Мүшел есебі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: Мүшел есебі
Орындағандар: 050114-Тарих мамандығының IIкурс студенттері: Срапулова А.
Сыдых А.
Мүсрепбаева Э.
Тексерген: т. ғк. доц., Аширбекова Ж. Б.
Алматы -2008 жыл
Жоспар:
Кіріспе. 3-5 бб
Негізгі бөлім: « Мүшел есебі». 6-49 бб
I-тарау: Он екі мүшел жыл қайырудың шығуы.
I. 1. Жалпы сипаттама. 6-16 бб
I. 2. Мүшелдің шығу тарихы. 17-26 бб
II-тарау: Мүшел қайыру календарының құпия сырлары.
II. 1 Мүшелдегі хайуандар. 27-34 бб
II. 2. «Он екі мүшел» жыл қайыру календарының сыры, халық
күнтізбесінің құпиясы. 35-48 бб
Қорытынды. 49 б
Пайдаланылған әдебиеттер. 50 б
Мақсаты: Байырдан келе жатқан мүшел есебі жыл санау календарының алғаш қалыптасқан және даму жолдарын айқындап, қазіргі қолданыстағы календарлар арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру. Қазақ және басқа да Орта Азия халықтарындағы мүшел есебіне тоқталып, жалпы сипаттама беру. Мүшел айналымының әрбір он екі жылда адам организміндегі гармондарының өзгеріске ұшырап отыратындығын, оның адам денсаулығында үлкен әсері болатындығын, яғни ішкі тепе-теңдігі бұзылып, ауру сырқаудың меңдейтіндігін, психологиялық және психикалық өзгерістердің болатындығын медициналық және тарихи деректерден мәлімет беру. Осы айналымның адам баласына ғана емес, сонымен бірге табиғатқа, бүкіл шаруашылыққа, жерге және климатқа үлкен ықпалынан қарапайым халық зардап шеккендіктен, соған сәйкес өз шауашылықтарын икемдеп, көшіп-қонып, жұтпен апаттың болатындығын алдын-ала болжағандығын көрсету
Өзектілігі: Он екі мүшел жыл қайыру календарының даму тарихы мен Орта Азия халықтарының өміріне, қолөнері мен ауыз әдебиетіне, бүкіл тұрмыс салтына тереңдей енуі. Он екі мүшел жыл қайыру календары көшпенді халықтардың тарихи кәсіптік ерекшеліктерін, географиялық орта жағдайына қарай тапқырланған, тұрмысқа төтенше лайықтасқан тапқырлық өнері.
Кіріспе.
Дүние жүзінің әр түрлі халықтары түрлі күнтізбелерді қолданады. Мұсылмандар - ай, христиандар - күн күнтізбелерін қолданса, будда дініне сенуші елдер 60 жылдық, яғни, алты 10 жылдық және бес 12 жылдық циклдың айналымдағы күнтізбелерді пайдаланады.
Орталық Азия халықтарының ертеден бері пайдаланып келе жатқан хайуандық айналым күнтізбесін Кеңес үкіметі тұсында барынша бұрмалап жастарға оны жапон-қытай немесе "шығыс календары" деп таныстырды. Хайуандық айналым күнтізбесін қазақтар - «мүшел есебі» деп атаған.
"Мүшел" сөзінің шығуы туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. "Мүшел" сөзі " мүше"-деген сөзден, яғни дененің 12 мүшесіне байланысты шыққан дейді. Қазақтар арасында мал сойғанда мүше тарту немесе "12 мүшең аман болсын" деген тілектер айту бары рас. Сондай-ақ "мүш йыл" түркі сөзі "мүш"-"он" деген санды білдіреді, "мүш-йыл", "он-йыл", яғни, "он жыл" дегенді білдіреді деген пікір де бар. Ол түркілердің он саусақпен санау заманында шыққан, Орхон жазуларында он саны көп айтылады, мысалы: он оқ елі, он ұйғыр елі тағы басқалары. Ал мешін мен ұлу кейін қосылған деген дәлелдерді алға тартады.
Мүшел есебінің Шаванның пікірінше б. з. бірінші жүз жылдығына дейін-ақ, қытайлар мен түріктерде белгілі болған, Ал славян халықтарының арасында-болгарларды түріктер бағындырғаннан кейін, олардың Дуло руының жылнамаларындағы билеушілердің, өмір сүрген жылдары хайуандық күнтізбесінен есептелген екен. Бірақ, ол болгар халқының арасында кеңінең таралмаған, түрік билеушілері жергілікті халықпен ассимилияцияланып, сіңісіп кеткен кезде, ол есепте жойылған,
Мүшел есебінің шығуы туралы зерттеген В. Шахматов 1955 жылы-ақ өзінің ҚазССР Ғылым Академиясының Хабаршысына жариялаған "О происхождении двенадцатилетного животного цикла у кочевников" деген ғылыми мақаласында, мүшел есебінің алғаш рет Орталық Азия көшпенділерінде шыққан нанымды түрде дәлелдейді, Мұндай пікірді 1960 жылы И. В. Захарова, 1988 жылдары В. В, Цыбульский қолдайды.
Мүшел күнтізбесін революцияға дейін қырғыз-қайсақ циклдық күнтізбесі (АА Диваев, БА Куфтин, Ю Казбеков тағы басқалары) десе, қазіргі ғылымда оны 12 жылдық хайуандық циклдық күнтізбе, орталық азиялық көшпенділер күнтізбесі, Оңтүстік-Шығыс Азияның ай-күн календары (қазіргі кезде сол жерлерде қолдануына байланысты) немесе Юпитер күнтізбесі деп те атайды.
Ал жапондықтар бұл күнтізбеге Күн мен Ай ғана емес, Юпитер мен Сатурн қозғалысы да ескерілген. Өздері "жабайы көшпенділер " деп ат қойған номадизм теориясын жақтаушылар, әрине мұндай керемет күнтізбені көшпенділер жасады дегенге сенбей, қарсыласыр-ақ бақты.
Мыңдаған жылдар бойы көк аспан мен қара жер ортасында өмір сүріп келе жатқан көшпенділер өсіп-өну үшін, өздерін және тіршілік көзі-малдарын сақтау үшін табиғат тілін, жер ерекшелігін, аспан сырын үнемі бақылап зерделеумен болды.
Соған орай қам-қаракет жасап, жол жүріп, көшіп-қонған. Әрі отырықшылар егіннің шығуы үшін алдын-ала бір-ақ жылдың сырын білуге ұмтылса, көшпенділердің төрт түлігі өсіп-өнуі үшін оларға алдын-ала бірнеше жылдың сырын білу шарт болды.
Көшпелілердің бақылауынша- сиыр, барыс, жылан, жылқы жылдары жайлы, ол тышқан, ұлу, мешін, тауық, доңыз жылдары жайсыз деп есептелген.
Әсіресе, көшпелілер қоян жылынан қатты қорқатын болған. Оның әрбір төртінші айналымы, яғни әрбір 36 жылдан кейінгі келген қоян жылы жұтқа ұшыратып отырған.
"Ұлу" сөзі "қасқырдың ұлуы" деген мағынадан шыққан болуы керек деген зерттеушілер пікіріне толық қосылуға болады. Себебі, түркілер өмірінде көк бөрінің тотемдік сипаты болғаны, құрықтың басына қасқырдың басын кигізіп алып, ту ғып ұстап, ұрандап жауға шапқаны деректерден белгілі. Ал мүшел айналымында қасқырдың балама аты "ұлыма" енгізілген. Халық ауыз әдебиетінің ескерткіштерінде "маңыраманы ұлыма жеп жатыр" дейтін, Қасқырбай атты атасының атын атап қоюдан қорыққан келіннің тапқыр сөзі бар.
Ал, зерттеушілер арасында көп дау туғызып келе жатқан "мешін" атауы (маймыл) шынында да көп күдік туғызады. Түркі халықтары арасында маймыл елеусіз болса, "мәшін"-азғын адамдар типті жек көрінішті болған, оны құрметтеп мүшел есебіне кіргізуді жөні жоқ сияқты.
"Мешін"-Үркер шоқ жұлдызының моңғолша атауы деген зерттеушілер пікірінің қисыны бар*, түркі-монғол тілінің туыстығы мен олардың шығу тегінің ортақтығы, әрі бұл атаудың кейіннен қосылуы, ол пікірді нақтылай түседі. Үркер шоқ жұлдызының көшпенділер өміріндегі алатын орны мен уақыт маусымын білдірудегі ролі туралы айтылады. Қазақ халқының әр адамы бір жұлдызға балайтыны "жұлдызым жоғары, жұлдызым жоғары" деп көк аспанға, жымыңдаған жұлдыздарға табынатыны, егер де бір жұлдыз ағып түсетін болса, бір адам қайтыс болды деп есептейтіні белгілі. Сондықтан да мүшел есебіне өздеріне етене таныс хайуандарды, жануарларды кіргізе отырып көк тәңірін ұмытуы мүмкін емес қой.
Қытай календарында ұлудың орнына айдаһар (дракон) беріледі, себебі, олар айдаһарды қасиеттеп, сиынған. Бірақ, Қытайға мүшел есебін түркілер апарғанына ешкімнің дауы жоқ. Қытайдың тарихи жылнамалары да қытай тағын түркілердің бірнеше дүркін иеленіп билік жүргізетінін жасырмаса, Ұлы Қытай қорғанының ғұндар шабуылынан қорғану үшін салынғаны да шындық. Түркілердің әскери өнері мен киіміне, музыкасына қызыққан қытайлардың
*Заман-Қазақстан 1 мамыр 1997
мүшел айналымын да сіңіріп, оны жетілдіруі, өздері қасиеттейтін айдаһарды, қасқырдың (көк бөрінің) орнына бейнеленуі де заңдылық.
Ендігі басты мәселе мүшел айналымындағы маймыл бейнесінің қай уақыттардан бастап пайда болғанын анықтау.
Сібір* мен Орталық Азия* жерлерінде жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған қола дәуірінің ескерткіштері арасында12 жылдық жыл санау жүйесіне кіретін хайуандар бейнеленген көптеген заттар, бұйымдар табылған.
Біздің заманымыздың бірінші ғасырына жаттатын тотемдік табынуды білдіретін заттардан деп басқа Хорезм мен Оңтүстік Қазақстан жерлерінде мүсіндер мен оюларды әшекейлеуде мүшелдік айналымға кіретін жылқы, доңыз, тауық және маймылды жиірек пайдаланғанын білдіретін ескерткіштер де табылған*. Сондықтан, біздің заманымыз басталғанда маймылдың мүшел айналымынан мықтап орын алғанын байқап, оның тарихын әріден, тереңнен іздеу қажеттігі аңғарылады. Әрі туыстас түркі тілдерінің даму тарихы мен байланыстарына зерттеліп, "мешін-үркер" мен "мәшін-азғын адам немесе маймыл" сөздерінің алмасып, шатасуының қашан басталғанын анықтау үлкен міндет. Мешін немесе мәшіннің түркілер өмірінде ешқандай қасиеті жоқ, жиіркенішті екенін білдіретін сөздер күні бүгінге дейін бар. Қазақтарда жаман мінез-құлық көрсеткен, қолынан ештеңе келмейтін, олақ, салақ адамдарды-"мәжін" (мәшіннің өзгерген түрі) дейді.
1957 жылы Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында орналасқан ортағасырлық қазба жұмысы кезінде медальон табылған (диаметрі-3-8 см, Қалыңдығы-3мм, ортасындағы тесігі-8мм) .
Оның екі жағында да тізбектеле орналасқан жануарлар сұлбасы бейнеленген, ол еріксіз жылсанаудың 12 жылдық хайуандық айналымын еске түсіреді. Мұндай календарлар түрлері Қытайдан табылған, олар біздің заманымызға дейінгі XII ғасырда шыққан. Ең ежелгі хайуандық циклде жылдың 4 мезгілін көрсететін 4 жануар бейнеленсе, кейін оған 6 үй жануары қосылып толықтырылған.
I. 1. Мүшелдің жалпы сипаты
Көп халықтарда: қытай, жапон, корей, тибет, моңғол, қырғыз, өзбек, қазақтарда -бұл цикл тышқан жылынан басталады. Ол Y ғасырдан бастап кеңінен белгілі болып XYIIIғасыға дейін қолданылған. Оның Қазақстан жерінде де болғанын XIY ғасырдың әдеби ескерткіштері хабарласа Темірдің тасқа жазған қолтаңбасы-атақты Қарсақпай жазуы оны нақтылы дәлелдей
*С. Г. Нұрғалымова «Қазақ халқының күнтізбесі», Алматы «»
*Киселев С. В. Древняя история Южной Сибирири. М., 1951
*Агеева Е. И. Хроника археологических раскопок инаходок в Казахстане. Изд. АН Каз ССРң, серия археолг, 1951 №106-8, с. 132
*Толстов С. П. Древний Хорезм. Москва, 1948
түседі. Онда:"Жетіжүз қара Тоқмақ елінде қой жылында, орта көктем айында"деп
бастаған сөздер бар. Пекин нумизматикалық катологында Цянь-Лун
Богдыханның осыған ұқсас монетасында да 1950жылғы календарлық манета деп аталған.
Баба-ата қонысынан табылған монета тәріздес күнтізбеде 6 үй жануары және 6 жабайы хайуандар бейнеленген. Алдымен тышқан, содан кейін сиыр, жолбарыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз, бейнеленген. Ежелгі халықтарда тотемизмнің табынатын жануарлардың болғаны белгілі алтайлықтар-бұғыны қасиет тұтса, кейбір қырғыз рулары барысты киелі санаған.
Мұндай 12 жылдық хайуандар айналымы алтын заттар (б. з. д I ғасыр мен б. з. II ғасырын да жасалған) Қорғалы өзені бойынан) Қызылорда жерінен де табылған. Ал X-XI ғасырда жасалған Орта Азияда табылған қола айналардағы хайуандық айналым көрсетілген, ондай айналар Жамбыл облысынан да табылған, қазір Эрмитажда тұр.
Баба-атадан табылған күнтізбе X-XII ғасырларға қарахандқар дәуіріне жатады.
Мүшел тарихының өте ертеден басталуының тағы бір дәлелі оның түркі халықтарының өміріне, қолөнері мен ауыз әдебиетіне бүкіл тұрмыс салтына тереңдей енуі. Өнертанушылар мүшел айналымындағы 8 хайуанның қазақ ою-өрнектерінен де орын алғанын, тышқан ізі, қасқыр табан, жылан, қошқар мүйіз, барыс, жұлдыз, құс, ит құйрық сияқты ою түрлері бар екенін айтады.
Моңғолдардың 12 қанат киіз үйінің әр қанаты мүшел хайуандарының атымен аталатын көрінеді, әрі шаңырақтан түскен күн сәулесі түссе, соның атымен уақытты белгіленген, мысалы, тышқан немесе сиыр сағаты, олардың өзінің уақыты көрсетуде белгілі бір мағынасы бар (таңертең, түске жақын, тал түс тағы басқа) болып бөлінетін.
Батыс Азияда мүшелге ұқсас 12 хайуаннан құралған 1 айналым болған, ондаған хайуандар мынадай:мысық, ит, жылан, скаребей, есек, арыстан, теке, өгіз, қаршыға, маймыл, ибис және темсақ. Скарабей мен ибис Египет жерінде ғана болады, басқа халықтар оларды білмейді.
Хайуанның бұл тізімі біздің заманымыздың 1 ғасырында жазылған. Тевкрос деген автордың грек тіліндегі қолжазбасынан табылған. Теквростың айтуынша тәулік он екі бөлікке бөлініп, бөліктерді осы хайуандардың аттарымен аталған.
Рим папаларының сарайында сақталып сарайында сақталып келе жатқан, "Ватикан папирусы" делінген документте мынадай тізім бар:
1) Персия-мысық 7) Ливия-теке
2) Вавилон-ит 8) Италия-өгіз
3) Каппадокия-жылан 9) Крит-қаршыға
4) Армения-скарабей 10) Сирия-маймыл
5) Азия-есек 11) Египет-ибис
6) Иония-арыстан 12) Үндістан-темсақ
Мұнда әрбір елге бір хайуанның аты тәуелдендірген. Тізімі хайуандардың аттары мен реттері Тевкрос тізіміндегідей. Бұл қабысу ертеде осындай бір тиянақты он екі жылдық айналымының болғанын көрсетеді.
Біздің заманымыздың 2 ғасырдағы ежелгі Египеттің бір документінің үзіндісі Францияда Лувр музейінде сақтаулы. Неміс ғалымы Белл осы үзіндіден жоғарыда айтылған тізімдердегі жеті хайуанның ит, скарабей, есек, арыстан, теке, өгіздің египетше атауларын тапқан. Осыдан кейін әлгі тізім египет зодиагын бейнеледі деп есептеген.
Мағыналары жағын болғандықтан есек орнына жылқы, қой орнына теке, барыс орнына арыстан, тышқан орнына мысық (мысық тышқан алады) қоян орнына қаршыға ( Қаршыға қоян іледі) алынған десек, ортақ элементтердің саны онға жетеді. Одан әрі ибис пен скарабей басқа жерлерде болмайтындығын еске алып, олардың орнына тауық пен доңыз алынған десек, екі айналым бірдей болып шығады, Мәселені Гавели осылай баяндаған.
Көп кешікпей бұл пікірді қолдаушы ірі ғалымдарының бірі Болл Галлевидің теориясынан бас тартты. Өйткені, Ежелгі Египетте мұндай күнтізбе қолданылмаған. Тевкрос кітабы жазылған кезде қытайлықтар мен түркілердің мүшел есебі болған. Египет зодиагындағы хайуандар айналымы жылдары емес, тәуліктегі сағаттарды белгілейді деп есептеген. Ал Египетте тәуліктті бұлай бөлу мүлде болмаған. Ақыры, кездескен қайшылықтарды мойындап, Бұл он екі жылдық мүшел Вавилонда шыққан болуы керек деп тоқтады.
Мүшел Грецияда, Римде, Үндістанда болмаған. Ескі парсы күнтізбесінде де мүшел есебі қолданбаған.
Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих, археология, этнография институтының ғылыми қызметтері И. В. Захарованың " Орталық Азияның халықтарындағы он екі жылдық хайуандар айналымы" деген мақаласы басылды басылды. Мақалада автор Шаванн, Галлеви, Самойлович, Сердюченко, Гинцель, Потанин тағы басқа ғалымдарының мүшел жайында жазған еңбекрерінде баяндайды. И. В. Захарованың жалпы қорытындылары бойынша мүшел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын, демек бұрын б. з. б 1 ғасырда Орталық Азияда шыққан.
Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар рет санына қарай анықталмайды, 12 түрлі хайуанның атымен аталып отырады. Жылдардың тарихи қалыптасқан реттері мен атаулары төмендегідей:
1-жыл - тышқан жылы,
2-жыл - сиыр жылы,
3-жыл - барыс жылы,
4-жыл - қоян жылы,
5-жыл - ұлу жылы,
6-жыл - жылан жылы,
7-жыл - жылқы жылы,
8-жыл - қой жылы,
9-жыл - мешін жылы,
10-жыл - тауық жылы,
11-жыл - ит жылы,
12-жыл - доңыз жылы.
Мүшел аяқталып, енді одан ары 13 жылды санағанда тағы да тышқан жылы деп, есепті қайтадан бастайды.
Мүшелдегі 12 хайуанның алтауы - үй хайуаны, ал алтауы - түз тағысы.
Мүшел есебі көптеген елдерге - Жапониядан Болгарияға, Бирмадан Сібірге дейін жайылған. Демек адамзаттың жарты уақытты мүшел деп есептеген. Мүшел есебін пайдаланатын елдердің қайсысын алсақ та, олардың календарларынан жоғарыдағы 12 хайуанның аттарын кездестіреміз. Хайуандар үнемі тышқаннан басталып, доңызбен аяқталып отырады. *(тек алтайлықтар мен телеуіттерде ғана қой мен мешіннің орындары ауысқан, вьетнамдықтарда қоян орнына мысық, қой орнына ешкі айтылады) . Мүшелдегі хайуандарды әр халық өз тілінде атайды.
Іс жүзінде мүшел есебі екі жүйеге бөлінеді. Бірі - түркі халықтары қолданған «таза мүшел», ол әрбір он екі жылда аяқталып, содан кейін қайталанып отырады. Екіншісі - он екі жылдан кейін жартылай ғана қайталанып, 60 жылда аяқталатын Шығыс Азия халықтарының айналымы.
Мүшел есебі қолданылатын халықтар, атап айтқанда мыналар:
1. Түркі тілдес халықтар - қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер, түрікмендер, азербайжандар, татарлар, башқұрттар, чуваштар, чулымдықтар, тувалықтар, шорлар, алтайлықтар, осман түріктері тағы басқалар.
2. Моңғол халықтары - моңғолдар, буряттар, қалмақтар, таңғұттар, торғауыттар тағы басқалар
3. Сібірдің тұнғыс-маньчжур халықтары - нивхилар, долғандар, эвенкилер тағы басқалар.
4. Жапондар.
5. Корейліктер (бұлар ерте кезде ғана қолданған) .
6. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары - кампучиялықтар, вьетнамдықтар, бирмалықтар, тайландықтар тағы басқалар
7. Пуштулар (ауғандықтар) мен ирандықтар (парсылар) .
8. Кавказдың кейбір халықтары - абазиндер, ноғайлар, кабарда черкестері тағы басқалар.
9. Болгарлар.
Мүшел есебі Үндістанда, Египетте, Вавилонда, Рим мен Грецияда, арабтарда, словяндарда, Батыс Еуропа елдерінде болмаған.
Мүшелдегі хайуандардың жынысы, тұқымы, түс-түгі, жасы есепке алынбайды. Сондықтан қой жылын қошқар жылы деп те, саулық жылы деп те,
*Қазақ халқының мұрасынан. Алматы, 1993, 10-11бб
*Заман Қазақстан, 1мамыр, 1997ж
сек жылы деп те ұйғара беруге болады, жылдың хайуандардың жаратылысына ешқандай байланысы жоқ, солай тек шартты түрде аталып кеткен.
Мүшел есебімен санап дағдыланбаған адамға жылдардың ретін есте сақтау қиын, олардың, орындары ауысып, шатаса береді. Сондықтан қажет ететін адамдарға мүшелдегі жылдардың тетелестігін көрсететін мынадай, бір ауыз, схемалық өлеңді ұсынуға болады:
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тайма именіп, ділмәрдан. *
Мұнда әр сөздің бірінші дыбысы сәйкес жыл атының біріншідыбысын көрсетеді: т - тышқан, с - сиыр, б - барыс, қ - қоян, тағы сол сияқты. Қазіргі уақытта мүшелдік жылдардың басы 22 наурызға келіп отырады. Мысалы, 1979 жылдың 22 наурызынан 1980 жылдың 21 наурызына дейін
қой жылы, 1980 жылдың 22 наурызынан 1981 жылдың 21 наурызына дейін мешін жылы.
Мүшел хайуандарының кейбір халықтардағы атауларын келтірейік.
Моңғол тілінде:
Тышқан - хулугина, сиыр - хукар, барыс - барыс, қоян - толай, ұлу - лу, жылан - моғай, жылқы - мөрін, қой - хони, мешін - мечін, тауық - тахия, ит - нохай, доңыз - гахай.
Жапон тілінде:
Тышқан - не, сиыр - уши, барыс - тора, қоян - у, ұлу - татзу, жылан - ми, жылқы - ума, қой - хитзуй, мешін - зару, тауық - тори, ит - ину, доңыз - иви.
Басқа бірқатар елдердің тілінде:
маньчужурса: сингәри, ихань, тасха, гульмахунь, мудури, мәйхә, мөрін, хонин, бонио, чоко, индахунь, үглән,
тибетше: буй, лаң, тағ, лос, бруг, брул, та, луг, прә, бия, күй, фаг,
кхмерше (кампучияша) : күт, қылау, қал, таз, рең, мінән, мөмі, мөмә, уәк, рока, қа, көр,
парсыша: мүс, бәкер, пелеңгі, қаркүш, наһең, мар, есбі, көсфенді, хамдүне, мүргі, сег, хұғ,
азабинше: щыщқан, сиыр, барс, қуаян, ұлу, жылән, жылқы, кузай, мешін-мәшін, тауық, йіт, донуыс,
Кабарда черкестерінше: шұшқән, сиыр, барс, куаян, ұлу-бәж, жылан, жылқы, куей-мал, мәйхім, тауықу, ит, доңыз.
Кейбір авторлар мүшел есебінің саяси және экономикалық ролі болған жоқ, ол тек адамның жасын есептеуде ғана қолданылды деген пікірді айтқан. Бұл мүлде қате. Ертеде маңызды документтердің бәрінің де уақыттары мүшел
*Қазақстан мұғалімі. 2002. 01. 01 №1
бойынша көрсетіліп отырған. Ежелгі түркілердің бір ханы Қытай императорына 584 жылы жазған хатын былай бастаған: «Ұлу жылы, тоғызыншы айдың оны күні жазылды».
Күлтегін зиратындағы жазуларда да (VIII ғасырдың бірінші жартысы) жылдар мүшел бойынша келтірілген. Ұйғырлардың XI ғасырда жазылған мынадай бір қолхаты осы күнге дейін сақталған: « Бічін йыл шақшапұт ай икі яньқа маңа Тәдмілік Қарабөке икагука каршлық кәргәк болуп Құтлұғ атлы ходун кісіні садұп Құтлұғ теміртін юз еліг қалын бөз алдұмұз . . . тұкәл санап алдұмұз». чвб
Аудармасы мынадай:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz