«М.Мақатаевтың» портреті


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Көркемсурет факультеті
«Академиялық сурет» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«М. Мақатаевтың» портреті
Портрет «М. Макатаева»
Дипломдық жұмысты
Орындаган; Джулибекова У. А
Жетекшісі; аға оқытушы Жаманқараев С. Қ
Рецензент; аға оқытушы КазПУ
Бекбергенова Айнұр Сейдіғабылқызы
Академиялық сурет кафедрасының
меңгерушісі профессор Жаманқараев С. Қ
Қорғауға жіберілді: «» 2011
Алматы, 2011ж.
Мазмұны
Кіріспе
І. Тарау. Теориялық бөлім
1. 1 Ақынның өмірі мен шығармашылығы.
1. 2 Бала Мұхаметқалидан - ақиық ақын Мұқағалиға дейін
1. 3 Поэзия, менімен егіз бе едің. «Жысыз өткен күндер - өлі күндер.
ІІ. Тарау. Іс тәжірибелік бөлім.
2. 1 Мұқағали қазақ поэзиясының бағын жандырған ақын.
2. 2 “Мұқағали поэзиясындағы образдар жүйесі”
2. 3 Мұқағали поэзиясындағы дәстүрлі жүйе.
ІІІ. Тарау. Әдістемелік бөлім.
3. 1 Таңдалған тақырыптың мақсаты мен міндеті.
3. 2 Таңдалған тақырып бойынша білімді, адамгершілік, имандылық, тағылымдылық, тәрбие мәселелерімен оның педагогикалық, психологиялық, мәдениеттаушылық, эстетикалық негіздері.
3. 3 Таңдалған тақырыпқа арнайы құрастырылған әдістемелер және оны жүргізудің жолдары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Иллюстратцияла
І. Тарау Теориялық бөлім
Мұқағали өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігі, қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса да, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай жарасымды табиғи дамытты. Ол бірде қоғамның керенаулығын бетіне басқан қатал сыншы, енді бірде бала мінезді кіршіксіз таза, аңқылдаған аңғал жан. Сөйтіп жыр әлемінде өз ойын, өз шындығын, жүйелі көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білген. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Осыған орай осы дипломдық жұмыс ақынның қазақ поэзиясындағы өзіндік ерекшелігі бар көркемдік жүйе тұрғысынан қарастырылады.
Тақырыбының өзектілігі . Поэзиядағы көркемдік жүйенің жасалу және қалыптасу сипаты бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы ерекше назар аударуға тиіс мәселенің бірі. Қашанда өмір шындығын көркем түйіндеп суреттеу, яғни тарихи-қоғамдық болмысты сол болған қалпында жалаң баяндап қана қоймай, көркемдік үлгіде ләззат аларлық дәрежеде жеткізе көрсету аса мәнді де маңызды. Осы ретте ауыз әдебиеті үлгілерінде, жеке ақындар шығармашылығында көркемдік жүйе қандайлық дәрежеде. Олар өмір шындығын көркемдік шынайылық биігіне көтере алған ба деген мәселелер төңірегінде ойлансақ, мыналарға көзіміз жетеді. Анығында бұрынғы және бүгінгі жеке ақындардың поэзиясына қарағанда, ауыз әдебиетінің туындылары деп саналатын “Қыз Жібек”, ”Айман - Шолпан”, сондай-ақ сол халықтық дәстүрден сусындай отырып, өз шығармашылықтарында оны жетілдіре, дамыта түскен ”Біржан-Сара”, ”Әсет пен Рысжан”, т. б. сияқты идеялық көркемдік мәні жоғары шығармаларда өмір шындығы анағұрлым кең, анағұрлым терең көрсетіледі. Мәселе сол өмір шындығы көркем өнердің биік талаптарына сай суреттеледі, эстетикалық ләззат береді. Адамгершілікке, бостандық пен теңдікке, ар-намысқа талпынған ақылды, тапқыр қазақ жастарының көркем образдарын, кесек мінезін жасаған. Олармен салыстырғанда ауыз әдебиетінің тұнығын ішкен жыраулар поэзиясының өкілдері, айтыс ақындары өмір деректерін әр көлемде қамтыса да шыншылдық, көркемдік сипаты жағынан төмен жататындығы жасырын емес. Алайда поэзияның осы шыншылдығы жетімсіз, көркемдік мотивтері кемшін тұсын Махамбет, Абай, Ыбырай, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдері төрт құбыласын түгендеді. Осының нәтижесінде поэзия өзінің өмірлік, сұлулық сипаты жағынан халықтың рухани дүниесін молықтыруға үлес қосты. Көркемдік биік сапаланумен, шыңғыртып айтқан шындықпен жазылған шығармалар әрқашанда халықтың, белгілі бір заманның кең тынысты рухани өмірінің айқын айнасы болумен бірге әдебиеттің даму тарихында жаңа дәуір жасалды. Бізде бұл поэзияда Абайдан, прозада М. Әуезовтың “Абай жолынан” басталғаны мәлім. Абай поэзияны идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, немесе шығармашылықты “өмір оқулығы” ретінде қызмет атқаруға жеткізді. Әрі ол өлеңдеріне мүлде жаңа міндет жүктеді. ”Түзетпек едім заманды” деп, көркемөнердің өмірді дамытуға, өзгертуге шешуші үлес қосуын, белсенді әрекет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін уақыттың үлкен талабы есебінде ұсынды.
Осы тұжырымдарды шығармашылығына мықтап өзек еткен Мұқағали - Абай мектебінің түлегі. Әсіресе шығармаларының көркемдік қуаты, тақырып ауқымының кеңдігі, идеялық мақсатының тереңдігі, философиялық түйіні тұрғысынан мәнділігі, ұлттық болмысты, ұлттық психологияны, ұлттық көзқарасты бейнелеудегі шеберлігі жағынан өзінідк ерекшелігі бар. Ақын поэзиясы тақырыбының молдығы, көркемдік қуатының өзгешелігі, философиялық түйіндеулері, образ жасау шеберлігі жайында бүгінгі таңда аз айтылып жатқан жоқ. Алайда өзі өлсе де өшпес мұраға айналған, оқырман көңіліне берік ұялап, әр ұрпақпен үн қатысып, жаңа буын өкілдерімен сыр шертісе бастаған Мұқағали поэзиясына терең бойлай түсу, әр қырынан ғылыми саралап зерттеу әдебиеттанудағы маңызды мәселенің бірі деп білеміз.
Мұқағали қазақтың бай ауыз әдебиетін, одан кейінгі жазба әдебетінің озық үлгілерін, әлемдік әдебиет жетістіктерін бойына толық сіңіріп қабылдай отырып, поэзияда қалыптасып орныққан өлшем-өрнекті керек жерінде қырнап-өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан шеберлік танытты. Осы негізде жаңа өлшем, ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, әуезділік байлығын да молықтыра түсті. Мұқағали поэзиясының көркемдік түрін құрайтын бөлшектерге, яғни композиция, сюжеттік құрылыс, жанрлық өзгешелік пен бейнелеу тәсілдері, тіл кестесі, өлең өрнегі, өлеңге тән ырғақ пен интонация жүйесі, шумақ, ұйқас түрлерін қарастыру, олардың тұтастығын көркемдік жүйе дәрежесінде қалыптасуын және сол шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас бірлестік табуын анықтау, ғылыми түрде дәлелдеу, ақындық құпияларына үңілу зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Сондықтан ақын поэзиясын көркемдік жүйе тұрғысынан зерттеуді мақсат еткен дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі талас тудырмайды.
1. 1 Ақынның өмірі мен шығармашылығы.
Мұқағали . . . Бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып, оның ұлан ғайыр кеңдігін, көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманның, түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдына әкеледі. Ол туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті. Жаратушы иесі тумысынан ерекше дарынмен дараланған ақиық ақын. Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке, жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынышқа толы Мұқағали жырларына ұңілген әркімнің жан сарайы кеңіп сала берері анық. Бірақ біз ол туралы не білеміз Бұл орайда ақын өзін шын түснгісі, өмірбаянын, шығармашылығын зерделегісі келетін адамдадан бүкіл жазған сызғанын оқып шығуды өтінеді. Мені өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды сұраймын дейді. Өйткені ол үшін поэзия жанның шырылы. Ақын еркіне бағына отырып, біз де оның өз поэзиясынан жан жақты көрініс тапқан, күрмеуге келместей келте, сөйте тұра драматизмге толы өмір жолына үңілгенді жөн көрдік. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты Мұхаметқали. Бірақ пайғамбардын атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді деп есептеген ата анасы оны кішкентай күнінен Мұқағали деп еркелете атап кеткен. Тұңғыштары Мұқағалидың ізін ала туылған бір қызы мен бір ұлы ерте шетінеген Сүлеймен әкей мен Нағиман шешей олардан кейін Тоқтарбай, Көрпеш атты екі ұл сүйеді. Мұқағалидың әкесі колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы болыпты. Нағиман апаның айтуынша, үйдің тұңғышы болғасынба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған.
Әже, , Өлдіге мен өзіңді телімегем. Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, Ақ кимешек жоғалса . . . нені көрем
-деп өзі жылағандай, Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін еекше құрметтеген. Батыр шалыс Тиын әже бірде көкпар тартып жүріп аттан жығылып мертіккен жұбайы Мақатайдың аяғын Бұл енді саған аяқ болмайды деп, дәрігердің келуін күтпестен, жіліншігінің сынған жерінен балтамен шауып тастаса керек. Сон білетін көне көз ауыл тұрғындары қайсарлығына байланысты Мұқағалиды сол Тиын әжесіне тартқан диді екен. Табиғаты шырайлы да шұрайлы Қарасаз топырағындағы қаймағы бұзылмаған қазақы ортада өсіп өнген Мұқағалидың балалығы әуелде мұңсыз басталады. Озінің бір өлеңінде ақын ол кездерді
. . . Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Оинақ салып, қыран тай қырында жүр
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл, Іркіт иісі келеді мұынға бір, -деп сағына еске алады. Алайда сол мұңсыз балалыққа сызат түсірген соғыс Мұқағалиды демде есейтеді. Бір топ жерлестерімен әкесі майданға аттанғанда ол небәрі он жаста тұғын. Бірақ оған қарамастан, өмірдің бүкіл ауыртпалығы бала мойнына түседі. Алаңсыз күлкісін соғыс ұрлаған өзге де құрбы құрдастары тәрізді Мұқағали да тағдырдың ащы дәмін тез татады. Бұл етте Ненің сенің аңсаимын, бала шағым атты өлеңінде ақынның өз;
. . . Сағынам ба түстерің, кештеріңді Жалаң аяқ таңғы шақ кешкенімді, Өшкенімді білдірмей, өскенімді Жүре бердім жамылып бөстегімді . . . -деп сыр шертсе, енді бірде;
. . . Аңыздардан тере жүріп масақты, Рас, рас көзімізден жас ақты. Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар, Бәрімізден бір бір батыр жасапты. Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, Сондағы мен ерлігіме мақтанам. Балғын ұрпақ, сенің болашағыңды, Біле білсең, мына біздер сақтаған деп ағынан жарылады. Енді бір мезетте; Сенбеймін әкең өлді дегенге мен, Себебі ол үйімізден тірі аттанған, - дейді әке қазасына иланғысы келмеген ақын жүрегі. Сондай ақ өзінің әке жұртында қалған ошақтағы оттың бір ұшқыны екенінде есінен шығармайды. Демек оның ерте сөнуге қақысы жоқ. Өз сөзіне жүгінсек. Бір арыстан өмірден өткенімен, Өмір сүріп келеді тірі арыстан
Мұқағали поэзиясынан шынайы көрініс беретін өмір үшін күрес тап осы ұғымнан бастау алған болуы ықтимал. Қалай болғанда да, Тағат таппастан тартамын алға көшімді, Жаып бітпестен жазбаған маған өшуді
-дейді Мұқағали . . . Анасының сөзіне жүгінсек, Мұқағали он төрт он бес жасынан өлеңге ден қоя бастаған. Төбесі аласа ғана қоржын тамға қалың қалың кітаптарды үйіп тастап, шаршамай шалдықпай оқумен болады. Бұл орайда ол қазақ әдебиеті классиктерінен бөлек, орыс әдебиетін, оның ішінде Пушкин, Есенин, Блок поэзиясын сүйсініп оқыды. Шетел әдебиетінен Гейне, Гете, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Стендал еңбектерін, әсәресе Бальзак, Лондон, Шекспир шығармаларын жоғары бағалайды. Ақынның кереметтей білімділігіне тәнті болған жазушы М. Қабанбайдың Ұлттың колы жазылған ақын атты мақаласында өзі куә болған бір жайтты баяндағаны бар. Айтуынша Мұқаңмен аз кем сұхбаттас болған профессор Мұндай телегей теңіз білімді қазаққа алғаш кездесуім деп ерекше таңырқаған көрінеді. Яғни Мұқағали сол кездері ғана емес, күні бүгінге дейін қылаң беріп қалатын Тума талантқа көп оңудың қажеті жоқ деген ұшқары ойды жоққа шығарған кемел тұлға. өзі айтпақшы ол өмір бойы Нағыз ақын алдымен ойшыл философ болуы керек7 Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін адам жанының инженері болып қалу деген қағидаы ұстанған. Әдебиетке құштарлығының қайнар көзі Қарасаздан басту алған Мұқағали орта мектепті Нарынқолдағы мектеп интернатта бітіреді. Одан кейінгі жылдарда жоғары оқу орындарының бірнешеуіне еш қиындықсыз ақ түсіп, әуелі ҚазМу дың филология факултетіне, одан кейін шет тілдер институтына, сосын қайтадан ҚазМу дың заң факултетіне қабылданады. 1973жылы Мәскеудің М. Горький атындағы әдебиет институтының студенті атанады. Бірақ анасы айтқандай Оны да тауысқан жоқ . . . Олардың білетінін өзімде біледі екем. Алматымды сағындым. Балаларымның қасында болайын деп, кеттім де қалдым . . . деп бір жылдан соң елге қайта оралады. Мұқағалидың кез келгеннің қолы жете бермейтін айтулы оқу орындарының өзіне оп оңай түсуі әрине, ақынның оқу білімге деген құштарлығы мен қабілеті қарымы аса зор болғандығының айғағы.
Саған таныс адыр, қырқа беттегі, Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді. Рахатпа іші сырты ауылдың, Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені,
-деп сағынышты жыр арнаған сүйіктісіне ақын 1949жылы қосылып, жеке шаңырақ көтереді. Ол кезде Мүқағали 18, ал сүйген жары Лашын 21жаста болады. Бастапқыда ақын туған жерінде ауылдың кеңес хатшысы, Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс пәнінің мұғалімі, ауылдық газеттің тілшісі болып қызмет етеді. Мұқағали музыканы жақсы түсінетін және де сол қоңыр тамаша дауысымен халық әндерін төгілтіп тұрып айтқанда еріксіз тыңдап қаласың. Сүйікті жары Лашынмен таныстырғанда сол халық әндері болатын. Ән айтқанда жүзі гүл жайнап, көзі от шашып тұрғандай әсер береді. Өлеңдері лаулап жанып жатқан от секілді, сол оттан жынды көбелек сиақты айналып шыға алмай қаласың.
1. 2 Бала Мұхаметқалидан - ақиық ақын Мұқағалиға дейін
1980жылдардың ішінде республикалық баспасөз беттерінде аракідік болса да жариаланып, есімі ел құлағын елеңдете бастаған Мұқағали «Өлеңім өлтірмейді» деген сеніммен 1962жылы Алматыға қоныс аударады. Содан бастап ақынның кәсіби іс әрекеті әдеби шығармашылықпен тығыз байланыста өрбиді. Қазақ радиосында диктор, «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» жуналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарады. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады. М. Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген. Ұлттық сипат кейіпкердің түр-түсімен, киім киісімен, сөйлеген сөзімен анықталмайды. Бұл сырт көрініс, ұлттық мейрам Наурыз мерекесінде қазақы шапан киіп, басқа халық тілдерінде сөйлеген бауыр-туғандарымыздың сұр-сықпыты, міне, осы сияқты. Мәселе ұлттың дамуының әлеуметтік, экономикалық және тарихи ерекшелігіне дүниетанудағы көзқарасына, сезудегі ұлттық психологиясына байланысты. Әрі ұлттық ерекшеліктерді бірыңғай ұнасымдылықтан, жақсы қасиеттерден іздеу де оғаштық. Яғни ол жаман қылық пен қасиеттерде де жатуы әбден мүмкін. Қысқасы, ұлттық сипат тарих көшіне ілесіп дамып, жаңа реңге ие болып отыратын құбылыс. Ұлттық сана - біріншіден өз халқын, ұлтын сыйлайтын ыстық ықылас пен сергек сезімнен туады. Екіншіден, елінің, халқының ұлттың өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп халық тағдырына, ұлт мәселесіне елдік, мемлекеттік тұрғыдан қарайтын саналы, салихалы ойдан туады. Бұл ретте ұлттық сананың жасаушысы, сақтаушысы, қорғаушысы әрқашан да ұлттық интеллигенция, зерделі авангард топ зиялы қауым, әсіресе ақын-жазушылар. Абайда: “Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алып, кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғататын” Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Мыржақып, Жүсіпбек, Мұстафалар сияқты ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалайды. [12. 572-576 б] . Бұлар халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне қынжылған, келешегінен үміттенген. Дәл осындай шығармашылығында ұлттық сипаттар басым қазақ ақынының бірі - Мұқағали Мақатаев. Әр кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы аға буынның жеткен жерінен бастайтындығын ескерсек, Мұқағали да Абай мұрасын құран хадистеріндей құлағына құйып өскен өрен. Абай поэзиясының түп тамыры өмірде, ұлттық негізде, тарихта екендігін жете зерделеген Мұқағали оны игеріп қана қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да бар, алда да жалғасын табар құбылыс. Жалпы көркем әдебиет, өнер аса сындарлы тәрбиеші. Ата-анадан да, ұстаздан да өткін ұлы тәрбиеші - әдебиет, оның ішінде - поэзия. Тәрбиелік роль атқармаған өнер тұл.
Поэзиялық шығармадағы ой-пікір ақын көзімен көріп білген, өз көңілімен сезінген өмірдегі нақтылы жағдайлардан алған әсерлер түрінде туған идея болып келеді. Жалпы жағдайға қатысты қорытынды-түйін, ақыл-кеңес, насихат болса да, ақынның көңіл күйіне сабақтастырыла айтылады. Яғни поэзиядағы идея шығарманың көркемдік қасиетімен тығыз байланысты болса, ал көркемдіктің, ақындық шеберліктің өзі озық идеялықпен ұштасып жатады. Көркемдік жүйені форма, стиль, тіл шеберлігі, композиция, характер, образ жасау, тартыс мәселелеріне жан-жақты анализ жүргізу деп білеміз.
Ежелгі грек өнерінің табыстарынан, өзіміздің ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінен осы күнге дейін рахат табамыз, осы күнге дейін оған сүйенеміз. Себебі ол таза адамзаттық өнер. Әр дәуірдің өзі жасаған биік тұғырлары бар. Сондай-ақ поэзиядағы көркемдіктің де биігі бар. Ол қайталанбайды. Және оған кім көрінгеннің қолы жете бермейді. ”Абай-позиядағы қазақ ренессанысының құзар шыңы. Абайдың ренессаныстық өредегі ұлылығы сол, ол өзі ғұмыр кешкен қоғамдағы қабынып тұрған қақтығыс-қайшылықтарды қаны сорғалаған қалпында шегіне жеткен шыншылдықпен көрсетіп берді” [13] . Мәселе түйіні - бабаларымыз жасаған сан ғасырлық көркемөнердің, мәдениеттің жақсы жақтарын пайдалана отырып, жаңа жол табуда. Ол жаңа форма ғана емес, ол көркемдік компененттердің мазмұннан ажырамас тұтастығын жасау. Қысқасы өмірдегі құбылыстарды тани, жіті көре білуден басталады. Бұл өмірдің диалектикалық даму заңдылығын ажырата алу деген сөз. Жаңалық табу - өзіңді-өзің ашу, шығармашылыққа өзіндік қырмен, қолтаңбамен келу.
Кез-келген шығарма халыққа түсінікті болуы керек. Сонда ғана ол жұртқа эстетикалық әсер етіп, жаңа рухани тілегін өтейді. Әрине түсініктілік деген сауатсыз адамға шақталған талап, жадағайлық, жеңіл-желпілік деген сөз емес, терең ойды көркемдік шеберлікпен қарапайым етіп көрсету. Дарынды таланттың, үлкен мәдениеттіліктің, табанды еңбектенудің қажет жері осы. Толстойдың ”Қарапайым жазу оп-оңай емес” деуі де сондықтан. Көркемөнерді зерттеушілер өнер туындыларын түсінетін эстетикалық білім қажет екенін айтқан. Шынында, терең поэзиялық туындыларды, опералық, симфониялық шығармаларды, керемет картиналарды түсіну үшін белгілі дәрежеде эстетикалық мәдениет керек. Бұл шығарманың формасын жорта қиындату емес, оқырман мен көрерменнің эстетикалық өрісін көтеру. Сонымен қарапайымдылық жалаң қарадүрсінділік те емес, дәстүрден қашып шатпаққа ұрынған жасандылық та емес. Дана қарапайымдылық, мөлдір айқындық - міне нағыз өнер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz