Еңбек пен жұмысбастылық


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі . Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Солардың бірі еңбек пен жұмысбастылықтағы мемлекеттік саясат, яғни халықты жұмыспен қамту саясаты, басқаша айтар болсақ халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеру саясаты болып табылады.
«Еңбек» ұғымымен қатар «жұмысбастылық» немесе «жұмыспен қамту» түсінігі өзекті сипат алды. «Жұмысбастылық» немесе «жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің жеделдігі мен кәсіптік біліктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек нарығының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті реттеу және т. с. с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен «еңбек» және «жұмысбастылық» түсініктерінің объективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда жұмысбастылық пен еңбек ұғымдары - синоним емес. Еңбек - бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі - жұмыс кезеңі тиесілі болады.
Жұмысбастылықтың, еңбектен айырмашылығы, қызмет емес, экономкалық және құқықтық болатын, еңбеккерді белгілі бір жұмыс орнындағы еңбек кооперациясына қосуға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Еңбеккер шаруашылық кешенінің қандай да бір ішкі жүйесінде қалғанға дейін бұл қатынастар үздіксіз сипатта өрбиді. Жұмысбасты болып есептелу үшін адамға қандай да бір жұмыс орынмен байланысты болуы керек - өндірістік ұжымның мүшесі болу, жеке еңбек қызметі тәртібімен жұмыс істеу, жеке кәсіпкерлікпен айналысу және т. б. Жұмысбасты адамның статусы адам берілген уақытта жұмыс істеп жатыр ма, спортпен айналысып жатыр ма, демалып жатыр ма оған тәуелді емес.
Жұмысбастылықтың тиімділігі - еңбек тиімділігіне қарағанда кең категория болып табылады. Соңғысын есептеу үшін еңбек шығынын еңбек қызметінің жағдайын ұдайы өндіруге кеткен шығындармен салыстыру жеткілікті. Шығындар мен нәтижелердің сандық бағалауы қиындық туғызбайтындықтан, еңбек өнімділігін есептеу де қиын емес.
Жұмысбастылықтың тиімділігін есептеу көптеген факторларды есептеуді, оның ішінде экономикалық, әлеуметтік, заңдылық факторларды есептеуді қарастырады. Жұмысбастылықтың тиімділігін есептеуде жасырын және анық жұмыссыздық деңгейіне, еңбекақы өлшемі мен оны ұйымдастыруға, жұмыс орыны жоғалтқан және еңбек қабілеттлігін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру тәртібіне тәуелді қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың дәрежесі ескеріледі. Оларды бағалау жүйесіне енгізу жұмыспен қамтуды сандық бағалауда қиындықтар туғызады. Жұмыспен қамту еңбекпен сәйкес келмесе де бұл категориялар өте тығыз байланысты.
Халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу үдерісінде бұрынғы КСРО- ның көптеген мемлекеттері бірдей қиындықтарға кездесті. Жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы, қоғамды демократияландыру халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті жаңаша реттеуді талап етті. Мемлекеттердің жаңа басшылығының алдында жұмыссыздық деңгейінің өсу проблемасы тұрды. Алғашқы кезде жұмыссыздық экономиканың дамуына оң әсерін тигізді: өндірісте қысқарған адамдардың орнына білікті және жауапкершілікті еңбеккерлер келді, өндіріс өнімділігі артты. Сонымен бірге жұмыссыздықтың теріс салдары да өсті, қылмыстың өсуі, мемлекеттік бюджеттен түрлі әлеуметтік төлемдер ретінде кетіп жатқан қаржының қомақты бөлігін жоғалту және т. б.
Сондықтан да жұмыссыздық деңгейін қысқартып оны дамыған рыноктық экономикалық елдердің деңгейіне жеткізу қажеттілігі туындады. Ол үшін халықты жұмыспен қамтуды ынталандырудағы мемлекеттік саясатты жетілдіру керек.
Сонымен қатар, демократиялық, азаматтық және саяси институттар өзінен-өзі жұмыс істеп кете алмайды. Олар қазіргі заман қоғамының сұрақтарына жауап қайтара алатын әлеуметтік, экономикалық, саяси бағыттардан терең хабары бар адамдарға мұқтаж. Қазіргі заманғы мемлекеттерге қоғамдық істерге белсенді қатысатын, өздерінің құқықтарын пайдалана алатын және өздерінің ұлттық, мемлекеттік бірлестіктің мүшесі ретіндегі міндеттерін орындай алатын азаматтар қажет.
Сол себепті де демократиялық қайтақұрулар шартында қоғам дамуының басты принципі ретінде әлеуметтік әділеттілік болуы керек, ол адамдар құқығының сақталуы мен жынысы бойынша және т. с. с. дискриминацияның барлық түрін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. «Гендер» ұғымы нақты қоғамда әйел мен еректерден әлеуметтік күтімдерді күтуді білдіреді, сондай-ақ олардың экономикалық әлеуметтік-мәдени және саяси шарттардағы мінез-құлқының ерекшеліктерін айқындайды. «Гендерлік тұрғыдан қарастыру» түсінігі әлеуметтік жағдайларда әйел мен ер кісілердің ерекшеліктерін ескеруді білдіреді.
Осы тұрғыда уй шаруасындағы зорлық, кедейшілік, жыныстық белгілер бойынша теңсіздік пен дискриминациялардың себебіне талдау жасалады: өмірлік жолдағы гендерлік ерекшеліктері, жұмысбастылық, экономикалық-әлеуметтік дамытудың әлеуметтік реформалар мен гендерлік қарым қатынастармен еркектердің жағдайы; гендерлік теңсіздіктің идеяларының алға шығу әдістері және тәдірибе әлеуметтік әділеттіліктің принциптерін жүзеге асыру.
Яғни, еңбек пен жұмысбастылықта жыныстық дискриминациялар да кездеседі. Еңбек үдерісінің мазмұны нақты формадағы тұтыну құндылықтырын өндірудегі адамның мақсатты қызметін білдірсе, физиологиялық мағынасында - мақсатты түрде жұмыс күшін шығындау. Яғни, еңбек жұмысшының өзі өңдейтін затына ғана емес, сонымен бірге, ерлер мен әйелдерге әртүрлі болып келетін өзінің еңбек ету қабілетіне қатынасы болып табылады. Егер қоғамдық өндірісті материалдық игіліктер өндірісі мен халықтың табиғи ұдайы өндірісі тұрғысынан алып қарастыратын болсақ, онда бұл үдеріске әйелдердің қатысу ауқымы аса кең, себебі, әйелдер тек қоғамның материалдық байлығының көбеюіне ықпал етіпқана қоймайды, сонымен қатар, репродуктивті қызмет атқарады. Әйелдердің аналық қызметі олардың материалдық игіліктерді өндірудегі мүмкіндіктерін сандық және сапалық тұрғыда шектейді. Сандық тұрғыда - репрадуктивті қызметті орындауға байланысты әйел еңбегіне үзіліс жасаудың әлеуметтік қызметтілігі. Үзіліс уақытпен өлшенеді және өндіргіш күштердің даму деңгейі мен өндірістік қатынастардың сипатына тәуелді болады. Бір жағынан, мұндай үзілістің қажеттігі мен мүмкіндігі өседі, екінші жағынан - төмендейді. Сапалы тұрғыда - ауыр және зинды жұмыстарда әйел еңбегін шектеу қажеттілігінен көрінеді. Осы себептерге байланысты еңбек пен жұмысбастылық облысындағы мемлекеттік саясатта жыныстық ерекшеліктер де ескеріледі.
Зерттеу нысаны (объектісі) . Еңбек пен жұмысбастылық.
Зерттеу пәні: еңбек пен жұмысбастылықтың гендерлік аспектісінің көрінісі.
Бітіру жұмыстың мақсаты: еңбек пен жұмысбастылықтағы мемлекеттік саясаттың мазмұны мен мәнін, оның экономикада қолданылатын үлгілерін және шет елдерде қолданылу тәжірибесін, біздің еліміздегі қазіргі күні еңбек пен жұмысбастылықтағы мемлекеттік саясаттың ерекшеліктеріне тоқталып, оның гендерлік аспектілеріне талдау жасау болып табылады.
Бітіру жұмыстың міндеттері: алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
- теорияляқ талдау негізінде «еңбек», «жұмысбастылық», «еңбек нарығы», «гендер» категорияларының мән мазмұнын, оның түсініктері мен қоғамда алатын орнын, құрылымын нақтылау;
- әлеуметтік категория ретінде еңбек пен жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұнын ашу;
- Қазақстанның еңбек нарығында қалыптасқан процестерге талдау жасау;
- еңбек нарығының қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен жұмысбастылығының салыстырмалы түрде ерекшелігін анықтап, оған талдау жасау.
- Қазақстандық қоғамдағы еңбек пен жұмысбастылықтың гендерлік аспектісін анықтау:
- елдегі еңбек пен жұмысбастылыққа байланысты мемлекеттік саясатқа талдау жасай отырып, ондағы әйелдер мен еркектердің орнын анықтау.
- әйел мен еркек жұмыс күші нарығын жетілдірудің индустриалық бағыттарын негіздеу;
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі: еңбек пен жұмысбастылықтың қалыптасуының ғылыми негізіне, Қазақстан Республикасының еңбек нарығы мен жұмысбастылығының ерекшелігіне негізделген.
Дипломды жұмыстың тәжірибелік негіз і: Қазақстан Республикасындағы еңбек пен жұмысбастылық облысындағы мемлекеттік саясатының жүзеге асырылуына және оның гендерлік аспектісіне негізделген.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі мазмұндағы екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Және де глоссарий, мазмұны мен қосымша бөлімдерден құралған.
1 ЕҢБЕК ПЕН ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТІСІ
1. 1 ЕҢБЕК ПЕН ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, оқуға, өнерге жəне т. б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Еңбек - бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың , рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады.
Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде жəне өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді [14] .
Сонда еңбектің қандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі?
Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нəтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек жəне жалданбалы еңбек. Дəл осы жалданбалы еңбек - жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі - аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді . Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пəніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі, меншік иесі-кəсіпкерлердің, еңбек кооперацияларының қызметі жəне т. б. қызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып - заңды тұлғаны құрмастан дəріхана, дүкен, шаштараз жəне т. б. орындарды ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі өз дəріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, ғалымның, өнертапқыштың қоғамдық кооперциядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады.
Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пəніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі, меншік иесі-кəсіпкерлердің, еңбек кооперацияларының қызметі жəне т. б. қызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып - заңды тұлғаны құрмастан дəріхана, дүкен, шаштараз жəне т. б. орындарды ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі өз дəріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, ғалымның, өнертапқыштың қоғамдық кооперциядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады. Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады [6] .
Еңбек үрдісі - қиын және көпаспектілі құбылыс. Оның көрінісінің негізгі формалары - бұл адам энергиясының шығыны, жұмысшының өндіріс құралдарымен арақатынасы (еңбектің құралдары мен заттары) және жұмысшылардың бір-бірімен көлденеңнен (біріңғай еңбек процесіндегі қатысуға қатынас) және тігінен (басқарушы мен бағыныштылардың арасындағы қатынас) арақатынасы болады. Еңбектің адам мен қоғам дамуындағы рөлі тек қана адамдарды қанағаттандыруға арналған материалдық және рухани құндылықтарды туындатып қоймайды, сонымен бірге жұмысшылардың өздерінің дамуына алып келеді, яғни олар өздеріне қажетті дағдылар мен өздерінің қабілеттілігін ашады, білімдерін толықтырады. Еңбектің шығармашылық сипаты қажеттіліктердің дамуына апаратын жаңа ойлардың туындауы, еңбектің жоғары өндірісті қаруларының болуы, тауарлардың жаңа түрі, энергия өзінің қөзқарасын табады [5] .
Сол себепті де, еңбек қызметі барысында тек қана тауырлар өндірілмейді, сонымен қатар мәдени құндылықтар да қалыптасады, алайда өзінің орындалуын қажет ететін жаңа қажеттіліктер қалыптасады. Адам мен қоғамның дамуына еңбек әсер етеді.
Еңбек дегеніміз - қажеттіліктерді өтеу үшін игіліктерді (матерялдық және рухани) өндіруге бағытталған адамдардың мақсатты және саналы іс-әрекеті. Адамдар әрқашан өзеріне мақсат белгілеп алып, соған жету үшін саналы іс-әрекет жасайды. Маркстік әдебиеттерде адамның еңбегі мен жануардың инстинктивті тіршілігін салыстырып, адамның жануардан айырмашылығы - мақсаттарын терең ойластырып алып сол мақсаттарын жүзеге асырудың тәсілдері мен құралдарын жасап, саналы іс-әрекет жасайды деп дәлелдеуге тырысады. Бұл пікірдің негізінде К. Маркстың «ең жаман сәулетшінің ең жақсы бал арадан айырмашылығы, балауыздан ұя жасамас бұрын, адам оны алдымен өзінің басына құрып алады», - деп айтқанына жүгінеді.
Ал, жұмысбастылық - бұл маңызды макроэконоикалық көрсеткіш, экономиканың, халықтың байлығының ең басты мінездемесі. Бірақ та, жұмысбастылық тек-қана экономикалық құбылыс емес, сонымен қатар, ол әлеуметтік сипатқа да ие. Ол қоғамға пайдалы қарекет ету арқылы өзін-өзі көрсету көмегімен адамдардың тек-қана табысты керек етушілігін емес, сонымен бірге, қоғамның дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық деңгейінде сұрауларға қанағат болу сатысын айқындайды [6] .
Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек. Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді. Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалпы білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу. Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгеиін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды. Еңбек нарығындағы бұл түсініктердің қандай мәні бар?
Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек потенциалын неғұрлым дәл анықтауға мүмкінлік береді;
Екіншіден, олар еңбек потенциалының көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді;
Үшіншіден, әлеуметтік саясатты жасауға, басымдықтарды анықтауға, әлеуметтік бағдарламаны қалыптастыруға, оны қаржыландыру көздерін анықтауға және жүзеге асыру шарттарын жасауға жағдай жасалады.
Жалпы, халықтың жұмыспен қамтылуы немесе жұмысбастылығы - бұл оның, яғни, халықты еңбекке жарамды бөлігінің табысы, жалақы, кіріс және кәсіпкерлік табыс беретін жұмыспен қамтылу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш қатысты шама түрде көрсетілген. Қатысты шама деп отырғанымыз, яғни, шаруашылық, басқарушылық, білім беру және де басқа сфераларда жұмыспен қамтылғандардың сананың барлық еңбекке жарамды халықтың санына қатынасы. Жұмыспен қамтылғандар қатарына жалдамалы ақылы жұмыс жасаушылар, кәсіпкерлер, жеке қызметпен айналысушылар, фермерлер, кооператив мүшелері, төленетін лауазымға таңдалған және тағайындалғандар, әскери қызметкерлер, ЖОО-ның студенттері, ПТУ мен арнайы орта оқу орнының оқытушылары мен жоғары сынып оқушыларын жатқызуға болады.
Кеңестік экономистер жұмысбастылықты, ең алдымен, өндірістің қоғамдық жағдайына қатысты халықтың еңбек ұсынысының процесі әлде іс-қимылы деп түсінген. Алайда, жұмысбастылық жоғарыда көрсетілген анықтама арқылы сипатталып қана қоймайды, ол қоғамдық өндіріске қатысатын адамдардың арасындағы өндірістік қатынастар түрлерінің бірі. Халықтың жұмысбастылығы жұмысшының еңбек құралдарымен басқару жүйесінің нақты формасының нақты бірігуін жорамалдайды. Бұйрықты - әкімшілік басқару жүйесінде - бұл жұмысшы мен еңбек құралдарының бақыламалы орталықтандырылған біріктірілуі, нарықтық жағдайда - демократыядық бірлестік . Сондықтан, осыған орай, жұмысбастылық түсінігі мен анытамасы кең көлемде әрі жан жақты қарастыру қажет. Осылайша «жұмысбастылық» пен еңбек нарығының категориясының идентификациясы жүргізілуде [5] .
1. 2 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ПЕН ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек нарығының ең негізгі айырмашылығы онда ұсынылған тауар қасиетіне байланысты. Сонда осы нарықта не сатылады, не сатып алынады? Бүл сұрқтың жауабы мынадай - әрине, еңбек. Бірақ еңбек дегеннің өзі жұмысшының қызметі, оның игіліктер өндіргенде дене және ой еңбегіне жұмсалған энергиясы. Еңбек адамнан бөлінбейді, ол - жеке түлғаның өмір сүру формасы. Яғни осыдан еңбекті экономикалық, саяси тұрғыдан еркін қоғамда не сатуға, не сатып алуға болмайды. Ерікті адам сатылмайды (қүлиеленушілік мемлекеттер сияқты) және де адамға тиісті қызметтерді де сату, сатып алуға жатпайды, еңбекті де осы тұрғыдан қарастыруға болады.
Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz