Мектепте өзгеріс еңгізу үшін көшбасшының іс-әрекеті



Өмірдегі ғаламдық өзгерістер ең алдымен бір кішкентай істен басталады: ағаш отырғызудан, бұлақтың көзін ашудан, жақынға көмектесуден...
Ақырында, өзгеріске бет бұратын белсенді істер арқылы қоғамдық өзгерісті өмірге әкеліп бір нақты мақсатқа адам жете алады.
Менің ойымша, өз мектебімде өзгеріс еңгізу үшін маған не істеу керек? – деген сұраққа жауап беру үшін ең алдымен өзім өзгеруім керек, басқаша ой, көз-қарас дегендей. Сонымен қатар, негізгі осындай үлкен жұмыс барысында өз әріптестеріммен және олар бір-бірімен ынтымақтастық және сенім атмосферасын қалыптастыру арқасында, қойылған мақсатқа жете аламыз деп жоспарладым. Өйткені жоспарлаған мақсатқа өз әріптестеріммен ынтымақтастық пен сенім атмосферасында сәтті жетуге болады.
Мектептің бастапқы жағдайын зерттеу барысында, мен әріптестерімнің жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оқушылардың XXI ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізу мақсатындағы мектеп даму жоспарлауына келесі кезеңдерді енгізуге болатанын байқадым. Әріптестерім білімді, мейірімді адамдар, жаңа әдіс – тәсілдерге тез үйренетін, оқушылар контингенті әр түрлі, бірақ осыған қарағанда көп еңбектеніп зерттесек біраз өзгерістер еңгізуге болады деп ойлаймын.
Мектеп әкімшілігімен кездескен күні осы бағдарлама жайлы өзара әңгімелескеннен кейін, мектептің даму жоспарына көңіл бөлдім. Мектеп оқыту мен оқу үрдісін ойдағыдай іске асырып, қала мектептерінің арасында әртүрлі жетістіктер мониторингі жағынан жатқан мектептердің бірі болып есептеледі.
Алғашқы 2013-2014 оқу жылының педагогикалық кеңесінде оқытудағы Кембридж университетінің жаңа идеяларын жүзеге асыру мақсатында өз мектебімде тәжірибеге өзгеріс енгізу үшін біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны бойынша баяндама оқып бейне – материалды әріптестерімен тамашаладым.
Мектебімде өзгеріс еңгізу үшін ең алдымен мен жоспар құрастырып, нақты, анық түрде мақсат қою арқылы жұмыс істеуім керек екендігінің ең алғашқы қадамы деп түрткі еттім, өйткені оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін жоспар міндеттермен талаптарына өзгеруіне бағытталуы тиісті. Істің нақты әрекеті - өзімді бір қатар үлкен өзгерістерге әкеліп соғады. Тәжірибемнің алғашқы күнінен бастап мектептің даму жоспарын мектеп әкімшілігімен және менімен бірге осы бағдарлама бойынша оқып жүрген әріптестеріммен зерттедеген кезде көптеген сурақтар туындады, олардың бірнешеуі: Мектепте қандай мәселелер бар екенін? Мектептің алдында қандай қиыншылықтар түйіндеп тұр? Оны қалай шешуге болады? Қандай мәселелерге тереңірек көңіл бөлсек екен?– деген сұрақтар туындап, ондай сурақтарды бірігіп шешуге болатынына пікір алмасып, әрқайысымыз өз ойларымызбен бөлісіп мектептің дамыту жоспарының тақырыбының атауын осылай анықтадық: «Оқу мен оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың тиімділігін қалай арттыруға болады?»
1. [1] «Мұғалімге арналған нұсқаулық», 83-бет.
2. [2] «Мұғалімге арналған нұсқаулық», 87-бет.
3. [3] Сайт материалдарынан http://cpm.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мектепте өзгеріс еңгізу үшін көшбасшының іс-әрекеті

Білерсің қанша білсең тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле,біле.
Ж.Баласағұн

Өмірдегі ғаламдық өзгерістер ең алдымен бір кішкентай істен басталады:
ағаш отырғызудан, бұлақтың көзін ашудан, жақынға көмектесуден...
Ақырында, өзгеріске бет бұратын белсенді істер арқылы қоғамдық
өзгерісті өмірге әкеліп бір нақты мақсатқа адам жете алады.
Менің ойымша, өз мектебімде өзгеріс еңгізу үшін маған не істеу керек? –
деген сұраққа жауап беру үшін ең алдымен өзім өзгеруім керек, басқаша ой,
көз-қарас дегендей. Сонымен қатар, негізгі осындай үлкен жұмыс барысында өз
әріптестеріммен және олар бір-бірімен ынтымақтастық  және
сенім атмосферасын қалыптастыру арқасында, қойылған мақсатқа жете аламыз
деп жоспарладым. Өйткені жоспарлаған мақсатқа өз әріптестеріммен
ынтымақтастық пен сенім атмосферасында сәтті жетуге болады.
Мектептің бастапқы жағдайын зерттеу барысында, мен әріптестерімнің
жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оқушылардың XXI ғасыр талаптарына
сәйкес келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізу мақсатындағы мектеп
даму жоспарлауына келесі кезеңдерді енгізуге болатанын байқадым.
Әріптестерім білімді, мейірімді адамдар, жаңа әдіс – тәсілдерге тез
үйренетін, оқушылар контингенті әр түрлі, бірақ осыған қарағанда көп
еңбектеніп зерттесек біраз өзгерістер еңгізуге болады деп ойлаймын.
Мектеп әкімшілігімен кездескен күні осы бағдарлама жайлы өзара
әңгімелескеннен кейін, мектептің даму жоспарына көңіл бөлдім. Мектеп оқыту
мен оқу үрдісін ойдағыдай іске асырып, қала мектептерінің арасында әртүрлі
жетістіктер мониторингі жағынан жатқан мектептердің бірі болып есептеледі.
Алғашқы 2013-2014 оқу жылының педагогикалық кеңесінде оқытудағы
Кембридж университетінің жаңа идеяларын жүзеге асыру мақсатында өз
мектебімде тәжірибеге өзгеріс енгізу үшін біліктілікті арттыру
бағдарламасының негізгі мазмұны бойынша баяндама оқып бейне – материалды
әріптестерімен тамашаладым.
Мектебімде өзгеріс еңгізу үшін ең алдымен мен жоспар құрастырып, нақты,
анық түрде мақсат қою арқылы жұмыс істеуім керек екендігінің ең алғашқы
қадамы деп түрткі еттім, өйткені оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес
келуі үшін жоспар міндеттермен талаптарына өзгеруіне бағытталуы тиісті.
Істің нақты әрекеті - өзімді бір қатар үлкен өзгерістерге әкеліп соғады.
Тәжірибемнің алғашқы күнінен бастап мектептің даму жоспарын мектеп
әкімшілігімен және менімен бірге осы бағдарлама бойынша оқып жүрген
әріптестеріммен зерттедеген кезде көптеген сурақтар туындады, олардың
бірнешеуі: Мектепте қандай мәселелер бар екенін? Мектептің алдында қандай
қиыншылықтар түйіндеп тұр? Оны қалай шешуге болады? Қандай мәселелерге
тереңірек көңіл бөлсек екен?– деген сұрақтар туындап, ондай сурақтарды
бірігіп шешуге болатынына пікір алмасып, әрқайысымыз өз ойларымызбен
бөлісіп мектептің дамыту жоспарының тақырыбының атауын осылай анықтадық:
Оқу мен оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың тиімділігін
қалай арттыруға болады?
Ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың оқушыларға ғылыми ұғымдарды
түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,
мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан
оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.
Қала ішіндегі мектептер арасында осындай мықты да Білімді тереңдету,
қорыту және тарату санатына сәйкес келетін менің мектебіме де өзгеріс
қажет, себебі өткен оқу жылында педагогикалық ұжымның жұмысы Қазақстан
Республикасының – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің
Мемлекеттік жалпы міндетті стандартын қамтамасыз етумен байланысты
мақсаттарды орындауға бағытталған.
Менің мектебімнің міндетті ісі - Назарбаев Университет дербес білім
беру ұйымының тәжірибелерін білім беру ұйымдарының оқу процесіне енгізу
жөніндегі жұмысын атқару арқылы оқушылардың жан–жақты, мәдениетті,
келешекте өздігінен әрі қарай дамып, жоспарын іске асыратын тұлға етіп
жетілдіріп қалыптастыру.
Мектебімнің құндылығына мына бағыттарды айтап кетуге болады: тұлға,
білімділік, өзара әрекеттестік, ынтымақтастық, көшбасшылық, осы мен қатар
– өз құқығы, өз таңдағанына және өз ойын білдіруге деген әр адамның
құқығы қадірленуі;
– оқушылардың жас ерекшеліктерімен, олардың дарашылдығымен жеке басына
ұқыпты қарауы;
– ұжымның мүшелерінің арасында ең басты сенімділік болуы, бір–бірін
құрметтеуі, жауапкершілікті, сүйенішті болу, белсенділікте және
ынталылықта бас-басы ортақ табыста және жалпы мектепішілік білімділік
және мәдениеті ортасының табысында құрылуы.
Мектептің стратегиялық мақсаттары:
– оқушыларды оқытудағы және мұғалімдердің кәсіби дамыуна ықпал ету
үшін инновациялық білімді ортасына жағдай жасау;
– мектепішілік көшбасшылық пен менеджмент жүйесін жетілдіру;
– мектепішілік және сыртқы ортадағы ынтымақтастық пен әріптестіктің
дамуына бағытталған мектептің мәдениетті кеңістігін қалыптастыру.
Мектептің стратегиялық міндеттер:
1. Көшбасшылық пен басқарудың дамуы
2. Мұғалімдердің кәсіби дамуы
3. Оқу мен оқытудың әбден жетілдіру
4. Бағалаудың әдістерін дамыту
5. Оқытудың сапасын қамтамасыз ету
6. Қазақ мұрасының және мәдениеттің дамуына қолғабыс ету
7. Оқушылардың жеке дамуына көмектесу
8. Ресурстар мен құралдарды дамыту
9. Мектептегі коммуникацияны дамыту
Мектептің мықты жақтары ол: педагогтар ұжымымен оқушылардың потенциалы,
коммуникациямен іс–әрекет жасау, 15 бөлігі деңгейлік бағдарлама бойынша
жетістікке жетіп өтті, мектеп әкімшілігі өте тәжірибелі.
Мектептің әлсіздігі: мұғалімдер жаңа оқыту жүйесінің бағдарламасы
бойынша оқуға, педагогикалық тәжірибелерін оқытудың жақсарту мақсатында,
дамытуға, төмен белсендік артып тұр; Назарбаев Университет дербес білім
беру ұйымының тәжірибелерін білім беру ұйымдарының оқу процесіне сапалы
енгізу жөніндегі нормативті база жоқ, үш тілшілікте тәлім–тәрбиенің еңгізе
алмауы мамандардың болмағандығынан, ақпараттық–коммуникациялық технология
бойынша білімдерін әрі қарай жетілдіріп дамыту.
Менің мектептебімде ақпараттық коммуникациялық технологиялар бойынша
тоқтап кетсем:
Мықты жақтары: ақпараттық коммуникациялық технологияларды белсенді
түрде оқыту барысында қолданады, оқу жылынан бастап электронды оқыту
Е–learning жүйесін енгізу үстіндеміз.
Әлсіз жақтары: мектептің ең күрделі мәселесі – оқушылар саны нормадан
асып кеткендіктен оқу үдерісінде барлық тиімді ақпараттық коммуникациялық
технологияның мүмкіншіліктерін толық қолданбағандық, компьютерлердің саны
(бір оқушы мен мұғалімге) аз болғандықтан.
Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық стратегиялардың ауқымы даму
үстінде, педагогикалық стратегиялар ауқымын іске асыру жолдарын біріктіру
қабілетін анықтау арқылы осы Қазақстан Республикасының педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша
біздің мектеп мұғалімдері оқып білімдерін жетілдіру үстінде. Қазақстан
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша Қазақстан - Британ жобасы 2012
жылы жүзеге асырыла бастады. Брайтонда (Ұлыбритания) Сассекс
университетінің базасында Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ
ұйымдастырған 35 базалық мектептің басқарушы қызметкерлері
тағылымдамаларының екінші – оқыту кезеңі аяқталды. http:cpm.kz. Курста
базалық мектептің 70 басшысы (әрбір 35 мектептің директоры мен директордың
орынбасары) және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 басқарушы қызметкері
оқыды, оның ішінде біздің мектеп директорымыз және ғылыми жұмысы бойынша
мектеп директорының орынбасары оқып келді, ал әріптестеріме келетін болсам
он екі мұғалім педагогикалық стратегиялар ауқымын іске асыру жолдарын
біріктіру қабілетін анықтау арқылы Қазақстан Республикасының педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша
оқып білімдерін жетілдірді, ал алты мұғалім оқу үстінде. (№2 қосымша)
Менің мектебімнің барлық мұғалімдерін алғанда оқу үдерісінің мәнін,
жекелеген оқушыларды ынталандыру бағыттарын, олардың эмоционалдық ахуалын
және сыныптан тыс өмірін түсіне алады деп ойлаймын, өйткені мектеп ішінде
көптеген осы Кембридж бағдарламасын оқып келген мұғалімдер өз оқу
үдерістеріне топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыстарды енгізе бастады.
Қазіргі уақытта біздің мектептен менімен бірге жалпы үш мұғалім
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
аясындағы деңгейлiк бағдарлама бойынша бірінші (ілгері) деңгейдегi курста
мектеп тәжірибесін қорғау үстінде, бір мектептен үш мұғалім тәжірибе
барсына келдік, мектепке өзгеріс еңгізу үшін – ол да бір күш деп санаймын.
Өйткені көп мәселелерді бірігіп шешу – ынтымақтастыққа жатады ғой. Менің
ойымша мектеп тек қана педагогикалық ынтымақтастықтың арқасында алға баса
алады.
Бастапқы мен өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін мектеп туралы ақпарат
жинауды жоспарлап, өз командаммен өзгеріс енгізетін мәселені анықтау үшін
жоспар құрдым. Бетпе-бет кезеңі ең негізгі мәселеге түрткі еттік,
мектепке өзгеріс еңгізу жүйесін атқаратын жғадаяттарды жеті модульге
сүйеніп, Бағдарламаның негізгі мақсат – міндеттерін талқыладық. Осы
жүргізген іс-әрекеттер мектептің даму жоспарына үлкен үлес қосады деп
ойлаймын.
Қазіргі кезде қоғамымыз жедел өзгеріс үстінде. Шілденің қызып тұрған
жаз уақытында келген бұл курс мен үшін үлкен жаңалық болды. Мен көптеген
білікті, жоғары санатты мұғалімдермен жұмыс істеп, олардан көп нәрсе
үйрендім. Алайда, осы оқып жатқан жаңа бағдарлама бойынша жүріп жатқан курс
маған көптеген заттарға басқа көзқараспен қарауға мүмкүндік берді.
Педагогикалық шеберлік орталығы берген ресурстар, тренермен өткен сабақтар,
әңгімелер білім беру әдістемесіне деген көзқарасымды өзгертті.
Жаңа оқыту тәсілін әріптестерім жақсы қабылдап алды, өйткені менім
тәжірибе барсына келген уақыттың өзінде біздің мектептен он екі мұғалім осы
деңгейлік курс бойынша оқып келген еді, бірақ осы үлкен мәселелерге өзімде
бұрын тереңірек көңіл аудармап едім. Енді өзім біліктілігімді жетілдіре
келіп, осы жаздағы оқып, жаңа технология бойынша білім алғаным өзіме жақсы
әсер етті, өзім тез арада осы тәсілдерді қолданып көрсем екен, не болады
екен деген ойлар туа берді. Адам кез келген жанашылдықты, өзі өзінде
сезбегенше нәтиже болмайды екен деп, мен де мектеп тәжірибесінде міндетті
түрде өзім сабақтарымды бастапқы күннен бастап осы жаңа оқыту бойынша
байқап көрейн деп жоспарладым.
Қазіргі кезде оқушылардың ойлау қабілеттері, ойын жеткізе білу,
патриоттық тәрбиеге деген қызығушылық төмендеп, қиыншылықтар туғызып отыр.
Міне осы қиындықтарды шешу үшін бізге жаңа жолдар іздестіру қажет.
Кембридж бағдарламасы бізге негізгі 7 модульді ұсынып отыр:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
3) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
4) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6)Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану.
7) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Бұл әдіс – тәсілдерді пайдалану менің педагогикалық практикама белгілі
бір жүйелілікті енгізеді. Әр модуль өзара байланысты, және әрқайсысы өзінше
қызықты, бірақ мен үшін Білім беруде ақпараттық коммуникациялық
технологияларды пайдалану. Осы модуль бойынша мен мектеп даму жоспарының
тақырыбын – Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды
пайдалану тиімділігі.
Қазіргі дамып келе жатқан әлемде біз ақпараттық коммуникативтік
технологияларды пайдаланамыз. Оқушылардың ой-өрісін ұлғайту, өмірге деген
көзқарастарын жан–жақты дамытуда, шығармашылық қабілеттеріне жол ашуда
ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану–қазіргі заманның
негізгі талабы. Қазіргі кездегі технологияларға электрондық оқулықтар,
интернет желісі, ұялы телефон, магнитофон, планшет, компьютерді жатқызамыз.
Және осылардың бәрін сабақтарымызда оқушылардың қызығушылығын ояту үшін,
ынтасын арттыру үшін пайдаланамыз. Қазіргі кезде оқушылар интернетпен
жұмыс жасауға көбірек қызығушылық танытады. Сондықтан да біз сабақтардың
барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың барлық мүмкіндіктерін
пайдаланып, оны оқудағы қажеттіліктерге қарай ұтымды пайдалануымыз керек.
Оқушылар мүмкүндіктерін білмесе пайдалану тиімсіз. Ақпараттық
коммуникациялық технологиялардың негізгі бес аспектіге пайдалауға болады.
Олар: Көрсетілім: бейнеклип, көркем жазу, өнер және музыка саласында т.б.
Модельдеу: геометриялық фигураларды кеңістікте бейнелеу, сызба, не болмаса
география пәнінен картамен жұмыс.
Бағалау мен талдау: мәтіндер талдау, пәндерге байланысты ақпарат іздеп
оларды қарастыру, жинаған деректерді талдап сұрыптау.
Ұсыну: дизайн жобалар, ақпарат алмасу, қорыту.
Тестілеу: тексеру, растау, теріске шығару, зерделеу.
Яғни қазіргі заманда жаңа ғылыми түсініктердің қабылдауын жеңілдетуге
айтарлықтай мүмкүндік беретін маңызды құралдың бірі болып отыр. Сондықтан
да жаңа технологиялардың барлық мүмкүндіктерін пайдалануымыз қажет.
Осы айтылып жатқан барлық үдерістерді басқаратын мұғалім. Барлық
модульдерді қолданып сабақты тиімді етіп өткізу соның қолында. Ол өзінің
педагогикалық тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлай алатындығын көрсетіп өзінің
көшбасшылығын көрсетеді.
Сонымен қатар деңгейлік бағдарламасында коучинг және менторинг ұғымдары
бар. Коучинг – (ағылш. coaching) – бапкерлік. Бұл білім алуға және дамуға
мүмкүндік беретін үдеріс. Сол арқылы мұғалім өзінің кәсіби қызметін
жетілдіреді. [1]
Әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттік үдерісі.
Тәлімгерлік – (ағылш. mentoring) – бас ақылшы, баулушы, жетекші.
Тәрбиесі аздау мұғалімнің білімін, ойлауын, практикалық қызметінің
тиімділігін арттыру мақсатында тәжірибелі және тәжірибесі аз мұғалімнің
арасындағы сенімді жеке тұлғаға бағытталған қарым–қатынас орнату
үдерісі.[2]
Тәлімгерліктің негізгі құндылықтары мынылар болып табылады:
– Құпиялылық
– Шынайылық
– Сенімділік
– Ашықтық
– Шындық
– Адалдық
– Теңдік
– Сынымау, айыптамау
– Қамқор көрсету, қоса уайымдау.
Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланыста: коучинг нақты
тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса,
тәлімгерлік оған жүйелі, жан–жақты кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Бірінші күннен бастап өзім әріптестерімнің арасынан ІІ–ші деңгейлі
мұғалімдерден екі мұғалім, ІІІ–ші деңгей мұғаілмдерден–екі мұғалім, мен
және олар өздері тәлімгерлікке мұғалімдерді алуды бірігіп жоспарладық.
Құрылған командаға көмек, қамқорлық, бағыт беру көшбасшы болғандықтан,
менің міндетім. Командаға арналған ІІ–ші деңгейлі мұғалімдері мен
коучингтерді өткізуді жоспарладық. Олар ІІІ–деңгейлі мұғалімдерді
коучингтың жоспарын бірлесе жоспарлауға, үйретіп бірлесе өткізіңіздер –
деп бағыттап жүрдім.
ІІ–ші деңгейлі мұғалімдердің әр қайсысы өздерінің тәлім алушыларынан
тұратын топ құрды. Олар мен бірге сабақ дайындауға, сабаққа орта мерзімді
жоспар құрастыруға үйрету, бағыт беру болды.
Мен тәжірибе барысымда ІІ-ші деңгейлі мұғалімен Lesson Study тәсілін
еңгізуді жоспарладық. ІІ-ші деңгейлі мұғалімдерімен Бағалау, Топтық
жұмысты ұйымдастыру, Ақпараттық коммуникациялыұ технологияның тиімді
пайдалануы, Lesson Study тәсілі атты тақырыптар бойынша командадағы топ
мұғалімдріне коучинг өткізуге жоспар құрастырдық.
ІІІ-деңгейлі мұғалім осындай сабақты жүргізсе жақсы болар еді деп,
өйткені ІІІ-деңгейлі мұғалім жаңа әдіс бойынша сабақ құрастырып, оның қалай
өтетінін жоспарлап өткізуін біледі, ал Lesson Study кезінде зерттейтін
сабақты мұғалімеріміз болады деген шешім келіп жоспарладық.
Сонымен осы бағдарлама бойынша оқымаған мұғалімдер жаңа оқыту
тәсілдерінің түрлерін байқауға, талдауға, зерттеуге мүмкіншіліктері арта
түсіп үйренеді. Lesson Study тәсілі – мұғалімдер тәжірибесі саласындағы
білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагокилық тәсіл. м.а.н., 87
бет. Әріптестеріммен бірге жоспар құрып ағылшын тілі сабағында Lesson
Study тәсілі қолдануға, сабақты жүргізуге жоспарладық.
Мұғалімдеріммен жопсарларын қарастырып, талқылап, жоспарлауға
тәлімгерлеріммен бірігіп бағыт бердік. (қосымша) Енді осы барлық
жоспарлаған іс-шараларымыз сәтті орындалады деген ойым туындап, өйткені
барлық керекті деректерге мұғалімдерім көз жеткізіп, туындап тұрған
сұрақтарды ІІІ–деңгейлі, ІІ–деңгейлі мұғалімдерге қойып, өздеріне керек
жауап, бағыт алып, дайындалу барысына кірісті. Мектепке өзгеріс еңгізу – ең
алды мен оқушыларды қызықтырып, өз сабақтарымызға сенім арттырудан
басталады деп ойлаймын.
Осы тәжірибе барлығымызға сәтті өтеді деп, мына сөздермен өзімнің
кездесу сәтін жоспарлаған іс–шараларымыз басталмай тұрып әріптестеріме
сенім арттым - мені қолдап жүрген әріптестерім, Сіздер – өте білімді,
салауатты, мәдениетті, жан-жақты, әр түрлі пән мұғалімдерісіздер, балалар
Сіздерге сенеді, ал біздің қолымызда мектебімізге жаңашылдық енгізу.
Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме үнемі сыни көзбен қарап,
айтатыным мектепке өзгеріс еңгізу үшін әр мұғалім жоғары дәрежеде
еңбектену керек, сонда ғана мектеп алға басады.

Пайдаланылған әдебиттер:

1. [1] Мұғалімге арналған нұсқаулық, 83-бет.
2. [2] Мұғалімге арналған нұсқаулық, 87-бет.
3. [3] Сайт материалдарынан http:cpm.kz

Қосымша Мектептің даму жоспары
Мектептің даму жоспары

Тақырыбы: Оқу мен оқытудағы АКТ-ның тиімділігін қалай арттыруға болады?
Мақсаты:
- Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар туралы түсінігін арттыру;
- Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқыту процесінде қолданудың
тиімділігін жетілдіру;
- Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру; 
- Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушылардың терең де жүйелі
меңгеруіне ықпал ету.

№ Іс шаралар Әдіс Мониторинг Жауапты Күтілетін нәтиже Өткізілу
тәсілдер мерзімі
1 Бірінші педагогикалық Баяндама, Мектеп мұғалім
кеңесте озық тәжірибе видео-матери дерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР
Көшбасшылық феноменді заманауи бағалау
Сабақты ұйымдастыру үдерісі
БІЛІМ БЕРУ МAЗМҰНЫН ЖAҢAРТУ ЖAҒДAЙЫНДA КӨШБACШЫЛЫҚ ҚACИЕТТЕРДІ ҚAЛЫПТACТЫРУ ТҰЛҒAНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІ
Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде
Мектептегі тәрбие жүйесінің моделі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
Көшбасшының орындайтын функциялары
Жасөспірімдік кезең сатылары
Көшбасшылықтың психологиялық аспектілері
Пәндер