Қазақ халқының қолөнері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ қолөнері
2.2. Қазақтың ұлттық қолөнері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын атайды.
Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салды,киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен , күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік,сырға жасап оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы –қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «еркектерге тән іс» , «әйелдерге тән іс» деп екіге бөлініп келеді: Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды.
Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ , адалбақан, асадал,, бесік тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. Қолөнерде көңілге қонымды әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
1. Арғынбаев X. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987, 128б.
2. Әбдуалиева Ш. Халық қол өнері. Алматы, Рауан, 1992, 120б.
3. Әбдіғапбарова Ұ. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Алматы, Өнер, 1995. -125б.
4. Бағдарлама. Қолөнер (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін). –Шымкент,2002. 18б.
5. Басенов Т.К. Прикладное искусство Казахстана. -Алма-Ата,1951.-269 с. .

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ қолөнері
2.2. Қазақтың ұлттық қолөнері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын атайды.
Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салды,киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен , күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік,сырға жасап оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы - қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер еркектерге тән іс , әйелдерге тән іс деп екіге бөлініп келеді: Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды.
Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ , адалбақан, асадал,, бесік тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. Қолөнерде көңілге қонымды әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
Ертеде біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер-халық қолөнерінің тамаша туындылары.
Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі-оның қолөнері.
Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиыннан қиыстырған халық шеберінің ісі мақтануға тұратын өнер туындысы.
Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны - ою-өрнек.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп ішекейлеудің негізі болып келеді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік- осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.
Ою-өрнек ісіне қазақ арасына ең көп тарағандары сырмақ, текемет, тұскиіз, сандыққап, тұтқыш, киіз есіктің маңдайшасы, түйенің жабуы, керегеқап киізден ойылып алынатын заттар, ал аяққап оюлаған әр түрлі маталарды бастырып тігу арқылы жасалады.
Қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени тұрмыс дәрежесі, дүниеге көзқарасы,ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамуы,тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберінің ізденуі мен қабілеті де шыңдалып жетілді.
Қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керект ізаттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды.
Қолмен тоқу ісінің қазақ қолөнерінің арасында ең көп дамыған түрі қармақты бізбен ілмелеп тоқу. Қазақтың халықтық өнерінде қармақ біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен, жарып алған жіліншіктің қыр сүйегінен егеліп істелетін.Тобылғының, аршаның тасжарғанның шыбықтарынан жонып та жасалған. Басында тоқу ілмекбіздерге ілмексіз тегіс таяқшалар болды. Қазіргі кезде ілмекбіздер әр түрлі метериалдардан: металл, пластмассадан дайындалады.
Ілмекбізбен тоқудың кесте тоқумен тоқымашылықпен байланысы бар.
Қазір күнделікті тұрмысқа керекті жеңіл-желпі заттарды өрмек станогынсыз-ақ қолмен тоқи береді. Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін әрі қарапайым, әрі тиімді өнер. Біздің бабаларымыз бен аналарымыз кейінгі ұрпақтар үшін көптеген қолөнер мұраларын қалдырды. Сол себептен де әр бір қолөнердің әсем туындылары еңбек адамдарына рухани азық болатын, эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі, тиімді де ұнасымды ұлттық бұйымдар жасалды.

Қазақ қолөнері
Қазақ қолөнері - қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан - қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған. Қарағанды обл-нда Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. 10 - 8 ғ.), атақты Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з.б. 2 ғ. мен б.з. 2 ғ.), т.б. көне дүниелер - шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша-Бибі, Ахмет Иасауи кесенелерінен, Бабажы қатын күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратуға болады. Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою-өрнек салынған үй жиhазын, ыдыс-аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған. Ер адамдардың жорыққа, аңшылыққа, әйелдердің салтанатқа киетін киімдері аң-құстың бейнелері өрнектелген (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер салу, кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады. Алматы обл-ның Есік обасынан табылған (б.з.б. 6 - 5 ғ.) сак жауынгері киімі ("Алтын адам") алтын қаптырмалармен және хайуандардың құйма бейнесімен безендірілді. Қ. қ. өзінің ғасырлар бойғы мұраларын жан-жақты игеріп, көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып, үздіксіз дамытылып отырды. Сауда-саттықтың дамуына, қалалардың өркендеуіне, қала мен ауылдың айырмашылығының азаюына байланысты қолөнердің кейбір дәстүрлі түрлері (теріні, сүйекті, ағашты, кейбір металдың түрлерін көркем өңдеу) қолданудан шығып қалды. Алайда матадан, киізден жасалған тұс кілемдер, басқұрлар, тұскиіздер, т.б. киіз үйдің сәндік жасаулары бұрынғыша дами берді. 20 ғ-дың басында Қ. қ-не деген сұраныстың артуы (көркемдік кәсіпкерліктің құрылуы, Қазақстан қолөнерінің респ. мұражайының ашылуы, қолданбалы өнер бұйымдарын жинау мен насихаттаудың жақсаруы) оның дамуына зор ықпал етті. Қ. қ-нің бұл түрінен талантты ісмерлер Л.Қ.Қожықова, З.Ахметжанова, Г.Зәуірбекова, К.Ыстыбаева, Н.Тайманова, М.Есілбаева, т.б. жасаған бұйымдар ерекше көзге түседі. Сүлгі, перде, төсек жапқыштарды кестелеуде қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен бірге сюжетті суреттерді пайдалану қатар қолданылды. Сондай-ақ, ою өнерінің дәстүрлі түрі де (Л.Қожықова, Ж.Арыстанова, А.Бәсенова, М.Керейбаев, К.Қодаров, Р.Сәрсенбин, Ғ.Иляев, т.б.) одан әрі жетілдірілді. Тоқыма, киіз басу істерімен қатар бірқатар облыстарда (Алматы, Көкшетау, Шымкент, т.б.) зергерлік бұйымдар жасау кеңінен дами бастады. 70-жылдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
Қазақ халқының қолөнерінің даму жолы
Қазақтың қолданбалы өнері
СӘНДІК ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Пәндер