Амангелді Иманов туралы ақпарат



Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылык өсе түсті. Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да ерекше сезіле бастады. Ол жұмысшылардың ереуілдері мен баска да бой көрсетулерінен көрінді. Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашык бой көрсетуіне әкеп сокпай коймайтын еді.
1916 жылы 25 маусым күні орыс емес «бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында корғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша, 390 мың адам алу көзделді.
Аталған Жарлық казақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру (мобилизациялау) егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоныс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізгі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан кырылуға душар болды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып, Орта Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.
Сол көтерілістің негізгі ошағы Торғайдағы Амагелді Иманов бастаған ұлт-азаттық күрес болып табылады.
Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Амангелді Иманов

Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылык өсе түсті. Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да ерекше сезіле бастады. Ол жұмысшылардың ереуілдері мен баска да бой көрсетулерінен көрінді. Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашык бой көрсетуіне әкеп сокпай коймайтын еді.
1916 жылы 25 маусым күні орыс емес бұратана халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында корғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына реквизицияланатыны жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша, 390 мың адам алу көзделді.
Аталған Жарлық казақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру (мобилизациялау) егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоныс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізгі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан кырылуға душар болды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып, Орта Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.
Сол көтерілістің негізгі ошағы Торғайдағы Амагелді Иманов бастаған ұлт-азаттық күрес болып табылады.
Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873-1919) - халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы Ленфильм киностудиясы Амангелді фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған. Амангелді Иманов туралы Жамбыл Амангелді тойында, Сүлеймен Сәдуақасұлы Амангелді туралы,Омар Шипин Амангелді айбаты, Торғай соғысы, Нұрпейіс Байғанин Амангелді туралы жыр, Сәлімгерей Оңайбекұлы Сәлімгерей Батыр, Ықылас Адамбеков Амангелді, Қарабалин Амангелді, Есенби Омарұлы Ел батыры, Бақыт Иманов Амангелді анасымен қоштасқаны т.б. ақын-жазушылардың атты өлеңдерін атап өтуге болады
Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж ұлт -- азаттық қозғалысы көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан оның оңтүстік облыстарын (Жетісу және Сырдария облыстары) айтпағанда бір ұлттық сипатқа ие болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай -- феодалдық басшы топтардың белгілі бір бөлігі, сондай -- ақ жергілікті әкімшілік деп аталатының шенеуніктері патша жарлығын сөзсіз қолдады және оның басты жүзеге асырушалары болды. Қазақ интеллигенциясының батыл өкілдері (Боқин,Ниязбеков,Жүнісов) патша жарлығына қатал қарсы шықты, сөйтіп халықты қарулы қарсыластық көрсетуге шақырды, ал Қазақ газетінің төңірегіне топтасқан либералдық -- демократиялық интеллигенцияның жетекшілері (А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулат ов) тартыншақтық позиция ұстанды.Олар еңбек армиясына адам алу жөнінен асықпауға, алдын -- ала дайындық шараларын жүргізу керектігіне патша әкімшілігін көзін жеткізуге талай рет тырысып бақты, ал сонымен қатар, қарусыз халық царизмнің қатал жазалау шараларының құрбандарына айналатынын негізді түрде ескеріп , жарлықтың орындалуына қарсылықты көрсетпеуге шақырды.
Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында-ақ бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза-сүңгілермен, аңшылық мылтықтармен, суық қарулармен қаруланған көтерілісшілердің жасақтары ұйымдастырылып жатты. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Патша үкіметі орындары мұнда ірі әскери күштерді жеткізе бастады, әскери горнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерілісшілерінің жазалау үшін Жетісудың қоныс аударған халқының дәулетті топтарынан қарулы жасақтар құрып жатты. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауларында, Салымсы станциясы маңында, Қастек , Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Лепсі оязының Садыр Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Қыркүйек пен қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілердің едәуір бөлігі табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып- жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар дәлелдейтіндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Әрбір бөлімшенің басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сардарбасы -бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
А.Имановтың көтерілісшісі әскерлері бақылауындағы аудандарда төменгі ауылдық- болыстық әкімшілік басқару қызметінен шын мәнінде шеттетілді, азаматтық үкімет көтерілісшілердің қолына өтті. А.Иманов пен ол басқаратын әскери кеңес арнайы тағайындалған адамдарға (ел бегі) көтерілісшілерді азық түлікпен және аттармен қамтамасыз ету тапсырылған тыл қызметін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша үкіметі
Ұлт-азаттық күрес
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс жайлы
Жетісудағы көтеріліс
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қысқаша тарихы
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Амангелді иманов бастаған көтеріліс
Торғайдағы көтеріліс басшылары
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Пәндер