Бейіндік оқыту – білім беру процесінің ұйымдастырылуына өзгерістер енгізу арқылы оқушыларды оқытуда саралау және даралау құралы



Бейіндік оқыту-оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым- қатынас стилі өзгереді.
Бейіндік оқыту-білім беру процесінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылауына өзгерістер енгізу арқылы оқышылардың қызығушылығы, бейімі мен қабілеттерін толық есепке алуға, оқушыларға олардың кәсіптік сұраныстары мен білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы болып табылады.
Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандайда бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді. Психологиялық және педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешқандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап бейімдік таңдау нақты оқу пәніне деген қызығуымен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді. Бұл байланыс тікелей және нақты (мысалы, физиканы зерделеуге қызығатын оқушы физик болғысы келеді) немесе жалпы сипаты (оқушы техника саласында қызмет істегісі келеді) болуы мүмкін.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Астана. 2006. 43б.
2. Рахимжанов А.М. Профильное обучение: проблемы перехода и создание эффективной образовательной среды. //Білімдегі жаңалықтар. 2008. №1 С.10-11.
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Орталық Қазақстан. 2003. 27 желтоқсан. 3б.
4. Мұқатаев А.А. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру. Қарағанды, 2009. 103б.
5. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология. Москва, 2002. С. 102-104.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Бейіндік оқыту - білім беру процесінің ұйымдастырылуына өзгерістер енгізу арқылы оқушыларды оқытуда саралау және даралау құралы
Бейіндік оқыту-оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым- қатынас стилі өзгереді.
Бейіндік оқыту-білім беру процесінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылауына өзгерістер енгізу арқылы оқышылардың қызығушылығы, бейімі мен қабілеттерін толық есепке алуға, оқушыларға олардың кәсіптік сұраныстары мен білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы болып табылады.
Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандайда бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді. Психологиялық және педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешқандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап бейімдік таңдау нақты оқу пәніне деген қызығуымен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді. Бұл байланыс тікелей және нақты (мысалы, физиканы зерделеуге қызығатын оқушы физик болғысы келеді) немесе жалпы сипаты (оқушы техника саласында қызмет істегісі келеді) болуы мүмкін.
Бейіндік сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын түзу және оқулықтарды әзірлеу кезінде меңгерілетін білім мен біліктіліктердің оқушылардың психикалық дамуымен байланыста екенін түсінудің мәні үлкен [5]. Осы себепті де мектепте психологиялық қызметті құру өте тиімді болып табылады, өйткені бейіндік оқыту барысында төмендегідей мәселелер қамтылып, оқыту мен тәрбиенің сапасын арттыруға өз үлесін қосары анық, олар:
1. Жастық деңгейге сәйкес оқушылардың тұлғалық, интеллектуалдық дамуына ықпал ету, олардың өзіндік дамуы мен анықталу қабілеттілігі қалыптастырылады.
2. Оқушылардың кәсіби бейімділіктері анықталып, оның жан- жақты дамуына жағдай жасалады.
3. Мектепте әлеуметтік- психологиялық жағдайдың жақсаруына жағдай туғызуға әсер етеді.
4. Оқушыларының тұлғалық, интеллектуалдық мүмкіншілігіне сәйкес білім бағдарламаларын меңгеруде психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету қарастырылады.
5. Әлеуметтік жағдайдың дамуына психологиялық талдау жасау, әрі келелі мәселенің туындауының алдын-алу, шешімін табуда құралдар мен жабдықтар пайдаланады.
6. Оқушыларының тұлғалық дамуының ауытқуын анықтау, профилактикалық жұмыстар жүргізу.
7. Психолого-педагогикалық сабақтастықтың шарттарын қарастыру, әрі оқушының жан-жақты дамуына жағдай тудырады.
8. Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды психологиялық ғылыми- әдістемелік іс- әрекетпен қамтамасыз етеді
9. 9. Таным белсенділігі мен деңгейлері жеткіліксіз оқушылармен қосымша коррекциялық жұмыстар жүргізіледі. ж.т.с.с.
Бейіндік бағытта оқытылатын мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты болып:
1. Тұтас педагогикалық процесті психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;
2. Мектептегі оқушылардың жеке- бастық, психологиялық, әлеуметтік дамуына жағдай жасауын негіздеу;
3. Оқушылардың таным белсенділіктері мен психологиялық процестерінің даму динамикасының өсуіне жағдай жасауға ықпал ету;
4. Оқушылардың бейіндік ерекшеліктерін анықтау мен оның дамуына жағдай жасау болып табылады.
Бейіндік оқыту барысындағы психологиялық қызметтің іс- әрекетінің негізгі бағыттары:
* Психодиагностика- тұлға туралы жан-жақты психологиялық ақпарат жинау.
* Психопрофилактика- дезадаптация, белгілі бір жағдайға бейімделмеудің алдын-алу немесе жағымды психологиялық жағдайды жасау, баланың психологиялық жұмысбастылық деңгейін төмендету және алдын-алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
Бейіндік оқу
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық маңызы
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Ішкі саралап оқыту
Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)
Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы
12 жылдық мектеп жағдайында оқушының бейіндік қабілетін диагностикалаудағы психологиялық қызметтің рөлі
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
Пәндер