Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1 Шаруашылықтың негізгі бағыты және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Шаруашылықтың табиғи.климаттың жағдайы және мал азығының қамтылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
2 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1 Жұп таңдау. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын жұптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
3 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.1 Етті.құйрықты бағыттағы қойлардың өнімділік көрсеткіштерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
4 Жеке тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
17
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда, қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Оның пірі – «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде «малды берсең қойды бер» деп өтінген. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақжаулық, үшінші байлық – он саулық» деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі – қойшы (шопан).
Республикада қой еті өнді­рісін арттыруда қойлардың етті тұқымдарын, құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылығында етті тұқымдар шығарудың маңызы зор. Бұл жұ­мыстар арқылы жүн түсімін кеміт­пей, қойдың тірі­дей салмағын 15-20%-ға артты­руға болады.
Кеңес одағы ыдыраған соң, Қазақстанда құйрықты қылшық жүнді қой саны 10 есе азайды, ал етті-майлы қылшық жүнді және ұяң жүнді қой шаруашылығы дамып, мұндай қойлардың саны қазіргі таңда республикадағы қой басының 70%-ын құрайды. Себебі, жүнді-етті құйрықты қылшық жүнді қойлармен салыстырғанда осы бағыттағы қойдан алынатын ет-май өнімдерінің мөлшері көп және оларды өсірудің экономи­ка­лық тиімділігі жоғары.
Қазақстанда қой етін өндіру - ет және ет өнімдері өндірісін арттыруда басты бағыттардың бірі. Сол себепті, халық шаруа­шылығы үшін жоғары сапалы қой еті мен жүн өнімінің көп мөлшерін өндіруге мүмкіндік бе­ретін етті бағыттағы құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылығын да­мы­тудың маңызы зор. Әлемдік құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылығы­ның даму үрдісіне қарай біздің республикада етті бағыттағы бия­зы жүнді қойдың (етті мери­ностардың) жаңа тұқымын шығару жұмыстары 1981 жылы бас­талды. Бірінші кезеңде - 1981-1990 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының ша­­­руашылықтарында 1 саулық­тың таза жүн түсімі 3,0 кг. және ет өнімі 45-48 кг. болатын қа­зақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқы­мының жоғары өнімді отарлары мен желілерін құру көзделді.
Екінші кезеңде - 1991-2000 жылдары қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының тұқымішілік типтерін құру жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ірілігімен және өте жақсы жүн өнімділігімен сипатталатын «Сарыбұлақ» тұқымішілік типі шығарылып, Қазақстан Респуб­ликасы мал тұқымдарының мемлекеттік реестріне енгізілді.
Үшінші кезеңде - 2001-2010 жылдары жаңа «Етті» бағытындағы құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы шығарылды.
1.Арғынбаев X., Казақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялықочерктер. А., 1969;
2.А. Бекенов, X. Қыдырбаев. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.
3.Есентаев.Е.ақ жүнді құрықты қойлар.-Алматы,1985.
4. Ә. Жұмадилов., А. Бекенов., X. Қыдырбаев. Қазақстан қорықтары.
"Қайнар" баспасы, Алматы,— 1980.
5.Иойриш.Н.П. Ара шарушылығының өнімдері және оны пайдалану.-Алматы,1998.
6. Кененбаев Ырым. Інжу-маржандар.— Алматы, Жалын, 1980, 184
бет.
7. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1—12 том, Алматы қаласы, 1972—
1978.
8.Қыдырбаев.Х. Қазақстанның жануарлар әлемі.-Алматы,1977.
9.Құсайынұлы.Қ. Қазақ шаруашылығы отаршылық дәуірде.-Алматы,2001.
10.Мадиев.Ө.Қ. Былғары және мех химиясы мен технологиясы.-Алматы,1995.
11.Марзабеков.Ж. Қарақұйрық.-Алматы,1986.
12.Мұқанов С.,Халықмұрасы.Тарихи-этнографиялық шолу, А., 2002; Сәбденов К,, Төрттүлік, А., 2002;

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1
Шаруашылықтың негізгі бағыты және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1
Шаруашылықтың табиғи-климаттың жағдайы және мал азығының қамтылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

6
2
Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
2.1
Жұп таңдау. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын жұптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

9
3
Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
14
3.1
Етті-құйрықты бағыттағы қойлардың өнімділік көрсеткіштерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
4
Жеке тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
16
17

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19

Кіріспе

Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда, қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Оның пірі - Шопан ата (кейде Қошқар ата) деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде малды берсең қойды бер деп өтінген. Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан).
Республикада қой еті өнді­рісін арттыруда қойлардың етті тұқымдарын, құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылығында етті тұқымдар шығарудың маңызы зор. Бұл жұ­мыстар арқылы жүн түсімін кеміт­пей, қойдың тірі­дей салмағын 15-20%-ға артты­руға болады.
Кеңес одағы ыдыраған соң, Қазақстанда құйрықты қылшық жүнді қой саны 10 есе азайды, ал етті-майлы қылшық жүнді және ұяң жүнді қой шаруашылығы дамып, мұндай қойлардың саны қазіргі таңда республикадағы қой басының 70%-ын құрайды. Себебі, жүнді-етті құйрықты қылшық жүнді қойлармен салыстырғанда осы бағыттағы қойдан алынатын ет-май өнімдерінің мөлшері көп және оларды өсірудің экономи­ка­лық тиімділігі жоғары.
Қазақстанда қой етін өндіру - ет және ет өнімдері өндірісін арттыруда басты бағыттардың бірі. Сол себепті, халық шаруа­шылығы үшін жоғары сапалы қой еті мен жүн өнімінің көп мөлшерін өндіруге мүмкіндік бе­ретін етті бағыттағы құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылығын да­мы­тудың маңызы зор. Әлемдік құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылығы­ның даму үрдісіне қарай біздің республикада етті бағыттағы бия­зы жүнді қойдың (етті мери­ностардың) жаңа тұқымын шығару жұмыстары 1981 жылы бас­талды. Бірінші кезеңде - 1981-1990 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының ша­­­руашылықтарында 1 саулық­тың таза жүн түсімі 3,0 кг. және ет өнімі 45-48 кг. болатын қа­зақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқы­мының жоғары өнімді отарлары мен желілерін құру көзделді.
Екінші кезеңде - 1991-2000 жылдары қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының тұқымішілік типтерін құру жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ірілігімен және өте жақсы жүн өнімділігімен сипатталатын Сарыбұлақ тұқымішілік типі шығарылып, Қазақстан Респуб­ликасы мал тұқымдарының мемлекеттік реестріне енгізілді.
Үшінші кезеңде - 2001-2010 жылдары жаңа Етті бағытындағы құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы шығарылды.

1 Шаруашылықтың негізгі бағыты және сипаттамасы

Оңтүстік Қазақстан обылысы, Ордабасы ауданында орналасқан Сабыр шаруа қожалығы көп жылдардан бері қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымын және қазақы жылқы тұқымын өсіруге мамандандырылған.1992 жылдан бері қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымын өсіріп оның өнімділігін еділбай және қисары қой тұқымының қошқарлармен будандастыру нәтижесінде 2013 жылы Ордабасы қой тұқымы шығарылып еліміздің түкпір-түкпіріне таратылуда. Қазір ол қой тұқымы шаруашылықта 6000 бастан астам жыл сайын асыл тұқымды 500-600 қошқар, 700-800 тұсақтарды басқа шаруашылықтарға сатуда.Қазіргі нарықтық экономика талабына байланысты халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында еліміздің халқын сапалы мал өнімдерімен қамтамасыз ету бар мүмкідігінше үлес қосу үшін Сабыр шаруа шаруашылығы өнімділігі жоғары да сапалы өнім беретін ірі салмақты, нарықтық бәсекеге төтеп беретін жергілікті жердің экологиясы қолайсыз шөл-шөлейтті жерлерге бейімделген қазақы жылқы тұқымын өсіруге мамандандырылғанына 20 жылдан астам уақыт өтті.Сабыр шаруа қожалығы 2000 жылдан түрлі шаруашылықтардан өнімділігі жоғары асыл тұқымды қазақы жылқы тұқымының айғырлары мен байталдарын сатып алып өзінде бар жылқылармен қосып селекциялық - сұрыптау жұмыстырын тиімді түрде іске асырып асыл тұқымды, ірі салмақты жаңа генотипті қазақы жылқы тұқымының саны (2015ж.) қазіргі таңда 426 басқа, оның аналығын 148 басқа жеткізілді.Шаруашылықтағы малдар қыс айының қолайсыз жағдайларына арналған жылы қоралармен, аулалармен жабдықталған, барлық малқоралар шахталы құдықтармен және ЗИТ су моторлармен қамтылған. Жылқышыларға жаңа үй мен моншалар, жалпы қажетті жағдайлар жасалған. Аудан, облыс орталықтарынан Бадам елді мекеніне дейін асфальт жол төселген, ал Бадам станциясынан мал қораларға және мал қоралардың арасын жай даланың топрақ жолымен байланысады.Сабыр шаруашылығында жылқы малын емдеуге, бағалауға, сұрыптауға арналған темір раскольдары және талапқа сай қоралары, аулалары бар. Қора басында адамдар тұруға барлық жағдайлар жасалған типті шопандар үйі мен басқа да қажетті жабдықтармен қамтылған. Кеште 1-2 сағат қана жағатын күндіз теледидар көретін моторымен және Қытайдан әкелінген кварцты батареалармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта Сабыр ШҚ-ғы қазақы жылқы тұқымын асыл тұқымды шаруашылықтардан сатып әкелінген айғырларымен жұптастырып ұрпақтарында ірі салмақты жоғары сапалы өнім беретін шөл-шөлейт аймаққа бейімделген қысы-жазы дала шөбімен азықтанатын асыл тұқымды жаңа генотипті қазақы жылқы тұқымының саны мен сапасын артырып өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдарды көбейту межеленіп отыр.

1.1 Шаруашылықтың табиғи-климаттың жағдайы және мал азығымен қамтылуы

Сабыр ШҚ-ғы Ордабасы ауданы Бадам ауылының оңтүстік-батыс жағында Теспе елді мекенінің аймағында орналасқан. Аудан орталығынан 50 км-дей қашықтықта, Шымкент қаласының солтүстік батысында обылыс орталығынан 60-70 шақырым шамасында қыстаулары орналасқан. Жазы ұзақ 7-айдан асады, ең жоғарғы ыстықтың деңгейі 450 - 50[0] С дейін көтеріледі, көктем айларында жаңбыр аз түсіп, ылғал тез арада кеуіп кетеді. Қыс айларында қар аз түсіп, салқындық - 25[0]С дейін төмендейді. Жылқылар қысы-жазы құдықтан суғарылады. Жайылым жер 1200 га, ал арендалық қосымша жайылым жер 900 га-дан астам, егістік жер 350 га. Соның ішінде жоңырқалық жер 300 га, әр-түрлі дәнді дақылға 50 га бөлінген. Жайылым жерде өсетін табиғи шөптер: көктемгі раң, боз шөп, аққурай, бүрген, қурай, жантақ, аңыз және жоңыршқалық. Дала шөптерін әр гектарынан 4-5 цн, жинауға болады.Суғармалы жерден 11-12 цн шөп дайындалады.Қыстың 3-ай мерзіміне әр-бір шартты малға 2,0-2,5 кг-нан шөп және 200-500 граммнан жем қоры дайындалады. Жылдың 8-9 айында малдар жайылымда еркін қоректенеді. Тек қатты суықта, қар қалың түскенде ғана қолдан азықтандырылады.Жер жағдайы ойлы-қырлы. (Рельеф) - аумақты жердің бедері, көлемі шөлейтті сазды топырақты, аралас құмды, биік төбелі, сай-салалы жерлер болып, кейде жыралар кездеседі.Солтүстігі Отырар, солтүстік-батысы Арыс ауданымен, оңтүстігі Қазығұрт және Сайрам аудандарымен, шығысы Бадам ауыл округтерімен шекараласады. Ол өңірінің топырақ қабаты негізінен: сарғыш сұр, боз топырақты, оның тең жартысы орташа құмдауыт және шамалы тас аралас топырақтан қалыптасқан. Кейбір жерлері сұр топырақты болады. Ауа-райы тез өзгергіш, құрғақтау болып келеді. Өсімдік қоры негізінен ерте көктемде эфимерлер, оларға: ебелек, балық көз, раң, бидайық, қызғалдақ, жауқазын, т.б. Бұл өсімдіктер балауса және құрғақ күйінде де мал азығы үшін үлкен қор болып табылады.Ауаның абсолюттік ең төменгі жылы температурасы +27,5, жоғарғысы 46 градус, орташа жылдық температурасы Цельсия бойынша +12 градус. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері - 221 мм, жылдық мөлшерін жыл мерзіміне бөлетін болсақ, оның 90 пайызы қысқы және көктемгі мерзімге тура келеді. Жазы өте ұзақ, аңызақ және құрғақ. Қыста қар мөлшері аз, жиі-жиі жылып кетеді. Қардың қалыңдығы 31 см, ал орташа 11 см. Қардың ұзақ жатуы 40 күн. Бұл үнемі бола бермейді. Қыс мезгілінде ауа ылғалдығы айына 73 пайыз, ал жазда 34% тең.Ауа температурасына жауын-шашын мөлшеріне өсімдіктердің өсуіне желдің әсері көп. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 8мсек дейін жетеді. Солтүстік және солтүстік-шығыстан шыққан желдің күштісі көктем мен жазда, яғни жауын-шашын аз кезінде тұрып, ол жел жайылым жерлердің шөптерін өте тез құрғатады. Өсімдіктер құрамы жағынан шөлейтті дала аумағына бейімделген, шөптер 50-60 күнге дейін өзінің жасыл күйін сақтап тұрады.Негізгі өсетін шөптер жусан және жантақты жаз айынан басқа уақытта малдың көп түрлері пайдаланады, қойлар болса жыл он екі ай бойына қоректенеді. Өсімдіктер қабатының негізгі құрамы эфимерлі: шөл раңы, бидайық, арпақан, жалтырбас және басқа шөптер, яғни жасыл - құрғақ түрінде жыл бойына жақсы қоректенеді. Сабыр шаруашылығының жайлауының орташа шөп түсімі гектарынан 4,0 центнер (құрғақ күйінде). Жалпы малдарды шахталы құдықтардан суғарады. Құдықтардың тереңдігі 5-тен 56 метрге дейінгі тереңдіктен алынады, бұлардың суы ащылау. Шопандар тұщы ауыз сумен арнайы су тасымалдайтын көлік арқылы қамтамасыз етіледі.
Оңтүстік-Қазақстан облысының шөл-шөлейт аймақтарында жергілікті табиғатқа ежелден бейімделген аса көп шығынды талап етпейтін жылқы малын өсіру маңызды орын алады. Себебі бұл мал түрі аса көп күтімді талап етпейді, әрі үйірді дұрыс топтаса айғырлары биелерін, құлындарын қасқырдан және табиғаттың қолайсыз боран күндері суықтан сақтап ыңғайлы жерлерге айдап барып иелік жасайды. Қазіргі зоотехникалық қалыптастыруға байланысты қазақтың асыл тұқымды жылқысы табиғи іріктеуден өткен жергілікті тұқымдарға жатады. Сол себепті де қазақтың жергілікті жылқысының қалыптасуына көптеген зерттеулерге жүгінсек, Қазақстанның әр түрлі аймағында өсірілетін жылқылардың дене бітімі, тұрқы, өнімділігі түрліше болатыны генетикалық тұрғыдан әр түрлі популяциялардан тұратындықтан және паратипикалық әсерлерге, бағым-күтіміне де көп байланысты болатынын ірі денелі малдармен қатар, мал топтарында ұсақтары да кездесетінін көрсетеді.Ауа райының, табиғатының, шөп құрамының кеңбайтақ Қазақстанның аумағында түрлі болуы да қазақтың жылқылардың бірнеше топқа бөлінгенін көреміз және түрлі тұқымды жылқылармен будандастыруда өзгерістерге алып келді. Алынған төлдер тез жетілгіш және ірі салмақты болатыны анықталған. Жылқыларды ұстаудың негізгі түрі - Сабыр шарушылығы жыл 12 ай жайылымда бағып күтіледі, кебір қыстың қатал жылдары шөптің басын мұздақ шалған жағдайда 10-15 күн аралығында қорға қамап шөппен жеммен азықтандырылады7Б.Н.Барминцевтің айтуынша Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қазақтың жергілікті мінілетін жылқыларының пайда болуына Орта Азиядан алынып келген ақал теке, қарабайыр және қарабақтың асыл тұқымды жылқыларының үлесі болған.Оларды жергілікті биелермен шағылыстырып, жаратылысы мықты төзімді, мінуге бейімделгіш қасиеті жоғары жылқылар алынды. Шығыс Қазақстанда қазақтың жылқылары Алтай мен моңғол тұқымды жылқыларға ұқсас шоқтығының биіктігі төмен, тұлғасы ұзын, көкіректері (кеудесі) кең болып келеді. Қазақтың қазан аттары Орал және Ақтөбе облыстарында жиі кездеседі.Қазақстанның табиғаты жайылымы ауа райы жақсы аймақтарда және Қостанай, Буденевка және ауыр жүк көлік будандар өсіріледі және де бұлар шөл мен шөлейттің қатал жағдайына бейімделген, сирек кездесетін тұқымдардың бірі.Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде бағып-бордақыланған жылқылардан 55-60% ет-май алынады. Суық қыстарда жайылымдағы жылқылардың қоңы төмендеп, салмағы 30% дейін жоғалады, бірақ ерте көктемде 60-70 күн жайылымда тез қалпына оңалып, қоңы түзеледі. Олардың еттері, жал-жаясы, қазы-қартасы өте дәмді әрі қуатты болады.Осы Оңтүстік Қазақстан облысының аймағында өсірілетін басқа жылқылардан жабының өнімділігі артық әрі жаздың ыстығына - қыстың суығына төзімді. Жақсы биелер тәулігіне 20 литрге дейін сүт береді. Бие сүті құлынының тез өсіп-жетілуіне әсері мол және 6 айлығында жабы құлындары анасының салмағының 40-45% жетеді. Ескерілетін бір жәйт, осы мезгілде жылқылар қосымша азықсыз жыл он екі ай табиғи жайылымда еркін жайылып қары қалың қыстың ақ боран аязында тебіндеп жайылып азық тауып жүреді. Жабылардың төлдегіштігі өте жоғары - 85-90% құрайды.Қазақтың жабы типті жылқының етті өте бағалы болады. Жабы сөзінің нақты шығу тегі белгісіз. Зоотехнияға 30-жылдары Эмбі жылқы зауыты мекемесі асыл тұқымды сұрыптау негізінде енгізген. Ақтөбе облысының оңтүстік аудандарында қалыптасып, республикамыздың басқа да аймақтарына жабы жылқысы тараған. Тарау аймағы өте кең, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жабы жылқысының үлестік салмағы басым.Асыл тұқымды малдарды аудандастыру жоспарында қара мал, қой, шошқа, қазақтың жабы тектес жылқыларын Қазақстанның 10 облысында және 46 ауданында өсіріп көбейтті. Жабы тұқымын одан әрі жолға қою үшін екі мемлекеттік жылқы зауыты: Құланды Арал ауданы Қызылорда облысы, мұғаджар Мұғаджар ауданы Ақтөбе облысында және Жезқазған облысында Ақадыр станциясы, Алматы облысының Мыңбаев атындағы қазақтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бақылау шаруашылықтары айналысты.

2 Аналитикалық бөлім

2.1 Етті-құйрықты бағыттағы қойлардың өнімділік көрсеткіштерін анықтау

Қазақстанның әртүрлі аймағында қылшық жүнді (қаракөл, атырау елтірілік-етті-майлы және қазақ құйрықты қылшық жүнді) қой тұқымдарының жаңа генотиптерін шығару және қолда барларын жетілдіру
Қазақстанның түрлі аймақтарының асыл тұқымды қазақтың қылшық жүнді қой тұқымын өсіруге мамандандырылған шаруашылықтардың 16237 бас малдарының генетикалық қоры сараптамадан өткізілді.
Қазақстанның түрлі аймақтарында қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы (3825 бас) және Қазақстанның оңтүстігінде ордабасы қой тұқымының (897 бас) селекциялық топтарының өнімділік деңгейі және сапасы анықталды. Қазақстанның түрлі аймақтарында өсірілетін қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының және Қазақстанның оңтүстігінде ордабасы тұқымының қажетті типтерін сұрыптаудың межесі белгіленді. Қажетті типті 4000 бас қой сұрыпталып алынды.
Осы тұрғыдан келгенде мал шаруашылығьшьщ негізгі саласының бірі етті-майлы бағыттағы құйрықты қой тұқымдарын жақсарту бағытында жүргізілетін селекциялық жұмыстарды жан-жақты талдап, осы тұқымнан түсетін өнімдердің әрқайсысына жеке-жеке селекциялық варианттар қолдана отырып, олардың санын көбейтуге, алынатын өнімдердің сапасын көтеруге болады.

Сурет 1. Сабыр шаруашылығында етті-құйрықты бағыттағы туылған қозы

Тұқым алуға лайықтап арнайы қалдырылатын аталық қошқарларының негізгі құндылық көрсеткіштерінің бірі ретінде олардың ұрық сапасы мен оның көлемін айтуға болады. Өйткені негізгі өнімділік көрсеткіштері жақсы болып, элита класына жатқызылған аталық қошқарларының ұрық жасушалары өлі немесе белсенділігі төмен болса, ондай малдан тұқым алу мүмкіндігі жоғалады. Сондықтан тұқымдық қошқарлардың негізгі өнімділік көрсеткіштерімен бірге олардың ұрық сапасын бағалауға зор мән беріледі.
Біздің жүргізген зерттеулерімізде ұрық сапасын жоғарыда аталған белгілері бойынша бағалау барысында олардың сапалық көрсеткіштері анықталды (1-кесте).
Тәжірибелік қошқарлардың ұрық сапасы көрсеткіштерін зерттеу нәтижесі 2,5 жасар жыныстық жағынан әбден жетілген малдар барлық жағынан басым екенін көрсетті. Атап айтқанда, осы қошқарлардан алынған ұрық сапасы көлемі.

Кесте 1 - Тәжірибелік қошқарлардың ұрық сапасы көрсеткіштері

Жасы
n
Ұрықтың сапасы

көлемі, мл
қоюлығы, милл.мл
қозғалу белсенділігі, балл
6,5 ай
11
1,18+-0,02
3,06+0,05
К - 8,26
1,5 жасар
14
1,38+-0,03
3,32+-0,06
К - 9,43
2,5 жасар
15
1 ,80+-0,04
3,40+-0,07
К-9,51
Ересек қошқарлар
15
1,75+-0,05
3,47+-0,И
С-7,78
қоюлығы және қозғалу белсенділігі көрсеткіштері бойынша басқа топтағы малдардан біршама басымдау екендігі байқалды. Орта есеппен осы қошқарлардан 1,80 мл шауқат алынса, олардың қоюлығы мен қимылдау әрекеттерін бағалау нәтижесінде К - 9,51 балл көрсетті.
Ұрықтың көлемі, қоюлығы мен қозғалу белсенділіктері бойынша біршама жақсы көрсеткіш 1,5 жасар ісек қошқарларынан алынған шәуеттерден байқалды. Осы жастағы жас қошқарлардан алынған шәует көлемі азырақ болғанымен (1,38 мл), қоюлығы (3,32 милл.мл) мен қозғалу белсенділігі бойынша (К - 9,43 балл) жақсы көрсеткіштерге ие болды.
6,5 айлық тоқты қошқарларында көлемі бойынша аз ұрық алынғанмен (1,18 мл), олардың сапасын бағалау нәтижесі К -- 8,26 балға тең болды.
Ұрық сапасы бойынша ең нашар көрсеткіштер ересек қошқарларда екені анықталды. Бұлардан алынған шәует мөлшері көп 1,75 мл, оның 1 мл коюлығы 3,47 миял.мл болғанымен, 15 қошқардың ұрық сапасынын тіршіліктік қимылын бағалаудың орташа нәтижесі С - 7,78 балды көрсетті.
Ұрық сапасы зерттелген әр түрлі жастағы қошқарлар ішінен 2 бастан қажеттілері таңдап алынып, барлығы 8 бас қошқар күйек науқанына дайындалып, тікелей қатысты.
Сұрыптау дегеніміз адамның өзіне қажет малдың жақсысын жеке бөліп алып, қалғанын етке, болмаса шаруашылықтың басқа да мұқтажына жұмсап тазартып отыруы. Сұрыптаудың маңызы малдың тұқым қуа-лаушылық және өзгергіштік құбылыстарына, адамның еткен әсерінен белгілі бағытқа қарай организмдерінің икемделушілік қасиеттеріне негізделген.
Сұрыптаудың теориялық маңызына аса зор мән берген ғалым, жалпы биологияның негізін салған Ч. Дарвин. Ол органикалық дүниенің эволюциялық дамуында сұрыптаудың ерекше маңызын, сол эволюцияны қозғаушы негізгі күш екенін толық дәлелдеді. Сондай-ақ ол сұрыптау мен организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерінің араларындағы байланысты тапты. Өзгергіштіктің әсері әр ұрпақта онша көзге түсе бермейтін көптеген жаңа нәсілдік қасиеттер туғызады. Ал сұрыптаудың негізгі құндылығы -- осы онша көзге көрінбейтін, бірақ өте пайдалы жаңа нәсілдік қаситтерді топтастыруында, жинақтауында. Сұрыптау -- табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау болып екіге бөлінеді. Табиғи сұрыптау деп жан-жануардың өз тіршілігінің ерекшеліктерін жалғастыру үшін ұрпақ қалдыруын айтамыз. Бұл процесс негізінен табиғи түрде өтеді.
Ал, қолдан сұрыптау деп адамның өзіне ұнаған, талапқа сай келетін малды жеке бөліп алып өсіруін айтамыз.
Сұрыптаудың бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байлалыста болады. Табиғи сұрыптаудың негізі табиғи түрде жүздеген немесе мыңдаған жылдар бойы ұдайы бір географиялық ортаның әсері арқылы сол ортаға төзімді жаңа түр шығаруда жатса, қолдан сұрыптаудың негізі -- адамның өз талабына сай бір немесе бірнеше өнімділік белгілерін күшейте отырып, сол түрдің ішінен жеке тұқым шығаруда жатыр. Мұның бірнеше оңдаған жылдарға созылуы мүмкін.
Қой шаруашылығында селекциялық жұмыстар жүргізетін мамандар табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың ерекшеліктерін қатар пайдаланып, бір-бірімен байланыстырып отырулары керек. Демек, құйрықты қой тұқымдарын асылдандыру үшін осы малдың өскей табиғи географиялық ортасының ерекшеліктерін жете білуі, содан соң селекционерлердің құйрықты қойдың қандай өнімділік белгілерін күшейткісі келсе, соған кі-рісулері керек. Себебі сыртқы ортаның қой шаруашылығындағы селекциялық жұмыстарға тигізетін әсері зор. Әрбір организм белгілерінің, оның мүшелері қызметінің үйлесімділігін, оның тіршілікке бейімділігін тек табиғи сұрыптау ғана анықтайды. Осындай табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі -- қазақтың құйрықты қойы. М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректе-терінде, СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
Қой шаруашылығы
Мал шарушалығының қалыптасуы
Шқо физика-географиялық сипаттамасы
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Ісек қойлар
Мал шаруашылығының екінші түрі - жартылай көшпелі мал шаруашылығы
Қойларды ұстау жүйелері
Өскемен аймағындағы ұсақ малдарға арналған мал қорасының жобасы
Пәндер