Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері


І БӨЛІМ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
КІРІСПЕ . . . 2
І-тарау. АҒЫЛШЫН - ҚАЗАҚ МАҚАЛ -МӘТЕЛДЕРІ
1. 1. Аударма қарым - қатынас құралы . . . 6
1. 2. Мақал - мәтелдердің халық ауыз әдебиетіндегі орны және олардың бір-бірінен айырмашылықтары. ……… 10
1. 3. Ағылшын - қазақ мақал - мәтелдерінің шығу тарихы. ……13
І БӨЛІМ БОЙЫНША ТҮЙІН . . . 19
ІІ-тарау. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. Мағынасы жағынан ұқсас қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерін талдау және оларды аудару . . . 20
2. 2. Мақал - мәтелдерді аударудағы қиыншылықтар. ………31
2. 3. Мақал - мәтелдерді аудару жолдары36
2. 4. Ағылшын - қазақ мақал - мәтелдерінің лексико - семантикалық ерекшеліктері . . . 48
ІІ БӨЛІМ БОЙЫНША ТҮЙІН . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . … . . . 59
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Көркем сөз өнерінің тілдік және әдеби бұлақтары санатына жататын мақал - мәтелдер мән - мазмұнының дәйектілігімен, тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен айырықша ерекшеленеді. Көлем - құрылымының ықшамдығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп - салдарын, халықтың өмір тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, салт - санасы, тұрмыс - тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық қазынасы, сан саладағы мәдениеті жан - жақты көрініс тапқан. Әр ұлттың философиясы оның мақал - мәтелдерде десек, қателесе қоймаспыз. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық - грамматикалық жүйесіне ықпал етіп, өзіндік із қалдырып отырғаны сөзсіз, алайда мақал - мәтелдер тұлғалық және мағыналық біртұтастығын сақтап қалған бірден-бір тілдік бірліктер ретінде белгілі.
Осы дипломдық жұмыс мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін зерттеуге арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара карым - қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақга өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер - фразеологизмдер мен мақал - мәтелдер. Оның себебін тілдің фразеологаялық, паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, "сәтсіздіктерге" ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан, мақал-мәтелдердің зерттей отырып, ондағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық ерекшеліктерді, сондай - ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады.
Мақал - мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды - көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге барынша қамтылды. Дегенмен, халықтық ұғым - түсініктер мен рухани, мәдени кұндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және ағылшын тілдеріндегі аталмыш бейнелі халықаралық, экономикалық, салааралық байланыстар кең өріс алған осы кезеңге дейін бірді - екілі мақалаларды есепке алмағанда зерттелмей келді.
"Ұлт пен тіл біртұтас" деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерін тілдік тұрғыдан қарастыру ұлттық болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері : жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақал - мәтелдерін зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық кұрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп - салдарын айқындау.
Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- мақал - мәтелдердің еркшеліктерін қарастыру;
- мақал - мәтелдердің жасалу жолдарын зерттеу;
- аудармаға жалпы түсінік беру;
- мақал - мәтелдердің аудару жолдарын зерттеу;
- мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жолдарын талдау;
Зерттеу пәні: ағылшын - қазақ тіліндегі мақал - мәтел әдебиеттері болып табылады.
Зерттеу нысаны: зерттеу нысанына мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысы барысында біз сипаттау, анықтау, талдау, салыстыру тәсілдерін қолдандық.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: қазақ тілінен әр жылдары жарық көрген мақал - мәтелдер жинақтары мен ағылшын тілінен біршама сөздіктер мен көркем әдеби шығармалар алынды. Сондай - ақ, такырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Олардың ішінде фольклорға, тарихқа, этнографияға қатысты зерттеу жұмыстары мен ішінара ел аузынан жазылып алынған деректер бар.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері: тілдік құрылымы жағынан әртектес тілдер топтарына жататын ағылшын - қазақ тілдеріндегі мақал - мәтелдер зерттеліп, олардың қолданыс аясы, тақырыптық топтары айқындалды. Туыс емес екі тіл тұрақты бірліктерінің мазмұн-межесі зерттелді. Мақал - мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасуы тұрғысынан өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді; тіл - тілдің көркем бейнелер жүйесінде орын алатын сәйкестіктері және олардың себеп - салдары анықталды. Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әрбасқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұғымға ұйытқы болған мақал - мәтелдерге мәтін арқылы талдау жасалынды. Зерттеу нәтижесінде қазақ - ағылшын мақал - мәтелдерінің тілде қалыптасу негіздері, қолдану жиілігі айқындалды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: қазақ және ағылшын тілдеріндегі паремиологиялық бірліктерді тіл иелерінің тарихымен, дүниетанымымен, рухани және дәстүрлі тұрмыстық мәдениетімен сабақтастыра қарастыру нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар жалпы және салғастырмалы тіл білімі, фразеология, лингвомәдениеттану ғылымдарын теориялық тұрғыдан жетілдіруге белгілі бір дәрежеде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды "Тіл біліміне кіріспе", "Фразеология", "Аударма теориясы" т. б. тәрізді теориялық курстарды оқытуда және шетел тілін үйрету барысында қолдануға болады. Сондай - ақ, тақырыпқа негізделіп жинақталған және белгілі бір жүйеге келтірілген тілдік материалдарды, оларға берілген сипаттамалар мен түсініктемелерді әр түрлі сөздіктерді түзуде (қос тілді, көп тілді, түсіндірме, этнолингвистикалық т. б. ) пайдалануға болады.
Зерттеудің кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, мақсаты мен міндеттері айқындалып, зерттеу әдістері, нысаны және зерттеуге негіз болған материалдар баяндалады.
Бірінші бөлімінде мақал - мәтелдердің халық ауыз әдебиетіндегі орны және олардың бір - бірінен айырмашылықтары және де шығу тарихы мен зерттелуі сипатталған.
Жұмыстың екінші бөлімінде мағынасы жағынан ұқсас қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерінің аударылу ерекшеліктері мен қиыншылықтары көрсетілген.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі көрсетілген.
Қосымшада мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармалары мен мысалдар берілген.
І-тарау. Теориялық бөлім. АҒЫЛШЫН - ҚАЗАҚ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Аударма қарым - қатынас құралы
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар - жоғын түгелдеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жанғыртуды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени - өркениеттік «сахнасында» өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікінде біліп, саралап отыру керек. Бүкіл адамзат тарихында түрлі халықтар бір - бірімен сауда, әскери, саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми байланыста болды, сондықтан аударма адамның саналы әрекеттерінің көне түрлерінің бірі болып табылады. Көне заманнан бері аударма адамдардың тіларалық және мәдениаралық қарым - қатынас жасауына септігін тигізді, тек мемлекеттер арасында ғана емес, сонымен қатар, көпұлтты елдердің аумағында да. Соған мысал ретінде құрамына әртүрлі тайпалар мен халықтар кірген Ежелгі Карфаген, Ежелгі Мысыр, Ежелгі Грекия мемлекеттері, Рим империясы, Орта Азия мемлекеттері, Үндістан, Иранды алса болады. Көпұлтты мемлекеттерде аудармашылар айрықша мәртебеге ие болды. Мысалы, Ежелгі Карфагенде аудармашылар кастасы жоғары мәртебе мен құрметке ие болған, ал олардың эмблемасы жарқын да сәнді тоты болды. Қауырсындарының көп бояулығы аудармашының қай тілмен жұмыс істейтіндігін көрсеткен.
Аударма дамуының негізгі кезеңдерінің біріне жазудың пайда болуы жатады. Біріншіден, бұл адам әрекетінің түрлі саласындағы құндылықтары мен жетістіктерінің мәдениаралық алмасуына қуатты серпіліс берді, екіншіден, аударма практикасының жаңа түрі, яғни жазбаша аударма пайда болды және ол ауызша аудармамен қатар қолданыла бастады.
Әралуан ұлттар өкілдерінің қарым - қатынас жасауын қамтамасыз ететін аударма тіларалық және мәдениаралық коммуникация тәсілі болып табылады. А. Д. Швейцердің пайымдауынша «аударма тіларалық және мәдениаралық коммуникацияның бір бағыты және екі сатылы үрдісі, нәтижесінде мақсатты («аудармашылық») талдауға алынған бастапқы мәтіннің негізінде екінші мәтін (метамәтін) құрылып, алғашқысы өзге тілдік, мәдени ортада алмастырылады . . . Алғашқы мәтіннің коммуникативтік әсерін жеткізумен сипатталатын үрдіс екі тіл, екі мәдениет және екі коммуникативтік жағдай арасындағы өзгешелікті модификациялауға бағытталған». [1, 75б. ]
Аударма тілдік дәнекерліктің бір түрі болып саналады. Тілдік дәнекерліктің бұдан басқа рефераттау, аннотациялау, мазмұндама деген түрлері бар. Олар жеткізілетін ақпараттың көлемі және формаларымен ерекшеленеді. Аударма негізгі нұсқаның мазмұны мен форма бірлігін қайта жаңғыртатын үрдіс болғандықтан, қысқартылған баяндама, мазмұндау және басқа да тілдік дәнекерлерден мейлінше өзгешеленеді. «Аудару дегеніміз бір тілдің әдістерімен екінші тілде айтылған лебізді дәл және толық жеткізу». [2, 75б. ]
Аударманы қарастырған кезде көңіл бөлетін принципті жағдайлардың бірі ол қарым - қатынастың жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет екендігін ұғыну, соның барысында коммуниканттар мәдениет субъектісі, белгілі лингвомәдени қауымның өкілі ретінде қарастырылады. Аударманы мәдениаралық коммуникация ретінде бағалау тілдің мәдениеттің құрамдас бөлігі, тілдің біртұтас әлеуметтік - мәдени құрылым деген ұғымдарға негізделген. Ал мәдениет қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы болып табылады. Мәдениеттің құрамына этностың көпжақты тарихи, әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктері, салт дәтүрі, көзқарасы, құндылықтары, мінез - құлқы, тұрмысы, өмір сүру жағдайлары, қорыта келгенде, оның болмысы мен санасының барлық жақтары және тіл кіреді. Осы тұрғыда, тіл біртұтас әлеуметтік - мәдени құрылым болып саналады, өйткені тіл этностың ерекшеліктерін көрсетіп, басқа мәдениеттер арасында оны мейлінше өзгешелейді.
Тілдердің бәрінің бірдей сөздік қоры мен сөздік құрамы, оның сөзжасам тәсілдері т. т. толып жатқан мүмкіндіктері бір - біріне сәйкес келе бермейтіні заңды. Аудармашылардың қиналатын жері де осы тұстан туындап жатады, өйткені тілдердің құрылымдық, стильдік, грамматикалық жүйелері, лексикалық байлығы әралуан тарихи негізде туып, жасалып қалыптасқан. Міне осындай әрқилылық аударма ісіне әсер етпей тұрмайды. [3, 134б. ] Алайда бұдан қайсібір тілдерді аударуға болатын, ал екінші біреулерін аударуға болмайтын тіл деп саралауға болмайды. Негізінде өз ұлтына қатықсыз қызмет етіп отырған тілдердің қай - қайсысында да аударма ісі жандана алады. Ендеше тілдер табиғатындағы әлгіндей ерекшеліктерден шошынудың жөні жоқ. Қайта ондай ерекшеліктердің әсерімен өз тілінің жаңа бір мүмкіндігі іске қосылып, жаңаша қыры аршылып жатады. Тілдердің бір - біріне игі әсері, өзара ықпалы дегенде оның осындай прогрестік мәнін ерекше ескеріп отырған лазым.
Кезінде Р. Якобсон «Аударма туралы» деген эссесінде [4, 22б. ] аударманың үш түрін көрсеткен екен:
1) бір тілдің өзінің ішіндегі тілшілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау - түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған
шығарманы жаңаша сөйлету т. б. ;
2) сөздің төл мағынасындағы аударма, немесе, тіларалық аударма, яғни бір
тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;
3) семиотика аралық аударма, немесе трансмутация, яғни тілдің
лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы
қайталау. Мысалы: белгілі роман не повесть желісінде фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау. Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып
есептелмейтін “аударманың” екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, “rewordіng”. Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотика аралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда да сөз “аударманың” аудармасы, интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар және жанама мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.
Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Тар мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. Расында да, аударма дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем-әдеби шығарма мәтіні немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және т. б. -ны өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға елестетеміз. Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” басқа бір тілге мән - мағынасын бұзбай жеткізуді айтады. Мысалы, айтулы немесе жазулы тілге негізделмеген мәдени салалар: көркемсурет, музыка, би және т. с. с. өз алдында тілдік кейіпке келе алады. Өйткені біз көркемсурет идеясын, музыканың рухын, бидің қимыл-қозғалыстарының мәнін тілге сала аламыз, яғни тіл арқылы “сөйлете” аламыз. “Тілсіз тілдер” ұғымы осыдан барып шығады, “мәдениет - метатіл” деген түсінік туындайды.
1. 2. Мақал-мәтелдердің халық ауыз әдебиетіндегі орны және олардың бір-бірінен айырмашылықтары.
Мақал - мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым - қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа әрі нұсқа тұжырым жасайтын, мән - мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал - мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі - өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақғын елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға т. б. үндеп, жалқаулық, өсек - өтірік, мақтаншақтық тәрізді нашар қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Бұл жөнінде көрнекті ғалым Ш. Уәлиханов "Тәуір деген әрбір би мен төре мақалдап сөйлеуді сүйеді және қатардағы қазақтармен сөйлескенде, тіпті кез - келген сөзінде оны көп қолданады", - десе [5, 185б. ], Х. Досмұхамедұлы "Қазақтың мақал - мәтелдері ағыл - тегіл көптігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Ойды әдіптемей, мақал - мәтелді араластырмай, ақыл - нәфілды қоспай, күлтелемей сөйлейтін қазақ кем де кем болған десек, артық кетпеген болар едік. Азды - көпті шешен сөйлейтін кез - келген қазақ өз сөзінде мақал - мәтелге жүгінуге тырысқан, ал билер мен ел ішіндегі ділмарлардың сөздері халықтық мақалдар мен мәтелдерге тұнып тұратын" деп, жоғарыда айтылған ойды талдап - таратып, басқа халықтармен салыстыра алғанда, ерекше көзге түсетін қазақ табиғатына тән, танымал қасиетті атап көрсетеді [6, 28б. ] . Демек, ел мен елді татуластыру, өріс - қоныс, жер дауы, жесір дауы және т. б. билік-төрелік келісімдерде сөздің дәлелді, қисындылығымен қатар, тапқыр да тартымды болуына үлкен мән берген халық билері үкім сөздерінде екі жақтың даулары мен ұтымды жауаптарын, әдетте, ұйқасты мақал-мәтелдерді өз орнымен тиімді қолданып отырған. Атақты билердің ұзақ жылдарға созылған дау-дамайларды "екі - үш ауыз сөзбен" бітіріп, екі жақты да риза қылғаны туралы көненің көзі іспетті тарихи, мәдени мәні зор аңыз, әңгімелер халық арасында кеңінен таралған. Соның бірі - Төле бидің бала күнінде айтқан билігі.
Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмай:
Ақты - ақ деп бағалар!
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, - деп сөз бастай бергенде:
- "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без, " - деуші еді. Мына бала кім өзі ? - дейді, төрде отырған би. Сонда Төле қасқая қарап тұрып: - О, би аға, он үште отау иесі демес пе,
Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?
Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,
Қазақтың: "Жауға барсаң, кесірді ал, дауға барсаң шешенді ал" деуінің сыры да осында жатса керек. "Аталы сөзге арсыз тоқтамайды, " - демекші, тапқырлықпен, орынды айтылған сөзге халық тоқтаған әрі қара қылды қақ жарған, көркемсөз шеберлері билерін ханнан бетер қадірлеп, олардың кесімді, ұлағатты өсиет сөздерін, бітімді сөздерін жадында сақтап келген.
Сондай-ақ, Абай, Жамбыл, М. Әуезов, F. Мүсірепов, А. С. Пушкин, М. Горький, В. Шекспир т. б. сынды аттарын әлем таныған ақын-жазушылар өз туындыларында сөз мәйегі санатындағы халық мақал - мәтелдерін асқан шеберлікпен қолдана білген. Мысалы, қазақтың ұлы кемеңгер ақыны, ойшылы Абай "Би екеу болса, дау төртеу болады", "Ырыс баққан - дау бақпас", "Бас - басыңа би болсаң, Манар тауға сыймассың, басалқысы бар болса, жанған отқа күймессің" деген халық мақалдарын өз шығармаларында ел бірлігі мәселелерімен байланысты қолданған. "Еңбек етсең емерсің" деген халық мақалын негізге ала отырып, "Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей" деп тың тұжырым жасайды.
Қорыта айтқанда, мақал - мәтелдерді шебер қолданудың үлгілері олардың сыры мол табиғатын терең түсініп, сиқырлы күші мен құдіретін тани білген кешегі шоқтығы биік шешен де ділмар бабалардың, ердің құнын екі ауыз сөзбен тындырған тапқыр да әділ билердің, заман зарын, халқының арманын арқалап, күңірене күй толғаған абыз-жыраулардың сөз саптауларында, халық өмірінің қат - қабат қаттауынан сыр шерткен танымал ақын - жазушылар шығармаларынан көрініс тапқан. Себебі, ұтқыр ойдың ұрымтал тұсын тауып жеткізе, жігін тауып сөйлей білудің өзі үлкен ақыл -парасатты, шеберлік пен шешендікті талап етеді.
1. 3. Ағылшын - қазақ мақал - мәтелдерінің шығу тарихы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz