Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I. ӘЛЕУМЕТТІК . ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗІМІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1.1 ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2 ҚАРЖЫ МЕХАНИЗІМІ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕНЕ ОНЫ РЕФОРМАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН РЕТТЕЙТІН ҚҰРАЛДАР

2.1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫН ТИІМДІ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2 ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ӘЛЕУМЕТТІК. ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУШІ ПРОЦЕСС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Қаржы саясаты – мемлекеттің өз міндеттері мен қызметін қаржы саласында іске асыру үшін жүргізетін нысаналы іс – шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты – экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Қаржы саясаты, басқа барлық саясаты сияқты қондырмаға жатады.
Жалпы алғанда экономикалық саясат сияқты, мемлекет қаржы саясатын да экономикалық заңдардың – қоғамның экономикалық өмірінің құбылыстары мен процестерінің мәндік, ұдайы қайталанып отыратын, объективті байланыстары мен өзара тәукелділіктерінің талаптарын басшылыққа алып әзірлейді.
Менің курстық жұмысымның ең басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылуы. Қаржы механизмі дегеніміз қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың формалары мен әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің әр түрлі деңгейлері мен қызмет салаларында экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын орындауға арналған ақшалай қаражаттардың нысаналы қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканың экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сырқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады Қаржы механизмі мемлекет белгіленген қаржы шараларын және нақты, мекен – тұрақты шын нәтижелері қайта түрлендіреді, өзгертеді. Ұдайы өндіріс нәтижелерінің сан алуандығы экономикалық (шаруашылық ) механизмінің формалары мен әдістерінің тиісті сан алуандығын туғызады; қаржы механизмі оның құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты-қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру.
Сондықтан тәуелсіздікке ие болған республиканың қаржы саясатының міндеті – экономиканы дағдарыстан шығару, халық шаруашылығы құрылымын өзгерту негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметі, бағаны ырықтандыру, мемлекеттік бөліктің үлесін біртіндеп кеміту жолымен меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті кеңейту және жандандыру жөнінде шаралар әзірлеп, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады. Республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылықпен тоғысуының механизмін жасау міндеті тұр. Сонымен қатар қаржы саясаты мен механизмі нарық қатнастарына ену барысында инфиляциядан, жұмыссыздықтан, табыстан айырылып қалудан халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Республикада аталған бағыттарды жүзеге асыратын тиісті қаржы саясаты мен механизмі әзірленіп, арнайы бағдарламаны іске асыру жүріп жатыр.
Қаржы механизімінің құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі, блогі, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.
Бірінші тараудағы алған тақырыбым әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясаты мен қаржы механизімінің мәні мен маңызы. Бұл тарауда бірінші бөлімінде қаржы саясатының мазмұны, міндеттері мақсаттары мен прициптері, ал екінші бөлімінде қаржы механизімі жүйесінің құрылымы және оны реформалау қарастырылған
Екінші тарауда Қазақстан Республикасында қаржы саясаты және оны басқаруды ұйымдастыру. Бұл тараудың бірінші бөлімінде мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару, ал екінші бөлімінде қаржы саясаты, нарықтық экономикада әлеуметтік-экономикалық мәсәлелерді шешуші процесс қаралған.
Қаржы саясаты-қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; мемлекетке өзінің қызметтерін орындауды қамтамасыз ету, сайып келгенде экономиканы тұрақтандыру мен қоғам прогресі үшін жағдайлар жасау мақсатымен қаржы ресурстарын жұмылдыруға, экономикалық жүйе шеңберінде оларды қайта бөліп, пайдалануға тиімділіктің белгілі бір дәрежесіне жетуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективтік заңдылықтары мен талаптарына негізделген.
Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Републикасы үкiметiнiң актiлер жинағы.
2. Берлин С.И. Теория финансов. Учебник пособие. М: Приор, 2000г.
3. Бюджет жүйесi туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Астана: 2001ж.
4. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) – Алматы: ЮРИСТ, 2002ж.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 2000ж.
6. Дробозина Л. А. Финансы. Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ, 2000г.
7. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие.- Алматы: Экономика, 1998г.
8. Заяц Н.Е.,Фисенко М.К., Бондарь Т.Е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. – Мн.: Высш. шк., 1998г.
9. Ынтықбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана. Алматы Қалжы- Қаражат 2002г.
10. Құлпыбаев С. Iлиясов Қ. Қаржы оқулық, Алматы-2003ж.
11. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов.- Алматы: 2001г.
12. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001г.
13. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятиях.- Алматы: Центраудит- Казахстан, 2002г.
14. Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М.В. Романовского. М.: Перспектива/ ЮРАЙТ, 2001г.
15. Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под ред.О.В. Соколовой. – М:, ЮРИСТ, 2001г.
16. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для вузов. Под ред. Л.А. Дробозиной.- М.: ЮНИТИ, 2000г.
17. Қазақстан Республикасының парламентiнiң жаршысы №18 Астана, 2002ж.
18. Агенство Республики Казахстан по статистике. Казахстан в 1991-2002г.г. Алматы, 2002г.
19. Статистический ежегодник 2001г. Алматы 2001г.
20. Қаржы-қаражат. Журнал. № 3,4,7 2003ж.
21. Қазақстан Республикасының Қаржы минитрлiгiнiң статистикалықбюллетенi. Журнал.№ 8(56) тамыз, 2003ж. №7 маусым, 2003ж.
22. Современный финансовый кредитный словарь. Москва, 1999г.
23. Қазақстан Республикасыеың 2003 жылға арналған республикалық бюджеттуралы құжаттары. 12.12.2002ж. №362-2заң (№13,14,16,18,19,21,24,25,26,27,29, баптар)
24. Егемен Қазақстан. Газет. 1999ж, 21 тамыз.
25. М.Н. Крейнина. Финансовый менеджмент. Москва, 1998г.
26. А.А. Нурсейтов, Н.А. Нурсейтов. Финансовый менеджмент. Учебное пособие. Алматы, 1996г.
27. ОразалыСабден. XXI ғасырға қандай экономикамен кiремiз. Алматы, 1997г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I. Әлеуметтік – экономикалық процестердегі қаржы саясаты мен қаржы
механизімінің мӘні мен маңызы

1.1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен
ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

1.2 Қаржы механизімі жүйесінің құрылымы жене оны
РЕФОРМАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..

ІІ. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және
қаржы жүйесін реттейтін құралдар

2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді Ұйымдастыру ЖӘНЕ
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 Қаржы саясаты, нарықтық экономикада әлеуметтік- экономикалық
мәселелерді шешуші
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

Қолданылған Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Қаржы саясаты – мемлекеттің өз міндеттері мен қызметін қаржы саласында
іске асыру үшін жүргізетін нысаналы іс – шараларының жиынтығы. Қаржы
саясаты – экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Қаржы саясаты, басқа
барлық саясаты сияқты қондырмаға жатады.
Жалпы алғанда экономикалық саясат сияқты, мемлекет қаржы саясатын да
экономикалық заңдардың – қоғамның экономикалық өмірінің құбылыстары мен
процестерінің мәндік, ұдайы қайталанып отыратын, объективті байланыстары
мен өзара тәукелділіктерінің талаптарын басшылыққа алып әзірлейді.
Менің курстық жұмысымның ең басты өзекті мәселелерінің бірі, ол
қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы жүзеге
асырылуы. Қаржы механизмі дегеніміз қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және
басқарудың формалары мен әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы
механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің әр түрлі деңгейлері мен қызмет
салаларында экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын орындауға арналған
ақшалай қаражаттардың нысаналы қорларын қалыптастыру және пайдалану
жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканың
экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын
одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік
қызметті дамыту, мемлекттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті
реформалау, сырқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік
бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі
арқылы іске асыру болып табылады Қаржы механизмі мемлекет белгіленген қаржы
шараларын және нақты, мекен – тұрақты шын нәтижелері қайта түрлендіреді,
өзгертеді. Ұдайы өндіріс нәтижелерінің сан алуандығы экономикалық
(шаруашылық ) механизмінің формалары мен әдістерінің тиісті сан алуандығын
туғызады; қаржы механизмі оның құрамдас және ажырамас бөлігі болып
табылады.
Қаржы саясатының мақсаты-қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру.
Сондықтан тәуелсіздікке ие болған республиканың қаржы саясатының
міндеті – экономиканы дағдарыстан шығару, халық шаруашылығы құрылымын
өзгерту негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметі,
бағаны ырықтандыру, мемлекеттік бөліктің үлесін біртіндеп кеміту жолымен
меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті кеңейту және жандандыру
жөнінде шаралар әзірлеп, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып
табылады. Республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылықпен тоғысуының
механизмін жасау міндеті тұр. Сонымен қатар қаржы саясаты мен механизмі
нарық қатнастарына ену барысында инфиляциядан, жұмыссыздықтан, табыстан
айырылып қалудан халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Республикада аталған бағыттарды жүзеге асыратын тиісті қаржы саясаты
мен механизмі әзірленіп, арнайы бағдарламаны іске асыру жүріп жатыр.
Қаржы механизімінің құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде
анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі, блогі, элементі сияқты
ұғымдарын пайдаланған орынды.
Бірінші тараудағы алған тақырыбым әлеуметтік-экономикалық
процестердегі қаржы саясаты мен қаржы механизімінің мәні мен маңызы. Бұл
тарауда бірінші бөлімінде қаржы саясатының мазмұны, міндеттері мақсаттары
мен прициптері, ал екінші бөлімінде қаржы механизімі жүйесінің құрылымы
және оны реформалау қарастырылған
Екінші тарауда Қазақстан Республикасында қаржы саясаты және оны
басқаруды ұйымдастыру. Бұл тараудың бірінші бөлімінде мемлекеттің қаржы
саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару, ал екінші бөлімінде
қаржы саясаты, нарықтық экономикада әлеуметтік-экономикалық мәсәлелерді
шешуші процесс қаралған.
Қаржы саясаты-қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі;
мемлекетке өзінің қызметтерін орындауды қамтамасыз ету, сайып келгенде
экономиканы тұрақтандыру мен қоғам прогресі үшін жағдайлар жасау мақсатымен
қаржы ресурстарын жұмылдыруға, экономикалық жүйе шеңберінде оларды қайта
бөліп, пайдалануға тиімділіктің белгілі бір дәрежесіне жетуге бағытталған
мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі
ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективтік заңдылықтары мен
талаптарына негізделген.
Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты
шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде
халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету.

І. Әлеуметтік - экономикалық процестердегі қаржы саясаты мен қаржы
механизмінің мәні мен маңызы.

1.1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен принциптері.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ СЕРПІНДІ ДАМУ МЕМЛЕКЕТТІҢ
СЫНДАРЛЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ САЯСАТЫ АРҚЫЛЫ БОЛУЫ МҮМКІН. ЖҮРГІЗІЛІП ОТЫРҒАН ҚАРЖЫ
САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ СУБЪЕКТІСІ МЕМЛЕКЕТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОЛ ҚОҒАМНЫҢ ҰЗАҚ
ПЕРСПЕКТИВАҒА АРНАЛҒАН ҚАРЖЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫН
ЖАСАЙДЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ КЕЗДЕ АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРДІ, ҚАРАЖАТТАРДЫ ЖӘНЕ ОҒАН
ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдылықтардың іс -
әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны
жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде
қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін,
қоғамның материалдық және мәдени өмірінің тоғағы жеткен қажеттіліктерін
және басқада факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол
шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды,
олар:
1)экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай күйі, қоғамның
әлеуметтік – экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі
қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
2)экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей
отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
3)белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі (экономикалық қайта
құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс
жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.
Демек, экономикалық заңдардың іс- әрекетін есепке ала отырып, қоғамды
дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұымдастыру мен пайдалану
мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің
қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизімін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы
саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы
ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп
отыруға, әлеуметтік - экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында
қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша
ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге
бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік
экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың
стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.
Таяудағы мақсат ретінде –мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету
және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы
жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше)
қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор
маңызы бар:
1) қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып,
бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық
қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін
сақтау;
2) қаржы қатнастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
3) қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен
шығыстардың теңгерімділігі;
4) қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесіндегі кірістердің
шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
5) мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында қаржы
ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға
мыналар жатады:
1) объективті экономикалық заңдардың іс- әрекетін есепке алу;
2) нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
3) өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені
есепке алу.
Жеке қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
1)қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын , қаржы қатнастарын
жоспарлы үйымдастыруды және қаржы механизміннің дұрыс құрылуын қамтамасыз
ету;
2) қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен
шығыстардың тепе - теңдігі;
3)бюджеттегі кірістер мен шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін
жасау;
4) салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік
дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
5) негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
6) қаржы және ақша- несие саясатының тепе - теңдігі.

1.2 Қаржы механизмінің жүйесі мен құрылымы ЖӘНЕ ОНЫ РЕФОРМАЛАУ.
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті
қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы
көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары
мен әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері,
механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде
түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді
бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын
механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен байланысты
қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау,
болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды
бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар
жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғүрлым жалпы ұғым ретіндегі
әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс - әрекет
етеді.
Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатнастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы
ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы
қатнастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан
жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды. Қоғамдық шаруашылықтың жеке
бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен
буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизімі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы механизмі, сондай- ақ мемлекет қаржысыының механизмі
болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық
буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм
мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске
сәйкес республиканың, биіліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі
деп бөлуге болады.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән
ішкі құрлымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр
алуандылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизмінің
экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының жиынтығын
орталықтандырылған ақша қорларын, қаржы жоспарлаудың әдістерін, қаржыны
және қаржы жүйесін басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық
өзара байланыстардың тап осындай көптігі оларды (элементтері )
ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды
алдын ала анықтайды.
Қаржы механизмінің құрлымын сипаттау үшін оның буындары ретінде
анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), блогі, элементі
сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды (1 сызбаны қараңыз)
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды
қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары,
ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны үйымдастыру.
Қаржы механизімінің блогі (бүыны) – бұл жалпы мақсатты бағыттылық
белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизімінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол
арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айырықша түрде білінеді.
Экономикалық реформалар мен нарықтық қатнастар тұтқаларының іс -
әрекетінің жүйесі болып табылатын қаржы механизмінің құралы мен
элементтеріне әсер етпей қойған жоқ.

1-сызба. Қаржы механизмінің жүйесі
Қ А Р Ж Ы М Е Х А Н И З І М І ( Ж Ү Й Е )
Қ О С А Л Қ Ы Ж Ү Й Е Л Е Р
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ҚАРЖЫ ТҰТҚАЛАРЫ МЕН ҮЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ
(БОЛЖАУ) ЫНТАЛАНДЫРМАЛАРЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖІМ
Б Л О К Т А Р
Қаржы Қаржы Қаржы Қаржы Ұдайы ҚаржыныҚаржы Қаржылы
болжамдакөрсеткінормалары ресурстарынөндірісбасқаруқатнас тқ
ры, штері мен бөлудің ті жәнеды арын бақылау
жоспарлы нормативтернормативтерынталанүй ымдасреттейт
және і (ағымдағыі дыруды тыру ін,
баланыст қаржыландыр(макроэконоқаржыме заңнама
ары уда микалық н лық
қолданылатынормативтерқамсызд және
ндар) : андыру нормати
салалардың қорлары втік
мөлшерлемел актілер
ері,
қорларға
аударылған
аударымдард
ың
нормалары)

Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайында сапалық жағынан
жаңа қаржы механизімі қолданылады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъетілер мен
халықтың бюджет жүйесі мен, сақтық компанияларымен өзара қарым –
қатынастарына қатысты. Қаржы механизмін оның қоғамдық ұдай өндіріске ықпал
жасауы тұрғысынан қарағанда оның функционалдық буындары: ресурстарды
жұмылдыру, ынталандыру және т. б.
Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке бұыны бірыңғай бүтіннің
құрамды бөлігі болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді.
Сонымен бірге салалар мен буындар біршама дербес іс - әрекет етеді. Бұл
жағдай қаржы механизмі құрамдастарының үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржы
механизмінің құрамды буындарының іштей үйлесуі оның ұтымдылығының маңызды
шарты болып табылады.
Қаржы механизмінің сфералары мен буындары жеке элементтердің
күрделілігімен және тарамданушылық дәрежесімен ерекшеленеді . Мысалы,
бюджет механизмі салықтардың көп түрінен тұратын жүйе, оған қаржыны
пайдаланудың сан алуан бағыттары мен қаржыландыру әдістерінің болуы тән.
Қаржы механизмінің элементтері – қаржы қатынастарын ұйымдастырудың
нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі қаржы механизмінің
конститутциясын құрайды, ол механизмнің әр бір элементтерінің сандық
параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшемелері мен нормаларын,
қорлардың көлемін, шығындардың денгейін және басқаларды анықтау арқылы
қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен олардың сан алуан әдістері
қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі
ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің
өзгерісін сергек сезіп отырады .
Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы
саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады,
бұл саясаттың мақсаттары міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып
табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке және
ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық
сақталынады, бұл – қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі
қайта құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты- нарықтық
қатнастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын
күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз
ету. Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық
өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол
жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың,
аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз
етеді.
Халыққа әлеуметтік кызмет көрсетуді жақсарту мақсатымен әлеуметтік
сала мекемелері мен ұйымдарында жаңа шаруашылық механизмі енгізілді.
Бюджеттен олдрдың қажеттіліктерін қаржыландыру бір тұрғыдан жұмсалынатын
әлеуметтік шығындардың есебінен немесе басқа көрсеткішке қарай анықталатын
ұзақ мерзімді тұрақты нормативтердің негізінде жүзеге асырылады. Әлеметтік
сала мекемелеріне ақылы қызметтер көрсетуге, алған табыстарын өзінше
жұмсауға құқық берілген.
Қаржы механизмін құру процесті база жасаумен қосарлана жүргізілуді.
Сонғы жылдары Парламент қаржы қызметтерінің құқықтық негізін қалайтын
бірқатар заңдар қабылданды. Оларға мемлекетті кәсіпорындар туралы,
шаруашылық серіктестіктері туралы, шетелдік инвестициялар туралы, жаңа
салық кодексі туралы және басқа заңдарды жатқызуға болады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты практикаға акционерлеу,
бағалы қағазда дивиденттер, еркін бағалар, лицензиялар, кәсіорындардың
тұтыну және қорлану қорлары, валюта қорлары сияқты ұғымдар енді;
салықтардың жаңа түрлері, ақша қаражаттарының мақсаты аударымдары
енгізілді.

ІІ. Қазақстан Республикасында қаржы саясаты және оны басқаруды ұйымдастыру

2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару.

САЯСАТ МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ҚАМТИДЫ. САЯСИ ЫҚПАЛ
ЖАСАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ САЛАСЫНА ҚАРАЙ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ, ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ НЕМЕСЕ ТЕХНИКАЛЫҚ, ҚАРЖЫ НЕМЕСЕ
НЕСИЕ, ІШКІ НЕМЕСЕ СЫРТҚЫ САЯСАТ ТУРАЛЫ АЙТАДЫ.
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін
пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл
атқарады. Оны жасап жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған
міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық
мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Қаржы саясаты – қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты
нәтижесі; мемлекетке өзінің қызметтерін орындауды қамтамасыз ету, сайып
келгенде экономиканы тұрақтандыру мен қоғам прогресі үшін жағдайлар жасау
мақсатымен қаржы ресурстарын жұмылдыруға, экономикалық жүйе шеңберінде
оларды қайта бөліп, пайдалануға тиімділіктің белгілі бір дәрежесіне жетуге
бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Басқару адам қызметінің барлық
аясына, соның ішінде қаржы қызметіне тән нәрсе. Адамдардың саналы, мақсатты
қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары
мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене
отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып,
мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны,
бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың
нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару – бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсаты мен ықпал жасау
процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жету.
Мемлекеттің қаржы саясатын экономикалық заңдардың талаптарына қарай
Үкімет анықтайды.
Қаржы саясаттың ңмазмұны сан қырлы. Ол мынандай маңызды буындарды
қамтиды:
1) қаржы дамытудың ғылыми негізделген концепцияларын жасау. Ол
экономикалық заңдарды іс - қиымылын, экономиканың жай күйін зерделеу,
қоғамның әлеуметтік экономикалық қатынастарының дамуы перспективаларына
халықтың қажеттеріне жан - жақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша - несие саясатының құралдары мен әдістері
ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
ҚР-ның Ұлттық банкі туралы
Пәндер