Криминалистік идентификация



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім:
o Криминалистік идентификацияның түсінігі мен мағынасы
o Кримналистік идентификацияның объектілері мне оның субъектілері
o Криминалистік идентификацияның сатылары және оның нәтижелерін қылмыстарды тергеуде пайдалану
o Идентификациялық белгілер мен олардың басты маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі – криминалистік идентификация болып табылады.
Танулардың криминалистік тәсілдерінің бірі осы криминалистік идентификация болып табылады. Тәсілдерді біз, негізінен, қандай да бір практикалық немесе ғылыми міндеттерді шешуге бағытталған операциялардың белгілі бір жиынтығы ретінде білеміз.
Қылмыстарды тергеу барысында іздердің және де басқа да белгілерді қолдана отырып, адамның, заттың немесе басқа да бір объектінің зерттеліп жатқан жағдаймен байланысын анықтау қажеттілігі туады. Міне, осы жағдайларда криминалистік идентификацияның маңыздылығы мен мәнінің мазмұны толықтай ашылатыны анық.
Біз осы курстық жұмыста, криминалистік тану тәсілдерінің ең көп танылғаны және көп қолданылатындарының бірі – криминалистік идентификация туралы сөз қозғаймыз. Криминалистік идентификацияның барлық мақсаттарын орындау – бұл қылмысты ашудағы жетістікке жетудің бір жолы болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу бағыттарын атап айтар болсақ, олар: криминалистік идентификацияның түсінігі мен мағынасын ашу, криминалистік идентификацияның түрлері мен жүргізу нысандарын анықтау, криминалистік идентификациялардың сатыларын сипаттау және идентификациялық белгілерді атап өтіп, мағынасын ашу болып табылады. Бұл мәселелердің басын ашу үшін ғылыми зерттеу және практикалық мәселелер сұрақтарына жауап беріледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасы

ТАҚЫРЫБЫ: Криминалистік идентификация

Орындаған: Байсбаев М.

Тексерген: Балашов Т.Т.

Алматы 2005 ж.

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Негізгі бөлім:
o Криминалистік идентификацияның түсінігі мен мағынасы
o Кримналистік идентификацияның объектілері мне оның субъектілері
o Криминалистік идентификацияның сатылары және оның нәтижелерін
қылмыстарды тергеуде пайдалану
o Идентификациялық белгілер мен олардың басты маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі – криминалистік
идентификация болып табылады.
Танулардың криминалистік тәсілдерінің бірі осы криминалистік
идентификация болып табылады. Тәсілдерді біз, негізінен, қандай да бір
практикалық немесе ғылыми міндеттерді шешуге бағытталған операциялардың
белгілі бір жиынтығы ретінде білеміз.
Қылмыстарды тергеу барысында іздердің және де басқа да белгілерді
қолдана отырып, адамның, заттың немесе басқа да бір объектінің зерттеліп
жатқан жағдаймен байланысын анықтау қажеттілігі туады. Міне, осы
жағдайларда криминалистік идентификацияның маңыздылығы мен мәнінің мазмұны
толықтай ашылатыны анық.
Біз осы курстық жұмыста, криминалистік тану тәсілдерінің ең көп
танылғаны және көп қолданылатындарының бірі – криминалистік идентификация
туралы сөз қозғаймыз. Криминалистік идентификацияның барлық мақсаттарын
орындау – бұл қылмысты ашудағы жетістікке жетудің бір жолы болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу бағыттарын атап айтар болсақ, олар:
криминалистік идентификацияның түсінігі мен мағынасын ашу, криминалистік
идентификацияның түрлері мен жүргізу нысандарын анықтау, криминалистік
идентификациялардың сатыларын сипаттау және идентификациялық белгілерді
атап өтіп, мағынасын ашу болып табылады. Бұл мәселелердің басын ашу үшін
ғылыми зерттеу және практикалық мәселелер сұрақтарына жауап беріледі.

o Криминалистік идентификацияның түсінігі
мен мағынасы
Қылмысты ашу барысында адам қолының іздері мен аяқ іздері бойынша
оқиға болған жердегі тұлға анықталады; ал транспорт құралының ізін зерттеу
арқылы – ізін суытқан автомобиль анықталады; оқтағы және гильзадағы
белгілерді зерттей келіп, мұның сезіктіден табылған қарудан атылған-
атылмағандығы анықталады; қолжазбалық мәнінді зерттей келе, құжаттың нақты
бір адаммен жазылғандығы анықталады. Міне, осы аталып отырғанымыздың
барлығы да криминалистік идентификация тәсілін қолдану нәижесінде мүмкін
болып табылатынын айта кеткенді жөн санап отырмын.
Аталған және осыған ұқсас жағдайлардың барлығында да біз
қалдырылғын ізді қолдана отырып, оны қандай объект қалдырылғандығын
анықтаймыз және бұл басты мақсат болып табылады. Сонымен қатар, екі түсінік
– объект пен ол қалдырған із кең мағынада түсіндіріледі. Объект ретінде
біз, әдетте, адамды, оның киімінің заттарын, аяқ-киімін, қылмыс қаруын,
транспорт құралдарын, қаруларды және қылмыс жасауда қолданылған басқа да
құралдарды және тағы басқаларын танимыз.
Қалдырылған із ретінде құжаттар, түрлі сипаттағы іздер,
фотосуреттер, объект бөліктері, мида бейнеленген үлгілер танылуы мүмкін.
Объектіні идентификациялау – ол қалдырылған іздерді барынша
пайдалана отырып, объектінің уақыттың түрлі кезеңдеріндегі объектінің түрлі
жағдайларындағы тұрқын не болмаса өзімен ұқсастығын анықтау (айқындау)
болып табылады.
Объектінің біркелкілігі не болмаса оның ұқсастығы ең біріншіден
оның қайталанбастығын, жеке-даралығын, оған ұқсастардан айырмашылығының
болуын білдіреді. Табиғатта бір-бірінен айырмаланбайтын екі зат жоқ. Ұқсас
объектілер туралы айтуға болар еді, өйткені олар бір-біріне белгілері
бойынша топтастырылады, жіктеледі, бірақ та толықтай және түгелімен бір-
біріне ұқсас екі заттың бар екендігін туралы айтуға болмайды.
Криминалистік идентификация (сәйкестендіру) қылмыстық іс
жүргізудегі ақиқатты орнатудың бірден-бір белгілерінің бірі болып табылады.
Бұл жағдай оның ғылымда, техникада қолданылатын идентификациялардан бірден
айырмаланатындығын көрсетеді. Бұл айырмашылық сәйкестендірудің мағынасы
бойынша да, оның жүргізілу нысаны бойынша да айқын көрінеді.
Мәселен, химияда, ботаникада, зоологияда, минерологияда және тағы
басқаларда идентификациялау – объектінің стандартталған класқа, топқа,
түрге жататындығын анықтау, яғни мәні бойынша жіктеу жүргізу болып
табылады.
Бұдан барынша өзгеше болып табылатын криминалистік идентификация
жеке-даралық ұқсастықты анықтау мақсатында жүргізіледі, яғни белгілі бір
нақты анықталған объектінің өз-өзімен сәйкестігін анықтау болып келеді.
Оның мазмұнын анықтай отырып, оны жүргізудің ерекшелігін, мақсаты мен
құралының қолданылуы ерекшеліктерін байқауға болады.
Криминалистика ғылымының ғалымы Р.С.Белкиннің пайымдауынша
криминалистік идентификацияның маңызды белгілерінің қатарына келесілерді
жатқызуға болады: а) криминалистік идентификацияның объектілері жеке-
анықталған болып келеді және тұрақты сыртқы пішінге ие; б) криминалистік
идентификация идентификацияланып жатқан объектінің тұрақты белгілерінің
бейнелері негізінде жүзеге асырылады; в) криминалистік идентификация
қылмысты тергеуде, анықтауда, қылмысты ашуда және сот талқылауында
қолданылады және жүзеге асырылады. Міне, осы аталған белгілер арқылы біз
криминалистік идентификацияның басқа идентификациялардан өзгешелігін көре
аламыз.
“Криминалистикалық идентификация” терминінің өзі бірнеше мағынада
қолданылады. Онымен мақсатты (міндетті) және зерттеудің нәтижесін
белгілейді (“объект идентификацияланған”). Терминнің екінші мағынасы –
идентификация процесінің сипаттамасы, яғни белгілі бірізділік бойынша
атқарылатын әрекеттердің жүйесі болып табылады. Және ең соңғысы
“кримналситік идентификация” терминімен танымның тәсілін – қылмыстық,
азаматтық, әкімшілік, арбитраждық істер бойынша материалдық объектілерді
сәйкестендіре отырып, ақиқатқа жетудің теоретикалық концепциясын
белгілейміз.
Криминалистік идентификацияның теориясын жасау кезінде материалдық
дүниедегі объектілер мен құбылыстардың ұқсастығы мен олардың бір-бірімен
өзара байланыстылығы туралы философиялық категориялар қолданылады. Сонымен
қатар криминалистикалық идентификацияның теориясын қалыптастыру кезінде
логиканың (формальдік болсын, диалектикалық болсын) ережелері де кеңінен
қолданылған.
Криминалистік идентификацияның маңызы объект пен оның қалдырған
ізін сәйкестендіруден көрініс табады. Бұндай сәйкестендірудің негізінде –
тірі және өлі материаның қасиеттерін қатар қойып, оларды салыстыру
жатқандығын айту керек. Осы ғылыми түсінікке сәйкес әрекеттің негізінде із
қалатынының заңдылығы (сонымен қатар қылмыстық әрекеттің де); мен
қалдырылған із бойынша объектіні анықтаудың заңдылығы; алынған мәліметтерді
іс бойынша ақиқатты айқындауға қолданудың заңдылығы туралы көп айтылады.
Із қалдыру процесінің өзі барлық жағдайларда із қалдыратын
объектінің немесе құбылыстың (әрекеттің) қоршаған ортамен байланысы кезінде
орын алады. Бұл өзара әрекеттестік объектінің қасиетінің із қалдыру
нысанын, сонымен қатар із қалдырудың толықтығын көрсетеді. Сондықтан да
сәйкестікті анықтау фактісі – өз мәні бойынша екі жүйенің: із қалдыратын
объектінің және қалдырылған іздің арасындағы өзара әрекеттестікті анықтау
фактісі болып табылады. Осыдан көретініміз, идентификация сәтті болып шығу
үшін ең керекті шарт – объектінің із қалдыру жағдайы мен оның із қалдыру
әдісін анықтау айқын болулары тиіс.
Криминалистік идентификация теориясы мен практикасында із
қалдырудың екі нысанын келтіреді, олар: материалдық-бекітілген және
психофизиологиялық із қалдыру болып табылады. Біріншісі іздердің
материалдық объектілерде объективті түрде бекітілуін білдіреді. Олардың
қатарына іздер (қолдың, аяқтың, қарудың, транспорт құралдарының және тағы
басқалардың); фотосуреттер (тірі адамдардың, өліктердің, заттай
дәлелдемелердің, жергілікті жер учаскелерінің, құрылыстардың және тағы
басқалардың); суреттеу (сонымен қатар есепке алу картотекасы) және осыларға
ұқсас объектілер жатады.
Психофизиологиялық нысан – нақты адамның есінде заттың үлгісін
қалдыру. Бұл, көріп отырғанымыздай, субъективтік сипатқа ие болып табылады.
Сондықтан да сәйкестендіру субъектісі (идентификацияны жүргізуші тұлға)
болып, бұл жағдайда тек есінде объект үлгісі қалған адам ғана бола алады.
Идентификацияның қажетті шарттарының бірі – салыстыру тәсілінің
болуы, яғни бір уақытта екі объектіні оларды не біріктіреді және не
ажыратындығын анықтау мақсатында қатар қойып зерттеу қажет. Сәйкестендіру
пароцесінде сәйкессіздіктердің анализі өте үлкен маңызға ие болып табылады.
Диалектикалық логиканың ережелеріне сәйкес, объектінің сәйкестігінің мүмкін
екендігін ескере отырып, оның тұрақты түрде өзгеріп отыратындығын ұмытпау
керек. Басқаша айтар болсақ, табиғатта абстрактілі сәйкестік болуы мүмкін
емес, ол барлық жағдайда нақты болуы тиіс.
Болмай қоймайтын сәйкессіздіктерді зертеу сәйкестік фактісін айқын
анықтауға және түсіндіруге, ұқсамайтын жерінің шегін анықтауға жағдай
туғызады. Бірақ мұның барлығы заттардың ұқсастығы мен сәйкестігінің бар
болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Сәйкессіздіктер түрлі фактілерге тәуелді болуы мүмкін. Мысалы:
заттың табиғатына, заттың дайындалып шығу жағдайларына, оның пайдаланылу
шегіне және т.б. қарай.
Осы тұрғыда қылмыскерлердің жасайтын қолдан жасалған (жасанды)
ерекшеліктерді айта кеткен жөн. Жасанды айырмашылықтар затқа түрліше әсер
ете отырып, оны өзгертуге бағытталған қасақана әрекет нәтижелері болып
табылады. Мысалы, саусақтың ізінде ол тіркелгеннен кейін пайда болған
тыртықтың болуы мүмкін.
Айырмашылықтарға алып келетін өзгерістер өздерінің негіздері
бойынша қажетті және кездейсоқ орын алған болып екіге бөлінеді. Қажеттілері
– бұлар қандай да бір фактордың әрекетінің заңды салдары. Мысалы, жастық
(возрастное) өзгерістер, тамақты ішуге байланысты пайда болған өзгерістер
және тағы басқа. Кездейсоқ орын алған өзгерістерге мысал ретінде ствол
каналында пайда болған қисықтарды жатқызуға болады. Сонымен қатар қандай да
бір абайсызда орын алған өзгеріс заңдылық элементімен қатар жүреді.
Объектілерді салыстыру процесінде сәйкес келетін белгілермен қатар,
сәйкес келмейтін де белгілерді анықтау қажет; екі белгінің (айырмалайтын
және сәйкестендіретін) қайсысы басымырақ екендігі анықталып, ұқсастық
немесе сәйкессіздік туралы нақты шешім шығуы тиіс.
Айырмашылықтың болуы да, сәйкестік сияқты, криминалистік
идентификацияда үлкен маңызға ие. Айымашылықтардың орын алу табиғаты мен
оның сапалық және сандық көрсеткіші, айырмашылықтың үлесін зерттеудің соңғы
нәтижесінде келесідей үш қорытындыға келеді: а) ұқсастықтың бар болуы; б)
оның жоқ болуы; в) аталған міндеттің шешілуінің мүмкін болмауы.
Идентификация процесінің тәсіліне диалектикалық тұрғыдан келу
объектіні оның айырмашылығы бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл
жағдайда ұқсастықтар объектіде бар айырмашылықтардан барынша басым болулары
тиіс. Сонымен қатар басты нәрселердегі сәйкессіздіктерді анықтайтын маңызды
айырмашылықтар дифференциация актісінің (жоққа шығарылған идентификация)
пайда болуына алып келеді.
Идентификация мен дифференсация екеуінің екі түрлі және бірін-бірі
болдырмайтын түсініктер болғанымен, оларға жету жолы біреу ғана болып
табылады. Ол жол – салыстырылып жатқан объектілердің қасиеттерін объективті
түрде зерттеу және оларды қатар қойып анықтау болып табылады.
Криминалистік идентификацияның объектілері ретінде адамдар
(айыпталушы, жәбірленуші), түрлі материалдық заттар (қылмыс қаруы, атыс
қаруы, транспорт құралдары, құрылыстар және тағы басқалар) болуы мүмкін.
Криминалистік идентификация кезінде зерттелетін тікелей объектілер
ретінде адамның қолының, аяғының, тістердің іздері, оның киімдерінің
заттары; бұзу қаруының іздері, оқ пен гильзадағы іздер, транспорт
құралдарының іздері танылады. Мұндай іздерді лабораториялық жағдайда
зерттеудің барлық кезде мүмкін бола бермейтіндігін ескерсек, зерттеудің
тікелей объектілері көбінесе олардың көшірмелері (модельдері),
фотосуреттері түрінде болады.
Идентификацияның құралы ретінде құжаттарды да зерттейді, мысалы,
мөрді сәйкестендіру үшін құжатты қолданады; қолжазба бойынша тұлғаны
анықтау кезінде, егер құжат қолдан жазылса, қолданылады; типографиялық
термені немесе жазу машинасын анықтау үшін де құжаттар қолданылады.
Жергілікті жер учаскелері, құрылыстар, құрылымдарды оларды тікелей
көрсету жолымен де, сонымен қатар олардың суреттерін көрсету жолымен де
сәйкестендіріле береді.
Жеке сәйкестендіру ерекшелігі болып “бүтінді оның бөлшектері
негізінде анықтау” табылады немесе басқаша айтар болсақ, бөліктердің бір
түтінге тиісті екендігін анықтау табылады. Осы міндетті шешу кезінде
объектінің фрагменттелген бөліктерін қосып қарайды (сынықтар, ұшқындар,
бөліктер, қағаздың бөліктері). Мысалы, оқиға болған жерде қалдырылған
фардың сынықтары анықталып отырған транспорт құралына тиесілі емес пе
екендігін анықтау.
Бірақ тұтастай зерттеу деген түсінік криминалистикалық
идентификация мәселесінде кездескенде кеңірек талқыланады. Бұл түсінікпен
келесілер қамтылады:
- органикалық емес монолиттік құрылымның заттары;
- биологиялық өсімдіктер;
- материалдық компоненттер;
- хаотикалық жүйелер (сұйықтықтар).
Аталған жағдайлардың барлығында идентификацияның тәсілдері мен
әдістерін қолдана отырып тұтастықты анықтау жасалған әрекет пен тұтастың
бөліктерге айналу процесінің арасында байланыс бар ма екендігін анықтауға
болады.
Идентификация кезінде зерттеу объектісі ретінде криминалистік есеп
мәліметтері де қолданылуы мүмкін (қылмыскерлерді, танылмаған өліктерді,
хабар-ошарсыз жоғалып кеткендерді тіркеу). Сонымен қатар саусақ іздерінің
картотекасы, оқиға болған жерден алынған гильзалар мен оқтардың коллекциясы
және тағы басқа.
Идентификация субъектілерінің қатары өте ауқымды болып келеді.
Криминалистік идентификацияны сарапшы, тергеуші, сот, маман және процеске
қатысушы кез келген тұлға жүргізе алады. Дегенмен олардың әрекетінің көлемі
мен идентификация актісінің маңызы бірдей бола бермейді.
Сарапшы идентификацияны тек қана процессуалдық нысанда жүзеге
асырады. Сарапшының жасаған сәйкестіктің барлығы туралы қорытынды сот
дәлелдемелік маңызы бар болып табылады. Тергеуші мен сот идентификацияны
процессуалдық нысанда да, сонымен қатар процессуалдық емес нысанда да
жүзеге асырылады. Мысалы, тергеуші немесе сот жауап алынып тұрған адам, нақ
сот шақырылған адам екендігін анықтауының өзі қарапайым идентификацияның
мысалы болып табылады.
Тінту кезінде тінтіліп жатқан затты, оның істе тіркелген белгілері
бойынша алу да тергеушінің белгілі бір дәрежедегі идентификацияны жүргізуі
болып табылады. Сонымен қатар тану үшін көрсету тергеу әрекеті де
идентификацияға мысал болып табылады. Оқиға болған жерден оралымды саусақ
ізін алғаннан кейін тергеуші оның салыстырмалы үлгілерін сезіктілерден
зерттейді, ал егер де ондай өрнектер сезіктілерден табылмаса, тергеуші қол
ізін сараптамаға жібермейді.
Кейбір идентификацияларды сот пен тергеуші дәлелдемердің негізінде
де жүргізе береді, бірақ бұл дәлелдемелерде сәйкестік туралы мәліметтердің
болуы тиіс. Мысалы, сәйкестік туралы сарапшының қорытындысы, тану үшін
көрсету хаттамасы.
Идентификация сонымен қатар маманмен (сарапшының қатысуынсыз) де
жүргізіледі. Ол барлық жағдайда процессуалдық емес нысандарда жүргізіледі.
Осындай жағдайда алынған нәтижелердің дәлелдемелік күші болмайды және іс
бойынша тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот фотографиясы
Криминалистикалық идентификация және диагностика
Бесінші оқиға
Криминалистиканың әдістері
Криминалистикалық ұқсату, диагностика топтық меншікті анықтау
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Габитоскопия ұғымы. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Пәндер