Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық маңызы



Бүгінгі таңда жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беру маңызды рөл атқарады. Өскелең ұрпақты әлеуметтік мәдениетке сәйкес, жан-жақты дамыған, ұлттық бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру қоғам алдындағы ең басты мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу. Бұл қоғамдағы түрлі бағыттардағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және табыстарға сыни тұрғыда талдау мен бағалау, сонымен қатар ең маңыздысы ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын қолдану.
Елбасымыз Н. Назарбаев 2012 жылғы 5 қазан күні «Назарбаев Университетінде» оқыған «Қазақстан білім қоғамы» дәрісінде: «Орта білім беру жолында біз 12 жылдық оқытуға көшуге дайындықты жалғастырамыз. Жаңа білім беру үлгі қалыптары әзірленуде...»-деп ерекше атап өтті. 12 жылдық білім беру ерекшелігі білім беру парадигмасының өзгеруі: білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан – құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысуы, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру, білім сапасын арттыру, отандық құжаттарымызды шетел мемлекетерінің талаптарына сәйкестендіру. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру мектептің жоғары сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін профильдік оқытуды жүзеге асыруға, мектептің кәсіби білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты шыңдауға арналған.
Әлемдік тәжірибеде XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін, білім беру қоғам дамуының тұжырымдамасын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындау−қоғам талабы. Отандық жалпы орта білім беретін мектептерді жаңартудың жетекші бағыттарының бірі – мектепті жоғары сатысында бағдарлы оқытуды енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап бағдарлы оқуға көшуді жоспарланып, осыған байланысты бағдарлы мектепте оқу процесін енгізудің және ұйымдастырудың кешенді мәселелері қарастырылды.
Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарға сатысында даралап оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғарғы сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.
Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құруды және оның жүзеге асырылуын , оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушылардың орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.
1.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Астана. 2006. 43б.
2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру ұйымдарында бейінді білім беру тұжырымдамасы- Астана 2010 ж.
3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4. Жалпы білім беретін оқу мекемелерінің жұмыс оқу жоспарын жасауға ұсыныстар. М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова- Алматы 2004 ж.
5. Жазықбаева Ұ. «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы 12 жылдық білім берудің тиімділігі» Білім әлемі №1,2007 ж.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2006.
7. Рахимжанов А.М. Профильное обучение: проблемы перехода и создание эффективной образовательной среды. //Білімдегі жаңалықтар. 2008. №1 С.10-11.
8. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Орталық Қазақстан. 2003. 27 желтоқсан. 3б.
9. Мұқатаев А.А. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру. Қарағанды, 2009. 103б.
10.Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология. Москва, 2002. С. 102-104.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Автор:
С.К. Кариев, А.Т. Жумагулова (Тараз қаласы, Казахстан)
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беру маңызды рөл атқарады. Өскелең ұрпақты әлеуметтік мәдениетке сәйкес, жан-жақты дамыған, ұлттық бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру қоғам алдындағы ең басты мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу. Бұл қоғамдағы түрлі бағыттардағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және табыстарға сыни тұрғыда талдау мен бағалау, сонымен қатар ең маңыздысы ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын қолдану.
Елбасымыз Н. Назарбаев 2012 жылғы 5 қазан күні Назарбаев Университетінде оқыған Қазақстан білім қоғамы дәрісінде: Орта білім беру жолында біз 12 жылдық оқытуға көшуге дайындықты жалғастырамыз. Жаңа білім беру үлгі қалыптары әзірленуде...-деп ерекше атап өтті. 12 жылдық білім беру ерекшелігі білім беру парадигмасының өзгеруі: білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан - құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысуы, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру, білім сапасын арттыру, отандық құжаттарымызды шетел мемлекетерінің талаптарына сәйкестендіру. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру мектептің жоғары сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін профильдік оқытуды жүзеге асыруға, мектептің кәсіби білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты шыңдауға арналған.
Әлемдік тәжірибеде XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін, білім беру қоғам дамуының тұжырымдамасын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындау−қоғам талабы. Отандық жалпы орта білім беретін мектептерді жаңартудың жетекші бағыттарының бірі - мектепті жоғары сатысында бағдарлы оқытуды енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап бағдарлы оқуға көшуді жоспарланып, осыған байланысты бағдарлы мектепте оқу процесін енгізудің және ұйымдастырудың кешенді мәселелері қарастырылды.
Бағдарлы оқыту - жалпы білім беретін мектептердің жоғарға сатысында даралап оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғарғы сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.
Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құруды және оның жүзеге асырылуын , оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушылардың орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін:
* мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытуды жаппай енгізу жағдайындағы оқыту процесінің құрамын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгертуді қамтамасыз ететін бағдарлы оқыту қызметінің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру;
* оқу жоспарларының мектептік компонентін қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесінде байқаудан өткізілген қолданбалы курстар мен таңдау курстарының мәліметтер қоры ретіндегі тізбесін жинақтау;
* бағдарлы оқыту бағдарламаларын ресурстық тұрғыда қамтамасыз ету;
* 9 сынып оқушыларына бағдарлы оқыту бағдарламаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін бағдаралды дайындықты жүргізу;
* тұлғалық бағыт бағдарын психодиагностикалау және ағарту жұмыстарын жүргізу, дамыту қажет.
Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамассыз ету болып табылады. Бейіндік білім беру - оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамассыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Бейінді оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі-бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға -шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болу талаптары бірінші кезекте тұрады. Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рөлді мектеп атқарады. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: Жеке тұлғаның қалыптасуы-үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу,- деп атап көрсетіліп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды. Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр
оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. Жеке тұлғаны дамыту мәселелері-Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерін атауға болады. Бейіндік білім беру оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін ескере отырып, оқытуды саралау-даралау тұрғысынан қарауды ескереді. Саралап оқытудың теориялық негіздерін педагогикалық-психологиялық зерттеулерде А.Н.Леонтьевтің, Г.И.Щукинаның, Б.Г.Ананьевтің, А.А.Кирсановтың, Е.С.Разумовский, Э.Унттың, С.А.Бударныйдың, А.М.Гельмонттың, Е.Л.Голанттың еңбектерін жатқызуға болады. Мектепте бағдарлы сараланған бағытта В.В.Гузеевтің, В.А.Монаховтың, М.Ж.Жадринаның, В.В.Фирсовтың, Т.Б.Захаровтың еңбектерінде көрініс тапты. Осылайша педагогика және психология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Бейіндік оқытудың жүйесі
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Бейіндік оқу
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Пәндер