ғылыми еңбегін, . Кеңес Юсупов аударған Г. Г. Маркестің романының қазақшаға аударылу жайы бүгінге дейін салыстырмалы әдебиеттануға қатысты жекелеген мақалаларда ішінара ғана қарастырылып келді.

Бұл тақырыпқа орай арнайы зерттеу әлі жазылған жоқ. Зерттеу жұмысының тақырыбы салмақты мәселені қамтып отыр және бұл ретте жеке аудармашының тіл мен стилі, тәжірибесі, оның ішінде көркем прозаны аударудың қыр-сырын зерделенуі тақырыптың бүгінгі күн тәртібіндегі кезек күттірмейтіндігін көрсетеді деп ойлаймыз.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыста Кеңес Юсуповтың аудармалары түпнұсқамен салыстыру негізінде алғаш зерттеліп отыр. Осының негізінде сапалы аударма шығармалары анықталып, аудармашы тарапынан кеткен кемшіліктер айқындалды. Түпнұсқаның барабар аудармасына қол жеткізу үшін аударманың ғылыми негізделген әдісі ұсынылды. Аталған бағыттағы нақты шығармаларға негізделген аударма теориясы, қағидалары, талаптары және ерекшеліктері анықталып, осы жұмыстың ғылыми жаңалығына негіз болып отыр.

Жұмыс нәтижелері: Кеңес Юсуповтың аударған шығармаларының түпнұсқаларын тауып, теориялық-тәжірибелік тұрғыдан салыстырмалы талдау жасадық. Салыстырмалы талдау кесте түрінде жасалды. Аудармашымен хат жазысып, сауалнама жүргізу нәтижесінде алынған көптеген ақпараттар, атап айтсақ, оның аудармаға қатысты айтқан ой-тұжырымдары, аудармаға қоятын талаптары, аударма барысында туындайтын қиындықтар, шығармашылық ізденістері мен еңбектеріне шолу жасалды. Сауалнама жүргізу арқылы аудармашы жұмысының қыр-сырымен таныстық, аудармашыға аударма мен түпнұсқаны салыстыру барысында туындаған сұрақтарды қойдық. Сауалнама қосымша ретінде жұмысқа енгізілді.

Жұмыс мазмұны. Ұсынылып отырған диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Кіріспе бөлімде таңдалған тақырып өзектілігі, жұмысты орындауда көзделген мақсат пен алдыға қойылған міндеттер, аталмыш тақырыптың зерттелу деңгейі жөнінде кең көлемде сөз болады.

Негізгі бөлімнің «Кеңес Юсуповтың аудармашылық іс-тәжірибесі» деп аталатын 1 тарауында Кеңес Юсуповтың аудармашылық шығармашылығы, тәржімашылық ұстанымдары баяндалады. Аудармашымен хат жазысып, сауалнама жүргізу нәтижесінде алынған көптеген ақпараттар, атап айтсақ, оның аудармаға қатысты айтқан ой-тұжырымдары, аудармаға қоятын талаптары, аударма барысында туындайтын қиындықтар, шығармашылық ізденістері мен еңбектері, аудармашылық тәжірибесінен келтірілген кейбір мысалдар осы жұмысқа енгізілетін болады. Жан-жақты ізденіс нәтижесінде (газет-журналдар, оқу құралдары, ғаламтор, ғылыми зерттеулер және өзге де материалдарды қолдану, аудармашымен сұхбат жүргізу, т. б. ) аудармашының осы уақытқа дейін жасаған бүкіл аудармаларының нақты саны анықталып, жүйеленеді.

Негізгі бөлімнің 2 тарауында прозалық мәтіннің тәржімалану ерекшелігіне жалпы тоқталып өтіп, аудармашы шығармашылығындағы ең ірі аударма туындылары - Габриель Гарсиа Маркестің әйгілі «Жүз жылдық жалғыздық» романы мен «Полковникке жазатын жан қалмады» повесінің аудармаларын түпнұсқамен салыстыра отырып жүйелі түрде талдау, саралау, таразылау, сынау, зерттеу жұмыстарын жүргіземіз, аудармашының стилін, стратегиясын айқындаймыз. Аудармада кездескен артықшылықтар мен кемшіліктерге қатысты теориялық-тәжірибелік тұрғыдан пікір айтылып, баға беріліп, ғылыми негізде ой, тұжырым қорытылады. Аудармадан алынған мысалдар түгелімен кесте түрінде беріледі және осы кестеге кейбір сөздер немесе сөйлемдердің өзіміз ұсынған аударма нұсқалары да енеді. Аудармадағы ерекше аударылған сөздер жиынтығынан баламалар кестесі жасалып, қосымша ретінде осы диплом жұмысына енетін болады. Әр бөлім ондағы қозғалған мәселеге қатысты қорытынды оймен аяқталып отырады.

Қорытынды бөлімде жалпы аудармашыға қойылатын талаптарды талдай келе, Кеңес Юсуповтың шығармашылық ісіне, аудармашылық шеберлігіне, дербестігіне, ұзақ жыл бойғы жинаған тәжірибесіне, аударған еңбектерінің сапасына - жалпы тақырыпқа қатысты пікірлер айтылып, ұсыныстар жасалады.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, дедуктивті-индуктивті тұрғыдан жіктеу, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негізін анықтау арқылы, оның универсалды ұстанымдары мен ұғымдарын талдап көрсету негізінде жалпы лингвистика салаларының даму сипатын жүйелеу мүмкіндігі пайда болады. Зерттеудің нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары көркем шығарманы аудару теориясы туралы маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Аудармашылық - нағыз шығармашылық өнер. Аударма адамдардың көш замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсіндіру құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Нағыз шығармашылық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның стильдік, тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да, жарық етіп шығару. Осы екеуі ұштасқанда ғана аударма көркем болады. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланыста болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір проблемалардың күн тәртібіне қойса, керісінше, белгілі бір проблемалардың шешімін табуы теорияны ілгерілетеді, соған орай аударма тарихы дами түседі.

1 тарау

Кеңес Юсуповтың аудармашылық іс-тәжірибесі

1. 1. Кеңес Юсуповтың аудармашылық шығармашылығы

Сан алуан мәдениет кеңістігі қалыптасқан, көп ұлтты Қазақстан жағдайында мәдениетаралық байланыстардың маңызы күн санап арта түспек. Қазақстанда сан алуан мәдениет кеңістігі барлығын, оның жетекші қос арнасы бар екенін және оның бірі - қазақ мәдениеті екенін айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Екінші тасқын - орыс тілді мәдениет, орыс халқының ежелден келе жатқан дәстүрі және сан ғасырлық даму барысында солар бойға сіңіргеннің бәрі бұған негіз болып табылады. Бұл мәдениет славяндардың ғана емес, сонымен бірге Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың игілігі, олардың мәдени әлеуеті болып табылады. Мұны жоққа шығаруға әрекеттенгендер, оқшаулануға ұмтылғандар өзін жалпы әлемдік мәдениеттің жанды қайнарларынан бөліп тастамақ» [6, 46-б] - дейді. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да : «Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» - деген болатын жиырма бесінші сөзінде. [30, 109] Бұл тұжырым қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жалпы әлемдік байланыстағы жолын, бағдарын, әлем әдебиетінің құнды шығармаларын қазақ жеріне, қазақ оқырманына жеткізудің мәнін, осы орайдағы орыс мәдениетінің, орыс тілінің рөлін айқын көрсетеді. Салғастыру түрі жағынан көркем шығармалардың орыс тілінен қазақшаға аударылуына арналған, зерттеу бағыты әдебиеттану ғылымына негізделе отырып, тілтану төңірегіндегі кейбір жәйттерді де қамтитын осы жұмысымызда көркем прозадағы аударма шеберлігі мәселесін анықтауды мақсат еттік.

Журналист, жазушы, тәржіма өнерінің майталман өкілі, Г. Г. Маркестің «Жүз жылдық жылғыздығын» қазақша сөйлеткен белгілі аудармашы Кеңес Юсуп (Түсіп) 1941 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Баймұр ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген. Өзен порты училищесін бітіріп жоғарғы Ертіс айлағында жұмыс істеді. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды, “Социалистік Қазақстан”, “Қазақстан коммунисі”, “Жұлдыз” республикалық газеттер мен журналдарында қызмет етті. Қазақстан Республикасы Президентінің ақпарат қызметінде бас эксперт болды.
«Ақиқат сапар» (1977 ж), “Қарашадағы көктем” (1981 ж), “Охапка полевых цветов” (1983 ж), әңгімелер мен повестер жинағының, “Желқайық” (2000 ж) кітабының авторы. 2001 жылы «Жалын» журналының ұйымдастыруы бойынша өткен жабық бәйгеде екінші орынды алған терминология мәселесі, қазақ тілі бойынша іс жүргізуге арналған «Құжат тілі» кітабы жарыққа шығады. 1992 жылы «Анықтама сөздігі» шықты, 1994 жылы іс жүргізу туралы “Екі тілде іс жүргізу” кітабы жарық көрді.

Г. Г. Маркес 1985ж. «Жалын» баспасымен жарық көрген кітабында “Жүз жылдық жалғыздық” романын аударып шықты. Кейін келе, 2007 жылы “Мәдени мұра” баспасымен жарық көрген аударма туындылары жинағында Г. Г. Маркестің:

  • «Қураған жапырақтар» («Палая листва» - «La hojarasca») хикаясын;
  • «Полковникке жазатын жан қалмады» («Полковнику никто не пишет» - «El coronel no tiene quien le escriba») хикаясын;
  • «Ұлы шешені жерлеу» («Похороны Великой Мамы» - «Los funerales de la Mama Grande») ;
  • «Жоғалған уақыттың теңізі»
  • «Сенбіден кейінгі күні» («День после субботы» - «Un día despues del sábado») ;
  • «Балтазардың өміріндегі ең бір өзгеше күн» («Незабываемый день в жизни Бальтасара» - «La prodigiosa tarde de Baltazar») ;
  • «Монтьельдің жесірі» («Вдова Монтьель» - «La viuda de Montiel») ;
  • «Дүниедегі ең сұлу суға кеткен адам» («Самый красивый утопленник в мире» - «El ahogado más hermoso del mundo») ;
  • «Елес кеменің соңғы сапары» («Последнее путешествие корабля-призрака» - «El último viaje del buque fantasma») ;
  • «Біздің адамдар ұрламайды» («У нас в городке воров нет» - «En este pueblo no hay ladrones») ;
  • «Сейсенбідегі түскі дамыл» («Сиеста во вторник» - «La siesta del martes») ;
  • «Сол күндердің бірінде» («Один из этих дней» - «Un día de éstos») ;
  • «Махаббаттан әрдайым өлім мықты» («За любовью неизбежность смерти» - «Muerte constante más allá del amor») ;
  • «Тура сағат алтыда келетін әйел» («Женщина, которая приходила ровно в шесть» - «La mujer que llegaba a las seis»)

сияқты әңгімелерін аударып шықты. Сондай-ақ, тәржімашы жас болгар жазушыларының әңгімелер мен повестерінің жинағын аударды (“Гүлжазира’’, 1987) . Қазақстанның «Еңбек сіңген қайраткері» атағының иесі. Кеңес Юсупов жайлы деректер аз болғанымен, оның шығармашылық өмірбаянын оның шығармалары мен аудармаларынан, мақалаларынан көруге болады.

Кеңес Сләмханұлы әдеби байланыстар мен көркем аудармаға көп еңбек сіңірген жазушыларымыздың бірі. Ол дүниежүзі классикалық әдебиетінің асыл мұралары мен кеңестік замандағы орыс және ұлт республикалары өкілдерінің ірілі-уақты көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударуда да тамаша табыстарға жетті. К. Юсупов аудармамен айналысу арқылы олардан игілікті үлгі-өнеге алып, өзі үшін жаңалықтар ашып отырды. Ол аударма жұмысына тиісті дайындықпен, үлкен жауапкершілікпен барған жазушы. Аудармаға қойылатын негізгі талаптарды толық түсінетіндігіне, аударманың теориялық және техникалық заңдылықтарын қатаң сақтайтындығына аудармаларына салыстырмалы талдау жасау нәтижесінде көзіміз жеткен болатын. Әрбір жазушының өзіндік стилін, өзіндік ерекшелігін аударма арқылы танытудағы табысы мол. Аудармашылық өнер Кеңес Юсуповтың шығармашылығында көрнекті орын алады. Біріншіден, ол сол арқылы қазақ әдебиетін байыта түсуге тиісті үлес қосты. Екіншіден, білім жағынан оның өзі де өсті, шығармашылығы да өсті. Сонымен бірге жазушының жазушылық шеберлігінің қалыптасып, жоғары сатыға құлаш сермеуіне аударма саласындағы еңбектері де айтарлықтай әсер етті.

Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: « . . . Тіл тазалығы - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. Біз сияқты мәденииет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра - араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек», - деген екен.

Шынында да, аудармадағы тіл тазалығы арқылы қазақ тілінің байлығын танытып, ойын өркендете аламыз, ақпаратты дұрыс та жетік жеткіземіз. Кеңес Юсуптың аудармаларынан дәл осы тіл тазалығын байқадық.

Мәскеуде өткен Аудармашылар форумында айтқан Сәкен Сейфуллиннің: «Қазақ тілі мемлекеттік мекемелердің тілі болмайынша, оның болашағы жайында сөз қозғау ерте» - деген сөздері аудармашының өмірлік ұранына айналғандай. Тіл мәселесіне бей-жай қарамайтын Кеңес аға мақалаларының бірінде: «Сөз мәдениеті, тіл тазалығы, сөз қолданысындағы әбестіктер, тілді шұбарлау, қателіктері мен кемшіліктерін түзеу біраз уақыттан бері қозғалмай жүрген мәселе еді. Шынында да, соңғы кездері сөздерді орынсыз, кейде тіпті мағынасыз қолдану, «көпірме мен лепірме» жиілеп бара жатқан секілді . . . Әлбетте, тілімізді қателіктерден, жаңсақ сөйлеуден арылтудың бір жолы - баспасөз тілінің мәдениетін көтеру екені аян. Әсіресе, соңғы кезде жұрттың бейілі ауған электрондық ақпарат құралдарының сөз қолданысына - ертеңгі күні көрермен, тыңдарман қауымның құлағында қалатын тіліне аса сергек қараған абзал. Қазіргі уақытта сөздің байыбына бармай, астарын аңдап жатпай, талғамай әрі таңдамай қолдану, асығыстыққа жол беру белең алып бара жатқаны сезіледі. Таяуда «Хабар» телеарнасында (12 мамыр, «Қорытынды жаңалықтар» бағдарламасы) Қостанай облысынан берілген хабарда тұрғылықты жұрттың, оның ішінде басшы адамдардың салғырттығы, жауапсыздығы салдарынан ескі құрылыс орнында ойнап жүріп қайғылы қазаға ұшыраған кішкентай бүлдіршін жайында «жер жастанды» деген сөздер айтылды. Абайламай айтылған ауыр сөз. Дұшпанға айтылатын сөз. Қазақ бұлай демесе керек, қаралы оқиға жайында, әсіресе осындай күйінішті сәттерде, «көз жұмды», «опат болды», «қазаға ұшырады» дейді немесе басқадай сөз табады. Қазіргі хабарлар мен анда-санда беріліп тұратын таспадағы жазуларды тыңдаған кезде сөзіміздің әрі кете бастағандай әсер қалады. Таптаурын тіркестер, жаттанды сөздер… «Шырылдаған шындық», «толағай табыс», «жанкешті еңбек», әйтеуір, даңғаза, дабылдау. Әсілінде, бұлар әдемі сөздер, алайда біз айта-айта ажарынан айырып бара жатырмыз. Алдында пісірілген асты қайыра ысытып бере беру аш адамның өзін мезі етпей қоймасы анық. » - деген пікір айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем тәржімадағы адекваттылық мәселесі
Тәржіма тағылымы
Поэтикалық аудармаға түсінік
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Аударма
Мәдениет – ұлт-тіл тұтастығы
Аударманың трансформациясы және оның түрлері
Қазақ-өзбек әдеби байланыстары
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Көркем əдебиет саласындағы аударма мəселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz