Жазаның жүйелері мен түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
І Тарау Өлім жазасы және бас бостандығынан айыру ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Өлім жазысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Бас бостандығынан айыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ Тарау Жазаның мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1.Жазаның жүйелері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Жазаның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІІ Тарау Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ... ... ... 27
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті бо¬лып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның, түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызметбойынша шектелу.
Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланыс¬ты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топ¬қа бөлінеді: Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу белігінде міңдетті түрде көрсетуге тиіс. Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сиякты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ғана қолданылуы мүмкін.
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 казаңдағы «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау-дың кейбір мәселелері туралы» № 15 нормативтік қаулысы //Заң ғазеті. 2001.14 қараша.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 казаңдағы №8 «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 19 казаңдағы № 15 нормативтік қаулысына езгерістер енгізу туралы Қазақстан Рес¬публикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы //Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыныңбюллетені. 2005. № 12. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмысқа және оларды қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауғатарту жөніндегі істер бойынша сот прақтиқасы туралы» №6 нормативтік каулысы//3аң ғазеті. 2002.15 мамыр.
3. Баграй-ШахматовЛ.В., ГуськовВ.И. Теоретические пробле¬мы классификации уголовных нақазаний. Воронеж, 1971.
4. БушуевКА. Исправительные работы. М., 1968.
5. Дементьев С.Н. Лишение свободы. Уголовно-правовые и ис¬правительно-трудовые аспекты. Ростов-на-Дону, 1981.
6. Дуюнов В.К., Цветинович А Л. Дополнительные нақазания: теория и прақтика. Фрунзе, 1986.
7. Когда убивает государство. Смертная казнь против прав че¬ловека/Под ред. С.Г. Келиной. М., 1989.
8. Курс советского уголовного права. Т.З. Нақазание. М., 1970.
9. Смертная казнь: за и против / Под ред. С.Г. Келиной. М., 1989.
10. Сундуров Ф.Р. Лишение свободы и социально-психологи¬ческие предпосылки его эффективности. Казань, 1980.
11. Тағанцев Н. С. Русское уголовное право: Лекции. Часть об¬щая. М., 1994. Т.2.
12. Фойницкий И.Я. Учение о нақазании в связи с тюрьмоведе-нием. СПб., 1889.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
І Тарау Өлім жазасы және бас бостандығынан
айыру ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Өлім
жазысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
1.2. Бас бостандығынан
айыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ Тарау Жазаның
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
. 2.1.Жазаның жүйелері мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Жазаның
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 16
2.3. Жаза тағайындаудың жалпы
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..20
ІІІ Тарау Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ... ... ... 27
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 31

Кіріспе
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін
айырудың мәніне қарай жазаның, түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан
және мемлекеттік наградадан айыру.
Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі
бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру,
әскери қызметбойынша шектелу.
Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа
түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері
негізінен үш топқа бөлінеді: Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында
қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда
соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің
дәлелдерін үкімнің дәлелдеу белігінде міңдетті түрде көрсетуге тиіс.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті
тәркілеуі сиякты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны
кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде
көзделген болса ғана қолданылуы мүмкін.

І Тарау. Өлім жазасы және бас бостандығынан айыру
1.1. Өлім жазасы
Өлім жазасы—жазаның ең ауыр, ерекше түрі болып табылады.
Өлім жазасы—ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар
үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық,
бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне карсы қылмыс және ерекше ауыр
әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін
(49-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес өлім жазасы — ату мына төмендегідей
қылмыстарды істегені үшін қолданылуы мүмкін: ауырлататын жағдайда адам
өлтіргені (96-бап, 2-бөлігі); геноцид (160-бап); соғыс уақытында немесе
ұрыс жағдайында болған мемлекетке опасыздық (165-бап); мемлекет немесе
қоғам қайраткерінің өмірін[1]е қастандық жасау (167-бап); сот терелігін
немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340-
бап); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бұйрыққа бағынбау немесе оны
өзгедей орындамау (367-бап, 3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс
жағдайында бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін
бұзуға мәжбүр ету (368-бап, 3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс
жағдайында бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері (369-бап, 3-бөлігі);
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайындағы қашқындық (373-бап, 3-бөлігі);
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында билікті теріс пайдалану, биліктің
асыра қолданылуы немесе әрекетсіздік (380-бап, 3-бөлігі); жауға соғыс
жүргізу кұралдарын беру немесе тастап кету (383-бап).
Өлім жазасын қарастырған Қылмыстық кодекстін баптарының санкциялары
баламалы болып келеді. Онда сот 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыру жазасын немесе өлім жазасын немесе өмір бойына бас бостандығынан
айыруды қолдануға жол берілген. Іс жүзінде өлім жазасын соттар іс бойынша
аса ауыр кінәлінің кауіптілігін ерекше дәлелдейтін мән-жайлар болғанда ғана
қолданады.
Өлім жазасы кешірім беру тәртібі мен жиырма бес жыл бас бостандығынан
немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.
Өлім жазасын қолданғанда сот әрбір нақты іс бойьшша жаза тағайындаудың
жалпы негіздерін басшылықка алады (ҚК-нің 52-бабы).[2]
Өлім жазасын қолдануға істелген қылмыстың ерекше ауырлығы, жазаны
ауырлататын төтенше мән-жайлармен қатар қылмыс істеген адамның айрықша
кауіптілігі, моральдық азғындыққа түсуімен бірге, адам еместік іс-
әрекеттерге барып, өте ауыр қылмыстар істеуі негіз бола алады. Соңдықтан да
өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстық істерді қарағанда сол барлық
уақытта да сотталушының психиқалық жай-күйін ерекше зерттейді.
Өлім жазасын қолдану барлық жағдайда істелген қылмыстың анықтаған мән-
жайларын және сотталушының мейлінше толық сипаттайтын мәліметтерге сүйене
отырып, үкімде дәлелденген болуы керек.
Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бұл тұрғыдағы қылмыстарды қарау
облыстық соттардың кұзыретіне жатады және мұндай істерді қарау үш судьяның
қатысуымен жүргізіледі.
Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған
адамдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге
тағайындалмайды.
Туған күннен кейінгі тәуліктін басталуы адамды 18-ге толған деп санауға
негіз береді. Еркектер үшін алпыс бес жасқа толуды үкім шығарған (қылмыс
істеген емес) көзбен өлшеу қажет. Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол
күшіне енген соң 1 жылдан кейін орындалады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайындаған
кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1
нормативтік қаулысының 14-тармағында өлім жазасына байланысты заңдарды
қолдануда басшылыққа алатын төмендегідей қағидалар белгілеп берді:
ҚК-нің 49-бабына сәйкес өлім жазасы ең ауыр жаза болып табылатынына және
қылмыстық заң оны ерекше ауыр қылмыстар үшін қолданылуы мүмкін екеніне,
бірақ талап етпейтініне соттардың назары аударылсын. Өлім жазасы заңда
көзделген рет-терде тек оны тағайындаудың қажеттілігіне жауапты ауырлататын
төтенше жағдайлар негіз болғанда және аса ауыр қылмыс жасаған адам айрықша
кауіпті болғанда ғана қолданылады.
Сот ҚК-нің 49-бабының екінші бөлігіне сәйкес өлім жазасы—әйелдерге, 18
жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, үкім шығарған сәтте жасы 65-ке
толған ер адамдарға, сондай-ақ ҚК-нің 5б-бабының 4-бөлігіне сәйкес
аяқталмаған қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайтынын ескеруі керек.
Сондай-ақ, сот ҚК-нің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес ескіру мерзімінің өтуіне
байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз таппаған адамдарға да
өлім жазасы тағайындалмайды. ҚК-нің 75-бабының 4-бөлігінде көрсетілген
жағдайларда үкімді ескіру мерзімі өткеннен кейін орындаған кезде өлім
жазасы 25 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы
тиіс.
Соттар өлім жазасын тағайындау мәселесін талқылаған кезде ҚІЖК-нің 373-
бабының екінші бөлігіндегі барлық мәселелер судьялар дауыстарының басым
көпшілігімен шешіледі деген тәртіп қолданылмайтындығын ескеруі керек. ҚІЖК-
нің 373-бабының төртінші бөлігіне сәйкес өлім жазасы сот құрамына кіретін
судьялардың тек бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша тағайындалады.
Өлім жазасын колдану барлық жағдайда да жасалған қылмыстың анықталған
мән-жағдайларына және сотталушыны мейлінше толық сипаттайтын мәліметтерге,
соның ішінде оның психиқалық күй-жайына сүйене отырып, үкімде дәлелді болуы
керек.
ҚК-нің 49-бабының төртінші бөлігіне сәйкес өлім жазасын орындау үкімнің
заңды күшіне енген сәтінен бастап бір жылдан сон ғана Қазақстан
Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 165-бабының төртінші бөлігінде
аталған құжаттардың негізінде орындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоксандағы Жарлығы
бойынша [3]өлім жазасын орындауға мораторий енгізілді. Осыған орай
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы заңымен Қылмыстық
кодекстің 49-бабына толықтырулар енгізілді. Осыған орай Қылмыстық кодекстін
49-бабының 3-бөлігінде Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын
орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау
мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.
Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу
қолониясыңда өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма
бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.
Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің
күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізгенге дейінгі өтініш беруіне
немесе бермегеніне қарамастан кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар
(Қылмыстық кодекстің 49-бабы 5-бөлігі).
Әлем елдерінде өлім жазасын қолданудың тәртібі әр түрлі.
Көптеген еркениетті елдердің қылмыстық заңы бойынша өлім жазасы Отанға
опасыздық, шпиоңдық, кісі өлтіру, адамдарды ақы шіу үшін ұрлау, өрт
қойғаны, тонау және басқа да ауыр қылмысты істегені үшін қолданылады.
Европаның бірнеше мемлекеттерінде: Италия, Германия, Франция, Скандинавия
елдерінде, Латын Америқасы, Австралияда өлім жазасын қолдану жойылған.
АҚТТТ Жоғарғы Соты 1976 жылдан өлім жазасын қолдануды қайта жаңғыртты.
Қазір Құрама Штаттардың 37 штатында ғана өлім жазасы қолданылады.

1.2. Бас бостандығынан айыру
Бас бостандығынан айыру (48-бап) дегеніміз сотталған адамды сот
белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу
мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас бостандығынан
айыру жазаның ең ауыр түрінін бірі болып табылады. Бас бостандығынан
айырылғанда сотталған адамның кұқылық, жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол
қоғамнан оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек кызметін атқаруға шек
қойылады, уақыт мөлшерін өз бетімен пайдалануға тежеу салынады, т.б.

Бас бостандығынан айыру жазасын сот істелген қылмыстың қоғамға едәуір
зияндылығы орын алғанда, жасалған қылмыстың мәнін, кінәлінің жеке басын
ескере отырып, қылмыс істеген адамның бостандықта жүріп түзелуі мүмкін
емес, оның түзелуі қоғамнан оқшаулап түзеуге ықпал ететін ерекше шараларды
қолдану қажет деп тапса ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының 1993 жылғы 24 маусымдағы[4] Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды
дұрыс қолдануы туралы № 3 нор-мативтік қаулысында соттардың назары ауыр
қылмыс, әсіресе қылмысты ұйымдасқан топпен жасаған, бұрын сотталған, бірақ
түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалардың қатаң шараларын
қолдануы керектігіне аударылады. Сонымен қатар ауыр емес қылмыс жасаған,
қоғамнан оқшаулаусыз-ақ тузелуге қабілетті айыпты адамдарға жаза
тағайындағанда бас бостандығынан айырмайтын, заңда көрсетілген басқа жаза
түрлерін қолданған жөн деген ұсыныс айтылған.
Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15
жылға, ал Қылмыстық кодекстін 49-бабының 1-бөлігінде аталған ерекше ауыр
қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді.
Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру 10 жылдан
аспауға тиіс.
Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын
шектеуді бас боста[5]ндығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол алты айға
жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін, Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза
тағайындау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық
қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі Қылмыстық
кодекстің 49-бабының үшінші белігінде, 69-бабының бесінші бөлігінде және 75-
бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда — жиырма бес жылдан, ал
үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс.
Жаңа қылмыстық заңда өмір бойына бас бостындығынан айыру өмірге
қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына
балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады
деп ұйғарған жағдайларда тағайыңдалуы мүмкін.
Осыған байланысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазаның жеке
түрі емес, өлім жазасына балама жаза екендігі, яғни өлім жазасының орнына
ғана тағайындалатыны аян. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының
шарттары: адамның аса ауыр қылмыс жасауы және бұл қыл-мыстарда бір немесе
бірнеше адамдардың өміріне қасақаналықпен қол сұғылуы, бірақ сот істің
жеңілдететін ерекше мән-жайларын және кінәлінің жеке басының жағымды
қасиеттерін ескере отырып өлім жазасын қолданбай-ақ, оның орнына кінәліге
өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Өмір бойы бас
бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс
жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған
еркектерге тағайындалмайды.
Қылмыстық кодекстің 48-бабының талаптарына сәйкес бас бостандығынан
айырылғандарға жаза өтеу тәртібі темендегіше белгіленген:
а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін бас бостаңдығынан айыруға сотталған
адамдарға — қолония-қоныстарға (яғни, қоныс қолониясында жаза өтеу үшін
жаза Қылмыстық кодекс бойынша адам біріншіден, абайсызда қылмыс істеуі
керек, екіншіден, сол абайсызда істеген қылмысы үшін Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөліміндегі баптың санкциясы бойынша 7 жылдан аспайтын бас
бостандығынан айыру жазасына сотталуы керек. Бұл жерде адамның бұрынғы
сотталғандығы есепке алынбайды);
б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс
жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға,
сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстары үшін және коғамдық жұмыстарға,
түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзімге бас
бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға — жалпы режимдегі түзеу
қолонияларына жіберу үшін мыналар талап етіледі:
1) істелген қылмыс қасақана қылмыс болса, оны сотталған адам бірінші
рет істеуі;
2) Бұл істелген қасақана қылмыс кішігірім, ауырлығы орта және ауыр
қылмыс санатына жатуы керек;
3) абайсызда жасаған қылмыстары үшін жеті жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдар;
4) қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас
бостандықтан шектеу 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған
болуы керек);
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш
рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостаңдығынан
айыру жазасын отеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және
қылмыстардың аса кауіпті қайталануы кезінде әйелдерге — қатаң режимдегі
түзеу қолонияларына (Сонымен қатаң режимдегі түзеу қолонияларына: аса ауыр
қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға түңғыш рет сотталғандар,
бұрын бас бостандығын айыруға жазасын өтеген, қылмысты қайталап істегендер,
қылмыстардың аса қауіпті қай-талануын істеген әйелдер жіберіледі);
г) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына
бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар — ерекше режимдегі түзеу
қолонияларына тағайындалады.
Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотт[6]алған адамдарға, сондай-ақ, қылмыстардың
қауіпті қайталануы кезінде жаза мерзімінін бір бөлігін түрмеде өтеу
түрінде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Заң жазаның қайсы бөлігін түрмеде өткізуді көрсетпеген. Бұл мәселе үкім
шығарған сот арқылы істің нақты жағдайларына қарай шешіледі. Үкіммен
тағайындалған түзеу мекемесінің нысанын өзгертуді Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару заңдары белгілейді.

І Тарау. Жазаның мақсаттары
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде
жазаның мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ.
сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да
жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтаңдыру екендігі айтылған.Әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және
жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру
жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға
әділетті жаза тағайындау[7], істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ
жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ
құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы
белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң
қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру
үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады,
қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық-
құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты Бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фақтісінің
орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы кездеген мақсатына
жетуінің құралы — сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын
мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу
дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық
көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз
күн керіске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу
болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан
қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз
орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты
— басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады.
Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып,
биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге
бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта
көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз
қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады.
Мұндай[8] сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі
болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында
көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып
қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-
сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің
қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының
қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сиякты жаза — қылмыстының жанын кинау немесе адамгершілік намысына
тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы
Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ
туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою
арқылы, соз жок, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде
қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және кұрамын, мазмұнын дұрыс
айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен
бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы
және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құралын
кұрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын
өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері
болып табылады.
1. Жазаның жүйелері мен түрлері
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген
соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен
орналасқан жазаның түрлерін айтамыз. [9]
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) коғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери кызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде үстау; и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін
(39-бап, 1-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның
мақсатын жүзеге асыруда оған кемекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайыңдаған кезде
соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1
нормативтік каулысының 25, 26-тармақтарында Негізгі және қосымша жазаларды
дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге
асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар
үкім шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас
жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі
мәселесін қараған жөн.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында
көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің 41 немесе 50-
баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы
түріне белгілеген шектен аспауы керек,—делінген. Сондықтан да қылмыстық
заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану
мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап,
қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал
қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай
шешімнің қабынданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол
жауапқа тартылған қылмыстық, заңның баптарында қосымша жаза қолдану
міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген
шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған
шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша
жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жекедара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға
қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе күрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі). Үшінші топқа
негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға
жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту.
Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе
басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса
тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны
мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану —
қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы
жазаның жекеленген түрлеріне сипаттама береміз.

2. Жазаның түсінігі
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және
ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде
қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі
ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономиқалық, рухани шаралардың барлық түрін
кенінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл
бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл
кұбылыскд қарсы күресте[10] шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен
экономиқалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың
құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
қылмыстық, шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда
көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын
функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс
істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану
мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан.
Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік,
тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының
жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Біріншіден, қылмыстық шара — мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық
заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті
тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі
адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай,
жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі
неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет
атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында жаза
дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы, — делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік
күштеу шаралары мемлекеттік орғандар немесе лауазымды орғандар арқылы
жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы
әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан
бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік
комиссиясы[11] өзіне берілген кұзырет шеңберінде әкімшілік құқық
бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған орғандардың немесе лауазымды
адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық
жазаны колдану — тек қана соттын құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату,
сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге
асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату
немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа
жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да
қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін
көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу,
қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды
тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстық, жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе
лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды
күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды
және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып
табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық
заңда көрсетілген нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары
Жазаның түсінігі және мақсаттары
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Жазаның мақсаты мен және оның маңызы
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыстық жаза
Жазаның жүйелері және түрлері
Пәндер