Нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық мәселесін шешу технологиясы


Нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық міселесін шешу технологиясы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық әлеуметтік жұмыстың объектісі ретіндеЕңбек нарығы мен жұмыссыздықтың қалыптасуының ғылыми негіздеріЖұмыссыздық пен халықты жұмыспен қамту мәселелерінің Қазақстандағы ерекшеліктері
- НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫЖұмыссыздық мәселесін шешудің технологиясыНарық жағдайында жұмыссыздық мәселесін шешудің шетелдік тәжірибесіНарық жағдайындағы Қазақстан Республикасндағы жұмыссыздықты шешудегі мемлекеттік саясаттың рөлі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Жедел өмір қарқыны және экономика мен қоғамның дамуындағы нарықтық үлгіге ұмтылыс еліміздің еңбек нарығындағы күтілмес реакцияға алып келді. Жоспарлы экономикадан нарықтық үлгіге ауысқан барлық мемлекеттер сияқты Қазақстанның еңбек нарығы дамығын Батыс экономикасына тән реттеуші шаралар ықпалымен құрылды. Соған сәйкес нарықтық қатынастар жағдайында әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі жұмыссыздық мәселесі туындады.
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі қазіргі нарықтық қатынастар кезіндегі ең негізгі және маңызды мәселе болып табылады. Себебі нағыз әлеуметтік-экономикалық, этникалық мәселе бұл - жұмыссыздық. Яғни, адамдар жұмыссыздыққа ұшырап өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмау себебінен әрқилы әлеуметтік те, экономикалық та және тағы да басқа мәселелерге тап болады. Ал бұл отбасының дамуын, отбасы жалпы қоғамның бір бөлігі болғандықтан, қоғамның дамуын, ол өз кезегінде Қазақстан қоғамының дамуын тежейді.
Нарықтық қытынастырға өту тек қана жұмыссыздық мәселесін ғана туындатып қоймады, ол сонымен бірге, қазақстандық экономиканың қайта құруының құрылымымен байланысты мәселелерді және жаңа еңбек қатынастарының пайда болуын туындатты. Қорытындысында мекемелерден жұмысшыларды шығарды және ол онсыз да саны көп жұмыссыздардың қатарына жұмыссыздар қосты. Соның салдарынан біздің елде, ондаған және жүздеген мың адамдар көшеге тастап тастаған секілді болып қалды. Алайда нақты мәліметтерге байланысты елімізде жұмыссыздардың төртінші бөлігі ғана тіркелген жұмыссыздар болап табылады.
Жұмыссыздық тек жұмыс орнының болмауы ғана емес, ол сонымен бірге адамдарға үлкен әсерін тигізетін әлеуметтік мәселе. Бұл адамдардың экономикалық, әлеуметтік және психологиялық жағдайларына да әсерін тигізетін құбылыс. Психологтардың айтуынша жұмыссыздық адамдардың орташа өмір сүру көрсеткішіне әсер етеді, ол сонымен қатар адамдардың денсаулығына, теріс мінез-құлықтардың пайда болуына әсерін тигізетінін айтады. Сол себепті де жұмыссыздықпен күресу нарықтық қатынастар кезеңінде басты міселе болуда.
Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Солардың бірі нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық мәселесін шешу болап табылады. Осыған байланысты еңбек пен жұмыссыздықты шешудегі мемлекеттік саясат, яғни халықты жұмыспен қамту саясаты жүзеге асырылуда.
Халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу үдерісінде бұрынғы КСРО- ның көптеген мемлекеттері бірдей қиындықтарға кездесті. Жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы, қоғамды демократияландыру халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті жаңаша реттеуді талап етті. Мемлекеттердің жаңа басшылығының алдында жұмыссыздық деңгейінің өсу проблемасы тұрды. Алғашқы кезде жұмыссыздық экономиканың дамуына оң әсерін тигізді: өндірісте қысқарған адамдардың орнына білікті және жауапкершілікті еңбеккерлер келді, өндіріс өнімділігі артты. Сонымен бірге жұмыссыздықтың теріс салдары да өсті, қылмыстың өсуі, мемлекеттік бюджеттен түрлі әлеуметтік төлемдер ретінде кетіп жатқан қаржының қомақты бөлігін жоғалту және т. б.
Сондықтан да жұмыссыздық деңгейін қысқартып оны дамыған рыноктық экономикалық елдердің деңгейіне жеткізу қажеттілігі туындады. Ол үшін халықты жұмыспен қамтуды ынталандырудағы мемлекеттік саясатты жетілдіру керек.
Соған сәйкес нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық мәселесін зерттеу және оны шешу жолдарын іздестіру қазіргі кезде ең өзекті мәселе болуда.
Зерттеу нысаны (объектісі) . Нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық
Зерттеу пәні: жұмыссыздық мәселесі, оның пайда болу себептері және оларды шешу технологиясы
Бітіру жұмыстың мақсаты: нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздықтың мәні мен мазмұнын ашу, оның пайда болу себептері мен түрлеріне талдау жасап, шешу жолдары мен технологиясын қарастыру болып табылады. Сонымен бірге, жұмыссыздықтың Казақстан Республикасындағы ерекшеліктері мен оны шешудің шет елдердегі тәжірибесін және біздің мемлекетіміздің жұмыспен қамтуға байланысты саясатының ерекшеліктеріне тоқталу болып табылады.
Бітіру жұмыстың міндеттері: алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
- теорияляқ талдау негізінде «еңбек», «жұмыссыздық», «еңбек нарығы», «жұмыспен қамту» категорияларының мән мазмұнын, оның түсініктері мен қоғамда алатын орнын, құрылымын нақтылау;
- әлеуметтік-экономикалық категория ретінде жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұнын ашу;
- Қазақстанның еңбек нарығында қалыптасқан процестерге талдау жасау;
- Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмыспен қамтудың салыстырмалы түрде ерекшелігін анықтап, оған талдау жасау.
- нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздықты шешу технологияларын көрсету;
- нарық жағдайында жұмыссыздық мәселесін шешудің шетелдік тәжірибесінің ерекшеліктеріне тоқталу;
- нарық жағдайындағы жұмыссыздықты шешудегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаттың рөлін анықтау
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі: нарықтық қатынастар жағдайындағы еңбек нарығы мен жұмыссыздықтың қалыптасуының ғылыми негізіне, Қазақстан Республикасының еңбек нарығы, жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың ерекшелігіне негізделген.
Дипломды жұмыстың тәжірибелік негіз і: нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздықты шешу технологиясы мен Қазақстан Республикасындағы еңбек пен жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатының жүзеге асырылуына негізделген.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі мазмұндағы екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Және де глоссарий, мазмұны мен қосымша бөлімдерден құралған.
- ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздықты анықтау барысында жұмыссыздықтың деңгейін анықтау үшін мынадай формула құрастыруға болады:
Жұмыссыздық деңгейі = жұмыссыздар/жұмыс күші * 100% [1] .
Сонымен қатар, жұмыссыздарды арнайы органдар мен институттардың мәліметтеріне (мысалы, көп мемлекеттерде еңбек биржасының статистикасы қолданылады) сәйкес санайды, ал жұмыс күші төмендегідей белгілері бойынша белгілі бір топтардың, мемлекеттің халық санының жалпы көрсеткішінің айырмашылығы ретінде анықталынады:
- еңбек ету жасына жетпеген тұлғалар;
- арнайы мекемелердегі тұлғалар (түрмелерде, психиатриялық
- еңбек күшінің құрамынан шыққандар (зейнеткерлер, мүгедектер және т. б. )
Жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші арифметикалық сипатқа ие. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалағанда оның әртүрлі түрлерін қарау керек, яғни оның мемлекеттік экономикасына да әлеуметтік климатына да әсерін қарау керек [18] .
Жұмыссыздықтың себептеріне тоқталар болсақ, жұмыссыздықтың туындауына байланысты себептерді түсіндіретін әлеуметтік-экономикалық концепциялар өте көп. Солардың бірнешесіне тоқталар болсақ:
Жұмыссыздықты неоклассикалық бағыт былай қарастырады, яғни жұмыссыздық - ол еңбек ақысына өте жоғары талаптар қойып, өз еркімен бас тартқан уақытша құбылыс деп қарастырылады. Бұл концепцияның жақтастары Дж. Перри және Р. Холл еңбек нарығын басқа нарықтар секілді уақытша тепе-теңдік базасында жұмыс жасайды деп есептейді, яғни негізгі нарқты реттестіруші болып баға, ал бұл жағдайда жалақы болып табылады. Олардың пікірі бойынша, жалақының көмегі арқылы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс реттеледі және нарықтық тепе-теңдік бір қалыпты болады. Егер де жалақы жұмыскерлердің сұранысы арқылы белгілі бір тепе-теңдік қойылымнан жоғарыласа, онда жұмыс күшіне деген сұраныстан ұсыныстың мөлшері көбейеді. Бұл дегеніміз, еңбек нарығында жұмыс іздеушілердің саны жұмысы барлардың санынан көбейеді, яғни жұмыссыздық пайда болады [14] .
Нарықтық күштің әсерінен болған бәсекелестік жағдайындағы кез-келген тауар нарығында сұранысқа деген ұсыныстың жоғарлауы бағаның тепе-теңдік қалыпқа дейін төмендеуіне алып келеді. Яғни, еңбек нарығы неоклассикалық концепцияда кез-келген тауар нарығы секілді қызмет атқаратын болғандықтан, осы нарықтағы еңбекке деген сұраныстың төмендеуі тағыда жалақының тепе-теңдік жағдайына дейін төмендетеді. Жалақының төмендеуінің қорытындысында, бір жағынан, жұмыс орнына тұруға үміткерлердің санын азайтса, екінші жағынан, жұмысқа алуды азайтудың себебінен жұмыс күшіне деген кәсіпкерлердің сұранысы жоғарылайды
Жұмыс ұсыну нақты жалақының көлеміне байланысты болады: жалақы жоғары болған сайын, нарықта өз еңбегін ұсынушылар саны көбейеді, ал егер де жалақы төмен болса, жұмысқа сұралушылардың саны төмендейді. Солайша, жалақының көлемі еңбек нарығындағы толық жұмысбастылық барысында қалыпты тепе-теңдіктің болуын қамтамассыз етеді [18] .
Неоклассикалық теорияда тұрақсыз жалақы жұмыссыздықтың туындауына негіз болатын негізгі себептердің бірі. Жалақының төмендеуіне байланысты адамдар жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың арасында жұмыссыздықтың пайдасына шешетін таңдау жасайды: жұмыссыздық болса ол тек өз қалауынан болған жұмыссыздық. Егер де мемлекет жалақы мөлшерік бақылауда ұстайтын болса, онда нарықтағы бәсекелестік механизмі бұзылады. Осыдан келіп неоклассикалық кезеңнің экономистері мынадай тұжырымдама жасайды: жұмыссыздықты шешудің жолы еңбек нарығындағы бәсекелестік пен тұрақыты жалақыға қол жеткізу [3] .
Маршал жұмыскерлердің білім деңгейін арттыру, білікті жұмыскерлерге нарықты кеңейту қажеттігін, оның жұмыс күші нарығында жұмыспен қамтуды арттыратынын айтты. Ұзаққа созылған дағдарыс классикалық экономикалық теория тұжырымын жоққа шығарды. Ол жаппай жұмыссыздыққа бастаған ұзақ жылға созылған депрессия жағдайында жұмыспен қамтуды реттеу теориясында жаңа көзқарастарды дәлелдеуді талап етті. Осыған байланысты Д. Кейнстің «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде жазылған жұмыспен қамту мәселесі «кейнстік экономикалық теория» деген атқа ие болды. Бірақ оның теориясында нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтумен қамтамасыз ететін өздігінен әрекет ететін механизм жоқ. Сондай ақ, ол баға мен жалақының икемділігі, сондай ақ, толық жұмыспен қамтуды қолдай алатын, нарықтық реттеу тетіктері ретіндегі процент ставкаларының ауытқуы туралы жұмыспен қамтудың классикалық теорияларын жоққа шығарды. Кейнстің пікірінше жұмыспен қамту деңгейі тұтынуға кететін шығындар мен капиталдық салымдардан құралатын эффективті сұраныс динамикасымен анықталады. Оның іліміне сай айналымдағы ақша санын ұлғайту өндірісті кеңейтуді және тауар ұсынысын өсіруді ынталандырады, сондай ақ, халықтың жұмыспен қамтылуын өсіруге және әскери шығындарды көбейтуге мүмкіндік береді [8] .
Кейнстік бағыт жұмыс күшінің бағасы яғни жалақы белгілі бір талаптарға сәйкес бекітілген және ол өзгертуге келмейді деген бағытқа сүйенеді. Ал еңбек нарығы әрдайым экономикалық тепе-теңдік ретінде қарастырылады. Дж. М. Кейнс ерікті жұмыссыздықтың сипаттамсы жайындағы неоклассикалық теорияға сын айтты. Кейнстік концепцияда нарықтық экономика жағдайында жұмыссыздық еріктік сипатқа емес міндеттілік сипатқа ие болады деп тұжырымдалады. Ол жалақының төмендеуі жұмысбастылықтың өсуіне алып келуі мүмкін екенін теріске шығармайды, алайда мұндай ыңғайдың шынайлылығына ол күдіктенді. Дж. Кейнстың пікірінше, мемлекет жұмыссыздыққа белсенді қаржылық саясат (салықтар, мемлекеттік инвестициялар) арқылы қарсы тұру кажет деп есептеді, яғни ол қорытысында жұмыс күшіне деген сұраныстың жоғарлауына және соған сәйкес жұмыссыздықтың жойылуына бағытталған саясат [16] .
Тиімді сұраныс өндірістің төмен қарқынына алып келеді, ол сонымен қоса дағдарысты құбылыстар мен жұмыссыздыққа да себепкер болады. Кейнстік пікірінше, жұмысбастылықтың мөлшері тиімді сұраныспен тығыз байланысты, ал толық емес жұмыс бастылықтың болуы яғни жұмыссыздықтың болуы тауарларға сұраныстың төмендеуіне алып келеді. Ол сонымен бірге, халықтың 3-4 пайызы жаңа технологиялардың әсерінен және теріс сипаттағы экономика мен оның қалптасу құрылымына байланысты жұмыссыз болады деп есептейді.
Дж. Кейнс өзінің теориясын түсіндіру барысында неоклассиктердің теориясын мойындамай мынадай тұжырымға келеді, яғни нарықтық экономикаға сай жұмыссыздық соның өзінің заңдарынан шығатынын айтады.
Кейнстік концепцияда еңбек нарығы тек қана толық жұмысбастылықта тепе-теңдікте болмайды, ол сонымен бірге жұмыссыздықта да болады. Бұл былайша түсіндіріледі: Кейнстің пайымдауыншы, классиктердің пікірі бойынша еңбек ұсынысы жалақының нақты деңгейіне емес, номиналды жалақының мөлшеріне байланысты болады. Сәйкесінше егер баға өсетін болса нақты жалақы төмендейді, алайда жұмысшылар оған қарамастан жұмыс жасауын тоқтатпайды. Кәсіпкерлердің нарығындағы еңбекке сұраныс нақты жалақының қызметі болып табылады. Ол бағның өзгеруіне байланысты өзгереді:егер де баға көтерілген болса жұмысшылар аз тауар және қызмет көрсету сатып ала алады немесе керісінше.
Қорытындысында Кейнс мынадай тоқтауға келеді: жұмысбастылықтың мөлшерінің жоғары болуы жұмысшыларға байланысты болмайды. Ал ол кәсіпкерлерге байланысты болады себебі, еңбекке деген сұраныс еңбектің бағасымен анықталмайды, ол тауарлар мен қызметтерге деген тиімді сұраныстың мөлшерімен анықталынады. Егер де қоғамда тиімді сұраныс жеткіліксіз болса, яғни ол тұтынуғы деген бейімділікті анықтайды, ол табыстың өсуіне байланысты құлайды, онда жұмысбастылық белгілі бір нүктедегі толық жұмысбастылық деңгейінен төмен тепе-теңдік деңгейіне келеді [16] .
Кейнстік концепцияда екі негізгі қорытынды береді: біріншіден, еңбек нарығындағы жалақының тұрақтылығы толық жұмысбастылықтың шарты емес, егер де ол төмендесе бәрібір неоклассиктер айтқандай жұмыссыздықтың көлемінің төмендеуіне алып келмес еді. Ол былайша түсіндіріледі, яғни бағаның төмендеуі капитал иелерінің болашақ пайдасының төмендеуіне алып келеді. Екіншіден: қоғамдағы жұмысбастылық деңгейін көтеру үшін мемлекеттің белсенді араласуы қажет, себебі нарықтық бағалар толық жұмысбастылық барысында бағаны ұстап тұру мүмкін емес. Жұмыссыздыққа қарсы дәрі - мемлекеттің саясаты болып табылады. Мемлекет салықтар мен сұраныстың бірегейлігін өзгерте отырып, бірегей сұраныс пен жұмыссыздыққа әсер ете алады [49] .
Жұмыссыздық адамның жасымен, білім деңгейімен және елді мекеннің түрімен тығыз өзара байланысты. Мысалы, социологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, жастардың жұмыссыз қалу мүмкіндігі 14 пайыз болса, орта жастағылардың жұмыссыз қалу мүмкіндігі 8, 7 пайыз. Білім деңгейі жоғары топтағы адамдарда жұмыссыздық деңгейі төменірек.
Жұмыспен қамту теориясының келесі бір түрі неоклассикалық теорияның жаңа бағыты - монетаризмнің негізін америкалық экономист М. Фридман қалады. Ол баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты. Сондай ақ, М. Фридман: «Инфляция емес, болжанбаған инфляция ғана маңызды, инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, нақты факторларға сәйкес келетін жұмыссыздықтың нақты деңгейі болады . . . Жұмыссыздықты жеделдетілген инфляция көмегімен сол деңгейден төмен не жеделдетілген дефляция көмегімен жоғары ұстап тұруға болады . . . Инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, тек уақытша таңдау болуы мүмкін . . . Инфляцияның өспелі қарқыны жұмыссыздықты азайтуы мүмкін ал жоғарғы қарқыны өсірмейді . . . Инфляциямен күресудің бір ғана жолы бар ол - ақша санының өсу қарқының баяулату», - деген тұжырым айтты [15] .
Олай болса, жұмыссыздық табиғи деңгейінде еңбек нарығындағы ұзақ және тұрақты тепе-теңдігіне қол жеткізуге болады. Ал бұл жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымы болып табылмақ. Жұмыссыздық деңгейі өспелі болып келеді және еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігі арқылы анықталады. Мемлекет тарапынан ұзақ мерзімде жасалған кез келген әрекет нәтижесіз болады, ал қысқа мерзімде инфляцияны өсіреді. Ондай кезде нақты қарқыны күткендегіден жоғары болады. Демек, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгеймен теңескен кезде мемлекет еңбек нарығына араласпауы тиіс.
Жұмыспен қамту теориясының қалыптасуына аса зор үлес қосқан ғалымдардың бірі - К. Маркстің экономикалық іліміндегі маркстік теория қосымша құн теориясы, капиталдың органикалық құрылымының өсім теориясы және халық туралы заң сияқты қағиаларға негіделеді. Маркстің зерттеуіндегі маңызды қағида - капитал құрылысы және оның жинақталу барысында басынан кешетін өзгерістері. Тұрақты капиталдың айнымалы капиталға қатынасын ол капиталдың органикалық құрылысы деп атаған. Мұнда құрылыс өзгеріссіз қалатын болса, еңбекке деген сұраныс капитал өсіміне пропорционал ұлғаяды. Олай болса, өндіріс және жұмыспен қамту өсімімен қатар жалақы да өсуі мүмкін. Бірақ нарықтық капиталистік шаруашылық өсіміне қарай капиталдың органикалық құрылысы өседі. Ең әуелі бұл өсім қосылған құн ықпалына негізделеді. Артық қосылған құн алуға талпыныс жасай келе, кәсіпкерлер кәсіпорындағы тауарлардың жеке құны қоғамдық құннан төмен болуын көздейді. Ал ол үшін тұрақты капитал шығындарын техникалық жағынан жетілдіру және ұлғайту қажет. Нәтижесінде айнымалы капитал үлесі азаяды, жұмыс күшіне сұраныс салыстырмалы түрде төмендейді, жұмыспен қамтылғандар саны барлық капитал мен барлық қоғамдық өндірістің өсімімен салыстырғанда, баяу ұлғаяды. Осыған байланысты К. Маркс өндірістің капиталистік тәсіліне тән халықтар заңын қалыптастырады, ол мынадай: «жұмысшы халық капиталды жинақтай отырып, өспелі мөлшерде қаражат өндіреді, ал ол оны салыстырмалы түрде артық халыққа айналдырады». Бұл артық халық капиталистік өндірісті дамытуда, оны қажетті жұмыс күшімен тұрақты қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады [11] .
Сонымен қарастырылған теориялық сұрақтар еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайын анықтауға сондай-ақ, аймақтық деңгейде еңбек нарығындағы жағдайды жақсартудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы жұмыспен қамту туралы ғалымдар әр түрлі пікірлер айтады. Мысалы А. Э. Котляр өз еңбегінде: « Социалистік құндылық, оны сақтап қалу, белгілі бір жағдайларда, шығынға ұшырауды талап етеді. Ондықтан да социалистік қоғамдық жағдайда да жұмыссыздыққа сөзсіз жол бермеу тұрғысынан, жұмыспен толық қамтуды сақтап қалу үшін ұтымдылық деңгейін, яғни экономикалық тиімділікті де мүмкін деп табады» - деп атап көрсеткен.
Классикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит жұмыспен қамту жөнініде : «оның көлемі бір жұмысшының еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты анықталады, себебі олардың арасында тікелей байланыс бар: шамадан тыс жоғары еңбекақы төлеу жұмыспен қамтудың толық болмауына, еңбек ресурстарының толық пайдланылмауына әкеліп соқтырады- деп атап көрсеткен. Ол құбылмалы нарықтық механизм табиғи (қалыпты, орташа) еңбекақыны белгілі бір деңгейде ұстай алады деп есептеді. Еңбекақының едәуір өсуі халықтың еңбек ресурстарының өсуіне, жұмыс күшінің ұсынысының ұлғаюына және жұмысшылардың арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне әкеліп соқтырады. Өз кезегінде бұл факторлар еңбекақының табиғи деңгейінің, табысының төмендеуіне әкеліп соқтырады да соның салдарынан тұрғындардың бала тууы азайып, еңбек ресурстарының саны кемиді де нәтижесінде жұмыс күші ұсынысы түседі және кәсіпкерлердің арасында бәсекелестік күшейеді. А. Смит ілгермелі өсу заңдылығына сәйкес келеді және еңбекке деген сұраныстың жоғарылау шарты»-, дейді [20] .
А. Смиттің ілімін жалғастырушы Д. Рикардо еңбектің өзі мен еңбекақы тауар болып табылады және өз негізінде табиғи бағамен анықталады да, оның маңайында ауытқиды деген. Құбылмалы реттеушінің әсерінен (елдің халқының қозғалысынан) еңбекақының ең аз мөлшері мен оңтайлы еңбек ұсынысының арасында өзіндік тепе-теңдік қалыптасады А. Маршалдың: «еңбек нарығында басымдылық сатушылардан гөрі сатып алушылар жағында болады, себебі «әрбір жұмыс күшін сатушы оның тек бір данасына ғана қожа» - деген сөздері де өте орынды.
Ерлі зайыптылар жұмыссыздыққа ұшырай отырып бір біріне көп жағдайда бірлік пен өзара түсінушілікті көрсетпейді, сондықтан бұл отбасыларында жиі жанжалдар туады. Батыстың зерттеушілері К. Леана мен Д. Фельдманның айтуынша жұмыссыздардың жұмысшыларға қарағанда отбасынан алшақтауы, оны тастап кетуі немесе өз зайыптарымен айырылысуы 3-4 есе жиі байқалады екен. Дәл осындай тенденция ресейлік мамандардың социологиялық зерттеулерінде де көрінген. Сұралғандардың мойындауынша, жұбайлар арасындағы қатынас және балаларды тәрбиелеуге қатысты проблемалар әрбір екінші отбасында жұмыссыз қалғаннан кейін пайда болған. Мұнда да отбасы ішілік қатынастар қырғи қабақ болып (20%), жұбайлар мен балалары арасында бір біріне деген жеккөрініш байқалған (16%), ал отбасылық атмосфера жанжалға айналған ( 11%) [17] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz