Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында


Жоспар
Кіріспе
- Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында
- Бiлiм беру жүйесiн дамыту
- Тәрбие мен оқуда қолданылатын әдістемелік құралдар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдiк қоғамдастықта балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың негiзгi нысаны ретiнде сыннан өткен балалар бақшасы бұл күндерi де үздiксiз бiлiм берудің бiрiншi сатысының және балалардың ерте бастап әлеуметтенуiнiң тиiмдi моделi болып қалып отыр.
Мектеп жасына дейiнгi балалардың мектепке дейiнгi сапалы бiлiм беру бағдарламаларына қолжетiмдiлiгiн арттыру нысандарының бiрi мектепалды институты болады, ол балаларды балалар бақшасында, жалпы бiлiм беретiн мектепте және отбасында мектепалды даярлауды барлық жерде ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Мектепалды - бұл мектепке дейiнгi ересек жастағы, негiзiнен бұрын балалар бақшаларына бармаған балалар үшiн оқу-тәрбиелiк процестi мақсатты бағытта ұйымдастыру институты. Мектепалды даярлаудың функциялары мыналар:
балалардың тән саулығы мен психикалық саулығын сақтау әрi нығайту;
балалардың интеллектуал және жеке тұлға ретiндегi дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоционалдық саламаттығы жөнiнде қамқорлық;
балалардың дамуындағы кемiстiктердi түзету;
баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшiн отбасымен өзара iс-қимыл жасау.
Отбасына үлкен жауапкершiлiк жүктеледi. Ол баланы мектепалды даярлауды - дербес, мектепке дейiнгi ұйыммен немесе мектеппен бiрлесiп ұйымдастыруды таңдауға хақылы. Отбасы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартында көзделген бiлiмдi, дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың меңгеруiн, сондай-ақ күш-жiгерi мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз қажет», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен [1] .
Мемлекеттік білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасында: «Соңғы кездері мектепке дейінгі тәрбиенің мүмкіндігі кеңейіп келеді, мемлекеттік пен қатар жеке меншік яслилер мен балабақшалар пайда болды», - деп көрсетілген.
Мектеп жасына дейiнгi тәрбие мен оқытуды ресурстық қамтамасыз ету
Мектеп жасына дейiнгi тәрбие мен оқытуды ресурстық қамтамасыз ету - мектепке дейiнгi бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары мен бастауыш мектептер бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз етуге тиiс. Балаларды мектепалды даярлауды енгiзудiң қажеттiгiн ескере отырып, оқу құралдары, балалар кiтаптары әзiрленуге әрi жасалуға және мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуда педагог қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi жетiлдiрiлуге тиiс.
Жалпы орта бiлiм беру саласында оның мазмұнын бiлiм берудi демократияландыру және iзгiлiктi ету бағытында айтарлықтай жаңарту қажет. Оқушылардың сапалы білiм, бiлiк пен дағды алуының жоғары негiздерiне қол жеткiзген жөн. Мазмұнды жаңарту бiлiм берудiң жетiлдiрiлген мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеумен және енгiзумен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Жалпы орта бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жетiлдiрудi талап етедi. Оқу процесiне алуан көп нұсқалы оқулықтарды енгiзу - оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң сапасын жақсарту, бiлiмнің кең нұсқалылығына қол жеткiзу жолдарының бiрi.
Мазмұны, тiлi, жағдайы мен оқыту нысандары бойынша әралуан ауыл мектебi өзiне ерекше қарауды талап етедi. Деңгейлiк әрi бейiндiк саралауды және оқытуды дербестендiрудi, соның iшiнде сыныптардың шағын толымдылығы жағдайында жүзеге асырудың қажеттiлiгi оқу процесiн принциптi түрде өзгеше ұйымдастыруды және педагог қызметкерлердiң даярлық деңгейiн айтарлықтай жақсартуды талап етедi. Шағын жинақталған мектептердегi оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды басқару мен оның ерекшелiгi бұл саладағы қатынастарды реттеушi нормативтiк құжаттар жасауды талап етедi.
Педагог мамандықтары бойынша жоғары және орта кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының түлектерiн даярлаудың сапасына үздiксiз мониторинг жүргiзу қажет. Мектептегi бiлiмнiң сапасын қамтамасыз етуде осы деңгейдегi ұйымдардың рейтингтiк жүйесiн енгiзген дұрыс.
Жалпы орта бiлiм жүйесiнде оқушылар мен бiлiм беру қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғаудың рөлi зор. Оқушылар мен педагогтердiң денсаулығы, олардың әлеуметтiк саулығы бiлiм сапасын қамтамасыз етудiң басты факторы болып табылады. Оқушылар мен педагогтердiң тұрақты түрде тегiн медициналық тексерiлуiн, сондай-ақ оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру қажет. Табысы аз отбасыларының балалары тегiн тамақтануға тиiс.
Бiлiм беру жүйесiн дамыту
Бiлiм беру жүйесiн дамытуда, әлеуметтiк проблемаларды шешуде мемлекет пен жұртшылықтың әрiптестiгiнiң ролi орасан зор және осыған байланысты білiм беру жүйесiн басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық сипатын қалыптастыру мәселесi көкейкестi болады.
Күллi деңгейдегi бiлiм беру басқармалары органдары мен бiлiм беру ұйымдарының құзыреттерiнiң арасына бiлiм туралы заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге сәйкес нақты шек қою талап етiледi. Жоғары оқу орындарының дербестiгiн одан әрi кеңейту үшiн қажеттi жағдайлар қамтамасыз етiлуге, бiлiм беру мекемелерiнiң басшыларына үлкен дербестiк берiлуге тиiс. Оқу орындарын басқаруда орталыққа тәуелдiлiгiнiң одан әрi жойылуы және академиялық бостандықтарды кеңейту талап етiледi. Өзiн-өзi басқарудың пәрмендi органы оқу орындарының кеңесi болуға тиiс.
"Сапа" және "баға беру" - "басқарудың жаңа құралының" ажырамас құрамдас бөлiктерi - орталыққа тәуелсiздiктiң жойылу құралы ретiнде емес, орталыққа тәуелсiздiгi жойылған жүйенiң түрлi деңгейлерiнiң арасында шешiмдер қабылдаудың тепе-теңдiгiн қолдау құралы ретiнде қаралуға тиiс.
Жоғарыда сипатталған күллi бағыттар қазiргi заманғы менеджменттің басқа мәселелерiмен қатар "Бiлiм берудi басқару" оқу бағдарламасында көрiнiсiн табуын және білім беру жүйесiнiң басқару кадрларын қайта даярлау мен білiктiлiгiн арттыру бағдарламасының ажырамас бөлiгi болуға тиiс.
Тәрбие мен оқуда қолданылатын әдістемелік құралдар
Қазақстанның мектепке дейінгі мекемелеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориялық мәселелері отандық ғалымдардың В. Н. Андросова, Б. Б. Баймұратова, Л. А. Давиденко, А. К. Меңжанова, Г. И. Исмагулова, Е. Б. Дайрабаев, А. Қаржаубаев, Т. Ж. Қалдыбаева, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, М. С. Сәтімбекова, Қ. М. Меңдаяқова, Р. К. Аралбаева, Р. М. Жұмағожина, Ж. А. Исмайлова, Т. А. Левченко, А. С. Әмірова, Т. Иманбеков, Ф. М. Жұмабекова, Д. Р. Муталиева, Г. Ж. Меңлібекова, Б. О. Арзанбаева, Н. Храпченкова, А. Е. Манкеш, С. Н. Жиенбаеваның еңбектерінде қарастырылған [4] .
Бұл зерттеп отырған мәселенің түрлі аспектілеріне белгілі шамада арналған белгілі ғалым-педагогтардың еңбектеріне біздің жасаған талдауымыз мектепке дейінгі білім берудің дамуына байланысты жеке идеялар үнемі зерттеушілердің назарының орталығында болғанын көрсетті.
Қазақстанның егемендік алып, өзінің ғылым мен техникалық дәрежесінің өсуі, экономикалық-әлеуметтік, саяси саладағы өркендеуі бүгінгі таңда білім беру мазмұнының уақыт талабына сай өзгеруіне әкеліп соқтырды.
ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12-жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша мектепке дейінгі балалардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешу мектепке дейінгі балалардың 12 жылдық мектепте оқуының дайындық деңгейін ескере отырып, дұрыс бағытта жұмыс жасай білу маңызды [5] .
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі.
Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған отандық ғалымдар Н. Құлжанова, В. Н. Андросова, Л. А. Давиденко, Е. Б. Дайрабаева, Г. И. Исмагулова, А. Қаржаубаева, Т. Ж. Қалдыбаева, А. К. Меңжанова, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, К. Сейсенбаев, Ж. Рысбекова, Қ. Т. Шериазданова және М. Оспанбаеваның Ғ. З. Таубаева және т. б. еңбектерін атап көрсетуге болады.
Қазақстандық ғалымдар Л. А. Линчевская, Ш. Таубаева, Р. Р. Масырова, В. Я. Никитин, С. Улитко, А. Амирова, Л. Е. Румянцева, Т. П. Кучер, А. Искакованың еңбектері республикада мектепке дейінгі білім беру жүйесіне инновацияның белсенді түрде ендіріліп отырғанын айқын көрсетеді [4] .
Бірақ мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінде ұзақ уақыт бойы педагогикалық үдерістің оқу-тәртіптілік моделі (нобайы) басымдылық жасап келді; ал мектепке дейінгі тәрбие мақсаты тек мектепке қажетті білім, білік және дағдымен қамтамасыз етумен шектеліп қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz