Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Қарт адамдармен жұмыс әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде . . . 6
1. 2 Қартаю құбылысы және қарт адамдардың өмір санасындағы әлеуметтік проблемалар . . . 14
1. 3 Қарт адамдармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-психологиялық ерекшелік . . . 24
2. ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2. 1 Қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігі және оның ерекшеліктері . . . 32
2. 2 Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік қамқорлық 41
2. 3 Қазақстанда қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізу ерекшеліктері . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПайдаланЫЛҒАн әдебиеттер 64
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауіпсіздігін жақсарту, гулдену, дамуын «Қазақстан 2030» стратегиясында Президентіміз Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі- тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл-ауқаты болып табылады. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау, қорғауға ат салысу. Яғни, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты Жолдауында демография мәселелеріне үлкен көңіл бөлінгеніне тоқталып өтеді.
Халық аузындағы мақалда айтылғанындай «егер қарт адам өмірден өтетін болса онда бір тарих жоғалады». Қарт адамдар өткеннің, қазіргінің және болашақтың тасымалдаушысы. Олардың ақылы мен тәжірибесі кез-келген қоғамның негізін құрайды. Қазіргі таңда мемлекет аға буын өкілдерін, әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірбиесі мен қадір қасиеттерін үлгі тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілікті қорғап, сақтап қалды, сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз еңбектерімен экономикалық дамуына зор үлес қосқан. Біз ардагерлер алдындағы борышымыз терең сезінеміз. Күнделікті қамқорлық пен қолдауды қажет ететін борыш бүгінде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр. Ертең ел боламыз десек, қазірден бастап түзелу керек.
Халықтың қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді, атап айтқанда басты себептері - бала туудың кемуі, өлім деңгейінің, әсіресі еңбекке қабілетті жастағы адамдар өлімінің жоғарлылығы және халықтың көші-қоны. Экономикалық бірлесіп қызмет көрсету және даму елдерінде соңғы 30 жыл ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6, 5 жасқа өсті. Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты түрдің өсу тенденциясы қалыптасқан.
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.
Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.
Қарттардың бір белгісі - денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші егде адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, матеиалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның денсаулығының нәтижесін береді. Егде адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қарау керек. Егде адамдардың денсаулығы еңбек және қоғмадық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қабілетін және қоғмадық белснеділігін сақтауынан да көрінеді. В. П. Казначеев және М. Г. Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынң қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек.
Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы сананың азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның сана-сезімінеде әртүрлі қалыптасады. Өкінішке орай, отандық геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген. Сонымен бірге қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігі жөнінде зерттеулер саны елімізде аз. Сол себепті де қазіргі кезде қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігін зерттеу өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық мазмұнын ашып, ондағы проблеманың өзектілігін айқындау жәнеқарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігін көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері : жоғарыда көрсетілген мақсатқа сай төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- «қарт адамдар» категориясына түсініктеме беру және олармен жұмыс жасауды әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде қарастыру;
- қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық моделін қарастыру;
- қартаю құбылысын толық ашып көрсету және қарт адамдардың өмір санасындағы әлеуметтік проблемаларды табу;
- қарттарға көмек көрсетудегі геронтолог пен әлеуметтік жұмыскердің рөлін анықтау;
- қарт адамдармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-психологиялық ерекшелікті анықтау;
- егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің спецификасын ашып көрсету;
- қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігін анықтау;
- Қазақстанда қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізу ерекшеліктеріне тоқталу.
Зерттеудің объектісі: қарт адамдар
Зерттеу пәні: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің ерешеліктері және оның тиімділігі.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде қарттармен әлеуметтік жұмысты әжеуметтік жұмыстың объектісі ретінде қарастыра отырып, оның мазмұны мен тиімділігіне талдау жасалынады. Сонымен қатар, қартаю құбылысына тоқталып, қарт адамдардың өмір санасындағы әлеуметтік проблемаларын ашып көрсетеді. Сол проблемаларды айқындау барысында қарт адамдармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге де тоқталып өтеді. Бітіру жұмысының теориялық негізінде орта ғасырдың ғалымдары Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж. А. Кондорсе сынды ңалымдардың пікірлері қарастырылады. Сонымен бірге И. В. Довыдский, С. И. Ожегова, И. Фишер, А. Сырцова мен О. В. Митина сынды ғалымдардың зерттеулері қарастырылады. Қазақстандық ғалымдар М. Ф. Пузиков пен А. А. Калиева қарт адамдардың гериатриялық-реабилитациялық проблемаларын зерттеген. Осы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып теориялық бөлім толыққанды ашылған.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі : егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің спецификасына негізделген. Онда қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігі және оның ерекшеліктері, сонымен бірге, қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік қамқорлық жайында толық ақпарат берілген. Қазақстанда қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізу ерекшеліктеріне де осы жұмыстың тәжірибелік негізінде айқын ақпарат берілген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және мазмұннан тұрады.
1. Қарт адамдармен ӘЛЕУМЕТТІК жұмыс жасаудың теориялық негізі
1. 1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ЖҰМЫС ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамның қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген. Қазіргі уақытқа дейін қартаю ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Homosapins деген адам түрінің латынша атауына саналы деген сөзден басқа қартаюшы не, қарттық адамның мінездік белгісі деген сөздерді де білдіреді.
Қартаю кезеңі «кеш естиярлық», «қарттық жас» деген анықтамалар кездеседі. «Демографиялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі.
Қартаю бұл - адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым.
Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып, өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика, психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар жасады [19] .
Қоғамның қартаюға қатынасының негізгі екі дәстүрі бар. Біріншісі, 30 мың жылдай есептеледі - автор оны Көне Египеттің дәстүрі деп атайды. Қартаю «басқа адамдардың ішінде ең сыйлысы», «қарт адам құдайға жақын жалғыз адам», «қарттық - бақытты және бүлкіші шақ» және тағы басқа.
Екінші дәстүрлі 3 мың жылдан есепетеледі - автор оны Спартандық дәстүр деп атайды. Спартада «Кәрі болғанша, үйсіз ит болғаным жақсы» дейтін болған. Күшсіз (пайдасыз) қарттарды Спартада жардан лақтырып жіберетін болған, спартандық қарттар өмірдің бұлай аяқталуын табиғи құбылыс деп есептеген.
Осы күнге дейін әртүрлі елдерде қартайған азаматтардан көне египеттік не спартандық моделін көруге болады. Қарттық құбылыс ретінде нені ұсынады? Ең алдымен қарт адам көптеген хронологиялық ауруларға (орташа 9-13) тұтылады. Олар адам қартая бастағанда пайда болады, 20-30 жаста ауыра бастағанда пайда болады. Патологоанатомдар олардың аурулары чиператониялық ауру болса да, жүректің линиялық не жара аурулары болса да, өздерінің ауруларынан өлмейді (олардың көбі 40-50 жастарында өледі) . Көрнекті орыс патологоанотомы И. В. Довыдский барлық хронологиялық аурулардан қартаю белгілерін көруді ұсынады. Бірақ, бұл қарттарға ерекше әдістемесі керек етер еді. Алайда, қарт хроникамен ауыратын адамдар поликлиникада кезекке тұруын жалғасытыруда және әрбірі екінші-үшінші орын оларда бос емес. Көбінесе, әсіресе ақша бөлмесі ауруды я асырауға, я оның дәрісіне жетпейтін қазіргі Ресейде дәрігерлер оларға «спартандықтарша» қарайды (медиперсональ айлығы біздің елде басқа баяу дамушы елдерге қарағанда төмен) .
С. И. Ожегованың сөздігінде «егде» - «қартая бастаған», «қарттық» - «организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір» және «қарт» - «қартаюға жеткен». Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік процесстерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал қартаю - осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде мына жағдайда өтеді организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда; социологиялық деңгейде - адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде; психологиялық деңгейде - адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған үйрене бастайды.
Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта шартында оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің структуралық және функционалдық нормасы - оның жалпы денсаулықты қамтамасыз ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға қабілеттілгі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы [2; 65 б] .
Қарттық жас - қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.
Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық стурктура өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі.
Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.
Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілген жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Бірінші бөлім - жастық, екінші бөлім - кемелдену, үшінші - қартаю.
Қартаю мәселесі ерте заманда адам өмірінде маңызды орынға ие болды. Қартаюдың алғашқы анықтамалары мен оның себептері антикалық дәуірге жатады. Ұлы көне грек дәрігері Гиппократ (б. д. д. Ү-ІҮғ. ғ) қарттықты - табиғи жылудың азаюы және ағзаның кебуінің нәтижесі деп санаған.
Сол кезеңде өмір сүрген философ Платон, қаратаюға әсіресе орта жастағы өмір сүру салты әсер етеді деп көрсеткен.
Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан, социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер жинады.
Қартаю мәселелері туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж. А. Кондорсе өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау тауып отырды [14; 78 б. ] .
Адам қартаюының нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен факторларын, мінез-құлыққа әсер етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің күшейе түскендігін зерттейтін ғылым - геронтологияның басын әдетте ағылышын философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі зерттей отырып, қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, - деп санаған.
Ресейде қартаюдың белсенді ұзартуына байланысты алғашқы еңбектер ХҮІІІ ғасырда пайда болған. Мәселен, орыс дәрігері И. Фишердің «Қартаю, оның деңгейлерімен аурулары туралы» атты кітабын айтуға болады.
Ғылыми геронтологияның негізін салушы И. И. Мечников болып табылады. Геронтологияның, қазіргі ұғымы ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Геронтологияның тапсырмаларының бірі - орта әсеріне, өмір салтына, еңбегіне, әлеуметтік қатынастарына және өзара қарым-қатынасына байланысты қартаюдың ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Қартаю кезіндегі адамның психологиялық жағдайының өзгеріске ұшырауы, яғни қартаю процесі зерттеген ғалымдар айтуы бойынша ең біз ауыр және қиын кезеңдердің бірі болып келеді.
Ғылымда қарттардың мәселесін түрлі бағытта зерттеген. Орыс ғалымдардың зерттеушілері А. Сырцова мен О. В. Митина зерттеу жүргізу барысында тұлғаның орентациялық уақытша динамикасын зерттеген. Яғни бұл жерде қартаю процесінің барысында адамның мінез- құлықының өзгеруі, қарттардың өзгешілік психологиясына талдау жасаған. Адам қартайған кезде оның физиологиялық белсеңділігі төмендеп, тек өмірлік тәжірбиесіне сүйеніп өмір сүреді. Олар өз күшіне сене алады, шешімді тез және сенімді қабылдайды. Сондықтан оларды «Ұрпақты басқарушы » деп атайды. Бұл жердегі көрініс (50-60жас аралығы) айқын көрінеді. Себебі, зейнетке шығуымен байланысты олар «енді өмір басталды» деп сенеді. Зерттеу көрсеткендей, бұл жас ерекшеліктерінде қорғаныш механизмі іске асады. Болашақта өзін- өзі күту, балалар мен немерелерінің болашағын ойлайды. Олар «өмір сүруге аз уақыт қалды»- деп, «ештеңені өзгертуге келмейді» деген екінші планға шығады. Бұл жаста адамда жаңадан белсеңді өмір сүруге деген құлшынысы болады [14; 65 б. ] .
60-тан кейін денсаулық жағдайына көңіл бөлу өседі. Адам өз- өзіне «уақыт өтіп барады, енді жоспарым ешқашан жүзеге аспайды »- деп «болды», «бітті», өлім қорқынышы жаулайды. Зейнетке шығу, табыстың азаюы, жұбайдың біреуі қайтыс болуы- бұл осы жастағы ерекшеліктер. Отбасы өмірі, отбасы дәстүрі, балалар жетістігі, жиі немерелерімен балаларымен қарым- қатынаста болуын қажет етеді.
70-тен жоғары позитивті өмір сүру типіне сәйкес. Позитивті ойлау, уақыттың ұзақтылығы, өмірлік кәсіби деңгейінің жетістігі, немерелер мен балаларды ойлау, олар өздерінің жалғасын сол ұрпақтарында көреді. Жасай алмаған, бітіре алмаған жұмысты бітіреді екен дейді.
М. Ф. Пузиков пен А. А. Калиева қарт адамдардың гериатриялық -реабилитациялық проблемаларын зерттеген. Зерттеу мәселесі өте маңызды. Қазір мемлекеттегі туудың күрт төмендеуі, халықтың белсеңді қарттаюына әкеледі. Бұл медициналық қызмет көрсету саланың сұранысының дамуымен байланысты. Гериатриялық - реабилитация, бұл реабилитацияның бір бөлігі (дұрыс адамның денсаулығын жақсарту дәне қалпына келтіру туралы ғылым) . Бұл салада - медициналық, әлеуметтік, реабилитациялық процедуралар жүзеге асырылады. Сапалы реабилитация мен гериатриялық профилактика - қоғаммен қарым-қатынасты үзбеу, жалғыздықтан изоляциялау, қызығушылықты таныту, әлеуметтік қарым қатынасты жандандыру, еркін болу, ойлаған жұмысын еркін тандау. Қарт адамдардың әлеуметтік- медициналық проблемаларын зерттеу барысында, яғни қартайған сайын, медициналық қызметтің рөлі арта түседі. Бірақта қарттар аурудың соңғы стадиясына дейін созып, дәрі- дәрмектердің пайдасы аздау болады. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында герантологиялық көмектер жоқ, жоғары сырқаттану, мүгедектік, қарттардың жиі өлуі, яғни қарттар медициналық көмекті қажет етеді. Яғни, бұл тек адамдарға дені сау қартаюды қамтамасыз етсек қана жетеміз [45, 46] .
Томас Манның қазіргі таңда қартайып бара жатқан қоғамға деген көзқарас өте көп деді, соның ішінде аналитиктер бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарасты ұсынады:
-еңбекке жарамды халық азаяды. Туу деңгейі азаюынан және қарт адамдардың көбеюінен, қоғам жылдан жылға көбейіп отырған еңбекке жарамсыз барлық халықты асырап, солар үшін еңбектенуі тиіс.
-қарт адамдарды асырауға, күтуге, олардың шығынын ақтау үшін жұмыс істеп жүрген адамдар 2 есе салық төлеуі тиіс. Бұл өз кезегінде еңбекке деген мотивацияны азайтады, ең соңында ұрпақтар арасындағы конфликтіге әкеледі, соның салдарынан жас ұрпақтартың қарт адамадрдың алдындағы жауапкершілігінен бас тартуға әкеледі.
Атақты американ психологы Эриксон қартаю барысындағы дағдарысты былай түсіндірген: бұл дағдарыс алдындағы өмір жолын аяқтайды, дағдарыстың шешілу жолы адамның бұл жолды қалай өткендігінп байланысты шешіледі.
Эриксонның пікірі бойынша, кәріліктің басты міндеті - құндылықтарға жету, өткен өмірді қабылдап, түсініп, өмір бойы араласқан адамдармен қарым-қатынасты түзеу.
Бір бүтіндіктің қалыптасуы мына себепке байланысты: өмір құрылады, сен өмір сүрудің және өткен өмірден ештеңені де өзгерте алмайсың. Даналықтың қалыптасуы мына себепке бацланысты: өмірді барлық қырларынан қабылдап, яғни барлық яғни барлық шыңға көтерілу мен кері құлауымен, өткен өмірде дұрыс өмір сүре алмадым деп қайғырумен жаңа өмір бастай алмайсын.
Американдық герантопсихолог Форд қарт адамдарға тән бірнеше психологиялық типтерді көрсетті:
- Регрессия - бұрынғы іс-қимылдарға оралу, яғни «балалықты» көрсету, денсаулығына байланыссыз елден үнемі көмек сұрау.
- Қиын жағдайда шешім табу үшін тұрғылықты орнын ауыстыру немесе қашу.
- Қоғамдық өмірге мүлдем араласпау, бәрінен алшақтап, оңашалану.
- Екі жүзді іс-қимыл көрсету - қоршаған ортадағылардың қызығушылығын өзіне тарту мақсатымен [15; 39 б. ] .
Е. И. Холостова қарттардың мәселесін кеңінен теориялық жағынан тоқталды. Оның «Әлеуметтік жұмыс» оқулығында қартармен әлеуметтік жұмыс деген тарауда көруге болады. Халықтың негізгі қартаю- процесі- туудың азаюы, егде тартқан адамдардың ұзақ өмір сүруі, ол медицинаның прогрессивті дамуын көрсетеді.
Автордың айтуынша, қарт адамдар көбіне қалалық жерде көп шоғырланған, ал ауылда олар аз, себебі ауылдың әлеуметтік- экономикалық жағдайы нашар. Яғни мемлекет тарапынан қазір жұмыссыз, кедей, көпбалалы, мүгедек және т. б. отбасыларға жағдай жасау керек. Егер бұндай көрініс кең етек алса, онда жалғызбасты қарттардың саны күннен- күнге ұлғая түсуі мүмкін [3] .
Қазір нақты қарттады қорғайтын ресми болсын құжаттар жоқ. Жаңа әлеуметтік жұмыс БҰҰ-ның ұсынысы бойынша «Қартайған жастағы адамдардың өмірін толыққанды жасау » бұл құжат негізінде әлеуметтік жұмыс аймағында қартаттарға әлеуметтік қызмет көрсету жүзеге асырылады. Олар төмендегідей:
- егде тартқан адамдарға ұлттық саясатты өндеу, яғни ұрпақпен сабақтастыру;
- қайырымдылық ұйымдарды қолдау;
- экономикалық құлдыраудан қарт адамдарды қорғау;
- қарт адамдар сапалы өмір сүруге жағдай жасау;
- қай жерде тұрмаса да толық қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz