Оқушылардың орындаушылық шеберлігін қалыптастыру жолдары


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МУЗЫКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Т. Ә. Қоңыратбай

Мұхамедқалиева Қымбат

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

5В010600 - мамандығы бойынша

“Педагогика” және “Музыканы оқыту әдістемесі”

Алматы - 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МУЗЫКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

Қызметте қолдану үшін (қажет кезінде)

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Т. Ә. Қоңыратбай

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

5В010600 - мамандығы бойынша

“Педагогика” және “Музыканы оқыту әдістемесі”

Орындаған Мұхамедқалиева Қымбат,

3 курс, 3 жылдық (сырттай)

Ғылыми жетекші:

доцент Әбдікәрімов Ә. Ә.

Алматы - 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
: I.
КІРІСПЕ: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ТАРИХЫ
4: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ: Қазақ халық музыкасы
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қазақ халық аспаптары
4: 15
: 1. 3
КІРІСПЕ: Қазақ халқының әншілік өнері
4: 24
: II.
КІРІСПЕ: МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕРДІҢ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
4: 33
: 2. 1
КІРІСПЕ: Музыкалық іс-әрекеттердің негіздері
4: 35
: 2. 2
КІРІСПЕ: Музыка сабағының мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі рөлі
4: 37
: 2. 3
КІРІСПЕ: Музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары
4: 39
: III.
КІРІСПЕ: МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІККЕ БАУЛУ
4: 42
: 3. 1
КІРІСПЕ: Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі әдістемелері
4: 42
: 3. 2
КІРІСПЕ: Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері
4: 43
:
КІРІСПЕ:
4:
: 3. 2. 1
КІРІСПЕ: Музыка сауатына арналған сабақтарды өткізу жолдары
4: 46
: 3. 2. 3
КІРІСПЕ: Оқушылардың ән айту мәдениетін дамыту
4: 47
: 3. 2. 4
КІРІСПЕ: Мектептегі хор ұйымдастыру жолдары
4: 48
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 49
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 50

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына жету жолындағы талаптарына сай оқыту мен тәрбиелеу іс-шараларын жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер оқытушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Жұмыстың өзектілігі: Өнер саласында музыканың алатын орны мен қоғамдағы музыкалық өнердің атқаратын қызметін мектеп оқушыларына жете меңгерте отырып музыкаға баулу, олардың орындаушылық шеберліктерін арттыру.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, оларды рухани жағынан нығайтып байыту, жетілдіру өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оны шешудің бірден бір жолы оқыту мазмұнының жаңартылып, әдіс-тәсілдердің озығының өмірге әкелу. Олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылық талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы абзал.

Жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларын музыкалық орындаушылық шеберлікке баулу жолдарын қарастыру және дамыту.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Демек, мектеп оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін тұжырымдауда педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.

Зерттеу міндеттері: Мектепте музыка пәнін оқыту барысында нақты да жүйелі түрде музыка тарихы мен музыка теориясы туралы білім беру, әр кезеңнің ғылыми және мәдени оқиғаларымен, өнердің басқа да түрлерінің дамуымен музыкалық білімнің өзара байланысын меңгерте отырып, алған білімдерін музыкалық оқу барысында кеңінен пайдалана білуге үйрету.

Біріншіден, оқушылар қабілет деңгейі жағынан тең дәрежеде болмайды. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды жақсы көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттері де әр түрлі болады. Мысалы, математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Екіншіден, оқушылар бойында қабілеттің бір түрі ғана емес, бірнеше әртүрлі қабілеттің белгілері де байқалатыны анық. Мысалы, ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар да жиі кездеседі.

Сондықтан баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында ертеден зерттеліп келе жатқан салалардың бірі екендігі мәлім. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарынан тыс қалған емес.

Мектеп оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген оқушы оқу барысында адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінінің шығармашылық әрекеттен айырмашылығы баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз қабілеті мен талантын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіруі болып табылады. Мақсатқа жету үшін жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Музыка пәнін беру кезіндегі жалпы тәжірибеде кездесетін жағдайларды, музыкаға оқушыларды баулудың жолдарын дипломдық жұмыстың негізгі нысаны етіп ала отырып, тақырыптың негізі ретінде музыка саласындағы тұлғалық және кәсібилік даму сипаты мен ерекшеліктері туралы толығырақ тоқталып өткеніміз жөн.

Құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, негізгі үш бөлім, он бір тарау, қорытынды және әдебиет тізімінен тұрады.

Сарапталуы. Диплом жұмысы музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасының мәжілісінде қаралып (25. 05. 2012, № хаттама), қорғауға ұсынылды.

1 МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ

ТАРИХЫ

Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге тартады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жинаталуы, саралануы, насихатталуы да тереңге тамыр созады.

Мәдениет - қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: « . . . бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғаруға болады. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін сусындап келгендіктен, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғақ керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал», - деген.

Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

Мәдениеттің тұрақты жағы - мәдени дәстүр, соның арқасында тарихтағы адамзаттық тәжірибесіне сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады.

Өмірдің заңына сәйкес мәдениет үнемі жаңғыруды қажет етіп отырды. Кез келген мәдениет жаңа толқынға, жаңа мағынаға ұмтылады, оған зәрулік танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар сынағынан өткен дәстүрлі құндылықтарды түбегейлі жоққа шығару деген сөз емес. Өйткені, тарихи сабақтастықтың логикасына сәйкес мәдениеттің ілгері үлгілері болады, онсыз ұлттық мәдениеттің қабырғасы сөгіледі, іргесі шайқалады. Міне, сондықтан жаңа үлгілерге жаппай бетбұрыс жасаудың өз қисыны, өз ырғағы, өзіндік келбеті бар. Сондықтан, өтпелі кезеңнің мәдени өзгерістерінен дәстүрлік пен жаңашылдықтың ерекше талдай отырып, әрбір жаңа нәрсені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қабылдаған абзал.

1. 1 Қазақ халық музыкасы

Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыкалық мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Насыр
әл-Фараби (870-950 жж. ), Махмұд Қашқари (1029-1101 жж. ), Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж. ), сияқты ұлы ғалымдар, А. Левшин (1799-1879 жж. ), Ш. Уалиханов (1835-1865 жж. ), Н. Стремоухов, А. Эихгорн (1844-1909 жж. ), А. Затаевич (1869-1936 жж. ) және басқа көптеген ғалым-зерттеушілер мен этнографтар көп жазды. Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге жеткен музыкалық-теориялық еңбегінің бірі «Музыка туралы үлкен трактат» атты кітабы Орта Азияда қолданылған ыспа аспаптардың зерттеулерінің дәлелі болып табылады. Б. Сарыбаев қазақ аспаптарын зерттеуші, Әбу Насыр әл-Фарабидің зерттеу трактатында екі ішекті қыл-қобыздың сыртқы түрі садаққа ұстайтындығын өз еңбегінде атап өткен. Әбу Насыр әл-Фараби «Музыка туралы үлкен трактат» еңбегінде сол кездегі аспаптардың шығу тегі, музыка мәдениеті, орындаушылық өнері, эволюциялық дамуы жайында толық түсінік берген.

Кез келген ғылыми еңбек, мәдениет пен өнер туындысы жеке адамның ғана көкірегінен қайнап шығып пайда болады. Қазіргі авторы белгісіз, халықтық болып аталып жүрген жырлар мен күйлерді, әндер мен аңыздарды да кезінде жеке адамдар шығарған. Тек кейін олардың есімдері хатқа түспей, уақыт атты ұлы дүрмекте ұмытылып, ел жадында шығармасы сақталса да, өздері қалмаған. Рас, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен бұл шығармалар жүре бара өңделсе өңделген болар, толықса толыққан шығар, брақ о баста бір ғана хас шебердің қолынан шыққаны талассыз.

ХV ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Қазтуған, Мұхаммет Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Шалкиіз, Досмамбет, Ақтамберді, Шалақын, Дулат Бабатайұлы т. б. ақын жыраулар мен ойшылдар шығармаларының ұрпағымызды Отан сүйгіштікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, әдепті, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты қазақ халқының салт-дәстүрі мен тарихы мен мәдениетін бойға сіңіріп ұялатуда маңызы ерекше.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы тарихтың даму барысында философия, мәдениеттану, әлеуметтану, тарих, педагогика ғылымдарында қайта өрлеу кезеңі деп суреттеледі. Қазіргі егемендік алып, Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дамуы да - қайта өрлеу кезеңі. Демек, ұлтымыздың, тіліміздің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің, ұлттық тарихымыздың қайта жаңғыру кезеңі. Қазақ халқының мәдениеті, тарихын ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тауып насихаттаған.

Алайда, ғалымдардың бір тобы ХІХ ғасырдың екінші жартысында музыка өнерінде демократиялық тенденцияның өрістеуін орыс мәдениетінің әсерінен қарастырса, екінші бір қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннің өзі тікелей тұлғалаған дәстүрлі өнер түрінде таниды.

Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана қалыптаса бастады. Революция қазақ халқының мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасады. Егер Совет үкіметінің алғашқы жылдарында бұрынғы артта қалған елдің сауатсыздығын жою жұмысын қолға алған болса, ал енді жиырмасыншы жылдардан бастап, халық ағарту ісімен бірге, Қазақстан халық ағарту комиссиариаты күн тәртібіне көркем өнерді дамыту мәселесін қойды. Музыкалық тәрбие берудің алғашқы мұғалім даярлайтын курсы, мектеп хорларын басқарушылардың аса жедел курсы ашыла бастады, халық музыка таланттарын іздестіру және халық аспаптарын жасай білетін шебер мамандар табу мақсатымен анкета өтініш таратылды. Өткен дәуірде нотаға түскен ән-күйдің саны аз болғанымен ғылым үшін маңызы үлкен.

Феодалдың ру тартысының талай тауқыметін тартқан, үстем тап өкілдері қатыгездікпен қанап, езіп келген қазақ халқы қаншама қиын-қыспақты басынан кешірсе де, өзінің елдік қасиетін сақтап қала білді, өніп-өскен ортаның ұлылы- кішілі құбылыстарын ән мен күйге бөлеп, жадында сақтады. Феодалдық - патриархиалдық өмір қалыбы, Шыңғыс ханның елді талан-таражға салған жортуылдары, халықтың басын айналдырып, үстем таптың қолындағы қанау мен езгінің құралы болған ислам дінінің кертартпа мәні халық шығармашылығына да із тастап кеткені сөзсіз. Мысалы, домбыра тарту, әсіресе, әйелдің домбыра ұстағаны күнә деп саналды. Жан иесінің кейіпін кескіндеуге болмайды деп, ислам діні халықтың бейнелеу өнерін тежеді. Алайда, халық тосқауылдың қандай түрін болса да жеңіп шығып, өзінің жарқын болашаққа, алдағы бақытты өмірге деген сенімін ән мен күйге қосып шыңдай берді.

Ән - халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі - қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй - деген.

Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, жыршылар, сал-серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той-томалақ, түрлі ойын-сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын-әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый-құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз-әңгімеге айналып, ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

«Қазақтар - еті тірі, өмірге құштар халық, - дейді Г. Н. Потонин, - олар сауықшыл келеді, киімді ашық түстен киеді, өмірде той-думанды жақсы көреді. Бұл халықтың өмірден кеткен адамдарына ас берудің өзі ұлан-асыр салтанатпен өтеді, жиналған халық ойын ойнап, ат жарыстырып, ән салып, ақындар айтысын тыңдайды». Бұдан қазақ халқының өнерге жақын, өнерсүйер қауым екенін көруге болады.

Қазақ халқынын басынан кешкен толып жатқан тарихи оқиғалар музыка тілінде де аңыз болып сақталады. Мысалы, «Ақсақ құлан» күйінде халқымыздың өсіп-өркендеуіне ұзақ уақыттыр бойы қырсығын тигізетін татар-монғол басқыншылығы тұсындағы бір көрініс бейнеленеді.

Қазақ елімнің басына өткен тарихи ауыр оқиғалардың біразы Шыңғыс хан, Ақсақ Темір есімдерімен байланысты. Сондықтан ән күйлерде де сол қатыгез әміршілердің аты жиі ұшырап отырды. Мысалы, «Ақсақ Темір» деп аталатын өлең осындай ел басына түскен ауыртпашылықтарды, қиын-қыстау кезеңдерді баяндайды.

Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді: халықтың ескілікті наным-сенімінен туған әндер; еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер; тұрмыс-салт әндері; эпикалық жырлар; тарихи әндер; лирикалық әндер мен айтыс.

Қазақ даласына жайылған әндердің біспырасы халықтың дербес ұлт болып жаңа-жаңа қалыптаса бастаған кезінен бері қарай белгілі болса керек. Бұған тұрмыс-салт жырларына жататын «Тойбастар», «Беташар», «Жар-жар», «Алтыбақан» әндері және т. б. дәлел бола алады.

Қазақтың әншілері бұрын әнді тек жеке дауыспен домбыраның, не қобыздың сүмелдеуімен орындаған, көп дауыс қосылып, хормен айту дәстүрі болмаған. Бірақ, соған қарамастан тақырыптық, айтылу өрнегі жағынан әндердің түрлері сан алуан болған. Оларды лирикалық, драмалық, әзіл-сықақ, қайғылы-шерілі, мақтау-арбау әндері деп бөлуге болады. Қазақ халқының әнді қастерлегені белгілі, олар әннің қасиетті киесіне сеніп келген. Көпшілік қауым өткен кеткенді жырға қосып, халықтың өмір жолын әнімен жадында сақтаған, әнші-жыршыны мақтан тұтып қастерлеген.

Халық музыканттарының озық ойлы шығармалары байлардың байлығын емес, керсінше, халық өмірін, халықтан шыққан ерлерді, батырларды жыр етеді. Мысалы, XVIII ғасырлардың 80-ші жылдарында хандық қырылысқа қарсы Сырым Датов бастаған халық қозғалысы еңбекші бұқараның таптық сезімін оятқан елеулі оқиғалар болды. Халық ол жайында «Сырым сазы» атты күй шығарып, өнерімен ескерткіш тұрғызды. Исатай, Махамбет бастаған ұлтазаттық қозғалыста халық музыкасынан өзіне лайық көрініс тапты.

ХІХ ғасырдың 40- жылдарында Бөкей хандығында орыс мектептері ашыла бастады. Олар қазақ арасына білім таратумен бірге, бұқара халықтың кертарпа ислам діні ықпалдарына қарсы күресінде де едәуір игі міндеттер атқарады.

Орыс мәдениетінің игі ықпалымен қазақтық музыкалық халық шығармашылығы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап жедел өркендей бастады. Қазақтың ХІХ ғасырдағы аса көрнекті халық композиторларының бірі - Құрманғазы Сағырбаев. Құрманғазы туындыларының өзегі еңбекші бұқараның феодалға, үстем топқа, ауыл ұлықтарна қарсы күресі болды. Бұл қылығы үшін ол «ақ патшаның» итаршыларынан өмір бойы қуғын көрді. Құрманғазы күйлері өмірдің ең көкейкесті құбылыстарын паш етті. Күй музыкасы айқын да әуенді келеді, күй нақты, қалың көпшілікке түсінікті болды, тыңдаушысын бай сазыммен, әсіресе, кербез нақышысымен билеп алады. Шыққан тегі жөнінен үстем тап өкілі бола тұра, шығармашылығын халқына арналған композиторларда жоқ емес, мысалы, Бапас деп көпшілік атаған, атақты күйші Даулеткерей Шығиев ата-бабасынан мұра болып қалған сұлтан- правиталь шенінен гөрі күйшілікті артық санаған. Даулеткерейдің шығармашылығы негізінен лирикалық сипаттта өрбиді.

Ақпаратты феодалдың баласы Т. Қазалғапұлы да халық музыкасын таңдаған. Ол өз өмірін өнерге бағытайды. Тәттімбеттің бұқарашыл бағыттағы музыкалық және ақындық шығармаларында қыр елінің тіршілігі асқан шындылықпен суреттеледі.

Қазақстандағы ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы саяси-әлеуметтік жағдай, қазақ қоғамында таптық қайшылықтардың өрши түсуі, озат орыс мәдениетінің қыр өміріне сіңе бастауы. Міне, осының бәрі қазақ өнерінің барлық салаларында бұқарашыл ағындардың күшейуіне жол ашты. Қазақ халық композиторлары осы жаңа ағымдарды шығармашылық тұрғысын игеруге тырысты.

Бұл кезеңдегі әндер мен күйлерде халықтың бостандыққа қол созған талап-тілектері, әлеуметтік наразылық нышандары айқындала түсті. Лирикалық әндерде әйелдердің бас бостандығы тақырыбы ашық айтылды. Тұрмыс-салт әндері мен халық ойындарында оқуға, білімге деген талпыныс, феодалдық дәуірдің сарқыншақтары мен күрес тақырыбы сөз болды, діндарлар, қожа-молдалар ажуа болды. Ақын-әншілердің айтысы, күйшілердің күй тартысуы, көбіне-ақ дүйім жұртың басын қосқан үлкен мерекеге айналатын.

Әсіресе қазақтың «сал», «серілерінің» орыны бөлек болатын. Олар халықтың ауыр тұрмысын аз да болса жеңілдетіп, оған сән беретін, әрі жергілікті басқарушылардан, әрі патша үкіметінің ұлықтарынан екі жақты қысым көрген халықтың рухын көтеретін. Осындай көптің еркесіне айналған «салдардың» бірі Біржан сал мен Ақан сері.

Белгілі халық композиторы Жаяу Мұса, орыс тілін жақсы білген, Петербургте, Қазанда, Чехослования мен Польшада болған. Сондай-ақ қазақтың халық музыкасында Балуан Шолақ, Мәди, Қазанғап, Ықылас, Самалай сияқты өнер иелері де болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары
Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыстарының түрлері мен мазмұны
Оқушылардың домбыра аспабында ойнау қабілетін дамытудағы мұғалімнің жұмысы
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Білім саласындағы әлемдік даму
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz