Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте өзгерістерді қалай енгізетін боламыз


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте өзгерістерді қалай енгізетін боламыз

«Елді түзетуді бала оқыту ісін

түзетуден бастау керек»

Ахмет Байтұрсынов.

Қазіргі уақытта деңгейлік курсқа келу сәтінен бастап, менде біраз ойлар туындап, осы барлық мектептегі негізгі құжаттары, мектеп жоспары, жылдық мектеп есебінің маңызы зор екенін түсіне бастадым. Мысалы, осы атқарылып жатқан өзгеріс үшін барлық іс-әрекеттер ең алдымен сондай құжаттарға сүйене отырып зерттеп, мектептегі өзгеріс жұмыстарының алға басуының бағыты болады.

Педагогика жаңалықтарының бірі - оқытудың іс - тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу. Деңгейлі курстың да мақсаты - мұғалім іс - тәжірибесіне жаңашылдық енгізу. Бастысы мақсаты осы өзгерістер мектепке де, мұғалімге де, оқушыға да ілгері нәтиже беруі тиіс деп ойлаймын.

Еліміздегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, соның ішінде білім беру саласы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Өзгеріс енгізу үшін әртүрлі мүмкіншілктер бар, өйткені оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға құрылып келеді. Дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелу басым болды. Қазіргі кезде білім беру жүйесіндеоқыту оқушы қабілеті, оның жан-жақты дамуы, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттілігін нақты дәлелдеп тұр.

Менің және менің әріптестерімнің міндеті-баланың сабақ үстіндегі ұйымдастыру кезеңіндегі, сабақ үстіндегі нәтижесін байқауға, қабілетінің еркін ұстауына, мақсатың жетуіне көз жеткізіп әрі қарай қолдау, дамыту.

Өзгеріс дегеніміз - жаңа тәсілдер. Қазіргі уақыттағы білімді дайын қалпына қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындағы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ уақытында сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған білім үйренушіден түсіну, талдау, қолдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес, өздігімен білім құрастыру қажет бұл күнде. Ал бұл мақсатқа әр сабақта интербелсенді әдістемені қолдану арқылы ғана жетуге болады.

Мектеп және мұғалімдерің әдістемелік тұрғыдан нені істей білетіндігінің сапалық сипаттамасы туралы деректер жинау аяқталған соң, мен әріптестерді оқыту барысында коучинг пен тәлімгерлік жүргізудің алдында мұғалімдерді анықтап алдым. Мектепте коучинг және тәлімгерлік жүргізу жоспарын жоспарладым. Мектептегі тәжірибе кезінде өз әріптестеріммен және олар бір-бірімен ынтымақтастық және сенім атмосферасын қалыптастыру арқасында, қойылған мақсатқа жетуге тырыстық. Жаңа оқыту тәсілін әріптестерім жақсы қабылдап алу үшін, өзім тілімгерлікке екінші деңгейлік курс бойынша оқып келген екі мұғалімді анықтап алып жұмысқа кірістік.

Коучинг және тәлімгерлікке оқыту үдерісінің тақырыптарын бірігіп таңдадық. Жұмыс тәжірибесі және тапсырмаларында коуч және тәлімгер рөлін атқаратын мұғалімдер: екінші және үшінші деңгейлік курсын оқып келген мұғалімдер. Әріптестерімнің арасынан ІІ-ші деңгейлі мұғалімдерден екі мұғалім, ІІІ-ші деңгей мұғаілмдерден-екі мұғалім анықтап фокус тобымен құрып ынтымақтастықта жұмыс жасадық.

Оқу процесінің мазмұнын зерттеу жұмыстары құрайды.

Екінші деңгей курсынан өткен коуч Г. екі коучинг өткізді:

Бірінші коучингіміз «Оқу мен оқытудағы АКТ-ның тиімділігін қалай арттыруға болады?» тақырыбында өтті. Коучингтің жалпы мақсаты: мұғалімдерге білім берудегі АКТ пайдасын таныту, өз тәжірибесінде пайдаланып қолдануға бағыт-бағдар беру, насихаттау.

Оқу нәтижелері: Коучинг -сессияның соңында мұғалімдер:

- слайд, гиперссылка, диаграмма, фильм жасауды, web-сайт ашуды, интернеттен ақпарат алуды т. б. біледі;

  • өз сабақтарында АКТ-ны қолданатын болады.

Түйінді идеялар: көрсетілім, модельдеу, тестілеу.

Жаттығулар: топқа бөлу, «Үй, адам, апат» тренингі арқылы үш топқа бөлдім.

  • АКТ-ны туралы нені айтамыз?. (Әңгіме)

- Білім ағашы. АКТ-ны меңгеру бойынша қайндай деңгейдемін?

  • «АКТ бар өмір, пайдасы», «Бір топ АКТ-ы жоқ өмірдің пайдасы суреттейді», класстер қорғады.
  • Сергіту сәті «Қара жорға» биі.
  • Слайд, гиперссылка, фильм жасау, интернеттен ақпарат алуды үйрету.
  • Әр топ өздеріне «Білікті жаттықтырушы мұғалімдер» тақырыбында АКТ-ның көмегімен реклама жасайды. Слайд, фильм арқылы.

Кері байланыс: Білім ағашы, АКТ меңгеру бойынша қай деңгейдемін?

Екінші коучингі «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы Microsoft Word бағдарламасына шолу» тақырыбында өтті. Коучингтің жалпы мақсаты: мұғалімдерді Кембридж бағдарламасының жеті модулімен таныстыра отырып сын тұрғысынан ойлау технологиясының білім берудегі пайдасын таныту, өз тәжірибесінде пайдаланып қолдануға бағыт-бағдар беру, насихаттау. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 87 бет) .

Оқу нәтижелері: коучинг -сессияның соңында мұғалімдер:

  • сыни тұрғыда ойлана алады;
  • өз тәжірибелеріне сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің
  • тиімді элементтерін, стратегияларын қолданатын болады.

Түйінді идеялар: сыни тұрғыдан ойлаудың оқытудағы рөлі

СТО-ның үш фазасы: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс, СТО-ның әдіс-тәсілдері: еркін жазу, болжау, кесте. Microsoft Word-та кесте құру, WordArt-та жазулармен жұмыс жасау.

Негізгі тізбесі: интерпретация, талдау, бағалау, метатану. Блум таксономиясы.

«Қазіргі кездегі білім берудегі қиындықтар», «Қазіргі кездегі білім берудегі жағымды жақтар» деген сұрақтар берілді. Класстер толтырып қорғады.

Тренинг-«Портрет салу». Интерпретация. Жырау, ғалым, би суретін көрсету.

  • Стратегиялары (кластер, еркін жазу, болжау, 5 тармақ әдісі, 3 қадамды сұхбат, дебат) Microsoft Word -та көмегі арқылы диаграмма құрыду үйрену.
  • Блум таксономиясы жайында Microsoft Word-та кесте құрып, бүгінгі сабаққа Блум таксономиясы негізінде сараптама жасау.

Жаттығу «Рюкзак» қағазқа рюкзак суретін салып, оған әр қатысушы бүгінгі сабақтан өзіне ұнаған қай білімді алып кететінін жазады.

Екінші деңгей курсынан өткен коуч С. екі коучинг өткізді:

Бірінші коучингіміз «Топтық жұмыста Movie Maker бағдарлама бойынша бейне материалдарды дайындау» тақырыбында өтті. Коучингтің жалпы мақсаты: мұғалімдерді Кембридж бағдарламасының жеті модулімен таныстыра отырып топтық жұмысты қалыптастыру технологиясының білім берудегі пайдасын таныту арқылы Movie Maker бағдарламамен жұмыс жасау, өз тәжірибесінде пайдаланып қолдануға бағыт-бағдар беру, насихаттау.

Оқу нәтижелері: коучинг -сессияның соңында мұғалімдер:

  • топтық жұмыс туралы;
  • өз тәжірибелеріне топтық жұмысты ұйымдастыруға үйрету
  • тиімді элементтерін, стратегияларын қолданатын болады.

Түйінді идеялар: топтық жұмыс туралы оқытудағы рөлі

Топтық жұмыс туралы: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс,

«Топтық жұмыстың жағымды жақтар», «Топтық жұмыс туралы жағымсыз деген сұрақтар берілді. Класстер толтырып, Movie Maker бейне материал қорғады.

Сұрақ ойын - «Көңіл көтеру»: Кім? Кіммен? Қайда? Қашан? Қалай? Не істейді? Мен көрдім де . . . дедім. - деген ойын арқылы әріптестердің көңіл көтеру.

Бірлесіп келесі коучинг сабағының уақытын белгіледік. Коучингтің соңында кері байланыс жүргізді.

Екінші коучингіміз «Power Point бағдарламасы арқылы Lesson Study әдісін көрсетіп меңгерту» тақырыбында өтті. Коучингтің жалпы мақсаты: мұғалімдерді Кембридж бағдарламасындағы Lesson Study тәсілін сабақта қолдануы мен білім берудегі пайдасын таныту, өз тәжірибесінде пайдаланып қолдануға бағыт-бағдар беру, насихаттау. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 83 бет) .

Оқу нәтижелері: коучинг - сессияның соңында мұғалімдер:

  • Lesson Study туралы ойларымен бөлісті;
  • өз тәжірибелеріне Lesson Study тәсілін ұйымдастыруға үйрету
  • тиімді элементтерін, стратегияларын қолданатын болады.

Түйінді идеялар: Lesson Study туралы оқытудағы рөлі

Lesson Study туралы: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс,

«Lesson Study тәсілін қалай түсіндіңіздер?» сұраққа жауап беріп, әріптестер топпен класстер толтырып, Power Point-та слайд қорғады. (№3 қосымша) . Сергіту сәтіне «Мен кіммін?» деген сұрақ арқылы, қол сермеу, ымдау арқылы бейнелеу. Бірлесіп келесі Lesson Study туралы Power Point -та слайд жасап ой-пікірлерімен бөлісті. Коучингтің соңында кері байланыс жүргізді.

Енді тәлімгерлерімнің коучингтары туралы тоқталып кетсем: қазіргі кез ақпараттық қоғам дәуірі. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім берудің барлық жақтарының сапасын арттыруды көздейді. Қазіргі кезде интерактивті технологиялар біздің өмірімізге терең тамырын жіберіп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі болып отыр. Бұл әр адамның оқуда, жұмыста, шығармашылық қабілетін жоғарылатуға мүмкүндік беріп отыр.

Мұғалімдерге коучинг сабақтары өте ұнады. «Тағы өткізіледі ме?» деген сұрақтар қойды. Осы сабақтарды қолданған әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолданамыз деген ойларын айтты. Осы болып жатқан курсқа деген қызығушылықтары артты. Соңынан кеспе қағазға коучинг сабағы туралы өз ойларын жазды.

Бірінші коучинг мұғалімдерге жасаған жұмыстарымның ұнағандығы көп нәрсені көрсетеді. Әсіресе Блум таксономиясына салынған сабақты өздеріне жазып алып, сабаққа қолдануға жақсы дегендері мен үшін жақсы бағалау болды. Менің ойымша осында коучинг сабақтарына мұғалімдер үнемі қатысып отырса, мұғалімдердің бұл бағдарламаға деген қызығушылықтары бұдан да жоғары болар еді деген ойдамын.

Коучинг сабақтарына қатысқан мұғалімдер бұл бағдарламаның тиімді екенін түсінді. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарына түсу үшін оқушыларымыздың ойлау қабілеттері, АКТ пайдаланудағы жетістіктері маңызды орын алуда екендігіне көз жеткізді. Коучинг сабақтарым жоғары деңгейде болмаса да, жақсы өтті деп ойлаймын. Айтарлықтай өзгеріс енгізбесем де, сол өзгеріске алғашқы қадам жасаттым деп үміттенемін - деген пікір айтты Г. тәлімгерім.

Ал екінші тәлімгерімнің пікірінше: «Топтық жұмыста Movie Maker бағдарлама бойынша бейне материалдарды дайындау» атты коучингімнің әсері өте жақсы тиді деп есептеймін, өйткені мұғалімдер топтық жұмыс істегенде өз бастарымен бірігіп жылдам да, қызықты да Movie Maker бағдарлама бойынша бейне материалдарды дайындады. Соңында бізге мына жұмыс ұнаса, балаларға бізден де керемет әсер ететін шығар - деген пікірмен бөлісті әріптестер. Екінші «Lesson Study сабақта қолдану» әдісін ең алдымен өзім дұрыстап оқып, тәлімгеріммен ақылдасып жоспар құрып коучинг дайындадық. Мұғалімдерді Кембридж бағдарламасындағы Lesson Study тәсілін сабақта қолдануы мен білім берудегі пайдасын танытуға, өз тәжірибесінде пайдаланып қолдануға бағыт-бағдар беруге тырыстым. Осы - Lesson Study тәсілін сабақта біраз мұғалімдер қолданғысы келіп, коучинг үстінде пікір айтты. Өзінің коучингтарын жақсы өтті деп түсінгенін, кері байланысты оқу сәтінде өзіме де жақсы әсер алдым - дейді С. тәлімгерім.

Барлық болған коучингтар жаңалық әкеліп, жаңа тәсілдердің элементтерін көрсету арқылы, мұғалімдерге біраз позитивті бағыт берді. Өткізілген коучингтар нәтижелі өтті деп есептеймін, өйткені кері байланыс кезінде мұғалімдер көптеген ой-пікірлерімен бөлісіп, ризашылығын айтып, өте жақсы көңіл күйде болды.

С. тәлімгерімнің тәлім алушысы үшінші деңгейлі курс оқыған А. ағылшын тілі пән мұғалімі, ол Lesson Study тәсілді қолдануға ниет білдірді. Мен өзімнің анықтап алған мұғалімдеріммен бірге осы А. ағылшын тілі пән мұғалімімен Lesson Study тәсілі бойынша сабағын жоспарлап, өткіздік. Осындай тәсіл еңгізер алдында ең бірінші маңызды мәселе, оқушыларғамұғалімдер тобы сабақ үстінде жүргенде -алаң болмаңдар деп айту. Алдымен осы тәсіл бойынша мұғалімдер үш «бақылаудағы оқушыны» анықтап алынады, олар: сынып ішіндегі жоғары, жақсы және төмен оқитын оқушылар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте өзгеріс еңгізу үшін көшбасшының іс-әрекеті
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
LESSON STUDY: TEOPИЯСЫ MEH ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Тиімділікті бағалау критерийлері
Білім берудің жаңа әдіс тәсілдерін зерттеу
Биология сабақтарында Lesson planning hour технологиясын қолдануды зерттеу
Сабақ оқытудың негізгі формасы және оның маңызы
Кембридж университеті
Білім беру қызметтерінің маркетингі
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz