Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке шартының теориялық маңызы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І Бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке
шартының теориялық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Неке шартының тарихи даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Мұсылмандық құқық жүйесіндегі неке шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Ағылшын . Американдық құқық жүйесіндегі неке шарты ... ... ... ... ..13
1.4. Неке шартының түсінігі мен отбасы құқығындағы орны ... ... ... ... ... .14
1.5. Қазіргі кездегі неке мен отбасын нығайтудағы дәстүрлік неке және отбасы заңдарының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.6. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша ерлі.зайыптылар мүлкінің құқықтық табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.7. Ерлі.зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен алған табыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.8. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары ... ... ... ...21
1.9. Ерлі.зайыптылар алатын зейнетақылар, жәрдемақылар, арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
1.10. Ерлі.зайыптылар мүлкінің заңдық режимінің ерекшеліктері ... ... ... .22
1.11. Ерлі.зайыптылардың жеке меншіктері [45,16] ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
1.12. Ерлі.зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ІІ Бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Неке шартының құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.1. Неке шартын жасау тәртібі мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
2.2. Неке шарты бойынша ерлі.зайыптылардың жауапкершіліктері ... ... ..41
2.3. Неке шартын өзгерту және бұзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
Схема ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
Бітіру жұмысын жазуға қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер:..51
Арнайы әдебиеттер: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
Нормативтік актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздік алғалы бері – қоғам өмірінде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, саяси аймақтары түбірімен өзгеріске ұшырады. Қазақстанда неке және отбасы туралы мәселелер кең орын алуда. Отбасы – бұл қоғам өміріндегі аса маңызды, күрделі бөлшек. Отбасы көптеген қызықтарға толы, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, моральдық фактілермен ұштасып жатады. Олар мәңгі әлеуметтік мәселелерге айналады. Мысалы, балалардың жағдайы, ата-аналарынан айрылып қалған балалар, некені бұзу еркі, жастардың жыныстық қатынастары және т.б. Осы ауыр аспектілерді дұрыс шешу үшін адам өміріндегі отбасыға аса көңіл бөлген жөн.
Негізгі заң- Қазақстан Ресупбликасының Конституциясында қөоғамның отбасына қатысты мемлекеттің қорғалуында болады деген анықтама бар. Осы Конституциялық қағыда көптеген теориялық жоспарлар мәселесін шешуге көмектеседі. Жаңа реформалар қоғам өміріндегі әлеуметтік институттардың ішкі жағдайын өзгертуге тырысады. Неке- сызықша институты болып табылмайды. Президенттің Қазақстан Республикасының халқына мынандай жолдауы бар: «Қазақстан-2030» Мұнда барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын көтеруге, халықты қорғауды, неке және отбасы институтын нығайтыу керек делінген. Жаңа неке және отбасы заңы қабылданғанға дейін отбасы заңдарында неке шарты санаулы баптармен ғана қарастырылған болатын. Неке шарты азаматтық құқықтағы шарттың бір түрі болып табылады.
Қазақстанда неке шартын жасау мүмкіндігі 1993 жылдың қазан айынан басталды. 17 желтоқсан 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңында, «жұбайлардың мүлкінің шарттық режимі» бөлімінде қарастырылған. Қазақстан Ресупбликасының отбасы заңы неке шартын жұбайлардың мүліктік қатынастарын реттейтін шарт ретінде қарастырады, яғни неке шартының пәні жұбайлар арасындағы мүліктік қатынастар болып табылады және басқа отбасылық қатынастар неке шартымен реттелмейді. Неке шартын қабылдар кезде жүргізілген анкета бойынша бастапқы кезде наразылықтар болды.
Көптеген тұлғалар бұл некеге тұрған кезде жұбайлар арасывнда сенімсіздік тудырады, мүлік туралы дау болса шартсыз шешіледі деген секілді жауаптер берді. Бұрын неке шартын тек қана әр түрлі шетел арқылы білген болсақ қазіргі кезде бұл отбасы құқығының негізгі институттарының бірі ретінде толық құқықтық жағынан реттелген деп айтсақ қателеспейміз. Неке шартының мазмұнын жұбайлардың мүліктік құқықтарына меншікпен байланысты құқықтар мен міндеттер құрайды. Неке шарты арнайы субъективтік құраммен жасалады, яғни жұбайлар арасында. Жұбайлардың бірігіп тапқан мүлікіне шарттық қатынастарды бекіту ҚР азаматтық кодексінде қарастырылған. Отбасы нормалары бұл қатынастарды реттей отырып,
неке шартының құқықтық табиғатын; оның жасалу нысанын;
неке шартының мазмұнын;
неке шартының өзгертілуін;
тоқталыуын; жарамсыздық негіздерін қарастырады.
Арнайы әдебиеттер:
1. Антоколская М.В. Семейное право: Москва, 1999г. -5с.
2. Муратова М. Семейное право: Москва, 1998г.-16с.
3. Гусев С.С. Тульчинский Г.Л. Проблема понимании философии: Философия-гносеология, анализ – Москва, Политиздат, 1985.-192с.
4. Боботов С.В. Жигаев И.Ю. Введение в правовуюсистему США.- Москва Издательство Норма, 1997.-332с.
5. Гражданское право. Учебник часть3\ под редакции А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого Москва. Проспект, 1998.-592с.
6. Алексеев С.С. общая теория право. Том 1- 1982.-322с.
7. Гражданское и торговое право. Учебник под редакции Васильева Е.А. москва, международное отношение. 1993.-560с.
8. Дождев Д.В. Римское частное право\учебник для вузов Москва. Инфра-Норма, 1997.-684с.
9. Дождев Д.В. Римское частное право\учебник для вузов Москва. Инфра-Норма, 1997.-289с.
10. Ничаева А.М. Семейное право\курс лекции Москва, Юристь, 1998.-336 с.
11. Коркунов Н.М. Лекции по общей тоерии права\Сосква, 1950.-220 с.
12. Дождев Д.В. Римское частное право\ учебник для вузов Москва. Инфра-Норма, 1997.-286с.
13. Ф. Энгельс. Происходжнение семьи, частной собствености и государства. 1884.
14. Цатурова М.К. Русское право 16-18в. Москва, Юридическая литература 1991-112с.
15. Латкин В.Н. Учебник истории русского гражданского права. Период империи. 1909-513с.
16. Невалин К. История гражданских законов. 1851-456с.
17. Загоровский А.И. Курс семейного права-Одесса, 263с.
18. Н. Өсерұлы Жеті жарғы-Алматы, 1995-35 б.
19. Н. Өсерұлы Жеті жарғы-Алматы, 1995-36 б.
20. Функ Я.И. Брачный договор, Имущественые отношения супругов и их участие в хозяйтвенных обществах и товариществах: Москва: Амалфея,-2000-160с.
21. Мусульманская право. Учебник-Алматы, Данекер 1999-252с.
22. Мусульманская право. Учебник-Алматы, Данекер 1999-114с.
23. Давид Рене, Жоффре-Спионизи К. Основные правовые системы современности. Москва, Международные 1997-526с.
24. Хаммуда Абдалати. Взгляд на ислам\ Жемкова С.И.Новосибирск, 1995-241с.
25. Торнау Н. Изложение начал мусульманского законоведения.Сант-Петербург 1849. Репринтное издание по заказу Советского общества мусульман. Москва, 1991-475с.
26. Торнау Н. Изложение начал мусульманского законоведения.Сант-Петербург 1849. Репринтное издание по заказу Советского общества мусульман. Москва, 1991-141с.
27. Бачшев Ж. Общие принципы, исламского право, теория доказательств и системы наказания. Алматы, Жеті жарғы 1996-78с.
28. Сулейменов М.К. Басин Ю.Т. Гражданское право. Алматы, 2000-704с.
29. Брачный контракт, Максимович Л. Москва, 1997-27с
30. Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Заңы Алматы, Дәнекер 2001-38б
31. ҚР Азаматтық кодекс, 2003-72б, Алматы, Юрист.
32. Гражданское и торговое право капиталистических государтств: Учебник под редакции Васильева Е.А. Москва, 1993.-517с.
33. Гражданское и торговое право капиталистических государтств: Учебник под редакции Васильева Е.А. Москва, 1993.-323с.
34. Кант И. Метафизика нравов-Москва, 1976-416с.
35. Иоффе О.С. Советское гражданское право\Курс лекции; Ленинград, 1965-347с.
36. Матвеев Г.К. Советское семейное право\Москва Юридическая литература, 1978-240с.
37. Антоколская М.В. Семейное право: Москва, 1996г. -366с.
38. ҚР Конституциясы. 1995ж. өзгертулер мен толықтырулар. 26 бап, 11б.
39. ҚР Азаматтық құқық. Тілеуғалиев Г.А. Алматы, 2001-50
40. Ничаева А.М. Семейное право\курс лекции Москва, Юристь, 1999.-37 с.
41. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 2003.15.07.
42. Пчелинцева Л.М. Семейное право России\ учебник для вузов Москва, Издетелская группа Инфра-Норма, 1999.-65с.
43. Игнатенко А., Скрыпников Н. Брачный логовор. Законный режим имущество супругов. Коментарий к Семейному кодексу. М., 1997-105с.
44. Нечаева А.М. Споры о детях.- М., 1989г.-84с.
45. Семейное право. Юрист: Сборник нормативных актов Алматы-2004-16с.
46. Гражданское право. под редакции А.П.Сергеева, 1998.-592с
47. Антоколская М.В. Семейное право: Москва, 1996г. -93с
48. Оридорога М.Т. Брачное отношение. Киев. 1971-35с.
49. Ермұхамедова С.Р. Неке шартының мәні неде? Тураби 3\1998-15с.
50. Айтжан Б.Е. Семейное право. Учебно-справочное пособие Алматы: Юрист,2003-10с.
51. Игнатенко А., Брачный логовор. Законный режим имущество супругов.. М., 1997-27с.




Нормативтік актілер

52. ҚР неке және отбасы туралы заңы. 17.12.1998ж.
53. ҚР Азаматтық кодексі жалпы бөлім. 27.12.1994ж.
54. Закон РК от 13 декабря 2000г. О детскихдеревнях семейного типа и домах юношества.
55. ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы. 16.04.1997.ж
56. ҚР кәсіпкерлік туралы Заңы. 19.06.1997.ж
57. ҚР шаруа(фермер) қожалығы туралы Заңы. 31.03.1998.ж
58. ҚР Мемлекеттік баж туралы Заңы. 31.12.1996.ж
59. ҚР Нотариат туралы Заңы. 16.06.1997.ж
60. Минская Конвенция о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 22 января 1993 года.
61. Всеобщая декларация прав человека, принята и провозглашена революцией Ассамблеи ООН от 10 декабря 1948 года.
62. Международный пакт о гражданских и политических правах 1966 года
63. Правила о порядке регистрации актов гражданского состояния в РК, утвержденные постановлением Правительства РК от 22 мая 1999 года №620
64. Постоновление Пленума Верховного суда РК от 28 апреля 2000г. №5 О применении судам законадательства при рассмотрении дел о расторжении брака
65. Закон РК от 24 января 2001г.№152-2 О земле. Общая собственность супругов на земельный участок.
66. Инструкция о порядке совершения нотариальных действи в РК, утвержденная приказом Министра Юстиции РК от 28 июля 1998 года №539 (внесены изменения пиказами Министерства юстиции РК от 29.01.00г. №7; от 20.11.2000г.№527-к).

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І Бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке
шартының теориялық маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.6
1.1. Неке шартының тарихи даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...6
1.2. Мұсылмандық құқық жүйесіндегі неке шарты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3. Ағылшын – Американдық құқық жүйесіндегі неке шарты
... ... ... ... ..13
1.4. Неке шартының түсінігі мен отбасы құқығындағы орны
... ... ... ... ... .14
1.5. Қазіргі кездегі неке мен отбасын нығайтудағы дәстүрлік неке және
отбасы заңдарының рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17
1.6. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша ерлі-зайыптылар мүлкінің
құқықтық табиғаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19
1.7. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен алған табыстары

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.8. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары
... ... ... ...21
1.9. Ерлі-зайыптылар алатын зейнетақылар, жәрдемақылар, арнаулы
нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..21
1.10. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимінің ерекшеліктері
... ... ... .22
1.11. Ерлі-зайыптылардың жеке меншіктері [45,16]
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
1.12. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..30
ІІ Бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Неке шартының құқықтық реттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.1. Неке шартын жасау тәртібі мен мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2. Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылардың жауапкершіліктері
... ... ..41
2.3. Неке шартын өзгерту және бұзу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...45
Схема
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
Бітіру жұмысын жазуға қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер:..51
Арнайы
әдебиеттер: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..51
Нормативтік актілер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .53

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздік алғалы бері – қоғам
өмірінде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, саяси аймақтары түбірімен
өзгеріске ұшырады. Қазақстанда неке және отбасы туралы мәселелер кең орын
алуда. Отбасы – бұл қоғам өміріндегі аса маңызды, күрделі бөлшек. Отбасы
көптеген қызықтарға толы, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, моральдық
фактілермен ұштасып жатады. Олар мәңгі әлеуметтік мәселелерге айналады.
Мысалы, балалардың жағдайы, ата-аналарынан айрылып қалған балалар, некені
бұзу еркі, жастардың жыныстық қатынастары және т.б. Осы ауыр аспектілерді
дұрыс шешу үшін адам өміріндегі отбасыға аса көңіл бөлген жөн.
Негізгі заң- Қазақстан Ресупбликасының Конституциясында қөоғамның
отбасына қатысты мемлекеттің қорғалуында болады деген анықтама бар. Осы
Конституциялық қағыда көптеген теориялық жоспарлар мәселесін шешуге
көмектеседі. Жаңа реформалар қоғам өміріндегі әлеуметтік институттардың
ішкі жағдайын өзгертуге тырысады. Неке- сызықша институты болып табылмайды.
Президенттің Қазақстан Республикасының халқына мынандай жолдауы бар:
Қазақстан-2030 Мұнда барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын
көтеруге, халықты қорғауды, неке және отбасы институтын нығайтыу керек
делінген. Жаңа неке және отбасы заңы қабылданғанға дейін отбасы заңдарында
неке шарты санаулы баптармен ғана қарастырылған болатын. Неке шарты
азаматтық құқықтағы шарттың бір түрі болып табылады.
Қазақстанда неке шартын жасау мүмкіндігі 1993 жылдың қазан айынан
басталды. 17 желтоқсан 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Неке және
отбасы туралы заңында, жұбайлардың мүлкінің шарттық режимі бөлімінде
қарастырылған. Қазақстан Ресупбликасының отбасы заңы неке шартын
жұбайлардың мүліктік қатынастарын реттейтін шарт ретінде қарастырады, яғни
неке шартының пәні жұбайлар арасындағы мүліктік қатынастар болып табылады
және басқа отбасылық қатынастар неке шартымен реттелмейді. Неке шартын
қабылдар кезде жүргізілген анкета бойынша бастапқы кезде наразылықтар
болды.
Көптеген тұлғалар бұл некеге тұрған кезде жұбайлар арасывнда
сенімсіздік тудырады, мүлік туралы дау болса шартсыз шешіледі деген секілді
жауаптер берді. Бұрын неке шартын тек қана әр түрлі шетел арқылы білген
болсақ қазіргі кезде бұл отбасы құқығының негізгі институттарының бірі
ретінде толық құқықтық жағынан реттелген деп айтсақ қателеспейміз. Неке
шартының мазмұнын жұбайлардың мүліктік құқықтарына меншікпен байланысты
құқықтар мен міндеттер құрайды. Неке шарты арнайы субъективтік құраммен
жасалады, яғни жұбайлар арасында. Жұбайлардың бірігіп тапқан мүлікіне
шарттық қатынастарды бекіту ҚР азаматтық кодексінде қарастырылған. Отбасы
нормалары бұл қатынастарды реттей отырып,
неке шартының құқықтық табиғатын; оның жасалу нысанын;
неке шартының мазмұнын;
неке шартының өзгертілуін;
тоқталыуын; жарамсыздық негіздерін қарастырады.
Неке шартына екі жақты мәмілелерге қатысты Қазақстан Ресупбликасының
Азаматтық кодексінде қарастырылған ережелер қолданылады. Неке шартынан
туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме туралы жалпы ережелер
қолданылады. Неке шарты бізде жаңа институт болып табылады. Болашақта бұл
шарттың кеңірек қолданылатына сенеміз. Қазақстан Республикасынынң Азаматтық
кодексіне сәйкес шарт дегеніміз екі немесе одан да көп тұлғаның азаматтық
құқықтары мен міндеттері өзгерту немесе бекіту тоқтатуға бағытталған
келісімдер. Берілген анықтама неке шартының мазмұнын да ашады. Неке
шартының жасалуы некемен байланысты. Жалпы неке мәселелері отбасы
заңдарымен түсіндіріледі. Ал, неке шартының субъектілерінің некеге тұрған
жұбайлармен анықталады.
Неке дегеніміз- ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүлікті емес
қатынастарды туғызатын отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген
тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайына жасалған еркек
пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ. Неке міндетті түрде азаматтық хал
актілерін жазу органдарында қиылады. Неккегше тұру және неке шарты тығыз
байланысты институт.
Неке шартының субъектілері жұбайлар болғандықтан неке шартын жасайтын
тұдлғалардың қабілеттілігі некеге тұру қабілеттілігмен сәйкес келеді.
Егерде тұлға неке жасына жетпесе, ол ата-аналарының немес
қорғанышыларының келісімінсіз неке шартын жасай алмайды. Неке жасағаннан
кейін кәмелеттік жасқа толмағанжұбай толық әрекет қабілеттілікке ие болады
және өзіне неке шартын жасауға құқылы.
Отьасы құқығында неке шартының да алатын орны зор. Шарттық қатынастар
дәлірек айтсақ, неке шарты көптеген елдерде бұрыннан қолданылып келеді.
Неке және отбасы заңының 38-бабына сәйкес некеге тұрушы адамдардың
келісімі немесе ерлі зайыптылырдың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы
мүліктік ұқұқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімі неке шарты деп
танылады.
Неке шарты некеге тұрушылар немесе ерлі зайыпты арасында жасалады және
ерлі зайыптылардың неке кезінде және неке бұзылған жағдайда мүліктік
құқықтарымен міндеттерін анықтайды.
Неке шарты тек екі жақтың ерікті келісімі арқылы жасалады. Неке шарты
жағдайында алғашқы пікір таластар болағн кезде, неке шартының қажеті жоқ,
ол пайдакүнемдік, азыратуға ниет қоя отырып жасалады деген пікірлерде
болды. Бірақ қазіргі кезде бұл институттың тиімділігі, біріншіден ерлі
зайыптылар арсындағы мүліктік құқықтары мен міндеттері туралы дауылы
мәселені ешқандай даусыз шешуге негіз болды. Және екіншіден, неке бұзылған
жағдайда ерлі зайыптылардың уақытын бекер алмай жұмысын жеңілдетуге негіз
болады. Ал, үшіншіден ерлі зайыптылардың некені бұзған жағдайларында
өздерінің мүліктік құқықтары мен міндеттері туралы алдын-ала хабардар
болуы, төртіншеден, неке шартының ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі
жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалу мүмкіндігі және т.б.
Бұл жолға қарамастан неке шарты талап етілмейді деп айтуға болмайды,
өйткені территориялық әділет органын және нотариалдық палаталардың берген
мәліметеріне сүйенсек неке жасаушылардың саны біртіндеп өсуде.
Мысалы, 1998 жылы Қазақстанда Атырау облысында ең алғаш рет неке
шартын бір адам жасаған. Ал, 1999 жылы Қарағанды да, Шығыс Қазақстанда,
Батыс Қазақстанда, Орталық және Оңтүстік Қазақстанда 10 неке шартын
жасаған. 2000 жылы 40 неке шартын жасаған, олар: Алматыдан-2, Ақмола
облысынан-3, Қарағанды облысынан-8, Қостанайдан-2, Шығыс Қазақстаннан-15,
Баттыс Қазақстаннан-1, Жамбыл облысынан-1, Павлодар облысынан-5, Маңғыстау
облысынан-2, Сорлтүстік Қазақстаннан-2.
Практика жүзінде неке шарты табиғи ерекшеліктерін дұрыс білуіне оның
мазмұнын, құқықтық және құқықтық емес аспектілерін субъективтік құрамдарын
анықтап білуге мүмкіндік береді. Неке және отбасы заңы диспозитивтік
нысанын енгізуі отбасы институтына басты талаптардың ьолуын қалайды. Бұл
нормалар неке және отбасы құқығындағы ерлі зайыптылардың жеке мүліктерін
модельдеумен, кейін бірге тұрғаннан кейінгі мүліктерді ортақтасып
пайдалануына көмек көрсетеді. Неке шарты практикада қолданылуына және
болашақта перспективтік дамуына ғылыми тұрғыдан анықтауына мүмкіншілік
тудырады:
▪ Комплекстік зерттеу мәселелірінң жоқтығы;
▪ Заңдар жүйесінің деңгейі толық өңделмеуінде;
▪ Отбасы құқығының жалпы теориялық мәселелірінң жеке дамыттыру
қажеттілігі және оның әсерінен неке шартынаың ерекше
институттарының жүзеге асыру;
▪ Отбасы заңдарындағы практикада қолданылатын аса мәнді
сұрақтарды анализдеу, көбінесе неке шартындағы дау мәселелерін
сот органдары дұрыс жұзеге асыруы.
Қазақстанда неке және отбасы құқығындағы мәселелеріне мынандай
ғалымдар өз үлестерін қосты: Ю.Г.Байсин, Б.Б.Базарбаев, А.Е.Беспалова,
А.Г.Диднеко, А.Жакипова, У.К.Исханов, Р.А.Козленко, М.К.Сүлейменов,
Г.И.Тулеугалиев және т.б. Бірақ соңғы жылдары отбасы құқығына ешкім аса
көңіл бөлген емес.
Неке шартының зерттеу пәні-неке шарты азаматтардың мүліктік меншік
құқығын жүзеге асыру әдісі ретінде және оны заңи тұрғыдан қорғау кепілі;
ерлі зайыптылардың мүлікке қатысты құқықтық жариялау қағидасы мен қайнар
көздері, неке шарты субъектісі мен пәні, неке шартын жасау тәртібі неке
шартын тоқталуы мен өзгертуі, неке шартындағы жауапкершілікпен мазмұны.
Неке шартының негізгі мақсаты-қоғам өмірінде неке шартының алатын орны
мен неке шартын әлеуметтік институт реінде қарау. Алға қойылған мақсаттарды
жүзеге асыру үшін келесі мәселелер қойылған:
▪ Неке шартының даму тарихын анализдеу, қазіргі кезеңмен тарихи
неке интитуты мен неке шарт қатынастарын анализдеу;
▪ неке шартының мәнін ашу;
▪ неке шартын жасау өзгерту, тоқтату негіздерін сипаттау
жарамсыз деп тану;
▪ неке шартының субъектілерінің жағдайын анықтау;
▪ неке шарты бойынша азаматтардың құқықтық жауапкершіліктерін
ерекшелігін анықтау;
▪ шетелдегі неке шартының құқықтық жүйенсін анализдеу.
Зерттеу әдістемесі: диалекті-логикалық, нақты тарихи, тезникалық-заңи
салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-құрылымдық, фунционалдық әдістемелер
қолданылады.
Жұмыстың теориялық негізі: Ғалымдар мен заңгерлердің, теоректиктар мен
цивилистердің басқа да ғылым саласындағы ғалымдардың еңбектері көп қызмет
жасады. Солардың бірін атап кетсек:- С.С.Алексеева, М.В.Антакольская,
Ю.Г.Бассин, С.Н.Белякованың, О.С.Иоффе, Ю.К.Толстой, А.П.Сергеева,
В.В.Витрянский, С.В.Боботова, В.А.Мусина, Н.В.Ребянович, В.С.Нерсесянц,
Д.М.Чечота, Я.Шаппа, А.Е.Шаврин, Е.Я.Мутовиловкера, М.И.Кулагин,
Е.А.Суханов.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Қазақстан ең алғаш рет азаматтық құқық
кәсіпкерлігінде неке шартының теориялық және комплекстік мәселелері туралы
болып отыр. Осыған байланысты қорғауға келесі мәселелер шығарылуы мүмкін:
▪ тарихи мәліметтерге сүйенсек неке мен неке шарт институттарын
ұқсатқан, бірақ қазіргі кезеңге байланысты неке мен неке шартын
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бір тәртіппен қарауға
болмайды.. Неке шарты некеден пайда болды, яғни екі жақтың
келісімі қажет және де некеге аксессорлық қатынас сипатында
болды.
▪ Неке шарты – жеке өзінді азаматтық құқықтық шарт болып
табылады. Өйткені оның мақсаты немесе бағыты басқа азаматтық
құқықтық шарттарына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, неке шарты
өзіне әртүрлі шарттың элементтерін қосып ала алады.
▪ Неке шарты келесі топтастырылған белгілермен сипатталады.
Конценсуалды өзара қайтарымды каузальды мерзімсіз қатысушылардың
пайдасына үлесті.
▪ Неке шарты – азаматтық құқықтық шарт тараптарының құқықтық
мүліктік режимін құруға, ерлі-зайыптыларының өзара құқықтары мен
міндеттерінің мазмұны, отбасы шығындарын алып жүруі, ерлі-
зайыптыларының бір-бірінің кірістеріне қатысу әдісі, неке
бұзылған кездегі жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастарда
анықтау туралы мәселелеріне бағытталған.
▪ Неке шартының жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуі, яғни
бізде құқықтық әдіспенен дұрыс қамтамасыз етілмеуі.
▪ Заңда міндетті түрде некеге тұрушылардың шеңберінің дәрежесін
анықтауы және неке шартын жасаушылардың нақты тұлға мен мерзімін
белгілеу.
▪ Неке және отбасы туралы заңына келесі жағдайларды енгізу
қажет.
1. Неке шартын жасау барысында өкілділікке жол берілмеуі.
2. Борышқор болып табылатын ерлі-зайыптылардың міндеттері
туралы несие берушіге яғни оның неке шартын жасасқандығы,
бұзғанын немесе өзгеркендігі туралы мәлімет алуы тиіс.
Неке шапртында ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік емес құқық
қатынастарына қатысты келесі сұрақтарды реттеуі мүмкін деп танылады.
Ерлі-зайыпталардың жеке немесе бірге тұруына мүмкіндеіктері, туыстары
мен бірге тұруына ерлі зайыптылардың бір текті таңдауға өзара келісімдер,
профессионалдық жұмыс орны мен тәртіп режимін таңдауға құқығы, болашақ
балалардың санымен тәрбие беру және оқыту туралы, баланы асырап алу жөнінде
және суррогаттық мәселелер неке шартының пәні ретінде саналуы мүмкін.

І Бөлім
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке шартының теориялық
маңызы.

1. Неке шартының тарихи даму кезеңдері
Қазақ халық болып құрылмай тұрған сонау ежелгі дәуірлерінен – ақ неке
мен отбасына табиғи сұрыптау, тек пәктілігін сақтау, отбасы – ошақ қасы
жетекші қызмет атқарған. Болса да, әр дәуірде отбасылық және неке
қатынастары құрылымдық жағынан экономикалық, әлеуметтік, рухани өзгерістер
әсерінен дамып өзгеріп отырғаны хақ. Қоршаған ортаны адамдардың өздері
қалыптастырады. Адамзатқа мыңға жуық әртүрлі құқықтық жүйе белгілі. Ең
алғашқы адамзаттың әлеуметтік өмірін қалыптастыру біртіндеп жүзеге
асырылды. Адам әртүрлі шығармашылық әрекеттерді жүзеге асырады [3,192].
Неке және отбасы қатынастары біздің көзқарас бойынша миф, өйткені отбасы –
табиғат пен мәдениеттің арасындағы компромисс. Адам организмі мен адам
ішіндегі "мен" бұл экцентрикалық байланыс болып табылады.
К.Леви – стос былай деп жазады: "Біз ежелгі кездегі отбасының қатаң
нысандарына негізделмеуіміз керек". Неке шарты – қоғам өмірінде жаңалық
болып табылмайды. Неке шарты әлеуметтік институт болып бірден пайда болған.
Кез келген институттың даму тарихына бар. Неке шартының институтын түсіну
қиын, егер оның тарихи процессін білмесен. Отбасы институты ең алғаш салт-
дәстүр ретінде дамыса, кейіннен нормативтік тәртіп ретінде қалыптасты. Неке
– құқық квалификация қатынасының пайда болуына бағытталған шарт. Рим жеке
құқығы мынандай тәртіп енгізеді: "Әлеуметтік өмірде рим азаматтары үшін –
теңділік пен еріктілік ең маңызды шарттың бірі болып табылады". Әділділік –
бұл тұрақтылық пен еріктіліктің ажырамайтын әркімнің құқығы. Құқықтың
келесі қағидасы: адамдардың жақсы өмір сүруі, ешкімге зиян келтірмеу және
әркім өзінің құқығына ие. Бұл қағидалар неке және отбасы қатынастарында аз
және көп деңгейде қолданылады. Неке шарты, біріншіден рим жеке құқығының
гносеологиясы деп қарады, осының нәтижесінде институт қалыптасты.
Екіншіден, рим жеке шартын – рационалдық, сенімді сипатқа ие. Үшіншіден,
неке шарты концепциялары рим жеке құқығынан пайда болды.
Неке шарты – тек мүліктік қатынастарды ғана емес, сонымен қатар ерлі-
зайыптылардың мжалпы қатынастарын реттейді. Осының нәтижесінде неке шарты
заттық және міндеттемелік шарттармен анықталады.римдегі отбасы –
патриархалдық болып табылады:онда билік анықталған, яғни некелескеннен
кейін әйелі күйеуінің үйіне барады (pater familias). Отбасы – ежелгі
кезеңіндегі сокралдық культ негізінде құралған, (ата-аналар, отбасы мүшесі
б.т) және ретроспективтік туысқандық негізде (agnatio тууы). Қандық туыстық
идея-(cognatio со-рождение) ежелгі патриархалдық отбасынан бөлек. Осы екі
туыстық қатынастарынан – заңдық және табиғи схема қалыптасты: "egenus-
species": кім агнат болып табылса, сол когнат, бірақ керісінше болмауы
керек. Неке бұл құқықтық институт, ерлі-зайыптылардың некелесуі – ерікті
сондықтан заңи шарт болып табылады.
Некенің филологиялық термині ежелгі орыс лексиконында "брачити"- жақсы
нәрселерді өзіне алу.
Неке (nuptial, matrimonium) – еркекпен әйелдің әлеуметтік негізінде
құрылған одақ, осы одақтан пайда болған балалардың құқықтық жағдайын және
ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары мен мұрагерлік құқықтарын
анықтайды. Флейниц Е.А. пікірінше: рим отбасы тарихында екі некенің түрін
белгілейді – олар әр түрлі нысанда жүзеге асырылады және ерлі-зайыптылардың
мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастары, анасының балаларына қатысты
жағдайлары әр түрлі белгіленген [4,332].
Некенің түрлері:
1-ші: "Сum manu" зайыбының жұбайына билік ету (қатаң түрі).
2-ші: "Sine manu" зайбының жұбайына қатысты ешқандай биліктің болмауы,
олардың арасында заңи байланыс жоқ.
Хутыз М.Х. "сum manu" некелесудің ең ежелгі нысаны деп табалды
[5,592]. Қазіргі итальян романисі Ф.Серраро некенің ең маңызды элементі
"ерлі-зайыптылардың некеге тұруға ерік білдіруі" [6,322]. "Sine manu"
некесі қарапайым келісім негізінде жүзеге асырылады, заңи акті бойвнша –
жігіттің үйіне қызды алып келуі. "Сum manu" некесінен ерекшілігі мұнда
күйеуінің еркі өзінде болады. Ал "Sine manu" некесі бір жақты арыз берумен
және айырылысудың себептері көрсетілмей ажырасуға құқық беріледі. Некеге
тұру алдында құда түсу болады - "sposalial". Ежелгі кезде құда түсу ант
беру негізінде жасалды [7,560].
Құда түсу классикалық кезеңде қыз бен жігітке моральдық ауыртпашылық
түсіреді. Некеге тұру үшін барлық туысқандардың келісімі қажет[8,684].
Модестиннің некеге берген анықтамасы: "Huptial sunt coniunctio maris
et consortium omnis vitae divini et humani iuris communicatio" (Неке - әйел
мен еркектің барлық өмірлерінің бірігуі, адам құқығының қосылуы) [9,289].
М.Х. Хутыз римдегі некенің ерекшкліктерін айтқанда - әйелде ешқандай жеке
мүліктік құқығы болмаған оның жағдайы өзінің балаларының жағдайына
теңестірілген [10,336]. Ал "Sine manu" некесінде керісінше жұбайы зайыбының
құқығымен теңестіріледі. Мемлекет римнің жеке құқығын сақтап қалуы
мақсатымен, ерлі-зайыптылардың қатынастарына арласқан жоқ. Неке тараптардың
мүліктік құқықтарын анықтаған. Ер адам әйелінің қамқоршысы болды. Ерекше
режимге қатысты әйелдің барлық мүлкінің тағдыры – отбасының сақталуы мен
сақталмауына қарамастан, өздерінде қалды, мұны "dos" – деп атады. М.Х.
Хутыз римдердің шарттың түрлерін анықтаған [11,220]:
1. міндеттемелік
2. заттық
3. некелік
Егер ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда әркімнің мүлкі өзінде қалады.
әйелдің жасауы мен некелескенде берілетін арнайы мүлікті ажырата білуі
керек болды, мысалы: сыйға тарту, мұрагерлік негізінде және т.б. 12 кесте
формуласында былай делінген; егер ерлі-зайыптылыр ажырасса өзімен алып
келеген мүлкінді өзіңмен бірге алып кет – делінген "Res tuas tibi
habeto"[12,286].
Мүлікке талап арыз – бұл ерекше жеке талап және бұл құқық әйелінің
мұрагерлеріне берілді. Сонымен қатар рим құқығында некелесу кезінде неке
шарты болған. Егер зайыбы жұбайына зиян келтірсе, онда оған төлемақы төлеп
берген . Яғни, "мүлік бағасы – dos austimata". Егер некелесу жүзеге
асырылмаса, онда әйелдің жасауын қайтарып беруі тиіс, яғни мұнда төлемақы
төленбейді. Мысалы, ажырасқан жағдайда жұбайы сыйға берілген мүлікке зиян
келтірсе, онда мүлік зайыбының жағына өтеді.
Льюс Т.Морган "Адам үш фазадан өтеді" деген теорияның белгілі
авторы.
1. Жабайы – оған ең алғаш коммунизмді жатқызды.
2. Варварствалық – оған жануарларды үйрету, ауылшаруашылықты жатқызды.
3. Цивилизация – оған моногамдық отбасы, мемлекет, жеке меншік, жазуларды
өңдеу және т.б
Некенің үш нысаны адамның үш түрлі кезеңіне қарай дамиды. Мысалы, жабайылық
кезеңі – топтасқан неке, варварлық екеуден құрылған неке, цивилизация –
моногамия. Қосарласқан неке пайда болғанна бастап әйелді сатып алу мен
ұрлау нысаны қалыптасты. Моногамдық нысаны жеке меншік негізінде пайда
болды – құлдық, әкесінің билігінің әсер етуі, мұрагерлік институт негізінде
қалыптасты. Ф.Энгельс гректердің, француздардың, немістердің некесін
зерттеу барысында мынаны байқады – яғни, олардың некелері материалдық есеп
негізінде жасалады деген[13,15]. Ресейде неке отбасы қатынастарының
мәселелеріне совет өкіметі кездерінде ғалымдар ізденушілер аса көп көңіл
бөлген емес, яғни олардың некелесу әрекеттері қарапайым нысанда қалыптаса
берді. Ресей елінде христиан дінін қабылдағаннан кейін, православиялық
шіркеудің өкілеттігін енгізеді, яғни онда византиялық тәртіпке көшіреді.
Некені тек екі адам құру керек, өйткені ұрпақты жалғастыру үшін және
күнәлік өмірден арылу үшін. Некеге бір рет өмір бойы тұру болды.
Христиандық неке - өте қиын болды, өйткені барлық талаптарды орындау керек.
"Кормч" – кітабына сәйкес, қыз бен жігіттің ата-анасы алдын ала мүлікке
қатысты мәселелерді шешкен. Шырақшы некелесу кезінде неке кітабын берген,
оны некелесу кезінде міндетті түрде көрсетуі тиіс. Некеге тұру кезінде
міндетті түрде олардың жас мөлшері анықталынған, яғни жігіттер үшін 15 жас,
ал қыз бала үшін 13 жаста болуы тиіс. Шырақшылар кәрі адамдарды неке қиуы
дәстүрін жасамады. Патша 1-ші Петрдің бұйрығымен 80 жастан асқандарға
некелесуге болмайды деген бұйрық шығарады. Некеге тұрушылар арасында жас
мөлшеріне байланысты үлкен аралық болмауы керек делінген[14,112]. Жақын
туыстары мен және некесі бар адамдармен некелесуге тйым салынған. Некеге 4-
ші рет тұруға болмайды делінген. Григорий Великий 1551 жылы канондық
құқығында былай делінген: 1-ші неке – заңды, 2-ші неке – кешірім, 3-ші неке
– заңды қылмыс, 4-ші неке – таза емес, шошқа өмірі. Петрдің кезеңіне дейін
ерлі-зайыптылардың айырылысуына екі жақ келісім берсе, неке бұзылды деп
танылды[15,513]. Москвалық кезеңге дейін әйелдердің құқықтары ерікті болды,
яғни "эпоха терема" деген кезең басталды. Онда жоғарғы таптағы әйелдер
ешкіммен сөйлеспеген, тек өздерінің жақын туыстарымен ғана араласқан. К.
Неволин былай деп есептеді: "Ресейде – күйеуі әйелін өлтіруіне құқығы
болған жоқ". әйелін өлтіргені үшін күйеу тек жеңіл жарақатын алды, ал әйелі
күйеуін өлтірсе, онда тірідей жерге көмді[16,456]. Ал рим елінде барлық
құқық күйеуінде болды.
1714 жылы әйелдің жасауы оның жеке меншігі болып саналды. Некеге тұру –
алып қашу нысанында жасалса, әйел объекті ретінде қарастырылды, ал некеге
тұру – сатып алу нысанында жасалса,онда ол мүлкінің көлемі негізінде
шектелінді.
Кез келген қоғамның негізі – отбасы. Біздің ата-бабаларымыздыңтұрмыс
тіршілігінде отбасы ең маңызды тіршіліктің буыны деп саналып, оны мықты
ұстауға өмірдің өзі мәжбүрлеген дей аламыз. Адамзаттың жаратылысының ең
басты мақсаты- адамзат ұрпағының үздіксіз жалғасуын, болашақ ұрпақ болуын
қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылды. Ол қарама-қарсы жыныстағы адамдардың
жұптасып, некелесіп отау құруымен қамтамасыз етіледі. Ислам тарихында да
бұл жайт айқын айтылады. Адам ата мен хауа анадан туылған Әбіл мен Қабыл,
бауырлары мен қарындастары таласып өлтіргені сөз болды. Сөйтіп, "Алғашқы
заманда қарындастары ағасының әйелі болған,мұнын өзі әдепсіздікке жатпайтын
еді"-деп, К.Маркстің сөзінің жаны бар. Қазақ халқы ұлына да, қызына да
бірдей қарап, оларды ешқашан аламаған. "Қызын қияға, ұлын ұяға" деген
мағыналы ұғымға үлкен мән берген. "Он бесте отау иесі" деген қағиданы бетке
тұтып, өздері жақсы білетін, аралас-құралас жүрген текті де көргенді жерге
құда түсіп, ұлдарын үйлендірген, қыздарын ұзатқан[17,263]. Қазақтар
құдалықты қыз бен жігіттің қосылуы деп емес екі отбасының, қала берді екі
рудың туыстасуы деп ұққан қазақтар ажырасу үшін үйленбеген.
Қазақтардың ежелгі отбасылық дәстүрлі мен соған қатысты қағида – ережелері
халқында мағлұматтар ауыз әдебиетімізде молынан ұшырасады. Мысалы, ата-ана
құқықтары, қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, қазақ некесінің ерекшеліктері,
қалың мал мәселесі, бата бұзу, қыз алып қашу, ажырасу, мирас пен мұра, бала
асырап алу және т.б. Қазақтар үлкен патриархал отбасының сипаттарын мығым
ұстаған. Өйткені, ежелден бері негізінен көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан ата-бабаларымыз бірнеше үйелмен ұрпақтардан құралып, бірге
көшіп, бірге қонбаса, бірігіп еңбек етпесе күйзелген болар еді. Ата баласын
жасы үлкен, ақылы мен пайымы мол, көпті көрген ақсақалы басқарған. Бір
атадан тарап, өз алдында жеке отау құрған ұлдары мен немерелері барлық істі
сол ақсақалмен ақылдасып, оның айтқанын екі қылмаған.
Қара шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын ардақтаумен бірдей, бәрі үшін
қасиетті саналады. Қазақ жеті атаға дейін қыз берісіп, қыз алыспаған.
Туыстардың некелесуіне тыйым салған, мұндай (экзогамиялық) заң әлемдегі
халықтар ішінде тек қазақққа ғана тән екендігін мақтанышпен айтамыз.
Тәуке ханның "Жеті жарғысында" еркек 15, әйел 16 жасынан бастап
некелесуге ерікті екені жазылған. әйелдің еркектен жасы сәл озып барып
тұрмысқа кештеу шығуы үйдің ішкі, сыртқы тіршілігінің бар тауқыметі әйел
затына түсетіні себепті болса керек. Қазақтардың құдаласу рәсімі өте
күрделі әрі қызық. Кейде бесігінде жатқанда құда түссе, кейде әлі өмірге
келмеген ұл-қыздарына да уәделесіп құда бола берген. Неке ісін ата-ана
шешеді, ал қыз бен жігіт құлақ асады. Қыз бен жігіттің ата-анасы құдаласуға
келісіп, оның белгісі ретінде үкі не сырға тағады. Осыдан кейін заңды
некелесу басталады. Қыз әкесі келісімді бұзса, үкі мен сырғаны қайтарады
әрі айып төлейді[18,35].
Ежелден бергі әдеп-ғұрып заңы бойынша күйеу жағынан құдалары алдымен
құдалыққа барып, "құйрық бауыр жесіп", киіт киеді, мініс мінеді. Ең қыибаты
жігіт әкесіне беріледі. Құдалардың келу құрметіне жасалған тойда "ақ қойдың
қаны ағызылып, ақ бата жасалады". Құйрық бауыр жесісудің мәні ерекше. Бауыр
– күллі нәрсенің жақындығының атауы, туыс-жегжаттың белгісі, бір бауырды
бөлісіп жеп, бауырласу мың жылдық құда-жегжат болғанын айғақтайды. Күйеу
мен қалыңдықтың біреуі өлген жағдайда да құдалық бұзылмайды. Күйеуі өлсе,
қалықдық оның бойдақ бауырына тиеді бірге туған бауырлары жоқ болса, онда
аталасына тиеді[19,36]. Күйеудің әкесі ұлына қалың мал мәселесінде
көмектесуге тиіс болса, қалыңдық әкесі жасау беруге міндетті. Бұл негізінен
киім-кешек төсек орны, кілем киіз, ыдыс-аяқ, үй жабдықтары, киіз үй т.б, ал
малдан қыз мінетін ат пен жасау артатын түйе ғана болған. Қалың мал мөлшері
мен жасау құралдардың әл-ауқатына қарай өзгеріп отырған. Қалың мал төлеп
күйеу кәдесін жасағаннан соң ғана жігіт қалыңдығымен некелесе алған.

2. Мұсылмандық құқық жүйесіндегі неке шарты.

Мұсылман құқығы (ал-фикс) кең мағынада ислам жүесінің әлеуметтік
нормаларды реттеу және қазіргі құқық жүйесі болып табылады. Мұсылман құқығы
Шығыс елдерінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Оның заңи, идеологиялық
факторы осы күнге дейін кең орын алуда. Мұсылмандық құқық пен ислам – бұл
религиоздық жүйе.
Мұсылмандық құқық – көптеген ғасырлардың әлемдік құқық мәдени ағымының
құқықтық жүйесі. Мұсылмандық құқық мемлекетке ислам діни бар жерлерде ресми
қолданылады. Оған: Сирия, Ливан, Иран, Ирак, Афганистан, Пәкістан, Египет,
Алжир, Судан, Кения, Камерун, Танзания, Иордания және т.б. жатады[20,160].
Мұсылман елдерінде құқық жүйесі әр түрлі – бірақ оның негізін ислам діні
жүзеге асырады. Ислам заңгерлерінің оқуы бойынша шариат – адам өміріндегі
барлық құқық жүйесін қамтиды.
Шариат – 11қағидаға негізделеді. Қағидасының бірі –Халал мен Харам бұл
алланың әрекеті болып табылады. Келесі қағидасында – құқыққа сай және
құқыққа қайшы әрекеті алланың еркі бойынша жүзеге асырылады. Шариат өзіне 3
түрлі алланың бұйрығын алады:
1. Жалпы құқықтар, исламның әлемдік көзқарастарын көрсетеді. Яғни,
индивидтердің әрекеттеріне тәртіп пен бағыт береді.
2. Ереже – адамның ішкі жан дүниесіне тәртіп.
3. Кодекс – жеке, отбасылық, экономикалық, және басқа шеңберде
адамдардың практикалық тәртібін белгілеу.
Фикс ғылымы 2 негізгі шеңберге бөледі:
1 түбір немесе негіз (усул – құранның қағидасы мен әдістемелері).
2 бұтақ немесе жиынтық (фуру – позитивтік құқық) [21,130с]. Мұсылман
құқығының қайнар көзі – Сунна, әрекет, тәртіп, Магометтің
болжамдары[22,114с].
3 Иджа – қайнаркөзі, келісім, оқытушы мен заңгерлердің шығарған
қағидалары[23,526с].
4 Кийяс – қайнар көзі, аналогиялық тұрғыдан ой бекіту.
Мұсылман құқығы басқа құқық жүйелерінен өзінше ерекшелінеді; термины,
нормалары, құрылымы мен құрылысы жағынан. Мәселен, континенталдық европалық
заңгерлер үшін мұны алланың әрекеті деп түсінеді.
Мұсылмандар үшін адамның ішкі жан дүниесі дін бойынша ол сүйеніш, ал
әлеуметтік ұйымда- отбасы. Мұсылмандар үшін ең жақсы құқық – отбасы болып
табылады. Неке және отбасы мұсылмандар үшін ортаңғы орынға ие. Неке – ерлі-
зайыптылардың алла алдындағы міндетті деп саналынады. Некеге тұру бұл
барлық талаптарды орындау, яғни белгілі бір кәмелет жасына толу, қалым
мөлшерін анықтау және т.б [24,154с]. Исламда неке – бұл таза, шынайы
әрекет. Некелесу кезінде барлық әрекеттер сақталынуы тиіс:
1 иджоба ве кабуль – жариялау, ерлі зайыптылардың өзара келісімін куә
алдында жариялау.
2 неке міндетін орындау да, екі рукет намазын ерекше оқу.
3 неке шартын жасасқанның алдында – неке актісін құру керек және мехра
санын анықтау қажет.
Сиггэ – барлық міндеттер орындалғаннан бкейін және нақты келісім
берілген соң, ауызша жарияланатын міндет болып табылады[25,135с].
Мехр - әйелі неке шартына отырғаннан соң, күйеуінің мүлкінен
берілетін мүлік, яғни жасау [26,141с]. үйлену, неке – мұсылмандардың
өміріндегі ең маңызды оқиға және күйеуі әйелінің барлық ауыртпалығын өз
мойнына алуы. Біздің ойымызша, әсіресе, мұсылман құқық жүйесінде неке және
неке шартының түсінігі ұқсас. Неке көбінесе жағдайда, екі жақты келісім
табылады, өйткені әйел еркек үшін заңды болып табылады. Неке шартының
мақсаты – ұрпағын жалғастыру. Неке шартын жасау кезінде – міндетті түрде
екі куәнің есі, ақылы толық және кәмелет жасқа толған болуы тиіс. Кейбір
жағдайда, мұсылмандар некелескен кездері олардың куәлары мұсылман болуы
міндет болып табылады. Сирия мен Иордания елдерінде мұсылмандық нормаларына
сәйкес – екі еркек немесе екі әйел куә болуы керек. Араб елінде талап арыз
мемлекеттік органнан тыс берілсе, белгіленген мерзім ішінде ол міндетті
түрде мемлекеттік тіркелуге тиіс және жазбаша нысанда болуы керек. Бірақ
Ирак елінде неке шартын соттан тыс жасау қатаң тиым салынады. 1978 жылғы №
21 егер ер адам соттан тыс неке шартына отырса, онда оны сот 6 айдан 1
жылға бас бостандығынан айырылады немесе 300-ден 1 мың динарға дейін
айыппұл төлейді. Егер ер адам некесі болып, басқа неке шартына отырса, онда
оған 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Некеге тұру үшін
міндетті түрде неке жасы белгіленген. Мысалы, Сирияда, Иракта, Мароккода,
Тунисте, Ливанда, Египетте 18 жасқа келсе некеге отыруына болады. Ал Араб
елінде ерлер үшін 16 жас, ал әйелдер үшін 15 жас болуы міндет. Кейбір
елдерде неке жасы нақты жағдайлармен анықталады. Мысалы, ерлер үшін
10жаста, ал әйелдер 9 жасында жыныстық қатынастары толығымен дамысса, онда
міндетті түрде медициналық тексерулерден өтіп, некелесуіне құқық беріледі.
Сирия елінде сот екінші рет неке қиыуына рұқсат береді: егер ер адам әйелін
толығымен қамтамасыз етсе. Ер адам өзінің екінші неке шартына отыратындығын
әйеліне хабарлауы тиіс. Араб елінен қарағанда тунистердің заңы полигамия
болуына мүлдем қарсы. Араб елінде шариат бойынша мұсылман мен мұсылман
еместердің жасасқан некесі жарамсыз деп танылады. Араб мемлекетінде
исламнан бас тартса, онда сот некені бұзады және үйленуге тиым салады. Егер
неке шарты барлық талаптарды орындаса, онда неке шарты жарамды деп
танылады. Араб елінде неке шартын жасасқаннан кейін, күйеуі некені төлеп
алуы (махра немесе вено), туралы ең басты мәселе болып саналады. Заңи
көзқарастар бойынша неке шартын жасағанның нәтижесінде махра пайда болады.
Заңмен рұқсат берілген заттар мен бағалы заттар, немесе ақша махра деп
танылады. Араб елінде махраға қатысты шектеулер қоймады. Сириялық заң
бойынша махраның min немесе max мөлшері болмайды. Махраны толығымен немесе
жартылай төлеу шарт негізінде және неке тоқталғанға дейін рұқсат беріледі.
Егер ерлі-зайыптылардың арасында жыныстық қатынас болса, махра толығымен
төленуі тиіс. Егер заң бойынша неке шарты бұзылса және күйеуінің кінәсінен
неке бұзылса, онда күйеуі махраның жартысын төлеуге міндетті болып
табылады. Ал егер әйелінің кінәсінен неке бұзылса, онда махра төленбейді,
ал егер махра шарт жасасқан кейін толығымен төленген болса, онда махра
толығымен қайтарылуы тиіс. Қағида бойынша махра көп үлесті құқықққа ие ол -
әйел болып табылады. Сирия елінде отбасы құқығы неке шартын жасағаннан
кейін күйеуі міндетті түрде әйелін тұрғын үймен қамтамасыз етуі тиіс.
Тұрғын үй барлық талаптарға сай болуы керек. Егерде күйеуінің екі әйелі
болған жағдайда, онда екеуі екі үйге орналастыруы керек, яғни екі әйелі бір
үйде тұруына тиым салынады. Сонымен қатар, әйелі өздерінің балаларымен ғана
тұруы керек. Күйеуінің жақын туыстарына рұқсат етілмейдіж және ерекше
жағдай ретінде егер – кәмелет жасқа толмаған болса, әйелімен бір үйде
тұруына рұқсат етіледі. Егер әйелі өз үйінде тұрып, күйеуі қай жерде
тұрғысы келсе, сол жерде тұрады, әйелі оған ешқандай шектеу қоя алмайды.
Неке шартын жасағаннан кейін, күйеуі әйелі үшін жауапты болады. Яғни,
әйелінің тамғы, аяқ-киімі және барлық қажетті заттармен күйеуі қамтамасыз
етуі тиісболып табылады. Египет заңы бойынша күйеуі әйеліне барлық жағдайды
жасауы керек. Бірақ көп жағдайда күйеуі әйелінің мүлкіне қарамастан, әйелін
қамтамасыз етуі тиіс. Егер күйеуі әйелін қамтамасыз етуден немесе оны
толығымен қамтамасыз ете алмаса, онда сот күйеуінен қажетті соманы өндіріп
алады. Көп елдерде егер әйелі күйеуін тындамаса, онда күйеуі оны қамтамасыз
етпеуі тиіс, ал егер әйелі бағынса, онда қамтамасыз етуі міндет. Мысалы,
күйеуі әйеліне тұрғылықты жерін ауыстыруына байланыстыайтса, бірақ әйелі
көнбейтін болса, онда күйеуі қамтамасыз ету жауапкершілігінен босатылады.
Шиитік мазхабалар – уақытша некеге тұруды көрсетеді; сиггэ, никах, мютютэ
және мута. Сиггэ, Никах, Мютютэ – бұл уақытша неке, ал Мута – уақытша әйел
деп саналады [27,78]. Сиггэ – кәмелетке толғандар мен кәмелетке
толмағандардың арасында жасалатын неке шарты. Оның уақыт ету мерзімі – 1
сағаттан бастап 99 жылға дейін некеге отыруына болады. Уақытша әйелдің
құқықтары мен міндеттері тұрақты әйелден ерекшеленеді, тяғни уақытша
әйелдің мәртебесі төмен болып келеді. Сиггэ неке шарты бойынша
некелескендер бір-бірінің мүлкіне мұра болады. Уақытша некеден туылған
балалар заңды деп танылады және ата-анасының мүлкіне мұрагер болып
саналады. Тұрақты мен уақытша некенің ерекшелігі оның мерзімінде болып тұр.
Сиггэ неке шарты Араб елінде исламға дейін болған, бірақ мынандай: " Сиггэ
шартына Халиф Омар қарсы "деген пікірлер қалыптасқан.
Бұл шарт мұсылмандар суниті араларында заңсыз деп танылады. Бірақ, Сиггэ
шарты мұсылман шииттердің исламында заңды деп қарастырылған. Неке – бұл
одақ, тараптардың теңдігі негізінде жасалынады. Неке шарты – классикалық
шарт, тараптардың теңдігі негізінде жасалынатын шарт. Неке шартының мазмұны
шариат бойынша ерлі-зайыптылардың мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтары мен қатынастары болып табылады.

1.3. Ағылшын-американдық құқық жүйесіндегі неке шарты.

1066 жылы нормандар жаулап алғанға дейін, ағылшын саксондық құқық өзінің
дәстүрлі құқық қағидаларын көрсете келді. Ағылшын саксондық құқығы өзінің
ана тілінде жазылған және де рим құқығынан тәуелсіз болды. Жалпы ағылшын
құқығы Великобританияның құқығы болып табылмайды. Дегенмен Англия елінде
қолданылады, бірақ Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия, Манша, Мэн
түбектері осылар ағылшындық құқық жүйесіне бағынбайды.
Ағылшын-саксондыққұқығының негізі қайнар көзі ретінде:
1. салт және дәстүр
2. заңдылық, яғни кең тұрғыда құқықтық мәртебе деп саналады.
Канцлер жаңа нормалар шығармаған. Ағылшын американдық құқық жүйесі
шарттарға аса көңіл бөлген.
"сontract"-"agreement"-келісім, шарт-деген ұғым береді. Англия елінде 1677
жылғы заңына сәйкес "Art for the Prevention of Frand and Perjuries", яғни
шартқа міндетті түрде 1 жылына АҚШ-ң 500 доллар мен жазбаша нысаны талап
етілді. [28,704с]. ағылшын-американдық құқықтық шартын жарамды деп таниды,
егер қарсы қойылған мүліктік жауаптарға сай келетін болса. Осы бірыңғай
неке және отбасы туралы заңы Ұлттық конференцияда 11 штатт елі мақұлдайды.
Көп штаттар азаматтық некенің тіркелуін талапетсе, ал басқа елдер
муниципалдық қызметтерінен лицензиясының болуын талап етуде. Көптеген
көзқарастар бойынша роман-германдық құқық жүйесінен ағылшын-американдық
құқық жүйесінің ерекшелігі, оның саясатпен ғана сипатталуында, яғни ішкі
істерге ерлі-зайыптылардың жеке мәселелерін кіргізбеуінде болып отыр.
Ағылшын заңгері в.Блэкстонның ойынша: "Құқық - әйел мен еркек некеге
отырғаннан кейін бір тұлға болып саналады". Не ағылшын, не американдық
әдебиеттерінде "консорциум" деген ұғымға нақты анықтама бермеген.
Консорциум – ерлі-зайыптылардың өзара құқықтары мен міндеттерінің бөлінуі
және бір отбасы болып тұруы. Консорциум – отбасындағы ерлі-зайыптылардың
бірге тұруындағы ортақ мәселе. Англияда ерлі-зайыптылар мүліктің бөлек
режиміне бағынады. Бөлек режим ең алғаш 1882 жылы енгізілді және ол барлық
ағылшын отбасыларына бірдей тқолданылды. Осы режим қабылданбай тура,
әйелдің жеке мүлкі деген ұғым болған емес. Неке шарты Англияда ең алғаш 17
ғасырда пайда болды. Неке шартының негізгі мақсаты – ағылшын ақсүйек
әйелдерінің мүлкін үйленген кезде сақтап қалуы үшін. Ерлі-зайыптылар некеге
отырған соң және некеге дейін мүліктері жеке болып есептелінді.
Келісім екі нысанда жүзеге асырылды:
1. Некеге дейін келісім (ante nuptial contracts. Prenuptial contracts)
2. Неке шарты (marriage contracts. Marital contracts)
Некеге дейін келісім – болашақ ерлі-зайыптылардың арасында жасалынды.
Некеге дейінгі және неке шарты жасалған кездегі шарттардың сот тәртібімен
жарамсыз деп танудың болдырмауы үшін келесі талаптарға сай болуы керек:
1. Тараптар бір-бірінің кірістері мен жеке меншік мүліктері туралы
толық хабар алуы керек.
2. Шартта тараптардың ерікті түрде қойылған өзара екі жақты қол
қойылуы тиіс.
3. Тараптар келісім-шартта жазылған терминдер мен шарттарды толық
түсінуі тиіс.
4. Шарт екі жаққа да әділді болуы тиіс.
5. Шартта жазылған міндеттемелер анық көрсетілуі керек.
6. екі жақта да адвокат пен шартты оқу үшін уақыт берілуі керек.
Берілген келісім-шартта мынандай сұрақтар қамтуы тиіс:
- Егер біреуі қайтыс болған жағдайда, екінші тарап оның мүлкінен бас
тартуына құқылы;
- Егер қайтыс болған тараптың еркінен тыс, өз құқығы негізінде мүлікті
алуына немесе алмауына болады.
- Тараптар ажырасқан кезде, қай мүлік бөлінуге жататындығын және ортақ
деп танылуы керек екендігін анық білуі керек.
- Тараптардың біреуі ажырасқан кезде бөлінетін немесе ортақ мүлікті
алуынан бас тартуына құқығы бар.

1.4. Неке шартының түсінігі мен отбасы құқындағы орны.

Неке шарты қазіргі таңда бүкіл әлемде кең таралған шарттардың бірі
болып табылды. Әсіресе Батыс Европа елдерінде, Канада мен Америкада кең
таралған. Бірақ біздің елімізде неке шарты әлі де болса толығымен
реттелмеген. Мемлекетіміздің түбегейлі реформа жолына түсуі бұрыннан
қолданылып келе жатқан заңдарымызды жаңартып, жаңа институттардың пайда
болуына әкеліп соқтырады. Жеке мүліктік қатынастар адамдардың отбасы құрған
кезден бастап қалыптасады [29,27]. Мұндай құқықтық құрылымдар Қазақстан
аумағында ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке мүліктік
қатынастарды реттеу мұсылмандық құқықпен қарастырылмағандықтан, өз
кезегінде әдеп-ғұрып нормаларымен реттелініп келеді.
Кеңес дәуірінде Қазақстанда жұбайлар арасында ешқандай келісім
болмаған. Отбасы нормаларында кейін пайда болған неке шарты біз үшін жаңа
үрдіс.
Қазақстан Республикасының "Неке және Отбасы туралы" Заңның 38- бабына
сәйкес, неке шарты дегеніміз – некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе
ерлі-зайыптылардың некедегі (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік
құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім деп танылады [30,38с].
Яғни көріп отырғанымыздай, неке шарты ерлі-зайыптылырдың арасындағы
тек мүліктік қатынастарды ғана реттейді.
Неке шарты біздің елімізде кеңінен таралмаса да жұбайлар арасында келең
алып келе жатқан өзгеріс. Бұған байланысты болып жатқан даулар да аз емес.
Бұл мемлекетіміз үшін қажет емес, неке шарты ажырасуды көздейтін
құбылыс деушілер де бар.
Бұрынғы ҚазССР-нің 1969 жылғы "Неке және Отбасы" кодексінде
жұбайлардың мүліктік құқықтық режимі барлығына бірдей анықталған.
Сондықтан кеңес дәуірі кезінде “неке шарты” деген ұғым болған болған
емес.
Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі отбасы заңындағы жаңа пайда
болған институт болып табылады. Бұл институт ерлі-зайыптылардың неке
шартындағы мүліктік қатынастардың (құқықтары мен міндеттерінің) мазмұнын
жеке өздері белгілеуіне құқық береді. Неке шартын жасау Қазақстан
Републикасы азаматтық кодексінің күшіне енгеннен кейін мүмкін болады.
Өйткені, осы АзаматтықКодексінің 223-бабының 1-тармағына сәйкес ерлі-
зайыптылардың некеде тұған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-
зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі
немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына
тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың меншігі болып
табылады [31,72]. Осының нәтижесінде ерлі-зайыптылар некеде тұру кезінде
жинаған мүлкіне еркін билік етуге құқық алады. Яғни, мүлікке қатысты ерлі-
зайыптылардың (мүліктік) қатынастарын императивтік реттеу диспозитивтік
реттеумен ауыстырылады және мүліктің құқықтық режимін өздері белгілейтін
болады. Бірақ, неке және отбасы заңын қабылдағанға дейін неке шартын жасау
қиынға түсетін, өйткені Азаматтық Кодексте көптеген негізгі жағдайлар
айтылмаған. Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының 7-тарауының 2-
ші бөлігі түгелімен неке шартына арналған. Бұл заң неке шартын жасаудың
барлық аспектілерін қамтиды. (Неке және отбасы заңы 38-баптан 44-бапқа
дейін). Неке және отбасы заңының 38-бабына сәйкес некеге тұрушы адамдардың
келісі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылмаған
жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімі неке
шарты деп танылады. Неке шартының негізгі құқықтық мақсаты - ерлі-
зайыптылар мүлкінің құқықтық режимін белгілеу және болашақ уақытқа ерлі-
зайыптылардың басқа да мүліктік қарым-қатынастарын белгілеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 378-бабының 1-тармағына сәйкес
екі немесе одан да көп адамдардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін
белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім шарт деп танылады.
Сондықтан да неке шарты Азаматтық кодексте көрсетілген талаптарға сәйкес
болуы керек. Талаптар: талаптардың әрекет қабілеттілігі олардың еркін ерік
білдіруі, шарт мазмұның заңдылығы белгіленген нысанын сақтау және т.б.
Бірақ та неке шартының басқа азаматтық құқықтық шарттарға қарағанда
өзгешіліктері бар. Неке шартының ерекшеліктері оның субъективтілік құрамына
байланысты; жасау уақытына байланысты шарттың пәніне және мазмұнына
байланысты болады. Неке шарты әрекет қабілеттілігі бар, яғни 18 жасқа
толған азаматтармен жасалуы керек. Бірақ неке және отбасы заңының 10-
бабының 2-тармағына сәйкес дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік
тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі
жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Яғни некеге тұру кезінен бастап
кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылар толық көлемде азаматтық әрекет
қабілеттілікке ие болады. Ал бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік құқықтары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Неке шартының тәртібі
Неке және отбасы құқығының түсінігі
Балалармен ата - аналардың арасындағы қатынастар
Неке шартының мазмұны мен түсінігі
Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары
Пәндер