ҚР-да кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына талдау


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІКәсіпкерлік әлеуметтанудың объектісі ретіндеКәсіпкерлік: мазмұны, түрлері
  1. ҚР-ДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУҚазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму тарихыКәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибелеріҚР-дағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОРЫТЫНДЫ: ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі . Еліміз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға көшу барысында қоғамдық өмірдің барлық дерлік салаларында айтарлықтай көп қырлы және оңтайлы өзгерістер орын алды. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі.

Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Солардың бірі еліміздегі кәсіпкерліктің орнығуы мен дамуына жағдай жасау болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан, кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисті Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканың дамытудың кепілі. Сондықтан кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік туындады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфрақұрылым, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ, қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «КСРО азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмиленді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр. 2007 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының он үшінші бағыты − шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға арналды. Бұл міндетті жүзеге асыруда әлемнің дамыған елдерінің тәжірбиесіне сүйенумен қатар, отандық кәсіпкерліктің даму тарихына да назар аударудың мәні зор. Сондықтан, Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, оның ерекшелігін тиянақты түрде зерттеу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік.

Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады. Сол себепті де Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы және оның еліміздің экономикасына жақсаруына әсері бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы және оған әсер тететін факторлар.

Бітіру жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңдерін және оның даму тенденциясын анықтау.

Бітіру жұмыстың міндеттері: алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:

  • теориялық талдау негізінде кәсіпкерлік ұғымының әлеуметтік мәнін анықтау;
  • кәсіпкерліктің түрлерін талдау;
  • ірі, орта және шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оның ерекшеліктеріне тоқталу;
  • кәсіпкерліктің ғылыми негіздеріне тоқталып, Қазақстандағы кәсіпкерліктің ерекшеліктеріне талдау жасау;
  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму тарихына талдау жасау;
  • кәсіпкерліктің экономиканың тұрақтандырушы көрсеткіш ретіндегі рөлін анықтау;
  • ҚР-да кәсіпкерлікті реттеудегі мемлекеттің рөліне талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде кәсіпкерлікті әлеуметтанудың объектісі ретінде қарастыра отырып, оның мазмұны мен түрлеріне талдау жасалынады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің қалыптасуының ғылыми негізіне тоқталып, Қазақстандағы ерекшелігіне талдау жасауға негізделеді. Бітіру жұмысының нәтижелері кәсіпкерлік әлеуметтануының отандық әлеуметтанудың бағыты ретіндегі теориялық көріністерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі : Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына негізделген. Сонымен бірге, мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына және оның Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына әсерін анықтауға негізделген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Және де глоссарий, мазмұны мен қосымша бөлімдерден құралған.

1 КӘСІПКЕРЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік - адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі - белгілі бір істің түрі; екіншісі - сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.

Экономикалық белсенділік - бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды. Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. А. Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешені және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады [5] .

Атақты неміс ғалымы, экономист Йозефа Аиза Шумппетердің (1883-1950 жылдары) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа жаңа әдісін ендіруге, жаңа өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған. Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.

Еркін кәсіпкерлік - барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбрінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын - жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады [25] .

Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық экономикасының негізгі қасиеті - «кәсіпкерлік пен өндірістің еркіндігі». А. Маршаллдың бойынша - кәсіпкер - экономикалық процестерді жеделдетуші. Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі. Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері) және мемлекет бола алады. Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, иннновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздарымен операциялар бола алады.

Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • дербестік және тәуелсіздік;
  • экономикалық ынталылық;
  • шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • жаңашылдық.

Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.

Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.

Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек [3] .

Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:

Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал;

Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер - деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т. б.

Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика - зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.

Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша - бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.

Еңбек - бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.

Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек [2] .

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.

3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші - мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.

  • Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады;
  • Жер, су бергеніне рента алады;
  • Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады;
  • Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.

Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік - бұл «шығын-өнім» мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. «Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек [2] .

Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т. б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды» деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.

Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.

Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде - қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т. б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

  • Қазақтанның азаматтары;
  • Шетел мемлекеттерінің азаматтары;
  • Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлік ұжымы) .

Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
  • барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
  • меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
  • кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
  • кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
  • нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын [1] .

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыруболып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек. Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасай - кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды:

  • жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
  • өндірістің жаңа әдісін енгізу;
  • жаңа өткізу рыногына шығу;
  • шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
  • өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.

Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А. Смиттің тұжырымын толықтырған Ж. Б. Сей назар аударды [3] .

Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталын пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.

Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерлік құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мынна түрде бөлуге болады:

- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;

- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерін, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

  • толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
  • жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің;
  • жауапкершілігі жүктеледі;
  • коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен) ;
  • қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • консорциумдар;
  • акционерлік қоғамдар [3] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Шағын кәсіпкерліктің тиімді, әрі жылдам дамуы
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Мемлекеттік кәсіпкерлік секторының функцияларының механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz