Б.э. дейінгі VII - VI ғасырлардағы грек мәдениеті


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Б. Э. ДЕЙІНГІ VII - VI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ГРЕК МӘДЕНИЕТІ

Архаистік кезеңдегі грек мәдениеті Крит-микены дәуірінде-ақ өркендей бастаған және б. э дейінгі ХІ-ІХ ғасырлардың кейінгі уақыттарының ерекшеліктеріне тән -дорий босқыншылығы мен жаугершілігінен кейінгі кезең болатын. Грек мәдениеті сол кездегі шаруашылықтың барлық саласында қолданылған, қол еңбек қарулары негізінде өркендеді шаруалар қолөнершілер-тікелей өндірушілер-едеуір дәрежеде ауқатты және бай гректерде құлдар орындайтын жұмыстарды атқарды. Адам үшін дене еңбегі әлі намыс деп саналмайтын. Ал егіншінің еңбегі құрметті деп саналатын. Техникалық дәрежесі мен осы кездегі еңбек қатынастары Гесиодтың «еңбек пен күндер» деген поэмасында өте айқан көрсетілген.

Бұл дәуірдің дүниеге көзқарасы өндіргіш күш пен өндірістік қатынастың дәрежесіне сай келді. Табиғаттың құбылыстары мен қоғамдық қатынастар діни ұғымдармен түсіндірілетін.

Дін.

Грек діні крит- микені дәуірі және рулық құрылыстың ыдырау кезеңінде-ақ б. э. дейінгі Хl-lХ ғасырлар пайда болып қалыптасқан. Б. э. дейінгі Vlll-Vll ғасырларда ол әбден өркендеп жетілген. Бұл-антропоморфизм, адамды құдай деп тану, құдайлар туралы, олар ең күшті, ең тамаша адам олар мәңгі өлмейді және мәңгі жасарып тұрады деген түсінік.

Гректердің түсінігі бойынша, дүние алғашқыда-Түпсіз тұңғиық, Жер -Гея, жер астындағы дүние- Тартар болған.

Геядан аспан құдайы Уран шыққын. Уран мен Гея, өз әкесі Геяны тақтан түсірген, алып-титан Кроносты туған.

Алып-титандар-аға құдайлар. Кронастан кіші құдайла: Аид, Посейдон, Гестия, Деметра, Гера және Зевс пайда болған.

Зевс бастаған кіші құдайлар аға құдайлардың - титандардың билігін жойып, дүниені өздері басқарады. Басты құдай, құдайлардың әкесі, қаһарлы найзағағай құдайы Зевс деп саналды.

Оның әйелі гера-аспан құдайы және неке қамқоршысы еді. Посейдон теңіз құдайы деп құрметтеді. Деметра-өнім және дәнді өсімдіктер құдайы, Гестия-үй ошағының құдайы, Айд-жер асты дүниесінің құдайы.

Зевстің көп балалары-құдайлары болған. Оның қадірленгендері Афина-зевстің басынан шаққан даналық пен жеңіс құдайы, Аполлон-жарық пен өнер құдайы, Гефес ұста құдайы және т. б.

Сұлулықпен сұйіспеншілік құдайы Афродита Кипр аралының жанынан толқыған теңіс көбігінен шыққан. сондықтан ол Киприда деп аталады. Жүзім шаруашылығымен шарап жасау ісінің құдайы Дионис тамаша жас жігіт ретінде ерекше құрметтеледі. Оның құрметіне Диониси мереке ұйымдастырылатын.

Ежелгі Гректер бүкіл табиғатты құдайшыл жанды заттармен мекендендірілген. Олрдың ойынша ормандарда дриадалар нифалар ешкі сияқты, сатиралар тұрған ал теңізде -наядлар мен сиреналар-әйел басты құстар тұрған.

Грецияда жартылай құдайлар, гректердің ойынша, құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар, құрметтеледі. әсіресе 12 ерлік жасаған Герекл ерекше құметтеледі. Ол арыстанның терісін жамылып, палицамен қаруланған күйінде көрсетілетін. Геркл қастандық пен жауыздыққа қарсы күресіп, оны жеңген шарапатты адамның бейнесі болатын.

2. Мерекелер.

Ежелгі Грецияда әр түрлі қалаларды бір түтас байланыстырып, грек халықтарын біріктіретін мәдени халықтары болған. Бұл халықтарды өзінің мерекелерімен, ойындарымен оракуларымен біріктіретін орталықтар-Балқан түбегінің қалалары болатын. Гецияда құдайларға арналған діннен басқа да сипаты бар, арнаулы мерекелер болатын. олардың негізгі көрінісі физкультура жарыстары музыка ән және т. т болатын.

Бұл мерекелерге Грецияның барлық полистерінен адамдар жиналатын. Пелопоннестегі аргос қаласында Гера аргосскаяның панафиней, яғни Афиныда Афина құдайының құрметіне арналған мерекелер және басқалары өте есте қаларлықтай қызғылықты өткізілетін. мүндай кездесуге Грецияның түрлі қалаларынан афиныға көптеген халық келетін. Әсіресе Афиныдан әйелдердің қаламен жүріп өтуі өте әйгілі болатын. Әдетте әйелдер үйлерінде арнаулы бөлмелерінде-гиникеяларда отыратында ешқайда шықпайтын, ешкімге көрінбейтін. егер қалаға шыға қалса, онда қасына жақын туыстарының бірін немесе қызметшілерін ертіп алатын. ал Панафиней мерекесінде әйелдер афина құдайының құрметіне ұйымдастырылған жорықа қатысатын . Олар мерекелік әсем киініп көшеге емін еркін шығатын. Бұл мереке өте салтанатты түрде өтетінде биге үласатын. Бұл күні хор өлеңдері айтылып, ән шырқалатын, соңында театр ойындары ойналатын.

3. Олимпия ойындары.

Мереке тойлардан басқа гректерді біріктіретін нәрсе-гректік жарыстар болатын.

Әсіресе Пелопоннестітегі Олимпияда өткізілетін олимпияойындары өте өзгеше болатын. олар құдайлардың әкесі қаһарлы құдайлардың әкесі Зевс Олимпискийдің құрметіне өткізіп тұратын Олимпте оның храмы болатын, ал онда осы құдайдың орасан үлкн мүсіні тұратын.

Олимпияойындары әр төрт жыл өтіп, бесінші жылға қарағанда өткізілетін. Кейінгі ежелгі гректер өзінің уақық өлшемін олимпияданының өтуіне байланысты санайтын болды. Ескі аңыздарға қарағанда өткізілген бірінші олимпияда б. э. дейінгі 776 жыл өткізілген.

Олимпия ойындары кезінде оған барлық гректердің қатысуын қамтамасыз ету үшін шын мәнісінде бейбітшілік жарысы болды.

Олимпия ойындары грек дүнейісінің алуан түрлі көп халық жиналатын. Жарыстар жұргізуден секіруден, дискі лақтырудан, атқа жеккен арбамен жарысудан және басқа да көптеген гимнастикалық жаттығулардан, әншілердң және музыканттардың жарысынан өткізіледі. Бұл жарыстардың маңызы адамдардың денесін шынықтықтыруға сондай-ақ ақыл-ой және рухани дәрежесінің өрістесуіне зор маңызы болды. Дене шынықтыру жаттығуларына еркектер қатысты, ал әйелдердентек спарталыққыздар ғана қатысты.

Олимпия ойындарының жеңімпаздары өте қарапайым награда-қасиетті зәйтүн ағашының жапырағынан жасалғангүл венгін алатын. Жеңімпаздарға ешқандай бағалы нәрселер берілмейтін. Зәйтүн веногы ең жоғарғы құрметті награда болатын. Жеңімпаз өте зор құрметке бөленетін. Тек оның өзі ғана емес, жанұясы да, туған қаласы да зор құрметке бөленетін. Жеңімпаздардың құрметіне әндер айтылып, өлеңдер шығарылатын. Мүсіншілер жеңімпаздардың бейнелерін жасайтын.

Әншілердіәң, музыканттардың жарыс жеңімпаздары лавр веногімен наградталатын. Олар да бүкіл жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, өз қаласының мақтанышы деп саналатын. Олимпия ойындарының бүкіл Грецияның мәдениетін өркендетуде маңызы өте зор болды.

Философия

Кіші Азиядағы грек қалаларының экономикасының, олардың қолөнері мен саудасының едәуір дәрежеде өркендеуіне байлданысты және қалалық демос рөлінің артуымен идеологияның түрі өзгерді. Бұл қалалардағы көптеген азаматтар дүниені діни тұрғыдан түсіндіргенге қанағаттанбайды да, оған жауапты материалдық дүниеден іздей бастайды. Сөйтіп, идеалистік және материалистік көзқарастар арасында күрес басталады да, бұл күрес үстінде бэд VII-VI ғ-дағы маериалистік философия шығады.

Ерте пайда болған бұл философияны стихиялық материализм дейді: Мұндай бірінші философ Милеттен шыққан Фалес болды. Ол физик, әрі математик еді. Ол барлық дүниенің негізі-су деп үйретті. Бүкіл дүние судан жаратылған және ол барлық тірі нәрсенің негізі. Оның шәкірті-Анаксимен тіршіліктің бастамасы-алғашқы материя- « апейрон » деп санады.

Анаксимандар дүниенің негізі-ауа -«эфир» деп үйретті. Барлық тірі зат ауадан нәр алады, дүние де содан пайда болған.

Философ Гераклит дүние оттан пайда болған деп санады: «Дүние мәңгі жалындап тұратын және өшіп бара жатқан от». Гераклит Эфес қаласында тұрып, өзінің философиясын жасады.

Владимир Ильич Ленин өзінің «Философиялық дәптерлерінде» гераклитті бірінші диалектик деп санайды. Гераклит жерде заттар жоқ, тек өтіп жатқан процестер бар деп үйретті. «Барлығыда да өтеді, барлығы да өзгереді», -Гераклиттің негізгі қағидасы, міне, оындай. «Бір өзенге екі рет түсуге болмайды, өйткені екінші ре түскенде судың бір бөлшектері ағады, алі екінші рет түскенде судың бір бөлшектері ағады».

Грек жазуы

Аз ғана әріптері бар грек алфавит жазуы бэд IX-VII ғасырларда пайда болған. Оның негізіне финики алфавиті алынған. Финикиліктердің сауда жүргізуге байланысты сауда жургізуге байланысты жазу-сызуды қажет ететін есеп-қисап жұмыстары болғандықтан, таңбалары өте көп Шығыстың ежелгі жазуларын зерттеуге уақыты да, мүмкіндігі болғанда жоқ. Есеп айырысуды қысқа дәл дәл көрсететін, ұзақ зерттеп жазуды қажет етпейтін жазу қажет болды. Финикиліктер 22әріптен тұратын жаңа жазу ойлап шығарды. Бірақ бұл әріптер тек дауыссыз дыбыстарды ғана бейнелейді. Гректер финикиліктердің жазуын пайдалана отырып, оны өзгертті. Олар тек дауыссыз дауыстарды да белгіледі. Сөйтіп, 24 әріптен тұратын жаңа грек алфавиті жасалды.

Әдебиет

Жаңа алфавит пен жазудың жасалуы грек әдебиетінің дамып, өркендеуінде маңызды қадам болды.

Бэд VIII ғасырдың екінші жартысындағы Беотияда тұратын Гесиод екі ірі әдеби шығарма жазды:»Геогония» құдайлар мен дүниенің пайда борлуына гректердің көзқарасын көрсететін шығарма және «Еңбек пен күндер».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениеті
Сарматтардың мәдениетінің зерттелуі
Түркілер дүниетанымы
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
ВИЗАНТИЯ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz