Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3-5
КІРІСПЕ . . .:
  1. ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
3-5: 6-33
КІРІСПЕ . . .:
  1. Прокуратура органдарының қалыптасуы мен даму кезеңдері……
  2. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың конституциялық-құқықтық негіздері . . .
  3. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басқа мемлекеттік органдардың арасында алатын орны . . .
3-5:

6

13

20

КІРІСПЕ . . .:
  1. ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСТАМАЛАРЫ . . .
3-5: 34-68
КІРІСПЕ . . .:
  1. Прокуратура органдары мен мекемелерінің жүйесі.
  2. Прокуратура қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны.
  3. Прокурорлық қадағалау актілері
3-5:

34

44

60

КІРІСПЕ . . .:

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

3-5: 69-70
КІРІСПЕ . . .:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3-5: 71-73

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс «Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі» деген тақырыпқа арналған. Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық жүйесіндегі прокуратура органдарының орны мен рөлін, мақсаттары мен функционалдық қызметін, оның бағыттарын, біртұтас мемлекеттік билік кеңістігіндегі осы органға тиесілі тепе-теңдік пен тежемелік тетіктерін ашуға бағытталған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, құқықтық және демократиялық мемлекет құрудың қолға ала бастады. Құқықтық мемлекет құру әрине бір күндік шаруа емес және ол бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында туындалған қиындықтарға мойынсынбай еліміз құқықтық мемлекет құру үшін алға қадам басып келе жатыр.

Құқық қорғау органдары, өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектелуіне әсер ететін болғандықтан барлық қызметтерін аса жауапкершілікпен жүзеге асырып отыруды да міндетті.

Құқық қорғау органдары көп жағдайда әлі де болса азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектеліп отыратындығын ескерсек, онда олардың қызметтерін қадағалау біршама қызығушылық тудыратындығын көреміз.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметтерінің көптеген ережелерін жан - жақты реттеуіне өз септігін тигізгенімен, әлі де болса бірқатар теориялық және практикалық жетіспеушіліктер орын алып отыр. Ол туралы заң әдебиеттерінде де қозғалып келеді.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдар жүйесінде, прокуратураның атқаратын рөлі айрықша зор. Себебі, іс жүзінде прокуратура органдары барлық құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруші басты құқық қорғау органы болып табылады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбы, яғни «Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі» сөзсіз өзекті сипатқа ие деп айтуға толық құқықтық негіз бар. Қазақстан Республикасының аумағында прокуратура органдарының құқықтық мәртебесіне қатысты кешенді ғылыми еңбектер мен арнайы зерттеулер жоқ. Бұл жағдай өз кезегінде аталған тақырыптың өзектілігін айқындай түсетіну тағы бір мән-жай деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алып құқық қорғау органдарын қажетті деңгейде ұйымдастырып үлгерді. Алайда, осы кезеңдер аралығында прокуратура органдарында барлық құқық қорғау органдары сияқты, әртүрлі қайта құруларды бастан өткізілді.

Осы өзгерістер нәтижесінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесі, яғни сәйкесінше оның құзыреті де елеулі өзгеріске ұшырады. Әрине, айтылған бұл мән-жайлар, сөзсіз прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін қайта қарау қажеттілігін тұғызып отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанды дамыту стратегиясы - 2030» Қазақстан еліне жолдауында қоғамды демократияландырудың алдағы мәселеріне аса көңіл аудару қажеттілігін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуды атап көрсетті: сондай - ақ ол көрсетілген міндеттерге қол жеткізуге прокуратураның маңызды рөліне бірнеше рет ерекше көңіл аударды [1] .

Жүргізілген сот - құқықтық реформаларға байланысты прокуратура органдарының қызметі жоғары қадағалаудың іске асырудың барлық бағыттарында айқын бейнеленген маңызды қайта құруларға төтеп берді.

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен маңызы туралы зерттеумен, дәлірек айтқанда осы салаға қызығушылық танытып, аталған құқықтық-теориялық мәселелерін қарастырғандардың қатарында, отандық авторлардан: Р. Н. Ақпарова, М. М. Алиев, Т. О. Ашляев, М. М. Әлиев, Л. Ш. Берсүгірова, С. Баймухаметов, З. Х. Баймолдина, Д. И. Байтұқбаев, Н. А. Бекбергенов, И. Ж. Бахтыбаев, Г. Досбол, Ж. О. Жамашұлы, С. Журсимбаев, Л. Исагулова, М. Х. Келдібаев, К. Камзабаев, З. Лақпаев, Е. С. Мерзадинов, М. С. Нәрікбаев, С. Д. Оспанов, Ғ. К. Өтебаев, Р. Қ. Өгебаев, Г. Тогизбаев Г.

Ал, Ресейлік авторлардан, В. Б. Алексеев, В. И. Басков, Ю. Е. Винокуров, О. А. Галустьян, А. В. Ендольцев, А. А. Огородников, А. Л. Протопопов, Н. Х. Сафиуллина, Ю. И. С куратов, О. П. Темушкин және т. б.

Қарастырып отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қатысты қазақша материалдардың тапшылығына қарамастан біздер осы мәселеге қатысты құқықтық - теориялық зерттеудi жүзеге асыруға ұмтылыс жасап отырмыз.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен маңызын құқықтық және теориялық тұрғыдан зерделеу, саралау осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Атап айтқанда, мына мәселелер қарастырылды, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының пайда болуы және дамуы, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық негіздерін және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен маңызы т. б.

Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн төмендегiдей мiндеттер белгiленедi:

  • прокуратура органдарының пайда болу, қалыптасу және даму кезеңдерін саралау;
  • тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдарына теориялық талдау жасау;
  • прокуратура органдарының мақсаты мен міндеттерін қарастыру;
  • ҚР прокуратура органдарының жүйесін нақтылап көрсету; прокуратура органдары қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін анықтау; прокуратура органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидаттарын (принциптерін) қарастыру; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесіндегі прокуратураның орны мен атқаратын рөлін анықтау;
  • прокуратура мен Қазақстан Республикасы Президентінің өзара іс- қимыл жасау түрлерін негіздеу арқылы айқындау;
  • прокуратура және биліктің заң шығарушылық тармағының жалпы теориялық қырларын жан-жақты қарастыру;
  • прокуратура және биліктің сот тармағына анықтама беру;
  • прокуратура және биліктің атқарушылық тармағын нақтылап көрсету.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеудің объектісі болып- прокуратураны ұйымдастыру мен қызметін атқаруы барысында, яғни прокурорлық қадағалауды жүргізу кезінде қалыптасатын құқықтық қатынастар табылады. Ал, зерттеу пәніне прокуратура мен прокурорлық қадағалауға бағытталған теориялық жасалымдар мен Қазақстан Республикасының прокуратура туралы және прокурорлық қадағалау мен қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заңнамасы, оны қолдану практикасы жатады.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Диплом жұмысын зерттеудің жалпы диалектикалық- танымдық әдістермен қатар арнайы ғылыми әдістер, оның ішінде: логикалық, тарихи жүйелеу, құрылымдық, салыстырмалы және тәжірибелік әдістемелер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Прокуратура туралы Заңы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары, мерзімді басылымдар мен арнайы әдебиеттер болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 75 бетті құрайды.

  1. ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІПрокуратура органдарының қалыптасуы мен даму кезеңдері

Қазақстан Республикасы Конституцияға сәйкес өзін демократиялық және құқықтық мемлекет деп есептейді [2, 393б. ] .

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, халық билігін қамтамасыз ету мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының, сот пен құқық қорғау және өзге де органдардың құзыреті болып саналса, Конституцияның, заңдардың сақталуын, олардың үстемдігін, сондай-ақ біртұтастығы мен нығайтылуын қамтамасыз ету- бұл прокуратураға жүктелген сирек құбылыс. Өйткені, мұндай міндетті мемлекет тек бір ғана органға - прокуратураға тапсырып отыр.

Прокуратура мемлекет механизмінде салыстырмалы түрде - XIV ғасырда пайда болды. Арнайы бақылаушы-қадағалаушы орган ретінде пайда болған мемлекеттердің бірі-ол Франция. Ал Франция прокуратурасының негізін қалаушы король IV Филип. Ол 1302 жылдың 25-наурызындағы Ордонанс арқылы сотта патша мүддесін прокуратураның өкілдік етуімен қорғалатынын бекітті. «Прокурор» деген терминнің өзіне келетін болсақ, ол латын тілінен шыққан, яғни ол-қадағалау, қамтамасыз ету дегенді білдіреді және осы аталған термин Францияда XVIII-ғасырдың басында ғана қолданыла бастады. Ал осыған дейінгі тиісті лауазым иелері «патшаның адамдары» деп саналатын. Франция прокуратурасы патшаның әмірін орындау және соттарда қорытынды беруді орындайтын айыптаушы, жазалаушы орган ретінде пайда болғандығын байқауға болады [3, 304б. ] .

Осы мерзімге таяу прокуратура Германияда да құрыла бастады. Оған қылмыстарды тергеу жүктелді. Ал XVI-XVII ғасырларда прокуратура органдары Италия, Нидерланды және т. б. көптеген мемлекеттерде пайда бола бастады.

Ал Ресейдегі прокуратура XVIII-ғасырдың төртінші жартысында мемлекет жүйесінде болған өзгерістерге сай пайда болды. Абсолютизм кезіндегі мемлекеттік аппаратты орталықтандыру арнайы бақылаушы органның құрылуын талап етті. Бұл кезең орталық биліктің феодалдардың сепаратистік тенденциялары мен кейбір іс-шараларға қарсы тұру кезеңдерінің бірі болатын. Лауазымды тұлғалардың талан-тараж жасауы, олардың қараңғылығы мен істеріндегі әдепсіздік және мемлекет мүлкін қайда болмасын ретсіз иелену орын алып жатты. Міне осылар мемлекеттік құрылысты сипаттап көрсетті [4, 288б. ] .

Мемлекет механизміндегі орнына, ұйымдық және функционалдық тәуелсіздігіне (автономиясына) байланысты прокуратураның бірнеше модельдерін атауға болады:

1) Тәуелсіз конституциялық орган ретінде (ТМД елдері, Албания, Венгрия, Вьетнам, Испания, ҚХР, Куба, Латвия, Литва, Македония, Португалия, Сербия, Словакия, Хорватия, Монғолия, Индонезия, Латын Америка елдері түгел дерлік, Португалия және оның бұрынғы колониялары) .

  1. Басқа мемлекеттік органның қарамағындағы, яғни төмендегідей:Үкіметтің әкімшілік бағыныштылығындағы (Әділет министрлігі) мемлекеттік айыпты қолдаушы орган ретінде. Бұл модельдің ішінде де бірнеше түрлері кездеседі. Мысалы, прокуратурасы ұйымдық жағынан Әділет министрлігіне бағындырылғанымен функционалдық дербестігін сақтаған елдер: Франция, Бельгия, Люксембург, Чехия, Румыния, Словения, Түркия, Финляндия, Корей Республикасы, Эстония, Жапония. Әділет министрлігінің толық қарамағындағы орган ретінде: Данияда, Польшада, Филиппинада сақталған. Атқару мен сот биліктерінің араларында орын алған орган ретінде: Францияда, ФГР-да, Бельгияда, Египетте, Италияда орын алған. Үкіметтің бағыныштылығына берілген орган ретінде: Швеция мен Швейцарияны атауға болады. Сот билігінің қарамағына берілген елдер: Әзірбайжан, Андорра, Болгария, Грузия, Испания, Латвия, Молдова, Иран [5, 576б. ] .

3) Үкіметтің юридикалық қызмет көрсету органы ретінде - Біріккен корольдықта, жалпы құқықтық басқа елдерде - Австралиялық одақта орын алған. Типіне қарамай бағындырылуы да ерекшеленетіні бар. Мысалы, Швецияның прокуратурасы үкіметке бағындырылған.

4) Әділет министрлігімен (департаменттерімен) ұқсастырып, яғни прокуратура атқаратын функцияларға ұқсас қызмет жасайтын орган ретінде АҚШ пен Канададағы атторнейлік қызмет болып табылады.

Өзінің ұйымдық құрылысына байланысты прокуратура орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

біртұтас, бір орталыққа бағындырылуы мен қалыптастырылуы, мәртебесі мен юрисдикциясы және прокурорлардың мәртебесінің бірыңғай актілермен реттелуі тән. Органдар мен прокурорлардың араларындағы иерархиясы анықталып, бір орталықтан басқарылады.

басқа принциптерге негізделеді. Мысалы, АҚШ-та штаттар мен муниципалитеттердің атторнейлік қызметтерінің араларында бағыныштылық жоқ, бірі біріне қатысты дербес болып келеді және бірінен бірі құрылуы мәселелеріне байланысты тәуелсіз. Жергілікті атторнейлерді (аймақтық, аудандық, қалалық) тиісінше әкімшілік аумақтың халқы сайлайды, тек кейбір штаттарда оларды губернатор, штаттың Бас Атторнейі немесе заң шығару органы тағайындайды [6, 542б. ] .

Сонымен мемлекеттік билік органдарының жүйесінде прокуратураның орны мен рөлін ескере келе мемлекеттің төрт тобын анықтауға болады:

  1. Прокуратура Әділет министрлігінің құрамына кіретін, яғни ол сот төрелігі органдарына жататын және соттардың жанында іс-әрекет жасайтын, ал прокурорлар сот корпусына («магистратураға») жатуы мүмкін мемлекеттер;

Бұл топтағы мемлекеттерге Бельгия, Дания, Израиль, Нидерланды, Польша, Румыния, Сирия, АҚШ, Франция, Эстония, Япония жатады. Дегенмен, егер, мысалы, Польшада Әділет министрі ол әрі Бас Прокурор, ал АҚШ-та және Канадада- Бас атторней болса, Франция мен Эстонияда бұл лауазымдар бөлінген. Көбінесе жоғарыда аталған мемлекеттерде прокурорлар соттың жанында іс-әрекет жасайды. Ал АҚШ-та атторней соттарға «тәуелді» емес және олар сот жүйесінен дербес мәртебеге ие болады.

Францияда, 1958 жылғы магистратураның мәртебесі туралы заңнамасынан тұратын №58-1270 Ордонансына сай, прокурорлар жоғары тұрған басшылардың қарамағында және бақылауында болады және Әділет Министіріне бағынады. Кассациялық және аппелляциялық соттарда Бас прокурорлар іс-әрекет жасаса, ал үлкен процесс трибуналдарына-республика прокурорлары қатысады.

  1. Прокуратура толығыменен сот жүйесінің құрамына кіретін және соттардың жанында болатын немесе сот билігінің шеңберінде әкімшілік автономдыққа ие болатын мемлекеттер;

Аталған топтағы мемлекеттерге Испания, Колумбия, Болгария, Латвия және т. б. жатады. Демек, Испанияда 1981 жылғы прокуратураның жалпы мәртебесі реттелетін Заңына сай (Ministerio Fiscal) прокуратура әділет органдарына заңдылықтың, азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын жариялы мүдделерін өз функциясының шегінде немесе мүдделі тұлғалардың өтініштері бойынша қорғауға әрекеттеседі, сондай-ақ трибунал тәуелсіздігінің сақталуын бақылайды және ондағы жариялы мүдделерді қорғайды. Сот билігінің жүйесіне енгізілген прокуратура функционалды автономиялығымен өз міндеттемелерін біртұтас әрекеттесу және иерархиялық тәуелділікке сай орындайды. Прокуратура органдары соттардың жанында шет аймақтарды қоса іс-амал жасайды. Оларды мемлекеттің Бас Прокуроры басқарады. Қызметке сай билігі Бас Кеңесінің пікірін тыңдағаннан кейін Үкіметтің ұсынуымен Патша тағайындайды. Сот билігі иерархиясында ол Жоғары Трибунал төрағасынан кейінгі екінші тұлға болып табылады.

  1. Прокуратура жеке дербес жүйеге бөлінген және парламент немесе мемлекет басшысына есеп беретін мемлекеттер;

Бұл топтағы мемлекеттерді, басты нысан бойынша, социалистік (Въетнам, ҚХР, КХДР, Куба, Лаос) және постсоциалистік елдер құрайды. Аталған мемлекеттерде прокуратура органдарына жоғарыда көрсетілген функциялармен қоса жалпы қадағалау міндеті жүктеледі. Қадағалауға мемлекеттік орган болып табылатын объектілер (тек қана атқарушы, яғни министрліктер және одан төменгілер), қоғамдық ұйымдар, шаруашылық кәсіпорындар, әртүрлі мекемелер мен жеке тұлғалар заңдылығын қадағалау жатады. 1936 жылғы КСРО Конституциясынан бастап, социалистік елдердің Конституциялары прокуратураның мәртебесін маңызды мемлекеттік орган ретінде өзгеріссіз бекітіп кеткен. Белгілі бір шекте бұл дәстүр көптеген постсоциалистік мемлекеттердің Конституцияларында да сақталған.

Латын Америка елдерінде де прокуратура органдарының тәуелсіз мәртебесі сақталған. Ол жөнінде «әкімшілік-қаржылық және функционалдық автономия»- конституцияларында жазылған. Өз кезегінде бұл аймақтарға мемлекет қатарында болып табылатын Колумбия, Эквадор және т. б. жатады. Мұндағы прокуратураның қызметіне орай, оларды екіге бөлуге болады: біріншісі, ереже бойынша қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырса, екіншісі жалпы қадағалаумен және адамдардың құқықтарын қорғаумен айналысады. Осыған орай, прокуратураның кейбір функцияларының арасында маңызды бір коллизия өз шешімін табады.

  1. Прокуратуралары немесе оларға тікелей ұқсастығы бар органдары тіпті жоқ мемлекеттер.

Мысалы төртінші топтағы мемлекетке-Ұлыбритания жатады, себебі онда прокуратура ерекше институт ретінде қарастырылмаған.

Бас атторней адвокаттық корпусты басқарады, ал оның өкілдері қажетті жағдайларда сот процестерінде айыптаушы ретінде қатысады. Егер аса маңызды қылмыстық істер қаралатын болса, ондай айыптауды арнайы лауазымды тұлға- жариялы қудалау Директоры қолдайды [7, 344. ] .

Осылайша, прокуратураның біртұтас нысанының, қылмыстық сот өндірісінің белгілі-бір жүйесінің, қылмыстық процестің белгілі-бір нысанының немесе құқық қорғау органдарының белгілі-бір жүйелерінің бірыңғайлығы жоқтығына көз жеткізуге болады және прокуратураның атқаратын функцияларының біркелкі еместігі де байқалады.

Тек Еуропалық Одақ аумағында ғана құқықтық жүйенің үш түрі бар екендігі белгілі: романо-германдық (континентальдық), ағылшын жалпы құқығы және скандинавиялық (солтүстік) .

Өткен 80 жылдан астам уақыт арасында прокуратура қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Оның тарихы маңызды үш кезеңге бөлінетінін атауға болады.

Прокуратураның Қазақстанда пайда болуын кеңестік дәуірмен байланыстырады. Өйткені, әдет - ғұрып құқығына негізделген қазақ қоғамында мұндай немесе оған тектес институттың болмағаны анық.

Қазақстанның тарихи әрі геосаяси көршісі Ресейдегі саяси, экономикалық әрі әлеуметтік өзгерістердің әсері сөзсіз әр тарихи кезеңде өзінше тиіп тұрды. Соның бірі өткен 20-ғасырдың екінші он жылдығында Ресей империясында орын алып, 70-жылдан астам уақытқа өміршең болған кеңестік социалистік мемлекеті болды.

1917 жылдың Қазан төңкерісінен кейін В. И. Ленин басқарған жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнықты.

Социалистік революциядан кейін, экономикалық тиімділіктен үстем тұратын, саяси биліктің салтанаттығы жарияланды, яғни базис саяси құрылысқа бағындырылып қойылды. Мұндай жағдайда құқық та объективті экономикалық заңдылықтарды өзіне күшпен бағындыра алатын мәжбүрлеу инструментіне айналды. Прокурорлық қызметтің де көздемелік бағдары осы төңкеріліп қойылған (құқық-экономика) пирамиданың мүддесін қорғау қажеттілігіне көндірілді. Оған дәлел, прокурор жақтауға тиіс заңдылықтың өзі-социалистік заңдылық деп аталады.

Әрине, 1917 жылғы революциядан кейін прокуратура ескі мемлекеттік аппараттың бөлігі ретінде жойылды [8, 13-18бб. ] . 1917-1922 жылдары революциялық заңдылықтың режимін әртүрлі органдар қамтамасыз етіп келді. Олардың қатарында, халық комиссарларының кеңесі, жұмысшы-шаруалардың инспекциясы, төтенше комиссия, әділет халық комиссариаты, мемлекеттік бақылау комиссариаты жұмысша - шаруалардың милициясы, т. б болды. Алайда, заңдылықты қадағалауды тікелей мақсаты етіп қызмет жасайтын арнайы органның болмауынан күннен-күнге өсіп жатқан нормативтік актілердің дұрыс қолданылуы мәселелері шет қалып жатты. Жаңа экономикалық саясатты жүргізудегі қиындықтар, мемлекеттік басқаруды реттеу мен демократизациялау қажеттіліктері елдегі заңдардың сақталуын қадағалайтын дербес мемлекеттік органды құру қажеттігіне әкеп тіреді [9, 120б. ] .

Осыған байланысты, 28 мамыр 1922 ж. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті “Прокурорлық қадағалау туралы” Ережені қабылдады.

Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.

Прокуратураның дамуының екінші кезеңінде, яғни, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Оның тарихында тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.

1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конституциясын қабылдады, сол оқиға республика үшін тарихи маңызға ие болды, соңынан Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды. Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.

Осы сәттен прокуратураның дамуы мен нығаюының үшінші кезеңі басталды, Әділет халық комиссарынан прокуратура толық бөлінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С. Есқараев болды.

Сол жылдың 11-ші қарашасында Әділет халық комиссары және прокуратураны бөлу туралы бұйрық шығып, республика прокуратурасы тікелей КСРО-ның прокурорына бағынатын болды.

Сол кезеңде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т. б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының прокуратурасының міндеттері
ҚР-ның прокуратурасы
Сот билігі органдарының бақылау өкілеттіктері
Әділет органдарының жүйесі
Прокуратураның құқықтық актілері
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері
Жедел-іздестіру әрекетіне қатысты бақылау мен қадағалау сұрақтары
Прокуратура органдары қызметі жайында
Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz