Ұлттық мемлекеттік құрылым жасаудағы тарихи алғы шарттар


Мазмұны
І - тарау. Ұлттық Мемлекеттік құрылым жасаудағы тарихи алғы шарттар
- Қазақ Кеңес автономиялы республикасының құрылуы және қазақ жерлерінің біріктірілуі.
ІІ - тарау. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан.
2. 1. Қазақстанның 20 - шы жылдардағы эконмикалық саяси ағдайы. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
2. 2. 1921 жылғы 2 ақпандағы жер - су реформасы.
2. 3. Халық шаруашылығын қалпына келтіру
ІІІ - тарау. Қазақстанның индустриялық дамуы және ұжымдастыру науқаны.
3. 1. Қазақстанның индустриялық дамуы
3. 2. Ұжымдастыру қарсаңындағы Қазақ ауылы
3. 3. Қазақстандағы ұжымдастыру және оның зардаптары, 1932 - 33 жылдардағы ашаршылық
Қырғыз (қазақ) АКСР-нің құрылуы
Ресей империясының отарлаушылық бүғауында болып келген халықтар социалистік революцияға ұлттық мемлекетті құру мәселесін шешеді деп сеніп? Оған қатысты. Жергілікті жерде Кеңестер негізінде құрылған кеңестік автономия экономикалық, саяси және мәдени дамудың әр түрлі деңгейінде тұрған Ресейдің халықтары үшін ұлттық мемлекеттіліктің тиімді формасы еді. Осы тұжырымдарға сәйкес 1918 жылы 30 сәуірде Орта Азияда алғашқы кеңестік мелекет-Түркістан АКСР құрылып, ол РКФСР құрамына енді.
Елімізде 1918-1920 жылдарда шетел басқыншылары мен төңкерісті жақтамайтын елдің ішіндегі күштердің қарсылығы жеңілгеннен кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Оның көкейтесті мәселелрі қазақ жұртшылығының съездерінде талқыланды№ Сол жылдарда, алғашқы ауыл шаруашылық артельдерді, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылдың аяғында (Жетісу мен оңтүстік облыстарды қоспағанда) 939 колхоздар, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель жерді бірлесіп өндейтін (ТОЗ) 28 серіктік құрылды.
1918 жылы көктемде Қазақ автономиялық республикасын құру жөніндегі дайындық жұмыстар басталды. Бұл мәселе жоғарғы партиялық және мемлекеттік органдарда сан рет қаралды. Қазақстан жерінің ақ гвардияшылардан тазартылуына қарай Кеңес өкіметін қалпына келтіру процесі жүріп жатты.
1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз өлкесін басқару» жөніндегі революциялық комитет туралы жарлық қабыл дады. Оның алғашқы құрамына С. Лукашев, Ә. Жангелдин, М. Тұнғаншин, С. Меңдешов, Б. Қаратаев кірді. Кейін оның құрамы А. Әйтеев, С. Арғаншиев, В. Абдеев, Ғ. Әмбеков, Б. Қаралин сияқты адамдармен толықтырылды. Қазревком өлке Кеңестерінің құрылтай съезіне әзірлеу, болашақ қазақ мемлекетінің жер аумағын анықтау, әскер құрамаларын азық-түлікпен жабдықтау сияқты күрделі мәселелрмен шұғылданады. Қазақ мемлекеттігін іске асыратын Кеңестердің құрылтай съезін әзірлеумен бірге көптеген саяси-экономикалық істерді тындыруға мұрындық болды. 4
Автономия жүзеге асыру ісінде үлкен қиыншылықтар болды, ең алдымен контрреволюцияны талқандау, ұлыдержавалық шованизмге де, жергілікеті ұтлтшылдыққа да қарсы батыл күрес жүргізу, жергілікті жерде Кеңес өкіметін нығайту қажет еді. Мұның өзі үлкен күш салуды және белгілі мөлшерде уақытты қажет етті.
1920 жылдың қаңтарынан маусымына дейін бүкіл Қазақстан бойынша қазақ халқы өкілдерінің ояздық съездері өтті, өмірлік маңызы зор көптеген мәселелер талқыланды, олардың ішіндегі негізгілері Кеңес өкіметі туралы, мәні мен мақсаттары, оның қазақ халқына не беретіні жайында еді. Бұл съездер халықтың көпшілігі - қазақ кедейлері мен орташалары үшін үлкен саяси местеп болды.
1920 жылы 30 көкекте РК (б) П орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кеәін өлкеде Кеңес өкіметімен мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РСФСР Халық Комиссарлары мақұлдады. 26 тамызда ВОАК пен РСФСР Халком Кеңесі РСФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) кеңестік Социалистік Социалистік Автономиялық Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-інің алғашқы астанасы болды.
1920 жылғы жаздың аяғына қарай жер-жерлерде мемлекеттік өкімет органдарының бірыңғай жүйесіне көшу негізінен алғанда аяқталды. Ревкомдар төтенше органдар ретіндегі өз рөлін атқарып, орындарын конститутциялық органдар - Кеңестерге берді. 1920 жылы 9 наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды.
Жаппай өрлеу үстінде өткен Кеңестердің облыстық, ояздық және губерниялық съездеріне Қазақстан Кеңестерінің І Құрылтай съезіне делегаттар сайланады Құрылтай съезіне делегатар сайланды. Ол 1920 жылы 4 қазанда Орынборда ашылды, оған Қазақстанның барлық облыстарынан 273 және Алтай губерниясының қазақтарынан 6 делегаты. Делегаттардың ішінде 128 қазақ, 127 орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды. Съезд Жоғарғы өкімет органдарын - республиканың Орталық Атқару Комитетін (төрағасы С. Мендешев) және үкіметін - Халық Камиссарлары Кеңесін төрағасы Радус-Зенкович (1898 жылдан партия мүшесі) сайланды. Республканың астанасы-Орынбор қаласы болды. Съезд қабылдаған «Қырғыз (Қазақ) АКСР енбекшілері құқықтарының Декларациясы» аса маңызды тарехи акты болды. Құрылтай съезі жер жөнінде, экономикалық құрылыс, әкімшілік, кеңес юстициясын құру, халыққа білім беру, денсаулық сақтау және басқа мәселелер жөнінде қарар қабылдады. Қазақ АКСР және құрлуын және Құрылтай съезінің шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алды. Қазақтың кенестік ұлттық мемлекетіктілігін Құрудың орасан зор тарихи маңызы болды. 1920 жылы республика әкімшілік-аумақтық жағынан Орал, Орынбор, Қостанай, Ақтөбе губернияларына (соңғы үшеуі Орынбор-Торғай губерниясы негізінде), Бөкей, Ақмола, Семей губернияларына және Адай аумағына бөлінді. Жетісу мен Сырдария облыстарының қазақ аудандардары әлі де Түркістан АКСР құрамынада болып келді. Олардағы Кеңес жұмысына басшылық жасау мақсатымен Түркістан ОАҚ жанынан қазақ бөлімі құрылды. Қазақ АКСР құрамында 31 қала мен 14 қала типтес поселке болды, елді мекендердің жалпы саны 10 мыңнан артық еді, олардың мыңнан астамы- әкімшілік ауылдар, әрқайсына орта есеппен 3-15 жеке шаруашылық кірді. 1920 жылдың аяғында республикада 4, 7 млн, адам бар еді, олардың 50, 3 пайызы қазақтар, орыстар-31, 2%, украйнадар-14, 4%. Селолық жерде 4, 3 млн. адам тұрды. Халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге не бары 2. 5 адамнан келетін. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында жұмыс істеді (қала халқының да бір бөлігі егіншілікпен айналыстын) . 1921 жылы Қазақ АКСР құрамына Семей және Ақмола губернияларымен шекаралары айқындалды, Орынбор мен Торғай губерниялары бөлініп, ықшамдалды.
Қазақ АКСР Халкомы мемлекеттік мекемелерде қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы декрет қабылдады, онда барлық қаулы-қарарларды екі тілде шығару, ал қазақтар басым аудандарда іс және қатынас қағаздарын ана тілінде жүргізу міндетті деп атап көрсетілді. Республика үкіметі қазақ әйелінің қадір-қасиетін барындша кесиетін барінша кемсіттетін ғұрыптарды тыю мақсатында құн мен құн алуға заң жүзінде тыйым салып, қалың малды, сондай- ақ көп әйел және әмеңгерлікің жойды. Жас республика тез аяқтана бастады, қазақ халхының социалстік ұлт қалыптастыру процесі күшиейе берді, оның баспа халықтармен достығы нығая түсті. 1924 жылғы 5-10 қантарда Қазақстан Кенесерінің IV съезі болды. Съезд Республиканың саяси және шаруащылық өмірінің түбегейлі мәселелерін талқылап, халық шаруашылығын тез қалпына келтірудің маңыздылығын атап көрсетті. Съезд Республика Канституциясын қабылдады, ондаҚазақ Автонмиялық Кеңес Социалистік Республикасының РКФСР құрамында болатыны атап көрсетілді. Қазақ халқының Кенестік ұлттық мемлекеттігін жариялаудың маңызы өте зор болды. Ол мұны өзінің ғасырлар бойға арманының орындалуы, орташылдыққа қарсы сан мың күресінің нәтижесі, ұлттіқ қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп түсінді. Бірақ республиканың құрамына күресінің қазақ жерінің бәрі кірмеді. Қазақ өлкесін бірнеше әкімшілік- аумақтықбөлім тастаған патшаның отаршылдық саясатының зардаптарын біржолата жою қажет еді.
Жаңа экономикалық саясат жылдардағы Қазақстан
Шетелдік әскери шабуыл мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін, Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің шаруашылық және саяси қияндықтары мұнда бұрынғы феодалдық. Дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді. 9 Яғни сол кезде халық шаруашылығы құлдырай бастады, ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырады, сонымен бірге, халық күнделікті тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің тапшылығына ұшырады.
1920-жылдың аяғында Қазақстанда 4, 7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтар 50, 3, орыстар-31, 1, украиндар14, 4 пайыз болды.
Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу, жете дамыған еді. Егіншіліктен жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық басым болатын.
Демеу, азамат соғысы жылдарында егістіктің көлемі едәуір келіп кеткенін байқауға болады. Астықтың жалпы көлемі түсімі үш есеге жуық азайды. Қазақ ауылдары ауыр кризиске. Мал саны қысқарды.
Ауыл шаруашылығының тауарлылығы егіншілікте де, мал шаруашылығында да, төмен болды.
Қазақстанның өнеркәсібі де, құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі касіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, немесе істен шықты.
Қазақстанның мемлекет қарауына өткен 307 касіпорынның 250-і тоқтап тұрып қалды. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірі 5 есе азайды, ал мыс рудасын мүлде тоқтады. Ал қазақ әскерлері шегіну кезінде мұнай кәспшілігін талан-таражға салды. 400 мың пұттан астам мұнайды тенгізге ағызып жіберді . Риддер кені, Екібастұс көмір кені, Спасск кен байыту фабрикасы істен шықты. 1920 жылы ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі соғыс алдындағы 1913 жылға Қарағанда екі есе қысқарды. Ал ауыл шаруашылығында да болды. Мысалы: егістіктің көлемі қысқарды. Мал бас едәуір, 29, 9 миллионнан 16, 3 миллионға дейін азайды. 12
Бұл қатты дағдарыс екенін Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалады. Мұны «Қазақстан тарихы» очеркде оқып білуге болады. Мысалы: егістік көлемі 1914 жыл, 3, 6 миллион деседен 1922 жылы 1, 6 миллион десеге дейін қысқарғанын және егіннің шығымдылығы сол 1914 жылы әр деседен түсетін 38, 7 пұттан 1921 жылы 18, 7 пұтқа дейін азайғанын, сол кезеңде астықтың жалпы көлемі 3 еседен кеміп кеткенін, мал шаруашылығы саласы да ауыр халге ұшрағанын және де 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2, 1 миллионға, жылқы - миллионға, уақ мал (қой, ешкі) 6, 5 миллиондай, түйе - 0, 3 миллионға азайғанын айтып өткен. Сонмен қоса жалпы алғанда осы жылдарда барша мал түрі 10, 8 миллион басқа кемиді, - деп жазылған.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін ең алдымен шаруалар «соғыс коммунизмі» саясатына, әсіресе азық-түлік салғыртына наразылықтарын білдірді. Осыны өз пайдасына шешкісі келген антикеңестік элементтер Орал, Ақмола, Семей облыстарына бүліктер шығарды.
1921 жылы наурызда коммунистік партияның съезді болып өтті. Ол съезді елде қалыптасқан өткір жағдайға жан-жақты терең талдау жасап, бірден-бір дұрыс шешім жасады. Ол азық-түлік салғыртың салықпен ауыстыру, «әскери коммунизм» саясатынан адамдардың ынталығын аттыратын шаруашылық есепке негізделген жаңа экономикалық саясатқа көшу еді. 15
(6) ның енгізілуімен және оның әрекет етуіне байланысты коммунистердін беделі әлсіреп, «Коммунистерсіз Кеңестер!» ұранын большевиктерге қарасы күштер күн тәртібіне қойды . Шаруаларды тұйыққа тіреген, большевиктерге деген олардың (шаруа) сенімсіздігін тудырып өрбіткен «соғыс коммунизмі» саясаты дегеннің өзі не?
«Соғыс коммунизі» саясатын большевиктер шетел соғыс интервенциясы мен азамат соғысының басталуына байланысты экономикада бірқатар төтенше шараларды жүзеге асыру мақсатымен лажсыз белгіленген уақыттқа шара деп қарастырды .
Саясат өзінің нақтылы бастауын 1919ж. 11 қаңтардағы РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Астық пен жем-шөпке азық-түлік салғыртының енгізілуі» декретінен алды.
«Соғыс коммунзмі» саясатының белгілер қандай?
1) ауылда, деревняда азық-түлік салғыртын енгізу ;
2) жеке саудаға тыйым салу ;
3) товар - ақша қатынасының жойылуы;
4) ірі, орта кәсіпорындарды былай қойғанда, ең аяғы ұсақ кәсіпорынға дейін мемлекет қармағына өту;
5) өнімді карточкамен бөлу;
6) шикізат пен отынды бөлудің қатаң түрде орталылқтандырылуы ;
7) баршаға бірдей еңбек міндеттілігі .
Аталған саясаттың Қазақстандағы орындалуы барысына тоқталасақ, өлкенің елдің орталығынан шалғай жатқандығымен, соғыс қимылдарының шаруашылық өмірдіңшырқын бұзуымен, жекелеген уезден мен облыстардың шаруашылық- экономикалық жағынан дамуының әркекілігі мен өзгешілігімен байланысты (көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының басым болуы, 1918-1919 жылдары егіннің аз себілуі, жер мәселесінің шешілмегендігі, ұлттық қарым-қатынастың күрделілігі) мұнда азық-түлік салғырты астық өндіретін негізгі аудандар азат етілгеннен кейін, яғни 1920 жылдың басынан былай қарай іске асырыла бастады:
- Қазақстанда ірі, орташа, ұсақ кәсіпорындар мемлекеттік орталыққа бағындырылды және оларды басқару үшін халық шаруашылығы кеңестері құрылыстар;
- Қорғаныс үшін зор маңызы бар кейюір кәсіпорындар соғыс жағдайында деп жарияланып, жергілікті жерде Қызыл Армияны жабдықтау жөніндегі төтенше комиссиялар құрылды;
- өлке экономикасының аграрлық сипатына, қалалардың экономикалық рөлінің мардымсыздығына, өнеркәсіп пен транспорттың жұмыс күшін қажетсінудің шектеулігіне байланысты Қазақстанға баршаға бірдей еңбек міндеттілігі кең көлемде қолданылмады;
- отынның барлық қорлары есепке алынды, оның жергілікті түрлерін - ағаш, сексеуіл, шым-тезек дайындау ұйымдастырылды;
- теміржолшылар жолды қалпына келтіретін жөндеу бригадаларын құрды;
- Қызыл армия мен жабдықтау үшін астық, ет, жем-шөп негізінен алғанда «үдемелі жинау әдісі» бойынша, яғни астық пен малдың көбінесе күшпен реквизициялануы, малы көп бай, саудагер деп танылған категориядағы адамдарға салықтар салынуы, сондай-ақ міндеткерліктер енгізілуі арқылы дайындалды.
Осы кезде өкімет барынша орталықтандырылып, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әскери жағдайда деп танылды. Көп адамдар мұндай жағдай социализмге барар жолды қысқартады деп есептеді. Әрине, әскери коммунизм социализмге жеткізетін шара емес еді, ол ілгерліктен тұған шара болатын. Сондықтан оны жаңа экономикалық саясатпен төтенше жағдайда енгізілген салғыртты салықпен ауыстыру уақыт талабы болған еді.
РКП(б) Х-съезі (1921-8-16 наурыз) азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру, «соғыс коммунизмімен» жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.
Жаң экономикалық саясаттың енгізілуіне бүкіл елде «соғыс коммунизмі» саясатына қарсы шаруалар қозғалыстарының өріс алуы түрткі болды.
Алғашында жаңа тәртіп (режим), жаңа түрлер (формалар) немесе экономикалық саясат деген терминдер қолданылып, кейіннен жаңа экономикалық саясат атауы осы шараға таңылды.
В. И. Ленин съезде Орталық Атқару Комитетінің саясаты туралы, азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыруы туралы және партияның бірлігі туралы доклатта оқиды. Азық-түлік салығы туралы қозғалған мәселе бойынша халық комиссары А. Д. Цюропа қосымша сөз сөйледі. Съезд «әскери коммунизмінен» жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы, ең бастысы екі топ-жұмысшылар мен шаруалар тобының арасындағы өзара келісімі туралы мәселелер қаралды.
Сол кезеңде большевиктер бұл саясатты кімді-кім? яғни, социализм капитализмді ме, әлде капитализм социализмді жеңіл шыға ма деген ұғыммен пара-пар түсіндірді. Ендеше ЖЭС өтпелі дәуір шараларының біртұтас бөлінбейтін жинағы деп табылды.
- Ауыл-деревняларда азық-түлік салығын енгізу.
- Сауда бостандығына жол беру.
- Товар-ақша қатынастарын пайдалану.
- Ірі кәсіпорындарды мемлекет қаруына қалдырып, орташа және ұсақ кәсіпорындарды жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға беру.
- Жерді жалға алуға және беруге, жалдамалы еңбек пайдалануға рұқсат ету.
- Экономикада уақытша копиталистік элементтердің дамуын қамтамасыз ету.
Қазақ АКСР ОАК қабылдаған қаулыда азық-түлік салығының көлемі салғыртқа қарағанда екі есеге жуық аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғыртының көлемі 10, 4 млн пұт болса, 1921 жылғы салық 6 млн пұтқа жуық болғанын білеміз. 1921 жылығы мамыр-маусымда болып өткен Кеңестердің ояздық съездері азық-түлік салығына көшуді мақұлдайды.
Алайда шаруалардан көңіл-күйінде терең өзгеріс болып тұрды; жер-жерде егес комитеттери құрылып; олар тұқым және ауыл шаруашылық құрал-саймандарын бөлумен шұғылданды әрі сонымен батырақтар мен кедейлерге қызыл әскерлер мен соғыс мүгедектерінің отбасыларына көмектесіп отырды. Сөйтіп, 1921жылдың көктемінің өзінде-ақ егес көлемі 1920 жылмен салыстырғанда үштен бір есе дерлік өсті. Дегенмен де, шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардің қалалармен байланысыннығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерінқалаларға апарып сатып; тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Оларға шаруалар қалаумының сенімі артып келе жатты. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. Алайда, Қазақстандағы Кеңес құрылысында қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбейді; бұрынғысында әскери коммунизм әдістерімен басшылық жасады. Кеңестер құрамына бұл құрылысқа қарсы; адамдардың кіріп алу фактілері көп болды. Дегенмен; кеңестерді тұрып нығайту жұмысы мақсатты жүргізілді. Оған белсене қатасқан Қазақ АКСР Орталық Комитетінің тұнғыш төрағасы С. Мендешев; орынбасары Ә. Жангелдин; ҚАСР ішкі істер халық комисары Ә. Әйтиев және басқалар Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді. Жаңа экономиканың ірге тасын қалау үшін жұмысшылар меншаруалардың жаңа одаған нығайту деп түсіндірді. Социализм қоғамына жат деп табылатын жеке меншікті (уақытша болса да) қолдай отырып; Кеңес өкіметі өзінің мызғымыстығын қамтамасыз ету мақсатымен халық шаруашылығының басты-басты тұтқаларын қолына шоғырландырды:
1. ірі өнеркәсіпті
2. транспортты
3. сыртқы сауданы
4. несиені (кредит) . Жерге жалпы мемлекеттік меншік болды.
Ал1921жылы 4-10 қазанда ҚазақАКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылығы шығарылды. Сонымен бірге; жергілікті жерлерде Кеңестерді нығайту жолдары белгіленеді.
Алайда Қазақстанды тұтас алғанда егіс көлемі ұлғаймады; шаруаларда тұқым; құрал-көлік жетіспеді. Жығылғанға жұдырық дегендей; 1921жылы Волга бойы сияқты Қазақстанда да қатерлі табиғат апатына-қуаңшылдыққа дұшар болды, батыс облыстарда тұтастай дерлік егін, күйіп кетті, жем-шөп болмай мал қырыла бастады. Ауыртпалық зор көлемде болды, әсіресе көшпелі аудандарға қуаншылық салдары ерекше ауыр тиды, ел ішінде ашаршылық басталды. Бүкіл хзалық ашаршылықпен күреске көтерілді. Қазақстанның астық шықпай қалған губернияларының халқы азық-түлік салығынан босатылды. Селолар мен ауылдарда арнаулы учаскелерге егін егіліп, олардан алынған өнім ашыққандарға көмек қорына арналды. Қазақтар бұл қорға мыңдаған ірі қара малын, көп астық өткізді. Мысалға, Семей және Ақмола губернияларына жиналған астық, ет және басқа да өнімдер республиканың егін шықпай қалған аудандарына ғана емес, сонымен бірге елдің жұмысшы орталықтарына да, яғни, Мәскеуге, Петроградқа, Самараға, Қазанға, Саратовқа жіберілді, Кеңес мемлекеті қуаншылық пен жұт зардаптарын жеңіп шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz