Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу



Жоспар:

Кіріспе:

Негізгі болім:

1. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы.

2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқару түсінігі.

3. Жергілікті өзін.өзі басқарудағы шетелдік тәжірбие.
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы.

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының «Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!» атты Коалициясы
2005 жылдың 20-21 маусымында Алматы қаласының «Алатау» демалыс үйінде конференция өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы-Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы (PPRC).
Конференция – Сорос- Қазақыстан қоры мен Ашық қоғам
институты ( Будапешт, LGI\OSI) Local Government Initiative and Public Service Refoms бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының «Жергілікті өзін-өзі басқару» атты
жоба бойынша бірінші іс-шарасы.
Іс-шараны өткізуге мақсат: «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды әзірлеп, оны жүзеге асыру мақсатында азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктерін арттыру, олардың тәжірбиелерін, идеялары мен ресурстарын жинақтау. Міндеттері:
- Коалицияны құру жөнінде ұсыныс жасау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының тәжірбиесін қорыту;
- Коалицияны құрап, оның келешекте атқаратын қызметіне қатысты негізгі принциптер мен әдістемелерді дайындау;
- Үкіметтік емес ұйымдар Коалициясының белсенді тобын сайлау;
- Коалиция мүшелері үкіметтік емес ұйымдарының
ынтымақтастық пен мақсаттар жөніндегі меморандумын әзірлеп, оған қол қою.
«Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Махмұтованың көпшілікке таныстыру барысында конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару институтына қатысты ақпараттар мен «Жергілікті өзін-өзі басқару: азаматтық бастамадан- демакратиялық институтқа!» деп аталатын РРRC-дің жаңа жобасы ұсынылды.
Конференцияға қатысушылар «жергілікті өзін-өзі басқару» институтын орнатуға негіз бола алатын Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың тәжірбиесін қорытындылап, талдады. Олар:
• Азаматтардың жергілікті мәселелер мен аймақтың әлеуметтік- экономикалық өркендеуі мәселелерін шешуге қатысуы.
• Азаматтардың жергілікті бюджетті талдауға қатысуы.
• Үкіметтік емес ұйымдардың стратегиялық жоспарлау мен аймақты өркендету мәселелері бойынша жергілікті билік органдарын оқытып, кеңес беруге қатысты тәжірбиесі.
• Жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің ашық болып, есеп беруін қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру үшін қазіргі талапқа сай ақпараттық-коммуникативтік технологияларын енгізу.
Жұмыс нәтижелері негізінде конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнату процесіне үкіметтік емес ұйымдардың қатысуына байланысты негізгі мәселелерді, олардың мүмкіндіктері мен келешегін анықтады. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерді талқылау қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!» деп аталатын Коалияцияны құру туралы шешім қабылдады.
Коалияцияның келешектегі қызметіне қатысты «Ынтымақтастық пен мақсаттар жөніндегі меморандумды» 26 қатысушы әзірлеп, қол қойды. Сондықтан-ақ, Коалияцияны құрушы үкіметтік емес ұйымдардың тізімі берілген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. «Шымкент келбеті» газеті. Қаңтар, сәуір, 2006ж.
2. «Егемен Қазақстан» газеті. Наурыз, 2006ж.
3. Оқулық «Қазақстан Республикасының мемлекті мен құқығының негіздері» Алматы 2003ж.
4. А.Төкіжан «Мемлекет және құқық теориясы» алматы 2003ж.
5. В.Уворов «Теория Государственного управления» 2004ж.
6. Интернет адресі: www.akorda.kz

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін
енгізу

Жоспар:
Кіріспе:

Негізгі болім:

1. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы.

2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі.

3. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы шетелдік тәжірбие.

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы.

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Азаматтық бастамадан-
жергілікті өзін-өзі басқаруға! атты Коалициясы
2005 жылдың 20-21 маусымында Алматы қаласының Алатау демалыс үйінде
конференция өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы-Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы (PPRC).
Конференция – Сорос- Қазақыстан қоры мен Ашық қоғам
институты ( Будапешт, LGI\OSI) Local Government Initiative and Public
Service Refoms бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық саясатты зерттеу
орталығының Жергілікті өзін-өзі басқару атты
жоба бойынша бірінші іс-шарасы.
Іс-шараны өткізуге мақсат: Қазақстан Республикасындағы
жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды әзірлеп, оны жүзеге асыру
мақсатында азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуметтік және институционалдық
мүмкіндіктерін арттыру, олардың тәжірбиелерін, идеялары мен ресурстарын
жинақтау. Міндеттері:
- Коалицияны құру жөнінде ұсыныс жасау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы Қазақстанның үкіметтік
емес ұйымдарының тәжірбиесін қорыту;
- Коалицияны құрап, оның келешекте атқаратын қызметіне қатысты
негізгі принциптер мен әдістемелерді дайындау;
- Үкіметтік емес ұйымдар Коалициясының белсенді тобын сайлау;
- Коалиция мүшелері үкіметтік емес ұйымдарының
ынтымақтастық пен мақсаттар жөніндегі меморандумын әзірлеп, оған қол
қою.
Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы қоғамдық қорының директоры,
экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Махмұтованың көпшілікке таныстыру
барысында конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы жергілікті
өзін-өзі басқару институтына қатысты ақпараттар мен Жергілікті өзін-өзі
басқару: азаматтық бастамадан- демакратиялық институтқа! деп аталатын РРRC-
дің жаңа жобасы ұсынылды.
Конференцияға қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару институтын
орнатуға негіз бола алатын Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың
тәжірбиесін қорытындылап, талдады. Олар:
• Азаматтардың жергілікті мәселелер мен аймақтың әлеуметтік-
экономикалық өркендеуі мәселелерін шешуге қатысуы.
• Азаматтардың жергілікті бюджетті талдауға қатысуы.
• Үкіметтік емес ұйымдардың стратегиялық жоспарлау мен аймақты
өркендету мәселелері бойынша жергілікті билік органдарын оқытып,
кеңес беруге қатысты тәжірбиесі.
• Жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің ашық болып, есеп
беруін қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру
үшін қазіргі талапқа сай ақпараттық-коммуникативтік технологияларын
енгізу.
Жұмыс нәтижелері негізінде конференцияға қатысушылар Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнату процесіне
үкіметтік емес ұйымдардың қатысуына байланысты негізгі мәселелерді, олардың
мүмкіндіктері мен келешегін анықтады. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерді
талқылау қорытындысы бойынша Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі
басқаруға! деп аталатын Коалияцияны құру туралы шешім қабылдады.
Коалияцияның келешектегі қызметіне қатысты Ынтымақтастық пен
мақсаттар жөніндегі меморандумды 26 қатысушы әзірлеп, қол қойды. Сондықтан-
ақ, Коалияцияны құрушы үкіметтік емес ұйымдардың тізімі берілген.
Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!
Коалияциясын құрушы – үкіметтік емес ұйымдардың тізімі:
1. Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы қоғамдық қоры, Алматы қ.
2. ЗУБР әлеуметтік-корпоративтік қоры, Өскемен қ.
3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты, Петроповл қ.
4. Десента Қоғамдық қоры, Павлодар қ.
5. Павлодар аймақтық басқару мектебі қоғамдық қоры, Павлодар қ.
6. Сайлаушылар лигасы қоғамдық ұйымы, Шымкент қ.
7. ТАҢ қоғамдық қоры, Атырау қ.
8. Аймақтық даму қоғамдық қоры, Петропавл қ.
9. Жалғыз-басты аналар қауымдастығы қоғамдық ұйымы, Текелі қ.
10. Әйелдер –ұлт болашағы үшін қоғамдық ұйымы, Павлодар қ.
11. Отандастар қоғамдық ұйымы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Сарыкемір ауылы.
12. Әділет орталығы қоғамдық ұйымы, Тараз қ.
13. Сайлау технологиялары орталығы, Қарағанды қ.
14. Талдықорғандық аймақтық демократияға ықпал ету орталығы,
Талдықорған қ.
15. Үй қоғамдық қоры, Семей қ.
16. Намыс мүгедектер қоғамдық ұйымы, Алматы қ.
17. Ардагер қоғамдық ұйымы, Астана қ.
18. Республикалық әйелдер кеңесі қоғамдық ұйымның Жамбыл филиалы,
Тараз қ.
19. Тараз инициативтік орталығы қоғамдық ұйымы, Тараз қ
20. Қазақыстан Республикасының бастамашы мектептер қауымдастығы
қоғамдық ұйымының Шығыс Қазақыстандық филиалы, Семей қ.
21. Дана жанұяны әлеуметтік қолдау орталығы, Алматы қ.
22. Арай жастар орталығы, Алматы обылысы, Сарқант ауданы, Лепсі
ауылы.
23. Қазақстан дағдарысорталықтарының одағы, Алматы қ.
24. Өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы қоғамдыққоры, Өскемен қ.
25. Жаңа ақпарат технологиялары аймақтық орталығы қоғамдық ұйымы,
Петропавл қ.
26. Қазақыстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдары Экологиялық
форумның ресурстық орталығы қоғамдық ұйымы, Алматы қ.
Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы директорының орынбасары,
Жергілікті өзін-өзі басқару жобасының директоры, Азаматтық бастамадан-
жергілікті өзін-өзі басқаруға! Коалициясының Ұлттық үйлестірушісі
Мұхамбетова Гүлнәр Шайдоллақызы.
Қазақстан Республикасының үкіметтік не коммерциялық емес
ұйымдарды, еліміздегі жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін талқылай
отырып, соңғы он жылдың ішінде жүргізілген реформалар нәтижесінде
қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жергілікті басқару жүйесін
демократияландыру мен жетілдіруді талап ететін маңызды өзгерістердің
болғаны жөн.
Жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнату -әкімшілік
реформалаудың негізгі құрамдас бөлігі болуға тиісті.. Жергілікті өзін-
өзі басқару –азаматтардың өз бетінше ұйымдасуы ғана емес, заңмен
бекітілген барлық тиісті әлеуметтік-саяси және экономикалық құқықтары,
міндеттері мен өкілеттіліктері бар толыққұнды бұқаралық билік деңгейі.
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырып,
жетілдірудегі негізгі мақсат- әр адамның өз мүмкіндігін толық ашуға жағдай
жасау үшін әр азаматтың өзі тұратын жерді өркендету мәселелерін шешуге
қатысу құқығын іс жүзінде жүзеге асыру. Жергілікті өзін-өзі басқару- халық
билігін мейлінше толық және тікелей жүзеге асыратын қоғамдық институт.
Қызметі азаматтық бастамаларды қолдаумен қалай да байланысты Қазақстан
үкіметтік емес ұйымдары Азаматтық бастамадан-жергілікті өзін-өзі
басқаруға! деп аталатын коалиция құрып, еліміздегі жергілікті өзін -өзі
басқаруды орнату үшін өздерінің күш жігерін біріктіреді.
Осы мақсатта қол жеткізуде жергілікті өзін-өзі басқару институтын
орнату үшін қолайлы орта мен қажетті алғышарттарды қалыптастырудағы
негізгі міндеттері.
- азаматтардың мемлекеттік істерін басқаруға қатысудағы
конституциялық құқығын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі
басқаруды қалыптастыру принциптері, қызметі мен міндеттері туралы
халықты хабардар ету;
- Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару институтын
орнату және осы жолда мүмкін болатын кедергілерді азаматтарға
түсіндіру;
- Көпшіліктің жергілікті басқару реформаларын қолдауын ұйымдастыру;
- Жергілікті өзін-өзі басқару үшін қажетті мамандар-сайланатын
басшылар мен муниципалды қызметкерлерді даярлау.
Коалиция жұмысында Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі
басқару туралы заң жобасын ұсынып, әзірлеп, талқылау процесіне және әрі
қарай іске асыру үшін көпшілік қауымды тарту басым. Бұл бастама қалың
қауымның кең көлемде қолдауын қажетсінетіндіктен, жергілікті жерлерде
азаматтарға ақпаратты жеткізу және білімін арттыру жұмыстарына ерекше көңіл
бөлмек. Коалиция жергілікті деңгейде және республикалық деңгейде –
Парламент пен Үкіметте жергілікті өзін - өзі басқаруға қатысты барлық
мәселелер бойынша шешім қабылдау процесіне баға беріп, ұдайы мониторинг
жүргізбек.
Әкімшілік реформалар барысында көпшілік қауыммен мәселелерді
талқылап, үкіметтік емес ұйымдардың Парламентдепутаттары және Үкімет
өкілдерімен кездесулерін өткізіп, оларға қоғамның талап-тілектерін жеткізу,
орталық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында Коалиция жайлы
мәліметтер тарату.
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты ортақ мақсаттарға
жету үшін коалиция мүшелері бағдарламалар әзірлеп, бекіту барысында
ынтымақтастық, өзара көмек беру, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне
қатысты ақпараттың жалпыға бірдей ашық болуы принциптерін басшылыққа
алады.Коалиция тиісті білімі мен ресурстары бар барлық ұйымдар үшін ашық
және жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты мәселелерді зерттеуде барлық
қызығушылық танытқандарға көмек беруге әзір.
Коалиция мүшелері бағдарламалар мен жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру
үшін қазақстандық, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың ресурстарын
тартпақ. Өз ұйымдары атынан әрекет ете отырып, Қазақстан Республикасында
жергілікті өзін-өзі басқару институтын қалыптастыруға бағытталған іс-
әрекеттері парасатты әрі мақсатқа сай екендігіне сенімді, және алда
атқаратын қызметіміздің негізі ретінде осы ынтымақтастық пен мақсаттар
жөніндегі меморандумды қабылдайды.
Негізгі қызметті Ынтымақтастық пен мақсаттар жөніндегі меморандум
принциптерімен ұштастырумен қатар, үйлестірілген акцияларды жүзеге асыру
мақсатында коалицияда ресурстарды біріктіре отырып, қызмет атқаруға келісім
берілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару - жергілікті халыққа өз өңірінің күйіп
тұрған мәселесін өзі шешуге мүмкіндік беру. Қай жерге құбыр тарту керек,
қай тұсқа тас жол төсеу қажет және сол сияқты жергілікті проблемаларды сол
жер халқынан жақсы ешкім білмейді. Ал оның бәрін жоғарыдан нұсқап, біздің
Үкімет жаман үйренген. Осыдан кейін жергілікті билік еліміздің әлемдегі ең
озық елуге қосылуына өзіндік үлес қосудың емес, орталыққа қол жайып, күн
көріске жетер ақша сұрап алудың жол амалдарына көбірек бас қатырады.
Жергілікті өзін - өзі басқару (ЖӨӨБ) жүйесін енгізбей, Отанды өркендету
бағытындағы жергілікті бастамашылықжөргегінде тұншықтырыла бермек. Онсыз
біздер қол жеткіземіз деп жүрген азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
демократияның жетілуі жай бір жайдақ сөз болып қалады.
Шыққан тауым биік болсын дейтін қазақ өзінің туған жерін – кіндік
қаны тамған жерін көркейтуде қашанда ерекше құлшыныс, ұмтылыс, керек болса
бұлқынысқа бейім тұратын халық. Өкініштісі, осы күш жігерді қайда
бағыттайтынын білмей, дағдарған жайы бар. Бұқара халықтың негізінен ЖӨӨБ
не екендігінен хабары жоқтығы. Ал батыс елдерінде, шағын қалаларға барып,
жергілікті өзін-өзі ұстау дәстүрін, қалыптасқан саллты, табиғи тазалықты,
тәртіптерді бұзса, қоғамның қахарына қалады. Міне, бұл ЖӨӨБ жүйесінің жақсы
жолға қойылған бір үлгісі. Қай елде болмасын басқарудың екі сатысы бар,
олар – мемлекеттік және жергілікті басқару деп бөлінеді, соңғы жергілікті
басқару жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудан
тұрады. Бұл 1995 жылдың 30 тамызындағы референдуда халық қабылдаған Ата
заңда асты сызылып тұрып, атап көрсетілген. Қазақстан Конституциясы, сондай-
ақ Конституциялық заңдар екі жыл ішінде қабылданып бітуі тиіс деп талап
еткен. Дәл сондай заңдар сапына кіретін Қазақстан Республикасындағы
жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заңы он жылдан асты, әлі қабыданған
жоқ.
Қалай болғанда, заң жобаларын әзірлеу құзіреті мойнына жүктелген
Үкімет Ата Заңды мойындамай отыр ма? Конституцияда екі жыл ішінде өмірге
ендіру міндеттелгендерден жалғыз осы заң ғана қабылданбай тұр. Әрине, оған
Ата Заңымыз кінәлі емес! Конституцияда бұл мәселе қажет дәрежеде
нақтыланған, оның жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған 89-бабында
Қазақстан Республикасында тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді
өз еркімен шешуін қамтамасыз етуге жергілікті өзін-өзі басқару қызмет
етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару тұрғындар тарапынан сайлау арқылы,
сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқарудың, тұрғындар топтана тұратын
селолық және қалалық аумақтардағы жергілікті қауымдастықтардың сайланбалы
және де өзге органдары арқылы жүзеге асырылады деп жазылған. Жергілікті
өзін-өзі басқаруды енгізе беру үшін осының өзі жеткілікті!
Бірақ бұл сала заңнамамен қамтамасыз етілмек түгілі, тұжырымдамалық
деңгейде де шешілмей тұр. Үкімет осы жылдар ішінде осы мәселені реттейтін
заң жобасын екі рет Парламентке ұсынды, бірақ көптеген позиция бойынша
депутаттар олардың ел күтіп отырғандай жаңалықтар мен өзгерістер
әкелетініне сенімсіздік білдіргендіктен, жоба өтпей қалып, үкіметке оны екі
рет кері қайтарып алудан басқа ештеңе қалмады. Ол ол ма, әлгі жобада тіпті
қолданыстағы заңнамаларға қайшы келетін баптар мен сәйкессіздіктер қаптап
жүрді. Үкімет бұл заңды тұжырымдамалық негізде әбден пысықтауға өзі де әзір
емес еді. Оның үстіне қоғ мда да осы заң реттейтін мәселелерге біркелкі
көзқарас қалыптаспаған болып шықты. Заң қазір де жоқ қой, демек сол кезде
оның қабылданбай қалуына себепкер болған әлгі мәселелер әлі өз күшінде
тұрса керек.
Жергілікті өзін-өзі басқару органының өз меншігі болуы керек. Кезінде
билік құрылымы жаңадан түзіліп, құзірет бөліске түсіп жатқанда ауыл-
ауылдан әкімдерінің қолында кем дегенде он шақты нысан қалдырайық деп зар
қақсадық, бірақ құлақ қлйған ешкім болмады. Егер сайланған әкімнің белгілі
бір мүлкі, ғимараттары, мәселен қоқыс шығаратын көліктер, тағы сол сияқты
қажеттілікті атқаратын құрал-саймандары болмаса, қарақан басымен қай ауылға
бақ орнатпақ. Ең бастысы, сайланған әкімнің жергілікті мәселелерді шешуі
үшін қаржысы, яғни жеке бюджеті болуы қажет, бірақ онысы мемлекетке тәуелді
болмауы тиіс. Сол жергілікті бюджетті өздері басқарып, бақылай алуы үшін
мүмкін, ауылдық деңгейдегі басты қаржылық құжатты қарауға құқылы Парламент
сипатындағы бір өкілетті орган құру да қажет болар.
Ең төменгі деңгейдегі әкімдердің құзырет-функцияларын екі бөліп,
қарауымыз керек. Біріншісі мемлекеттік маңызы бар мәселелер: қанша адам
дүниеге келді, қаншасы шетінеді, қанша отбасы көшіп кетті-көшіп келді, сол
жердегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі, жер пайдалану қызметі, жер
пайдалану, қысқасы мемлекеттің дамуына қатысты бүткіл тіршілікті бақылау.
Бұған жахандық мағынасы бар - әкчтремистік және лаңкестік пиғылдарға жол
бермеу сияқтыларды қосыңыз. Тіптен, әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру да
солардың көмегімен жүзеге асады. Екіншісі – жергілікті мәселелер: қай жерде
қандай жұмысты алдымен атқару керек – жол салу, тротуар төсеу, монша, су
желісі, тазалықты сақтау тағысын тағылар. Осы екі бағыттағы істі де бірдей
атқаруды, ұйымдастыру және қадағалауды бір органға беруге болады. Бірақ
осыған бірден көше сауға біздің әлгі менталитетіміз кедергі келтіре ме
деген қауіп бар. Нақты өмірде бір әкім: Мен сайланған адаммын, өз
тұрғындарыма ғана есептімін! деп мемлекеттік маңыздағы міндеттерге жүрдім-
бардым қараса, тағы бірі: Уақытымның бәрі жоғарыдан беріліп жатқан
талаптарды орындауға кетіп жатыр, сендермен айналысуға маған уақыт
қалдырмайды деп жергілікті істерді ақсатып жіберуі мүмкін ғой! Мойнына
артылған жүкті жолда аударып алмай, екеуін де ойдағыдай етіп тең алып
жүруге қабілет-қарымы жете ме? Және ол бір емес, сайланған әкімдердің басым
көпшілігінде жетпей жатса, алға ұмтылған ел экономикасын төрден босағаға
сүйремес пе екен? Солай болса, балапан басына, тұрымтай тұсының кері
келіп, әлемдегі ең озық елуге ену мұраты көзден бұл-бұл ұшады емес пе?!
Қалай болғанда, жан-жақты істерді бірдей тындыратын әкім болуы үшін
жоғарғы сана талап етіледі. Ол Мен өз мемлекетімнің патриотымын! деп
жалпы мемлекеттік істерді де адал атқаратын, дәл солайша Маған мекенімнің
жұрты үмітін арқалатты, сондықтан олардың алдында жауаптымын! деп
тұрғындардың да бабын табатын әмбебап азамат болса қане?!
Жалпы мемлекеттік те, жергілікті жерге қатысты фунциялар да сайланған
әкімге берілуге тиіс. Бірақ ауылды, көшені абаттандыру, қысқы отын-көмір
секілді жергілікті проблемалардың бюджеті бір бөлек болуы керек те,
сайлауөткізу, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты мемлекеттік деңгейдегі
жұмыстардың бюджеті басты назарда болу керек.
Жалпы, жергілікті сайланбалы өзін-өзі басқару жүйесін ауыл деңгейінде
бүгіннен-ақ енгізе беруге қазіргі Конституция мүмкіндік береді. Ертең 4-5
жылдан соң бұл жүйе біздің жағдайда апробациядан өткеннен кейін аудандық,
тіпті облыстық деңгейде енгізуге болады.
Көптеген құқықтанушылар мен саясаткерлер қазіргі Конституцияны
өзгертпей, ЖӨӨБ енгізуге болмайтынын айтады. Ал көптеген пікір- пайым оны
жоққа шығарады. Сонда жаңа Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заңның
құқықтық шектері қандай болмақ? Ол қандай нысан түрінде құрылады?- деген
сұрақтар туады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органы Азаматтық кодекске сәйкес
қоғамдық бірлестік сипатындағы заңды тұлға ретінде болуы тиіс.
Жергілікті өзін-өзі басқару органы құрылтайшы ретінде жауапкершілігі
шектеулі серіктестікқұруы керек, ал екінші құрылтайшы ретінде онда
мемлекет те қатысқаны жөн. Сонда берген мүлкінің талан-таражға түспей,
тиімді пайдалануына, бөлген қаржысының шашпай-төкрей жұмсалуына бақылау
жасар еді. ЖШС жаңағы жергілікті өзін-өзі басқару органының атқарушы
мекемесі ретінде қызмет етуі тиіс. Сонда ешқандай құқықтық кедергілер
туындамайды. Мүлік пен қаржы да жоғалмайды, өйткені барлығы тұрғындардың,
яғни тең-мүшелердің бақылауында болады, солардың шешімімен пайдаланылады.
Ал кейін жинақталған тәжірибені жетілдіре отырып, Ата заңымызға лайықты
өзгерістер енгізе аламыз.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі
Дүниежүзінің көптеген елдерінде (кейбір кішігірім елдерден басқасы)
тек орталықтан басқару мүмкін еместігі байқалады. Оларда жергілікті өзін-
өзі басқару орталық, өкіметтік билікке қарма-қарсы күш ретінде қолданылды,
сондықтан ол қоғамның демократиялық аяси жүйесінің бірі ретінде
қарастырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару институтының ұзақ тарихы бар. Ең алдымен
бұл көне Римде пайда болған. Қалалық басқаруды ол кезде муниципалды деп
атаған (латын тіліндегі типі – тяжести (ауыр) және саріо (қабылдаймын))
деген сөзден шыққан.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі алғаш рет XIX-ғасырда
Бельгия мен Францияда жасалынған болатын. Ол ерікті қауымдастықтың қызметі
ретінде сипатталады. Мемлекет қауымдастықты құрмайды, ол тек заң шығару,
атқарушы және сот билігі тармақтарымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды
төртінші билік таныған (муниципадық, коммуналыдқ, қауымдық). Жергілікті
өзін-өзі басқарудың пайда болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық
және саяси ортақ мүдделерін сезінулерінің нәтижесі.
Ресейде қалалық өзін-өзі басқару Новгордта, Псковта пайда болып,
кейініректе зесмство мекемелеріне ұласады. Бірақ та көп ұзамай земствоның
өзін-өзі басқару органдары Советтермен қатар қызмет істеген кезінде қажеті
болмай 1918 жылдың ортасында қалалық өзін-өзі басқару органдарымен бірге
жойылады.
Міне, сондықтан жергілікті өзін-өзі басқаруды қайтадан жандандыру күн
тәртібіндегі өзекті мәселе болмақ.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары дербестік ретінде ҚР-да 90
жылдардың басынан бастап, алдымен одақтық (1990, артынан еліміздің (1993)
жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы Заңдары қабылданғаннан
кейін қалптаса бастады.
1990 жылғы 9-сәуірдегі КСРО-ның КСРО-дағы жергілікті шаруашылық және
өзін-өзі басқарудың жалпы бастамасы туралы қабылданған заң жергілікті
өкімет органдарының дамуының негізгі бағыттарын, олардың қалыптастыру
принциптері мен қызметін анықтайды.
1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының жергілікті
өкілді және атқарушы органдары туралы заңынан бастап жергілікті өкімет
органдарының жүйесін реформалау процесі басталды. Оны қайта құру, өз
кезеңінде қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларында
өзгерістердің маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
Қазақстан Республикасы жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Дамыған елдердегі жергілікті өзін өзі басқаруды тәжірібиесі
Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі
Әкімшілік - мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту
Жергілікт өзін-өзі басқару жүйесіндегі қаржылық экономикалық механизмдерді зерттеу
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Конституциялық құқықтың жүйесі
Пәндер