Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Кіріспе
1. Табиғи географиялық жағдайы
2. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Теңіздің ластануы
Су басып қалған мұнай ұңғымаларының проблемасы
а. Тасымалдау кезінде теңіздің мұнаймен ластану проблемасы

Каспий теңізі – біртұтас табиғи геожүйе, онда геологиялық, гидроклиматтық, антропогендік және космостық факторлар өзара күрделі әрекет етеді. Каспий теңізі – біздің планетадағы өзінше бір ең үлкен ойпаңның орталығы, оның үстіне, ол – біздерге бірегей фауна мен флораны, соның ішінде бекіре тұқымдас балықтар түрлерін жеткізе алған ескінің көзі.
Көне заманнан бері Каспий теңізі географтардың саяхатшылардың, жаратылыстанушылар мен мемлекет қайраткерлерінің назарын өзіне аудартып келеді. Оның ертегі мен аңызға айналған байлығы - балығы, табиғи ерекшеліктері Гомерді, Геродотты, Аристотельді, Патроклды, Александр Македонскийді және т.б көптеген белгілі тұлғаларды ойлантқан. Осы тұста А.Гумбольдтың сөздерін еске алған орынды болар: «Каспий теңізін көрмесем, өлермін» (Берлин, 1869). Каспий теңізі бүгінгі күні де мамандар назарын өзіне аудартып келеді.
Басты себеп – теңіздің өзі де, оның жағалауы да – адам пайдаланатын неше түрлі табиғи байлықтардың нағыз қоймасы болуында. Теңіз жағалауы мен теңіздің түбі мұнай мен газдың, басқа да пайдалы қазбалардың үлкен қорларын сақтап жатыр. Каспийдің байлығы алуан түрлі, ол Каспий маңындағы мемлекеттердің экономикасында, миллиондаған адамдардың өмірінде, көпбейінді өнеркәсіптің жұмыс жасауында және т.с.с. үлкен маңыз алады.
Барлық тарихи кезеңдерде Каспий теңізі ең бай су айдыны болды, ол ең алдымен өзінің биологиялық өнімділігімен ерекшеленеді.
Оның балығын барлық Каспий маңындағы мемлекеттер пайдалана алады. Каспий адамдардың белоктық қорегінің маңызды және сенімді көзіне айналып, қуаңшылық, індет, әлеуметтік-саяси катаклизмдер кездерінде бірнеше рет аштықтан қорғап қалды.
Каспий теңізінің балық қоры - оның биологиялық өнімділігі мен ихтиофаунасының бірегей құрамының жоғары деңгейін айқындайтын жағдайлардың өзіне ғана тән өзгеше ұштасуының нәтижесі.
Каспийдің жоғары деңгейдегі өнімділігіне ең алдымен оның алаптарына тән үлкен күн радиациясы, географиялық орналасуы, өзен ағынымен су айдынына жыл сайн түсіп отыратын бірнеше мыңдаған тонна биогендік тұздар және теңіздің биологиялық айналымына кіретін олардың үлкен қорлары себепші болып отыр.
Каспийдің бірегейлігін айқындайтын тағы да бір фактор – оның өзіне тән климаттық ерекшеліктері, жел режимі, су массаларының циркуляциясы, олар өз кезегінде жаздағы булану және қыстағы қату кезінде ағындарының тік қозғалысына қолайлы ықпал етіп, сонысымен биогендік элементтерге бай терең сулардың жоғарыға көтерілуін қамтамасыз етеді, Каспийдің барлық су қабаттарындла оттек бар, бактериопланктонның генерациясы үшін қажетті энергетикалық материал және т.с.с. жеткілікті мөлшерде.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Каспий теңізі – біртұтас табиғи геожүйе, онда геологиялық,
гидроклиматтық, антропогендік және космостық факторлар өзара күрделі әрекет
етеді. Каспий теңізі – біздің планетадағы өзінше бір ең үлкен ойпаңның
орталығы, оның үстіне, ол – біздерге бірегей фауна мен флораны, соның
ішінде бекіре тұқымдас балықтар түрлерін жеткізе алған ескінің көзі.
Көне заманнан бері Каспий теңізі географтардың саяхатшылардың,
жаратылыстанушылар мен мемлекет қайраткерлерінің назарын өзіне аудартып
келеді. Оның ертегі мен аңызға айналған байлығы - балығы, табиғи
ерекшеліктері Гомерді, Геродотты, Аристотельді, Патроклды, Александр
Македонскийді және т.б көптеген белгілі тұлғаларды ойлантқан. Осы тұста
А.Гумбольдтың сөздерін еске алған орынды болар: Каспий теңізін көрмесем,
өлермін (Берлин, 1869). Каспий теңізі бүгінгі күні де мамандар назарын
өзіне аудартып келеді.
Басты себеп – теңіздің өзі де, оның жағалауы да – адам пайдаланатын
неше түрлі табиғи байлықтардың нағыз қоймасы болуында. Теңіз жағалауы мен
теңіздің түбі мұнай мен газдың, басқа да пайдалы қазбалардың үлкен қорларын
сақтап жатыр. Каспийдің байлығы алуан түрлі, ол Каспий маңындағы
мемлекеттердің экономикасында, миллиондаған адамдардың өмірінде, көпбейінді
өнеркәсіптің жұмыс жасауында және т.с.с. үлкен маңыз алады.
Барлық тарихи кезеңдерде Каспий теңізі ең бай су айдыны болды, ол ең
алдымен өзінің биологиялық өнімділігімен ерекшеленеді.
Оның балығын барлық Каспий маңындағы мемлекеттер пайдалана алады.
Каспий адамдардың белоктық қорегінің маңызды және сенімді көзіне айналып,
қуаңшылық, індет, әлеуметтік-саяси катаклизмдер кездерінде бірнеше рет
аштықтан қорғап қалды.
Каспий теңізінің балық қоры - оның биологиялық өнімділігі мен
ихтиофаунасының бірегей құрамының жоғары деңгейін айқындайтын жағдайлардың
өзіне ғана тән өзгеше ұштасуының нәтижесі.
Каспийдің жоғары деңгейдегі өнімділігіне ең алдымен оның алаптарына
тән үлкен күн радиациясы, географиялық орналасуы, өзен ағынымен су
айдынына жыл сайн түсіп отыратын бірнеше мыңдаған тонна биогендік тұздар
және теңіздің биологиялық айналымына кіретін олардың үлкен қорлары себепші
болып отыр.
Каспийдің бірегейлігін айқындайтын тағы да бір фактор – оның өзіне тән
климаттық ерекшеліктері, жел режимі, су массаларының циркуляциясы, олар өз
кезегінде жаздағы булану және қыстағы қату кезінде ағындарының тік
қозғалысына қолайлы ықпал етіп, сонысымен биогендік элементтерге бай терең
сулардың жоғарыға көтерілуін қамтамасыз етеді, Каспийдің барлық су
қабаттарындла оттек бар, бактериопланктонның генерациясы үшін қажетті
энергетикалық материал және т.с.с. жеткілікті мөлшерде.
Каспий теңізі тек өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар айрықша
су айдыны болып табылатындығын атап өту қажет. Оларға ең алдымен теңіз
деңгейінің тербелу проблемасы мен оның экожүйесіне тиетін антропогендік
әсерді жатқызған дұрыс.
Басқа да континентішілік су айдындарымен салыстырғанда, Каспий
теңізінің проблемасы ғылыми жұртшылықты барлығынан артық қызықтырып келеді.
Бұл қызығушылық ХХ ғасырдың басынан бастап Каспий теңізі деңгейіндегі
тербелістерге байланысты (Книпович, 1993). Су айдынының өзіндегі және оның
су жинау ауданындағы экологиялық ахуалға байланысты теңіздік биологиялық
өнімділігі проблемасы болса соңғы 45-50 жыл ішінде пайда болды. Көптеген
әдеби көздерге сүйенсек, Каспийдің биологиялық өнімділігі, әсересе бірегей
фауна-флорасы соңғы жарты ғасыр бойы күннен күнге өсіп келе жатырған
антропогендік әсердей пәрменді катастрофаны регрессия және трансгрессия
кезінде де бастан өткеріп көрмепті (Гюль, 1956; Марти, 1974; Державин,
1947; Салманов 1987). Оның үстіне теңіз деңгейі төмендеген және көтерілген
кездегі техникалық ілгерілеушіккке дейін жай ғана теңіз аумағының кішіреуі
немесе ұлғаюы, материк қайраңдарының шайылуы орын алған болса, теңіз
деңгейінің соңғы кездердегі тербелістерінде теңізге аллохтондық тектегі
заттардың үлкен массалары түсті (Салманов, 1997). Каспий теңізін зерттеу
тарихы көп уақыттан жалғасып келеді. Алайда, ғалымдар оның режимінің барлық
заңдылықтары мен оның барлық ерекшеліктерін анықтады деп есептеу қиын.
әсіресе, су массасындағы және тұтастай теңіздің түбіндегі шөгінділердегі
продукциялық-деструкциялық процестердің заңдылықтарына көпбейінді
антропогендік фактордың, деңгейлік режимнің флуктациясының және т.б. әсер
етуінің нәтижесінде көп нәрсе әлі ашылмай жүргендігінде күмән жоқ.
Каспий теңіізі – күрделі су айдыны; оның бөліктерінің географиялық
орналасуы түрліше болып келеді; гидрохимиялық, гидрологиялық режимдері
өзінің өнімділігі, заттар айналымының ерекшеліктері жөнінен түрліше.
Мысалы, теңіздің ең өнімді бөлігі – Солтүстік Каспий қыста мұз құрсанып,
ондағы биохимиялық процестер тоқтайтын болса, Орталық және Оңтүстік
Каспийде планктондық ағзалардың суық сүйгіш түрлері даму үстінде болады.
200 жылдан астам кезеңді алатын Каспий теңізінің биологиясын
зерттеуде (Гюль, 1956) фитопланктон өнімінің, судың микрофлорасы және
Каспий теңізін тұтастай алғанда барлық учаскелердегі түп шөгінділердің
бөлінісі мен функционалдық белсенділігінің мәселелері неғұрлым аз
зерттелген. Сонымен бірге фитопланктон мен бактериялардың өнімділігі
белсенділігінің дәл өзі елеулі дәрежеде Каспий теңізінің биологиялық
өнімділігін қалыптастырады.
1. Каспий теңізінің физика-географиялық жағдайы
Каспий теңізі – жер шарындағы ең ұлы оқшауланған ағынсыз су айдыны.
Каспий теңізінің деңгейі Әлемдік мұхит деңгейінен 28,5 м төмен жатыр және
елеулі өзгерістерге ұшырап келеді. Оның ауданы 378,4 мың км2 немесе
әлемдегі көлдердің барлық ауданының 18%-ын құрайды.
. Каспий теңізінің қазаншұңқыры рельефтің ерекшеліктері жөнінен табиғи
түрде үш бөлікке бөлінген: Солтүстік, Орта және Оңтүстік Каспий,.
Солтүстік Каспийдің рельефі біркелкі емес, әсіресе ол саға алды
кемерінде байқалады. Тереңдік оңтүстік бағытқа қарай арта түседі. Қоршаған
аудандағы тереңдігі 6 м аспай тұра, Жайықтың сағасынан оңтүстік батысқа
қарай көлбеу созылып жатырған Орал жүйегінің тереңдігі 9-11 м құрайды.
Каспий теңізіндегі шөгінді түзілісі өте күрделі жағдайларда жүреді.
Теңіздің солтүстік бөлігінде теңіз шөгінділерінің басым кездесетін түрі ірі
алеврит болып табылады. Бұл жерде негізінен терригендік тектегі ірі тасты
шөгінділер: құм мен балшық құм. Бұл Солтүстік Каспийдің гидрологиялық
режимімен: жел ағындарымен, таяз жерлердегі толқулармен және теңіз түбінің
шамалы еңіс жерлерімен түсіндіріледі.
Солтүстік Каспийдің орталық бөлігі басым түрде биогендік акумуляция
саласы болып табылады. Мұнда Еділ суларымен биогендік заттардың шығарылуы
ағзалардың тіршілік қызметіне қолайлы жағдайлар туғызады.
Каспий теңізінің климаты оның георграфиялық орналасуымен,
атмосферасымен, циркуляциясымен іргелес құрлықтың рельефімен және теңіз
суларының жылу әсерімен айқындалады. Мұның барлығы теңіздің түрлі
бөліктеріндегі климаттық жағдайлардағы айырмашылықтарға себепші болады.
Солтүстік және шығыс жағалаулар төмен орналасқан, олар солтүстік пен
шығыстан ауа массаларының еркін келуі үшін қолайлы, бұл өз кезегінде
теңіздің іргелес аудандары климатының континенталдығына себеп болады.
Каспий теңізінің жел режимі атмосфераның негізгі орталықтарының
әсерімен айқындалады. Көпжылдық деректерге сәйкес (Мадат-заде. 1959; Гюль
және т.б., 1971) Солтүстік Каспийде жел шығыс және батыс жақтардан бағыт
алады. Теңіздің солтүстік бөлігі бетінде суық жартыжылдықта шығыстан ширек
желдер басым келеді (50-70%). Жылы кезде – солтүстік-батыс бағыттардағы
желдің қайталануы арта түседі. Кез келген румбтағы желдің орташа жылдамдығы
шамамен 4 баллды құрайды.
Ауаның температурасының абсалюттік мәндері мен өзгерістері бүкіл
акватория бойынша біркелкі емес. Алайда барлығында да шілде – ең жылы ай.
Қаңтар – ең суық ай. Бүкіл теңіздің ортақ ерекшелігі жаз кезіндегі жоғары
температуралар: теңіздің шығыста 28-32о және батысында 27-30о (Гюль және
т.б., 1971; Салманов, 1998).
Теңіздің солтүстік бөлігінің климаты континенталдық. Қаңтар-ақпанда
ауаның орташа айлық температурасы оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай
Чечень аралынан 1о - тан Атырауда 10о -қа дейін төмендейді.
Ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын. Бүкіл теңіз үстіндегі жауын-шашынның
жылдық сомасы орташа алғанда 200 мм шамасын құрайды. Оңтүстік және оңтүстік-
батыс жағалауда жауын-шашынның елеулі мөлшері түседі де, Ленкорань-Сефид-
руд учаскесінде ол 1000 мм астам болады. Бүкіл теңіздегі ең ылғал орын
Пехлеви болып табылады (1543 мм).
Теңіздің солтүстік бөлігінде жауын-шашын маусымдар бойынша тең
бөлінген дерлік. Оңтүстікке жылжуына қарай жауын-шашынның маусымдық түсуі
неғұрлым анық байқалады.
1928-1978 жж. аралығында су деңгейі 3,2 м төмендегені, ал 1978-1995
жж. аралығында 2,5 м көтерілгені анықталған. 1996-1998 жж. теңіз деңгейі
қайтадан төмендеп, ол көрсеткіш 0,35 см құраған (Мамедов, 1998)
Каспий деңгейіндегі көпжылдық тербелістер басты түрде климаттық
факторлармен айқындалады: олар циклдық сипатта болып келеді (ІV тарауды
қар.).
Каспий теңізіндегі ағыстар су тығыздығының бөлінісімен, түптің
конфигурациясымен, деңгейдегі тербелістермен және т.с.с. байланысты.
Г.В.Ржеплинскийдің пікірінше (1955) жел ағыстары үстіңгі қабатты қамтиды,
ал Солтүстік Каспийде судың бүкіл қабатын алады. 3 баллға дейінгі күштегі
жел анық ағысты болдырмайды. 40% жағдайларда ол болмайды немесе қарсы жаққа
бағытталған болады (Леонов, 1960). Неғұрлым күшті желдер тұрғанда ағыстар
бағытының жылдамдыққа тәуелділігі арта түседі, Н.С.Линейжиннің,
А.И.Фельзенбаумның (1955) деректеріне сәйкес, Солтүстік Каспийде ағыстар
жел бойынша бағытталған. Жазда Солтүстік Каспийге ағыстардың антициклондық
схемасы жақсы үйлеседі. Қыста теңіздің бұл бөлігі мұз құрсанып жатады.
Гомотермия басталып, судың теріс температурасы бекиді, ол тұздылыққа
тәуелді болып келеді.
Каспий теңізі тұздылығының өзгеруі гидрометеорологиямен, су
теңгерімімен және ондағы тұз түзуші құрауыштардың салыстырмалы құрамымен
тығыз байланысты. Теңіздің тұз теңгерімін есептеу нәтижелері Каспийдің 60
жылдағы орташа тұздылығы тұрақты - 12,82-12-86%о деңгейінде қалып келе
жатырғандығын көрсетті.
Соңғы жылдары Солтүстік Каспийдегі тұздылық орташа алғанда 0,3%о
төмендеді, ал теңіздің басқа бөліктерінде оның төмендеуі 0,1%о аспайды.
(Катунин, 1992).
2. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Қазіргі уақытта Қазақстанның Каспий маңы өңірі теңіз деңгейінің
көтерілуінен келетін зардапты, өткен жылдарда қоршаған орта ластануының
және ағымдағы ластанулардың шешілмеген проблемаларын, экожүйелердің
бұзылуын, биологиялық алуан түрліліктің апатты түрде азаюын және т.б
факторлары қоса алғанда экологиялық проблемалардың теріс әсерімен
байланысты бірқатар қиындықтарды бастан кешіп отыр.
Экологиялық ахуалдың шиеленісуі халықтың өмір сүру жағдайлары мен
өңірдегі медициналық-демографиялық ахуалға теріс әсерін тигізуде.
Қалыптасып қалған бірқатар экологиялық проблемалар трансшекаралық сипатта,
бұл белгілі жағдайларда жағалау маңындағы елдердің өзара байланысына
теріс әсерін тигізуі де мүмкін.
Таяздыққа және Каспий теңізіне құятын ағынның үлкен әсеріне байланысты
Солтүстік Каспийде сыртқы әсерлерге неғұрлым сезімтал табиғи жағдайлар
қалыптасқандығын айрықша атап өту қажет. Сондықтан ластаушылардың экожүйеге
әсері бұл жерде теңіздің басқа бөліктермен салыстырғанда әлдеқайда күштірек
білінеді.
Өңірдің негізгі экологиялық проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:
2.1. Теңіздің ластануы
Мұнайдан ластану әсіресе Каспийдің солтүстігінде су көлемі өте аз
болғандықтан үлкен қауіп төндіреді, бұл жерде орташа тереңдік 6,2 м.,
ауданы теңіз ауданының 27,7 % болған жағдйда су көлемі жалпы көлемнің
0,94% ғана құрайды, егер теңіздің түрлі бөліктеріне бір тонна мұнайдан
төгетін болса, онда Солтүстік Каспийде су көлемі бірлігіне келетін мұнаймен
ластануы теңіздің басқа бөліктерімен салыстырғанда шамамен 100 есеге
күштірек әсер ететін болады.
Ластанудың қазіргі деңгейінде балықтар ағзаларында ауытқушылықтар
байқалып үлгерді. Мысалы, бекіре тұқымдас балықтардың бұлшық ет тіні
ыдырап, уылдырықтың тыс қабаты әлсірей түсті және т.с.с. 1976 жылдан бастап
ұсақ балықтар (көксерке, табан, сазан, қаракөз, жайын) ұшаларында (тушка)
жаңа түзілістер байқалады, Суда жүзетін құстардың жаппай қырылуының себебі
де осындай болуы мүмкін. Мысалы, тек 1998 жылдың мамырында токсиндермен
улану себебінен 27 түрдегі 10 млн. құс, негізінен, үйректер мен шағалалар,
қырылып қалды. Бұл құстардың тіндеріндегі тек хлорорганикалық қосылыстардың
өзі ШРК 120 есеге артық болған. 2000 жылдың көктемінде итбалықтардың, 2001
жылдың көктемі мен жазында шабақ балықтардың жаппай қырылуы басталды.
Мұнай теңізге өзен ағынымен, кемелерден тасымалдау кезінде немесе
тұрба құбырларынан, су басып қалған мұнай ұңғымаларынан және т.с.с. келуі
мүмкін.
2.2. Су басып қалған мұнай ұңғымаларының проблемасы
Каспий теңізі деңгейі көтерілгеннен кейін жағалау маңындағы бірқатар
аумақтарды су басып қалды, соның ішінде өткен ғасырдың 60-80 жылдарында
бұрғыланған мұнай ұңғымалары да бар, оларды бұрғылау кезінде теңіз суының
жемірлік қасиеті ескерілмеген. Уақыт өте келе ұңғымалар теңізді ластаушы
қауіпті көздерге айналды. Нәтижесінде, 2001 және 2003 жылдары Тәжіғали
және Прибрежное кен орындарындағы ұңғымалардан мұнай шығып, кейінен бұл
ұңғымалар жойылды.
2.2.а. Тасымалдау кезінде теңіздің мұнаймен ластану проблемасы
Мұнайды танкерлермен тасымалдауда мұнай өнімдерін тиеп –түсіргенде
порттан бастап-ақ теңіз ластана бастайды. Үнемі ластану, мысалы, Ақтау
порты акваториясының ластануы Әзірбайжанның ластанған порттарына келген
танкерлерді толтыру кезінде орын алады. Бос танкердің бортындағы мұнайдан
тұратын қайғылы желі танкер суға түскенде-ақ акваторияға жайыла бастайды.
Орташа алғанда бір жылда танкерлерге құйған кезде 2 тоннаға жуық мұнай
төгіледі.
Порттардың мұнайдан ластануы қоршаған ортаның жай-күйі мен халықтың
денсаулығына зиянды әсер етеді. Мысалы, Ақтау қаласында ауыз су біреуі
порттан қашық орналаспаған, екі су жинау каналынан теңіз суын алатын
тұщытқыш құрылғылардан келеді. Маңғыстау облыстық СЭС қорытындысы бойынша
портты осы су жинау каналына қарай кеңейтіп, қайта құрылымдағаннан кейін
канал суындағы фенолдың мөлшері 40 есеге өсті. Фенолдар канцероген болып
табылады, сондықтан олар өте аз мөлшерде болса да зиянды. Оларды жинау үшін
қалалық қызметтерге тұщытылған суды одан әрі биологиялық тазарту қаражатын
шығындау қажет болады. Алайда, демалушылар, сондай-ақ жануарлар, өсімдіктер
әлеміне келетін қатерді бақылау қиынырақ.
2.2.б.Апатты жағдайларда теңіздің мұнаймен ластану проблемасы
Ең үлкен қауіп танкерлердің немес мұнай құбырларының апаты
нәтижесінде мұнайдың төгілуі болып табылады. Теңіздегі апат кезінде
мұнаймен байлансықа түскен тірі ағзаның барлығы өледі, ахуал не болары
белгісіз, апаттық сипат алады. Жағалау белдеуіне әсер ететін теңіз апатының
экологиялық салдары неғұрлым бүлдіргіш сипатта болып табылады. Апаттар,
соның ішінде, өте ауыр апаттар болып та көрген. Мысалы 2002 жылдың 22
қазанында Баку қаласы маңында Ақтау портынан шыққан, бортына 18 цистерна
тиеген Меркурий-2 паромы апатқа ұшырап, теңізге батып кетті. Апат
барысында 45 адам қаза тапты, төгілген мұнайдың алаңы 15 км2 құрады.
Қазіргі уақытта мұнай құбырларындағы апаттарда және танкерлердің
апттарға ұшырауында мұнай төгілуің пайда болу қатері Қашаған теңіз кен
орнының мұнай-газ тасымалдау жүйесінің дамуына байланысты кенет өсіп отыр.
Теңіз мұнайын өндіру тәжірибесі көрсеткендей, мұнай балыққа құртушы әсер
етеді, физиологиялық өзгерістер, стресстік жағдайлар орын алып, алмасу
процестері бұзылады.
2.2.в. Борсыған жыра ағын сулар орны мен суға кеткен корабльдер
Каспий теңіхін әлеуетті ластаушылардың бірі Атырау қаласындағы
Борсыған жыра аталатын ағын суларды жинау орны болып табылды. Қазіргі
уақытта бұл орынның сүзу алаңдарында қатты ластанған сұйық қалдықтардың 50-
72 млн3 жинақталған. Ағын суларда хлоридтар, амоний тұздары, сульфаттар,
ауыр металдар (мыс, мырыш, хром және т.б.) жоғары мөлшерде шоғырланған.
Ағын суларда мұнай өнімдерінің шоғырлануы 200 ШРК, фенол 20-80 ШРК
аралығын құрайды. Каспий теңізі деңгейінің көтерілуінің нәтижесінде теңіз
суы бұл орынға өте жақын келді (10 км дейін) Су көтерілу кезінде бұл
қашықтық 3-4 км дейін қысқарады. Бұл сулар Каспий теңізіне түсетін болса,
салмақты экологиялық зардаптар болуы мүмкін.
Өңірдің қауіпті проблемаларының ірі Баутино бухтасын батып кеткен
корабльдерден тазарту болып табылады, олардың саны 53-ке жетті.
Экологиялық тұрғыдан алғанда, батып кеткен карабльдердің қауіптілігі
олардың металл корпустарының коррозияға ұшырауында. Оның үстіне, далаға
тасталған тот басқан кораблдьердіің түрі жуық аумақта қалдықтарды
рұқсатсыз тастауды білдіреді. Батып кеткен кемелер сонымен бірге Баутино
портына теңіздің мұнайлы кен орындарынан келетін баржалардан бұрғылаудың
сұйық уытты қалдықтарының төгілу қатерін де арттырады. Бұл қатер
айлақтарға акваторияны жақсы білетін жергілікті буксирлер арқылы
түсірілетіндігімен шектелгеніне қарамастан, баржалардың желмен корабльдерге
құлау қаупі бар. Батып кеткен корабльдердің жарықтары болмағадықтан, түнгі
уақытта баржалар маневр жасаған кезде қатер бірнеше есе арта түседі.
2.2.г. Ластаушы заттардың өзен суларымен тасымалдануы
Өзен суларымен Каспийге 40 км кем емес ластанған су түседі, оларда
17 мың тоннадан астам мұнай өнімдері, 400 т шамасында фенол, 2-3 мың
тоннаға дейінгі мөлшерде мыс пен басқа да ауыр маталлдар кездеседі.
Жайық өзеніне ластаушы заттар Ресей Федерациясы өзендерінің үстіңгі
ағындарынан, сондай-ақ Қазақстанның Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары
аумақтарынан түседі.
Ресей Федарациясының шегінде Жайық өзені мұнай-химия саласы
объектілерінің өнеркәсіптік ағындарымен, соның ішінде: Орск мұнай өңдеу
зауыты, Оңтүстік Орал никель комбианты, Орск-Халиловск металлургия
комбинатының, Оренбург мұнай өңдеу зауытының және т.с.с. объектілерінің
өнеркәсітің ағындарымен ластанады.
Жайық өзенінің елеулі ластануына Ақтөбе хром қосылыстары зауыты мен
басқа да кәсіпорындардың құрамында хром, бор және т.б. қосылыстар бар
ағындарын алатын Елек өзені өз үлесін қосады.
Жайық өзені арқылы ластаушы заттарды трансшекаралас тасымалдау
экологиялық құрауышын есептемегенде, сондай-ақ мемлекетаралық шиеленіс
элементін де қамтиды, ол Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-
қатынастар жағдайларында қазіргі уақытта айрықша байқалмайды.
3. Биоалуандықтың қысқаруы
3.1.Кәсіпшілік биоресурстар қорларының азаюы
Берілген проблема өңірде тіршілік орындарының нашарлап, азаюының,
табиғи ортаның ластануының және жағалау ареалдарының бұзылуының, жағалау
маңы ландшафтарының шөлге айналуы мен деградациясының, биологиялық
ресурстарды шектен тыс пайдалануды, сондай-ақ браконьерліктің салдарынан
қалыптасқан негізгі экологиялық проблемалардың бір болып табылады.
Жайық-Каспий бассейнінде 93,6 мың тонна көлемінде ең көп балық аулау
1932 жылы байқалды, өткен ғасырдың 70-80 жылдары балық аулау 50-70 мың
тоннаны, 2000 жылы 21,7 мың тоннаны, 2007 жылы 18,5 мың тоннаны құрады.
Өткен ғасырдың 30-60 жылдары Каспий лососын, миноганы және ақ балықты
аулау жылына 80 мың тоннаны құрайтын. Алайда, 50 жылдардың екінші
жартысынан бастап кәсіпшілік балық аулауда лосось балықтары кездеспейтін
болды.
Қазақстанда 90-жылдардың соңында бекіре тұқымдас балықтарды аулау 70-
жылдардағы 8 мың тоннадан 2000 жылы 0,23 мың тоннанға және 2007 жылы 0,11
мың тоннаға дейін кенет төмендеуі байқалды.
Бекіре тұқымдас балықтардың негізгі уылдырық шашу орындары Жайық
өзенінің төменгі ағысында 800 км ұзындықты алады. Бекіре тұқымдас
балықтардың қазіргі уылдырық шашатын орындарының пайдалы аудандарын
нақтылау жөнінде зерттеулер жүргізу барысында орналасқан жері бойынша 21
тиімді, 22 орташа тиімді және 25 тиімділігі аз учаске бар екендігі
анықталды.
Жайық өзені жайылмасында балықтардың негізгі уылдырық шашатын
орындарының ауданы 1930-1935 жж. 35,0 мың га жететін болған болса, 1970
жылдадың ортасына қарай олар 16 мың га дейін, 1995 жылы 0,923 мың га дейін
қысқарды. 2004 жылғы жағдай бойынша уылдырық шашу алқаптарының жалпы ауданы
980.1 га, соның ішінде арналық – 740.3 га және су басатын – 239.8 га
құрады. Қазіргі кезеңде топырағының сипаты бойынша тиімді жалпы алаңы 376.6
га және орташа тиімді жалпы алаңы 288.1 га алаңда қортпа, бекіре, ал аз
тиімділіктегі жалпы ауданы 315.4га алаңда шоқыр уылдырық шашады.
Жүргізілген ғылыми зерттеулер көрсеткендей, барлық бекіре тұқымдас
балықтар популяцияларында балықтардың көлемдік-салмақтық көрсеткіштерінің
төмендеуі, жасы бойынша құрылымының бұзылуы, аналық балықтар санының азаюы
байқалды. Бұл көрсеткіштер әсіресе саны неғұрлым көп кездесетін бекіре
тұқымдас балық түрі шоқырда анық көрінген. Балықтарда жыныстық деформизм
анықталды. Жайық популяциясы ішіндегі аналықтар зоологиялық ұзындық және
салмақ мәндері бойынша аталықтардан ірі болып келеді, бұл неғұрлым ерте
жыныстық жетілуді білдіреді, сондай-ақ аталықтардың неғұрлым ерте өлуі
байқалған.
1989 жылдан бастап. Жайық өзенінің қоректік коэффицентінің жеткілікті
деңгейде жоғары болуына қарамастан, балықтардың табиғи шабағы теңізге өте
ұсақ және өмірге қабілетсіз қалыпта келеді. Табиғи молаю жолымен
қорлардың толығуы жүрмейді. Шабақ теңізге нормативтік көрсеткіштерден
(2.01 грамм) төмен, кіші болып түседі (0.5-0.11 грамм), бұл олардың теңіз
жағдайларында тірі қалу мүмкіндігін төмендетеді.
Биологиялық ресурстардың, соның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың
кенет азаюы ең жуық уақытта Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтар мен
олардың уылдырығын өндіруді толықтай тоқтатуға алып келуі мүмкін.
Сондықтан Каспий теңізінің бекіре тұқымдас балықтарының генофонды мен
биоресурстарының түрлік саналуандығын сақтап қалу өте маңызды міндет болып
табылады.
Басқа кәсіпшілік жануарлар санының азаюы да байқалып келеді. 20
ғасырдың басынан бастап Каспий теңізінде итбалық популяциясының саны 90-
жылдардың соңындағы 1 миллионнан 350-400 мың басқа дейін қысқарды.
3.2. Итбалықтар мен бекіре тұқымдас балықтардың жаппай қырылуы
Каспийдегі шаруашылық қызмет ауқымының артуына байланысты оның
биолигиялық саналуандығына келетін қатерлер де кенет артып кетті. Мысалы,
Каспий итбалығының саны соңғы бес жылда шамамен 3 есеге азайды. 1987 жылдан
бастап Каспийде 17 ірі балық қырылуы ресми тіркелген. Мысалы, 2000 жылдың
20 сәуірінде Зюйд аралы ауданында (Жайық өзені сағасына жақын)
итбалықтардың жаппай қырылу жағдайы анықталды. Қырылған итбалықтардың жалпы
саны 231 дананы құрады. 2000 жылдың 17 мамырында Итбалықтар аралында 2933
дана итбалық өлі күйінде табылды. Сол кезде теңіз сүт қоректілерін ғылыми
зерттеу бөлімінің деректері бойынша (Гати, теңіз зертханасы, Қасиетті
Андрей университеті, Шотландия) 16 дана Каспий итбалығын тексеру
нәтижелерінің негізінде қырылудың басты себебі ит обасы вирусы деп танылды.
2006 жылдың сәуірінде бекіре тұқымдас балықтар мен итбалықтардың
жаппай қырылу жағдайы тіркелді. Өлі дарақтар Каспий теңізінің солтүстік-
шығыс бөлігі жағалауында Қаламқас кен орны ауданында табылды. Балықтар мен
итбалықтардың іріген ұшалары 2006 жылғы 27 сәуір-8 мамыр аралығында
толқынмен жағаға шығарылып қалған. Жағаға барлығы 2207 дана бекіре тұқымдас
балық пен 3237 дана итбалық шығарылды. Қалдықтарының ыдырауына қарағанда,
олардың қырылуы табылғанға дейін 20-25 күн бұрын болған деген қорытынды
жасалды.
Итбалықтардың жаппай қырылуы 2007 жылдың сәуірінде де байқалды (1000
астам дарақ). Оның үстіне қырылған жануарлардың ішінде шабақтары басым
болды.
2008 жылдың сәуірінде Қаламқас кен орнының дамбасында өлі
итбалықтардың ұшалары табылды. Тексеруде анықталғаны, ұшалар қатты ыдырау
сатысында тұр. Қырылудың болжамды уақыты – 2007 жылдың күзі.
3.3. Каспий деңгейі көтерілуінің зиянды әсері
Каспий теңізінің фондық деңгейінің және сәйкесінше келу-кету
тербелістері амплитудасының көтерілуі салмақты экономикалық және
экологиялық салдарға ұрындырып келеді.
Атырау және Маңғыстау облыстарының кейбір учаскелерінде жағалау желісі
құрлыққа қарай 70 км астам қашықтыққа шегінді. Бір миллион гектардан
астам құрлдық су астында қалды. 1996 жылдың ортасына қарай Қазақстан ауданы
40 мың км2 аумағынан, 7 мұнай кен орнынан, 1400-ге жуық бұрынырақта
бұрғыланған ұңғымасынан айырылды. Одан басқа 30-ға жуық кен орны (700-ге
дейінгі жұмыс жасап тұрғаны ұңғыма), соның шінде ең ірілері – Теңіз,
Қаражамбас, және т.б. бар, 80 км тұрба құбырлары су астында қалу қаупі
төніп тұр. Ақыр соңында Каспийдің көтерілуі жағалаудағы имараттарды, жұмыс
жасап тұрған мұнай кәсіпшіліктерін, тұрба құбырлары мен басқа да
экологиялық қауіпті объектілерді су басуынан оның акваториясының едәуір
ластануына алып келді. Қазіргі кезде Капсийдің су астында қалған
ұңғымалардан шығып жатырған мұнаймен ластануы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz