Тарихи әңгімелер арқылы елжандылыққа тәрбиелеу


ТАРИХИ ӘҢГІМЕЛЕР АРҚЫЛЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Тарих - халықтың зердесі, ол содан қуат алып, болашаққа бағыт алады. Сондықтан да халық даналығы: «Өткенге көз жібермей, болашақты болжай алмайсың», - дейді. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан тарихы біртұтас КСРО тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде ұғындырылып келеді. Шынайы тарихқа ден қоюды кешенді қалыптастырудың маңызы күннен күнге арта түсуде. Ғалымдар атап өткендей, жастардың тарихи санасын қалыптастыру олардың төл тарихына құрметпен қарауынан басталады.
Біздің Отанымыздың, тәуелсіз Қазақстанның тарихында болашақ ұрпағы үшін «ақ найзаның ұшы мен ақ білектің күшін» аямай, туған елі, жері үшін жанын шүберекке түйген ерлер аз болмаған. Қазақ жерін біріктіруші Абылайдың өмір жолы, ерлік даңқы, ақылы мен айласы, қолбасшылық қабілеті бүкіл қазаққа аңыз болып тараған. Қазақтың бірде бір ханы оған дейін де, Абылайдан кейін де шексіз билікке ие болып, халық құрметіне бөленген емес. Абылай хан парасаты - атамекені үшін күрескен барша қазақтың ұраны болды. Одан әріге көз жіберсек, Қасым көптеген шайқастарда ерлігімен көзге түскен батыр, тапқыр қолбасшы болды. Ол хандық құрған 1511-1523 жылдары қазақ қоғамы жоғары сатыға көтеріліп, ең қуатты мемлекетке айналды. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Есім ханның ескі жолы» деген аттармен қалды. Ол 1598-1645 жылдар аралығында хандық құрды. Сол кездің өзінде Қазақ хандығы 300-400 мыңға жуық атты әскер шығарған. Есім сыртқы саясатта ғана емес, ішкі ел басқару ісінде де қайраткерлігін көрсетті. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын ережелер жинағы ХІХ-ХХ ғасырлардың ортасына дейін сақталып келді. Ал Жәңгір хан әскери шеберлігінің арқасында 600 қолымен Батыр қонтайшының 50 мың әскерін талқандайды. Осындай ерлігіне сүйсінген халық оны «Салқам Жәңгір» деп атап кеткен. Тәуке хан билік жүргізіп тұрған кезеңде мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар жасалды. Алғаш рет мемлекеттік мәселелерді шешетін хан кеңесін құрды. Хан кеңесіне барлық қазақ руларының билері мен әскербасыларын тартты. 1729 жылдың жаздың басында ұлы Аңырақай шайқасы өтті. Осы шайқаста қазақ халқы қалмақтың сағын сындырды, бағын қайтарды, жер бетінде қазақ жұртының халық болып қалуын шешті. Бүгінгі біздің Тәуелсіздігіміз сонау ұлы Аңырақайдан басталады. Тарих беттерін таразылай берсек, қазақ жеріндегі әскердің тәуелсіздігімізге қосқан үлесінің шексіз екендігіне көзіміз жетеді. Арнайы жасақталмаса да, олардың бойында отаншылдық рух есіп тұрды. ХVІІІ-ХХ ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт- азаттық қозғалыстары болды. Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797), Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838), Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847), Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857), Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869), Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870) . Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады.
Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі, одан бертіндегі ұлт-азаттық көтерілісін алып қарасақ, батырлардың ешқайсысы кеңес дәуіріндегідей патриотизмге тәрбиелеудің ықпалына салынбаған, бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын аяп қалмаған. Екінші Дүниежүзілік соғыста армия қатарына 1200 мың қазақстандық шақырылды. Олардың 497-сі кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 410 мыңнан астам қазақстандық еліне оралмады. Бұл шығын ұзақ жылдар бойы елдің демографиялық жағдайына ықпал етті. Қазақстаннан майданға 1 млн. 200 мың жауынгер аттанды. Брест қорғанын К. Әбдірахманов, В. Лобанов, К. Иманқұлов, Ұ. Жұматов т. б. қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы 8- панфиловшы гвардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальон ерекше көзге түсті. Сондай-ақ осында Кеңес Одағының Батырлары Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин т. б. соғысты. Ленинград үшін шайқаста С. Баймағамбетов кеудесімен дзотты жауып, соғыс тарихында теңдесі жоқ ерлік жасады. Сталинград үшін шайқаста Н. Әбдіров, Қ. Спатаев т. б. қазақ жауынгерлері батыр атағын алды. Қазақстандықтар Курск түбіндегі, Беларусьтегі, Украинадағы шайқастарда ерлік көрсетті. Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойған, жеңімпаз әскердің жеңіс туын тұңғыш рет желбіреткен қарапайым қазақ батыры Р. Қошқарбаев еді. Шығыстың қос шынары атанған Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова өздері сұранып, соғысқа аттанады. Соғыста жасаған ерліктері мен қызға тән өжеттіктері арқасында Кеңес Одағының Батыры атанады. Осы батырларымыздың ерлігі болашақ ұрпақтың жүрегіне отаншылдық рухтың дәнін септі. Өз елі емес өзге елде болып жатқан ұрыстарда қазақ әскерлері интернационалдық борышын өтеді. 1979-1989 жылдары Ауған елінде он жыл бойы ұрыс қимылдары жүрді. Деректерге қарасақ, Қазақстаннан 22 мың адам қатысып, оның 751- і қаза тапты, 21-і хабар ошарсыз кетті. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Тәуелсіз Қазақстан бүгінгі күні өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды. Ерекше дайындықпен жасақталған Ұланға еліміздің тыныштығын күзету міндеті жүктеліп отыр. Аса үлкен жауапкершілік пен қырағылықты бойына сіңірген бүгінгі күннің сарбаздары өз міндеттерін абыроймен орындап жүр. Өркениетке ұмтылған таңда әскери міндетке қойылатын талап жоғары. Себебі Ұлан сарбаздары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бет-бейнесін әлемге танытады. Олар - дене күші жағынан мығым, Отан, халық алдында берген ант пен парыздарына адал жандар. Әскеріміздің өткені жоғарыда айтылған еселі жеңістер мен елеулі оқиғаларға толы болғандықтан болашағы баянды болатынына сеніміміз мол. Отан! Отан! Сен болмасаң не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем. Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды, Отансыз жан өмірінде оңбайды, Бәрінен де сол қайғы, - деген Мұқағали ойларында жан тебірентерлік сезім бар. Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері - өз Отаны. Міне, бүгін еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа өмір салтына қызмет ете бастады. Ғасырлар бойғы арман, мақсаты орындалды, ата-баба алдындағы парызы өтелді. Дүниежүзілік ірі ұйымдарға мүшелікке қабылданды, экономикалық ерекше қарқынмен дамып келеді. Тәуелсіздік . . . Аса қымбатымызға айналған бұл сөз сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырды. Біз «Күншуақты Қазақстан» еліне айналып келеміз. Байқасаңыз, ғасырлар бойы бұл жер күн сәулесін бойына мол жинады. Ол да дайындық. Жүз отыз алты ұлт өкілдерінің жиналуы да кездейсоқ емес. Олар түбінде үлкен рухани туыстыққа, сыйластыққа жетеді. Құпия көп. Мысалы, Қазақстанның байрағының түсі көк. Оның үстіне сары түсті сурет салынған. Ал көк пен сарыны аралыстырса - жасыл түс беретіні белгілі. Жасыл түс - ол бүкіл жер бетінің жап-жасыл гүлденген аймаққа айналуы. Жаңа дәуірдегі Қазақстанды көзге елестетсек, сіз таңғаласыз, Асан қайғының іздеген Жерұйығы осы өзінің Отаны екен. Түсіне білген адамға қазіргі Президентіміздің орны ерекше. Біріншіден, ол - біздің тұңғыш Президентіміз. Елді ең қиын да, шешуші тұста қиын кезеңнен алып шықты. Екіншіден, дүниежүзі алдында үлкен беделге ие болды. Ол бүгінгі күнді ғана ойлап қоймай, болашақта гүлденген Қазақстанды өркениетті елдер қатарына жеткізуді мақсат еткен адам. Еліміздің болашақтағы мақсат-мүддесі айқындалған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Онда еліміз экономикасының алға басуының жеті қазығы - ұзақ мерзімді жеті бағытты іске асырудың жолдарын белгілеп берді. Еліміздің алдағы бағыт-бағдары айқын. Осы айтылған бағыттарды іске асыруда да Елбасы көп еңбек сіңіруде. Ғарыш заңдылығы бойынша, қасірет - адам баласының оқытушысы, үйретушісі. Қасірет арқылы тазарады, рухани жетіледі. Халқымыз көрерін көріп болды, тазарды және өзінің ізгі қасиеттерін жоғалтпай мейірімділігін көрсетті. Соңғы желтоқсан оқиғасында қыздар мен жігіттер өздерін құрбандыққа шалды. Олардың төгілген қаны - жай ғана қан емес, Қазақстанның маңдайына жазылып тұрған, төніп тұрған қауіп-қатер, қасіреттердің көпшілігін шайып әкетті. Сөйтіп, бейбітшілік пен әділеттілік өмірге жол ашты. Басқа республикаларда қантөгіс болып жатқанда біз осы жылдар ішінде бейбіт, бір қалыпты өмір сүрдік. Елбасымыздың көрегендік саясатының арқасында дүниежүзіне үлгілі мемлекеттердің бірі болып келеміз. Ел тыныштығын күзеткен сарбаздардың арқасында біздің Отанымыз - бақыт құшағында. Бақытымыз баянды болуы үшін әрбір қазақстандықтың бойында «Отан» деп лүпіл қаққан жүрек, «Отан» деп сыбанған білек болу керек. Ең маңыздысы - отаншылдық рух. Рух деген не? Ол - адам баласы жан дүниесінің арқауы, отансүйгіш патриоттың жаны мен қаны. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаев бұл туралы былай дейді: «Адам баласы жаратылғаннан бері 70 млрд. астам адам өмірге келді. Бірақ өркениет тарихында рухты халықтардың аты қалды, заты қалды. Рухты халық - жасампаз алып, тарих рухтың еңсесі биік, мол екенін ертедегі гректер, римдіктер, византийліктер, ежелгі ғұндар, түріктер, Шыңғыс хан дәуіріндегі мұңғылдар дәлелдеді». Рух туралы Гете: «Жаныңдағы жақсыңды жоғалтсаң - орны толар, арыңды жоғалтсаң - өңің солар, ал өрлігіңді жоғалтсаң - барыңды біржолата жояр» - дейді. Бүгінгі ұрпақ осы мәселеге көп көңіл бөлсе екен дейміз. Ол туған тілді құрметтеуден басталады. Біле білгенге қазақ ұлты ешбір ұлттан, қазақ тілі ешбір тілден кем емес. Тұнығы лайланған тілімізді мөлдіретіп болашаққа жеткізер де - біздерміз. Ахмет бабамыздың сөзімен айтсақ: «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады», Елбасымыздың сөзімен айтсақ: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!». « . . . Отанына, халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілігі болмаса, қазақстандық патриотизмді шын жүрегімен сезінбесе, онда темір қарудың ешқандай қауқары жоқ».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz