Жас отбасының қалыптасуы мен нығаюында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың рөлі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
- ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 6
1. 1. Жас отбасының қалыптасуы мен нығаюы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде . . . 6
1. 2. Жас отбасының әлеуметтік-психологиялық спецификасы ……… . . . 16
1. 3. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі . . . 31
- ЖАС ОТБАСЫНА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТҚА ТАЛДАУ . . . 38
2. 1. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары . . . 38
2. 2. Мемлекеттік әлеуметтік саясат тарапынан жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПайдаланЫЛҒАн әдебиеттер . . . 59
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі : отбасы адамның әлеуметтік жұмыс істеу жүйесін білдіреді. Ол қоғамның негізгі институттарының бірі. Әлеуметтік жұмыстардың маңызды саласы мен негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жас отбасы өрістеудің күрделі кезеңін -дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үдерісін бастан кешіп отыр. Отбасы құрылымы, отбасы қызметі, отбасы рөлі, билік жүйесі, жұбайлардың функционалды тәуелділігі, отбасындағы бала жағдайы өзгереді, ал бұл өз кезегінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне алып келеді.
Қазіргі кезде соның салдарынан бала туу төмендеп, ажырасулар саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп жатыр. Сол себепті де отбасын немесе жас отбасыларды зерттеу өте қажетті зерттеулер қатарында болуда.
Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Себебі: адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Кәмілеттік жасқа толғаннан кейін де өзі отбасын құрып бөлек шықпағанша, туған ата-анасының қол астында, қамқорлығында болмақ. Демек, отбасы - негізгі қамқорлық мектебі.
Отбасы - некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды біріктіреді. Отбасы - бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.
Отбасы қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып табылатындықтан, ол әрқашанда қоғам назарында болады. Қазіргі уақытта кейбір ғалымдардың айтуынша, отбасы дағдарыстан өтуде. Оның жаңа үлгісі пайда болды. Отбасылық қарым-қатынас өзгеруде. Әсіресе, отбасындағы өзгерістердің көпшілігі - экономикалық жағынан дамыған Батыс елдерінде. Ресей мен Қазақстанның нарыққа өтуі некелесу мен бала тууға қатты әсер етті. Ажырасулар көбейіп, ол да отбасындағы туып көбеюшілікті азайтты. Отбасы адамды қорғайды, сондықтан да оны нығайту керек. Отбасы жасы толмаған балаларға және қарт адамдарға қамқорлық етеді, өмірдің қиын жағдайларында көмек көрсетеді, ауырған кезде қолдайды. Отбасы мүшелері бір-біріне көмек етеді. Отбасы сүйіспеншілік сезіммен бірігеді. Онымен бірге отбасы алғашында жас отбасы деген атауға ие болады.
Жас отбасы деп біз жаңадан некеге тұрып, заңды түрде отбасы құрған жастарды айтамыз. Қазіргі нарықтық заманда жас отбасыларын мелекет тарапынан қолдауға арналған бағдарламалар жасалынуда. Себебі, нарық заманында енді ғана отбасы құрған адамдар тобы өз отбасыларын толықтай қамтамассыз ете алмауы мүмкін. Ал ол бала санының азаюы, яғни туу мөлшерінің азаюына алып келеді, ал Қазақстан Республикасы үшін бала саны, яғни туу мөлшері ең қажетті категория болуда. Сол себепті де жас отбасыларына қазіргі кезде мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілу өзекті мәселелердің бірі болуда.
Жас отбасымен қазіргі кезде әлеуметтік жұмыстың объектісі бола алады. Ал әлеуметтік жұмыстардың ұйымдары мен мекеме жүйелері маңызды аспект болып табылады. Оған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыс және аудан жиынтығы тиісті басқарма мен бөлімдер басшылық жасайды. Онда әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру қызметтері, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық тәртіп және т. б. органдарындағы әлеуметтік көмек және қорғау комиссиялары жұмыс істейді. Мемлекетпен қатар бірне-бірі байланысты, өзара іс-қимыл жасап көмектесетін көптеген қоғамдық ұйымдар мен мекемелер қызмет етеді. Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер өзінің жұмысын осындай ұйымдармен және басқа да әлеуметтік институттармен бірге жасайды.
Жоғарыда көрсетілген себептерге сәйкес қазіргі кезде Қазақстан Республикасы үшін жас отбасыларын зерттеп біліп, оған қандай жағдай жасау керек екендігін айқындап алу керек. Жас отбасыларына жағдай жасау арқылы біз еліміздің яғни халқымыздың санын көбейте аламыз, себебі еліміздің болашағы жастар болып табылады. Сонымен қатар еліміздегі ажырасу, жастар арасынадығ түсініспеушілік деген маңыэды мәселелерді тежей аламыз. Сол себепті де қазір жас отбасыларына мемекет тарапынан көмек қажет. Ал ол дегеніміз біздің көтеріп отырған проблемамыздың өзекті екендігіне дәлел бола алады.
Бітіру жұмыстың мақсаты: жас отбасының қалыптасуы мен нығаюында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың рөлін анықтау.
Бітіру жұмыстың міндеттері : жоғарыда көрсетілген мақсатқа сай төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- «отбасы», «жас отбасы», «мемлекттік әлеуметтік саясат» категорияларына анықтама беру;
- жас отбасының қалыптасуы мен нығаюын әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде қарастырып, оның мәнін ашу;
- жас отбасының қалыптасуының ерекшеліктеріне тоқталу;
- жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу үрдістеріне тоқтап, оның шет ел тәжірибесімен салыстыра отырып талдау жасау;
- жас отбасыларды мемлекеттік қолдау шараларын анықтау;
- мемлекеттік әлеуметтік саясат тарапынан жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттарына талдау жасау.
Зерттеудің объектісі : жас отбасы.
Зерттеу пәні : жас отбасының қалыптасуы мен нығаюына мемлекет тарапынан әлеуметтік саясаттың рөлі.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде жас отбасының қалыптасуы мен нығаюы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде қарастыра отырып, оның ерекшеліктері және қоғамға әсері қарастырылады. Сонымен бірге, жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу үрдістері және де шет ел тәжірибесіне негізделеді.
Отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеуген Дж. Ф. Мак-Леннан, Л. Морган, Г. И. Бахофен, Ф. Энгельс, Ю. И. Семенов, М. Мид және еңбектері басшылыққа алынған. Сонымен бірге, Ресей ғалымдары
И. В. Гребенников, С. В. Ковалев, В. П. Меньшутинның тұжырымдамалары да қарастырылады. Қазақсатан зерттеушілерінен К. Ү. Биекенов, З. Ж. Жаназарова,
Ж. А. Нұрбекова, С. И. Оспанов, Г. С. Әбдірайымова сында әлеуметтінушылардың еңбектері негізге алынған.
Дипломды жұмыстың тәжірибелік негізі: жас отбасыларды мемлекеттік қолдау шараларына және де мемлекеттік әлеуметтік саясат тарапынан жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіруге негізделген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және мазмұннан тұрады.
1. ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Жас отбасының қалыптасуы мен нығаюы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Жас отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі объектісі болып табылады. «Жас отбасы» объектісін жеке адамға алмастыруға бейімділік зерттеу жүргізуге ғана емес сұрыптау жасап, мәліметтерді және т. б. өңдеуге негіз болады. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қамқорлық, көмек, психотерапия, яғни «медикаландыру» неке мен отбасына байланысты ұлғайып отыр. Индустриялық қоғамда пайда болған әлеуметтік жұмыс «адами қатынастарды» ең алдымен өндірісте қалпына келтіру мақсатында, отбасылық өндіріс сатысында экономика тән болған осы қатынастардың жойылып кеткен адами сапаларын қалпына келтіруге бағытталды.
Отбасы қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып табылады. Ол әрқашанда қоғам назарында болады. Қазіргі уақытта кейбір ғалымдардың айтуынша, отбасы дағдарыстан өтуде. Оның жаңа үлгісі пайда болды. Отбасылық қарым-қатынас өзгеруде. Әсіресе, отбасындағы өзгерістердің көпшілігі - экономикалық жағынан дамыған Батыс елдерінде. Ресей мен Қазақстанның нарыққа өтуі некелесу мен бала тууға қатты әсер етті. Ажырасулар көбейіп, ол да отбасындағы туып көбеюшілікті азайтты. Отбасы адамды қорғайды, сондықтан да оны нығайту керек. Отбасы жасы толмаған балаларға және қарт адамдарға қамқорлық етеді, өмірдің қиын жағдайларында көмек көрсетеді, ауырған кезде қолдайды. Отбасы мүшелері бір-біріне көмек етеді. Отбасы сүйіспеншілік сезіммен бірігеді.
Жас отбасы- әлеуметтік жұмыстың маңызды және күрделі объектісі. Оның маңыздылығы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Президентінің халқына Жолдауында атап өткен болатын: «Жасқа байланысты құрылған саясатта біз жастарға және жас ұрпаққа, жас отбасыларына баса назар аударуымыз керек».
Дәл ғылыми тұрғыда «жас отбасы» деген терминнің анықтамасы жоқ. Әртүрлі авторлар некенің ұзақтығының шегі мен жас жұбайлардың жастарын әртүрлі көрсетеді. Дегенмен, көпшілігі жас отбасы бірге 3 жыл өмір сүрген, жұбайлардың жастары 30-дан аспаған және екеуі де бірінші рет некеге отырған жастар деп есептейді. Отбасылық өтіл 3 жылдың таңдалуы зерттеушілердің дәл осы уақытта отбасылық қатынастардың дамуында дағдарыс жағдайы аса жоғары болып, осы уақытқа айырылысу саны көп болатынымен байланыстырады. Отбасы тікелей және жанама қатынасқа түсетін әлеуметтік жұмыстың ең таралған түрі болып табылады. Отбасының әлеуметтік қызметкерлердің еңбекпен қамту саласындағы орталық орынды алатынының дәлелі отбасы проблемалары мен айналысатын социономдардың санының көптілігінен көрінеді. Мысалы, АҚШ- та әлеуметтік қызметкерлердің Ұлттық ассоциациясының жалпы санының 25 пайызы осы проблемамен айналысатындарды құрайды [4. 65 б. ] .
Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде, де практикалық әрекет ретінде де отбасына деген қызығушылық қарауы оның әлеуметтік құбылыс екенін көрсетеді. Отбасының қоғамдағы рөлі күшіне қарай ешбір әлеуметтік институттармен салыстыруға келмейді, себебі тек осы отбасында адамның жеке басы қалыптасып, дамиды, олардың қоағмға енуіне қажетті әлеуметтік рөлдерді меңгереді. Отбасы адам үшін алғашқы тәрбие беру институты, оны адам өмір бойы сезініп өтеді. Отбасы әлеуметтенудің маңызды факторы болып табылады да, онда адамгершілік негіздері бекітіледі, мінез-құлық нормалары қалыптасады, жеке адамның ішкі дүниесі мен жеке қасиеттері ашылады. Отбасы адамның әлеуметтік, шығармашылық белсенділігін ынталандырады. Ол адам мен қоғамның қайта өзгеруінде шешуші рөл атқарады.
Сонымен қатар, отбасы қоғамның дербес бөлігі, әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады да, соған әтуелденеді. Отбасында қоғамдық өмірдің барлық жетістіктері, қиындықтары және қайшылықтары өз бейнелерін табады. Социумдағы отбасы - күрделі феномен. Ол бір жағынан, қоғамға тәуелді, сондықтан онда болған өзгерістер мұнда да болады, екінші жағынан- имманенттік заңдылықтары бар өзіндік механизмдерге негізделген өз эволюциясына ие. Мұндағы диалектика мынадай: отбасы қоғамдағы өзгерістермен бірге өзгереді, ал ол өз кезегінде отбасымен бірге өзгереді. Осыған байланысты отбасы жеке адам мен қоғамның өзара әрекеттестігі туындайтын әлеуметтік арена болып табылады.
Отбасы қоғамдық өмірдің құрылым құрушы жүйесі ретінде әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік- саяси және әлеуметтік мәдени қатынастардың түбегейлі өзгеруін жүзеге асырып, оларды микро әлеуметтік деңгейде сындырады.
20 ғасырдың 90 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасында жүргізіле бастаған реформалар отбасына әртүрлі әсер етеді, оның өміріне терең өзгерістер енгізді. Қоғамның саяси ұйымдарындағы, экономикалық жүйесіндегі және адамдардың моральдық ұстанымдары мен бағдарындағы өзгермелі жағдайлар отбасына да әсер етті. Экономикалық тұрақсыздықтың нәтижесінде көптеген отбасындағы өмір сүру жағдайының деңгейінің төмендеуі, денсаулық сақтау, білім беру және мәдени инфрақұрылымның әлсіреуі отбасыларының қалыпты өмір сүруін барынша төмендетті. Әрине көптеген отбасылары бұл жағдайға кірігіп, болып жатқан өзгерістерден өз орындарын тауып, одан қандай да бір пайда табуға, психологиялық жайлылықты сезінуге қол жеткізді. Бірақ отбасыларының көп бөлігі сенімсіз, белгісіз, өмірлік болашағы жоқ жағдайында қалып, бәсекелестік жағдайында өмір сүруге икемсіз болып шықты.
Отбасындағы қолайсыздықтың өсуі мен балалар мен жасөсіпірімдердің мінез-құлықындағы құқыққа қарсы үрдістердің өсуі мен олардың ортасындағы алкоголизм, нашақорлық және токсикоманияның өсунің арасында тура байланыс бар. отбасындағы қатігездік, зорлық қазақстандық қоғамның аса бір өзекті проблемасына айналып отыр. Бұл құбылыстар жас ұрпақтың әлеуметтену процесіне теріс әсер етеді [7. 16 б. ] .
Отбасындағы дағдарыс жағдайының тағы бір себептеріне ерлі- зайыптылардың айырылысуынаның өсуі, туудың қысқаруы, жас кезінде некеге отыруға мәжбүр болған проблемалық отбасылардың санының өсуі, толық емес, жалғыз басты аналардың санының көбеюі жатады. 90-шы жылдары Қазақстанда некеге отырудың жалпы коэффициенті күрт төмендеуі, яғни мың адамға шаққандағы неке саны 1991 жылдағы 9, 8 пайыздан, 1999 жылы 5, 8 пайызға дейін төмендегені байқалды. Жы сайын тіркелетін некеге отыру санының үш бөлігіне дейін қысқарған, ал айырылусы керісінше жоғарғы деңгейін сақтаған, әрбір үш тіркелген некенің біреуі айырысқан. Тұрмыс құрмаған әйелдердің туу көбейген. Бұл некеге дейінгі бірге тұру мен заңды түрде ресмиленбеген некелердің көбеюіне байланысты. Егер 1990 жылы тіркелмеген некеде туған сәбилер саны жалпы туған сәбилердің 13, 2 пайыз құраса, 1997 жылы бұл көрсеткіш 21 пайыз өскен. Бұл үдеріс қалалық жерде де, ауылдық жерде де бірдей байқалған.
Соңғы жылдары отбасы әлеуметтік институт ретінде таралудың, тіпті «быт-шыт» болудың аз-ақ алдында тұр деген пікір кеңінен таратылып жүр. Әрине қазақстандық қоғамда орын алып отырған күрделі әлеуметтік- экономикалық құлдырау кезінде, радикалды әлеуметтік мәдениеттің өзгеруі жағдайында болатын дағдарыстық құбылыс отбасы- неке қатынастары саласына да әсер еткені сөзсіз. Бірақ осындай жағдайларда да отбасы қоғамның ұстанымдарының бірі және оның маңызды құндылығы болып қала бермек. Ол жайлы республика халқының әлеуметтік топтарын теңестіру жасалған социологиялық зерттеулері көрсетіп берген. Барлық таңдап алынған жиынтықта өзін отбасымен 93, 6 пайыз адам теңестіреді екен. Оның үстіне мұнда әлеуметтік- демаграфиялық және этникалық жағынан бөлудегі айырмашылық жоқ. Теңестіруді үдемелігі жағынан айырмашылығы жағынан мекен тұрағының өзгершіліне қарай байқалады. Мысалы, 55, 6 пайыз астаналық тұрғындар өздерін «жиі» өз отбасыларымен тееңстірсе 33, 3 пайыз «кейде» ғана теңестіреді. Кіші қалалар мен ауыл тұрғындары өздерін өз отбасыларымен «жиі» 80, 1-80, 2 пайыз және кейде теңестіреді 19, 4 пайыз.
Осындай өзгерістерге ұшыраған отбасы күрделі қиындықтарға кездеседі, дегенмен ол әлеуметтік өзгерістерге қарамастан негізгі әлеуметтік мәдени институт, қоғамның маңызды құндылығы, әлеуметтік маңызды құндылықтар мен жеке бастың қалыптасуының, жас ұрпақтың әлеуметтенуі мен тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуының жетекші әлеуметтік институты болып қала береді.
Міне, сондықтан да, мемлекет пен қоғам отбасынан тыс, оған бейқам қала алмайды. Тиімді мемлекеттік отбасылық саясатты жасап, жүргізу- уақыт талабы, объективтік қажеттілік. Арнайы ұйымдастырылған мемлекеттік отбасылық саясат балалы отбасыларын белгілі- бір әлеуметтік кепілдіктер беретін кешенді шаралар деп анықталуы керек, оның мақсаты- отбасының әл-ауқатын жақсарты және отбасының қоғам мүддесі үшін қызмет етуін қамтамасыз ету. Отабсы саясаты отбасының экономикалық проблемаларын жақсатруға мақсатталған, толықтай отбасы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған [6. 65 б. ] .
Отбасының бірнеше түрлері болады:
- Отбасының нуклеаралық түрі көп. Онда ата-анасы мен балалар немесе баласыз жұбайлар. Кең отбасында ата-анасы мен балаларға тағы басқа туысқандары қосылады, мысалы ата-анасы мен әжесі. Толық емес отбасы бір ата-анадан баладан тұрады, мысалы жалғыз басты ана. Мүгедектер отбасы. Мүгедек баласы бар отбасы. Балалы студенттер отбасы. Девианттық отбасы. Жұмыссыздар отбасы. Жас отбасы [7. 22 б. ] .
Отбасының типтері және әлеуметтік мәртебесі (статус) .
Қазіргі заман отбасының көптеген шешімін күтіп тұрған мәселерінің ішінен әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге тиеселі - күйзеліске ұшыраған отбасы мүшелерінің қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесу. Бейімделудің ең басты көрсеткіші отбасының әлеуметтік мәртебесі, әсіресе оның материалдық қал-жағдайы, құрылымы, мүшелерінің жеке ерекшеліктері, рухани құндылықтары, көзқарасы болып табылады. Осыған орай әлеуметтік педагог отбасының құрылымына байланысты оның мынадай белгілерін білуі тиіс:
- толық, не толық емес отбасы;
- күн көру үшін уақтылы құрылған жалған отбасы;
- отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері - жастар, ересектер, қарттар;
- қаншасыншы рет құрылған отбасы (мысалы, алғашқы не екінші, үшінші рет құрылған) ;
- балаларының санына қарай - көп балалы, жалғыз балалы отбасы;
- отбасында ұрпақ жалғасына қарай - бір не бірнеше буыннан құралған, мысалы, жас отбасы мен әке-шешесі, ата, әжесі, қайын бикесі, қайын сіңілісі, қайын ағасы т. б. тұрады.
Бұлардан басқа әлеуметтендіру жұмысын ұйымдастыруда отбасының материалдық ахуалы, психологиялық жағдайы, тұрмыс-тіршілік шарты, мүшелерінің атқаратын міндеті - әкелік, балалық міндеттері, әр адамның жеке және жас ерекшеліктері де маңызды. Міне, осылардың барлығы отбасының мәртебесін құрайды. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, және ситуативтік [8. 54 б. ] .
Әлеуметтік педагог әртүрлі типтегі отбасыларға назар аударуы керек. Өзара қарым-қатынастары жақсы отбасылар болса, енді бір отбасы мүшелерінің арасында түсініспеушіліктің салдарынан ұрыс-жанжал туып жатыр. Негізгі әлеуметтік жұмыс осы соңғы жағдайдағы отбасы мүшелеріне бағытталуы керек.
«Туысқандық», «неке», «отбасы» ұғымдарын бөлу қажет. Олар бірдей емес. Неке өз кезегінде моногамия (жалғыз некелі) және полигамия (көп некелі) деп бөлінеді. Полигамия полиандрия және полигиния болып бөлінеді. Полиандрияда бір әйелдің бірнее күйеуі болады. Бұл әелдер жетіспейтін қоғамда орын алған жай. Полигиния дгеніміз - бір еркектің көп әйелі болуы, мысалы мұылмандарда. Дүниежүзінің р түпкірінде отбсы формаының әр түрллігі сақталады.
Әр түрлі отбасына әлеуметтік жұмыстың түрлі технологиясы қолданылады. Отбасымен жэұмыс істейтін әлеуметтік жұмыстың мақсаты - отбасын сақтауға және нығайтуға көмектесу, балаларды тәрбиелеуге, адамдарға материалдық көмек пен саналы түрде адамгершілікті үйрету.
Жас отбасындағы материалдық жағдай, көбінесе мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатына байланысты болады. Қазіргі уақытта мемлекеттің балалары бар отбасына көрсететін көмегінің ең негізгі төрт түрі белгілі:
- Балаларға ақылай жәрдемдесу. Қазақстанда 2002 жылдан бастап, туылған балаға ақы беріледі.
- Салық төлеу, дәрігерлік, тұрғын үй жәрдемақысына жеңілдіктері беріледі.
- Отбасына тегін дәрі, киім-кешек, балалар азығы беріледі.
- Отбасына тегін әлеуметтік қызмет ету, яғни, психологиялық, педагогикалық және заң жүзінде көмек көрсету.
Басты ұран «Адам адамға дос, жолдас және аға» болған қоғамдық жүйеден бас тарту, өмірде тұтынушылық қатынас пен шоғырлану жүйесіне өтуде, қоғамның эгоистік, өзін-өзі оқшаулау, азғындану, рухсыздық, жалғыздық, отбасының ажырасу қаупі - кедей азаматтардың қауіп-қатері көбейді. Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар аудармауы жанға батып, өзін-өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады [28] .
Отбасының ішкі қатынастары өз күн көрісі мен толық жарамды азамат тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілікті өз бетінше реттейді.
Жаңа жағдайға қойылған қазіргі отбасы кейбір өзгерістерді бастан кешеді. Отбасы әлеуметтік институт ретінде өзінің өзіндік қызметін жоғалта отырып, қоғамдағы өз көзқарасын жоғалтады. Сыртқы факторлардан өзге кез келген отбасы, табиғи өмір жолынан өткен кезде сол жолда туындаған мәселермен ұшырасады. Отбасы мүшелері өз тобын тұтастық ретінде сақтауға қабілетсіз болған жағдайда, отбасы әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады.
Әлеуметтік жұмыс объектісі болып табылатын отбасы түрлерін төмендегі шарт бойынша бөлуге болады. Біріншіден, отбасы әр түрлі мәселелерді шешуде өз әлеуеті бойынша соаланады:
1. Отбасының әр мүшесі басқа мүшелерімен тілдеседі және өзінің сезімі мен тілектері туралы еркін сөйлеседі. Мұндай отбасытарында барлық мәселе бірге талқыланады, бұл әр отбасына қолайлы барынша ұтқыр шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz