Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТА-АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

гуманитарлық мамандықтар және психология кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының
физикалық-географиялық астарлары»

Қорғауға жіберілді:

Каф. меңгерушісі: п. ғ. к.

Мусихина Е. В.

« » 2009ж.

Ғылыми жетекші: оқытушы

Дошкеева А. А.

Орындаған: «география»

мамандығының

4-курс студенті

Исаева Ж. М.

АЛМАТЫ - 2009 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ТАРАУ. ОБЛЫСТАҒЫ ТОПОНИМИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ . . . 6

1. 1 Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының
дамуындағы казіргі теориялық мәселелер . . . 6

1. 2 Аумақ топонимиясы қалыптасуының тарихи негіздері . . . 10

1. 3 Географиялық атаулардың зерттелуі . . . 17

1. 4 Облыс топонимиясындағы тілдік қабаттар . . . 21

ІІ. ТАРАУ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

ЛАНДШАФТТЫҚ ТОПОНИМИЯСЫ . . . 31

2. 1 Ландшафттар топонимикасының теориялық мәселелері . . . 31

2. 2 Шөлейт және шөл зоналарындағы топонимдер жиынтығы . . . 35

2. 2. 1. Қызылқұм топонимикасы . . . 36

2. 2. 2. Мойынқұм атауларының топтары . . . 40

2. 2. 3. Бетпақдала топонимдерінің ерекшеліктері . . . 42

2. 3 Бейзоналық өңірлердің географиялық атаулары . . . 46

2. 4 Таулы аудандар топонимиясы . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбыныц өзектілігі. Кең-байтақ қазақ жерінің оңтүстік өңірін алып жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары мен ресурстары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жерінің ауданы шағын (117, 3 мың км ), халық саны едәуір көп (2, 2 млн адам) облыс 11 әкімшілік ауданға бөлінген. Облыс аумағындағы шаруашылыққа қолайлы шұраттар мен тау бөктеріндегі аудандар ежелгі замандардан бері игеріліп, суармалы егіншілік пен мал шаруашылығының, тау-кен ісі мен зергерлік өнердің ошағы болған. Батыс пен Шығыстың заттык және рухани әлемін жалғастырған Ұлы Жібек жолының негізгі гармағы кесіп өткен бұл өңірде көне замандардың өзінде сан түрлі халықтар араласқан, сәулетті қалалар пайда болып, табиғат байлықтары тиімді пайдаланылған.

Табиғат жағдайларын шаруашылық мақсатта пайдалану географиялық білімнің жинақталуына ықпал етті. Жергілікті табиғат ерекшеліктерін танып-білу қоршаған ортадағы географиялық нысандардың ерекшеліктерін нақты байқап, оларды атауларда «бекітумен» қатар жүрді. Аумақтағы географиялық атаулар ежелгі дүние ғалымдарының, орта ғасыр саяхатшыларының, кейінгі кезеңдердегі зерттеушілер еңбектерінде тіркелді. Ғасырлар бойы жинақталған осынау мол рухани мүраны Оңтүстік Қазақстан аумағы жайлы тарихи-географиялық ақпардың көзі ретінде қарастыруға болады. Бұл түрғыда облыстағы географиялық атаулардың шығу тегін, мағынасын, жергілікті ерекшеліктерін, таралу сипатын, жазылу ережелерін анықтау мақсатында арнайы топонимикалық зерттеулер жүргізілуі қажет.

Аймақтық географиялық терминологияға қатысты О. Нақысбековтың, Б. Сарыбаевтың жекелеген еңбектері жарық көрген. Бұл зерттеулерде географиялық атаулардың шығу тегіне, семантикасына, номинация принциптеріне, жергілікті географиялық терминологияға тарихи-лингвистикалық тұрғыда талдау жасалған. Географиялық тұрғыдағы топонимикалық зерттеулер негізінен терминология саласына, табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты салыстырулардан асқан жоқ. Сонымен, осы кезге дейІн Оңтүстік Қазақстан облысының топонимиялық жүйесі география ғылымдары түрғысынан арнайы зерттелген жоқ, Әсіресе облыстың топонимиялық жүйесінің физикалық-географиялық негіздеріне қатысты зерттеулер жүргізудің қажеттілігі туындап отыр.

Бүгінгі күні география ғылымының алдында қойылып отырған міндеттер ҚР «Тіл туралы заңы» (11. 07. 1997ж. ), басқа да экімшілік, кұрылыс, елді мекендер мен физикалық-географиялық объектілерді қайта атау туралы ережелік жарлықтар мен каулылар және ҚР президентінің 2007 ж. 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында қойылған мемлекеттік тілге қатысты талаптарға сәйкес келеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Оңтүстік Қазақстан облысындағы атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен корғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып-білу, әртүрлі карталар мен ғылыми әдебиеттерде атаулардың жазылуын бірізге келтіру қажеттілігімен анықталады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда лингвист ғалымдар XX ғ. екінші жартысында географиялық атаулар мен терминдердің шығу тегі мен мағынасына қатысты жан жақты этимологиялық, лексикалық-семантикалық зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулер барысында көптеген атаулардың тілдік негіздері мен құрылымына, аумақтық, жергілікті таралуына қатысты жаңа нәтижелер алынып, топонимика ғылымының теориясы байытылды. Бұл ретте әсіресе Ә. Әбдрахмановтың, Е. Қойшыбаевтың, В. Н. Попованың, Е. Керімбаевтың және т. б. еңбектері зор. [1. 29 бет] Біз қарастырып отырған аумақты Қ. Рысбергенова тарихи-лингвистикалық тұрғыда арнайы зерттеген. [2. 29 бет]

Ономастиканың бір саласы ретінде дамытылған топонимикалық бағытты тіл мамандары осы кезге дейін жемісті дамытуда. Дегенмен, географиялық атауларды тек тілдік және тарихи тұрғыдан қарастыру атаудың географиялық негіздеріне терең талдау жасауға мүмкіндік бермейді. Мұның өзінен Қазақстанда Ғ. Қоңқашбаев негізін салған топонимиканың географиялық бағытын дамыту қажеттілігі туындайды. Елімізде географтар тарапынан соңғы жылдары жүргізілген топонимикалық зерттеулер геофафияның әртүрлі саласына негізделіп келді. Әсіресе осы салада ҚР БҒМ География институтының Қазақстандағы топонимдерді жинақтап, бірізге келтіруде қомақты зерттеулер жүргізіп келеді. Институт еліміздегі топонимикалық зерттеулердің ғылыми қауымдастық таныған орталығына айналды.

Соңғы жылдары арнайы зерттеулер жүргізген К. Д. Каймулдинова (1998 ж. ), А. С. Омарбекова (1999 ж. ), Ә. Е. Аяпбекова (2002 ж. ), А. У. Мақанова, Қ. Т. Сапаровтың (2004 ж. ) ғылыми нәтижелері топонимика ғылымын табиғатты пайдалану және қорғау, экономикалық және әлеуметтік, физикалық география, геоэкология бағытында дамытуға негіз болды. Соңғы үш жұмыстың жеке облыстар топонимиясын зерттеуге арналғанын есекерсек, Қазақстанда аймақтық топонимикалық зерттеулерге бастама салынды деуге болады. Жеке облыстардың топонимиялық жүйесін жан жақты зерттеу арқылы көптеген атаулардың шығу тегі мен мағынасына қатысты жаңа деректер алып, атаулардың жергілікті географиялық шындықпен байланысын аныктауға болады.

Бұл зерттеу жұмыстарының түпкі мақсаты топонимиканың қолданбалы бағыттарын дамытумен тығыз байланысты болды. Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысына қатысты географтар тарапынан арнайы зерттеулер жүргізілмегенін атап өтуге болады. Облыстағы географиялық атаулардың физикалық географиялық негізерін танып-білудің маңызы зор деп есептейміз.

Жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу.

Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатына сәйкес, төмендегі міндеттерді шешу жүзеге асырылды:

  • нақты деректерге сүйене отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайларының топонимдерде бейнелену заңдылықтарына талдау жасау; аумақта кең қолданыста жүрген, географиялық атаулар құрамында жиі кездесетін халықтық географиялык терминдердің мағынасын талдап, таралу жиілігі мен қарқындылығын анықтау; Оңтүстік Қазақстан облысының ландшафттық топонимдерін зерттеу; аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулар жиынтығына арнайы талдау жасау; Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдерінің қазіргі жай-күйіне шолу жасап, зерттеудің қолданбалы маңызын негіздеу.

Зерттеудің пәні - Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдері қалыптасуының физикалық-географиялық негіздерін тарихи-географиялық зерттеулер тұрғысында талдау мәселелері.

Зерттеу нысаны - Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғат жағдайларын бейнелейтін халықтық топонимдер жүйесі.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде топонимика, терминология саласында зерттеулер жүргізген Ғ. Қоңқашбаев, Э. М. Мурзаев, В. А. Никонов, А. Н. Кононов, Е. М. Поспелов, А. Әбдірахманов, Т. Жанүзақов және т. б. еңбектері басшылыққа алынды.

Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат ерекшеліктерін бейнелейтін географиялық атаулар тобына талдау жасауға, ландшафттық топонимдерге қатысты мәселелер географияның топонимикамен байланысы тұрғысынан тұңғыш рет негізделді. Бұл Қазақстандағы топонимикалық зерттеулерді физикалык география, ландшафттану бағытында дамытуға мүмкіндік береді.

І. ТАРАУ. ОБЛЫСТАҒЫ ТОПОНИМИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1 Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер

Жергілікті жердің табиғаты мен шаруашылығы жайлы ақпарат адамдардың күнделікті өмірі мен қызметінде кеңістіктік бағдар ретінде қызмет атқаратын сол географиялық объектінің атауы болып тілде сақталады. Осылайша бұл атауларда халықтық географиялық терминология кең қолданылып, табиғат құбылыстары, географиялық объектінің ерекшеліктері және ландшафттың ерекше белгілері көрініс табады. Географиялық атаулар жүйесі кез келген тілдің ажырамас элементі болып табылады, сондықтан тілмен бірге дамып келеді. Қоғамның дамуына байланысты бұл топонимдер жаңарып, әрі ылғи да толықтырылып отырады.

Географиялық атаулар белгілі-бір физикалық-географиялық жағдайда адамның күнделікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына байланысты қалыптасып және дамып отыруы мүмкін. Атаулардың белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің қалыптасып, дамуына сол кезеңдегі физикалык-географиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайлар себепші болады. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік сипаты көрініс табатын топонимдердің қатар кездесуі осы шаруашылық салаларының географиялық шоғырлануына, сол кезеңдегі табиғат жағдайларына қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер міндетті түрде нақты деректермен (тарихи-археологиялық, географиялық, лингвистикалық) расталған жағдайда, құндылығы арта түседі

Топонимдер зерттеушілер үшін таным тірегі болып табылады. Топонимика ғылымы кез келген ауданның табиғи жағдайлары мен табиғи қорларын, айрықша қорғалатын табиғи аумақтарын зерттеуде маңызды қолданбалы сипат алады.

Түркілік географиялық терминдер мен атаулардың мағыналық талдамасын алғаш жасаған ғалымдардың бірі XI ғ. өмір сүрген М. Қашқари болып табылады. Ғалымның «Диуани лұғат-ат-түрк» (Түрік лексикасының жинағы) еңбегін Оңтүстік Қазақстан аумағындағы кейбір тарихи атаулардың мағынасын талдауда басшылыққа алуға болады. Бұл еңбекті казақ тіліне аударған
А. Егеубаев оған «түрік өркениетінің алтын кілті» деген баға берген

[3. 560 бет]

Бұл еңбекке біз талдау барысында сілтемелер жасайтын боламыз.

XIX ғ Орыс Географиялық қоғамы топонимикалық зерттеулерге назар аудара бастады. Сол кезеңдегі географиялық және этнологиялық еңбектерде географиялық атауларды жинақтау, оларға этимологиялық талдау жасау, 8жерплікті халықтардың топонимдерішң орыс тілшдеп транскрипциялануына қатысты мэселелер көтерілді. П. П. Семенов Тян-Шанский, Г. Н. Потанин, В. В. Сапожников және басқа ғалымдар жергІлікті географиялық атауларды жинақтап, олардың мағыналарын шығу тегін түсіндіруге тырысты.

Қазақ жеріндегі бірқатар топонимдер 1863-1885 жылдары жарық көрген П. П. Семеновтың «Россия империясының географиялық-статистикалық сөздігінде» көрініс тапқан [4. 19бет]

Сөздікте топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған және терминнің қазақшадан аударғандағы мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі топонимика ғылымы үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын беруімен ғана емес, объектінің георафиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен де құнды. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде Қазақстан аумағын аралаған саяхатшылар, картаға түсірген ғалымдар жергілікті қазақ атауларының транскрипциясын дұрыс бермегендіктен, географиялық әдебиеттер мен карталарда бұрмаланулар орын алды. Бұл бұрмаланулар соңғы 10-15 жыл көлемінде қайта қаралып, өзгертілуде.

Ал Қазақстан аумағындағы көне және қазіргі заманғы түркі топонимиясы зерттеуде В. В. Радловтың, А. Н. Кононовтың және т. б. қосқан үлесі зор болды. Академик В. В. Радлов өзінің «Опыт словаря тюркских наречий» (1895-1911) атты кітабында түркі лексикасындағы топонимикалык және терминологиялық ақпараттарды жинап, өңдеген. В. В. Радлов көптеген түркі терминдері мен топонимдеріне түсінік берген. А. Н. Кононов дүние бөліктері терминологиясымен айналысты. Өз еңбектерінде ол географиялық терминдегі «қара» және «ақ» атшелятивтеріне семантикалық сипаттама берді [5. 96 бет. ]

Топонимика үшін ғалымның түркі халықтарының көкжиек бағыттарын анықтау әдістеріне қатысты зерттеулерінің де маңызы зор.

Кеңес дәуірінде аймақтық топонимикалық зерттеулермен қатар, топонимика теориялық мәселелеріне арналған еңбектер пайда болды. Олардың арасында В. П. Семенов Тян-Шанскийдің «Как отражается географический пейзаж в народных географических названиях?» (1934), А. М. Селищевтің «Из старой и новой топонимики» (1939), Э. М. Мурзаевтың еңбектерін атауға болады. Топонимика ғылымының дамуына, географиялық атаулардың сараптамасы, мағынасы, түрі және даму барысы қамтылған В. А. Никоновтың «Введение в топонимику» (1965) атты еңбегі орасан зор ықпал етті.

[6. 4-9 бет]

Е. М. Поспеловтың еңбектерінде топонимигса мен картографияның байланысы көрсетіліп, географиялық атаулар транскрипциясының теориялық және қолданбалы мәселелері зерттелген. Осы кезеңнен бастап топонимика және терминология мәселелеріне қызығушылық артып, ғылыми топонимикалық мектептер калыптаса бастады.

Қазақстанда топонимика ғылымы XX ғасырдың 40-шы жылдарының соңына қарай дами бастады. Топонимика ғылымының қалыптасу және даму мәселелеріне арналған жекелеген мақалалар, сөздіктер мен монографиялар жарық көрді. Олардың қатарында Қазақстан топонимикасының теориялық мәселелеріне арналған А. Әбдірахмановтың, географиялық терминдер мен атауларды зерттеудің географиялық бағытын дамытқан Ғ. Қ. Қоңқашпаевтың, топонимиканың географиялық ғылымдардағы орнын көрсеткен А. Маракуевтің, топонимиканың теориялық мэселелерін талдауда түркі тілдес топонимдерге айрықша мэн берген географ ғалым Ә. М. Мурзаевтың еңбектері айрықша орын алады.

Қазақстанда топонимика ғылымының негізін қалаушы Ғ. Қ. Қоңқашпаев өз еңбектерінде қазақтың халықтық географиялық терминологиясын жинақтап, талдады. Ғ. К. Қоңқашпаевтың география ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін қорғаған диссертациясы (1948) осы кезеңге дейін топонимика саласында көп сілтеме жасалынатын еңбектің бірі болып табылады. Ғалымның әсіресе географиялық терминдердің атауларды қалыптастыру заңдылықтарына, терминдердің аймақтық, жергілікті семантикалық ерекшеліктерін зерттеуіне қатысты түжырымдары өте құнды. Ол еліміз аумағындағы монғол атауларын, түркі тілді ғеографиялық терминологияның заңдылықтарын қарастырумен бірге, топонимикалық сөздік құрастырумен де айналысты. Ғ. Қ. Қоңқашпаевтың топонимика және терминология мэселелеріне арналған ғылыми еңбектері Қазақстан топонимика ғыльшының қалыптасып дамуьтна зор үлесін тигізді.

Қазақстан топонимикасын зерттеуде тілтанушы ғалым А. Әбдірахмановтың да сіңірген еңбегін атап өткен жөн. Ол өзінің «Қазақстанның жер-су атаулары» деп аталатын ғылыми жұмысында Қазақстандағы 800-ден аса ойконимдерге және теміржол бекеттеріне топонимикалық сараптама жасаған [7. 87-96 бет]

Ал «Топонимика және этимология» еңбегінде этимологиялық зерттеулердің әдістері карастырылып, еліміздің 140-тан астам топонимдеріне этимологиялык талдама жүргізілген. Ғалымның көптеген мақалаларында топонимиканың жалпы проблемалары көрініс тауып, қазақ топонимдеріне этимологиялық талдау берілген.

Топонимика ғылымының дамуында ерекше орынды белгілі географ Э. Мурзаевтың еңбектері алады. Оның топонимикалык еңбектерінде топонимиканың теориялық мәселелері, аймақтық топонимикалық зерттеулер және жергілікті географиялық терминдердің топоним қалыптастыруна қатысты мәселелеркөрініс тапқан. Э. Мурзаев топонимиканы лингвистика, тарих және географияның зерттеу эдістерін пайдаланатын, осы ғылымдардың теориялық негіздеріне сүйенетін дербес ғылым ретінде көрсетті. Ғалым өз еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық атаулардың калыптасуына, дамуына да айрықша назар аударған. Э. Мурзаев қазақ топонимисі Ғ. Қ. Қоңқашпаевтың халықтык географиялық терминологияға қатысты зерттеулерін жоғары бағалап, бұл еңбектерге өз зерттеулерінде сілтемелер жасаған.

Қазақстан топонимикасының дамуында тілтанушы ғалымдар тобы үлкен еңбек сіңірді. Профессор Т. Жанүзақов қазақ топонимдерінің этимологиясын, қалыптасу әдісін, құрамы мен құрылымдык түрлерін арнайы зерттеген. Оның «Очерк казахской ономастики» (1982) деген еңбегі топонимиканы зерттеуде елеулі үлес қосты. [8. 215 бет]

Ғалымның басшылығымен Жезқазған және Ақмола облыстары бойынша географиялық атаулардың 2 сөздігін құрастырылды. Жетісу топонимдерін зерттеген Е. Қойшыбаев та Қазақстанда топонимика мен терминологияның дамуына өзіндік үлесін қосты. Ғалым Қазақстан топонимдерінің қысқаша түсіндірме сөздігін құрастырды. [9. 256 бет]

Қазақстан топонимикасы бойынша баска да елеулі еңбек ретінде Павлодар облысының гидронимдерін зерттелген В. Н. Попованың бірқатар еңбектерін айта кеткен жөн.

Қазіргі кезде Қазақстанда топонимикалық зерттеулермен географтар да айналысуда. Жалпы мәселелермен бірге, арнайы зерттеулерде аймақтық топонимика да қамтыла бастады. Аймақтық топонимиканы дамытуда қомақты үлес қосқан ғалымдардың бірі А. У. Маканова. Оның Ақмола облысының географиялык объектілерін зерттеуге бағытталған ғылыми мақалалары мен зертеу жүмысы алғашқырет физикалық-географиялық тұрғыдан топонимдердің калыптасуын айқындауға ғылыми әдістемелік тұрғыдан маңызды рол атқаруда.

География институтында белгілі зерттеуші С. Ә. Әбдірахмановтың басшылығымен топонимикалық топ жұмыс істейді. Бұл топ ұзақ жылдар бойы географиялық атауларды жинақтап, олардың транскрипциясы мен унификациясына қатысты қомақты еңбек етуде. Мұнда 14 томдық «Государственный каталог географических названий Республики Казахстан» атты жаңа еңбек шығарыла бастады. Басылып шыққан каталогтың 1-ші томы Ақмола облысына қатысты (2002) 5 мьтңнан аса топонимдерге, топоним қалыптастырушы 100-ге жуық халықтык терминдер қамтылды. [10. 405 бет]

Басылымның Солтүстік Қазақстан облысына арналған 2-ші томы 2004 ж жарық көрді. Институт қызметкерлері аса құнды «Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан» (2002) басылымын қайта өңдеуден өткізіп, жарыққа шығарды [11. 254 бет]

Топонимика ғылымының жалпы аспектілерін зерттеуге белгілі ғалымдар А. П. Горбуновтың, Ә. С. Бейсенованың еңбектері арналды. Бұл саладағы ең жаңа ғылыми жұмыстың бірі - А. П. Горбуновтың «Горы Центральной Азии. Толковый словарь географических названий и терминов» (2006) деп аталатын еңбегі. Мұнда Орталық Азия мен Қазақстандағы таулы өңірлердегі кең тараған географиялық атаулар мен терминдер талданған. Географиялық атаулар мен терминдерге этимологиялық талдау автордың жергілікті жерден жинаған материалдарымен, сөздіктердегі деректермен толықтырылған.

Осы кезге дейін жүргізілген зерттеулерге шолу жасау негізінде Қазақстан топонимикасында әлі жеткілікті зерттелмеген ғылыми проблемалардың бар екендігін атап өткіміз келеді. Олардың арасында география ғылымдарының жеке салалары мен топонимиканың байланысын қарастыру, аймақтық топонимика, топонимиканың қолданбалы астарларын негіздеу бағытында жүргізілуі тиіс зерттеулердің келешегі зор деп есептейміз.

1. 2 Аумақ топонимиясы қалыптасуының тарихи негіздері

Оңтүстік Қазақстан облысының топонимиялық жүйесі - осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды «жадында» сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеудін маңызы зор [12. 34-44 бет]

Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдык қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келб. ін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е. М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география «топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды».

Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдерінің тарихи негіздерін зерттеу барысында аумақтың халқына қатысты тарихи деректердің барлығымен танысып шығу қажет болды. Өйткені белгілі бір аумақта қай кезеңде қандай халықтар мекендегенін және олардың қандай тілдерде сөйлегендігін білудің топонимикалық зерттеулер үшін маңызы аса зор. Көне замандардан бері игерілген өркениет ошағы болған облыс жерінде қазіргі тілдер тұрғысында түсіндірілмейтін реликт және архаикалык топоүлгілер бар. Кейбір көне топоүлгілердің аумақтық шоғырлану заңдылығы анықталды. Мұның өзі сол аудандағы осы атаулар қалыптасқан кезеңдегі нақты тарихи жағдайларды қалпына келтіру негізінде ғана мүмкін болды.

Өлке тарихы көне замандардан бастау алады. Ғалымдардың болжамы бойынша, мұнда адамның өмір сүруіне қолайлы экологиялық жағдай осыдан 3-5 млн жылдай бұрын қалыптасқан. Қаратау өңірінен табылған алғашқы адамдардың палеолиттік қоныстары осының айқын дәлелі. Бұл маңда сол кезеңде өмір сүрген орман пілі, алып түйе, мүйізтұмсық, бұлан, құлан мен тарпанның да сүйектері табылған. Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Қошқорған ауылы маңында палеолиттік (б. з. б. 500 мыңжылдық) Қошқорған тұрағы табылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс қазақстан облысының табиғат жағдайына қысқаша сипаттама
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Қазақстан топонимиясы
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан топонимдері
Топонимдердің қалыптасуына географиялық және тарихи факторлардың ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz