Өнеркәсіп салаларында атқарылатын жұмыстар


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім. Тау - кен өнеркәсіп өндірісіндегі стратегияның мақсаттары. Өңдеу өнеркәсібінде атқарылатын жұмыстар. Электроэнергияны, газ бен суды тасымалдау және өндіру өнеркәсібінде негізгі міндеттер. Стратегияның негізгі этаптары. Стратегияны іске асыру нәтижелері.
  3. Қорытынды.
  4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Әлемдік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бірқатар мәселелерге тап болып отыр. Негізгі мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: өндірістің бір жақты, шикізаттық бағыты, әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық және аймақ аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, ішкі рыноктарда тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми - зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі, менеджменттің экономиканың ғаламдану процестеріне және сервистік - технологиялық деңгейге өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі. Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары да құлдырау алдында. 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29, 7% құрады. Бірқатар салаларда негізгі құралдардың нақты тозуы 50% және одан астам деңгейге жақын. Сондықтан да республикада жаңа стратегия ойлап табу қажеті туды.

Өнеркәсіп өндірісі Қазақстан Республикасының экономикасының негізін құрайды. Жалпы ішкі өнім құрылымында өнеркәсіп өндірісінің үлесі 2003 жылы - 62, 8% болды. Сонымен бірге тау - кен саласында да өнеркәсіп өндірісінің үлесі - 30, 6%, өңдеу саласында - 27, 1% және электроэнергияны, газды, суды өндіру және тасымалдау өнеркәсібінде - 5, 1% құрайды.

Тау - кен өнеркәсіп өндірісіндегі стратегияның мақсаттары.

Тау - кен өнеркәсібінде 2003 жылы мөлшері 1360, 4 млрд. теңге қаржыға өнім өндірілді. Бұл жалпы өнеркәсіп өндірісінің шығарған өнімінің 48, 7% - ын құрайды. Тау - кен саласында шығарылатын өнімнің үштен екі бөлігі республиканың оңтүстік - батыс аймағында өндіріледі (Атырау және Маңғышлақ облыстары) .

Қазақстан Республикасы мұнай және газ қорының көп мөлшерін иеленеді. Әсіресе мұнай кен орындарының негізгі орналасқан аймағы республиканың оңтүстік - батыс аймағы болап табылады. Атырау және Маңғыстау облыстарының территориясында қазақстандық мұнай өндіріснің қорын құрайтын кен орындарының 70% - ы орналасқан. Мұнай өндіретін кендерінің ең ірілеріне жататындары: Теңгіз (мұнайлы), Өзен (мұнай - газ нососты), Қарашығанақ (мұнай - газ конденсатты), Қаламқас (мұнай - газ нососты) .

Республиканың ең ірі газ кендерін шығару орындарының қатарына Қарашығанақ, Теңгіз, Жанажал жатады. Оңтүстік Қазақстандағы Жамбыл облысындағы газ кен орындарының Амангелді тобын зерттеген кезде газ қорының 47 млрд. куб метрі барланған. 2003 жылы республикада табиғи газдың 7, 2 млрд. куб метр мөлшері табылды. Республикамызда табылатын газдың 86% шамасында Атрырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындарға келеді.

Тау - кен өнеркәсібі саласында өндіріс көлемінің құрылымы 81% - дан көп мөлшерде мұнай шикізаты мен газды барлау және 19% - дан кем мөлшерде тағы басқа салаларға келеді.

Металлургия рудаларын табатын кәсіпорындар үлесіне барлық өнеркәсіп өндірісін өнімінің шамамен 4% - ы тиеді. Оның ішінде 1, 4% - темір рудаларын мен 2, 6% - түсті рудаларын барлау құрайды. Қазақстан ТМД елдері ішінде Ресей мен Украинадан кейін темір рудаларының қоры бойынша үшінші орын алады. Республикадағы темір рудаларының негізгі бассейіндері Қашар, Соколов - Сарыбай, магнит рудаларын шығаратын орынға Қоржынкөл және тағы басқа темір кендерін шығаратын орындар Аят пен Лисаковск. Қазіргі таңда темір рудаларының кендерін негізінде Қостанай және Қарағанды кәсіпорындары өндіреді. Барлық шығарылған темір рудаларының 80% - ы және де темір рудаларының өнімдерінің барлық көлемі АҚҚ «ССГПО» - ға негізделіп жұмыс істейді.

Қазақстан түсті металл рудаларының көп қорларын иемденеді. Марганец рудаларының қорының көлемі бойынша Қазақстан АҚШ пен Украинадан кейін әлемде үшінші орын алады. Хром рудаларының қорының көлемі бойынша - АҚШ - тан кейін екінші орын алады. Марганец рудаларының шығарылатын қорының барлық мөлшері Қарағанды облысының кәсіпорындарына келеді. Хром рудаларының қоры Ақтөбе облысына, боксит - Қостанай облысындағы кәсіпорындарға келеді; шамамен 80% шойын - қорғасынды және құрамында 60% - ы алтын мөлшеріндегі рудалар Шығыс - Қазақстан облысында шығарылады.

Өңдеу өнеркәсібінде атқарылатын жұмыстар.

2003 жылы өңдеу өнеркәсібінде 1207, 9 млрд. теңге қаржы көлеміне өнім өндірілді. Бұл жалпы өнеркәсіп өндірісні көлемінің 43, 2% - ын құрайды. Өңдеу өнеркәсібінің 30% - нда тек қана ауылшаруашылық өнімдері өндіріледі. Соның ішінде 90% - ы тамақ өнімдері. Тамақ өнеркәсіптерінің ішіндегі ең ірілері мен беделді, бәріне аян кәсіпорындар: ААҚ «Рахат», ЖАҚ «Шымкент - сыра», нан комбинаты «Ақсай», БК «Беккер и К» және тағы басқа кәсіпорындар.

2003 жылы жеңіл өнеркәсіпте 52, 3 млрд. тенге қаржыға өнім өндірілді, Бұл барлық өндіріс өндірген өнім көлемінің 4, 3% - ын құрайды. Қазақстан үкіметі жеңіл өнеркәсіппен айналысатын шағын кәсіпорындарды қолдауда біршама істер атқарды. Импортты бәсеңдеу бағдарламасы шеңберінде қағаз - мақта бұйымдарының өндірісіне негізделіп мата өндірісін қайта құру көзделген.

Өңдеу салаларының ішіндегі ең маңызды салалар - мұнай бұрғылау өнеркәсібі, кокс пен ядролық материалдарды өндіру. 2003 жылы өңдеу өнекәсібінде бұл салалардың үлесі 10, 5% құрады. 2003 жылы мұнай өңдеу саласында өндірілген өнім көлемі 8, 6 млн. тонна құрады. Соның ішінде 44% - ы Оңтүстік - Қазақстан облысында, 27, 5% - ы Атырау облысында, 26% - ы Павлодар облысында өндірілген. Бірақ өкінішке орай, барлық өңдеу өнеркәсіптер қуаты тек үштен бөлігімен жұмыс істейді. Жанар - жағармай өндейтін зауыт ААҚ «Конденсат» - ты іске қосқаннан кейін, 1999 жылы республиканың Батыс - Қазақстан облысында мұнай бұрғылау ісі жұмыс істей бастады.

Ядролық энергетикалық құрылғыларға арналған уран жанар - жағармай бойынша өндірістік кешендердің әлімдегі ең ірілері ААҚ «Үлбі металлургия зауыты» болып табылады. Ол өзінің сапалық жүйесінің халықаралық деңгейге сәйкес келетіні туралы сертификат алған Қазақстандағы бірінші кәсіпорын.

Металлургиялық өндіріс пен дайын металлургиялық өндіріс өнімдерін шығаратын өндіріс те өңдеу саласында маңызды орын алады. Бұл өндіріс 2003 жылы 481, 9 млрд. теңгеге өнім көлемін өндірді. Ол барлық өңдеу саласында шығарылған өнімнің 40% - ын құрады. Сонымен қатар қара металлургияның өнімі 223, 9 мрлд. теңгеге, түсті металлургия 229, 3 млрд. тенгеге және дайын металл бұйымдар өнімдері 28, 7 млрд. тенгеге шығарылды.

Түсті металлургия өнімдерінің негізгі түрлері - қорғасын, мырыш, алтын, алюминий, мыс, т. б. Тәуелсіздікті алғаннан кейін бұл салада жаңа өнімдер зерттелді. «Қазақмыс» корпорациясы әлемнің алдыңғы қатарлы мыс компаниялардың ондығына кіреді.

1999 жылдан бастап машина құру саласы қарқынды дами бастайды. Тәуелсіздік жылдарының ішінде республикада видеомагнитофондардың, тоңазытқыштардың, шаңсорғыштардың жаңа түрлері шығарылды. Оңтүстік - Қазақстан облысындағы ААҚ «Қазақстан трактор» АҚ «Электроаппарат» болып қайта құрылды. Онда күннің энергиясымен жұмыс істейтін, тұрмыстық және технологиялық мақсатта пайдаланылатын сужылытқыштар құрылғылары өндіріледі. Павлодар облысындағы «Қазэнергокабель» зауыты - ТМД - дағы еуропалық стандартқа сәйкес келетін проводты шығаратын жалғыз өнеркәсіп.

Машина құру саласында 2003 жылы 88, 6 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл жалпы өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнімнің 7, 3% - ын құрайды.

Электроэнергияны, газ бен суды тасымалдау және өндіру өнеркәсібінде негізгі міндеттер.

Электроэнергияны, газ бен суды тасымалдау және өндіру өнеркәсібі саласында 2003 жылы 226, 1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл өнеркәсіп өндірісінің өңдеу саласында шығарылған жалпы өнімнің 18, 7% - ын құрайды. Жалпы, электроэнергияны, газ бен суды тасымалдау мен өндіру өнеркәсібі саласының өндірістегі үлесі 8, 1% құрайды. Электроэнергетика - бұл өндірістің ең маңызды саласы. Бұл саладан экономиканың барлық салаларының жұмыс істеуі, қызметі тәуелді болады.

2003 жылы республикада 63, 7 млрд. кВт. сағ. - қа электроэнергия өндірілді. 2000 жылдан бастап Қазақстанның біріккен энергожүйесі Ресей мен Орталық Азияның энергожүйелерімен біріккен режимде жұмыс істеуде. Бұл Павлодар облысының электроэнергияның шығындарын тасымалдайтын республиканың оңтүстік бөлігіндегі энергетикалық мәселелерді шешуге оң әсер етеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның өндіріс өнеркәсібінің құрылымы біршама өзгеріп, көп жетістіктерге жетті. Мысалы, егер 1992 жылы республиканың меншігінде жалпы 75% көлемінде өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Сонымен қатар жеке меншікте - 25% өнім көлемі өндірілді. Бүгінгі таңда жеке меншік секторының үлесі - 84%, басқа мемлекетердің меншігі - 13%, мемлекеттік меншік үлесі - 3% құрайды.

Бірқалыпты экономикалық өсудің ең маңызды факторы әлем бойынша эффективті өнеркәсіп өндірісінің қызметі деп анықталды. Бұл сала тек экономиканың барлық салаларының дамуына әсер етіп қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік салаға да көп әсер етеді. Қазақстанның әлемдік шаруашылық қатарына кіруге және әлемдік еңбек бөлінісіне қатысуына көмектесетін бірден - бір жол ұлттық экономиканың толық қанды бәсекеге қабілетті болуы және сапаның халықаралық стандартқа сәйкес болуы.

Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы 10 - 13 жылында республика экономиканың шикізат саласына көп көңіл бөлді. Бұл шара ақталды, ал ең бастысы 90 жылдардың екінші жартысында өмір сүруге қажетті басты фактор болып саналатын макроэкономика жағдайының бірқалыпқа келуі.

Бірақ, республика тек шикізат өндіріс факторын пайдалана отырып, көзге көрінерлік өзгерістерге жете алмайды. Себебі мемлекеттің әлемдегі шикізатқа деген баға конъюнктурасынан тәуелділігі өседі, өндіріс инфрақұрылымынң толыққыны дамымауы, ал ең бастысы минералды шикізат қорының шектеулігі мен белгіл бір уақытта таусылуы. Бұған байланысты жоғары бағадағы жаңа өндірістердің дамуының проблемалары технологияны қолданумен стратегиялық сипат алады. Сондай - ақ, әлемдегі маңызды салалар болып саналатын машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, металлжөндеу сияқты Қазақстандағы санаулы салалардың мемлекет экоонмикасында жалпы үлесі 10% - дан аз болып отыр. Экономиканың бұл салаларының өндірген өнімдері еліміздің импортының жартысынан көп мөлшерін құрайды.

Қазіргі заманауи жағдайларда әлемдегі шикізат нарығы жаңа технологиялар нарығынан артта қалып отыр. Және де жорамалдау бойынша бұл айырмашылық жылдан жылға тез қарқынмен өседі. Қазір ғылымға негізделіп жасалған өнімдердің жылдық көлемі 2, 5 трлн. доллардан артық, ал жорамалдауларға сүйенсек 2015 жылға дейін бұд көлем мөлшері 4 трлн. долларға дейін жете алады. Яғни, экономиканың индустриалды - инновациялық даму стратегиясы жағымды инвистициялық климатпен бірге экономиканың шынайы мықты секторына қуатты импульс бере алады.

2003 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық даму стратегиясы 2015 жылға дейін Қазақстанның мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады. Ол экономика салаларын диверсификациялау арқылы, дамудың шикізаттық бағыты мен бәсекеге жарамды және эксортталатын тауарларды өндіруден бас тарту арқылы елдің экономикасының бірқалыпты дамуына жетуге бағытталған. Қазақстан экономикасы қазіргі жағдайдағы әлемдік экономикасының жаһандануының әсерінен біршама мәселелерге тап болып отыр. Мысалы, бұл мәселелердің қатары:

  • өндірістің шикізатқа бағытталуы және әлемдік экономикамен интеграцияның төмендігі;
  • мемлекет ішінде салаарлық және аймақаралық экономика интеграциясының әлсіздігі;
  • шағын сыйымдылық әсерінен ішкі нарықта тұтынушының тауарға және қызметке деген сұранысының жоғары деңгейде болмауы;
  • өшдірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, және өнеркәсіптің жалпы техникалық пен технологиялық жағынан артта қалуы;
  • әлемнің сервистік - технологиялық экономикаға және жаһандануға өтуі еліміздің экономикасының бейімделу мақсаттарының менеджментінің сәйкес келмеуі.

Стратегияның жаңа мақсаттарына жету үшін қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан мемлекеттік институттарды дамыту мен нығайту, жаңа мемлекеттік институттарды құру керек. Бұл өз алдына децентрализация, кәсіпкерлік, транспоренттік, мамандық, бәсеке принциптеріне негізделген бірыңғай жүйе қалыптастыру қажет. Көпмерзімдік және ортамерзімдік, төмен процентті несиелер арқылы жеке және мемлекеттік секторлардың бастамаларына қаржылық қолдау көрсететін Қазақстанның Даму Бакынан басқа жаңа институттар құрылды.

  1. Қазақстандық инвестициялық фонды. Мақсаты - шикізатты емес өнеркәсіп өндірісіне бағытталған жеке меншік сектордың Қазақстандағы және шет елдегі кәсіпорындарға үлесті жіне баұылаусыз қатысу арқылы, қаржының көмегімен қолдау көрсету. Жеке инвестициондық фондтардың пайда болуына байланысты Қазақстандық инвистициондық фондтың мемлекеттік қаржы институты ретіндегі рөлі кемиді. Қаржы нарығында 2 - 5 бір - біріне тең жеке инвистициондық фонд пайда болған кезде, Қазақстандық инвистициондық фонд мемлекет қармағына, приватизацияға алынады. Қазақстандық инвистициондық фонды Қазақстанның Даму Банкымен толық кооперацияда жұмыс істейді, ол тек жаңа технологиялар өндірісіне қолдау көрсетпейді, сонымен бірге бағалы қағаздар нарығының дамуына қолдау көрсетеді.
  2. Инновациялық фонд. Мақсаты - инновациялық белсенділіктің дамуына, жоғары технологиялы және ғылымға негізделген өнімдер өндірісінің дамуына қолдау көрсету. Фондтың негізгі міндеттері:
  • инновациялық инфрақұрылымының элементтерінің, технополисттер мен технопарктердің, ақпаратты - аналитикалық орталықтардың, т. б. құрылуына қатысу;
  • жаңа құрылған және жұмыс істеп жатұан кәсіпорындардың капиталдарына жаңа технологияларды ойлап табу мен жоғары техникалы, ғылымға негізделіп жасалған өнімдер өнеркәсібін өндіру мақсатында шартты түрде қатысу;
  • жаңа технологияларды, тауарларды, қызметтерді грант беру арқылы ойлап табуға бағытталған жеке ғылыми зерттеулер мен конструктолы - төлем жұмыстарын қаржыландыру;

Саяси қауіпті қауіпсіздендіру жолымен тікелей қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің экспортын қолдау - міндеті болып табылатын қауіпсіздендіру бойынша корпорация. Бұл корпорация қазаұстандық өнімдерінің экспортын дамыту үшін маркетингтік зерттеулерді, потенциалды тұтыну нарығы туралы ақпаратты таратуды, оқытуды жүргізеді. Отандық қауіпсіздік нарығын өсіруден басқа, корпоация сонымен қатар халықаралық нарық туралы коммерциялық ақпараттарды таратады.

Стратегияның негізгі этаптары.

Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық даму стратегиясының жүзеге асыруы басқа бағдарламалар да сияқты бірнеше этаптардан жүзеге асырылады.

Бірінші кезең.

2003 - 2005 жылдар ең басты дайындыұ сипаттағы шаралармен байланысты. Бұл кезеңде фондтың құрылуына сәйкес капитал құрылымымен жұмыс жасау, Қазақстан Даму Банкінің шартты капиталы көбееді, әр түрлі проектерге шет ел инвистицияларын салу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама мен жалпы инвестициялау туралы мемлекеттік жүйе көзге көрінерлік жағдайда жетілдіріледі. Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық сауда ұйымына кіру процесі аяқталады.

Бірақ ескеретін жәй, бұл периодта өндіріс көлемі мен қызметтің өсуі еліміздегі тез қарқынмен дамып келе жатқан тау - кен өнеркәсіп өндірісінің, нақты айтқанда мұнай мен газды шығару көлемінің өсуімен байланысты табылған қаржы мөлшерінің арқасында жүзеге асырылады. Сондықтан да еліміздегі макроэкономикалық саясат төмен деңгейдегі инфляцияға, экспорты көбейту мен республикамызға шет ел инвистициялардың ағылуна әкелетін жағдайларға бағытталу керек. Сонда инфляцияның орташа жылдық өсуі 5, 5 және 4% құрайды.

Екінші кезең.

2006 - 2010 жылдарда экономиканың барлық салалары бойынша Стратегия шараларын активті түрде іске асыру. Жеке меншік секторының, шет ел инвесторлардың, қаржы инсттуттары мен мемлекеттік бюджеттің қаржылық ресурстары бір бағытта жұмыс істеп, инфрақұрылымның, реконструкцияның дамуының, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту және жаңа өндіріс орындарын құру мәселелерін кешенді түрде шешеді. Бірақ, экономиканы диверсификациялау саласында біршама прогресске қарамастан, бұл кезеңде экономикалық өсу мұнай және газдың экспорты мен шығарудан пайда болған қаражаттың арқасында жүзеге асырылады. Жорамалдау бойынша жалпы ішкі өнім облысында стратегиялық мақсат 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда тез қарқынмен дамып келе жатқан мұнай мен газды шығару саласының арқасында жүзеге асырылады. Алдында келе жатқан 15 жылда қазақстандық мұнайдың шығаруының дамуына инвесторлар 80 млрд. АҚШ долларын салу көзделді.

Үшінші кезең.

2011 - 2015 жылдар - бұл Стратегия жүзеге асырудың үлкен жауапкершілікті талап ететін және үлкен нәтиже беретін кезең болып табылады. Бұл кезеңде тауарлар мен қызметтердің экспорты мен шығарылуының өсуі мұнай мен газдың саласының өсуінен озып кетеді. Солай экспорт пен экономика саласының құрылымының диверсификациясы болады. Нәтижесінде индустриалды - инновациялық саясаттың белсенді құрылымы экономиканың өсуінің қарқынын жылына 8, 8 - 9, 2% - ға кем емес мөлшеріне өсуін қамтамасыз етіледі. Бұл жалпы ішкі өнімнің көлемін 2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 3, 5 - 3, 8 есе өсіруге, өнеркәсіптің өңдеу өндірісінде орташа жылдық өсу қарқынын 8 - 8, 4% - ға, 2015 жылға дейін 2000 жылмен салыстырғанда еңбектің өндіріс көлемінің өсу қарқынын 3 есе көбейтуді, жалпы ішкі өнімнің энергосыйымдылығын 2 есе төмендетуге жол береді. Сондай жағдайда ғылымға негізделген және жоғарытехнологиямен жасалған тауарлардың үлесі 2000 жылы болған 0, 6% - дан 9 - 11% - ға көтеріледі. Мамандардың есептеуінше Стратегияны жүзеге асыру үшін жылына 1, 2 млрд. АҚШ доллары қажет.

Стратегияны жүзеге асыру сатылап экономиканың шикізат өнеркәсібінен өндіріс саласына көшуді қарастырады.

Соңғы жылдардағы республика экономикасының жағымды өзгерістері бұл мақсатқа жетуге мүмкіндік беріп отыр. Бірақ та бір нәрсені ескерту керек, отандық экономика шикізатқа деген әлемдік баға конъюктурасынан тәуелді және Қазақстанның экономикалық құрылымның жеткілікті түрде дамымауы.

Ендігі халықтың әлеуметтік жағдайының дамуы мен экономиканың өсуі жоғары технологияға және бәсекеге қабілетті өндіріске негізделген дамыған өндірістік базаның құрылуын талап етеді.

Бұрыннан бері жалпы ішкі өнімнің құрылымының құрамында, салық төлемдері мен инвестицияларда, болған ығару салаларының тез қарқынмен дамуы Қазақстан үшін ақталып шықты. Себебі, асқынып бара жатқан құлдырау, әлеуметтік мәселелерді шешу мен экономиканы тұрақтандыру Қазақстанға төніп тұрды.

Қазір де отандық экономика мен мемлекеттік бюджет бұрынғыдай шикізат секторыан тәуелділікте болып тұр. Жалпы өндіріс өнеркәсібінің 70% - ы мұнай, газ бен металлдарды шығару құрайды. Ал олардың экспорты 90% құрап отыр. Бұл көрсеткіштер экономикамыздың біржақтылық бағытта жұмыс істейтінін көрсетеді. Республикамыздың алдында дамудың бірнеше варианты тұр: шикізат саласымен айналысуды жалғастыру немесе өндірісті диверсификациялауды жүзеге асыру:

  • өзіміздің отандық өңдеу өнеркісібін дамыту;
  • өнімнің сапасын көтеру;
  • сыртқы рыноктарға маркетинктік зерттеулер жүргізу;
  • мемлекеттің өндірісін ғылыми - техникалық потенциалды күшейтуге негізделген саясатпен модернизациялау.

Бірақ та өндірісті диверсификациялау арқылы біз болашақта шикізатты эксорттаудан бас тартпаймыз. Мәселен қазіргі жаңа заманауи әлемнің соғы 30 жылда мұнайды тұтыну 1, 5 есе көбейді. Және эксперттердің жорамалы бойынша бұл көрсеткіш сол пропорциямне ары қарай өсе береді. Қазір Қазақстанда 47 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты шығарылады. Ал 2010 жылға дейін бұл көлемді 2, 5 есе көбейту жоспарланып отыр.

Бүкіл экономикалық блоктан ерекше энергетикалық ресурстардың негізгі сала болып бөлінуі Қазақстан саясатына және экономикасына сәйкес болып келеді. Бұл экономикалық өсу мен индустриалдық дамудың негізгі факторы болып табылады.

Қазақстанның шикізат базасының мүмкіншілігі 9 триллион долларға бағаланады. Ол ұазіргі таңда жаңа өндіріс құруға көмектеседі. Ал бұл өз алдына әлемдік және аймақтық жүйедегі интеграцияда мемлекетке өз орынын табуға көмектеседі.

Бұнымен байланысты мемлекетте экспорттық және өндірістік секторлардың дамуымен байланысты және ішкі өндірісті қолдаудың тиімді варианттарын табу мәселелері туындайды. Сондықтан да ең басты акценті мұнай және металлургия өндірісіне, осы салалармен байланысты өнеркәсіптердің дамуына жасау керек. Экономикалық өсудің негізгі және басты факторы болып капиталды салу, дұрыс пайдалану, экстенсивті және интенсивті түрлері болып саналады.

Дамудың экстенсивті жолы тиімді емес. Себебі, ол сыртқы инвестициялардың көп бөлігін шығару секторына, яғни шикізат секторына бағыттау керек. Осылай экономиканың әлемдегі шикізатқа деген бағадан тәуелділігі күшейеді.

Дамудың интенсивті моделі экономиканы диверсификациялаумен тығыз байланысты болып келеді. Бұл модель ғылымға негізделген технологиялардың қаражаты арқасында өндірісті технологиялармен жаңартуға бағытталған. Яғни бұл жаңа заманауи индустриализацияға апаратын бірден бір жол. Әлемдік экономиканы индустриализациялауды 3 этапқа бөлуге болады.

Біріншісі - XX ғасырдың ортасына дейін индустриализация ауыр индустрияның дамуымен, ең алдымен, тау - кен өнеркәсіп өндірісінің, металлургия мен энергетиканың дамуымен сипатталды. Қазақстан қазір бұл кезеңде тұр.

Екінші этап - индустриализация өнім өндірісін жоғары тұтыну қасиеттерімен, яғни сапалық реттеумен сипатталады. Бұл сала бойынша Қазақстан индустриалды елдермен бәсекеге түсе алмайды.

Үшінші жаңа заманауи кезең - бұл жоғары технологияларды ойлап табу кезеңі. Қазір тек жоғары технологиялар нарыңында бәсекеге түсе алатын елдер ғана дамыған елдер болып саналады.

Сондықтан да Қазақстанға өзінің нақты стратегиясын құру керек, яғни әлемдік экономикада өз орнын табуы қажет. Және де осы он жылдықта жоғарытехнологиялы өнімді әлемдік нарыққа ұсыну керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау
Қазақстанның ғылыми - техникалық саясаты мен ғылымды басқару жүйесінің қалыптаса бастауы
Өндірісті басқарудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
Ғылыми-техникалық прогрестiң теориялық негiздерi
Еңбекақы жөніндегі саясат
Бағалау және калькуляциялау шаруашылық процесінің есебі
Тауарлық материалдық қорларды бағалау
Қозғалтқыштарды сынау аймағының сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz