Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ГЕОГРАФИЯ-ЭКОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚСТАН ГЕОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАҚТА КЛАСТЕРІ
«Қорғауға жіберілді» Жетекші : г. ғ. к, доцент «»2012 г. Абдиманапов Б. Ш. «Қазақстан географиясы және
экология» кафедрасының
меңгерушісі п. ғ. к., доцент
Сабденалиева Г. М
Орындаған: 5В050116-мамандығының
4 курс студенті Досқараева М
АЛМАТЫ, 2012
Мазмұны
Кіріспе
1 Кластер экономикасына түсініктеме
- Кластер экономикасы туралы түсініктеме, даму тарихы
- Экономикалық дамудың кластерлік теориясы
- Шет елдердегі инновациялық даму стратегиясындағы кластерлік жүйе
- Қазақстанның кластерлік экономикасыҚазақстан Республикасының кластер жайлы заңдары мен кластер түрлеріОңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластері
- Мақта кластерлік жүйесін оқыту барысында қолдануАуыл шаруашылығы саласында кластерлік жүйені қолдану әдісіЖеңіл өнеркәсіп тақырыбында кластердің маңызын оқыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Дипломдық жұмысымның мақсаты - кластер жүйесін зерттеп, олардың мемлекетке тиімділігін ашып көрсету. Экономиканы дамытатын және елге қолайлы жағдайларды туғызатын осы жүйе болып табылады. Оның ішінде мақта кластерінің аймақтық әлеуметтік-экономикалық маңыздылығына тоқталу. Сондай-ақ халықты мақта-мата өнімімен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы мен ішкі нарықта импорттық өнімнің басым болуын қарастыратын осы саланың перспективалық дамуында кластерлік жүйенің ролі туралы мәлімет беру. Бұл шетелдік тәжірибеде дәлелденген. Сондай-ақ жүйе әлеуметтік және демографиялық салаларды да қамтиды . ХХ ғасырдың соңы ХХІ басында интернационализация, глобализация мен интеграция үрдістерінің белсенділігімен сипатталады. Халықаралық саудамен байланысты интернационализация жүйелік құрылымның коммерциялануы мен дамуының есебінен күшейе түсті. Жаһанданудың негізі болып қазіргі уақыт кеңістігіндегі сапа стандарты мен жүйелік логистиканы қамтитын жалпы әлемдік коммуникативтік жүйелердің жасалуы саналады. Интергация - шарушылық блоктарының мега- және макродеңгейдегі институционалды дайындалған жүйелік үрдістің бірігуі. Мегадеңгейде мұндай бірігу қазірше тек ЕО (еуро зона ) түрінде ұйымдастырылған. Макродеңгейдегі интеграция ел экономикасында шаруашылық блоктардың - өнімнің соңғы шығарылуы мен географиялық орнымен байланысты фирмалар мен ұйымдарды қамтитын кластерлердің құрылу жолымен жүзеге асады. Сонымен қатар географиялық жақындықты әлеуметтік пен адам капиталы, ғылыми, инновациялық және өндіріс потенциалының жиналған «критикалық массасы» ретінде қарастыру керек. Тек осындай үйлесімде кластерлер тұрақты, эмерджентті және бәсекеге қабілетті болады. Кластеризация әлемнің экономикалық дамыған жетекші елдерінің 50%-дан астамын қамтып, әлемдік капитализм жүйесінің жаңа даму векторы ретінде қалыптасуда. Э. Тоффлер Италияны мысалға келтіре отырып кластеризацияны капитализм дамуының «жаңа толқыны» деп атады.
Кластер концепциясы ұлттық экономиканың, аймақ немесе қала экономикасының дамуына жаңаша көзқарас қалыптасыратынымен, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатын негіз ретінде аймақтың не ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылатын компаниялар мен үкіметтің (немесе жергілікті атқарушы орган), басқа да ұйымдарды жаңа қырынан ашады. Ірі корпорациялар кластердің базалану орнында құрылған әлеуметтік-экономикалық жағдайға аса маңыз бермейді. Сонымен қатар ірі кластерлердің дамуында әлемдік тәжірибе жоғары және маңызды. Бұлар - Солтүстік теңіздегі мұнай өндіруші компаниялар, Солтүстік және Оңтүстік Каролинадағы тоқыма компаниялары, Германияның оңтүстік бөлігіндегі автомобиль компаниялары мен Италиядағы сәнді аяқ-киім шығару. Қазақстан ресурстарғы бай, бірақ өзінің аймақтық артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Егер салалардың еңбек пен ғылым сыйымдылығы жоғары болып көрші елдерде бизнес жасау оңай болса капитал сол жаққа жылжиды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша нарықтың туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тоқыма және тамақ өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары салаларында биылғы жылдың ортасына дейін кем дегенде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек, - деп атап көрсетті. Теориялық тұрғыда елімізде барлығын дамытуға болады, бірақ нюанстарды ескере отырып белгілі тапсырмаларға тоқталу керек. Мысалы, егер Қазақстанда жұмыс күші қымбаттаса немесе басқа да сегменттерде жағымсыз сипаттар байқалса бұл бизнес үшін жақсы белгі болар еді. Кластерлерді таңдауда белгілі критерийлер болу керек. Сингапурда шикізат ресурстары жоқ, бірақ мұнда қызмет көрсету-технологиялық кластерінің дамуына көңіл бөлген. Және мұндай тәсілді ойластырылып ұйымдастырылған инициативасы бар кез келген ел қолдануы мүмкін. Ал кеңестік жүйеде өнеркәсіпті орналастыру басқа принципте жүзеге асты: бір қала түзуші кәсіпорын, оның айналасында қызмет көрсететін сектор. Кластерлік үлгіде жалғыз лидер болмайды, бұл бәсекеге қалыптасқан, бірақ сонымен бірге бірлескен түрде қазақстандық өнімнің брэнд, имиджі мен атағын жоғарылатады.
Қазақстанның кластердің жасалуын Оңтүстік Қазақстан облысындағы тоқыма кластерінің құрылу мысалында қарастырдым. Бұл кластердің құрылыуының маңызы қазіргі уақытта тоқыма нарығында қайталанбас жағдай туып отыр себебі тоқыма өнеркәсібі еуропа елдерінен жұмыс күші айтарлықтай арзан және потенциалды нарық жүйесі орналасқан азиялық елдерге көшуде. Осы артықшылықтарды пайдалана отырып Қазақстан тоқыма саласын жақсарта алады соңғы он жылдықта бұл сала жаңа технлолгиялар мен сапа стандарттарын арнайы енгізіп жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Егер өз уақытында тоқыма және тігін өндірісінің халықаралық нарығына ене алсақ, онда Қазақстан үшін Орталық Азия елдері мен Ресейде дайын өнімдердің тұрақты нарығын құруға мүмкіншілік бар. Орталық Азия елдерінде 60 млн-нан астам халық тұрады, және республиканың қазіргі технологияларды пайдаланып сапалы өнім шығара отырып бұл нарықты жаулап алуға толық мүмкіндіктер қарастырылған. 2002-2004 ж. ж Ресей, Украина, Белоруссия елдері Қазақстаннан 400 мың т жуық мақта-талшығын импорттаған.
Мақсаты: Кластерлік экономикалық жүйені саралай отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластерінің даму мүмкіндіктерін сипаттау.
Міндеттері:
- Кластер экономикасының жалпы түсініктемесі мен даму тарихы туралы мәлімет беру;
- Қазақстанның кластерлік жүйесі және экономикадағы маңызын айқындау;
- Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластерінің қазіргі жағдайын сараптай отырып, даму перспективаларын қарастыру;
Зерттеу объектісі: Дүниежүзілік кластер жүйесі мен даму тенденциясы, Қазақстандағы кластерлер бағыты оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластері. ҚР заңдары мен шешімдері.
Зерттеу тәсілдері: талдау және сараптау, ақпараттық-статистикалық мәліметтерге сүйену, еліміздегі кластерлердің жағдайымен танысу, жалпы шолу жасау.
Практикалық маңыздылығы: Кластерлік жүйенің еліміздің халық шаруашылығындағы қызметін арттыру. Қазақстандағы кластерлерді ары қарай жетілдіріп халықтың әл-ауқатын көтерудегі маңызын жоғарылату, сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластерін тек аймақтың экономикасын ғана емес, елдегі тоқыма индустриясын халықаралық дәрежеге көтеру.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады: бірінші тарау- Кластер экономикасына түсініктеме, екінші тарау- Қазақстанның кластерлік экономикасы, үшінші тарау - Мақта кластерлік жүйесін оқыту барысында қолдану.
Жұмыстың құрылымы жұмыс кіріспе, үш тарау, сегіз тарауша, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
- Кластер экономикасыКластер экономикасы туралы түсініктеме, даму тарихы
Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары - М. Потердің жазуынша - бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы. Олар белгілі ортада әрекет етеді және өзара толықтырушы сипатта болады. Кейін, М. Потердің нұсқауынша, кластердің географиялық масштабы бір қаладан немесе басқа территориялар әкімшіліктік бірліктен нұсқалануы мүмкін, мысалы, әкімшіліктік облыстаң елдің барлық территориясына кейде көрші елдерге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде кластерге бөлуді, оның өнеркәсіп - өндірісті ошақты анықтаудан бастаған жөн. Сосын таңдап алынған ошаққа тиесілі тауар мен қызмет көрсетудің инфраструктуралық сегменттері анықталады. Кластерді қалыптакстырудың критерийі ретінде өндіріс пен оның құраушыларының тиімділігінің өсуін айтады. Өндіріс тиімділгінің индикаторы ретінде кластер ошағының негізгі қызығушылықтарына сәйкес келетін әртүрлі көрсеткіштерді айтамыз. Баса айтатын нәрсе, өндірістің қосалқы құрамына әр профильді бірлестіктер мен оқу орындары кіреді, олар кәсіби кадрлар дайындаумен, жаңа технологияларды жасаумен айналысады. Бірақ, М. Портердің айтуынша, олардың негізінде кластердің қатысушыларына айтарлықтай әсер ететін үкіметтік немесе басқа да заң құрылымдары болуы керек. Бұл кластердің қалыптасуының аяқталуын бағалайтын негізгі сұрақ. Үкіметтің қолдауынсыз ешқандай кластер сәтті жұмыс жасауы мүмкін емес, сәйкесінше өз мақсатына жете алмайды. Мысалы, Калифорниялық шарап кластері арнайы Калифорния Сенаты мен Ассамблеясының демеуімен жұмыс жасайды. Яғни, мемлекеттік шенеуніктердің кластерді қалыптастырудағы ролін асқақтату және шығармалық еңбектерін бағалау - олардың ішінде коррупцияның дамуына қарсы қуатты құрал болып табылады. Кез - келген кластердің шекарасы салалық құрал мен пунктердің территориялық әркелкілігімен салыстырғанда түйіндескен өндірістердің таралуы агломерация тиімділігімен анықталады. Агломарация тиімділігі кластердің салалық құрамының қосымша бір өндіріс бірлігіне өсуі, яғни кластер құрамына қосымша бір өндірістің қосылуы: егер жаңа кластердің суммасы жоғары болса, онда агломерация тиімділігіне жоғары болады. Кері жағдайда, кластердің салалық құрамының қалыптасуы аяқталады және кластер құрамына қосымша, онда бұл ұқсас жағдай: агломерация тиімділігі транспорттық тосуларды төмендету есебінен болады. Ірі кластердің әлемдік даму тәжірибесі айтарлықтай. Олар - слотүстік және оңтүстік Каролинадағы тоқыма компаниялары, Германияның оңтүстік бөлігіндегі автокөлік компаниялары, Италиядағы модельді аяқ киім өнеркәсіптері, Калифорнияның шарап жасаушы топтар, Португалия мен Швециядағы орман және ағаш өңдейтін өнеркәсіптер. Қазақстан үшін жергілікті бәсекелестікті қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибе үлкен қызығушылық тудыруда. Мұндай жергілікті кластерлерге мысал болатын Голливудтағы ойын - сауық индустриясы, Нью - Йоркеті қаржы кластері, Хай - Поинттегі тұрмыстық техника шығаратын кластер. Мысалы, Манхэттендегі мультимедиялық кластер фирманы қамтамасыз ететін провайдерден, олар өзара байланысты салалардан тұрады, баспалардан, радио мен видеодан құралған. Қазақстан үшін қызығушылық тудырғаны аймақтық кластер, мысал ретінде М. Потер Португалиядағы аймақтық кластердегі қарастырады. Дамушы экономикадағы кластердің қалыптасуына білім деңгейінің төмендегі, жұмыс күшінің төменгі классификациясы, технологияның әлсіздігі, керекті капиталдың жетіспеуі, қоғамдық инстуттардың әлсіз дамуы кедергі болады. Үкімет пен әкімшіліктің саясаты кейде кластердің қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқу орындарының бағдарламалары Қазақстанда кластер талаптарына сәйкес келмей жатады. Аймақтардағы кластерден тыс жеке жұмыс істейтін компаниялар кластердің дамуын тежейді. Кластердің дамуына шабыт беретін М. Потердің айтуынша ішкі сауда, ішкі бәсекелестіктің дамуы мен инвестиция. Ішкі бәсекелестік жергілікті органдар мен институттардың өздігінен дамуына жол ашса, ішкі сауда Халықаралық деңгейге шығуға жол ашады.
Белгілі американдық ғалым Майкл Потер өзінің «Халықаралық бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді. Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелеуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсас нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай - ақ, тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін. М. Потер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамның экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса - ол бір басқа, ал енді қозғаушы күш ретінде жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті бір басқа. Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз. Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс. М. Потердің әдістемелік ұстамы - ол экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес деп санайды. Жіңішкерек амал, ұстаныс іздеу қажет. Нақтырақ айтқанда: неліктен дәл осы елде тиісті сала халықаралық бәсекелестікте табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда, неге осы елге негізделген фирмаларға қарағанда бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан шығармайды.
Соңғы жылдары географиялық орынның бәсекелестікке әсері туралы айтылғанда, компаниялардың осы бәсекелестікті қалай жүргізетініне көп көңіл бөлінбейді. Бәсекелестік негізінен статикалық түрде, өзара байланысты салалардың шегіне сүйене отырып жүргізілді. Бұл жағдайда өндіріс факторлары бойынша салыстыру басымдылыққа ие болып табылады, яғни айтқанда, көптеген соңғы зерттеулер өндіріс масштабтарының өсуімен байланысты.
Алайда, мұндай жағдай нақты стратегиялық айырмашылықтардың жаңаруына негізделген динамикалық бәсекелестікті суреттей алмайды. Өндіріс байланыстары үш шартқа байланысты маңыздылығы жөнінен төмендейді: әлемдік экономика үшін көптеген елдердің ашық экономикаға ауысуы факторлардың кеңейтіле жеткізулеріне себепші болады; халықаралық және ұлттық нарықтық өндіріс факторларының тиімділігінің артуы; бәсекелестік факторының интенсивтілігінің азаюы. Бұлардың орнына сатып алушылармен, жеткізушілермен және басқа да әсер етуші институттармен тығыз қарым-қатынастар тек тиімділікке емес, жоғары сатыға көтерілудің жылдамдығына да үлкен әсерін тигізе бастайды.
Кең және динамикалық бәсекелестік тұрғысында тұрғылықты жер өнімділікке, әсіресе өнімділіктің өсуіне әсерін тигізеді. Өнімділік пен аймақтың дамуы фирманың қай салада бәсекеге түсетініне емес, қалай бәсекеге түсетініне байланысты. Фирмалар кез келген салада жоғарғы өнімділікке ие бола алады. Егер ол жаңа әдістерді, технологияларды қолданып, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер көрсетсе.
Бірақ та егер фирма өнімсіз жұмыс істейтін болса, тек жаңа технологияны қолдану жеткіліксіз болады. Кластердегі негізгі мақсат тікелей немесе жанама түрде өнімділікті жоғарлату болып табылады, себебі бір саланың дамуы міндетті түрде келесілерін дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, аймақтың жағдайы сол жерде орналасқан фирмалардың әрекетіне байланысты болады. Бұл сол жердегі жалақы мөлшерін, табыс деңгейін анықтауға септігін тигізеді. Аймақтардың дамуына ұлттық және шетелдік фирмалар да сол жердегі өнімділікке байланыстылығына қарай үлесін қосады. Ірі бизнес түрлерімен айналысатын шетелдік фирмалардың болуы ұлттық фирмалардың тиімді жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Аймақтардағы фирмалардың өнімділік және іс-әрекеттері бойынша өзара бәсекелестікке түсуіне сол ортаның экономикалық жағдайы да әсер етеді. Мысалға фирмалар инфрақұрылым дамымаған жерде, логистиканы қолдана алмайды, жоғарғы білімді мамандары жоқ болса жоғары сапалы қызметтер көрсете алмайды. Осы сияқты кең масштабты қамтитын экономикалық жағдайлар бәсекелестіктің дамуына кері әсерін тигізеді. Алайда дамыған экономикалық жүйелерге тән және басқаларына да тән экономикалық жағдайлардың шешуші аспектілері берілген кластер үшін өзгеше ықпалын тигізіп жатады. Бұдан шығатыны кластер компанияның стратегиясына да, экономикалық саясатқа да әсер етеді. Кластерлердің бәсекедегі орнын түсіну үшін біз Портердің «Даймонд» (1-қосымшада берілген) моделін қолданамыз. Бұл модель ромб түрінде көрсетілген. Осы модель бойынша кластерге әсер ететін барлық факторларды суреттеуге болады. Мысалы 1-сурет. Суреттен көріп отырғанымыздай, фирмалардың бәсекелестік кезінде сүйенетін өндіріс факторлары материалды активтерді, ақпараттарды, заң жүйесін, сонымен қатар зерттеу қуаттылығын өзіне кіріктіреді. Өнімділіктің артуы үшін осы өндіріс факторларының тиімділігі артуы керек. Фирмалардың стратегия контексті жергілікті бәсекелестік интенсивтілігіне әсер ететін стимулдер мен нормалар ережесіне тәуелді болады. Төмен өнімділікке ие экономика жергілікті бәсекенің де төмен дәрежеде екенін көрсетеді. Егер бәсекелестік болатын болса, ол нарыққа импортпен бірге келеді. Бәсекедегі өзгеретін жалғыз өлшегіш баға болып қала береді. Осыған қарап фирмалар шығындарды азайту үшін жалақы мөлшерін анықтайды. Мұндай бәсекелестік жағдайында инвестиция аз мөлшерде болады.
Дамыған экономикалы ел болу үшін жергілікті бәсекелестік те күшті дамуы керек. Бәсекелестік төменнен бастап жоғарыға қарай жүруі керек. Бәсекелестік имитациядан инновацияға қарай қозғалуы керек және аз инвестиция тек материалды жоспарда ғана емес, жұмысшылардың квалификациясы мен қолданылатын технологиялар бағытында да артуы тиіс. Келесі қарастыратынымыздан кластерлердің осы жерде өзіндік рөлі бар екенін белгілі болады.
Бәсекелестік пен стратегия контекстін екі негізгі бөлікке бөлуге болады. Олардың біреуі - оның барлық формаларында бар инвестиция климаты. Бәсекелестік инвестициясының интенсивті өсіп отыруы өнімділіктің жоғарылай беруі мен бәсекенің күрделене түсуіне көмегін тигізеді. Макроэкономикалық және саяси тұрақтылық инвестицияның өсуіне де негіз бола алады. Микроэкономикалық саясат та маңызды болып табылады. Соның ішінде: салық салу жүйесі, корпоративті басқару жүйесі, жұмыс күшін ынталандыруға ықпалын тигізетін еңбек нарығындағы саясат, т. б.
Бәсекенің келесі контексті болып жергілікті экономикалық саясат болып табылады. Сауда мен шетел инвестицияларының ашықтығы, мемлекеттік меншік, лицензиялау ережесі, антимонополиялық заң, сонымен қатар коррупцияның ықпалы және т. б. аспектілер жергілікті бәсекені қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар бәсекеге өндіріс факторлары мен жергілікті сұраныс өте көп мөлшерде әсер етеді. Жергілікті сұраныс фирмалардың сапсы төмен өнім өндіруден бәсеке нәтижесінде сапаның арту не артпауына орай болып отырады. Ал сапасы төмен өнім өндіруші фирмалар сұранысты сыртқы нарықтардағы жағдайға байланысты анықтайды. Алға жылжу ішкі нарықтардың да өспелі сұраныспен бірге өсуін қажет етеді. Талап қойғыш тұтынушылардың пайда болуы фирмаға қысым түсіре бастайды. Бұл фирмаға алдағы уақытта керек болатын әрекеттер қабылдау қажет екенін ұғындырады. Себебі тек сыртқы нарықтан ғана пайда табу өте қиын. Жергілікті сұраныс нарықтың дифференциация жүргізетін сегменттерін анықтауға мүмкіндік береді. Әлемдік экономикада жергілікті сұраныстың сапасы оның көлеміне қарағанда маңыздырақ болып табылады. Ал салалардың өзара байланыс кластерлері сұранысты қалыптастыруда орталық ойыншының рөлін ойнайды.
Кластерлер ромбының бір қабырғасы ғана болып табылады. (туыстас және қолдап тұратын салалар) бірақ барлық төрт қабырғасының байланысын қарастырған дұрыс. Кластерлер бәсеке күресіне үш түрлі әдіспен әсер етеді.
- Біріншіден, құрамына кіретін барлық фирмалар мен салалардағы өнімділікті арттыру арқылы;
- Екіншіден, инновацияға деген икемділікті арттыру арқылы өнімділікті жоғарылату;
- Үшіншіден, ынталандыру арқылы инновацияны қолдап, кластер аясын арттыратын жаңа бизнестің құрылуына себепші болу.
Кластердің көптеген артықшылықтары сыртқы экономикаға негізделеді. Осылайша кластерді өзара байланысқан фирмалардың бір жүйесі ретінде қарастырамыз.
Кластердің бәсекелестік басымдылығы кластердің барынша кең аймақты қамтамасыз ететіндігіне қарамастан, барлық салаларында бірдей емес. Әдетте кластер басымдықтары күштірек болған сайын, оның өнімдері мен қызметтері де өтімдірек болып, кластер орналасатын жерлердің саны да азырақ болады. Кластер мағынасы бәсекенің күрделенуіне байланысты өседі және ол экономиканың өсуіне орай кластер санының да өсу тенденциясын көрсетеді. Кластердің бәсекеге үш түрлі әсер етуі де кейде жеке адамдар қатынасына, жеке кәсіпкерлер желісіне тәуелді болады. Кластердің болуы мұндай процестерді жеңілдетіп, тиімділігін арттырғанмен ол автоматты түрде жүзеге аспайды [1, 270-284б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz