Мүйізді ірі қара мал мен шошқа ұшаларын тексеру



1. Кіріспе
I. Әдебиетке шолу
IІ. Өзіндік зерттеулер
2.1 зерттеу материалдары
2.2.зерттеу нәтижелері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
ҚР «Ветеринария туралы» заңында және «Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау туралы арнайы ережелерге» сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар, егер іс-әрекеті мал өнімдері мен шикізаттарын қабылдау-дайындау, сақтау, өңдеу, сатуға байланысты болса, олар иелігіндегі өнімдер мен шикізаттарын ешбір қарсылықсыз ветсансараптан өткізуге, барлық технологиялық, гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптарды орындауға, мамандардың жұмыс атқаруына жағдай туғызуға міндетті.
Сояр алдындағы бақылауда барлық ірі қара мал және жылқы басының қызуын өлшейді, ал шошқа және қойлардан – таңдау жолымен. Егерде бақылау барысында ауру мал табылса, оларды оқшауландырады, диагнозы белгілі болғаннан соң союға жіберіледі, ия болмаса қажетті ветеринарлық шаралар жүргізіледі.
Союдан соң бақылау қатал міндетті болып есептелінеді, өйткені бірқатар аурулар түрі тек қана малды алғаш өңдеу барысында байқалады. Бақылау ұшадан айырған бастан басталады, мұнда ерніне, кілегейлі қабығына, тіліне аса көңіл бөліп қарайды. Бұдан басқа, топалаң ауруын жібермеу мақсатпен, шошқаның жақ астындағы сөл түйіндерін (подчелюстные лимфотические узлы) жарады, ірі қара мал және шошқаның финноз болмауын қадағалап шайнау бұлшық етін тіледі, жылқы басын шапқылап, маңқамен ауырғанда көбінесе зақымданатын мұрын бөліктерін қарайды.
Малдың ішкі ағзаларын және кілегейлі түйіндерін қараудың маңызы өте зор. Әрбір ағза қаралады, ұстап қарайды, керек болған жағдайда еттің тауарлық түсін бүлдірмейтін етіп кескілейді. Мөлшерін, түсін, консистенциясын, патологиялық өзгерістер, гельминиттер және т.б. барлығын анықтайды.
Сонан соң ұшаны қарайды, түсін, бұлшық ет және май ұлпасының консистенциясын, қансырату дәрежесін, ұшаның төменгі бөлігінде қанның капилляр жүйесінде іркілуі (гипостаз) және патологиялық өзгерістер барлығы анықталынады.
Онымен қатар сөл түйіндерін жарады, өйткені олар малдың денсаулығының, ауру қоздырғыштардың өзгерушілігін байқайтын өзгеше көрсеткіш болып есептелінеді. Сөл түйіндері, сөлдің биологиялық сүзгіші ретінде қызмет жасайды, әдетте олар анау-мынау жағдайда, кейде нақтылы ауруға тән әртүрлі патологиялық процестерге қатыстырылады. Патогендік микрофлоларды, немесе ағзаға залалды заттарды ұстап қалғанда, сөл түйіндерінің мөлшері үлкейіп, оларда өлі еттену (некроз), ұлпада, дене мүшесінде қанның көбеюі (гиперемия), домбығу (отек), әртүрлі қабыну (воспаление) және т.б. пайда болуы мүмкін. Мал сойылып болғаннан соң мұқтаждап қарағанда, тірі уақытында білінбеген, құрт аурулар жиіліп байқалады. Шошқа ұшасын трихинеллез ауруына зерттейді.
1. Қазақстан Республикасының Ветеринариялық Заңнамасы 2 том, Астана 2005, -б.355
2. М.С.Шабаншиев Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары, -Алматы, 2011ж, -б. 450-455
3. М.С.Сабаншиев, Т.Сүлейменов, М.Жантөре,Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары,-Алматы, 2003 жыл, -б. 285-288
4. В.А.Макаров, В.П.Фролов, Н.Ф.Шуклин, Ветеринарно- санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводство, - Москва, 1991г, -б.160-162
5. .В.А Макаров, М.Ф Боровков, А.П Ермолаев, А.Н Кособрюхов, И.А Рудь «Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе « Масква ВО Агропромиздат, 1987, -б.122 бет.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
I. Әдебиетке шолу
IІ. Өзіндік зерттеулер
2.1 зерттеу материалдары
2.2.зерттеу нәтижелері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.
ҚР Ветеринария туралы заңында және Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау туралы арнайы ережелерге сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар, егер іс-әрекеті мал өнімдері мен шикізаттарын қабылдау-дайындау, сақтау, өңдеу, сатуға байланысты болса, олар иелігіндегі өнімдер мен шикізаттарын ешбір қарсылықсыз ветсансараптан өткізуге, барлық технологиялық, гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптарды орындауға, мамандардың жұмыс атқаруына жағдай туғызуға міндетті.
Сояр алдындағы бақылауда барлық ірі қара мал және жылқы басының қызуын өлшейді, ал шошқа және қойлардан - таңдау жолымен. Егерде бақылау барысында ауру мал табылса, оларды оқшауландырады, диагнозы белгілі болғаннан соң союға жіберіледі, ия болмаса қажетті ветеринарлық шаралар жүргізіледі.
Союдан соң бақылау қатал міндетті болып есептелінеді, өйткені бірқатар аурулар түрі тек қана малды алғаш өңдеу барысында байқалады. Бақылау ұшадан айырған бастан басталады, мұнда ерніне, кілегейлі қабығына, тіліне аса көңіл бөліп қарайды. Бұдан басқа, топалаң ауруын жібермеу мақсатпен, шошқаның жақ астындағы сөл түйіндерін (подчелюстные лимфотические узлы) жарады, ірі қара мал және шошқаның финноз болмауын қадағалап шайнау бұлшық етін тіледі, жылқы басын шапқылап, маңқамен ауырғанда көбінесе зақымданатын мұрын бөліктерін қарайды.
Малдың ішкі ағзаларын және кілегейлі түйіндерін қараудың маңызы өте зор. Әрбір ағза қаралады, ұстап қарайды, керек болған жағдайда еттің тауарлық түсін бүлдірмейтін етіп кескілейді. Мөлшерін, түсін, консистенциясын, патологиялық өзгерістер, гельминиттер және т.б. барлығын анықтайды.
Сонан соң ұшаны қарайды, түсін, бұлшық ет және май ұлпасының консистенциясын, қансырату дәрежесін, ұшаның төменгі бөлігінде қанның капилляр жүйесінде іркілуі (гипостаз) және патологиялық өзгерістер барлығы анықталынады.
Онымен қатар сөл түйіндерін жарады, өйткені олар малдың денсаулығының, ауру қоздырғыштардың өзгерушілігін байқайтын өзгеше көрсеткіш болып есептелінеді. Сөл түйіндері, сөлдің биологиялық сүзгіші ретінде қызмет жасайды, әдетте олар анау-мынау жағдайда, кейде нақтылы ауруға тән әртүрлі патологиялық процестерге қатыстырылады. Патогендік микрофлоларды, немесе ағзаға залалды заттарды ұстап қалғанда, сөл түйіндерінің мөлшері үлкейіп, оларда өлі еттену (некроз), ұлпада, дене мүшесінде қанның көбеюі (гиперемия), домбығу (отек), әртүрлі қабыну (воспаление) және т.б. пайда болуы мүмкін. Мал сойылып болғаннан соң мұқтаждап қарағанда, тірі уақытында білінбеген, құрт аурулар жиіліп байқалады. Шошқа ұшасын трихинеллез ауруына зерттейді.
Байқалған патологиялық өзгерістерді талдап, аурудың диагнозын қояды, ет және ет өнімдеріне ветеринарлық-санитарлық баға беріледі. Дені сау малдардан алынған ұшаларды және ағзаларды таңбалайды.
Әртүрлі аурулар байқалған жағдайда сойыс малын ветеринарлық бақылау мен ет және ет өнімдерін сараптау құжаттарының ережесі бойынша шара жасалынады.

І. Әдебиетке шолу
Цистецеркоз ауруы дүние жүзінің көптеген елдерінде таралған, нақтырақ тоқталсақ, Орта Азия, Кавказ маңы елдерінде, Дағыстанда, оңтүстік жәнешығыс Сібір аймағында жиі кездеседі. Цестодоздар тек тармағына жататын цистицеркоз ауруы тек жануарлар ағзасына ғана зиянын тигізіп қоймай, адам өмірі үшін де қауіпті құрт ауруы болып табылады. Цистецеркоз ауруын тудырушы цестод биогельминт болып есептелінеді, оның дефинитивті иесі - адам. Ал аралық иелері- ірі қара малы, буйволдар, зебу, солтүстік бұғылары. Бұлар ауруды тудырушы құрттардың жұмыртқаларын жайылымда азықпен бірге қабылдағанда туындайды. Аурудың жануарлар арасында туындауы кез келген шаруашылықты экономикалық тұрғыдан шығынға әкеледі. Осыны ескере отырып, аурудың алдын алу мен болдырмау жолдарын қарастыру оң шешімі болмақ.
Цистецеркоз қоздырғышының жіктелуі.
Топ үсті - над тип - Scolecida (төменділер, амерлық құрттар);
Топтама - тип - Plathelminthes - жалпақ құрттар;
Тек тармағы - класс - Cestoda - таспа құрттар;
Тобы - отряд - Cyclophyllidea - қармалауышы бар құрттар;
Топасты - подотряд - Taeniata - Тенииата;
Тұқымдасы - семейство - Taeniidae - Тениида;
Туысы - род - Echinococcus - Эхинококкус;
Түрі - вид - Echinococcus granulosus - Эхинококкус гранулезус .
Цистицеркоз (финноз, ірі қара ет құрты, балан құрт, өгіз таспа құрты) - жануарлардың бұлшық еттерінің немесе ішкі мүшелеріне гельминт жұмыртқасы енуінен болатын инвазиялық ауру. Жұмыртқасы цистецерк, ал ауру цистецеркоз ауруына ие болды. Ұзындығы 10 метрге дейін баратын, басы домалақ, аумағы 1-2мм, сколексі қарусыз, мойыны жіңішке, дене стробиласы 2000-ға жуық булықтардан тұрады. Мойнына жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай көлемі ұлғая түседі. Қосжынысты бунақтарындағы тұқымдық ағзалары тең, дөңгеленген екі бөліктерден құралған.
Цистицеркті кейде финна деп атайды, оның көлемі ұсақ тары, күріш, бидай дәндеріндей немесе бұршақтай, көпіршіктің іші сұйыққа толы, ал ішкі қабықшасына 1 суретте көрсетілгендей 4 сорғышы бар балаңқұрт жабысып тұрады. Цистицеркоз-биогелминт, ларвальдік гелминтоздарға жатады. Ол жалғыз дефинифті қожайыны адамның ішегіде тіршілік етеді. Гелминттердің өніп-өсуіне қарай пісіп жетілген члениктері ашылып нәжіспен бірге сыртқы ортаға бөлініп шығады және олар сыртқы ортада біршама жерге дейін жылжып бара алады. Жүрген жол бойында көптеген жұмыртқаларын бөліп, олармен сыртқы орта жем-шөп залалданады. Аралық қожайыны мүйізді ірі қара, бұйвол, солтүстік бұғылары болып табылады. Олар азық арқылы организмге түске гелминттің жұмыртқалары арқылы зақымданады.
Цистицерк іші сұйыққа толған, сырты қалың дәнекер тоқыма қабықпен (қапшық) қапталған көпіршік. Бұның көлемі, пішіні, аталуы цестода түріне, жасына, организмде орналасқан орнына байланысты. Көпіршіктің ішкі герменативті қабығынан бір немесе бірнеше сколекс орналасуы мүмкін.
Тенидоздар деп аталатын аурулар тобын - Taeniidae - тұқымдасына жататын таспа құрттардың ересек немесе балаңқұрт сатысы тудырады. Сондықтан оларды ларвалды және имагиналды тениидоздар деп атайды. Сонымен қатар, тениидоздар арасында адамға да қауіпті, жұқпалы антропонозооноздары бар. Құрттардың даму айналымына байланысты бұларды екі үлкен экологиялық топқа бөледі: ақтық иелері ит және т.б. етқоректілер болып саналатын тенидоздар және ақтық иесі тек адам болатын тенидоздар.
Цистицеркоздар инвазиялық ауруларға жатады. Бұл аурудың екі түрі - мүйізді ірі қара және шошқа цистицеркозы адамға аса қауіпті ауру. Қойлардың цистицеркозы адамға аса қауіпті емес. Цистицерктер домалақ немесе сопақша келген, ақшыл - сұрғылт түсті көпіршіктер. Олардың шоғырланған орындары ірі қарада: жүрек, тіл, шайнау бұлшық еттері, бел және мойын бұлшық еттері болса, шошқада: шайнау, жүрек, тіл, жауырын, мойын және бел бұлшық еттері деп саналады. [2]

Ірі қара цистицеркозы ( ірі қара етқұрты, финноз).
Қоздырғышы. Жынысы жетілген сатысын - Taeniarhynchus saginatus (өгіз таспасы) деп атайды. Мұның ұзындығы 3-10 м, басы домалақ, аумағы 1-2 мл, сколесі қарусыз, мойыны жіңішке, дене стробиласы 2000-ға жуық буылтықтардан тұрады. Мойынына жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай көлемі ұлғая түседі. Қосжынысты бунақтарындағы тұқымдық ағзалары тең, дөңгеленгенекі бөліктерден құралған. Жетілген проглотидада ұзынан орналасқан жатыр тармақтарының саны 18-32, кейде 15-35. Циста көпіршігінің аты - Cycticercus bovis. Бұлар сиырдан басқа қодас, енеке, өркешті бұқаларда кездеседі. Цистицеркті кейде финна деп атайды, оның көлемі ұсақ тары, күріш - бидай дәндеріндей немесе бұршақтай, көпіршіктің іші сұйыққа толы, ал ішкі қабықшасына 4 сорғышы бар балаңқұрт жабысып тұрады.
Өсіп - өнуі. Құрт бунақтары адам нәжісімен бірге сыртқа шыққан соң, ондағы жұмыртқалар өсімдікке, жемге, суға енеді, жайылымдар ластанады. Ал ірі қара оларды шөп немесе су арқылы жұтып зақымданады. Денеге енген жұмыртқалар онкосферасы мал ішегінің ішкі қабығын тесіп, қан тамырына түседі, қан арқылы бұлшық еттер талшығының аралығына барып жайғасады. Онда олар 3-6 айда жұқпалы цистицерк бүршігіне айналып, тіпті шала пісірілген, қуырылған етте тіршілігін сақтайды. Адамға гельминтоз осындай еттер арқылы жұғады. Адам организмінде көпіршіктің ішіндегі балаңқұрт өзінің сколексімен ішектің кілегей қабатына бекініп, 2,5-3 ай аралығында ересек өгіз таспасына айналады, яғни құрттың ақтық иесін тениаринхоз дертіне душар етеді.
Эпизоотологиясы. Цистицеркоз тазалық ( санитарлық) жағдайлары төмен мал фермаларында жиірек кездеседі. Олай болуының себебі, кейбір ауру адамдар әжетхананы пайдаланбай ауланы, қора төңірегін, жайылымды құрттың жұмыртқаларымен ластайды. Финноз көбінесе жас малға жұғады. Инвазияның ен көп өріс алуы жылдың үшінші тоқсанында, ал күрт азаюы жылдың алғашқы айларында байқалады.
Адамдар арасында гелминтоздың етек алуына малдың аулада сойылуы, малдәрігерлік тексеруден өткізілмеуі, цистицеркозбен зақымдалған етті тағамға қолдану, жеткіліксіз зарарсыздандыруы, немесе оны сатып жіберу - осының барлығы негізгі себеп боп саналады.
Аурудың өрбуі. Гельминттік зардаптың әсері құрт онкосферасының мал ағзаларымен ұлпаларын жайлаған шақта біліне бастайды. Ал жұқпалы сатысына жеткен цистицерк - қөпіршіктер мал денесіне оншалықты зиян тигізбейді.
Сырт белгілері. Цистицеркоз індетіне көбінесе ірі қара шалдығады. Сырт қарағанда бұл дерттің белгілері онша біліне бермейді. Малға етқұрт ауруын әдейі жұқтырған тәжірбиеде, оның дене қызуы 40-410 С көтеріліп, ас қорыту жүйесі қызметті бұзылған, іші өтіп, мал әлсіреген, кейде өлімге ұшыраған.
Өлекседегі өзгерістер. Цистицеркоздан өлген мал денесінің көптеген жерінен нүкте тәрізді қанталауы байқалады. Мұндай өзгеріс, әсіресе жүректе басым болады. Құрсақ қуысына қан араласқан сарысу жиналады. Бұлшық ет аралығынан, жүрек пен тілден цистицерктер табылады.
Емі. Әлі күнге дейін жолға қойылмаған, ашылмаған мәселе.
Шошқа цистицеркозы.
Қоздырғышы. Жынысы жетілген цестоданы Taenae solium немесе доңыз таспасы дейді. Құрттың дене тұрқы 1,5 - 3 м және толып жатқан бунақтардан құралады (олардың саны 900 - жуық). Кішкентай домалақ басының ені 0,6 -1,0 мм, сколесі қарулы, төрт емізігінен 22 - 32. Қызтекелік бунақтардағы тұқымдық бір - біріне тең емес үш бөліктерден қалыптасқан, ал пісіп - жетілген буылтықтардағы жатырдың бутақтармақтарының саны 7 -12. Ларвоцистаны Cycticercus cellulosae дейді, ол тары не бұршақ дәніндей ғана, ішіндегі сколесі қарулы. Ақтық иесі адам.
Өсіп - өнуі. Құрттың жетілген бунақтары адам дәретімен бірге сыртқы ортаға шығады. Далада ауа - райының әсерімен жұмыртқалар проглоттидалардан босап, шашылып жем - шөпті, суды, қора маңын былғайды. Шошқалар қорегін бірге құрт жұмыртқаларын жұтып зақымданады. Ас қорыту жүйесіне түскен жұмыртқалардан өте ұсақ онкосфералар шығып, ішекке жетеді. Олар қармақшаларымен ішектің қабатын тесіп, қанға енеді, одан шошқаның барлық денесіне тарап, ағзалардың ет тармақтарына тұрақтайды. Олар өсіп, өніп 3 - 4 айдай мерзімде көпіршік финға айналады. Торай - мегежін ұшасынан финнаның 100 мыңнан астамын табуға болады. Адам цистицерктермен зақымданған шошқа етін, қабан немесе аю етін жеп тениоз ауруына шалдығады. Оның ішегінде паразит өзінің жыныстық сатысына 2 -3 ай ішінде жетеді. Кейбір жағдайларда цестоданың жұмыртқаларын адам ластанған жеміс - жидек, көкеніс арқылы жұқтырады. Кейде ішінде шошқа таспасы бар адам құсқанда, оның асқазанына құсықпен бірге құрттың жұмыртқаларға толы жетілген бунақтары түседі. Одан босап шыққан онкосфералары қан тамырларына еніп, қан ағынымен бүкіл денеге тарайды. Сөйтіп цистицерктер адам бұлшық еттерін, жүрегін, жұлынын, миын, көзін зақымдап, адамды финноз ауруына шалдықтырады, денсаулығына өте қатер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Шошқа қоңдылығы
Ірі қара мал етіне қойылатын талаптар Сиыр және бұзау еті
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері туралы
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Ауру және ауруға күдікті мал
Жұқпалы аурулар туралы
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Пәндер