Ағылшын-қазақ тілдеріндегі есімдіктер және орын алмастырушы сөздер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Филологиясы” факультеті
“Ағылшын филологиясы” кафедрасы
6N0205-филология (ағылшын тілі)
мамандығы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: Ағылшын-қазақ тілдеріндегі есімдіктер және орын алмастырушы сөздер
Магистрлік жұмыс “Ағылшын Магистрлік жұмысты орындаған
филологиясы” кафедрасында қаралып, магистрант:
қорғауға жіберілді. Абдукеримова Х
Кафедра меңгерушісі: Ғылыми жетекші:
ф. ғ. к., профессор Баймахан Т. ф. ғ. к., профессор Баймахан Т.
“___” 2010 ж.
Түркістан 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І Тарау Ќазіргі аѓылшын тіліндегі есімдіктердіњ зерттелу тарихы 8
1. 1. Ќазіргі аѓылшын тіліндегі есімдіктердіњ зерттелу тарихы 8
1. 2. Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің басқа сөз таптарымен
арақатынасы 9
ІІ Тарау Ағылшын тіліндегі есімдіктердің мағыналық-құрамдық
топтары 12
2. 1. Жіктеу есімдігі 12
2. 2. Тәуелдік есімдігі 15
2. 3. Сілтеу есімдігі 18
2. 4. Сұрау есімдігі 22
2. 5. Ө здік есімдік 26
2. 6. Белгісіздік есімдігі 27
2. 7. Болымсыздық есімдігі 37
2. 8. Жалғаулық есімдігі 38
2. 9. Жалпылау есімдігі 40
ІІІ Тарау Ағылшын тіліндегі орын алмастырушы сөздер 43
3. 1. Зат есімдегі орын алмастырушы сµздер 43
3. 2. Етістіктегі орын алмастырушы сµздер 52
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер 59
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлап, әрі тілдің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін қажет. Мысалы, бастауыш, орта, жоғары мектептерде тілді оқытудың негізгі түйіндері сөз таптарына, солардың айналасына шоқталады. Сондай-ақ, тілдің грамматикалық құрылысына байланысты көптеген мәселерді алсақ, оларды сөз таптарына байланыстырмай зерттеу де, шешу де мүмкін емес. Солай болса, сөз таптары жайындағы мәселелер тілдің грамматикалық құрылысының, сөздің грамматикалық құрылымының негізгі арқауы сияқты мәселелер. Шынында да тереңірек үңілсек, сөз таптары грамматиканың көптеген түйіндерін шешетін арқау ғана емес, оны (грамматиканы) лексикамен байланыстыратын да негізгі баспалдақ сияқты. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын (түбірін, негізін, қосымшаларын) талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканың негізгі өзегі, ең басты мәселесі.
Тіл біліміндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық берлігеріне қарай ең алдымен үш үлкен топқа бөлінеді. Олар - атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер.
Аталған үш топтың ішіндегі әрі ең көбі де, әрі негізгі ұйытқысы және тіліміздің бүкіл сөз байлығының барлық шұрайы да, негізі де болып табылатыны - атаушы сөздер.
Атаушы сөздерді, ерекшеліктері мен сипаттарының бір-біріне жақын белгілеріне қарай, іштей бірнеше лексика-грамматикалық топтарға бөлуге болады. Мысалы, оларды ең алдымен, есімдер және етістіктер деген екі салаға бөлуге болады. Бірақ есімдер де іштей бірдей емес. Мысалы, зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер ішінара ұқсас үстеу сөздер мен еліктеу сөздер өзара бір-біріне жақын.
Есімдік және орын алмастырушы сөздер әрбір тілдің құрамдас бөлігі, сµз таптарыныњ бірі болып табылады [1, 1. ] . Зерттеуші А. Ысқақов еңбегінде «есімдік» терминіне былай аныќтама берілген: «Есімдік - зат есім, сын есім, сан есімді сөздердің кең шеңберіне қатысты қолданылады. Есімдіктердің контексте немесе сөздік жағдайда нақтыланатын назар аударғыш мағынасы болады. Мәселен, «ол» жіктеу есімдігі қандай болмасын сөздің орнын алмастырады. Зат есімнің орнына қолданылады. «Қандай, сондай т. б. » сөздері қандай да болмасын белгіні білдірсе, ал сонда, қайда, қашан, қалай есімдіктері - іс-әрекеттің орнын, уақытын, жүру сипатының мәнінің жағдайын білдіретіндігі белгілі. [6, 33. ] . Осылайша, сілтеу мєнін білдіретін сөздер қатарындағы есімдіктердің ішінен жіктеу есімдігі бөлінеді, яғни есімдіктердің орнын алмастырғыш сөздер (зат есімдік, сын есімдік және есептік сан есім) мен есімдік үстеулері т, б.
Сонымен заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары- субсантивтік есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары - аттрибутивтік есімдер деген екі салаға бөледі.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Ал олардың түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге ұқсастықтар болмағанмен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, субстантивті есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, аттрибутивті есімдіктер дәл өз маңғынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек грамматикалық формаларының ешбірін де қабылдамайды [6, 35] . Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.
Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысында ағылшын тіл білімі морфологиясындағы есімдіктерді теориялық тұрғыда негіздеу. Ол үшін қазақ, орыс және шетел тіл білмінде есімдіктер туралы бұрын айтылған іргелі теориялық ізденістерге сүйене отырып, соған орай қазақ, ағылшын тіліндегі морфологиялық материалдарды сараптап талдау арқылы, оларды лексика - грамматикалық жєне тақырыптық семантикалық топтарға білу көзделеді.
Аталған мақсатқа жету үшін көтерген мәселелерді айқындап, саралауда мынадай міндеттер қойылды:
- Біріншіден, морфологиялық категория ретінде есімдіктердің (тақырыптық, лексика-грамматикалық) өзіндік тұлғалық, құрылымдық ерекшеліктеріне қарай, олардың лексика-грамматикалық айырмашылықтарын көрсету;
- Екіншіден, есімдіктердің жасалу жолдарын, мағыналық топтарын белгілеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ, ағылшын тіл білімініњ морфология саласында сµз таптарының бірі - орынбасар сөз саналатын есімдіктер, олардың түрлері, таќырыптыќ, семантикалыќ топтары мен прагматикасы сараланып, арнайы зерттеліп отыр. Сонымен қатар зерттеу жұмысында есімдіктіњ таќырыптыќ, лексика-грамматикалыќ топтарыныњ µзіне тєн семантикалыќ ерекшеліктері т‰рлі µзгешеліктермен талданды.
Ж±мыстыњ теориялыќ жєне методологиялыќ негізіне Резник Р. В, Гордон Е. М., Крылова И, Вейхман Г. А, Рубцова М. Г. Беркнер С. С., Пеньков Б. В, Верховская И. П., Расторгуева Т. А., Бармина Л, Израелевич Е. Е., Качалова К. Н, Ильиш Б. А, Клоуз Р, Коблов Г. Я, Михельсон Т. Н., Успенская Н. В, Редфорд Э, Смирнова Л. Н., Грузинская И, сонымен бірге қазақ тіл біліміндегі А. Ысқақовтың, Қазақ тілі энциклопедиясы т. б, зерттеу ењбектері басшылыќќа алынды.
Ж±мыстыњ дереккµздері. Жұмыста әртүрлі ақпарат деректері, соның ішінде ғылыми да, көркемдік әдебиеттер де пайдаланылды. Көркем әдебиеттің әртүрлі стилистикасы пайдаланылды. Мәселен, әдеби тілмен жазатын Стивен Кинг, кейде диалогтарда сөйлеу тілін қолданған; журналист Джофри т. б. өз жұмысымда Интернет сайттарының әртүрлі ақпараттары қолданылды.
Зерттеу єдістері: Есімдіктердіњ µзіндік ерекшеліктерін айќындау, белгілеу маќсатында сипаттама, салыстырмалы-салғастырмалы, жєне ќ±рылымдыќ семантикалыќ т. б. талдау тєсілдері басшылыќќа алынды.
Ж±мыстыњ теориялыќ мєні мен практикалыќ мањызы. Зерттеудіњ проблемаларына орай, алынѓан нєтижелері жоѓары оќу орындарында морфология пєнінен µтілетін арнайы курс, семинар сабаќтарында пайдалануѓа болады.
Ж±мыстыњ саралануы мен талќылануы. Зерттеудіњ негізгі мазм±ны мен баѓыттары бойынша «Аѓылшын тіліндегі с±рау есімдіктері» деген таќырыпта «Қазақстан Республикасының егеміндігі-ұлттық заңнаманың дамуының негізі» атты журналында 2007 жылдың № 3 санында маќала жарияланды. Және «Аѓылшын тіліндегі орын алмастырушы сөздер» атты мақала «Ізденуіші- Соискатель» журналында 2007 жылдың № 5 санында жарияланды.
Зерттеу ж±мыстарыныњ нєтижелері аѓылшын филологиясы кафедрасында алдын-ала талќылаудан µтті.
Диссертацияныњ ќ±рылымы: Диссертация жұмысы кіріспеден, ‰ш тараудан, ќорытындыдан жєне пайдаланылѓан єдебиеттер тізімінен т±рады.
Ж±мыстыњ мазм±ны Кіріспеде таќырыптыњ µзектілігі, зерттеу объектісі кµрсетіліп, зерттеудіњ маќсаты мен міндеттері белгіленді, ѓылыми жањалыѓы, теориялыќ мањыздылыѓы жєне практикалыќ мєні аныќталды.
І тарау «Ќазіргі аѓылшын тіліндегі есімдіктердіњ зерттелу тарихы» деп аталып, аталѓан бµлімде есімдіктердіњ зерттелу тарихы қарастырылады.
ІІ тарау “Аѓылшын тіліндегі есімдіктердіњ маѓыналыќ-ќ±рамдыќ топтары “ деп аталып, ол : 1) жіктеу есімдігі, 2) тєуелдеу есімдігі, 3) с±рау есімдігі; 4) сілтеу есімдігі, 5) өздік есімдік, 6) белгісіздік есімдігі, 7) болымсыздық есімдігі, 8) жалғаулық есімдігі, 9) жалпылау есімдігі деп бµлінеді.
ІІІ тарау “Аѓылшын тіліндегі орын алмастырушы сµздер” деп аталып, ол: 1) зат есімдегі орын алмастырушы сµздер; 2) етістіктегі орын алмастырушы сµздер деп бµлінеді.
Ж±мыстыњ соњында зерттеу нєтижесініњ ой-ќорытындылары, теориялыќ т±жырымдары жєне пайдаланылѓан єдебиеттер тізімі беріледі.
І ТАРАУ
1. 1. Ќазіргі аѓылшын тіліндегі есімдіктердіњ зерттелу тарихы
Қазіргі кезде есімдіктер мен орын алмастырушы сөздер көптеген ғалым-лингвистердің еңбектерінде қарастырылған. Көптеген лингвистер орын алмастырушы сөздер туралы айта отырып, есімдік - зат есімдерді, яғни орын алмастырушы сөздерді есімдіктердің бір қызметі ретінде қарастырады. Осындай жұмыстың бірі - Е. М. Гордон мен И. П. Крылованың «A Grammar of Present Day English» еңбегі [1, 12] . Бұл еңбекте есімдік екі дәрежеге бөлінеді - зат есімдік есімдік және сын есімдік есімдік. Орын алмастырушы сөздер ретінде тек зат есімдік болуы мүмкін. Есімдік басқа зат есімді анықтауы да мүмкін Е. Е. Израилевич пен К. Н. Качалованың еңбектері [3, 44] . Е. М. Гордона мен И. П. Крылованың еңбектеріне сабаќтас, мазм±ндас. Олардың жұмыстарының кейбір т±старында ғана айырмашылықтар бары ањѓарылады. Мәселен, Е. М. Гордон есімдікті жіктегенде өздік есімдік пен эмфатикалық есімдіктің айырмашылығын айырып кµрсетеді. Е. М. Качалова мен оның авторластары эмфатикалық есімдіктер мен өздік есімдіктегі қосымша қызмет болып табылады дейді [3, 55] .
М. Г. Рубцова өзінің «Ағылшын ғылыми және техникалық әдебиетін оқытуға үйрету. Лексикалық - грамматикалық анықтамалық» еңбегінде есімдікті орын алмастырушы сөздер ретінде қарастырады, сонымен ќатар есімдік функциясына негізгі мағынаны олар орын алмастырушы сөздер ретінде қызмет еткенде ғана мән береді. Сондай-ақ ол өз жұмысында басқа да орын алмастыратын сөздер мен орын алмастыратын етістіктерді қарастырады [4, 48] .
Етістіктердің орнын алмастырушы сөздер ретінде көбіне көмекші етістіктер мен жалғаулық етістіктер қызмет етеді. Бұл етістіктер қандай да болмасын мағыналық етістікті алмастыруы мүмкін. Сондай-ақ модальдық етістіктердің орнын алмастыратын сөздер де болады. Модальдық етістіктер келер шақ немесе өткен шақтың түрлерін құрайды, мұндай жағдайда оларды басқа мағына алмастырады. Мәселен have to, be able to және т. б.
Орнын алмастырушы сөз болып тек қызметтік сөздер болмайды. Орын алмастырушы сөздер ретінде пайдаланылатын басқа да тәуелсіз сөздер болады, мәселен, thing сөзі. С. С Беркнер мен оның авторластары орын алмастырушы сөздер ретінде кейбір дөрекі сөздер мен жаргондық сөздерді де айтуға болады дейді [5, 17] . «Жиі пайдаланылатын сөздер кең семантикалы stuff, thing, story сөздері, сондай-ақ shit дөрекі сөзі. Көбінде this thing, stuff like that есімдіктерімен бірлесіп пайдаланылады. Єсіресе олар оқушылардың сөйлесуі кезінде кездессе, кейде оларды оқытушылар да пайдаланады. Мұндай сөздер мен сөз тіркестері біртектес атаулар қатарының жалпы мүшелерін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін: things like that, stuff like that, shit like that. Бұл орын алмастырушы сөздер, олардың мағынасын тек контексте ғана түсіну мүмкін болады». Ал, қазаќ тілі энциклопедиясында есімдік сµз табына мынадай аныќтама берілген: есімдік - есім сµздердіњ орнына ќолданылатын сµз табы. Есімдіктіњ ќай сµздіњ орнында ж±мсалып т±рѓаны алдыњыѓы сµйлемнен белгілі болѓандыќтан ол жалпы маѓынаѓа ие. Мысалы: Мен - сµйлеушіні, сен - тыњдаушыны, ол - бейтарап адымды танытады. Сµйтіп, б±л сµз табыныњ ќ±рамына енетін сµздердіњ маѓынасыныњ наќтылы болмай, жалпылама болып келуі есімдіктіњ лексика-семантикалыќ µзгешелігі болып табылады. Айталыќ, мен, сен сияќты сµздердіњ наќтылы маѓына беретін сµздердіњ де, абстрактылы маѓынада да ж±мсала беруі м‰мкін.
1. 2. Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің басқа сөз таптарымен арақатынасы . Морфологиялыќ т±рѓыдан алѓанда, есімдіктер басќа сµз таптары сияќты септелуіге, кµптелуге бейім. Соныњ µзінде есімдікке тєн айырмашылыќ бар. Мысалы: зат есімде кµптік маѓынаны білдіру лексика, морфологиялыќ сол сияќты синтаксистік тєсілмен де болып жатады. Ал есімдіктерде кµптік жалѓау арќылы кµптік маѓынаны білдіру барлыќ т‰рлеріне тєн ќ±былыс болса, лексикалыќ тєсіл тек с±рау есімдіктерінеде болады. Сондай -аќ, лексикалыќ тєсілмен кµптік маѓынаны білдіру жіктеу есімдіктеріне соныњ ішінде, бірінші жєне екінші жаќтаѓы есімдіктерге ѓана тєн. Есімдіктердіњ кµпшілігі септелгенмен, ќайсы бірі дєст‰рлі жалѓауды “ќабылдамайды”: маѓан (менге емес), саѓан (сенге емес), менен (меннен емес), сенен (сеннен емес), оѓан (олѓа емес), онымен (олмен емес), сонымен (солмен емес) т. б. Сµз тудыру т±рѓысына келгенде есімдіктердіњ µздерінен жања сµз жасау µте сирек кездеседі. Лексика-семантикалыќ жєне грамматикалыќ µзгешеліктеріне байланысты есімдіктер жеті топќа жіктеледі: жіктеу, сілтеу, с±рау, µздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздыќ [6, 41] .
Ал зерттеуші Ахмеди Ысќаќов таќырыпќа ќатысты есімдіктер заттыњ атын, сынын, санын, я олардыњ аттарын білдірмейді, біраќ солардыњ (зат есім, сын есім, сан есімдердіњ) орнына ж±мсалады. Есімдіктер белгілі бір т‰сінікті я ойды жалпылама т‰рде мегзеу арќылы білдіреді. Есімдіктердіњ наќытылы маѓыналары µздерінен б±рын айтылѓан сµйлемде немесе жалпы сµйлем ањѓарына ќарай айќындалады. Мысалы: ол Прутковтыњ барлыќ афоризмін білетін (С. Ерубаев) [6, 43] т. б.
Есімдіктер шыѓу тµркіні жаѓынан екі топќа бµлінеді. Оныњ бір тобына µте ерте заманнан келе жатќан байырѓы (кµне) т‰бір есімдіктер енеді де, екінші тобына тіліміздіњ даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі замандарда пайда болѓан, демек, соњѓы кездерде туып ќалыптасќан есімдіктер жатады. Алѓашќы топќа мен, сен, ол, біз, сіз, ќай, кім, не, міне, б±л т. б. сияќты ќазіргі кезде бµлшектеп талдап жатуды ќажет етпейтін т‰бір т±лѓалы сµздер жатады. Есімдіктердіњ кейінгі тобына мынадай ‰ш т‰рлі есімдік сµздер жатады. Мысалы. Бір, бар, біреу, б‰кіл, т‰гел т. б. сияќты есімдіктер, єр, к‰ллі, пєлен сияќты (араб, парсы т. б. ) тілдерден ауысып келген сµздер жатады.
Семантикасына ќарай есімдіктерді жеті топќа (жіктеу, сілтеу, с±рау, µздік, белгісіздік, болымсыздыќ, жалпылау есімдіктері) бµліп кµрсететінін кµреміз [6, 41] .
Сонымен есімдік деп, зат есім немесе сын есім орнына пайдалананылатын сөйлем бөлігі аталады. «Есімдік сөйлемде зат есімнің немесе сын есімнің орнын алмастыратын сөздер тобынан тұрады» [1, 268] .
Ќорыта айтќында есімдіктердіњ ќыр-сырын ќарастырып ж‰рген зерттеушілердіњ есімдік сµз табына теориялыќ наќты анықтама беруі қиынѓа соѓатынын ањѓарамыз, себебі есімдіктіњ зат есім мен сын есімнен айырмашылығы, есімдік қандай да болсын бір затты немесе сапаны атамайтындыѓында, тек оған сілтеп, мегзеп, с±рау т. б. маѓыналарын білдіретіндігінде.
Сонымен есімдік белгілі бір контексте немесе оқиғада түсіндірілетін қорытынды мағынаға ие дегіміз келеді.
ІІ тарау
Ағылшын тіліндегі есімдіктердің мағыналық-құрылымдық топтары.
Е. М. Гордон және тағы да басқалары есімдіктердің тағы да бір тобы - эмфатикалық есімдіктерді бөледі. Бірақ К. Н. Качалова мен басқа ғалымдар бұл есімдіктерді өздік есімдігінің қосымша қызметі ретінде анықтайды [1, 2, 3, 4, 6 т. б. ] .
Ағылшын тілінде есімдіктерді статистикалық тұрғыдан қарастырғанда, сан жағынан олардың көп емес екендіші анықталып отыр. Бірақ олардың атқаратын қызметі орасан зор.
Ағылшын тіл білімінде мағыналарына қарай есімдіктер 9 топқа топтастырылады: 1) жіктеу есімдіктері, 2 ) сілтеу есімдіктері, 3) сұрау, 4) өздік есімдіктері, 5) белгісіздік есімдіктері, 6) болымсыздық есімдіктері, 7) жалпылау есімдіктері, 8) тәуелдік, 9) жалғаулық.
2. 1. Жіктеу есімдігі (Personal pronouns)
Жіктеу есімдіктеріне мен, сіз, сен, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сµздер жатады. Жіктеу есімдіктері сан жаѓынан аз болѓанымен, ќызметі жаѓынан есімдіктердіњ ішіндегі аса жиі ќолданылатын тобы.
Жіктеу есімдіктері ‰немі жаќтыќ ±ѓыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылѓи адаммен байланысты, демек, сµйлеуші, тыњдаушы жєне бµгде кісі деген ±ѓымдармен байланысты ќолданылады [1, 2, 4, 6] .
Есімдіктердіњ де септеу ж‰йесі басќа есімдермен негізінде бір ізді болѓанымен, олардыњ єр тобына тєн кейбір ерекшеліктері жоќ емес, мысалы жіктеу есімдіктердіњ жекеше т‰рлері тµмендегіше септеледі.
Сан жақ Жекеше
1 I
2 You
3 He/she/it
Сан жақ Кµпше т‰рін
Көптік
1 We
2 You
3 They
Атау септігіндегі жіктеу есімдіктер бастауыштың және баяндауыш құрамының атаулы бөлігінің қызметін атқарады. Бірінші жақ есімдігі айтып отырған адам өзі туралы айтқанда пайдаланылады. Екінші жақ есімдігі біреуге көңіл аударғанда, яғни тыңдаушыны назар аударту үшін пайдаланылады. Үшінші жақ есімдігі айтушы айтып отырған адамдарды (бірақ өзі туралы емес) /жануарларды/ заттарды белгілейді [7],
Жіктеу есімдігі атау септігінде сандық және жақтық дәрежеге ие. Бірақ ағылшын тіліндегі дәреже соншалықты дамыған жоқ және көбінесе she/her немесе he/his етістіктерінің көмегімен айтылады. Барлық жансыз заттар it есімдігімен белгіленеді, яғни үшінші жақ есімдігі. Тек кейбір нақты жағдайларда ғана жансыз заттар she есімдігімен белгіленеді. Бірақ she негізінен белгілі бір заттарға қатысты ғана айтылады, кейде айтушы соншалықты жылылықпен айтып отырған жеке заттар үшін пайдаланылады. Мәселен: I bought a new car. She is beautiful! (Мен машина сатып алдым. Ол ғажайып!) немесе I have been through a thousand storms and stories together with this ship. Jeez, she is strong! Мен бұл кемемен мыңдаған дауылдардан өттім. О, құдайым, ол неткен мықты !) Сондай-ақ бұл есімдіктерді елдер, қалалар туралы айтқанда пайдаланады.
She есімдігі үшін ғана емес, басқа да кейбір есімдіктер үшін өзгешелік бар. Мәселен, газеттік мәнерде мақала жазу үшін I есімдігін пайдалануға болмайды. Журналист өз пікірін білдіріп, осы есімдікті пайдаланса бірде-бір редактор бұл мақаланы баспаға жібермейді. Ең дұрысы 1 жақтың атынан есімдікті қолданбау, себебі бұл кәсібилік емес, бірақ аса қажет болса I орнына we пайдаланған дұрыс. We, I-ға қарағанда қарапайым естіледі. Мәселен: We are convinced that the Government has made a grave mistake in imposing this tax. (Осы салықты бекіте отырып үкімет аса зор қателік жасап отыр) . Бұл жерде журналист we есімдігін пайдаланып, өзінің атынан ғана айтып отыр. they есімдігі жалпы мағынада адамдарды белгілейді, бірақ бұл жерде нақты бір тұлғаны атамайды. Әсіресе they жиі they say фразасында айтылады. Мәселен: They say she is going to resign. (Ол отставкаға кетеді деп айтып жүр) .
Неre they use this for cars. (Бұл жерде мұны машина үшін пайдаланады) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz