Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш сыныптарда дамыту



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ақпараттық.коммуникациялық технологияны бастауыш сыныптарда дамыту
2.2. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі
2.3. Ақпараттық технологиямен оқыту барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Ақпараттандыру – бұл ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және тиімді пайдалану негізінде мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай құру. Ақпаратық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез-келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады. Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен жабдықтау мәселесі соңына дейін толық шешілген жоқ, күн тәртібінде қазіргі уақытта басқа мәселе тұр- ол компьютерлік техниканы қалай дұрыс пайдалану керек деген мәселе. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған ақпараттық қоғам құру курсы қолға алынды. Оның негізі – ақпарат және білім. Ақпараттық қоғамның ерекше белгілері: Қоғам өмірінде ақпарат пен білімнің рөлін арттыру. - Ішкі өнімнің жалпы көлемінде ақпараттық коммуникациялар, өнім және қызмет үлестерін жоғарлату;- Адамдардың өзара ақпараттық, тиімді әрекет етулерін, олардың әлемдік ақпараттық өнім мен қызмет түрлеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жаһандық ақпараттық кеңістік құру;
2005-2010 жылдарда білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламаның басым бағытының бірі – орта білім беру жүйесін ақпаратандыру.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс.
1. Білім заңы. Алматы, 2010 ж.
2. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
3. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
4. Орта мектеп жаршысы. Республикалық оқу-әдістеме журналы, № 2, 3, 2011 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш сыныптарда дамыту
2.2. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі
2.3. Ақпараттық технологиямен оқыту барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу - делінген.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.
Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Ақпараттандыру - бұл ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және тиімді пайдалану негізінде мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай құру. Ақпаратық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез-келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады. Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен жабдықтау мәселесі соңына дейін толық шешілген жоқ, күн тәртібінде қазіргі уақытта басқа мәселе тұр- ол компьютерлік техниканы қалай дұрыс пайдалану керек деген мәселе. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған ақпараттық қоғам құру курсы қолға алынды. Оның негізі - ақпарат және білім. Ақпараттық қоғамның ерекше белгілері: Қоғам өмірінде ақпарат пен білімнің рөлін арттыру. - Ішкі өнімнің жалпы көлемінде ақпараттық коммуникациялар, өнім және қызмет үлестерін жоғарлату;- Адамдардың өзара ақпараттық, тиімді әрекет етулерін, олардың әлемдік ақпараттық өнім мен қызмет түрлеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жаһандық ақпараттық кеңістік құру;
2005-2010 жылдарда білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламаның басым бағытының бірі - орта білім беру жүйесін ақпаратандыру.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш
сыныптарда дамыту
Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек.
Ақпараттық технология арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материаларын жеңіл меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады (оқу іс-әрекетіндегі ерекшелік).
Ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізеді (психологиялық ерекшелік).
Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білуі үшін ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану, өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп бақылау икемділігін бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі (тұлғалық ерекшелік).
Әлеуметтік зерттеулер бойынша адам баласының ақпарат алу, оны пайдалану икемділігінің артуына ақпараттық құралдардың, өмір сүріп отырған ортаның тигізетін ықпалы зор екені анықталған (әлеуметтік ерекшелік).
Көшеде компьютерлік ойын клубтарының көбеюі ата-аналардың көңілінде алаңдаушылық тудырып отыр. Әсіресе, бастауыш сыныпта оқитын ер балалардың тәртібінде, мінез-құлқында өзгерістер пайда бола бастады, себебі мұндай нарықтық заманда өз межесін ғана көздейтін кәсіпкерлер баланың психологиялық, тұлғалық, физиологиялық даму ерекшеліктерін ескермейді.
Компьютерлік техникамен жұмыс жасау кезінде ескерілуге тиісті гигиеналық, эргономикалық талаптардың сақталуы мен әрбір оқушының денсаулығы туралы ақпараттарды бастауыш сыныптағы білім беру үрдісін ұйымдастырушы үнемі есте ұстауы қажет (физиологиялық ерекшелік).
Шығармашылық ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің даму негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле түседі. Мәселен, бастауыш мектепте інформатика пәнін ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сияқты пәндерімен ұштастыра отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге құштарлығы басым екендігі айқын көрінді. Бір топ оқушылар срует салу, келесілері шығарма, ссе жазу, үшіншілері өлең жолдарымен тақырыпты ашып көрсетуге тырысты. Мысал ретінде шығармашылық жұмыстардың бірнешеуін назарға ұсынамын.
"Компьютер және біз"
Компьютер келді өмірге,
Заманның озық кезеңі
Компьютерді сен меңгерсең,
Ісіңнің оңға басқаны.
Бекмурзина А, 3а сыныбы, 2002ж.

Мен өзім компьютермін
Адамға өте пайдалымын
Балаларға әрқашан
Көмекке мен дайынмын.
Батырова Г., 3а сыныбы, 2002ж.

Көгілдір экранға
Қызығып қараймын
Тышқанды ұстап ап.
Көп уақыт ойнаймын.
Ойнаймын, жазамын
Сурет те саламын
Уақыттың өткенін
Білмей де қаламын.
Мұғалім айтқанын
Оқып ойлап келемін.
Болашақта білімнің
Білем қажет екенін.
Ихсанов Д, 3асыныбы,2003ж

Бастауыш сынып оқушыларының ақпаратты жинақтаумен қатар оны түрлендіру, өзгерту икемділіктерінің дамуы
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының ақпаратты жинақтаумен қатар оны түрлендіру, өзгерту икемділіктерінің дамуы байқалды. Сыныптағы бор, сүрткіш, есік тұтқасы, парта, орындық атынан жазылған эсселердің компьютерде жазылуы оқушылардың мәтінді теруге ғана емес, оны ойдағыдай мазмұндық тұрғыдан жазуға қызығушылығын туғызды. Бұл тапсырманың күрделілігіне сәйкес үйде мәтін құруға, сыныпта оны теруге және топ алдында қорғауына мән беріледі. Жобалау әдісімен жұмыстану арқылы оқушылардың оқу икемділіктері жетіледі. Төменде
4-сынып оқушысы А.Бердешовтың белгілі мысалды бүгінгі күнгі технологиялық дамуға сай түрлендіргені беріледі:
Компьютер мен тышқан.
Тышқан жүр сеуіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа қарап.
Компьютер өлтіруге айналыпты,
Басын түрткен тышқанды ұстап алып.
Жалынды сонда тышқан: "өлтірме-," деп,
"Ағатай, маған зиян келтірме"-, деп.
Компьютер сонда күліп былай депті:
"Сорлы тышқан,
Не жақсылық қайтады сен байғұстан?"
Дегенмен жалынғасын тышқан іні
Қиыпты жүгірмекке нөкерлікті
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта АКТ қолдану
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
АКТ пәнін геймификация технологиясын қолданып оқыту әдістемесі жасау
Компьютерлік технологиялардың құрал ретінде пайдаланылуы
Пәндер