Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылауының теориялық аспектілерін зерттеу, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау, іске асыру механизмі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Нарық экономикасында мемекеттің қаржы ресурстарын, әсіресе, республикалық бюджет қаражатын тиімді пайдалану және бақылау проблеммалары Қазақстан үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Өйткені бюджет қаражатын пайдалану және мемлекеттік қаржы ресурстарын басқаруға байланысты қабылданған басқару шешімдерінің орындау тиімділігінің деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуіне және оның қаржы-бюджеттік жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз етуіне ықпалын тигізеді.

Қаржылық бақылау - қаржылық құжаттардың сенімділігін, шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Қаржылық бақылау - ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың кажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау функциясы қашаннан тән.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін, яғни Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ұйымы, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган, орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу ұйымының негізгі мақсаты - республикалық бюджетте ішкі бақылауды орындау және жергілікті бюджетте сыртқы бақылаудың орындалуын жүзеге асыру, жүйелі тексерудің дұрыс құрылуымен, республиқалық бюджеттен қаржыландыратын, мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын (шығындар сметасы) бекіту, мемлекеттік ұйымдардың таза табыс үлесін тиісті бюджеттерге толық және уақтылы аударуы мен шаруашылык серіктестіктердің табысты мемлекет үлесіне, ал акционерлік қоғам акция пакетіне қоғамдардың дивиденд есептелуіне бақылау жүргізу, болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың міндеттеріне мыналар жатады:

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес қарыздарын мақсатты қолдануыла бақылау жүргізу;

-Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына ішкі бақылау мен сырткы бақылау әдістемесін және әдістеме ғылымын жетілдіру;

-Бюджет қаржыларын мақсатты пайдаланумен бірге бюджет қарыздарын және республикалық бюджет бағдарламасының тиімділігі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау қызметі қазіргі кезде өзінің қалыптасып, одан әрі даму кезеңінде. Сондықтан, әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, қаржылық бақылаудың қазіргі және тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған жан-жақты шаралар қабылдау қажет.

Осы жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылауының теориялық аспектілерін зерттеу, сонымен қатар Қазақстан Республикасындаға мемлекеттік қаржылық бақылау іске асыру механизмі мен жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттер қойылып, шешілді:

  • Мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау, мемлекеттік қаржылық бақылаудың теориялық негізін ашу;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметінің жүзеге асырылуын талдау;

Зерттеу объектісі - мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері, әдістері мен қаржылық бақылауды мемлекеттік реттеу құралдары болып табылады. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау ұйымының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының сипаттамасы мен құрылымы үлгісінде мемлекеттік қаржылық бақылау қызметін реттеу мен толық жетілдіру жөніндегі мәселелерін зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмыста мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру бағыттары қаралған және бюджеттік мекемелердегі қызмет барысының негізгі бағдары, қаржылық бақылау қызметінің басты мәселелері және олардың шешімін табудың мүмкін жолдарын қарау ең алдыңғы қатарға қойылған.

Дипломдық жұмысты құқықтық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау туралы жалпы ережелері, 2009 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы, заңнамалық және нормативтік актілері, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің статистикалық материалдары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден жіне қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың бірінші бөлімінде, қаржылық бақылау ұйымдарының жалпы сипаттамасы, ұйымның есебін жүргізудің ерекшеліктері мен есеп саясаты жөнінде қарастырылып өткен.

Екінші бөлімде, қаржылық бақылау (бюджеттік) ұйымдардың есебі, активтерінің, міндеттемелерінің, капиталы мен резервтерінің есебі қарастырыған.

Үшінші бөлімде, бюджеттік ұйымдардың қызметіне бақылау, тексеру және аудит жүргізудің тәртібі мен ерекшеліктері, талдау жүргізудің тәртібі қарастырылған.

1 Қаржылық бақылау ұйымдарының жалпы сипаттамасы

1. 1 Қаржылық бақылау ұйымдарының сипаттамасы және олардың құрылымы

Қаржылық бақылау - ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың кажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау.

Қаржылық бақылау - зандылықты сактауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін - өзі басқаруды, мемлекеттік пен муниципалдық, унитарлық кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда бөлу тәртібін бекітетін, тағайындайтын және құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау - Мемлекеттік қаржылық бақылау бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеру және талдау жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау - оны жүзеге асыратын органға байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау болып бөлінеді, бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі - Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін, яғни Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ұйымы, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган, орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу ұйымының негізгі мақсаты - республикалық бюджетте ішкі бақылауды орындау және жергілікті бюджетте сыртқы бақылаудың орындалуын жүзеге асыру, жүйелі тексерудің дұрыс құрылуымен, республикалық бюджеттен қаржыландыратын, мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын (шығындар сметасы) бекіту, мемлекеттік ұйымдардың таза табыс үлесін тиісті бюджеттерге толық және уақтылы аударуы мен шаруашылық серіктестіктердің табысты мемлекет үлесіне, ал акционерлік мемлекет акция пакетіне қоғамдардың дивиденд есептелуіне бақылау жүргізу, болып табылады .

Кесте 1. Мемлекеттік қаржылық бақылау қағидаттары

Түрлері
Түсініктері
№: 1
Түрлері: Тәуелсіздік
Түсініктері: Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу
№: 2
Түрлері: Объективтілік
Түсініктері: Бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау
№: 3
Түрлері: Анықтық
Түсініктері: Бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау
№: 4
Түрлері: Ашықтық
Түсініктері: Бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі
№: 5
Түрлері: Құзыреттілік
Түсініктері: Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы
№: 6
Түрлері: Жариялылық
Түсініктері: Құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау болып табылады.

*Ескерту кестені автор өзі құрастырған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ұйымы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді.

Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың міндеттеріне мыналар жатады:

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес қарыздарын мақсатты қолдануыла бақылау жүргізу;

-Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына ішкі бақылау мен сырткы бақылау әдістемесін және әдістеме ғылымын жетілдіру;

-Бюджет қаржыларын мақсатты пайдаланумен бірге бюджет қарыздарын және республикалық бюджет бағдарламасының тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау қызметі қазіргі кезде өзінің қалыптасып, одан әрі даму кезеңінде.

Сондықтан, әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, қаржылық бақылаудың қазіргі және тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған жан-жақты шаралар қабылдау қажет [1] .

Сурет 1. Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгілері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау ұйымының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының сипаттамасы мен құрылымы жөнінде айтып кететін болсақ, инспекция өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау ұйымының аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау Ұйымының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық ұйымының органдарында шоттары болады. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау ұйымына есеп береді. Инспекция азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Инспекцияның құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді. Инспекция туралы ережені, Инспекцияның штат кестесін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау ұйымының төрағасы бекітеді.

Инспекцияның заңды мекен-жайы: 160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 18. Инспекцияның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қаржылық бақылау ұйымының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады, бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізудің растығына және дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, бюджеттік кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтық емес түсімдерді енгізудің толықтығы мен уақтылығына қатысты мәселелер жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаның қалыптастырылуы мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде жолсыздықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды, бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелерінің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады, бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болғанда осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тартады, ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады, өткізілген бақылау іс-шараларын нәтижелері туралы есептерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау Ұйымына ұсынады, бақылау нәтижелері бойынша бөлінген сомаларды бюджетке өтеуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарымен жасалған күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың күші жойылған деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жібереді, келісілген мерзімдерде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жоспарлайтын және өткізетін бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының және бюджеттік заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған жағдайда, аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына береді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы, мемлекеттік сатып алу бойынша тексерістер жүргізеді. [2]

Кесте 2. Инспекцияда жүргізілетін бақылаудың түрлері

№:
Бақылау түрлері: Бақылау түрлері
Атқаратын қызметтері: Атқаратын қызметтері
№: 1
Бақылау түрлері: Кешенді бақылау
Атқаратын қызметтері: Бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау
№: 2
Бақылау түрлері: Тақырыптық бақылау
Атқаратын қызметтері: Бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау
№: 3
Бақылау түрлері: Үстеме бақылау
Атқаратын қызметтері: Тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы,
№: 4
Бақылау түрлері: Бірлескен бақылау
Атқаратын қызметтері: Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.

*Ескерту кестені автор өзі құрастырған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау ұйымының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының жоспардан тыс тексерулерді:

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымы бар әлеуетті өнім берушінің, конкурсқа қатысушының, берушінің немесе олардың уәкілетті өкілінің жазбаша өтініштері болған, бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскен құқық қорғау органдарынан қаулылар келіп түскен жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жинақтау, жинап қорыту және талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік жаза қолданады, бақылау хаттамалары мен материалдарын соттың, бюджеттік заңнама саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қарауына жібереді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілетіктерді жүзеге асырады.

Инспекция - өз құзыреті шегінде бұйрықтар әзірлеуге және қабылдауға, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, есебін жүргізу және атқарылуы жөнінде есептілік, гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін, мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның пайдалануы бөлігіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беруге, ішкі бақылау қызметтері бар мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты алуға, олардың жоспарларды орындау және ішкі бақылау жүргізу нәтижелері туралы есептерін қарастыруға, ішкі бақылау қызметтерінің бақылау актілерін талдауға және олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар беруге, құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялардың, құпиялық режимінің сақталуын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысуға, жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша бақылау актісін жасауға [3, 32б] .

Кесте 3. Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер

№:

Актілер:

Актілер

Анықтама: Анықтама
№: 1
Актілер: Бақылау актісі
Анықтама: Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелері бойынша жасаған құжат,
№: 2
Актілер: Бақылаудың қорытындылары туралы есеп
Анықтама: Белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат,
№: 3
Актілер: Қаулы
Анықтама: Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп ұйымы және мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және шешімдерді қамтитын өздеріне арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті құжат,
№: 4
Актілер: Қорытынды
Анықтама: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ұйымының және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негізінде жасалатын құжат,
№: 5
Актілер: Ұсыну
Анықтама: Анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты

*Ескерту кестені автор өзі құрастырған

Инспекцияға бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатқызылады, олар мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Ұйымның балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. Инспекцияның өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ. Инспекцияға заңнамада көрсетілген жағдайда және шегінде мүлікті иелену құқығы берілуі мүмкүн.

Инспекцияның қызметін ұйымдастыру - Инспекцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау ұйымы төрағасының ұсынымымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық жетекшілік етеді.

Инспекция бастығының ұсынымымен заңнамада беліленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау ұйымы төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады. Бастық Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.

Бастық - өзінің орынбасарларының және Инспекцияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының өз міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық әкімшілігінің теориялық аспектілері
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Салық бақылауы
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Салықтық бақылаудың классификациясы
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерулері
Салықтық бақылаудың қарапайым мәселелері
Салық әкімшілігі
Ішкі аудит
Салықтық бақылаудың нысандары мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz