Қарасанмен ауырған мал еті



1 КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2 ӘДЕБИ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Қарасанмен ауырған мал етінің химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3.2 Сояр алдындағы диагностикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.3 Сойғаннан кейінгі диагностикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3.4 Қарасан деп диагноз қойылғанда берілетін санитарлық баға ... ... ... ... ...13
3.5 Дезинфекция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
4. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
4.1 Зерттеу әдістері мен материалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4.2 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
5 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
6. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Жоғарғы дәрежеде дамыған ауыл шаруашылығы - халықтың әлеуметтік деңгейінің ары қарай дамуына, яғни жоғарылауына қажетті бірден - бір жағдай болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында ауыл шаруашылығының экономикасы көтерілуі үшін несиелер бөлінсін делінген және агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заң қабылдау қажеттігі айтылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізатін өндіру мен өңдеу саласында кластрлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажеттігі атап көрсетілген.
Ауылшаруашылық өндірісінің ең басты тапсырмасы - ол өнеркәсіпті шикізатпен және халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында тұрақты түрде мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін өнеркәсіптерді құрып, оның ары қарай өсіп - өркендеуін қамтамасыз ету.
Қазақстанда, әсіресе, оның шығысында мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығы өндірісінің жетекші саласы болып табылады. Соған орай қой шаруашылығы қазіргі кезде жетекші орынды алып отыр.
Дегенмен, қойлардың асыл тұқымдық генофондын сақтауда, мал басының санын арттыруда, қойлардың жергілікті тұқымдарының жүн және ет сапасын жақсартуда, яғни жалпы өнімділігін арттыруда мемлекеттік деңгейде жақсы нәтижелерге жеткен. Бұл мәселелерді шешу тек, селекциялық - тұқымдық жұмыстарын жақсартумен қоса, көптеген аурулардың алдын алуына, жоғарғы, қазіргі технологиялық жабдықтармен қамтылуына және дені сау мал тобын құруына да байланысты.
Инфекциялық ауруларға жұғымталдық қасиеті тән болуына орай, олар жылдам тарап, мал басының сақталуына, олардан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетіп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіреді. Шекаралас мемлекеттер арасындағы экономикалық импорттық-экспорттық қатынас түрлерінің нығаюы инфекциялық аурулардыңтарауының алғы шарттарының бірі.
1. Сайдулдин. Т.С Ветеринарлық індеттану, - Алматы 1999 ж, -б.120
2. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
3. Макарова В.А. Практикум по ветеринарно–санитарной экспертизе с основами технологии продуктов животноводства, - Москва: Агропромиздат, 1987 г, -б67
4. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.
5. Сенченко Б. С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». Ростов на Дону, 2001 г.с. 356-366.
6. 4.Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва, 1991 г.с. 463.
7. 5.Макаров В.А. «Практикум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с. 42-49.
8. Әмірбек. Е Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы, - Алматы,2006 –б.70
9. Ілиясов Б.КАлғашқы ветеринарлық жәрдем, - Алматы , 2001.-б86
10. Қасымов Е.И., Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария – санитария негіздерімен, -Алматы, 2006ж.-б79
11. Горегляд Х.С. Ветеринарно–санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства, -Москва: Колос, 1981 г, -б.120

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1 КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2 ӘДЕБИ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Қарасанмен ауырған мал етінің химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 10
3.2 Сояр алдындағы диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
3.3 Сойғаннан кейінгі диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.4 Қарасан деп диагноз қойылғанда берілетін санитарлық баға ... ... ... ... ...13
3.5 Дезинфекция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
4. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
4.1 Зерттеу әдістері мен материалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
4.2 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
5 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
6. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

1 КІРІСПЕ.
Жоғарғы дәрежеде дамыған ауыл шаруашылығы - халықтың әлеуметтік деңгейінің ары қарай дамуына, яғни жоғарылауына қажетті бірден - бір жағдай болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында ауыл шаруашылығының экономикасы көтерілуі үшін несиелер бөлінсін делінген және агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заң қабылдау қажеттігі айтылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізатін өндіру мен өңдеу саласында кластрлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажеттігі атап көрсетілген.
Ауылшаруашылық өндірісінің ең басты тапсырмасы - ол өнеркәсіпті шикізатпен және халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында тұрақты түрде мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін өнеркәсіптерді құрып, оның ары қарай өсіп - өркендеуін қамтамасыз ету.
Қазақстанда, әсіресе, оның шығысында мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығы өндірісінің жетекші саласы болып табылады. Соған орай қой шаруашылығы қазіргі кезде жетекші орынды алып отыр.
Дегенмен, қойлардың асыл тұқымдық генофондын сақтауда, мал басының санын арттыруда, қойлардың жергілікті тұқымдарының жүн және ет сапасын жақсартуда, яғни жалпы өнімділігін арттыруда мемлекеттік деңгейде жақсы нәтижелерге жеткен. Бұл мәселелерді шешу тек, селекциялық - тұқымдық жұмыстарын жақсартумен қоса, көптеген аурулардың алдын алуына, жоғарғы, қазіргі технологиялық жабдықтармен қамтылуына және дені сау мал тобын құруына да байланысты.
Инфекциялық ауруларға жұғымталдық қасиеті тән болуына орай, олар жылдам тарап, мал басының сақталуына, олардан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетіп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіреді. Шекаралас мемлекеттер арасындағы экономикалық импорттық-экспорттық қатынас түрлерінің нығаюы инфекциялық аурулардың тарауының алғы шарттарының бірі.
Республика территориясында әртүрлі инфекциялық аурулардың пайда болуы еліміздің табиғи, метеорологиялық, географиялық және басқа да жағдайларына тікелей бағынышты. Аса қауіпті инфекциялық аурулардың тарауына сауда-саттық, туристтік және басқа байланыстар мен транспорттық қатынас түрлері айтарлықтай әсерін тигізіп, олардың жануар, құстар мен адам арасында тарауының қауіпті факторлары болып табылады.
Жыл сайын дүниежүзіндегі мемлекеттерде тіркелген инфекциялық
аурулардан болатын эпизоотия мен панзоотиядан экономикалық зиян
орасан зор және әлеуметтік қауіп айтарлықтай. Жұғымтал ауруларда жүргізілетін шаралардың тиімділігі әрқашан да қоздырушыны уақытында анықтау және оған қарсы шараларды ұйымдастыруға бағынышты және олар ветеринариялық қызметтің негізгі міндеті болып табылады. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгіл технологияның бұзылуына әкеліп соғады. Малдардан алынатын өнімдерінің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан да еліміздің мал дәрігерлерінің қызметінің алдында шаруашылықтардағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мал шығынын азайту міндеттері тұр.

2 ӘДЕБИ ШОЛУ
Қарасан
Қарасан (Gапgrгпа етрһуsmatosa, әмфизематозный карбункул) - жіті егетін, жұғымтал емес, бұлшық еггердің басып көргенде сықырлайтын қа- бынуы арқылы ерекшелеңетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Қарасан ерте заманнан белгілі, бірақ, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. 1870 ж Ф. Шабер бұл екі жұқпалы аурудың клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінең ажыратты. Қоздырушысын 1887 ж. С. Арлуән мен Ж. Томае ашгы. 1925 ж Лекленш нен Валлә вакцина ұсынды. Ауру бүкіл дүниежүзінде байқалды.
Қоздырушысы - Clostridium сһаиvoei - түзу, аздап иілген таяқша, ұзындыгы 2-8 мкм. Yenлпалардан алынган жагындыда жеке дара немесе қосар- ланып орңаласады, қозгалады, жаңа өсіндіде грамоң, есқірген кезде грамтеріс боялады. Өлексе мен сыртқы ортада микробтың ор гаеында, болмаса шеткері- рек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоз- дырушысы табигатта кең тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймала- рында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады.
С. сһаиуеі - нагыз ауасыбагасыз микроб. Қан, бауыр, ми қосылган қо- ректік орталарда (Китт-Тароцци, Хоттингер орталары) өседі. Қоздырушы- сының өн- бойындагы соматикалық О-антигені осы микроб түрінің барлық өкілдеріне ортақ. Жіпшелеріндегі Н-антигені бойынша қойдан және сиырдан бөлінген штамдарының айырмашылығы бар.
Қоздырушының споралары аса төзімді келеді. Олар топырақта, суда бір- неше жыл, шіри бастаган етте, көңде 6 айга дейін сақталады. Тура түскен күн сәулесі 24 саг., қайнату 2 сағ., автоклавтау 30-40 мин. өлтіреді. Ең сенімді дез- инфектант - 4% формальдегид ерітіндісі.
Індеттік ерекшеліктері. Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығын- дағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы ауырады. Жас төл колостральдік иммуниеттің, ал сақа мал иммундеуші субинфекцияның әсері- нен төзімді келеді. Негізінен қоңды, бұлшық еттерінде гликоген мол жас жа- нуарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар, ал таралу факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем- шөп, жайылым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады.
Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушының денеге бойлауына ауыздың кілегейлі қабыгының бүлінуі, ішек-қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жагдай жасайды. Қой- ларға негізінен тері арқылы, қырыққан кезде жұғады.
Қарасан негізінен спорадия түрінде бірен-саран кездеседі. Сөйткенмен де бордақылау кешендерінде шағын індеттік тұтану ретінде байқалады. 1-2 апта ішінде ондаған мал ауырады. Өлім көрсеткіші жоғары болып, 80% дейін жетеді.
Ауру жылдың кез келген мезгілінде кездескенімен, жазғы, күзгі мау- сымдығы айқын сезіледі. Көптеген өлкелерде қарасанның ең көп байқалатын уақыты - күздігүні. Бүл кезде жайылымдағы шөптер қурап, қатайып, тікенек- тенеді, егін орылып, аңызга мал жайылады. Тамырлы мал азығын жинап алған жерге мал жіберіледі. Осының бәрі қоздырушының топырақтан жұғуына жағ- дай жасайды. Сондықтан да қарасан топырақ инфекциялары тобына жатады.
Қарасан кез келген аймақта кездеседі. Аурудың белгілі бір табиғи орта- мен, топырақтың климаттық ерекшеліктерімен тікелей байланысы жоқ.
Дерттенуі. Ішек-қарын немесе зақымданган тері арқылы микроб қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақ- тайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шыгады. Бұның нәтижесінде зақымданган телім домбығып, басып көргенде сықыр- лайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл организмді улайды. Бұдан барып дененің ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі агзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады.
Клиникалық белгілері. Әдетте ауру кенеттен басталады да, жіті осы ауруға тән карбункулезді түрде өтеді. Жекелеген жануарларда кәдімгідей емес үзілмелі түрде өтуі мүмкі. Өте жіті қагынган түрі де байқалады.
Дененің ыстыгы 41-42°С дейін көтерілуімен басталып, дененің бұлшық еті мол тұстарында (сан, сауыр, мойын, әуке), кейде ауызда, аңқада, тез үлкейетін (8-10 сагатта) ісік пайда болады. Ісік бастапқыда тығыз, ыстық болады, ауырсынады, басып көргенде сықырлайды, тықылдатқанда (перкуссия) тимпаниялық дыбыс береді. Кейіннен ісік суынып, сезімталдыгы басылады. Ол жердің терісі қызыл-қоңыр түске енеді. Маңындағы сөл түйінері ұлгаяды. Карбункулалар санында, сауырында, жауырынында болганда мал ақсайды. Дерт ауызда болғанда тіл сықырлайтын ісікке шалдығады. Аңқада болған процесті құлақтың түбін басып көргенде шығатын дыбыс арқылы аңгаруға болады. Тереңде орналасқан бұлшық еттердің зақымданғаны өлексені сойғанда ғана байқалады.
Инфекциялық процесс өрбігенде жануардың жалпы күйі нашарлайды. Ауырған мал күйзеліп, жемшөпке қарамайды. Тынысы жиілеп, жүрек ырғағы бұзылып (минутына 100-120), қан тамыры толымсыз соғады. Өлер алдында дененің температурасы қалыптан төмендейді. Әдетте ауырған мал 1-2 күнде, кейде 3-10 күнде өледі.
Кейбір жануарларда, әсіресе, кәрі малда, ауру кәдімгідей емес үзілмелі түрде байқалуы мүмкін. Ондай жағдайда жануардың тәбеті нашарлап, сәл күйзеліп, кейбір бұлшық еттерін басып көргенде домбығу білінбесе де ауыр- сынады. Бұндай жагдайда 3-5 күнде жазылып кетеді.
Аса жіті өтуі біршама сирек, әдетте 3 айлық бұзауларда кездеседі. Ауру қағынған түрде, дененің қызынуы, қатты күйзеліс арқылы карбунку- ласыз байқалады да, 6-12 сағ. ішінде өліммен аяқталады.
Қойда қарасан сиырдағыдай өткенімен, сықырлауық домбығу көбінесе байқалмайды. Малдың ауызынан көбік ағып, тісін шықырлатады, іші кеуіп, жүнсіз тықыр жерлері қоңыр-сарғыл гганып дымданады (қанды тер шығады). Ауру өте жіті өтіп, бірнеше (6-24) сағатта, кейде 2-3 күнде өліммен бітеді.
Патологоанатомиялық өзгерістері. Егер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны таратпау үшін өлексені сою+-а болмайды. Өлексе газдармен тырсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бүлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, ғаз көпіршіктері көрінеді, күйғен қоңырсық иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйиды. Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түс- ті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды. Бауыры ұлғайып, өліеттенген телімдер пайда болып, газ көпір- шіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабық- тары әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады.
Ішкі ағзаларындағы өзгерістер үнемі бірдей бола бермейді, ал кәдімгідей емес түрінде оншама біліне қоймауы да мүмкін.
Ажыратып балау. Қарасанды ең алдымен топалаңның карбункулезді гүрінен және қатерлі домбығудан ажырату керек. Топалаң кезінде карбункула басқанда сықырламайды. Топалаңның қоздырушысы патматериалдан алынған жағындыда ұшы шорт кесілген, сыртында қауашағы болады. Организмде спора түзбейді. Қатерлі домбығу әдетте жарақаттан кейін байқалады. Түпкілікті диагноз тек бактериологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады.
Алдын алу шаралары. Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерінен суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былганган жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жа- нуарларды жарақаттанудан сақтау керек.
Сау емес шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі ара- лықта, қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет. Әдетте жайылымға шығар ал- дында егеді. Егер жаиылым маусымы ұзақ болса 6 аидан соң қаиталап егеді. Қарасан жиі байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3 және 6 айлығында егеді.
Қарасан шыққан шаруашылыққа карантин қойылады. Ауруғу бейім жа- нуарларды, ауырган мал жанасқан жемшөпті басқа шаруашылыққа әкетуге тыйым салынады. Ауырган және күдікті малдарды оқшаулап, емдейді. Қал- гандарын түелдей вакцинамен егеді. Ауырған малды лажсыз союға, еті мен сүтін пайдалануға болмайды. Өлексені терісімен бірге, көң мен жемшөптің қалдыгын жағып, өртейді. Қора-жай мен мал тұратын ауланы механикалық тазалаудан кейін дезинфекциялайды. Агымдағы дезинфекцияны әрбір.. ауру мал бөлінгеннен кейін 3 қайтара сағат сайын жүргізеді. Оқшаухана күн сайын дезинфекцияланады. Дезинфекция 4% формальдегид, 10% күйдіргіш натрий, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әкпен жасалынады. Садыраны 200 литріне 1 кг хорлы әк қосып зарарсыздандырады.
Ауру мал жанасқан жемшөпті жылқыға немесе қарасанға егілген сиыр- ларға еккеннен кейін 16 күн өткен соң беруге болады.
Карантин соңғы ауру мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін 14 күн өткен соң қортынды дезинфекциядан кейін алынады.
Қасапханада қарасаң байқалған жағдайда ұшаны барлық ағзалары ;мен терісін қоса утиль зауытына жібереді немесе өртейді. Қасапхананы, құрал- жабдықтарды дезинфекциялайды.

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Қарасанмен ауырған мал етінің химиялық құрамы
Малды сойғаннан кейін қаңқа етінде күрделі биохимиялық үрдістер
жүреді, бұл үрдістер жиынтығы еттің жетілуін қамтамасыз етіп, оның
тығыздығына, иісіне, дәміне әсер етеді. Сондықтан, малдардың сойыс
өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау және бағалау кезінде еттің
физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу, сондай-ақ, сау және ауру малдан
алынған еттерді зертханалық талдау нәтижелерін салыстыра бағалау қажеттігі
туындайды.
Әртүрлі биологиялық үрдістерде сутектік иондар ерекше орын алады. Сутектік иондар концентрациясы организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді, яғни әртүрлі ферменттердің белсенділігі мен ұлпаларда
жүретін биохимиялық үрдістер сутектік иондардың мөлшеріне байланысты.
Еттің рН мөлшері, малды сойған кездегі көмірсулардың мөлшеріне, ет
талшықтары ішіндегі ферменттердің белсенділігіне, малды сояр алдындағы
жай-күйіне байланысты. Жаңа сойылған мал еттің рН мөлшері әлсіз сілтілі
болады. Малды сойғаннан кейін, сау мал етінің ферменттелу үрдісі барысында
сутектік иондар концентрациясының көрсеткіші қышқыл реакцияға қарай күрт
өзгереді.
Зерттеулерде малдардың етін 24 сағаттан Еттегі пероксидаза ферментінің анықтаудың мәні мынада: пероксидаза ферменті бар кезде сутек тотығы бензидинді тотықтандырады. Соның нәтижесінде парахиноидимид түзіледі, ол реакция барысында, көк-жасыл түс беріп, біраз уақыт өткеннен соң күрең-қоңыр түске айналады. Бұл реакция барысында пероксидазаның белсенділі маңызды болып табылады. Сау мал етінде, пероксидаза белсенді болады, ал ауру малдан алынған етте пероксидазаның белсенділігі едәуір төмендейді. Пероксидаза реакциясын қойған кезде, сау сиырлардың етінен алынған сүзінді көк-жасыл түсті болды, біраз уақыт өткеннен соң күрең-қоңыр (пероксидазаға оң реакция берді) түске айналды. Ауру сиырлардан алынған сынама қоңыр түсті болды (пероксидазаға теріс нәтиже берді). Ауыр өтетін ауруларда, мал тірі кезінде бұлшық еттерінде ақзат алмасуының аралық өнімдері жинақталады (полипептидтер, пептидтер т.б.). Формол реакциясының мәні осы өнімдерді формальдегидпен тұндыруға болатындығында. Формол реакциясын қойған кезде ауру және сау сиыр етінен даярланған сүзіндіге 1 мл бейтарап формалин қосқан кезде, сау мал етінен жасалған сынама мөлдір, ал лептоспирозға шалдыққан сиырлардан алынған сынамалар күңгірт түсті, ішінде ұсақ жапырақшалар болды. Амин қышқылдарының дезаминденуі бұлшықетте май қышқылдарының жинақталуына әкеледі. Олардың бірқатары ұшпалы (құмырсқа, сірке, пропион, капрон және т.б.) болып табылады. Олардың жинақталуы еттің иістенуіне әкеліп соқтырады. Ұшпалы май қышқылдарының мөлшерін анықтау үшін (ҰМҚ) су буымен ажыратуға арналған пробиркада талдау жүргізілді. Сау сиырлардан алынған етті зерттеу нәтижесінде, 3,57 мг ұшпалы органикалық қышқылдар анықталды, ол балауса еттің нормасына сәйкес.
Қарасанмен зақымданған жануарлардан алынған ет сынамасында ұшпалы май қышқылдарының мөлшері 4,62 мг және 4,33 болды, яғни еттің балаусалығы
күдікті. Етте аммиак тұздарының жинақталуы еттің бұзылғандығын көрсетеді.
Несслер ерітіндісімен аммиакты анықтау, аммоний ионының сілті ортада
ортада сынап-йодты калиймен (Несслер ерітіндісі) әрекеттесуі кезінде тұнба
түзуіне негізделген. Сойылғанына 24 сағат өткеннен кейін тәжірибе және бақылау топтарындағы сиырлар етінен даярланған сынамаларда аммиактың бар-жоғын Несслер ерітіндісімен анықтағанда тәжірибе тобындағы сиырлар етінің сынамасы лайланды, ал сау малдар еті сынамасы ашық-сары түсті, мөлдір болды.
Еттегі ақуыздың алғашқы ыдырауын байқататын 5%-дық күкірт
қышқылды мыстың ерітіндісі реакциясының нәтижесі бойынша тәжірибелік
топтардағы сиырлар етінің сынамасында, сорпа бұлыңғыр тартып, үлпектер
тұнбаға шөкті. Реакция қорытындысы бойынша қарасанға шалдыққан
сиыр еті сапасыз деп есептеледі. Ет сапасын анықтауда еттің ылғалдылығын, ақуыздың, майының, күлінің мөлшерін анықтаудың маңызы өте жоғары. Еттің химиялық құрамын зерттеу, оны биологиялық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Сиыр етінің биологиялық тұрғыдан тағамдық құндылығы, қуаттылығы, малдың жасына, жынысына және азықтандырылуына байланысты. Сонымен қатар, организмде болатын әртүрлі патологиялық үрдістер еттің құрамына әсер етуі мүмкін.
3.2 Сояр алдындағы диагностикасы.
Әдетте ауру кенеттен басталады да, жіті осы ауруға тән карбункулезді түрде өтеді. Жекелеген жануарларда кәдімгідей емес үзілмелі түрде өтуі мүмкі. Өте жіті қагынган түрі де байқалады.
Дененің ыстыгы 41-42°С дейін көтерілуімен басталып, дененің бұлшық еті мол тұстарында (сан, сауыр, мойын, әуке), кейде ауызда, аңқада, тез үлкейетін (8-10 сагатта) ісік пайда болады. Ісік бастапқыда тығыз, ыстық болады, ауырсынады, басып көргенде сықырлайды, тықылдатқанда (перкуссия) тимпаниялық дыбыс береді. Кейіннен ісік суынып, сезімталдыгы басылады. Ол жердің терісі қызыл-қоңыр түске енеді. Маңындағы сөл түйінері ұлгаяды. Карбункулалар санында, сауырында, жауырынында болганда мал ақсайды. Дерт ауызда болғанда тіл сықырлайтын ісікке шалдығады. Аңқада болған процесті құлақтың түбін басып көргенде шығатын дыбыс арқылы аңгаруға болады. Тереңде орналасқан бұлшық еттердің зақымданғаны өлексені сойғанда ғана байқалады.
Инфекциялық процесс өрбігенде жануардың жалпы күйі нашарлайды. Ауырған мал күйзеліп, жемшөпке қарамайды. Тынысы жиілеп, жүрек ырғағы бұзылып (минутына 100-120), қан тамыры толымсыз соғады. Өлер алдында дененің температурасы қалыптан төмендейді. Әдетте ауырған мал 1-2 күнде, кейде 3-10 күнде өледі.
Кейбір жануарларда, әсіресе, кәрі малда, ауру кәдімгідей емес үзілмелі түрде байқалуы мүмкін. Ондай жағдайда жануардың тәбеті нашарлап, сәл күйзеліп, кейбір бұлшық еттерін басып көргенде домбығу білінбесе де ауыр- сынады. Бұндай жагдайда 3-5 күнде жазылып кетеді.
Аса жіті өтуі біршама сирек, әдетте 3 айлық бұзауларда кездеседі. Ауру қағынған түрде, дененің қызынуы, қатты күйзеліс арқылы карбунку- ласыз байқалады да, 6-12 сағ. ішінде өліммен аяқталады.
Қойда қарасан сиырдағыдай өткенімен, сықырлауық домбығу көбінесе байқалмайды. Малдың ауызынан көбік ағып, тісін шықырлатады, іші кеуіп, жүнсіз тықыр жерлері қоңыр-сарғыл гганып дымданады (қанды тер шығады). Ауру өте жіті өтіп, бірнеше (6-24) сағатта, кейде 2-3 күнде өліммен бітеді.
3.3 Сойғаннан кейінгі диагностикасы.
Егер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны таратпау үшін өлексені сою+-а болмайды. Өлексе газдармен тырсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бүлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, ғаз көпіршіктері көрінеді, күйғен қоңырсық иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйиды. Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түс- ті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды. Бауыры ұлғайып, өліеттенген телімдер пайда болып, газ көпір- шіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабық- тары әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады.
Ішкі ағзаларындағы өзгерістер үнемі бірдей бола бермейді, ал кәдімгідей емес түрінде оншама біліне қоймауы да мүмкін.
3.4 Қарасан деп диагноз қойылғанда берілетін санитарлық баға
Ауру қоздырғышының спорасының төзімділігін ескере отырып, және ауру малдың етінің органолептикалық қасиетінің нашарлығына орай қарасан деп диагноз қойылған малды союға тыйым салынады. Егер де ауру сойғаннан кейін анықталса, онда барлық сойыс өнімдері мен ұша толықтай өртеп жойылуы тиіс. Ұшамен жанасқан барлық қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарасанның індеттік ерекшеліктері және емі
Қарасан кезіндегі биопрепараттар жайлы
Қарасан кезінде қолданылатын биопрепараттар
Қарасан
Қарасан ауруының анықтамасы, қоздырушысы, індеттік ерекшеліктері, емі, алдын алу шаралары.
Қарасан кезіндегі биопрепараттар
Қарасан мал ауруы
Пастереллез қоздырғышы және індеттік ерекшеліктері
«Бірнеше түлікке ортақ пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Жануар өнімдерін жəне шикізаттарын тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық бақылау
Пәндер